Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (31) 2013



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет2/16
Дата24.03.2017
өлшемі1.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Әдебиеттер тізімі 
1. Назарбаев Н.Ә. "Ғасырлар тоғысында" Алматы, Өнер, 1996, 128б. 
2.  Чиркин  В.Ч.  Конституционное  право:  Россия  и  зарубежный  опыт.  М.,  изд 
"Зеркало", 1998, 448с. 
3.  Моргунова  М.А.  Скандинавский    парламентаризм.  Теория    и  практика.  М., 
Российск.гос. гум. университет, 2001, 28с. 
 
Резюме 
В  статье  раскрываются    различные    сегменты  политической    системы  
общества,  а  также    освещаются    место  и  роль  Президента,  Парламента, 
Правительства, различных политических партий. 
 
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

10 ~
 
 
Summary 
In  the  article  is  shown  up  the    different  segments  of  political  system  of  the 
society. Also you can  see the place  and role  of the President, Parliament, Government 
in the  different  political parties. 
 
 
ӘОЖ 811.512.122 
Н. Салимова   
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада Қазақстандағы  үштұғырлы тіл саясаты, оның ішінде қазақ тілінің 
хал-ахуалы    және  «Тілдердің    үштұғырлығы»  бағдарламасының  мақсаты 
сипатталады. 
Негізгі сөздер: 
үштұғырлы тіл, тіл саясаты, ұлтаралық қатынас. 
 
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII 
құрылтайында  «Үш  тұғырлы  тіл»  туралы  идеяны  жария  етті.  Ал  2007  жылғы 
Жолдауында  “Тілдердің үштұғырлылығы”  атты  мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске 
асыруды  ұсынды.  Бұл  идеяның  негізі  мынадай:  Қазақстанды  бүкіл  әлем  халқы  үш 
тілді  бірдей  пайдаланатын  жоғары  білімді  мемлекет  ретінде  тануы  керек.  Олар: 
қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл,  орыс  тілі  –  ұлтаралық  қарым-қатынас  тілі  және 
ағылшын  тілі  –  жаһандық  экономикаға  ойдағыдай  кірігу  тілі  [1].  Яғни  мемлекеттік 
тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.  
Үштұғырлы  тіл  өмірлік  қажеттіліктен  туындаған  идея.  Қай  заманда  болсын, 
бірнеше  тілді  меңгерген  мемлекеттер  мен  халықтар  өзінің  коммуникациялық  және 
интеграциялық  қабілетін  кеңейтіп  отырған.  Мысалға,  ежелгі  дүниедегі  Мысырдың 
өзінде  бірнеше  тілді  білетін  мамандар  иерархиялық  сатымен  жоғарылап,  көбіне 
салық  төлеуден  босатылған.  Сондай-ақ,  бүгінгі  Еуропада  да  көп  тілді  меңгерушілік 
жалпыға  ортақ  норма  болып  саналады.  Яғни,  бүгінгі  таңда  Қазақстан  үшін 
үштұғырлы  тіл  –  елдің  бәсекеге  қабілеттілікке  ұмтылуда  бірінші  баспалдағы. 
Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде 
де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.  
Жалпы  өзге  тілдерді  меңгеру  деген  ұғым  қазақ  дүниетанымында  бұрыннан 
бар түсінік. Мұны ел басқарушыға қойылатын талаптардың бірі «жеті жұрттың тілін 
білу»  екендігінен  байқауға  болады.  Себебі  ата-бабамыз  көптеген  хандықтардың 
көшбасшысына  жеті  өнерді  меңгерген  адамды  лайық  деп танып,  сайлаған.   Тарихи 
деректерге   сүйенсек  «жетпіс  тілді  білген»  Әбу  Насыр  әл-Фарабиден  бастап  жеті 
тілді  меңгерген  көптеген  ұлы  тұлғалар  бар.  Солардың  бірі  ұлы  ақын  Абай  атамыз 
діни  сауатын  араб  тілінде  ашып,  орыс  тілін  өз  бетінше  меңгерген  және  де 
А.С.Пушкиннің,  М.Ю.Лермонтовтің  т.б  классиктердің  шығармаларын  аударды.  Сол 
ұлттың  тілін  білу  арқылы  ұлан  ғайыр  қазақ  даласына  орыс  мәдениетін  таратқан. 
Сондықтан үлкен көштен қалмаудың бірден бір жолы - көп тіл меңгеруде.   
Алайда,  үштұғырлы  тіл  саясаты  бұрмаланып  немесе  орыс  және  ағылшын 
тілдеріне  деген  қызығушылық  пен  сұраныс  артып,  ана  тіліміз  тасада  қалмайды  ма 
деген қорқыныш та жоқ емес.Үшінші мыңжылдықтың есігін ашып, ХХІ ғасыр  

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

11 ~
 
 
табалдырығын  аттап  кірген  шақта  Тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  ендігі 
болашағы, шығар биігі саяси- экономикалық жағдайлармен қатар, оның мемлекеттік 
тілі-  қазақ  тілінің  тағдырына   тікелей  байланысты  екендігі  даусыз.Сондықтан  да,   
«үштұғырлы тіл» саясаты бойынша қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін 
дамытуға  басымдық  беру  –  қазақ  тілінің  мәртебесін  төмендетіп,  оның  ұлттық 
маңызын ескермеу деген сөз емес.   
   
 Президенттік  «Тілдердің  үш  тұғырлылығы»  бағдарламасының  басты 
мақсаты  –  қазақ  тіліне  қысым  жасау  емес,  керісінше  оның  бәсекеге  қабілеттілігін 
орыс  және  ағылшын  тілі  дәрежесіне  дейін  көтеру.  Егер  кімде-  кім  мұны  әлі  күнге 
дейін түсінбесе, бұл  - жалпы ұлттық емес, оның «жеке басының» мәселесі.  Қазақ 
тілін  білуді  талап  етпесек,   оны  кәсіби  талап  деп  өзгеге  ұғындырмасақ,  не  өзіміз 
ұқпасақ,  қазақ  тілі  елімізге  ортақ  тіл  бола  алмайды,  біріктіруші  факторға 
айналмайды.  Айта  кету  керек,  қазақ  тіліне  ұйытқы  болу  өзге  ұлттың  емес,  тек 
қазақтардың  ғана  қолындағы  дүние.  Барша  қазақ  өз  тілінен  ұялмай,  мойындаған 
кезде,  басқа  ұлттар  да  ұйытқы  бола  бастайды.  Мемлекеттік  тіл  -  мемлекеттік 
қызметте  жұмыс  бабында  қолданылатын  тілге,  басшының  сөйлеу  тіліне  айналуы 
үшін  кәсіби  талап  қойылу  керек  деп  ойлаймын.  Оны  талап  ету-  кәсіби  талап  қою 
екені белгілі. Тілге де сондай талап керек. Кәсіби талапты адам құқығын шектеумен 
шатастыруға  болмайды.  Тағы  да  айтарым,    өзге  ұлт  өкілдерін  қазақ  тілін  білуге 
міндеттесе,  БАҚ  кем  дегенде  85-90  %  дейін  қазақшаланса,  бала-бақша,  мектеп, 
орта,  жоғары  оқу  орындарындағы   қазақ  топтары  көп  болып,мемлекеттік  тіл 
сабақтарының  сағаты  көбейтілсе  нұр  үстіне  нұр  болмас  па  еді.  Мемлекеттік  тілді 
білуді талап ету- адам құқығын әсте шектеу емес, қазақ тілін білдіру арқылы басқа 
ұлт өкілдерінің кәсіби қызмет бабында өсуіне қазақпен бірдей жағдай туғызу болып 
табылады.  
Кез  келген  тілдің  болашағы  -  балалардың,  жастардың  қолында  екені  рас. 
Балалардың  тілді  білмеуі,  ұмытуы  -  ұлтқа  төнген  қауіп.  Сондықтан  ең  әуелі  әрбір 
отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді 
дамыту  бағдарламасы  жасалмаса,  мемлекет  тарапынан  жасалатын  барлық  іс-шара 
өзін-өзі  ақтамайды.  Басқа  мемлекеттердің  тілді  дамыту  саясатына  қарасақ,  көп 
нәрсе көреміз. Мәселен, Тәжікстан Республикасының Конституциясында «Тәжікстан 
Республикасының  азаматы  мемлекеттік  тілді  білуге  міндетті»  делінген.  Ал  көрші 
Қырғыз  Республикасы  Конституциясында  «Өзге  тілде  жазылған  мәтін  шрифтінің 
көлемі  мемлекеттік  тілде  жазылған  мәтін  шрифтінің  көлемінен  аспауы  тиіс»  десе, 
Литва  Республикасының  Конституциясында  «Мемлекеттік  тілдің  мәртебесіне  қарсы 
кез 
келген 
әрекет 
жүзеге 
асырылмайды» 
деп 
көрсетілген. 
Франция 
Республикасында 
американдық 
компания 
өз 
қызметкерлеріне 
ақпараттық 
қамтамасыз  ету  мен  техникалық  құжаттарды  ағылшын  тілінде  бергені  үшін  бір 
күніне 20 000 евро айыппұл салған.    Бұдан көретініміз көптеген ұлттар өз тілдерін 
сақтап  қалу  үшін  барынша  аянбауда.  «Тіл  -  халықтың  жаны»  деген  принципті 
түсініп, өзгеге үлгі жұмыстар атқаруда.   
Ғалым  Х.Досмұхамедов  :  «Ана  тілін  біліп  тұрып,  бөтенше  жақсы  сөйлесең, 
бұл сүйініш, ана тілін  жат тілге еліктей беру зор қате» деген екен.Сондықтан әкенің 
қанымен, ананың ақ сүтімен берілген ана тілімізді ешқандай тілден кем көрмей, сол 
тілде сөйлеуден, ойлаудан ұялмаған абзал.  Өзге тілдерге құрмет жасап, өз тілімізді 
барлығынан  артық  көріп,  төбемізге  көтерсек  қана  тіліміз  өркенін  жайып,  еліміз 
озықтардың қатарынан орын алары анық.  
 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

12 ~
 
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (2007ж). 
 
Резюме 
В  статье  излагаются  значение  казахского  языка  в  реализации  политики 
трехединства языков Казахстана и проблема повышения уровня казахского языка. А 
также,  данная  статья  обращает  внимание  на  то,  что  каждый  казахстанец    должен 
помнить о том, что знание трех языков–это начало личностного развития.  
 
Summary 
The  present  article  outlines  the  importance  of  Kazakh  language  within  the 
implementation of  Languages Trinity policy in the Republic of Kazakhstan and a problem 
of Kazakh language level improvement. Besides, this article draws attention to that fact 
that every Kazakhstan citizen shall always remember that knowledge of three languages 
is the beginning of a personal enhancement.  
 
 
ӘОЖ 81.36                                                                                   
Ж.Медениева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕР 
 
Аңдатпа 
          
Мақалада қазақ тіл біліміндегі атаулы сөйлемдердің тілдік табиғатына  талдау 
жасалады.  Оның  құрылымдық-синтаксистік,  коммуникативтік  синтаксистік  белгілері 
айқындалып, өзіндік ерекшеліктері сипатталады.  
          Негізгі  сөздер: 
атаулы  сөйлем,  диффузды  сөйлем,  сөйлемнің  белгілері, 
конситуация, контекст, жағдаят.   
 
Функционалды  грамматикадағы  зерттеулердің  бір  қыры  жеке  бір  тілдік 
тұлғаның  жұмсалым  ерекшеліктерін  көрсету  болып  табылады.  Осы  тұрғыдан 
келгенде, грамматикада қазақ тілінің синтаксисі құрылымдық тұрғыдан айтарлықтай 
зерттелген.  Дегенмен,  тілдің  ең  бір  күрделі  саласы  ретінде  синтаксис  мәселесін 
құрылымдық  тұрғыдан  ғана  зерттеу  оның  тілдік  табиғатын  түбегейлі  танытпайды. 
Сөйлемге  тек  тілдік  тұрғыдан  ғана  емес,  сөйлеу  тұрғысынан  қарау  нәтижесі 
сөйлемнің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді.  
          Тілтанымда  сөйлемді  зерттеу  тарихында  түрлі-түрлі  бағыттар  мен 
ағымдардың,  тұтас  мектептердің  пайда  болуы  сөйлемнің  күрделі  құбылыс  екендігін 
танытады.  Сөйлем  құрылымы,  оның  типтік  түрлері  жөніндегі  жалпы  тіл  білімінде 
қалыптасқан  ой-пікірлер  мен  тұжырымдар  түркі  тілдеріндегі,  соның  бірі  қазақ 
тіліндегі сөйлем теориясын қалыптастыруда негіз болды. 
          Дүние  жүзіндегі  қайсы  бір  тілдің  қолданыс  аясын  алсақ  та,  адамдар  қарым-
қатынасының  негізгі  құралы  сөз  және  сөздер  жиынтығының  мағыналық  көрінісі 
сөйлем екені анық. Сөйлем әрбір ұғым атауы сөздерден құралып, оған адамның сан 
алуан іс-әрекеті қосылып, біршама тиянақты ойды білдіретіндіктен, оның түрлері де 
өте мол. Олар,  яғни  сөйлемдер түрі,  ғалымдар тарапынан  қай тілде  болса  да  жан-
жақты зерттеліп, нәтижесінде сан қырынан қарастырылып келеді. Сөйлем сөйлеуші 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

13 ~
 
 
адамның айтайын деген ойын белгілі бір шамада тиянақтап жарыққа шығаруды 
қамтамасыз  етеді.  Адамдар  арасындағы  тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге  асыру 
үшін  тікелей  қолданылатын  бірліктер  –  сөйлемдер  тілдік  жүйедегі  негізгі 
мақсаттарды орындайтын бірден-бір тірек болып табылады.         
Жалпы  тілтанымда,  соның  ішінде  қазақ  лингвистикасында  соңғы  жылдары 
жай  сөйлемнің  дербес  құрылымдық  түрі  болып  табылатын  атаулы    сөйлемдердің 
тілдік  табиғатын  сипаттап,  оның  түрлері  мен  қолданылу  ерекшеліктерін  анықтау 
мақсатына бағытталған зерттеулер  орын алды.  
Түркітануда,  орыс  тіл  білімінде  де  атаулы  сөйлемнің    іштей  жіктелетін 
түрлері,  оған  берілетін  анықтамалар  әр  түрлі,  олардың  тілдік  жүйеде  көрініс  табу 
жағдайлары  да  әр  қилы  сипатталады.  Сондықтан  тілдегі  атаулы    сөйлемдердің 
құрылымдық-синтаксистік,  коммуникативтік  синтаксистік  белгілерін  айқындау 
мәселелері қашан да өзекті болып қала береді.    
Атаулы  сөйлем  мәселесі  орыс  тіл  білімінде  XX  ғасырдың  II  жартысынан 
бастап  қарқынды  түрде  зерттеліп  келеді.  А.А.Шахматов,  А.Н.Пешковский, 
В.В.Виноградов Е.М.Галкина-Федорук, Н.Ю.Шведова, В.В.Бабайцева Н.С.Валгина т.б. 
зерттеушілердің  еңбектері  мен  осы  авторлар  қатысқан  грамматика  оқулықтарында 
бір құрамды сөйлемдерге қатысты атаулы сөйлемдер мәселесі көтеріліп, ол туралы 
әр  түрлі  пікірлер  орын  ала  бастады.            Кейбір  орыс  тілінің  синтакис  мамандары 
атаулы  сөйлемді  сөйлемдік  дәрежеге  көтеріле  алмайтын  негізгі  сөйлемнің  бір 
бөлшегі  немесе  сөйлемнің  эквиваленті  деп  атаса,  В.В.Бабайцева  бір  құрамды 
сөйлемдердің ерекшелігін зерттегенде, негізгі бір құрамды сөйлемдерде бір ғана бас 
мүше  болатындығына  және  оның  мүшеленбейтіндігіне,  сөйлем  мүшелеріне 
талданбайтындығына жан-жақты тоқталып, атаулы сөйлемдерді бір бас мүшелі жай 
сөйлемдерің қатарында көрсетеді [1]. 
Орыс  тіл  білімінде  атаулы  сөйлем жөнінде  екі түрлі  көзқарас  бар:  біріншісі, 
атаулы  сөйлемге  газет,  журнал  аттарын  және  мекеменің  маңдайшасына  жазылған 
атауларды,  мақаланың  бас  тақырыбын  жатқызады.  Екіншісі,  бұл  аталғандардың 
бәрін атаулы сөйлем емес, тек зат атаулары ғана деп есептейді. Атаулы сөйлемнің 
көркем шығармада кездесетіндерін, көршілес тұрғандарын ғана мойындайды.  
Түркологиялық еңбектерде  сөйлем, оны  топтастыру  мәселесіне  А.Казембек, 
Н.А.Баскаков,  И.А.Батманов,  Н.К.Дмитриев,  А.Н.Кононов,  Е.И.Убрятова,  М.З.Закиев 
т.б ғалымдар елеулі үлес қосты. Жалпы қазақ, орыс, түркі тілдеріндегі зерттеулерде 
бір  құрамды  есімді  сөйлемдердің  түріне  жатқызылатын  атаулы  сөйлем  жай 
сөйлемнің  ерекше    бір  құрылымды  түрі  ретінде  қарастырылады.  Атаулы 
сөйлемдердің  сипаты  қазақ  тілінде  алғаш  рет  ғалымдар  С.Аманжолов  пен 
С.Жиенбаевтың зерттеу еңбектерінде сөз болды. Жалпы сөйлеу тілінде  жиі көрініс 
табатын ерекше құрылымды сөйлемдердің қолданылу жайына зертеушілердің назар 
аударуы – кейінгі жылдардың жемісі [2,3].  
Қазақ  тіл  білімінің  негізін  салушылардың  ішінен  синтаксис  мамандары  
А.Байтұрсынов,  Қ.Жұбанов,  Н.Сауранбаев,  М.Балақаев,  С.Аманжолов,  Т.Қордабаев, 
Р.Әмір,  Т.Сайрамбаев,  Б.Шалабай,  Ж.Жақыпов,  Ж.Садуақасов,  Б.Сағындықұлы 
еңбектерінде жай сөйлемдердің ерекшелігі жан-жақты зерттелгенімен, назардан тыс 
қалған  бір  сөйлем  түрі  бар.  Ол  тілдегі  бастауыш-баяндауыштық  қатынастағы 
сөйлемдерден  басқа  арнайы  зерттеуді  қажет  ететін  құрылымдар.  Дәстүрлі 
синтаксистің қалыптасқан заңдылықтарына бағына бермейтін, тіл-сөйлеу жүйесінде 
жиі  қолданылатын  сондай  құрылымдардың  бірі  –  атаулы  сөйлемдер.  Атаулы 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

14 ~
 
 
сөйлемдерді зерттеу мәселесі қазақ тіл білімінде әлі де өзекті деуге болады. Оқулық 
көлеміндегі жұмыстарда бұл мәселенің тек шолумен шектелетіндігі соның айғағы.  
Ғалым Қ.Жұбанов «Ауызекі сөз ұзақ әңгіме де, баяндама да, немесе бір ауыз 
сөз  болуы  да,  тіпті  бір  ғана  дыбыс  болуы  да  мүмкін»  деп,  ойды  бір  сөзбен  де, 
бірнеше  сөзбен  де  білдіруге  болатынын  айта  келіп  [4,146-147б.],  тілімізде  арнайы 
зерттеуді  қажет  ететін  ерекше  сөйлем  құрылымдарының  бар  екендігіне  назар 
аудартады.  М.Балақаевтың  пікірінше,  «Тіл  –  қарым-қатынас  жасаудың  құралы  да, 
сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Кісінің 
ойы  әр  алуан,  әр  қилы  болғандықтан,  соларды  айту  үшін  жұмсалатын  сөйлемдер, 
олардың  құрамы  да  түрлі-түрлі  болады.  Кейде  бір  сөз  бір  сөйлем  қызметінде 
жұмсалса  (Түн.  –Аттан!),  кейде  екі  не  одан  да  көп  сөздерді,  сөз  тіркестерін 
құрастыру арқылы сөйлем жасалады»[5].  
Кейбір ғалымдар атаулы сөйлемді диффуздық сөйлем деп те атаған. Әуелде 
сөйлем    бір-ақ  сөзбен  айтылған,  ол  диффуздық  сөйлем  бір  қадірлі  заттың  атымен 
айтылатын  болған.  Ол  мифологиялық  обьектінің  көрінісі  еді.  Әуелде  бұл  сөздің, 
сөйлемнің  мағынасы  көп  болған.  Кейін  сөйлем  мүшелері  көбейген  кезде  де,  олар 
бір-бірінен  ажырамаған.  Осы  күндері  атаулы  сөйлем  мағына  тұтастығы  жағынана 
инкорпорациялық  құрылысқа  жақын  [6].  Ғалымның  пікірінше,  алғашқы  шыққан 
кезде  сөйлем  осы  күнгідей  бірнеше  сөзден  құралмаған.  Әр  сөз,  әр  дыбыс  бір-бір 
сөйлемнің  қызметін  атқаратын  болған.  Оның  себебі,  ол  кездегі  дыбыстар 
шоғырмақты  диффузды,  сөздер  көп  мағыналы  еді,  оның  үстіне  сөздер  тым  аз  еді. 
Бұдан түйетініміз, атаулы сөйлем бастапқыда полисинтетикалық мәнді болып келсе 
керек.     
Ғалым  Р.Әмірдің  пікірінше,  «Сөйлем  –  коммуникативтік  единица,  яғни  пікір 
білдіру  үшін,  информация  беру  үшін  жұмсалатын  единица...  Сөйлемнің  жеке  сөзге 
немесе  сөз  тіркесіне  пара-пар  келетін  конструкциялардан  құралатыны  бар:  Жаз. 
Сүттей жарық түн. Бұл аталғандар – сөйлем» [7]. 
Ғалым  Ә.Нұрмаханова  «Тіл  факторларына  назар  аударсақ,  барлық  сөйлем 
бастауыш  пен  баяндауыштың  қатар  келуінен  ғана  жасала  бермейді  және  сөйлем 
туралы  «біршама  аяқталған  ойды  білдіреді»  деу  –  шартты  ұғым.  Жеке  алып 
қарағанда  кей  сөйлем  тиянақты  ойды  білдіре  бермейді.  Бұл  жалпы  контекспен, 
фразамен  шешілетін  мәселе.  Сөйлем  барлық  уақытта  сөздер  тізбегінен  жасала 
бермейді, жеке сөздер де сөйлем бола алады» [8]. 
Тіл  білімінің  маманы  К.Ахановтың  сөйлемнің  сөйлемдік  қасиетін  ашуда 
екпінге  ерекше  назар  аударып,  «интонация  –  сөйлемнің  органикалық  элементі. 
Сөйлем  жеке  сөзден,  сөз  тіркесінен  құрылымдық  үлгісі  жағынан  ғана  емес, 
интонацияға  ие  болу  жағынан  ажыратылады.  Жеке  сөздер  немесе  сөз  тіркестері 
кейде  сөйлем  түрінде  жұмсалады»  [9]  деген  көзқарасы  біздің  қарастырып  отырған 
ерекше құрылымды сөйлемімізді топшылап тұрғандай.   
Атаулы  сөйлемнің  басқа  сөйлемдерден  ерекшелігі  –  ол  құбылысты, 
болмысты, белгілі бір заттың ісін, сынын баяндамай, солардың өзін ғана атап қояды. 
Бұл  ерекшелік  қазақ  тіл  біліміндегі  атаулы  сөйлемдерге  қатысты  зерттеулердің 
бәрінде де айтылғанын жоғарыдағы қысқаша шолуымыз көрсетіп отыр. 
Сөйлемнің  коммуникативтілігіне  енетін  көріністік  белгілердің  басын 
жинақтағанда, біріншіден, кез келген  сөйлемнің өз айтылу мақсатының болуы, 
екіншіден,  нақты  жағдайларда  айтылымның  сыртқы  көрінісі  мен  ішкі  мазмұны 
сөйлеуші  субъектіден,  тыңдаушы  адресаттан  және  нақты  коммуникативтік 
контекст  пен  сөйлеу  жағдаятынан  үш  жақты  бағдарлану  арқылы  айқындалып 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

15 ~
 
 
отыратыны, 
сонымен 
қатар, 
үшіншіден, 
сөйлемнің 
нақты 
фразалық 
тиянақталған  интонациясы  мен  оны  құраған  сөздердің,  сөйлем  мүшелерінің 
орын тәртібі айтылады. 
Осы 
тұрғыдан 
келгенде, 
тілдегі 
атаулы 
сөйлемдер 
де 
арнаулы 
коммуникативтік  мақсаттың  қажетімен  қалыптасады.  Бұл  сөйлемдер  төңіректі, 
жағдайды үнемді жолмен суреттеу үшін және пікірді эмоциялы етіп білдірудің амалы 
ретінде  жұмсалады.  Демек,  контекст  пен  жағдаят  атаулы  сөйлемдерде 
предикативтіліктің  обьективті  көрсеткіші  болып  табылады.  Атаулы  сөйлемдерде 
предикативтілік  қатынас  болмағанмен,  предикативтіліктің  өзі  болады.  Өйткені  бұл 
сөйлем  де  ойды,  оқиғаны  болмысқа  шақ,  жақ  тұрғысынан  қатыстырып,  пікірді 
біршама  тиянақтап  тұрады.  Бірқатар  зеттеушілер  сөйлемді  жеке  тұрған  қалпында 
ғана  қарастыруды  құптайды.  Алайда  сөйлем  тек  қана  сөйлеуде  қосымша 
функцияларға  ие  болып,  бүтіннің  бөлшегі  ретінде  қарастырылуы  қажет.  Сөйлемнің 
тиянақталған  ойды  білдіруі  контекстегі  басқа  сөйлемдермен  қатынасына  қарай  да 
айқындалады.  Мысалы:  Жаз.  Аптап  ыстық.  Екі  кісі  даңғыл  жолмен  жүріп  келеміз 
(М.Ә).  Осы  мысалға  келтірілген  үш  сөйлемнің  алдыңғысын  (Жаз.)  соңғы  екі 
сөйлеммен байланыстыра қарамасақ, сөйлем демей, жеке сөз деп таныр едік. Яғни, 
контекстен бөліп алынған сөйлемдер әр уақытта мүлде аяқталған ойды білдірмейді, 
біршама  ғана  аяқталған  ойды  білдіреді.  Негізінен,  жеке  тұрғанда  сөздің  де,  сөз 
тіркесінің  де  коммуникативтік  қызметі  жоқ:  олар  не  бір  ұғымды,  не  әр  түрлі 
қатынастарды  білдіреді.  Сөйлемнің  келесі  бір  белгісі,  оның  интонациялық 
тиянақтылығының  болуымен  сипатталады.  Интонация  сөйлеушінің  көңіл-күйімен 
тығыз байланысты болғандықтан, оның көрінісі де әр түрлі болып келеді. Жоғарыда 
келтірілген мысалдарға назар аударатын болсақ, бірінші сөйлем интонация қызметі 
ескерілмесе, жеке бір сөз деңгейінде қалып, сөйлем болудан қалар еді. Бұдан дауыс 
ырғағының  прагматикалық  әлеуетінің  жоғары  болатындығын  көреміз.  Сонымен 
атаулы сөйлемдердің  де «өмір сүруі» контекст пен жағдаятпен тығыз байланысты. 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  тілімізде  сөйлеу  үдерісінде  белгілі  бір  ой-
информация беретін жеке сөздер мен сөз тіркесін коммуникативтік контекске қарап, 
сөйлем  деп  санау  қажеттілігі  туындайды.  Өйткені  бұлардың  бойында  сөйлемнің 
негізгі құрылымдық белгілері болып табылатын предикативтілігі мен модальдігі және 
шақ  категориялары  мен  интонациялық  тиянақтылығы  бар.  Сонымен  қатар  бұндай 
сөйлемдер  нақты  мағыналық  мазмұнды  айқындайтын,  сол  мазмұнның  шаққа 
қатысын  көрсететін  обьективті  көрсеткіштер  болатын  контекст  және  жағдаятпен 
тығыз байланысты. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бабайцева  В.В.  Слова-предложения  в  современном  русском  яыке.  –  Ворнеж: 
Известия Воронежского пединститута, 1962. –Т.42.-С.271-286. 
2.  Темірбекова  Г.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  бір  құрамды  есімді  сөйлемдер  мен  сөз-
сөйлемдер. КДА. –Алматы, 2003. – 25 б. 
3. Шойбекова А. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз-сөйлемдер. КДА. – Алматы, 2007. – 24 б.   
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1998. – 581 б. 
5.  Балақаев  М.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Сөз тіркесі мен жай  сөйлем  синтаксисі.  –  Астана: 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. – 237 б. 
6.  Аманжолов  С.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша  курсы.  –  Алматы:  Санат, 
1994. – 320 б. 
7. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Мектеп, 1983. – 168б. 

  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (31) 2013 

16 ~
 
 
8. Нұрмаханова Ә. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Мектеп, 1982. – 180б.  
9. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1972. – 215б. 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет