Гуманитарные



Pdf көрінісі
Дата27.02.2017
өлшемі393,56 Kb.
#5003

ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012. 

                                                                      

 

136



àӠ̠À Í È Ò À Ð Í Û Å

Í À Ó Ê È

 

 



УДК 811.161.1 

 

Г.Қ. Дюсупова, Ж.Д. Нәзбиев  

Өскемен, ШҚМТУ 

 

КӨРКЕМ ШЫҒАРМА МӘТІНІНДЕГІ ДИАЛЕКТІЛЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 



 

Тілдің  табиғатын  дұрыс  танып,  зерделеу  үшін  оны  сол  ұлттың  тарихы,  әдет-ғұрпы, 

салтымен  байланыстыра  қарау  керек.  Бірақ,  сонымен  қатар  тұтас  ұлтқа  тән  дүние-

танымдық  ұғымдар  кейде  ұлттық  сипатын  сақтай  отыра,  белгілі  бір  аймақтық  үрдіс 

алады.  Яғни  қазақ  тіліндегі  диалектілік  ерекшеліктердің  қолданылу  өрісі,  таралу  шегі 

бірдей емес. 

Белгілі  бір  аймаққа  тән  дүниетаным  тұрғындардың  болмысымен,  табиғат  құбылыс-

тарымен, қоршаған ортамен және халық шаруашылығымен де тығыз байланысты болады. 

Бірқатар  құбылыстар  Қазақстан  жерін  екіге  бөлсе  (сым  -  шалбар,  апай  -  тәте,  ертемен  – 

азанмен,  орамжапырақ  -  қырыққабат),  енді  бірсыпыра  ерекшеліктер  Қазақстан  жерін 

үшке не төртке бөледі (леген - елеген - шылапшын, ожау - шөміш - бақыр). 

Мысалы:  Шығыс  Қазақстанда  өзіңнен  жасы  үлкен  қыз  баланы  апай  дейміз,  батыс 

өңірінде  жасы  үлкен  қыз,  әйел  мәнінде  апа  сөзі  қолданылса,  Жетісу  өңірінде  тәте  сөзі 

қолданылады. «- Қой, тәте, келем деп айтқан жоқпын ғой...., - деп, 

Баршагүл қымсынып тоқтады.  [1,57 б.] 

Мысал  ретінде  қарапайым  бір  ғана  «Көрісу»  сөзін  алайық.  Оның  ең  бастапқы 

мағынасы  кездесу,  жүздесу,  амандасу,  сәлемдесу,  ұзатылған  қыздың  біраз  уақыттан  соң 

төркінімен кездесуі десек, Қазақстанның оңтүстік аймағында негізінен көрісу сөзі қайтыс 

болған  адамның  туыстарымен,  жұрағатымен  кездескендегі  жылап-сықтау  мәнінде 

қолданылады  екен.  Ал  батыс  өңірінде  бұл  сөз  бастапқы  мағынасын  сақтап  «амандасу, 

жүздесу»  мәнінде  жұмсалады.  Наурыз  мерекесіне  орай  олар  он  төртінші  наурыздан 

бастап  жастар үлкен  кісілермен,  үлкен  адамдар  бір-бірімен  амандасып,  «бір  жасыңмен», 

«жастан  жасқа  жете  бер»,  «жасың  құтты  болсын»  деп  бата-тілектер  айтып,  тағы  да  бір 

жаңа жылдың аяқ басқанын көрсетеді. Осы мысалдарға қарай отыра,  тіл біліміндегі  бір 

сөз әр аймақта әртүрлі айтылады немесе бір сөз не сөз  тіркесі әртүрлі мағына береді. Екі 

өңірдің  екі  диалект  сөздерін  салыстырсақ,  мысалы,  кесу  және  шаптау  етістіктері  бір 

қимылды, яғни кесу, көлемін қысқарту не азайту деген мағынаны береді. 

Қазақстан  жерін  одан  да  көп  аймақтарға  бөлшектеп  тұрады  (иінағаш  -  суағаш  - 

мойынағаш – күйенте - құрамыс; іңкәл - қамыр - жұқа нан - жайма нан - құлақ нан - нан). 

Осы ерекшеліктердің бәрі бірдей дәрежеде қолданылмай, біреулері жиі қолданылса, енді 

бірқатары  сирек  қолданылып,  көп  тарамай,  тек  қария  адамдардың  тілінде  ғана  ескінің 

қалдығы ретінде сақталып қалған.  

Говорларда  жалпы  халықтық  сипат  алмаған,  әдеби  тілдің  нормасынан  аулақ  жатқан 

фонетикалық,  грамматикалық,  әсіресе  лексикалық  ерекшеліктер  кездеседі.  Көркем 

шығарма мәтінінде кездесетін диалектілік  ерекшеліктердің  ішіндегі  бір  саласы – дыбыс-

тық  ерекшеліктер.  Бұл  ерекшеліктер  кейбір  дыбыстардың  өзара  алмасуымен,  сөздердің 

жуан,  жіңішке  айтылуымен  немесе  кейбір  дыбыстардың  түсіріліп  не  қосылып  айтылуы-


ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012.

                                                                          ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 


 

137


мен  байланысты  болады.  Дегенмен,  дауысты  және  дауыссыз  дыбыстардың  бірінің 

орнына бірінің қолданылуы бұл көркем мәтіндегі әртүрлі аймаққа қатысты қазақ тіліндегі 

фонетикалық ерекшеліктің негізі болып саналады.  

Фонетикалық диалектизмдер деп – біз мағынасы жағынан әдеби тілімізде бар сөздер-

мен бірдей, бірақ дыбысталуы жағынан олардан сәл өзгешелеу сөздерді айтамыз [2,     149 

б.].  Көркем  мәтінде  әр  аймақтан  шыққан  автор  сол  жергілікті  халықтың  сөз 

қолданысында кездесетін фонетикалық ерекшеліктерді беріп отырады. 

Жазушы  Д.  Досжан  шығармаларынан  Оңтүстік  Қазақстан  аймағының  фонетикалық 

ерекшелігін көруге болады.  

Мысалы:  Әппақ  –  аппақ/  Ол  кезде  әппақ  маңдайы  жарқырап,  кітабы  жыл  сайын 

шығып жүрген кезі, біздің орталық кітапханада күнде жұмыс істейтін [3, 23 б.].  

Шығыс  Қазақстан  аймағының  фонетикалық  ерекшелігін  жазушы  Мүсілім  Құмар-

бекұлының «Жер иесі» атты романынан көруге болады.  

Мысалы: Шай – шәй/  Әке-шешесі келіп шай ішіп кетті [4, 107 б.]. 

Жай – жәй / Күлән шошына ұшып тұрып, жай ғана Ізғұттыға қарады [4, 103 б.]. 

Сондай-ақ  ақын,  жазушы  Көпен  Ерқасовтың  «Ақбұлақ»  атты  шығармасынан  мысал 

келтіруге болады. Шайырынан – шәйірінан / Үн шықпаған қаптаған шайырынан... [5, 58 б.]. 

Қытай  қазақтарының  арасында  жиі  қолданатын  фонетикалық  ерекшелікті  Т.  Рыс-

келдиев «Сардаланың сағымы» повесінде кездестіреміз. 

Ажім  −  әжім  /  Тіленді  шешесінің  ажім  торлап  аңызғаққа  тотыққан  күрең  жүзі  қа-

рауытып кетті [6, 201 б.]. 

Көркем  шығарма  мәтініндегі  кездесетін  көптеген  сөздерде  дауысты  дыбыстар  бірінің 

орнына  екіншісі  қолданылуы  арқылы  әдеби  тілдегі  қалыптасқан  нормадан  ерекше 

құбылыстар туғызатыны байқалады. Дыбыс алмасуы, әсіресе, жасалу орнына қарай жуан 

дауыстылар  мен  жіңішке  дауысты,  жасалу  жолына  қарай  ашық  дауыстылар  мен  қысаң 

дауыстылар  сәйкестігіне  байланысты  бой  көрсетеді.  Сондай-ақ  ерін  қатысына  қарай 

бөлінетін ерін дыбыстары мен езу дыбыстарының өзара бірінің орнына бірінің жұмсалуы 

кездесіп қалады. Біз зерттеп отырған көркем шығарма мәтінінде дауыстылар жүйесіндегі 

дыбыс  алмасуының  төмендегі  түрлері  жиі  кездеседі.  Әдеби  тілдегі  жуан  дауысты  «а» 

дыбысының  орнына  қарастырып  отырған  шығармалар  мәтініндегі  бірқатар  диалект 

сөздердің  бірінші  буынында  жіңішке  «ә»  дыбысы  қолданылады.  Осының  нәтижесінде 

әдеби  тілдегі  жуан  айтылатын  сөздер  жіңішке  естіледі:  жәй  (жай),  әппақ  (аппақ), 

шәйірінан  (шайырынан),  кәрия  (қария),  кәзір  (қазір),  уәйімшіл  (уайымшыл),  кәйтем 

(қайтем), шәй (шай), сәлеметсіз  (саламатсыз). 

А  мен  ә  дыбысының  алмасуы  және  соның  салдарынан  сөздің  түгелдей  жіңішкеріп 

айтылуының сипаты қазақ тілі сөйленістерінің бәрінде бірдей емес. Академик Кеңесбаев: 

«ә  фонемасын  қазіргі  қазақ  тіліне  ә  вариантты  сөздердің  басқа  шығыс  тілдерінен  енуіне 

байланысты» -  [6] деген болжам айтады. Шынымен де кейбір сөздер араб тілінен  енген 

сөздер екені байқалады. Жуан дауысты а дыбысы жіңішкеріп ә болып, көбінесе сөздің тек 

бірінші буынында алмасады. 

Мысалы:  кәрия  −  қария  /  көкірегі  ояу  кәрия  әкелі-балалы  екеуінің  суық  қалпын 

қапысыз ұғып, су сепкендей басылып қалды [3, 28 б.]. 

Мысалы, Марқакөл өңірінде шаһар емес, шәһар сөзін қолданады, сонымен бірге сөздің 

екінші буынындағы а әрпі өзгеріссіз қалады.   

Шаһар – шәһар/ Жаяу-жалпы шыға алмайсың шәһардан [7, 250 б.]. 

Көркем мәтіндегі диалект сөздерде мынадай дауыссыз дыбыстар б-п, б-м, с-ш, ғ-қ  бір-



ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012. 

                                                                      

 

138



бірімен өзара алмасады. 

Б-п дауыссыздарының алмасуы: 

Сөздің  басында  бұл  дыбыстардың  ұяң  сыңарынан  гөрі  қатаң  сыңарының  көп 

кездесетін  түрі  түркі  тілдерінің  ішінде  де  кездесетін  тілдер  бар.  Мысалы:  шор,  тува, 

Алтай,  сары  ұйғыр  тілдері  осындай  тілдер  болып  табылады.  Қазақ  және  қырғыз 

тілдерінде ұяң б дауыссызы қатаң сыңары п-ға қарағанда сөз басында келуі жиі кездеседі. 

Әр аймаққа байланысты кейбір сөздердегі ұяң б-мен қатаң п-ның әртүрлі құбылып, кейде 

бірінің орнына бірі қолданыла беретіндігі байқалды. 

Ғалым  А.Н.  Щербак  ежелгі  түркі  тілдерінде  бұл  п,  б  дауыссыз  дыбыстарының  сөз 

басында  тек  қатаң  түрінде  ғана  қолданылғанын,  ұяң  түрі  содан  кейін  туындаған  кенже 

құбылыс  екенін  көрсетеді.  Қазіргі  түркі  тілдеріндегі  ұяң  б  дыбысы  қатаң  п  дыбысының 

әлсіреуінен бертін келе пайда болған деп болжайды.  

Бейіл − пейіл / Бегжан нағашысы үйге келген екі қонақты баласынған жоқ, жоннан мал 

алдырып сойдырып, көршілерін шақырып қатты бейіл танытып отырды [8, 220 б.]. 

Қырықбай − Қырықпай / − Әй Қырықпай, енді ел аяғы тиылған шығар [9, 42 б.]. 

Тобан  −  топан  /    Әрі-беріден  соң  заң-нұсқау  дегендер  Әзімхан  сияқты  малмен  көзін 

ашқан тобан аяқтардың тәжірибесімен санаспаса, оның несі заң, несі нұсқау? [8, 224 б.]. 

М-б дыбыстарының алмасуы: 

М-б дыбыстары арасындағы сәйкестіктер бұрыннан келе жатқан көне құбылыс болып 

табылады.  Қазіргі  түркі  тілдерінің  көпшілігінде  бұл  дыбыстар  бірінің  орнына  бірі 

жұмсала  береді.  Қазіргі  әдеби  тіліміздің  қалыптасқан  орфоэпиялық  нормалары 

тұрғысынан  қарағанда  осы  күнгі  көркем  шығарма  мәтінінде  төмендегідей  сөздердің 

басында ұяң б дыбысының орнына үнді м дыбысының айтылуы кездесіп отырады:  

Мұрнағы − бұрнағы / Мұрнағы күні буаз қайнағаның отынына барды [1, 11 б.].  

Жалпы  мұрнағы  күн  сөзі  Алматы,  Жамбыл,  Шымкент,  Түлкібас,  Сайрам,  Қарағанды, 

Талдықорған, Павлодар, Семей аймақтарында айтылады. 

Мөшке - бөшке / − Мал-жан аман ба, шырағым, мөшкем не болды? [10, 170 б.]. 

C-ш және ш-с дауыссыз дыбыстарының алмасуы: 

Түркі  тілдерінің  кейбірінде  ш  дауыссыз  дыбысының  орнына  с  дыбысын  қолдану 

құбылысы  байқалады.  Тіліміздегі  заңдылыққа  қарама-қарсы  кейбір  сөздердегі  с  ның  ш 

дауыссыз  дыбысымен  алмасатын  кездері  болады.  Мысалы,  Д.  Әшімханұлы,  Қ.  Ысқақов 

шығармаларынан  кездескен  с-ш  дауыссыздарының  алмасуларына  байланысты  сүйінші, 

мұрша, бес сөздерін көруге болады.   

Шүйінші - сүйінші / − Ия, шүйінші, апа! Алдымен келісіп алайық, шүйіншіме - бір қой 

[8, 76 б.]. 

Мұрса - мұрша / Ата-баба, зәузат-жұратымнан түк қалдырған жоқ, не жағдайды айтуға 

мұрса бермейді [8, 57 б.]. 

Көркем  мәтінтүзуге  қатысатын  дыбыстық  заңдылықтардың  бірі  -  дыбыстық 

қайталамалар.  Қайталамалар  -  тілімізде  ертеден  келе  жатқан  әдіс-тәсілдердің  бірі.  Көне 

дәуір ескерткіштері мен ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі ақын жазушыларымыз-

дың  еңбектеріне  дейін  зер  салып  қарасақ,  қайталамалардың  түр-түрін  кездестіреміз. 

Өйткені қайталамалардың актив қолданылатын орны-көркем шығарма. Көркем мәтіндегі 

дыбыстық  қайталамалар  стильдік  және  құрылымдық  қызметтер  атқарады.  Мысалы, 

тайғақ  тағдырдың  таяғына  туралаған  халық,  дүниені  құртып  та,  құлпыртып  та  жібере 

алады,  туырлықтай  жерге  таласып,  туысынан  ат  құйрығын  кесіскендер,  жұрағаттан 

айрылып  жұтағандай  боп  (О.  Бөкей),  күйеуінің  қаһарынан  қаймыққан  Қаршыға  (Д. 



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012.

                                                                          ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 


 

139


Исабеков),  сипай  соққан  салқын  леп,  кекесінді  кескінмен  күйеуіне  кәрін  төгіп  алды  (С. 

Мұратбеков),  шашыранды  шыныдай  шашырап  ұшады  (С.  Мұратбеков)  деген  бейнелі 

тіркестер  аллитерацияға  құрылған  болса,  ай  астына  алтыбақан  құрып,  ағайынмен 

алысқанша,  алысқа  кетіп  абыройыңды  сақтағаның  жөн,  әжім  әдіптеген  көз  (О.  Бөкей), 

ашаңдау аққұба жүз (С. Мұратбеков) сияқты тіркестер ассонанс түзе жасалған.  

Дыбыстық  қайталамалар  әсіресе  поэзиялық  шығармаларда  өте  жиі  қолданылады. 

Қарасөз  шеберлеріне  қарағанда,  ақындар  өз  шығармаларында  дыбыстың  көркемдік 

мүмкіншілігін барынша пайдаланады. Дыбыстың қайталануы сөзге әсерін тигізіп, соның 

нәтижесінде олардың арасында тығыз байланыс орнайды. 

Бір  дыбыстардың  қайталануы  авторға  сөздің  ритмикалығына  қосымша  құрам  ретінде 

қажет болуы мүмкін. Оған аллитерация, консонанс және ассонанс жатады. 

Аллитерация  мен  ассонанс  дыбыстық  қайталамалардың  басқа  да  түрлері  секілді 

поэзиялық  мәтіндерде  еркін  қолданылып,  осы  жанрда  көркемдік  әдіс  ретінде  кеңінен 

таралуда.  Алайда  осы  дыбыстық  құбылыстың  мәтінтүзімге  қатысы,  олардың  тек 

поэзиялық  мәтінді  ғана  емес,  прозалық  мәтінді  түзуге  қызмет  ететіндігі  назардан  тыс 

қалып келеді. Мысалы: 

Жапанда жалғыз жаттым елден безіп, 

Жалықсам, аң қараймын тауды кезіп. 

Оңашада жатқанды ұнатамын, 

Елімді ел қылмасын ерте сезіп. 

Жауға қатын, жақынға жалмауыздар, 

Жалықпай көк малтасын жүрсін езіп (Шәкәрім). 

Бұл  тақырыпты  сөз  еткенде  академик  Ә.  Қайдардың:  «Тіл  фактілері  мен  деректері  - 

тұла  бойы  тұнып  тұрған  тарих.  Сондықтан  этностың  өткендегі  тарихы  мен  этногра-

фиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз  керек», - дейді [10, 20 б.]. Ал өзімізше 

қорытындыласақ,  әр  тіл-сол  ұлттың  мәдениетінің  діңгегі,  негізі,  өзегі.  Сол  тілде  бүкіл 

тіршілік, оның болмысы мен дүниетанымы жатыр. Тіл қызметінің бірі - көркем шығарма 

тілі.  Осы  көркем  шығармалардағы,  әдеби  тілдегі,  ауызекі  тілдегі  жергілікті  ерекшелік-

тердің  өзіндік  маңызы  бар.  Олар  тіл  үшін  де,  ғылым  үшін  де  қажет  дүниелер.  Көркем 

шығармалардағы  халықтың  тілінде  бар  жергілікті  ерекшеліктерді  халық  мәдениетімен, 

тұрмысымен,  табиғатымен,  кәсібімен  байланыстыра  зерттеу,  олардың  мағынасын  ашу  - 

бүгінгі  күннің  талаптарының  бірі.  Бүгінгі  күнгі  толыққанды  мәдениетті  тану  үшін,  білу 

үшін өз тіліңнің тарихын, ерекшеліктерін басты құрал деп санау қажет. 

 

Пайдаланған әдебиеттер 



 

1.

  Ысқақов Қ. Екі томдық таңдамалы шығармалар. − Алматы: Қайнар, 1997. − Т. 1. − 608 б.  



2.

  Қалиев Б. Өсімдік атауларының құрамындағы жергілікті ерекшеліктер // Қазақ тілін-

дегі аймақтық ерекшеліктер. − Алматы: Ғылым, 1990. – 141-154 б. 

3.

  Досжан Д. Келіншек асуы: Әңгімелер. − Алматы: Атамұра, 2002. – 320 б.  



4.

  Мүсілім Құмарбекұлы. Жер иесі. − Алматы: Қайнар, 2011. − 384 б.  

5.

  Көпен Ерқасов. Ақбұлақ. - Өскемен: Шығыс Полиграф, 2011. - 498б. 



6.

  Рыскелдиев Т. Сардаланың сағымы: Повестер. – Алматы: Жазушы, 2005. – 336 б. 

7.

  Ерқасов К. Ақнайман қырылған. − Өскемен: Шығыс Полиграф, 2011. – 252 б. 



8.

  Нұржекеұлы Б. Бейтаныс әйелдің құпиясы: Әңгімелер. − Алматы: Атамұра, 2002. – 336 б.  

9.

  Зекенұлы Т. Көкбөрілердің көз жасы. – Алматы: Ол-Жас Баспасы, 2003. – 528 б. 



10.

  Әшімханұлы  Д.  Сары  самауыр:  Әңгімелер  мен  хикаяттар.  −  Алматы:  Раритет,  2006.  – 

336 б. 

 

Қабылданды 20.12.2012 



 

ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012. 

                                                                      

 

140



 

 

УДК 811.161.1 



 

Г.Қ. Дюсупова, Ж.Д. Нәзбиев  

Өскемен, ШҚМТУ 

 

МӘТІНТАНЫМНЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ 

 

Мәтін  туралы  алғашқы  зерттеулер  діни  кітаптарды  қарастырудан  басталады.  Ал  оны 

зерттеу  өте  көне  замандардан  бастау  алады,  онымен  ХІХ  ғасырда  этнологтар  айнылыса 

бастаған.  Ең  алғашқы  мәлімет  ретінде  орыс  фольклорисі  В.Я.  Пропптың  «Морфология 

сказки» деген еңбегін атауға болады [1, 29].  

1960  жылдары  Чех  лингвистикалық  мектебінің  ықпалымен  мәтіннің  лингвистикалық 

теориясы  қалыптаса  бастады.  Кейінгі  жылдардағы  зерттеулер  нәтижесінде  мәтін  линг-

вистикасы  саласы  біршама  қарқынды  дамып,  мәтін  ұғымына  қатысты  зерттеулер  нәти-

жесінде мәтіннің ерекше құрылымға ие екендігі анықталды. Бұл салада А.А. Потебня,   А. 

Байтұрсынұлы,  Қ.  Жұбанов,    И.Р.  Гальперин,  О.И.  Москальская,  З.Я.  Тураева  сияқты 

ғалымдардың еңбектерін атауға болады.  

Мәтін  лингвистикасы  жеке  ғылым  саласы  ретінде  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында 

қаланды.  Мәтін  лингвистикасы  –  тіл  көркемдігін  сипаттайтын  дәстүрлі  стилистикадан 

бастап, когнитивтік лингвистика, философияға дейінгі аралықты қамтиды.  

Мәтін  (лат.  тілінен  textus  –  ткань,  өрілім,  қосылым)  –  негізгі  қасиеттері  бүтіндік  пен 

байланыстылық  болып  табылатын  бірізді  мағыналық  байланыс  арқылы  белгілер 

бірліктерінің  ұйымдасуы.  Мәтінтану  -  қарастырылып  отырған  мәтіннің  қай  дәуірге 

немесе  авторға  тиесілі  екендігін  анықтайды.  Яғни  мәтінтанушы  белгілі  бір  мәтіннің 

жарыққа  шыққанға  дейінгі  тарихын  зерттеп  қана  қоймайды,  өзгерістердің  пайда  болу 

себебін  ашады,  тіркестердің  шыққан  тегін,  ұлт  тілінің  әр  дәуірдегі  ерекшелігін  саяси, 

мәдени  өзгерістерімен  ұштастырады.  Осы  орайда  тіл  білімінің  негізін  қалаушы  ғалым 

И.Р.  Гальперин:  «Мәтін  -  сөйлеу  шығармашылығының  туындысы  ретінде  анықтайды. 

Аяқталған, объективтелген жазба құжаты ретінде, құжаттың түріне қарай әдеби тұрғыдан 

өңделген,  бірқатар  ерекше  бірліктері  (фразадан  тыс  бірліктер)  мен  атауы  бар,  түрлі  лек-

сикалық,  грамматикалық,  логикалық,  стилистикалық  байланыстармен  біріктірілген, 

белгілі  бір  мақсат  пен  прагматикалық  бағыты  бар  сөйлеу  шығармашылығының  туын-

дысы»,  -  деп  көрсетеді  [2,  31].  Ал  мәтіннің  тілдік  тұрғыда  зерттелуіне  зор  үлес  қосқан 

О.И.  Москальская:  ««Мәтін»  деп,  бір  жағынан,  бір  немесе  бірнеше  сөйлемдерден  тұра-

тын,  сөйлеушінің  ойы  аяқталған,  кез  келген  айтылған  пікірді  түсінсек,  екінші  жағынан, 

повесть, роман, газет немесе журнал мақалалары, ғылыми мақалалар, түрлі құжаттар тағы 

басқа  осы  сияқты  тілдесім  туындылары»,  -  деп  сипаттады  [3,  32].  Л.М.  Лосева  мәтінге 

«құрылымдық  және  мағыналық  жағынан  аяқталған  және  хабарламаға  автордың  белгілі 

көзқарасы берілген, жазба түріндегі хабарлама ретінде» -  деп өз пікірін білдіреді [4, 30].

 

Лингвистикалық  терминдер  сөздігінде  «Текст  –  это  реально  высказанное  (написанное) 



предложение  или  совокупность  предложений,  ...  могущее  ...  служить  материалом  для 

наблюдения фактов данного языка», - деген анықтама беріледі [5, 365 б.].

  

Көріп  отырғанымыздай,  И.Р.  Гальперин,  О.И.  Москальская,  Л.М.  Лосеваның  бұл  ғы-



лыми  тұжырымдамалары  мәтіннің  жалпы  бір  тақырып  төңірегіндегі  біріккен,  сабақтас-

қан,  ақпаратты  жеткізетін  мазмұнды,  мәнді  сөйлемдер  тізбегі  екендігін  көрсеткендей. 



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012.

                                                                          ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 


 

141


Сонымен  қатар  лингвистикалық  тұрғыда  тек  қана  синтаксистік  тұтастықтардан  тұрмай-

ды, сол кезеңдегі экстралингвистикалық факторлармен де байланысады. 

Мәтін  лингвистикасының  қарастыратын  басты  мәселелері  –  мәтін  түзуші  бірліктерді 

айқындау,  мәтіннің  негізгі  категорияларын  сипаттау,  әртүрлі  деңгейдегі  тілдік  бірлік-

тердің мәтін бойындағы ерекшеліктерін көрсету.  

Мәтіннің  өзіне  тән  категориялары,  өзіндік  сипаттары  болады.  Мәтін  категориялары 

мәтінге  тән  ең  негізгі  белгілерді  топтастырады.  Яғни  мәтін  категориясы  деп    барлық 

мәтіндерге тән белгілерді айтуға болады. Осы мәселені қарастырып жүрген ғалымдардың 

еңбектерінде де мәтін категориясының сипаттамасы әртүрлі болып келеді.  

Мәтін  категориялары  семантикалық  және  құрылымдық,  прагматикалық  және  функ-

ционалдық  өлшемдерге  негізделеді.  Мәтін  категориялары  туралы  зерттеуші  ғалымдар 

арасында бірізділік қалыптаспағандықтан, олар әртүрлі сипаттарды атайды. И.Р. Гальпе-

рин  мағыналық  және  формалды  құрылымдық  деген  екі  үлкен  топқа  жіктейді.  Н.С.  Бо-

лотнова  мәтіннің  категориялық  белгілеріне:  «коммуникативтілік,  концептуалдылық, 

прагматикалылық, ақпараттылық, құрылымдық, интегративтілік, регулятивтілік, мағына-

лық  аяқталғандық,  бөлшектік,  тұтастық,  мүшелену,  когезия,  модальдылық,  экспрессив-

тілік, эмотивтілік, проспективтілік, ретроспективтілікті»  жатқызады [6, 31 б].  

 Мәтінде  берілетін  ақпарат  эмпирикалық  сипатта, деректік  концептуалды-болжамдық 

мәнде,  әдістемелік,  эстетикалық  сипатта  болуы  мүмкін.  М.  Маретбаеваның  пікірінше, 

мәтіннің  ақпараттық  мазмұнын  кеңейтудің  екі  жолы  бар:  интенсивті  және  экстенсивті. 

Интенсивті жолмен мәтіннің ақпараттық мазмұнын арттыруда мәтін көлемі азайтылады, 

бірақ  аз  көлемге  көп  мағына,  мазмұн  беріледі.  Алайда  мәтін  көлемінің  азаюы  әрдайым 

оның  ақпараттық  мазмұнының  кеңеюін  көрсетпейді.  Мәтіннің  ақпараттық  мазмұнын 

экстенсивті жолмен кеңейтуде ақпарат молынан беріледі. Осының нәтижесінде мәтіндегі 

сурет нақты әрі бөлшек-бөлшегімен (детализация) суреттеледі.  

Мәтіннің  континуум  категориясы  әдебиеттануда  –  хронотоп  –  мекеншақ  терминімен 

беріледі. Континуум – мәтіндегі  уақыт пен кеңістік ұғымдарының көрінісі. Континуум – 

баяндаудың нақтылығы мен шындығын қамтамасыз ететін категория.  

Мәтінге  тән  категориялардың  тағы  біреуі  –  мәтін  модальдылығы.  Бұл  категория 

әрқашан  дара,  эксплицитті  түрде  көріне,  беріле  алмайды.  «Фразалық  модальділік 

грамматикалық  немесе  лексикалық  құралдармен  берілсе,  мәтін  модальдылығы  ерекше 

тәсілмен  жұмсалған  осы  құралдармен  қатар  кейіпкерлер  мінездемесі,  айтылымдардың 

предикат  және  релятив  бөліктерінің  өзінше  орналасуы,  сентенциялар,  нақыл  сөздер, 

мәтіннің жекелеген бөліктерінің өзектенуі және т.б. көрсетеді. 

Қазіргі лингвистикада мәтін формалды-құрылымдық жасалым ретінде көрініс табады. 

Соған  байланысты  интертекстуалдылық  мәселесі  өзекті  болып  отыр.  Интертекстуал-

дылық – бұл дайын мәтіндер негізінде жасалатын шығарманың  сапасы.   

 Көріп  отырғанымыздай,  интертекстуалдылықты  мәтін  тудыру  қызметін  атқаратын, 

оқырманға қосымша мағыналық ассоциация беретін, мәтінге басқа мәтіннің не оның ма-

ғыналық  бөлшегінің  таңбаланып  немесе  таңбаланбай,    өзгертілген    және  өзгертілмеген 

цитата,  аллюзия,    реминисценцияның  енгізілуін  атаймыз.  Интертекст  ұғымы  әртүрлі 

түсіндіріледі. Интертекст немесе  мәтіндегі мәтін деп те атауға болады.  

 Мәтін  лингвистикасының  өзекті  мәселелері  қатарына  түрлі  мәтін  типтерінің,  оның 

ішінде көркем  әдебиет мәтіндерінің  туындау ерекшеліктерін жатқызуға болады.  

  Мәтін тудырудың лингвистикалық теориясы тұрғысынан  көркем мәтінді зерттегенде 

бейнелі  құралдардың  стилистикасы,  декодтау  стилистикасы,  мәтін  типологиясымен 



ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012. 

                                                                      

 

142



айналысатын  функционалды  стилистикамен  және  көркем  мәтінді  сипаттауда  «компо-

зиция»,  «әдеби  жанр»,  «сюжет»,  «постмодернизм»  т.б.  ұғымдарының  концептуалды 

аппараты,  сондай-ақ  зерттеуде  көп  ғасырлық  дәстүрлі  ерекшелігі  бар  әдебиет  теория-

сымен, ауызша мәтіндерді қарастыратын семиотикамен, дискурсивті анализдің көмегімен 

қарастырада.  

  Қазіргі  зерттеулерде  көркем  мәтін  мәдени  мұраның  құрамды  бөлшегі  ретінде 

қарастырылуда.   

Көркем мәтін жалпы мәтінге тән құрылым болуымен  қатар оның өзіндік белгілері де 

бар.  Кез  келген  мәтін  тұтастыққа,  байланыстылыққа  негізделсе,  мәтін  лингвистика-

сындағы өзекті мәселелердің бірі – абзац мәселесі. Зерттеушілердің пікірінше, абзац  ұғы-

мы  -  өз  алдына  дербес  категория  емес,  күрделі  фразалық  тұтастықты  көрсетіп  тұратын 

сыртқы  белгі,  пішін.  Бірқатар  зерттеулерде  абзац  күрделі  фразалық  тұтастықтан  бөлек, 

жазба  мәтіндегі  стилистикалық-композициялық  элемент  деп  қарастырылады.  Ал  көп 

жағдайда  абзац  композициялық-стилистикалық  элемент  болып  жұмсалмайды,    күрделі 

фразалық  тұтасымдарға  сәйкес  келгенде,  олардың  бірін  екіншісінен  ажыратып  тұратын 

семантикалық  белгі  ретінде  қызмет  атқарады.  Бұл  -  абзацтың  релевантты  белгісі.  Ол 

стильдік-композициялық  белгі  ретінде  қызмет  атқарады.  Яғни  абзацтың  иррелевантты 

белгісі [7, 55 б]. 

Қазақ мәтінінің күрделі фразалық абзац деңгейінде мүшеленуін зерттеген Ж. Қайшы-

ғұлова  бұл  мәселені  мәтін  және  функционалды  стиль  нормалары  мен  автор  прагма-

тикасын  ұстана  отырып,  көркем,  ғылыми,  ресми,  публицистикалық  мәтіндер  негізінде 

қарастырған  және  мәтін  мүшеленуінің  осы  түрі  әр  стильде  әртүрлі  көрініс  табатынын 

анықтаған.  Зерттеуші  ғылыми  және  ресми  мәтіндерге  күрделі  фразалық  тұтасымның 

абзацпен  сәйкес  келуі  тән  болса,  газет-публицистикалық  стильге  жататын  мәтіндерде 

авторлық  прагматиканың  басым  болып,  көркем  әдебиет  стилінде  эстетикалық  ақпарат 

рөлінің күштілігінен күрделі фразалық тұтасым мен абзац аралығында мәтін нормасынан 

ауытқушылық  жиі  кездесетінін  айтқан.  Мәтін  нормасына  негізделген  логикалық  тұтас-

тықтың  бұзылмауы,  яғни  мәтінді  құрайтын  күрделі  фразалық  тұтасымның  синтаксистік 

бірліктерінің өз орнында жұмсалуы тән. Мәтін үшін негізгі норма дегеніміз – мәтіндегі ой 

желісінің  біріне-бірі  ұласып,  бірінен-бірі  өрбуі,  яғни  ойдың  динамикалы  түрде  берілуі. 

Мәтіннің  ақпараттық  тұтастығы  мәселесіне  келгенде  байланыстылық  категория  құбы-

лысы айрықша маңызды болып табылады. Оны И.Р. Гальперин, Т.А. ван Дейк, Г.А. Золо-

това,  А.А.  Вейзе,  В.Г.  Гак,  С.И.  Гиндин,  И.А.  Зимняя,  Л.В.  Зеленщиков,  О.И.  Москаль-

ская, И.П. Севбо, С.Э. Шмидт, Н.И. Жинкин сияқты ғалымдар зерттеген.  

Абзац  ішіндегі  сөйлемдер  мен  абзац  арасындағы  байланыс  мына  принцип  бойынша 

жүзеге асады: 

1.  Тізбек  бойынша  байланыс.  Мұнда  әр  сөйлем  келесі  сөйлеммен  сөйлем  құрылысы-

ның тілдік элементтерінің бірі арқылы іліктеседі. Мысалы: Жамал жасы елуге таяп қалса 

да,  киім  киісі  мен  жүріс-тұрысынан  ерекше  талғам  табы  сезіліп  тұратын,  сөйлегені  мен 

күлгеніне,  тіпті  біреуге  көз  тастап  қарағанына  дейін  әдемілік  пен  әдептілік  белдеуінен 

шашау  шықпайтын,  туа  бітті  қасиеті  бар,  тәкаппарлық  пен  қарапайымдылықты  бір 

бойына  білдірмей  қатар  сіңіре  білген  әйел  еді.  Ол  өзін  ешқашан  жұрттан  бөлек  ұстауға 

тырыспайтын, әрқашан топ ішінде бола білетін және сол топтан оқшау да көріне алатын-

ды, көпшіліктің қатарында келе жатып алда жүре білетін-ді (Д. Исабеков). 

2.  Жарыспалы  байланыс.  Сөйлемдер  арасындағы  байланыстың  екінші  принципі  – 

жарыспалы  байланыс.  Бұл  байланыста  сөйлемдер  бір-біріне  іліктеспейді.  Сөйлемдердің 



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012.

                                                                          ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ 


 

143


толымдылығына  қарай  өзара  қарсы  қойылады.  Мысалы:  Біздің  жақта  шөп  шабатын 

машинаға  төрт  ат  жегетін.  Төрт  ат  жегетін  себебі,  жер  қия,  өрлі-қырлы,  екі-үш  жұмыс 

көлігінің  шамасы  жете  бермейді.  Төрт  ат  жеккен  соң,  оның  міндетті  түрде  ат  айдаушы 

баласы болады. Алтыншы класты тәмамдаған біздер сол, атшы ұлдармыз (О. Бөкей).   

Көркем  шығарманың  мәтінтанымдық  жағынан  зерттелуі  филологияның  басты 

салаларының  бірі  болып  саналады.  Соның  ішінде,  авторы  өмір  сүрген  уақытқа  жақын 

жарық  көрген  басылымды  канондық  мәтін  дейді.  Мәтін  лексикасы  факсимиле,  тізім 

(список),  канондық  мәтін  т.б.  ұғымдар  арқылы  жүзеге  асады.  Жаңа  замандық  мәтін-

танулық зерттеулерде қолжазбалар екіге бөлінеді:  

а)  автордың  өз  қолымен  жазған;  ә)  тізімдер,  яғни  автордың  өзі  емес,  басқалардың 

қолымен  жазған  қолжазбасы.  Көне  және  ортағасырлық  ескерткіштер  үшін  бұл  өлшем 

өзгереді,  онда  қолжазба  қолмен  жазылған  мәтін  немесе  мәтін  үзіндісі  де,  тізім  немесе 

тізбе деп қайтадан көшірілген шығарма аталады.  

Мәтінтануда  жиі  қолданылатын  терминнің  бірі  конъектура  –  мәтінге  дереккөзсіз, 

жорамалмен  жасалған  түзетулер  дегенді  білдіреді.  Конъектуралық  жағдайда  мәтіннің 

дұрыс  оқылуын  қалпына  келтіру  әрқилы  қисынды  оймен  байланыстырылады.    Қисынды 

дұрысталу мен мәтінді о бастағы қалпына келтіру және оның қалпына келтірілгені туралы 

түсініктер  одан  кейінгі  басылымдарда  қатар  берілуі  тиіс. Мысалы, Махамбет  өлеңдерінде 

конъектуралық  түзетулер  кездеседі.  Қарапайым  конъектураға  әр  жылғы  басылымдардағы 

түсініктер,  түрлі  үзіктер  мен абзацтарды жатқызуға  болады.  Айталық, қом  сулар тіркесімі 

мен  құм  сулар  қолданысының  қайсысы  дұрыс,  қайсысы  қате  екенін  конъектураға 

байланысты алатын  болсақ, қом мен  құм  қолданысының  Махамбет  өлеңдерінің  мәтінінде 

қайсысы  орынды  екені  түсіндіру  конъектуралық  заңдылық  бойынша  зерттеушінің 

қисынына  қарай  жүзеге  асады.  Ол  үшін  тұтас  өлең  қарастырылады.  Қом  мен  құмды 

жазудан  кеткен  қателік  ретінде  алмастыруға  болар  еді.  Қом  су  сөзі  Қазақстанның  батыс 

аймағында,  әсіресе  Маңғыстау  жерінде  кездеседі  және  осы  сөз  «тоқталған,  бір  жерге 

жиналған су» дегенді білдіреді. Ал тұтас өлеңнің мазмұнына қарағанда, Қоғалы көлдерден 

кейін, қом сулардың тұрғаны дұрыс болып көрінеді. Себебі ел көшкенде су жағалап немесе 

су  шығатын,  суы  мол  жерді  мекендейтіні  белгілі.  Сондықтан  ақылға  қонымды  варианты 

ретінде: Қоғалы көлдер, қом сулар Кімдерге қоныс болмаған?! - деп айтқан жөн.   

Қорыта  келе,  мәтін  мен  мәтінтануға  байланысты  зерттеу  кезінде  лингвистикалық 

талдау  жасау  арқылы  көп  нәрсені  танып  білеміз.  Яғни  мәтінді  зерттей  келе,  мәтіннің 

сапасын  анықтауға,  тарихи  ерекшеліктерін  тануға  мүмкіндік  туады.  Мәтінді  зерттеуге 

деген  қызығушылық  тіл  білімі  тұрғысынан,  тілді  ғаламдық  құбылыс  ретінде,  мәтін 

арқылы  адамның  түрлі  қызметтерінің  тілмен  байланысын  терең  зерттеуге  ұмтылады. 

Қазіргі  кезеңде  мәтін мәдени  мұраның құрамды бөлшегі ретінде  қарастырылуда.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер 



 

1.

 



Пропп В.Я. Морфология сказки. – М., 1928. – 163 с. 

2.

 



Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. – М.: Наука, 1981. 

– 183 с. 

3.

 

Москальская И.О. Грамматика текста. – М.: Высшая школа, 1981. –215 с. 



4.

 

Лосева Л.М. Как строится текст. – М.: Просвещение, 1980. – 94 с. 



5.

 

Одинцов В.В. Стилистика текста. – М.: Наука, 1980. – 264 с. 



6.

 

Болотнова Н.С. Основы теории текста. – Томск: Издательство Томского университета, 



1999. – 205 с. 

7.

 



Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 111 б. 

 

  Қабылданды 20.12.2012 



ГУМАНИТАРНЫЕ 

НАУКИ                                                                                   



ISSN 1561-4212. 

«ВЕСТНИК ВКГТУ» № 4, 2012. 

                                                                      

 

144



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет