Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет11/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

,  
түрде болады. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Балк М.Б. Геометрия  масс / Балк М.Б., Болтянский  В.Г.–  М.: Наука, 1987. – 160 с. 
2  Тайшиева  А.Г.  Жазықтықтағы    және    кеңістіктегі    барицентрлік  координаталар 
//«Х.Досмұхамедов атындағы АМУ – Жарты ғасырдан аса уақыт аймақтық білім мен  
ғылымға  қызмет  кӛрсету»  ЖОО-ының  60  жылдық  мерейтойына  арналған 
халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның  баяндамалар  жинағы,  –  
Атырау, 2010 ж. –   235-237 б. 
 
Резюме 
В  работе рассматриваются  некоторые замечательные точки треугольника  и 
их барицентрические координаты. 
 
Summary 
In this paper we considered carefully some remarkable points of the triangle and 
barycentric coordinates. 
 
Қабылданған күні 15.09.2014 ж 
 
 
 
 
 
 
,
p
a
p



p
b
p



p
c
p




Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
82 
 
ӘОЖ: 004.031.42 
С.Идрисов, Э.Масалимова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail: elia_7@mail.ru 
 
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҦҒАЛІМДЕРІН КӘСІБИ ДАЯРЛАУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  жаңа  ақпараттық  технологиялардың  негізгі  әдіс-тәсілдерін 
пайдаланып,  болашақ  информатика  мұғалімдерінің  кәсіби  шеберліктерін 
қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылады.
 
Негізгі 
сӛздер: 
Ақпараттық-коммуникативтік 
технология, 
информатика, 
интерактивті құралдар, мультимедия. 
 
КІРІСПЕ 
 
Білім беру үдерісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды 
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге 
асыра  отырып,  оқу-тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы

 
Бүгінгі күні заман талабына сай білім саясатының ӛзекті мәселелері - кәсіптік 
даярлаудың  сапасын  жақсарту,  біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік 
жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін ӛзгерту, 
ондағы  алдыңғы  қатарлы  оқу-тәрбие  тәжірибелері  мен  қазіргі  қоғамның 
сұраныстарының  алшақтығын  жою,  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді 
жетілдіру  үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамасыз  етуде  оның  ролін  арттыру  және 
қазіргі  заман  техникасы  мен  технологиясын  жоғары  деңгейде  қолдана  білу  болып 
табылады.  Сондықтан  жоғары  білім  беру  саласы  педагогикасының  күрделі  де 
маңызды  бір  мәселесі 
білімгерлерді  болашақ  мамандығына  оңтайландыру
,  кәсіптік 
біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар  берудің жаңа жүйесін жасау, іскер  және құзіретті 
маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, 
оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет.   
 
Ақпараттық    -  коммуникативтік  технология  электрондық  оқулықтарды, 
интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту 
бағдарламаларына 
негізделеді. 
Ақпараттық 
әдістемелік 
материалдар 
коммуникациялық    байланыс  құралдарын    пайдалану  арқылы  білім  беруді 
жетілдіруді кӛздейді. 
 
Ақпараттық  -  коммуникативтік  технология  құралдары  ашық  білім  беру 
жүйесінде,  мұғалімдерге  осы  уақытқа  дейін  қол  жеткізе  алмаған,  оқыту  мазмұнын 
жылдам  жаңарту  және  жаңа  білім  мен  технологиялар  пайда  болған  сайын  оқыту 
жүйесін  жаңадан  құру  мүмкіндіктерін  береді.  Ақпараттық  технологиялар  мұғалімді 
дәстүрлі  оқыту  жүйесіне  тән  күнделікті  оқыту  материалын  баяндау  сияқты  қызмет 
түрлерінен  босата  отырып,  мұғалімге  еңбек  етудің  интеллектуалды  формаларын 
ұсынады [1].
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
 
Ақпараттық  -  коммуникативтік  технология  жағдайындағы  жалпы  оқыту 
үрдісінің  функциялары:  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту,  ақпараттық  болжамдау  және 
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
83 
 
 
Ақпараттық  -  коммуникативтік  технологияны  оқу-тәрбие  үрдісіне  енгізуде 
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: 

 
Ӛз  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  электронды  кешендер  құру,  әдістемелік 
пәндік Web - сайттар ашу; 

 
Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; 

 
Бағдарламалау 
ортасында 
инновациялық 
әдістерді 
пайдаланып, 
бағдарламалық сайттар, құралдар жасау; 

 
Қашықтан оқыту (Internet желісі) барысында ӛздігінен қосымша білім алуды 
қамтамасыз ету. 
 
 
Ақпараттық  -  коммуникациялық  технологиялардың  дамуы  білімді  бағалау 
және  пайдалану  жүйесін  де  уақтылы  ӛзгертіп  отыруды  талап  етеді.  Осыған 
байланысты  оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдер,  әдістемелер,  технологиялар 
жаңартылып отырады [2].
 
 
Білім беру саласында информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны 
пайдалануға,  әлемдегі  ақпараттық  кеңістікті  әлемдік  білім  беру  кеңістігімен 
сабақтастыруға мүмкіндік береді. 

 
Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық, ақпараттық коммуникациялық 
технологиялардың 
студенттердің 
ӛндірістік 
тәжірибеде 
қолданылу 
сапалылығына қол жеткізу; 

 
Оқу-тәрбие  үрдісінде  электрондық  оқулықтар  мен  оқу  бағдарламаларын 
тиімді қолдану негізінде компьютерлік мәдениеттілікті дамыту; 

 
Қазіргі заманғы желілік жүйенің (интернет) ерекшеліктерін кӛрсетіп, іске асу 
жолдарын белгілеу; 

 
Информатика пәнін меңгертудің ұтымды жолдарын кӛрсету; 

 
Информатика  пәнін  қашықтан  меңгертуде  қолданылатын  жаттығулардың 
түрлерін саралау; 

 
Информатика  пәнін  қашықтан  оқыту  арқылы  ӛздік  жұмыстардың, 
жаттығулардың,  шығармашылық  деңгейдің,  тестілік  тапсырмалардың 
әдістемелік ерекшеліктерін кӛрсетіп, іске асу жолдарын белгілеу

 
Информатика пәнін меңгертудің ұтымды жолдарын кӛрсету; 

 
Информатика  пәнін  қашықтан  меңгертуде  қолданылатын  жаттығулардың 
түрлерін саралау; 

 
Информатика  пәнін  қашықтан  оқыту  арқылы  ӛздік  жұмыстардың, 
жаттығулардың,  шығармашылық  деңгейдің,  тестілік  тапсырмалардың 
әдістемелік ерекшеліктерін дәйектеу; 

 
Кәсіптік  білім  беруде  информатиканы  қашықтан  оқытудың  тиімділігін 
эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу [3]. 
 
Оқу  үрдісінде  оқытушы  және  оқушы,  оқушы  және  оқыту  әдісі  арасындағы 
байланыс  басты  рӛл  атқарады.  Оқушы  іс-әрекетінің  мазмұны  ақпаратты  қабылдау, 
оны ұғыну, білік - білім дағдыларын жетілдіру болып табылады. Оқу үрдісінде негізгі 
элемент білім емес, ақпарат болып есептеледі. 
 
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын 
пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан уақыт талабына сай білім мазмұнын 
жаңарту  бүгінгі  күннің  басты  міндеті.  Қазіргі  жағдайда  еліміздің  білім  беру 
жүйелерінде  ХХІ  ғасыр  жастарына  білім  беру  мен  тәрбиелеу  бағытында  сан  алуан 
жұмыстар жүргізілуде. Ал мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа үлгісін 
жасап,  белгілі  бір  кӛлемдегі  білім  мен  білік  дағдыларын  меңгерту,  оқу  материалын 
қаншалықты  деңгейде  меңгерін  бақылаудың,  оқу  мен  тәрбие  үрдісін 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
84 
 
ұйымдастырудың  сан  түрлі  жаңа  әдіс  -  тәсілдерін  іздестіру,  жаңа  технологияларды 
сабақта тиімді пайдалану [4]. 
Қазіргі заманғы білім беру технологиялары:  
 
- Қашықтан оқыту технологиясы; 
 
- Интерактивті тақтаны қолдану арқылы; 
 
- Мультимедиялық технология және т.б. 
Қашықтан  оқыту  технологиялар  -  білім  алушы  мен  педагогикалық 
қызметкердің  жанама  (қашықтан)  немесе  толық  емес  жанама  әрекеттесу  кезінде 
ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар кӛмегімен іске асырылатын оқыту 
технологиясы. 
Презентациялар  технологиясы  -  бұл  технология,  бір  жағынан, 
оқушыларға  жаңа  материалды  (иллюстрация,  фотографиялар,  бейнелік, 
дидактикалық  материалдар,  т.с.с)  кӛрнекті  түрде  кӛрсету  құралы  болса,  екінші 
жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін 
де жеңілдетеді. 
 
Алдын  ала  жүргізілген  тәжірибелер  презентациялар  технологиясын 
пайдалану:  балалардың  оқуға  деген  ынталылығын  арттырып,  сабақтың  қызықты 
ӛтуін  қамтамасызетіп,  оған  дайындалу  мерзімін  (презентациялық  сүйемелдеу 
жұмысын  алдын  ала  мұғалім  немесе  басқа  біреу  дайындағанда)  қысқартады,  ең 
бастысы  -  мұғалімдерді  жаңа  компьютерлік  технологияларды  пайдалануға 
дағдыландырады. 
Мультимедиялық технологиялар 
 
Мультимедиялық  технологиялардың  дамуы  бейне-техниканың  және  дербес 
компьютерлердің ӛркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда.  
"Мультимедия"  термині  латын  тілінің  "multi"  (кӛп)  және  "media"  (орта) 
сӛздерінің бірігуінен құралған, яғни "ақпараттық орта" деген мағына береді. 
Интерактивті  технологияларды  оқып  үйрену,  меңгеру  арқылы  мұғалімнің 
интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани  келбетінің  қалыптасуына  әсер 
етеді, ӛзін-ӛзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына кӛмек кӛрсетеді. 
Оқу  процесінде,  оның  ішінде  практикалық  сабақтарда    интерактивті 
құралдарды  қолдану  мұғалімнің  жеке  тәрбиесіне,  шығармашылық  ізденісіне 
байланысты.  Интерактивті  құралдарды  оқыту  формасын  ұйымдастыруды 
түрлендіруге,  дәстүрлі  оқыту  әдістеріне  жаңа  элементтер  енгізуге  мүмкіншіліктер 
жасайды.    Интерактивті  құралдарды  орынды  қолдану  оқыту  сапасын  жетілдіруге 
кӛмектеседі.  әдіс-тәсілдерді  жиі  пайдалану,  әр  сабақта  оның  мүмкіндіктерін 
түрлендіріп отыру - педагогтар қауымының басты міндеті.
 
 
Интерактивті  құралдарды  пайдаланатын  оқыту  әдістемесі  дәстүрлі  оқыту 
әдістемесімен  ерекшеленеді.  Кез-келген  жағдайда,соның  ішінде  интерактивті 
құралдарды  пайдалану  арқылы  сапалы  білім  беруді  ұйымдастыру  үшін  сабақтың 
жоспарын,  құрылымын,  оқытудың  мақсаты  мен  нәтижесін  анықтау  қажет. 
Интерактивті  құралдарды  қолданумен  бірге  сабақ  құрылым  да  ӛзгереді.  Дербес 
жағдайларда, интерактивті құралдар индуктивті оқыту әдісінде қолданылуы мүмкін. 
Интерактивті  құралдарды  қолданатын  сабақ  сапасы,  бірінші  кезекте  мұғалімнің 
ӛзіне, яғни интерактивті құралдардың мүмкіндіктерін қалай  қолданатынына тәуелді. 
 
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және 
де  дәріс  берушіге  немесе  баяндамашыға  екі  түрлі  құралдарды  ақпараттың  кескіні 
мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
85 
 
 
Мұғалімнің  кәсіби  біліктілігі  оның  іс-әрекетінің  тиімді  болуының  теориялық 
және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Кәсіби біліктілікті меңгерту жоғары 
оқу  орнында  студенттерді  мұғалімдік  мамандыққа  даярлаудағы  басты  міндеттердің 
бірі.  Мұғалімнің  кәсіби  білігі  оның  практикалық  қызметінде  іске  асырылады, 
сондықтан  ол,  оның  жалпы  педагогикалық,  әдістемелік  біліктілігімен,  дағдысымен 
тығыз  байланысты.  Мысалы,  ЖОО  -  ғы  болашақ  информатика  мұғалімдерін  кәсіби 
шеберлікке  мақсатты  даярлаумен  қоса,  педагогикалық  шығармашылық  қызметке 
даярлау оның кәсіби даярлығымен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің 
жалпы  мәдени  (ӛмірге  кӛзқарас),  әдіснамалық  (психологиялық-педагогикалық), 
пәндік блоктарды меңгеріумен қамтамасыз етіледі. 
 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  информатика  пәні  мұғалімнің  алатын 
орны ерекше. Мектептегі информатика пәндері оқушының ойлау қабілеті мен жалпы 
білім дәрежесін дамытуда және тәрбиелеуде әрі жетекші, әрі жауапты рӛл атқарады. 
Аталған  пәнді  мектепте  оқыту  оқушыларға  қоршаған  ортаны  танып  білуде 
электронды  ақпаратты  жылдам  іздеуді,  сақтауды,  ӛңдеуді,  жіберуді  және 
электронды  ақпарат  алмасуды  үйретеді,  логикалық  ойлауы  мен  танымдық 
қызметтерін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ұйытқы болады, 
оқушының  зейіні  мен  байқағыштығын,  ұқыптылық  пен  дәйектілігін,  дербестік  пен 
жоспарлылығын және т.б еңбек мәдениетін дамытуға ықпал етеді, қоршаған ортаға 
танымдық жағдай туғызады.  
 
 Жаңа ақпараттық технология  құралдарын информатика пәнінде пайдалану 
оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің  дамуына, ӛз білімін ӛмірде 
пайдалана    білу  дағдыларының  қалыптасуына  кӛмектеседі.  Компьютерлік 
техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім 
мазмұнын  анықтауға,  оқыту  формалары  мен  әдістерін  жетілдіруде  жақсы  әсерін 
тигізеді. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі мұғалімдер мен оқушылардың 
бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.  
 
Ақпараттық  -  коммуникациялық  технология  оқу-тәрбие  үрдісіне  пайдалану 
оқушының  дайындық  деңгейін,  ынтасын  және  қабылдау  жылдамдығын  ескеруге, 
сонымен қатар жаңа материалды  меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыруға 
және  оқыту  үрдісіне  жаңа  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалануға 
жол ашады [5]. 
 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  негізгі  мақсаты  -  оқушыны  қазіргі  қоғам 
сұранысына  сай  ӛзінің  ӛмірлік  іс-әрекетінде  дербес  компьютердің  құралдарын 
қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу [6]. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ
 
 
Қорыта  айтқанда,  қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық 
технологияларын  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 
рухани,  азаматтық  және  басқа  кӛптеген  адами  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 
тигізеді,  ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  кӛмектеседі. 
Сонымен, болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісінде бір жағынан 
оқыту  мен  тәрбиелеудің  нақтылы  әдістемесін  меңгеруі,  екінші  жағынан,  болашақ 
мұғалімнің  маман  ретінде  ӛзін-ӛзі  танытуына  бағытталған  ӛзін-ӛзі  ұстай  білуі  және 
педагогикалық қарым-қатынастың тиімді түрлерін таңдауы мен пайдалануы арқылы 
ӛзін  танытудағы  практикалық  іс-әрекеті  сияқты  компоненттер  кәсіби  бейімделу 
барысында бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады. 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
86 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Е.Нұржанов.    Мектептегі  білім  беру  үдерісіне  жаңаша  оқыту  идеяларын  ендіру 
тәсілдері.  //  "Информатика негіздері" №2 - 2013. -Б.2-3. 
2  К.Абишева.        Оқу  үрдісінің  тиімділігін  арттыруда  технологияларды  қолдану.    // 
"Информатика негіздері" №2 - 2013. -Б.6. 
3 А.Бидашова.    Ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқыту процесінде 
пайдаланудың маңызы.  // "Информатика негіздері"№4 - 2013. - Б.2-3. 
4 Э.Дайырбаева,  А.Каженова,  А.Шиливаева.    Информатика сабағында техникалық 
құрал жабдықтар қолдану.  // "Информатика негіздері"№4 - 2012. - Б.4.  
5 А.Сәдуақасова.  Пән мұғалімдерінің мүмкіндіктері мен біліктілігінің қажеттілігі.  // 
"Қазақстан мектебі " №11 - 2013. - Б.38-40. 
6 Г.Кудесова.    Сабақтарда - ақпараттық технологиялар. // "Қазақстан мектебі" № 
10 - 2013. -Б.27. 
 
Резюме 
 
В 
данной 
статье 
рассмотрены 
особенности 
формирования 
профессионального  мастерства  будущих  учителей  информатики,  использующих 
новые информационные технологии. 
 
Summary 
 
This  article  describes  the  features  of  the  formation  of  professional  skills  of  the 
future teachers  of computer  science  using  the basic  techniques of the new information 
technologies. 
Қабылданған күні 22.09.2014 ж 
 
 
ӘОЖ 004.9:371.31 
С.Идрисов, Э.Масалимова, Т.Атимова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail: fara_sn@mail.ru 
 
IT-ПӘНДЕРІНІҢ МҦҒАЛІМІН КӘСІБИ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІМ 
БЕРЕТІН МҦҒАЛІМГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  мамандарды  кәсіби  даярлаудың  бүгінгі  жүйесі  болашақ 
информатика мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін айқындайтын бағыттар, 
IT-пәндері  оқытушыларының  қандай  дағдылар  мен  қабілеттерге  ие  болуы  керек, 
нені білуі керегі туралы айтылған. 
Негізгі  сӛздер: 
IТ  (ағылш. 
Information  Technology),  информатика  мұғалімі,  кәсіби 
даярлық. 
 
 
Бүгінгі  күні  информатика  мұғалімдері  мен  білім  берудің  барлық 
деңгейлеріндегі  IТ  (ағылш. 
Information  Technology) 
–пәндері  оқытушыларының 
кәсіби  құзыреттілігі  мәселелері    барған  сайын  ӛзекті  бола  түсуде.  Зерттеулер  
кӛптеген  ӛңірлерде  білім  саласында  құзыретті  (ақпараттық  қоғам  талаптарына 
сәйкес  келетін)  IТ–оқытушыларының  жетіспеушілігін    кӛрсетіп  отыр.    Болашақ 
информатика  мұғалімінің  ІТ–пәндерді  оқытуға  дайындығы  білім  беруге  әлеуметтік 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
87 
 
тапсырыстың  да,  жоғары  оқу  орны  (ЖОО)  әрбір  түлегінің  қызығушылығының  да 
мәселесі  болып  отыр,  себебі  ол  ақпараттық  қоғамдағы  оның  ауқымды  қажеттілігін 
және ӛзіндік жүзеге асуының табыстылығын айқындайды, педагогикалық мамандар 
дайындайтын ЖОО түлегі дәрежесін кӛтереді. 
Мамандарды  кәсіби  даярлаудың  бүгінгі  жүйесі  болашақ  информатика 
мұғалімін, 
оқытудың 
мазмұнының 
пәндік–бейіндік 
толымдылығының  
жетіспеушілігіне  байланысты  IТ–пәндерді  оқытуға  дайындауда  әлі  де  зерттеулерді 
қажет етіп отыр. Ал IТ–оқытушысы бос орындарына жиі үміткерлер болатын, ЖОО 
IТ–мамандықтарының  түлектері      педагогикалық  даярлығының  қазіргі  заман 
талабына сай еместігімен ерекшеленеді. Инженерлік–педагогикалық  ЖОО санының 
аз болуы ақпараттық қоғамды IТ–оқытушыларының жеткілікті санымен қамтамасыз 
ету    сияқты    жаһандық  кӛлемдегі  мәселені  шешуге  қауқарсыз  болып  отыр.  Бұл 
мәселені  шешудің  барынша  қолайлы  жағдайлары  (әсіресе  ӛңірлер  үшін)  ЖОО 
базасында  информатика  мұғалімін  ақпараттық  технология  пәндерін  оқытуға 
дайындауда болып шықты[1].  
  Информатика мұғалімі – IТ–пәндерді оқытуға дайын болатын ЖОО түлегі: 
 келесі бағыттар туралы мағлұматы болуы тиіс


 
табиғаттағы нысандардың жеке және ұжымдық мінез–құлқы туралы; 

 
жергілікті,  жүйелік,  аспаптық  интерфейстер  және  перифериялық 
құрылғылардың интерфейстері туралы; 

 
жасанды интеллект, сигналдарды цифрлық ӛңдеу жүйелері туралы; 

 
жұмысшыларды  информатика  мен  есептеу  техникасы  саласындағы 
мамандықтар  бойынша    теориялық  және  практикалық  оқытудың  әдіснамалық 
негіздері туралы; 

 
ашық ақпараттық–есептеу жүйелерінің сәулеті туралы; 

 
бағдарламалауда,  қазіргі  заманғы  алгоритмдік  тілдерде,  олардың 
ерекшеліктерінде,  қолдану  салаларында  қосымша  пакеттер  мен  кітапханаларды 
пайдалану туралы; 

 
инженерлік  және  компьютерлік  графика  саласындағы    кадрларды  даярлау 
жүйесі туралы; 

 
информатика  саласының  қазіргі  жағдайы,  беталыстары  мен  даму  келешегі 
туралы; 

 
білім  беру  жүйесіндегі  компьютерлік  технологиялардың  алуан  түрінің 
құрылымы мен ұйымдастырылуы туралы; 

 
үйретуші кешендерді автоматтандыру мен оларды моделдеу туралы; 

 
информатика саласындағы маркетинг пен менеджмент туралы; 

 
компьютерлік  графиканың  техникалық  құралдары  және  олардың  даму 
келешегі туралы; 

 
шығармашылық  қызметтің  негізгі  қағидаттары,  оның  психологиялық  және 
әдістемелік ерекшеліктері туралы; 

 
қашықтан оқыту жүйелерін тұрғызудың теориялық негіздері мен әдіснамасы 
туралы; 
келесілерге қабілетті болуы тиіс


 
қолда бар типтік есептеу техникасының құралдары негізінде оқу процесінде 
пайдалануға арналған мультимедиалық кешендерді жобалауға

 
компьютерлік  технологияларды  бастапқы  кәсіптік  білімнің  білім  беру 
мекемелерінде  нақты  оқу  процесінің  жағдайына  пайдаланудың  әдістемелік 
жасалымдарын қолдануға; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
88 
 

 
қазіргі 
заманғы 
компьютерлік 
технологияларды 
оқу 
процесінде 
пайдаланудың теориялық және эксперименталдық зерттеулерін жүргізуге; 

 
интерактивті үйретуші жүйелер үшін графикалық моделдер жасауға; 

 
компьютерлік 
графика 
үшін 
бағдарламалық 
және 
аппараттық 
қамсыздандыруды орнатуға және реттеуге; 

 
компьютерлік  үйретуші  жүйелердің,  оның  ішінде  қашықтан  оқыту 
жүйелерінің, тиімділігін бағалауға; 

 
маркетингтің жекелеген қызметтерін орындауға; 
келесілерді білуі және пайдалана білуі тиіс


 
дидактикалық 
құралдардың 
дидактикалық 
мүмкіндіктерін, 
әрекет 
қағидаттарын, пайдалану технологиясы мен қолдану әдістемесін; 

 
психологиялық–педагогикалық  концепциялардың  тарихы  мен  дамуының 
қазіргі беталыстарын;  

 
білім беру процесінің мәнін, мазмұнын және құрылымын

 
жеке адам мен топтың сӛйлесу заңдылықтарын және басқару тәсілерін; 

 
педагогикалық қызметтің формаларын, құралдары мен әдістерін; 

 
білім  беру  мен  тәрбиелеудегі  тұқым  қуалаушылық  пен  әлеуметтік  ортаның, 
ұлттық және мәдени–тарихи факторлардың ролі мен мәнінің ара қатынасын; 

 
кәсіптік білім берудің мазмұнын жобалау негіздерін; 

 
кәсіптік лексиканы; 

 
қазіргі заманғы психологиялық және педагогикалық технологияларды; 

 
дидактикалық  құралдардың  кешендерін  жобалаудың  теориялық  негіздерін, 
олардың мүмкіндіктерін, әрекет қағидатын, пайдалану технологиясын және оларды 
қолдану әдістемесін; 

 
есептеу  техникасының  негізгі  ұғымдарын,  информатиканың  пәні  мен  негізгі 
әдістерін,  жасанды  жүйелердегі  ақпараттық  процесстердің  ӛту  заңдылықтарын, 
ақпараттық жүйелердегі техникалық және бағдарламалық құралдардың жұмыс істеу 
қағидаттарын; 

 
есептеу техникасы құралдарының қазіргі заманғы аналогтық және цифрлық 
элементтік базасын;  

 
ақпараттық  технологиялардың  негізгі  моделдері,  әдістері  мен  құралдарын 
және оларды пәндік салалардағы міндеттерді шешу үшін қолдану тәсілдерін;  

 
нысандар  мен  процесстерді  жүйелік  талдаудың,  амалдарды  зерттеу  мен 
шешімдер қабылдаудың қазіргі заманғы әдістерін;  

 
сервистік  бағдарламаларға  қызмет  кӛрсететін  қазіргі  заманғы  амалдар 
жүйелері мен амалдар қаптамаларын;  

 
компьютерлердегі процесстер ресурстарды басқару тәсілдерін, процесстерді 
синхрондауды; 

 
мәліметтер  қорларының  моделдерін,  мәліметтерді  қимылдату  тілдерінің 
негізгі құрылымдарын, мәліметтер қорларын жобалаудың тізбегі мен кезеңдерін; 

 
есептеу  техникасының  қызметтік  түйіндері  мен  құрылғыларының      қазіргі 
заманғы 
элементтік 
базасын, 
интеграттаудың 
әралуан 
деңгейінің 
микросұлбаларының  парамтерлері  мен  сипаттамаларының  жүйесін,  тұрғызу 
әдістерін, сұлбалық құжаттаманы жасау және орындау  ережелерін;  

 
есептеу  жүйелеріндегі  ақпаратты  алмасудың  негізгі  тәсілдерін,  қазіргі 
заманғы  перифериялық  құрылғылардың  жұмыс  істеуінің  физикалық    қағидаттары 
мен  негізгі  техникалық  сипаттамаларын,  сыртқы  құрылғылардың  бақылаушыларын 
ұйымдастыруды; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
89 
 

 
жаратылыстану  мен  оқытудағы  қарапайым  жүйелер  мен  процестердің 
математикалық моделдерін; 

 
нақты  процестер  үшін  ықтималдылық  моделдерін,  оларды  тұрғызылған 
модель аясында талдау әдістерін;  

 
мәліметтердің  таратылған  ӛңдеуін  ұйымдастыруға,  мәліметтер  қорларын, 
білім  қорларын,  электрондық  поштаны  ұйымдастыруға  арналған  қолда  бар 
компьютерлік желілерді; 

 
заттар  мен  бағдарламаларды  жобалау  және  ӛндіру  кезеңдерінің  ӛзара 
байланысын; 

 
білім беру процесіндегі сапаның аспектілерін, сапаны басқару қағидаттарын, 
сапаны басқару элементтерін; 

 
бағдарламалаудың бірнеше тіліндегі бағдарламалау теориясын

 
Windows үшін объектілі–бағытталған бағдарламалау идеологиясын; 

 
компьютерлік  графиканың  математикалық  және  алгоритмдік  негіздерін, 
бейнелерді  қалыптастыру мен түрлендірудің әдістері мен алгоритмдерін; 

 
үйретуші  компьютерлік  жүйелерді  зерттеу  мен  жобалау  кезіндегі  моделдеу 
әдістерін; 

 
әртүрлі  жүйелерді  талдаудың,  синтезінің,  тиімділеудің  және  моделдеудің 
кәсіби бағытталған математикалық әдістерін; 

 
қашықтан оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын; 

 
затты жобалау және ӛндіру кезеңдерінің ӛзара байланысын; 

 
конструкторлық жасалымдарды автоматтандыру қағидаттарын; 

 
web-парақтар  мен  виртуалды  әлемдерді  жасаудың  қазіргі  заманғы 
технологияларын; 

 
компьютерлік  графиканың  аппараттық  және  бағдарламалық  құралдарының 
негізгі техникалық сипаттамалары мен мақсатын; 
келесілерді білуі тиіс
:   

 
ӛзінің  психикалық  жағдайын  түсіндіре  білуді,  психикалық  ӛзін  ӛзі  реттеудің 
қарапайым тәсілдерін игеруді;  

 
тұлғаның ӛзіндік дамуы мен ӛзін ӛзі тәрбиелеуді бағыттап отыруды; 

 
нақты  жағдайды  ескере  отырып  кәсіби  мінез–құлықтың  тиімді  моделін 
таңдауды,  оқытудың  құралдары  мен  әдістерін  таңдауда  бағыт–бағдар  табуды, 
оқытудың дербес тұлғалық бағытталған технологиясын жасауды;  

 
коммуникативті  міндетке  сай  болатын  құжаттар  мен  басқа  мәтіндерді 
құрастыруды; 

 
педагог  қызметі  мен  үйренушілердің  жұмысының  нәтижелерін  анықтауды 
және  бағалауды;  

 
оқыту  мазмұнын  жасауды,  білім  беру  мекемелерінде  теориялық  және 
ӛндірістік  оқыту  бойынша  сабақтардың  әралуан  типтері  мен  түрлерін  жобалауды 
және ӛткізуді;  

 
жұмысшыларды  даярлауға  арналған  оқу–бағдарламалық  және  әдістемелік 
құжаттаманың әралуан түрлерін жасауды; 

 
оқытудың  дидактикалық  құралдарының  кешендерін    жасауды  және  оларды 
білім беру мекемелеріндегі оқу процесінің  нақты жағдайына бейімдеуді; 

 
зерттеушілік  міндеттерді  шешу  үшін  математикалық  талдау  әдістерін 
қолдануды; 

 
ықтималдылықтар  теориясы  мен  математикалық  статистика  негіздерін 
қолдануды;  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
90 
 

 
оқу  процесінде  компьютерлік  графика  мен  графикалық  диалогтытың 
аспаптық құралдарын қолдануды; 

 
графикалық амалдық ортада жұмыс істеуді; 

 
оқу процесінде есептеу техникасының аппараттық құралдарын қолдануды; 

 
математикалық  моделдеуді,  жүйелік  моделдеудің  әдістері  мен  құралдарын 
қолдануды; 

 
стандартты 
перифериялық 
жабдықтарын 
таңдау, 
перифериядағы 
мамандандырылған бақылаушыларды аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз 
етуді жасау әдістемелерін пайдалануды; 

 
есептеу  техникасы  құралдарын  кешендер  мен  жүйелерге  (матрицалық, 
конвейерлік, ағындық, транспьютерлік) біріктіру әдістерін қолдануды

 
есептеу 
техникасы 
мен 
компьютерлік 
технологияларды 
оқытуда 
пайдалануды; 

 
компьютерлік  үйретуші  бағдарламаларды  жобалауды,  білімді  бақылауға 
арналған тестілеуші бағдарламаларды жасауды; 

 
телекоммуникациялар  құралдарын  таңдауды  және  оларды  оқу  процесінде 
қолдануды; 

 
есептеу  техникасын  оқу  процесін  жобалау,  моделдеу  және  ұйымдастыру 
кезінде пайдалануды; 

 
қолданбалы 
бағдарламалық 
ӛнімдерді 
ғылыми 
зерттеулерде, 
эксперименттерде, эксперименттер нәтижелерін ӛңдеуде қолдануды; 

 
есептеу  техникасы  мен  компьютерлік  технологияларды  ғылыми–әдістемелік 
және ұйымдастырушы жетістіктердің халықаралық алмасулары үшін пайдалануды; 

 
оқу процесін жетілдіруге арналған бағдарламалық ӛнімдерді жасауды; 

 
Windows үшін мәліметтер қорларымен жұмыс істеуді; 

 
редакторлық және баспалық бағдарламалық жүйелерде жұмыс істеуді; 

 
Internet үшін қосымшалар жасауды; 

 
компьютерлік  графиканың  бағдарламалық  және  аппараттық  құралдарын 
эксплуатациялауды және қызмет кӛрсетуді; 

 
конструкторлық  құжаттаманы  жасауға  арналған  автоматтандырылған 
жобалау құралдарын пайдалануды; 

 
екіӛлшемді және үшӛлшемді web-серверлерді жобалауды; 
келесілерді игеруі тиіс
:  
-
 
жобалау  әдістемелерін,  жалпытехникалық  және  арнайы  пәндер  бойынша 
сабақтарды  ӛткізуді  ұйымдастыруды,  информатика  саласында  практикалық 
(ӛндірістік) оқытуды; 
-
 
қазіргі 
заманғы 
жұмысшыны 
даярлауға 
арналған 
педагогикалық 
технологияларды  жобалау  мен  техникалық-әдістемелік  қамтамасыз  етудің 
әдістемелерін; 
-
 
педагогикалық сұхбаттасу технологиясын; 
-
 
кәсіптік мектептегі білім беру процесін талдау, жобалау, жүзеге асыру және 
түзету біліктіліктерін; 
-
 
үйренушінің тұлғаны дамыту технологияларын (тәрбиелеу, білім беру, оқыту 
технологияларын); 
-
 
қоғамда қабылданған  сӛйлеу этикетін; 
-
 
қашықтан оқытуды жобалау, ұйымдастыру әдістемелерін
-
 
білім  беру  процесінің  нақты  міндеттеріне  арналған  бағдарламалау    тілін 
таңдау әдістерін; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
91 
 
-
 
 жұмыс кәсібін. 
Мамандануына  сәйкес    педагогикалық  мамандықтар  дайындайтын  ЖОО  IT-
пәндерін  оқытуға  даяр  болатын  информатика  мұғалімінің  кәсіби  дайындығына  
қойылатын қосымша талаптар орнатылуы мүмкін[2,3]. 
 Педагогтың  кәсіби  даярлығы    педагог  тәжірибесіне  тек  сырттан  білімді, 
біліктіліктерді,  дағдыларды,  орнатпаларды  беру  нәтижесі  ғана  емес,  сонымен  бірге 
педагогтың  кәсіптік-тұлғалық  қалыптасуының  (Н.К.Сергеев,  В.А.Сластенин,  және 
т.б.) ішкі факторларымен шарттастырылған ӛз бетімен дамуының да нәтижесі болып 
саналады.  Оған  қоса,  Н.К.Сергеевтің  пікірінше  «педагогикалық  білім  беру  туралы 
тұтас  кейіптеме,  оның  біржақты-когнитивтіден  ӛзгешелігі,  мамандықты  игеру  мен 
кәсіптік  жетілдіру  процесстері  адамның  әлеуметтік,  кәсіптік  және  тұлғалық  ӛзіндік 
жүзеге  асуының    анағұрлым  кӛлемді  кеңістігіне  үйлесімді  түрде  қамтылғанын 
жорамалдайды»[4].  
 Осы  зерттеулер  нәтижелерін  ескере  отырып,  білім  беруде  IT-пәндерін 
оқытуға  дайын  болатын  информатика  мұғалімін  кәсіби  даярлаудың  әдістемелік 
жүйесін  жобалаудың  қажеттілігі  туындады.  Осы  зерттеу  аясында  педагогикалық 
ЖОО кәсіби даярлауға арналған тұтастық сипаттамасы манызды болады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет