Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



жүктеу 3.43 Mb.
Pdf просмотр
бет2/22
Дата03.03.2017
өлшемі3.43 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
 
1 сурет - Ұшқан (Тристарго) қаласы жобасы.   
1 - құдық, 2 – мазарларқұландысы, 3 - кірпіш күйдіру ошағы, 4 - мазарлар. (Л.Л.Галкин). 
 
Ұшқан  қорым  2000  астам  қабірден  тұрады.  Мұндағы  саман  кірпіштен 
тұрғызылған  ортағасырлық  ескерткіштер  нашар  сақталғанымен,  кейінгі  уақытта 
салынған кесене  – мазарлардың күні бүгінге дейін алғашқы қалпы кӛп ӛзгермеген. 
Ескерткіштер  құлпытастар,  қойтастар,  сандықтастар,  тілінген  тас  плиталар  мен 
пахса  блоктардан  қоршалған  шағын  сағаналар,  сондай-ақ  ірі  кӛлемді  ескерткіш 
түрлері күмбезді мазарлар мен сағанатамдар түрінде.     
Сағанатамдар  ӛзінің  ауқымдылығы  бойынша  күмбезді  мазарлармен  бірдей 
болады. Ескерткіштердің сәулеттік-кӛркемӛнер құндылығы әр түрлі.   
Олардың арасынан 94 құлпытас, 3 қойтас, 8 сағанатам мен 1 сандықтастың 
сәулеттік-сәндік  және  тарихи-этнографиялық  маңызы  бар  деп  есептеліп  қорғауға 
алынған.   
Қорым тұщы сулы бұлағы бар Алтын Орда дәуіріндегі қалашықтың жанында 
пайда болған. Ол ӛткен ғасырлардағы кӛшпелі қазақтардың кӛктемгі және күзгі кӛш 
жолының бойында орналасқан.   
Қорымдағы құлпытастарды пайда болу ерекшелігі жағынан үш кезеңге бӛліп 
қарауға болады:   
1.  XVІІІ-дің  ортасынан  ХІХ  ғасырға  дейін  сәндік  элементтердің  (декор) 
айқын, анық, кӛлемділігі;  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
10 
 
2.  ХІХ  ғасырдың  орта  шенінен,  жай  рельефті  әсемдік  элементтер  мен 
эпиграфиканың үйлесімдігі;   
 
2 сурет - Ұшқан қаласының кӛрнісі 
 
 
3 сурет - Ұшқан ата қорымы, сандықтас және қойтас №50, 1 бет 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
11 
 
3. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ескерткіштердің ӛте үлкен 
бағанаға ұқсастылығы.   
Осындағы  соңғы  кезеңде  жасалған  құлпытастар  ағайынды  тас  қашаушы 
шебер (тасшы) Елеусін және Елболсын Егісінұлдарының қолдарынан шыққан [9].   
Құлпытастардағы эпиграфика мен таңбаға қарағанда, Ұшқан ата қорымында 
адай, кете, шекті тағы да ӛзге рулардың ӛкілдері жерленген. 
 
3 сурет - Ұшқан ата қорымы, сандықтас және қойтас №50, 2 бет 
 
 
4 сурет - Ұшқан ата қорымы, құлпытас №18 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
12 
 
Бүгіндері  Ұшқан  ата  қорымына  жергілікті  және  кӛрші  облыстардан  адамдар 
келіп зиярат етеді. 
Тарихи  археологиялық  жағынан  Ұшқан  қаласы  мен  қорымы  жүйелі 
зерттелген емес. Қала Алтын Орда дәуірінде, керуен жолына салынған қала.  Кейінгі 
кезде  Ұшқан-ата  жерленіп  қала  қорымы  «әулиелі»  жерге  айналып  жүздеген 
құлпытас, сағана, кесене пайда болған. 
Жүйелі  зерттеу  арқылы  қаланың  салыну  кезеңін,  жобасын,  тарихын  анықтау 
қажет. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Брун  Ф.  Перипл  Каспийского  моря  по  картам  ХІV  столетия//Записки 
Новороссийского Ун-та. Одесса,1982. Т.8.- С.32. 
2  Галкин  Л.Л.    Отчет  о  работах  Волго-Уральской  экспедиции  в  северо-восточном 
Прикаспии в 1983 году. Атырау, 1984.- С.50. 
3  Левшин  А.И.  Описание  киргиз-казачьих,  или  киргиз-кайсацких  орд  и  степей. 
Алматы, «САНАТ», 1996. - С.109. 
4 История  и культура Атырау в русских источниках  XVIII-XX веков.  Атырау-2014. 
Т.1. -С.29-30. 
5 Мендикулов М.М. Ушканские кулпытасы. // Вестник АН Каз ССР. 1953, №12.-С.70. 
6 Самашев З.  Отчет о работе Западно-Казахстанской археологической экспедиции в 
1997 г. Алматы,1998.- С.35. 
7 Ажигалиев С. Архитектура кочевников. Алматы, 2005. – С.55. 
8  Атырау  облысының  топономикалық  атауларының  анықтамалығы.  Атырау,2006.-
28б. 
9 Атырау облысы тарих  және мәдениет  ескерткіштерінің жиынтығы.  Жылыой  және 
Мақат аудандары. Атырау – Алматы, 2013.-96 б.  
 
Резюме 
В статье описывается история средневековых городов и населенных пунктов 
Атырауской  области  и  посвящена  средневековому  городищу  Ушкан  (XIII-XV  вв).  
Городище дает сведения о средневековой истории и традициях оседлой культуры. 
 
Summary 
The history of medieval towns and population points in Atyrau region is described 
in  this  article.This  article  is  devoted  to  medieval  settlement  Yhan  (XIII-XV  centuries). 
Settement    qives  information  about  the  medieval  history,  culture  and  traditions  of  this 
city, existed in the sedentaru culture. 
 
Қабылданған күні 01.09.2014 ж 
 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
13 
 
ӘОЖ 83.3 8 Қаз 
В.У. Адилова  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail:adilova_venera@mail.ru 
 
І.ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «ЖАНТАЛАС» РОМАНЫНДАҒЫ БҦҚАР ЖЫРАУ 
ТҦЛҒАСЫН СОМДАУДЫҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ 
 
Аңдатпа 
 
Мақалада  қазақ  әдебиеті тарихының белді ӛкілі, ХYІІІ ғасырда ӛмір сүрген 
жырауы Бұқар жырау Қалқаманұлының «Жанталас» романындағы  әдеби бейнесінің 
сомдалуы сӛз болады. 
Негізгі сӛздер:
трилогия, жырау, роман, кейіпкер. 
 
КІРІСПЕ 
І.Есенберлиннің  «Кӛшпенділер»  трилогиясының  екінші  бӛлімі  іспеттес  
«Жанталас»  кітабынан    бастап,    жыраулар  поэзиясының  атасы  болған    «Кӛмекейі 
бүлкілдеген»  Бұқар  жырау    бейнесі      тарихи      аренаға  ене  бастайды.    Тарихта 
болған,  артына  ӛшпес  мұра  қалдырған  ӛз  дәуірінің  ұлы  жыршысы  романда  да  сол 
тарихи мағлұматтар аясында кӛрінеді. 
Ең алдымен, бүкіл үш жүздің басын қосқан, Жоңғар шапқыншылығына аяулы 
Жер – Ананы тазартуға  бар күшін салған, бүгінгі тарихта «атақты Абылай» ханды  
ӛзінің  бар  игі  қасиеті  мен  болжағыштық  ерекшелігімен  дамыта  кӛтерген  Бұқар 
жырау екенін кӛреміз.  
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
«Міне, бүкіл қазақ даласына әйгілі, бұл күнде жасы қырықтарға келіп қалған 
шоқша  сақалды,  кең  маңдайлы  Бұқар  жырау  да  осындай  толғаныс  үстінде  еді.  Ол  
есікке      таяу  отырған    бала  жігітке  сезіктене  кӛз  тастады.  Адамға  тесіле  қарайтын 
үлкен  сұрғылт  кӛзді,  ат  жақты,  ақсұр  жігіттің  топ  жылқының  ішіндегі  ақалтеке, 
арғымағындай,  бойшаң  келген  дене  бітіміне  қарағанда,  оны      он  тӛрт  –  он      бес 
жастарда  деу қиын еді.  Тек осы шамада екенін ұстараның жүзі тимеген бет  әлпеті 
ғана  аңғартады.  Отырған  отырысында,  қозғалыс  қимылында  бір  паңдық, 
тәкаппарлық байқалады» [1]. 
Романдағы    баяндау  әдісі  кӛбіне  ӛзге  адамның  ой  –  пікірі  арқылы  беріледі. 
Жоғарыдағы  ойдың  жалғасындай  болып  келетін,  Абылай  ханның  жастық      шағы,   
үш   жүздің   басын    қосқан  ұлы хан атануына дейінгі жолдың  алғашқы тізбегі  
Бұқар      жыраудың    пайымдаулары      беріледі.    Сонау  қанға      бӛккен      Түркістан   
шаһарынан      Ораз    құлдың      қасқырдың  бӛлтірігіндей    етіп    ӛз      басын    қатерге   
тігіп, алып шыққанын,  жауға елеусіздеу  кӛрінетін   ауылдың  шетінде  Тӛле бидің 
түйесін бағып, ертеңіне  зор   үміт артып   отырған   жас Абылайдың   аяқ алысы, 
қысылтаяң  кез  болса  да  ӛзін  -  ӛзі  тым  сабырлы  ұстауы  оның  ӛзіне  деген  нық 
сенімділігін  байқатқандай.    Сұңғыла  Бұқар  жырау  да  жас  түйешінің  осы  келісті 
кейпін кӛріп,   жай  «түйешіден»  гӛрі,   роман   тілімен    айтқанда,    «бала  жігіттің 
дәл   қазіргі   ӛздері   отырған  қараша үйде – кедей   шаруаның  үйінде тумағаны  
анық»    болып,    ӛзіне    тым      кӛңіл      аудартатынын      тез  –ақ  байқап,    жас    жігітті   
сӛзге   тартып,  ішіне   үңіле   бастайды.    

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
14 
 
«Қазір   шұбат    ішіп,  әңгіме  –  дүкен құрып, шүйіркелесіп отырған кездері. 
Әбілмансұр  Тӛле  бидің  түйешісі  екенінен  бӛтен  тіс  жарып,  сыр  ашпады.    Бірақ   
қырағы    жырау  туысы  бӛлек  бұл    бала  жігіттің  беті  бүлк  етпейді,      құпия     сырын  
мүлдем  терең  тығып  тастағандай.  Кенет  ол  жырау  ойын      оқып      қойғандай,    есік   
алдында   отырған   Ораз   құлды иегімен нұсқап: 
- Бұл кісі маған әке орнына әке, шеше орнына шеше болған адам  –  деді.  – 
Сан ажалдан қағып келген періштем, Жәбірейлім..... 
Бұқар ағат сӛздің аузынан қалай шығып кеткенін білмей қалды. 
- Ол қомқорлық қасиеті маған аян... 
- Қалайша?! 
Әбілмансұрдың  ӛткір  сұрғылт   кӛздері,   самай   тамырға  қадалған алмас 
қандауырдың  ұшындай,  Бұқар  жыраудың  бетіне  қадала  қалды.  Бұқар  жыраудың 
бойы шымырлап кетті. «Бәтшағардың кӛзі қандай ӛткір еді... шағатын   жыланның   
кӛзіндей,  селт  етер емес қой..... 
Ораз  ас  қамдасып  жүрген  адамы  даңқы  қазақ  қауымына  аян  Бұқар  жырау 
екенін білген соң, Әбілмансұрдың ата – тегін толық ашпағанмен, ӛздерінің   Хиуадан   
қалай    қашып  шыққандарын айтқан – ды. Жыраудың «Ораз  құлдың   қамқорлық   
қасиеті      маған      аян»    деуі  осыдан  еді.  Бала  жігіттің    кӛзқарасынан      шошынып   
қалған   Бұқар   енді іштей қобалжи бастады. «Ауыздан шыққан сӛз – атылған оқпен 
тең,  сорлының  обалына  қалмасам  нетсін.  Шыңғыс  ұрпағы  ӛздеріне  кір  келтіретін, 
құпияны білетін адамдарды аямайтын еді, бейшараға зақым келтіріп, жүрмесе жарар 
еді» [1,230 б.]. 
Романдағы    бұл  кӛріністер  біз  жоғарыда  тоқталып  ӛткен  жыраулар 
поэзиясында,      Бұқар  жыраудың  толғауымен    тарихқа  енгені  белгілі.  Бұған  қарап 
І.Есенберлиннің    қазақ  тарихына,  жыраулар  толғауларында  жасалған  толыққанды   
Абылай   образын   басшылыққа   алғандығын   байқаймыз. 
Ал, тілімді алмасаң, 
 
 
 
Ай, Абылай, Абылай, 
 
 
 
Сені мен кӛргенде, 
 
 
 
Тұрымтайдай ұл едің, 
 
 
 
Түркістанда жүр едің, 
 
 
 
Әбілмәмбет патшаға 
 
 
 
Қызметкер болып тұр едің. 
 
 
 
Қалтақтап жүріп күнелтіп, 
 
 
 
Үйсін Тӛле билердің 
 
 
 
Түйесін баққан құл едің [2]. 
немесе тағы Бұқар жырау толғауларына жүгінейік. 
             
 
 
Ай, Абылай, сен он бір жасыңда
 
 
 
Әшейін-ақ ұл едің 
 
 
 
Он бес жасқа келгенде 
 
 
 
Арқада Әбілмәмбет тӛренің 
 
 
 
Түйесін баққан құл едің. 
 
 
 
Абылай атың жоқ еді, 
 
 
 
Сабалақ атпен жүр едің [2,31 б.]. 
Дегенмен, романдағы лирикалық шегініс ретінде  Бұқар жырау қазақ елінің  
тарихи  кезеңдерінен  шежіре  айтып  отырғанда,  елдің  жүріп  ӛткен  жолына, 
жаугершілік кезіндегі хандардың соғысу немесе бітімгершілік сипаттарына   ерекше  
ден   қойып,  кӛзі  от  шашқан  жас ұланның   ара-кідік  ойын   қосып отырғанына 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
15 
 
орай болашақтың батыры немесе ел ертеңіне жол ашар  басшысы   болар   деген   
сан   тараулы   оқиғаларға  да  барды. 
«Қараша  үйде  жанған  тобылғы   шоғы   әлдеқашан   сӛнген. Бұқар жырау   
әңгімесі   де әлдеқашан біткен. Ұйықтап кеткен адамдардың пысылдары   мен   үйді   
айнала    қоршай  шӛккен  түйелердің  анда  –санда  ұйқылы  –ояу      ыңыранғандары   
ғана  естіледі.  Тек  Бұқар  ғана  ояу  жатыр.  Жырау      ауыр      ойда:  «Қазақ      елінің   
басынан   талай қиын-қыстау кезеңдер ӛтіп еді, бірақ  ең   қорқынышты   қауіпке   
енді тап болмаса не қылсын!  Шығыс  Түркістанды  жұтар – жұтпастан,  бері   қарай   
Қытай      айдаһары  жылжып      келеді.  Ал      Қытайдан  ығып,  Алтай  тауынан құлаған 
Жоңғар қауымы болса мынау. Россия да бұрынғы бӛлшектенген Россия емес. Әлемді 
шарлауға  шыққан  екі  басты  самұрық  құс  тәрізді,  әбден  бекініп  алған.  Қанатының  
серпіні  сонау,  жағасын   балықшылар    жайлаған   ұлы Мұхитқа да жетіп қалды. 
Сонда... қазақ елі қандай күйде? Жұрттың басын біріктіріп, жауыңа   қарсы   шығар   
кім бар? Болат, Сәмеке, Барақтар ма елге тірек болар?... Жоқ,   оларға  қарағанда,  
осы Әбілхайырда бір үміт тұр ма, қалай?  Әй, білмеймін. Халықты соңынан ерту үшін 
кемеңгердің ақылы керек қой адамға!  Әлде   қара  басының қамын ойлап, бұл да 
бір бүйірге бұра тартып жүре ме, кім білсін?   Жыраудың  безек   қаққан   ұшқыр   
ойы  –  елінің  тағдырын      қолына      алар  жаңа  қайраткерін  іздеп  шарқ  ұрды.    Неге 
екені  белгісіз,  оның  қиялы  жанында  шалқасынан  түсіп,  қаннен  –  қаперсіз  ұйықтап 
жатқан Әбілмансұрға қайта – қайта орала берді.  
- Бітісі бӛлек екен, ұл туса осындайлардан туар..- деді  ол ақырын күбірлеп. 
–  Хан  болса  несі  бар.  Асыл  тастан,  ақыл  жастан.    Бірақ  қаптаған  Сәмеке, 
Барақ, Әбілқайырлар бұған жол берер ме?  Кім біледі, алғырлық, ерлік кейде 
ӛзіне - ӛзі жол салатын да кезі болатын еді» [1, 246 б.].  
Автор  шығармасында  болашақ хан бейнесін Бұқар жыраудың   жан – жаққа   
тартқан ойларының ұшығы ретінде Әбілмансұрдың бойынан іздетіп, романның нағыз 
тартысты  кезеңіне  жол  салады.    І.Есенберлин    реалистік  әдебиетке  тән  тәсілдерді 
кең  пайдалана  білген.  Абылайдың  монологтары  мен  оның  Бұқар  жыраумен 
әңгімелері    заманның  да,      адамның  да  мол  шындығын  әйгілейді.  Мұның  ӛзі 
романның суреттегіштік, талдағыштық қасиеті кӛп екенінен хабар бергендей. 
«Әбілмансұр Бұқар жыраудан кӛзін алмай тесіле қарады.  
-  Түбі  Үш  жүздің  ханы  мен  боламын,  Бұқар  аға.  Ал  сіз  қазақ  халқының  ел 
болғанын тілейсіз ғой.. 
Бұқар жырау жүрмекші болып, ыңғайлана берді. 
- Бүгіннен бастап мен енді Әбілмансұр емеспін! - деді жас түйеші. 
Бұқар жырау оған таңдана кӛз тастады. 
- Кімсің сонда? 
- Абылаймын! 
-  Абылай?..  Қанішер  Абылай  сенің  атаң  еді  ғой!  Қазақ  елі  бұл  аттан 
қорқатын... 
- Менен де қорықсын!» [1, 247 б.]. 
Кейіпкердің ішкі сырын, ой түкпірін айқындауға диалогтың қаншалық қажет   
қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ мінез  қырларын бүкпесіз таныту үшін   диалогтың   
ӛте    мәнді  мәселеге  арналуы  қажет.  Қаһарман  шынын  айтпай  қала  алмайтындай 
әңгіме  кезегі  тууы  шарт  екендігі  белгілі.  Бұқар  жырау  мен  Абылайдың  диалогы, 
біздіңше, дәл осындай, «ағынан жарылып» сӛйлейтін сирек сӛздің бірі. 
Автор  романның басты идеясы халық тағдыры, ал халық атынан сӛз алып 
отырған    Бұқар  жырау    екендігін    байқатады.  Себебі,  алдымен  Абылайды  Бұқар 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
16 
 
жыраудың  ойымен  таныстырып,  кейін  хандыққа  бара  жолында  осы  жыраумен 
бірлікте  сабақтастыра  қарайды.  Мұның  бәрі,  шығарманың  негізгі  мақсаты  –  халық 
тарихының шындығын, халық жүрегінен  орын алған Абылай хан бейнесін  кӛрсету 
еді.    Бүкіл  қазақ  еліне  әділдігімен,  даналығымен,  жыраулығымен  мәлім    болған 
Бұқар  жыраудың  Абылай  алдында  да  беделі  мол  еді.  Сондықтан  да  Абылаймен 
Бұқар  жырау  ғана  еркін,  ашық  сӛйлесетін  болған  еді.  «-  Есім  жетпіске  дейін  ӛмір 
сүрді, - деген Бұқар жырау. - Әрине, ол, ел билеу ісінде тегеурінді, кәлі әрекеттерді 
де  кӛп  қолданды.  Әйтпесе,  Жиембет  жырау  оны  босқа  «Әмірің  қатты  Есім  хан» 
демесе  керек-ті.  Бірақ  ол  керек  жерінде  батырларының  да  сӛзін  тыңдап  отырған. 
Сӛзінің аяғында жырау: 
-  Саған  берер  тағы  бір  ақылым,  -  деген    Абылайға.  –  Замана  түлкі,  адам 
қыран.. Бӛктерде бүркітті кӛрген түлкі, етекке түсіп, жауымен кең жерде айқасудан 
тайсалса, сол бӛктердегі ӛзі түстес бір қызғылт тастың қия бетіне құйрығын шаншып 
тұрып  қалады.  Қыран  ондай  түлкіні  кӛруі  керек.  Ел  билігі  қолына  тиген  екен, 
кӛреген бол. Ақылың мен айлаң қатар жүрсін. 
Абылай Бұқар жыраудың осы сӛздерін жадына мықтап тұтты. Басына қауіп – 
қатер  туған  сан  қатерлі  күндерде  де  ол  қара  басынан  гӛрі,  ӛзі  таңдаған  жолын 
жоғары ұстады. Сол табандылық оны алыстағы армандарына да жеткізді» [1,352 б.]. 
«Жанталас»  романының  бүкіл  оқиғалық,  сипаттамалық,  талдау,  кӛркемдеу 
жүгін екі ғана айтушы – автор мен шежіреші қарт Бұқар жырау әңгімесі арқалаған.  
Осыдан барып шығармада айтушы қызметі маңызды орынға шығады. Қандай кӛркем 
туынды да айтушы, баяндаушының дәнекерлігі елеулі орынға ие болатыны белгілі. 
Дегенмен,  «Жанталас»  романында        айтушы  ролі  ӛзгешелеу  болып  келеді.    «Бұл 
ретте  жазушы  ауыз    әдебиетінің  ӛміршең  дәстүрлерінен  үйрене  білгендігін  атап 
айтар едік» [3].                                                                                                       
Бұқар  жырау  бейнесінің  басты  қыры  ашылатыны  романның  эпилогында 
берілген.    Абылайдың  таққа  отырғанына  отыз  жылдай  болған  уақыт.  Ел  қорғаған 
батырлар  Бӛгенбай, Олжабай дүниеден ӛтіп, Абылай да ауыр науқастық күй кешуде 
болатын.   Қасында отырған Бұқар жырау ханның соңғы сӛзін естіп, арманын айтып 
қалуды  сұрағанда,    үш  жүздің  басын  қосқан  ардақты  Абылайдың  арманы  –  қан 
майданда  ӛлу  еді.    Жыраудың  келесі  сауалы  да  романның  негізгі  мақсатынан 
туындағандай. 
«-Иә,  Абылай,  -деді  сӛзді  әріден  толғап,  -  елу  жылдан  астам  ат  үстінде 
болдың. Батыр да атандың, ақыры хан тағына да отырдың. Бірақ соның бәрінен не 
қалды? 
- Сенің осылай дейтініңді сезетін едім, - Абылай езу тартқандай болды, - рас, 
хан тағына жету үшін мен ұзақ һәм бұралаң жол бастым. .. Бірақ сол хан тағы маған 
не  үшін  керек  еді?  Осы  сұраққа  кӛңіл  күйім  тағы  бір  қасірет  шеккен  күні  жауап 
берейін деп едім ғой. Сол күн туған секілді... Адамға ӛлімнен артық қасірет бар ма?  
Ал тыңда.. Иә, хандық құру, тек мансапқорлықтан туды ма сол арман? Жоқ, Бұқар 
аға, онда сен мені білмегенің.   Ұлы хан тағына отырсам, қазақ елін ӛзімнің дегеніме 
жеткізсем, деп ойлағам...  
-  Абылай,  -  деді  Бұқар  жырау,  -  ӛмірде  қиындықта  да,  қызықты  да  кӛп 
кӛрдің, ал сонда қандай ӛкінішің бар? 
-  Ӛкінішім,  -  деді  Абылай  күрсініп.  -  Ӛз  басымның  ӛкініші  үш  жүздің  басын 
қоса алмадым; аз елге хан болдым. Қазаққа мал  емшегін емізгенмен, жер  емшегін 
емізе алмадым. Жер деген алтын қазына ғой. Екі тепе сулы жері бар ӛзбек, екі үйір 
жылқысы бар қазақтан бай тұрады. Және жұттан да, қуаңшылықтан да қорықпайды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
17 
 
Ал мен жаудан қазақтың жері біткенін қорғаймын деп жүргенімде, дүние құрғыр ӛтіп 
кетіпті ғой, білмей қалдым..»  [1, 424 б.]. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
І.Есенберлиннің  «Жанталас»туындысында  бейнеленген  кесек  тұлғалар  
бастауында Бұқар жырау  бейнесін атаймыз. Бас қаһарман аңыз, жыр, жыраулардың 
толғаулары    арқылы  халық  санасынан  орын  алған  бейне  болатын.  Сол  фольклор 
туындыларында  қалыптасқан  эпикалық  бейнені  тӛмендетіп  алмай,  оған  реалистік 
нақтылық, даралық келбет дарыту оңай емес.  
«Бес  ғасырлық  халық  тарихына  әр  қырынан  келіп,  тарихи  тұлғаларды 
сомдауда соны серпіліс танытқан І.Есенберлиннің «Жанталасы»  - ақын - жыраулар 
бейнесін  жасаудағы  тарихи  прозадағы  ізденіс    нышаны»    [4]    болып  табылатыны 
сӛзсіз. 
Қорыта келгенде, ұлттық проза дәстүрінде  ақын - жырау образын сомдауға 
күш  салған    І.Есенберлиннің  «Жанталас»  туындысы        тарихи  роман  жанрында  
ӛзіндік  тың  жолға  түрен  салғанын,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиетінің  кӛркемдік 
қосындысымен  тыныстап,      ӛткен  тарихтың    ізімен    ӛткенімімізді  кӛз  алдымызға 
әкеліп,  болашақ  ұрпақты  елді  сүюге,    сонау  ғасыр  жүгі  арқалап  әкеткен    ұлттық 
рухымызды      тереңнен  таныстыруда  елеулі    орны  бар    шығарма    екендігімен 
құндылығы жоғары болмақ. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Есенберлин  І.  Кӛшпенділер:  Тарихи  трилогия.-Алматы:  Кӛшпенділер  баспасы, 
2008. – 656 б. 
2  Мағауин  М.,  Байділдаев  М.  Бес  ғасыр  жырлайды.  -  Екі  томдық.  Жазушы,  1989.  -
384б. 
3  Тұрсынов  Е.  Қазақ  ауыз  әдебиетін  жасаушылардың  байырғы  ӛкілдері.-  Алматы: 
Ғылым, 1976. – 200 б. 
4 Шомахова А.Ы. Қазақ прозасындағы ақын - жырау тұлғасы бейнеленуінің тарихи-
әдеби негіздері. Филология ғыл.кан.автореф. - Алматы, 2009. – 25 б. 
 
Резюме 
В  этой    статье    рассматриваются    особенности  создания  образа  
выдающегося    представителя      казахской      поэзий      ХVIII    века    Бухара  жырау  
Калкаманова  в  романе   И.Есенберлина «Жанталас». 
 
Summary 
The  article  deals  with  picture  of  the  main  person  of  history    of  the  Kazakh 
literature  in  XVIIIcentury  Bukhar  Zhyrau  Kalkamahuly  in  a  novel  I.Essenberlin  
«Zhantalas».Keywords:  history  of  literature,  poetry  of  the  akyn-zhyraus,  the  scientist-
Teacher. 
 
Қабылданған күні 01.09.2014 ж 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
18 
 
ӘОЖ 83.3 8 Қаз 
Г.Б. Аяпова  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail: aiapova1969@mail.ru 
 
ӚМІРІ – ҤЛГІ, ӚНЕРІ - ӚНЕГЕ 
(С.Қазыбайұлы еңбектеріндегі қазақ әдебиеті тарихы мәселелері) 
 
Аңдатпа 
 
Мақалада биыл, яғни  дүниеге келгеніне 100 жыл толып отырған Ұлы Отан 
соғысының ардагері,  ұлағатты  ұстаз, Атырау облысының  құрметті азаматы  Сабыр 
Қазыбайұлының  «ХV-ХІХ    ғасырлардағы    қазақ    әдебиеті  (Жыраулар  поэзиясы)» 
атты зерттеу еңбегінің әдеби-тарихи  маңызы   сипатталады. 
Негізгі сӛздер: 
әдебиет тарихы, жыраулар поэзиясы, ұлағатты ұстаз
 
 
КІРІСПЕ 
Қасиетті    Қарға  бойлы  Қазтуған,  батыр  Шәлгез,  жігерлі  Жиембет,  мәрт 
Махамбет  туған жерден  тастүлектей түлеп, ӛз кезегіндегі сыналар шағы  Ұлы Отан 
соғысында  елді қорғап,  батыр-жырауларға ӛнегелі ӛмірімен  ұқсаған С.Қазыбайұлы   
әдеби-ғылыми жолда да сол  жыраулардың  жоқтаушысы  болғаны  белгілі. 
 
Пайымды педагогикалық жолының  қазақ әдебиеті тарихының танымындағы  
ғылыми кӛзқарасы   негізінен  кӛп жылдар дәріс оқыған саласы – ХV-ХVІІІ ғасырлар 
әдебиеті,  яғни  жыраулар  поэзиясына  қатысты  шоғырланады.  Кезең  әдебиеті 
тарихына сай  танымды тағылым беру нәтижесіндегі  еңбектері ұстаздың  толымды 
тәжірибесінің  ғылыми мектепке ұласар  жолы іспеттес болатын.  
 
Ӛткен  ғасырдың    нағыз  нәубетті  кезеңі  болған  30-жылдардан  басталған  
білім  беру  саласындағы  ізгі    жолы    жекелеген  ақын  –  жыраулардың  әдеби 
мұраларын  жинап,    жариялаумен  бірге  басталды.  Сонымен  қатар  осы  кезеңде 
жалпы  қазақ  әдебиеті  тарихын  зерттеу,  зерделеу  ісінің  енді  ғана  басталған  
кезеңімен тұспа – тұс келетін.  Қазақ әдебиетінің  тарихын жасауда ұланғайыр еңбек 
еткен  С.Сейфуллин, М.Әуезов, Е.Ысмайылов,  Б.Кенжебеаев,  Қ.Жұмалиев  сынды 
ғұламалардан  бастау  алған  тарихтың  әдеби  жолы  Ы.Дүйсенбаев,  Х.Сүйіншәлиев, 
М.Мағауин,  Қ.Сыдиықұлы,  Ж.Тілепов  атты  зерттеушілердің  еңбектерінде    толығып, 
бүгінгі кемелдену кезеңіне жеткені белгілі.  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет