Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014


ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ



жүктеу 3.43 Mb.
Pdf просмотр
бет6/22
Дата03.03.2017
өлшемі3.43 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ЖӘҢГІР ХАННЫҢ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ 
 
Аңдатпа 
            Мақалада  қазақ  хандығы  туралы  жаңаша  тарихи  деректер  легі,  Жәңгір 
ханның  сарабдал  саясаткер,  ірі  қоғам  қайраткері  ретінде  танылуы,  кӛптеген 
реформалар  жасап,  мәдени-ағарту  саласында  жаңалық  енгізгендігі  туралы 
сипатталады. 
Негізгі сӛздер: 
Жәңгір хан, қазақ хандығы, Бӛкей ордасы, ұлт-азаттық қозғалыс.
 
 
КІРІСПЕ 
Күні  кешеге  дейін  еліміздің,  тарихынан  кесіп  тұрып  орын  алатын  қазақтың 
біртуар  ірі  тұлғаларының  атын  атап  олардың  есімдерін  құрметтеу  былай  тұрсын 
оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп, жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі 
Кеңестік идеологияның әсері болатын. Шындығында да, олар ескеруге лайықсыз ба 
еді?  Осындай  тарихи  тұлғалардың  бірі  Жәңгір  хан  Бӛкейұлы  еді.  Жәңгір  хан  кім? 
Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр-шапағаты тиді ме?- деген сауалдарға жауап 
іздейтін  болсақ, оған тарихи деректер былай деп жауап береді.  Ол Жәңгір ханның 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
45 
 
отарлаушылар  саясатынан  халқын  қорғаушы,  еліне  мәдениет  пен  білім,  мұсылман 
дінінің нұрын себуші хан ретінде бағалауы. Әр нәрсенің әділдігі керек, патша үкіметі 
Жәңгірге,  оның  балаларына  да  орысша  білім,  тәрбие  беріп  кӛп  үміт  артты.  Қазақ 
даласын  отарлауда  жан-жақты  білімді,  ақылды,  мәдениетті  Жәңгір  сияқты  тұлғаны 
қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал-губернаторлар да  
жақсы  біледі.  Сол  үшін  де  Жәңгір  атақ-абыройдан  кенде  қалған  жоқ.  Хан  тағына 
отырғызу салтанатында бірнеше  дүркін зеңбіректен оқ атып, Орал даласының  дүр 
сілкінуі,  салтанатқа  қатысқан  зиялы  қазақтарды  сый-құрмет  беруі,  Жәңгірге  20 
сәйгүлік тарту етуі, бірнеше орден-медальдармен хан ӛңіріне жарқыратуы, қазақтың 
тұңғыш  генералы  дәрежесіне  кӛтеруінің  бәрі  де    отарлау  саясатының  мүддесі  үшін 
істелген айла екендігін  ол заманда ешкімде байыбына бармағаны белгілі. Осындай 
айла  тәсілдерді саналы түрде ӛткізе отырып, Ішкі Орданы басқаруды отарлаушылар 
ӛз  мүддесіне  сәйкес  хан  кесенесінің  кеңесшісі  етіп  Ресей  сыртқы  істер  министірінің 
ӛкілі  Г.С.Карелинді  тағайындады.  Ол  Ішкі  Орданың  тыныс  тіршілігін  күн    сайын 
Орынбор  Шекаралық  комиссиясына  хабарлап  отырды.  Ақырында  отарлау 
саясатының    асқынғандағы  соншалық,  бұған  дейінгі  Ішкі  Орда  ханының  басқан 
қадамын  бақылап  отырған  Ресей  сыртқы  істер  министрлігінің  Азия  департаменті, 
Ресей  Мүлік  министрлігінен  бастап  Астрахань,  Орынбор  генерал-губернаторлары 
мен  Орынбор  Шекаралық    комиссиясы,  Орал,  Астрахань  полкымен,  қалмақ 
кордондарының  бақылауының  үстіне  енді  хан  кеңсесі  іс  басқарушысынан  бастап, 
қойма меңгерушісіне дейін түгел орыстандырып, әрбір әрекетін есепке алып отырды 
[1]. 
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
 XIX  ғасырда  қазақ  даласында  ӛзінің  жан-жақты  дамуымен  зор  маңызға  ие 
болған Жәңгір ханның орны ерекше болды. Әсіресе, Жәңгір хан билік құрған тұста 
Бӛкей  ордасының  даңқы  артып,  алыс-жақын  шет  елдер  зерттеушілерінің 
қызығушылығын туғызды, назарын аударды. Кешегі тӛңкеріске  дейінгі немесе одан 
кейінгі  кеңестік  тарих  ғылымы  Жәңгір  ханның  саяси  бейнесін,  алғашқылары 
«Шығыстың  деспоты»  десе,  ал  кейінгілері  «халық  қанаушысы»  ретінде  теріс  ұғым 
мен  ӛзге  ӛң  беріп,  тарих  шыңдығы  терең  таразыланбай,  Жәңгір  бейнесі  түрлі 
идеологияда әр түрлі жазылып, оған ұлттық кӛзқараста баға берілмеді.  
 
Х.  Досмұхамедұлы  1836-1838  жылдардағы  ұлт-азаттық  қозғалысы  туралы 
«Жәңгірдің  заманында  Бӛкейлік  ел  кӛшуді  кемітіп,  отырықшы  бола  бастады.  Әр 
рудың  белгілі  қыстауы,  жайлауы  болды.  Жайлағанда,  қыстағанда  ел  1806  жылдың 
шегінен  аса  алмайтын  болды.  Жазы  қолайсыз  не  қысы  қатты  жылдары  кӛршілес 
рудағы  елдермен  қазақтың  арасында  күшті  жанжалдар  пайда  болды.  Жұт  кӛбейді, 
ел жарлы бола бастады. Жәңгір  қазақты қорғамады, қорғауға да әлі келмеді. Еділ-
Жайық  бойындағы  казак-  орыстар,  теңіз  бойындағы  байлар  қазақтың  меншікті 
жеріне  ауыз  салды.  Қазақтың  мойны  потрав,  штраф  дегеннен  босамады. 
Айналасындағы  жерге  бай  кӛршілеріне   тұяқ  ақы  тӛлеп,  қазақ    жан  сақтайтын 
болды»  [2],  -  деп  баға  береді.  Сонымен  қатар   ақын  Ы.Шӛрекұлы,  тарихшы 
ғалымдар  Х.Досмұхамедұлы,  А.Рязанов,  К.Есмағамбетов,  И.Кенжәлиев  т.б  ӛз 
еңбектерінде  Жәңгірдің  бейнесін  жағымсыз  етіп  кӛрсетеді.   
Жоқ, қалай болғанда да қазақтың ханы, орыстың генералы Жәңгір Бӛкейұлы 
-  ӛз  заманының  үлкен  қайраткері.  Аңыз  болсын,  ақиқат  болсын,  бәрібір,  әйтеуір  о 
баста Исатай мен Жәңгір, Жәңгір мен Махамбет қазақтың қашанғы халықтың қасиеті 
– ағайыншылықтан ажырамаған адамдар. Жәңгір ел бастаған хан болса, Исатай сол 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
46 
 
ортадағы  ақылды  кӛсем  би,  Махамбет  от  ауызды,  орақ  тісті  шешен  болған.  Соңғы 
екеуі бірі – батыр, бірі – ақын; бірі серке, бірі ерке ер-азаматтар болған соң, Жәңгір 
олардың  екеуін  де  екі  аймаққа  старшын  етіп  тағайындаған.  Жұрт  жадында 
сақталған  бір  аңызға  бақсақ,    Махамбет  пен  Жәңгір  бір-біріне  бетпе-бет  келіп 
кінәласқанда, тіктесе беруге шыдамай, амалы құрыған хан ақынға: «Алдым жалын, 
артым  ӛрт,  екі  оттың  ортасында  жүрмін,  қайтейін»  депті.  Артымдағы  ӛрт  деп 
отырғаны  ханға  билік  бергенсіп,  сол  арқылы  қазаққа  деген  бодандық  бұғауын 
қысқан  үстіне  қыса  түскен  орыс  патшасының  зымиян  саясаты  болса,  алдымдағы 
жалын  деп  отырғаны  хан  арқылы  қан  қақсатып  бара  жатқан  отаршылдық  езгіге  – 
қорлық  пен  зорлыққа  қарсы  кек  кернеген  қазақ  халқының  азаттық  жолындағы 
айықпас  айқасы  мен  шайқасы.  Торталана  туырылып,  иесіз  құлазып  жатқан  құм 
қойнауына Орда қаласы орнады. Ел орныққан соң Ордадан шығысқа қарай сусыған 
қызыл  шағылдың  ондаған  шақырым  ұзына  бойы  қысы-жазы  бірдей  кӛк  жасыл 
орманға  айналған.  Ғұмырында  шӛлі  қанып  кӛрмеген  қалың  құмға  кезінде 
әлдеқайдан  су  келіп,  кӛл  пайда  болған.  Айдында  аққу  ұшып,  қаз  қонған.  Жапан 
түзге  қалың  ел  ірге  теуіп,  қатар  –  қатар  қарағай  үйлер  салынған.  Кейін  тарихта 
тұңғыш  рет  қазақ  балаларына  қазақша,  орысша  білім  беретін  Жәңгір  мектебі 
ашылған.  Мектептегі  оқу-ағарту  ісінің  ӛрбуін  хан  тікелей  ӛз  қамқорлығына  алған. 
Бұл арада бұрын - соңды болып кӛрмеген кітапхана, клуб, мұражай орнаған [3]. 
Жәңгір Ордада  дәрігер ұстап, халық  арасында дүркін-дүркін бел алып келіп 
отырған  қатерлі  дертке  қарсы  емдік  шаралар  жасатқан.  Оны  этнограф  ғалым 
Мұхамбет  Салық  Бабажановтың  «Қазақ  даласынан  табылған  тас  қатынның  мүсіні» 
деген  еңбегінен  анық  байқаймыз.  «Олар  ауыра  қалса  да  таныс  молдасына  жүгініп 
сырқаттың  бетін  қайтаратын  аят  оқытады.  Болмаса  әлдебір  түсініксіз  ғаріптер 
жазылған  бойтұмар  алып,  мойындарына  тағысады.  Жергілікті  халықтың  мұндай 
дәрменсіздігін  кіналауға  болмас.  Ӛйткені,  медициналық  жәрдем  мен  тиісті  дәрі-
дәрмекке қолдары жетпеген соң, ―суға кеткен тал қарамайды» емес пе? Осы тұста 
жергілікті  қазақтар  Ордадағы  дәрігердің  емі  мен  берген  дәрісінің  жанына 
пайдалырақ  екенін  білетінін  айта  кеткен  жӛн.  Тіпті  кӛп  жағдайда  медицинаға 
құрметпен  қарайды  деу  де  ләзім.  Ордада  кӛмекшісімен  бір-ақ  дәрігер  бар.  Оларға 
жылына    екі  жүз  сомдай  күміс  ақша  тӛленеді.  Бұл  ӛңірде    30  мыңдай  шаңырақ 
тұратынын, жерінің кӛлемі – ұзыны 600, ені 500-дей шақырым екенін ескерсек, ұшы-
қиырсыз даланы қоныстанған осыншама халықты түгел қамту мүмкін емес екені ӛз-
ӛзінен түсінікті шығар» [4]. 
 
Қазақтарды  оқуға  үгіттеу  хан  ордасының  негізгі  бір  міндетіне  айналды. 
Әскери  кадет  училищелері  ең  таңдаулы  оқу  орны  болып  есептелді.  Хан  Жәңгір 
Патша әкімшілігіне және Орынбор әскери губернаторына ӛтініш білдіріп жүріп, Бӛкей 
хандығының  балалары  үшін,  1844  жылы  Неплюев  кадет  корпусының  2-ші 
эскадронынан  ресми  түрде  10  орын  бӛлдіріп  алады.  Ол  императордың 
қайырымдылығын  пайдаланып,  қазақ  балаларын  орман,  жол-қатынас,  азаматтық 
инженер институттарында, сонымен қатар Петерборлық кадет корпусында оқытуын 
сұрайды.  1839  жылдың  тамыз  айында  Мемлекеттік  мүлік  министрі  Жәңгір  ханға 
императордың  оның  ӛтінішін  мақұлдағанын  хабарлайды.  Бірақ,  бұл  оқу 
орындарында  оқитын  жастар  алдын-ала  губерниялық  гимназияларды  бітірген  болу 
керек деген шарт қояды. Бұл мамандықтардың ішінде дәрігер оқуы да бар болатын. 
Сӛйтіп,  ең  алғаш  рет  Қазақстанда  инженер-техникалық  және  медициналық  білім 
алудың негізі қаланады. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
47 
 
1841  жылы  хан  Жәңгір  Астраханнан  Абдумалик  Юсупов  деген  дәрігерді  
шақырып, ордадағы адамдарға укол салуды үйреттіреді. 1843 жылы Хан ордасында 
аптека ашылады. 1845 жылдан бастап ордада жалақылы дәрігер пайда болады.  Ал, 
1852  жылы  алғашқы  аурухана  ашылған  еді.  Сӛйтіп,  хан  Жәңгір  кӛптеген  істе 
реформалар жасап, мәдени-ағарту саласында жаңалық енгізген адам [5]. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 Жәңгірдің де еліміздің тарихында алатын ӛздеріне лайықты орыны барына 
ешкімнің  таласы  болмауға  тиіс.  Халқы  Жәңгір  ханның  жақсылы-жаманды  істерін 
ұмытпайды.  Тарихымызда  қалған  іздерін  бағалап,  2001  жылы  Жәңгір  ханның  200 
жылдығын  атап  ӛтілді,  бұл  еліміздің  ханға  деген  сыйластығының  белгісі  деп  тану 
керек.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Сабырұлы С.  Жәңгір хан ордасы туралы \\ Қазақ елі,  №3, 1998.- 14 тамыз, 5 б. 
2 Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы: Ана тілі, 1998.-384 б. 
3 Махымов Т.  Жәңгір  хан \\ Орал ӛңірі, 1999.-6 ақпан, -Б.2. 
4 Бабаджанов С.М. Сочинение.- Алматы:  Санат, 1996.- 144 б. 
5  Бӛкейханов  Ғ.  Хан  Жәңгір  –  Бӛкей  ордасының  реформаторы.  \\Түркістан,    №1, 
2002.-5 қаңтар, - 6 б. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  вопросы  становления  и  развития  казахского 
ханства.  Жангир  хан  известен  не  только  как  народный  герой,  но  и  как  политик, 
общественный  деятель,  который  выпустил  новые  реформы  в  управлении 
государством, сделал открытия в культурно-просветительской сфере. 
 
Summary 
This article is about Kazakh khanate and politics of  Zhangir  Khan. Нe is a hero 
of his lifeand Zhangir Khan made openings in cultural and educational field, also issued 
new reforms.  
 
Қабылданған күні 13.12.2014 ж. 
 
ӘОЖ 81 
Н.С. Салимова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
 
«ҚАЗАҚ ЕР-АЗАМАТЫ» КОНЦЕПТІCІНІҢ БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАР 
АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада сӛздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілін 
анықтай  келе,  жалпы  ерлерге,  соның  ішінде    қазақ  ер-азаматына  тән    ұлттық  
ерекшелікті  кӛрсететін    бейвербалды    типтер    сараланады.  Бейвербалды  типтерді 
анықтау    мақсатында  қазақ  жазушылары  шығармаларынан  нақты  мысалдар 
берілген.  Кӛркем  мәтіннен  алынған  мысалдардағы  бейвербалды  амалдар  қазақ  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
48 
 
мәдениетіне  тән  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  рухани-мәдени  құндылықтар  жӛнінде  де 
мол ақпарат  алуға  мүмкіндік  береді. 
Негізгі  сӛздер:
  концепт,  этнос,  лингвомәдениет,  бейвербалды  амал,    
коммуникация.
 
 
КІРІСПЕ 
Дүниенің тілдік бейнесінде  әр халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы, наным-сенімі, т.б. ұлттық-мәдени құндылықтары, адамның күллі әлем, тұтас 
дүние туралы кӛзқарас, түсініктері, сондай-ақ адамның сол тұтас әлемнен ӛз орнын 
табуға  деген  ұмтылыс-талпынысы,  түрлі  қызметі,  алуан  әрекеті,  адамдар 
арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынас та кӛрініс табады. 
Әр  этностың  қоғамдық  ӛмірінде  ӛзіне  ғана  тән  қарым-қатынас  түрлері  мен 
мен  жүйесі  бар  екені  белгілі.  Сонымен  бірге  этнос  мәдениетінің  категориялары 
ретінде  қызмет  ете  отырып,  этнолингвистикалық  мәнге  ие  болатын 
паралингвистикалық  атаулардың,  оларға  жататын  бірліктердің  кез  келген    ұлттық 
тілде жиі қолданылатынын аңғару қиын емес. 
Соған  сәйкес  «...  коммуникацияның  бейвербалды  элементтеріне,  яғни  ым 
мен  ишаратқа,  дене  қимылдарына  қарап  отырып,  адамның  қай  ұлттың,  қай 
құрлықтың ӛкілі екенін шамалауға болады, ӛйткені әрбір ұлттың дене тілінің ӛзіндік 
сипатты  ерекшелігі  бар  және  осы  ерекшеліктер  кӛбінесе  фразеологизмдерге  негіз 
(ұйытқы)  болып  табылады»  деп  пайымдаған  белгілі  ғалым  Б.Момынова  соңғы 
кездегі  зерттеулердің  нәтижелері  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастың 
(коммуникацияның) 7 пайызы вербальды (сӛздер, фразалар, сӛйлемдер), 33 пайызы 
вокальды  (интонация,  дауыс  ырғағы,  дауыс  немесе  дыбыс  әуезділігі,  екпіні  мен 
қарқыны  т.б)  және  55  пайызы  бейвербалды  (дене  тілі  немесе  ым  мен  ишарат) 
элементтер арқылы жүзеге асатындығын нақты дәлелдегенін атап кӛрсетеді [1].  
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
Бейвербалды  қарым-қатынас  –  бұл  сӛздер  мен  басқа  да  тілдік  бірліктерге 
сүйенбейтін  ым-ишара  тілі.  Адамды  оның  вербалды  емес  сигналдар  жүйесі:  ым-
ишара,  жесттер,  позалар,  сӛйлеу,  жазу  ерекшеліктерін  бақылау,  талдау  және 
зерттеу.  Осы  сигналдарды  оның  мінезімен  байланыстыру.  Адамдар  арасындағы 
контакт  тіл  мен  сӛйлеу  арқылы  жүзеге  асады.  Сӛйлеу  коммуникациясының  негізгі 
тәсілі  болып  табылады.  Ол  адам  санасын  белгілік  жүйелер  арқылы  обьективтеу 
ретінде қарастырылуы мүмкін [2].    
Австралиялық  ғалым  А.Пиздың  пікірінше,  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастың  7%  вербалды  (сӛздер,  сӛйлемдер);  33%  вокалды  (интонация,  дауыс 
ырғағы,  дауыс  немесе  дыбыс  әуезділігі,  екпіні  мен  қарқыны,  т.б.)  және  55% 
бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны кӛрінеді [3]. Кӛптеген ұлттар мен 
халықтардың  тіліндегі  бейвербалды  элементтер  жүйелі  әрі  кешенді  түрде 
зерттелген. 
Қазақ 
тіл 
білімінде 
М.Мұқанов, 
С.Татубаев, 
А.Сейсенова, 
Қ.Қажығалиевалар  ым  және  ишараттарды  әр  түрлі  қырынан  фрагментарлы  түрде 
зерттеген.  Бейвербалды  амалдардың  негізгі  типтері:  кинесика,  просодика, 
такесика,  проксемика.  Қазақ  халқының  тұрмыс-салтында  да  осы  аталған 
бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған. 
Қарым-қатынаста  кӛз  қимылымен  беріліп,  адамның  эмоциясын  білдіретін  
бейвербалды  амалдардың  кӛпшілігі  табиғи  жолмен  берілетін  амалдар  деп  айтуға 
болады.  Бұларды  жасанды,  яғни  ӛмірге  келген  соң  үйреніп,  бойға  сіңіріп  алатын 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
49 
 
амалдарға  жатқыза  алмаймыз.    Тақырыбымыздың    ӛзегі  болып    отырған  ер-адам 
концептісіне байланысты еркектердің жымию, күлу әрекеттерін талдасақ,  мысалы: 
Сабыт сәл дамылдап, Жұмғаға кӛз қиығымен қараған. (Т.Әсемқұлов.Талтүс) 
Күнделікті  қарым-қатынаста  адамдар  ӛздерінің  қандай  да  бір  іс-әрекетіне 
қынжылып,  ұялып  жатса  беті  қызарады,  дауысы  дірілдей  шығады  т.б.  Ал  кӛз 
қимылы  арқылы  адамның  ұялғандығын 
кӛзін  тӛмен  түсіру
 қимылынан  кӛре 
аламыз. 
Кӛзін 
тӛмен 
түсіру

яғни 
жерге 
қарау
 кинемасы 
басын 
тӛмен 
салбырату
 сынды  кинемамен  қосарланып  келетін  күрделі  амал.  Мысалы,  
Кӛзін 
тӛмен  салу  (ұялу).
 
Хақназар  бетін  Шағайдың  серіктеріне  қарай  бұрды,  кілең  бас 
кесер,  ұят-ар  дегенді  білмейтін  еңгезердей  қарақшы  нӛкерлері  де  қожаларының 
мына қылығына ұялғандай тӛмен қарап қалыпты. 
 (І. Есенберлин. Кӛшпенділер).
 
Барлық ұлттардың мәдениетінде күлу, жымию адамдардың коммуникациясы 
мен әлеуметтік ӛмірін қолдау және ұйымдастыруда бірінші орында тұр. Әрбір достық 
кездесулер  мен  диалог  алғашқы  жымиыстан,  достықтан  немесе  қарапайым  қарым-
қатынастан  бастау  алады.  Мұндай  қатынастар  барысында  адамның  жауапкершілігі 
артады
- Үйлі болдым, - деді ол ақсия күліп. 
- Құттықтаймын!  Қалай? - деймін қуанып. (М.Байғұт. Ақсақ кемпір) 
Шынынмен  де,  жымиыспен  бірге  кӛптеген  ымдардың  орындалуы  мен 
қолданылуы  мәдени  түрде  құрылған,  яғни  мәдени  шарттардың  жетегінде  болады. 
Расында  да, 
күлкі,  жымиыс 
дегеніміз  бұл  –  бақыттың,  қуаныштың,  ләззаттың, 
алғыстың  және  де  басқа  жағымды  сезімдердің  стереотипті,  типтік  кӛрінісі 
болғанымен,  адамдар  кез  келген  жағдайда  тебіреніс  пен  ішкі  дүниенің  бар 
болмысын кӛрсететін сезім және жымиысты барлығы біркелкі сезінбейді.  
Қалың күпі, түсі оңып кеткен кӛне түлкі тымақ, аяғына саптама киген қария 
аулада  қарын  қағынып,  қақырынып-түкірініп  болғанша  кәдімгідей  уақыт  ӛтті. 
Әжігерей шыдай алмай күліп жіберген. 
-  Е,  мен  сияқты  шал  болғанда  кӛресің  әлі,-  деді  қария  жымиып. 
(Т.Әсемқұлов. Талтүс). 
Бір  жағынан 
күлу
 мағынасы  негізгі  кӛрсеткіштері  жағынан 
едәуір 
ерекшеленеді.  Мысалы,  Ч.Дарвиннің  айтқанындай,  қос  қатар  тісін  ақсита  жымию 
адамның агрессивті қалпынан хабардар етеді. Терең жымиыс соңы күлкіге тіреледі, 
ал  жымиюшының  кӛзі  күлкі  үйірген  адресат  немесе  обьектіге  қадалады.  Ал  ұялу 
кезіндегі жымию кәдімгі,  қарапайым, басқаша айтқанда, 
табиғи жымиысқа
 жатады. 
Ұяла  жымию
 мен 
кәдімгідей  жымию 
барысында  адамның  тек  қана  жоғарғы  тістері 
кӛрінеді.  Алайда 
ұяла  жымиюдың 
жасалу  жолы  жағынан 
қарапайым  жымиыстан 
айырмашылығы  бар: 
қарапайым  жымиысқа   
қарама-қарсы 
ұяла  жымию 
пайда 
болған  кезде  жоғарғы  тістер  тӛменгі  ерінмен  байланысады,  ал  кейде  тіпті  ерінді 
тістелейтін  сәттер  де  кездеседі.  Сонымен  бірге  ұяла  жымиюшы  адам  басын  тӛмен 
салып, екінші адамның кӛзіне тіке қарамайды. Мысалы, 
- Жігіт болсаң, міне осындай бол! Қой да аман, қасқыр да тоқ, қатын да бар.
 
-Ожар тӛмен қарап 
 
күлімсірегендей езу тартты
 (
І.Есенберлин.Кӛшпенділер
). 
Ұялу  эмоциясы  кинесикалық  амалдармен  қатар,  просодикалық  амалдар 
арқылы  да  беріледі.  Бұл  дегеніміз  –  қарым-қатынасқа  түсушінің  сӛйлеудегі  дауыс 
ырғағы, екпіні. Сӛйлеу әрекеті барысында екпін (тон), ырғақ т.б. паратілдік амалдар 
сӛйлеуші мен тыңдаушының кӛңіл-күйінің ерекшеліктерін сипаттаушы амал-тәсілдер 
болып табылады. Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
50 
 
бет әлпеті мен бүкіл дене қимылдарына, сӛздің интонациясы мен әуеніне, кідірісіне 
ӛзгерістер енгізеді. 
Дауысы  дірілдеу  
де  ұялу,  қысылып-қымтырылуды  білдіреді.
 Әлгінде  қойған 
сұрағыма  ол  қысыла  жауап  қайтарды.  Қысылғандығы  сонша,  тіпті   дауысы 
дірілдеп шықты
 (
І. Есенберлин. Ғашықтар
). 
Адам  баласы  біреудің  істеген  ісіне  емес,  ӛзінің  жасаған  қылығына  немесе 
басқа  біреудің  алдында  ӛзін  ыңғайсыз  сезіну  сәтінде,  сонымен  қатар  басқалар  сол 
адам  туралы  әңгіме  етіп  жатқан  кезде  ұялып  басын  сипай  беретін  кездері  ер 
адамдарда  кӛп  кездеседі.  Мысалы: 
Әскерде  кіші  командир,  үлкен  командир 
болатынын оның білетін, білмейтіні маған беймәлім. Алайда ол менің кіші командир 
болдым  дегенімді  бойымның  кішілігіне  апарып  салды.  Әдейі  сһйтті  ме,  жоқ 
білмегендіктен  солай  ойлады  ма,  оны  да  аңғара  алмадым.  Әйтеуір  қыздар  оның 
«кӛрініп  тұр»  дегеніне  ду  күліп  жіберді. Басымды  қайта-қайта  сипалап ӛзім  де 
күлем
 (Ә. Нұршайықов. Махаббат қызық мол жылдар). 
Ұялу  эмоциясын  білдіретін  ым-ишараттар 
теріс  қарау,  бетін  басу
 сынды 
бейвербалды  амалдары  арқылы  да  беріледі.  Аталған  ым-ишараттар  әйел 
адамдардың  қарым-қатынасында  жиі  қолданылатын  амал  және  соларға  ғана  тән 
құбылыс  болып  табылады.  Себебі  ерлер  ұялғанын 
бет  басу,  теріс  қарау
 сынды 
қимылдармен емес, басқаша, атап айтар болсақ, 
басын сипау, дауысы дірілдеу, тілі 
күрмелу, тӛмен қарау
 т.б. бейвербалды амалдар арқылы білдіре алады. 
Желкесін  қасу
 (қолымен)  ұялу  –  қысылып-қымтырылуды  білдіретін 
бейвербалды  амал.  Аталмыш  қимыл  –  ер  адамдардың  қарым-қатынасында  кӛп 
кездесетін ым-ишарат.  Ер адамдар  қысылып, ұялғанда желкесін қаси беретін әдеті 
бар. Мысалы, 
Атасы екеуі сыртқа шықты. 
 
- Қап, ұят болды-ау, — деді  Сабыт күйініп, — Әй, ит кедейлік-ай! 
Желкесін қасып ойланып қалды. (Т.Әсемқұлов. Талтүс) 
Кӛзін тӛмен түсіру, басын сипау, ернін тістеу, теріс қарау
 т.б. ым-ишараттар 
кинесикалық,  такесикалық,  ал 
дауысы  дірілдеу,  тілі  күрмелу,  дауысы  ақырын 
шығу
 т.б.  просодикалық  амалдармен  беріліп  тұрған  бейвербалды  амалдар 
болса, 
беті  қызару
   вегетативті  (ішкі  ағзалардан  бӛлінеді)  жолмен  берілетін  амал. 
Бұл да ұялуды, қысылуды аңғартады. Тілімізде 
«бетінен оты шықты»
 деген тұрақты 
тіркес осыған байланысты туындаған болса керек. Мысалы: 1. 
Беков қызарып кетті. 
Бірақ  ол  біртүрлі  қызық  қызарды.  Ең  алдымен  сүттей  ақ  кӛйлегінің  жағасынан 
кӛрініп  тұрған мойны  қызғылттана  бастап,  содан  кейін құлағы,  маңдайы,  сосын 
барып екі  беті  қып-қызыл  боп  кетті
 (І. Есенберлин.  Кӛлеңкеңмен  қорғай  жүр). 
2. 
Күлбағила сасып қалған. Сабыт қынжылып ернін тістеген.(Т.Әсемқұлов. Талтүс)
 
Ерлер жиі қолданатын бейвербалды қимылдарға 
креслоға шалқайып отыру, 
аяғын  кең  ашып  тұру,  желкесін  қасу,  алақанын  ысқылау,  үстелдің  үстін 
жұдырығымен ұру, ӛз алақанын соғу, тізесін жұдырғымен ұрғылау, кеудесіне қолын 
қою
 сияқты  ишарат түрлері жатады. 
1. Дәрiгер  сигарет алып тұтатып, креслоға шалқайып отырды да, ӛзiнiң кез 
келген  адамға  айта  бермейтiн  маңызды  пiкiрiн  ортаға  салғандай  әр  сӛзiн  ойлана 
сӛйлеп, әңгiмесiн жалғады.(Т.Әбдіков. Парасат майданы) 
2.Нейман жұдырығымен үстелді қойып  қалды.  Сия  сауыттың  жиегіндегі 
қалам  жерге  ұшып. ... Қор  қылғанда,  Нейман  әлгі  қаламды  еденнен  ӛзі  кӛтеріп 
алды. ( Ш.Мұртаза. Қызыл жебе.) 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
51 
 
Әйелдерде 
«қасын керу», 
ал ерлерде 
«қабағын түю, қабағынтүкситу
», риза 
болса  немесе  ызаланған  жағдайда  «
қарқ-қарқ  күлу
»  сияқты  ишарат  түрі  жиі 
кездеседі.
  «Малдас  құрып  мәжіліске  кӛшкенде,  сынған  санын  бармағымен  қысып-
қысып: - Атаңның аузын ұрайын. Ӛзі уақ боп сынған-ау, мыжысам күтіркүтір етеді, - 
деп, қарқ-қарқ күлетін. Ауырсынып отырғанын қаншама білдірмейін, сездірмейін деп 
сүйекке  қарысса  да,  жазаң  маңдайына  шағаланың  қанатындай  сызат  түсіп,  тері 
бұршақ-бұршақ сорғалайтын.» (О.Бӛкей.Қамшыгер.)
 
Қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  ұлттың  рухани  мәдениетін,  оның  таным, 
талғамын  бейнелейтін  коммуникацияның  бейвербалды  амалдарына  да  бай  деуге 
болады. Мысалы
қос қолдап амандасу, иіліп сәлем салу, тӛс қағыстыру, бет шымшу, 
ернін  сылп  еткізу,  жаулығымен  кӛзін  сүрту,  алдына  қамшы  тастау.
  т.б.  кинемалар 
қазақ халқына тән ұлттық болмысты танытатын бейвербалды элементтерге жатады.  
Мысалы,  ер  адамдар  қарым-қатынасында 
«малдас  құрып  отыру»,«тӛс 
қағыстыру»,  «қамшы  тастау»,  «мұртынан  күлу»,  «сақалын  шошайту»,  «сақал-
мұртын сипау» т.б. 
ишараттары жиі кӛрініс береді
.
Мысалы,  
«Қарны  толған  ӛнер!»  -  деп,  Қолынан  бірне  келер!  -  деп,мұртынан  Сәрсен 
күледі. 
Ал
  «бетін  шымшу»,  «шашын  жаю»,  «шашын  жұлу»,  «орамалын  бұлғау», 
«қос  бүйірін  таяну»,  «ернін  сылп  еткізу»
  т.б.  әйелдерге  тән  кинемалар  болып 
есептеледі. 
Ал  «
қол  бұлғап  шақыру»,  «жағасын    ұстау»,  «басын  изеу»,  «мұрнын 
шүйіру»
сияқты ым-ишарат түрлері ортақ болып келетіні анық. 
Сәлемдесудің белгілі, қалыптасқан вербалды түрлерімен бірге бейвербалды 
амалдары да қолданылады: 
 
Сол  уақытта  Абай  үлкен  ықылас  білдіріп,  айрықша  бір  тағзыммен  тӛсін 
басып, қатты дауыстап: 
- Ассалаумағалейкүм!.. – деп сәлем берді 
(
М.Әуезов. Абай жолы
). 
Ер  адамдар  қос  қолдап,  тӛс  қағыстырып  амандасса,  жас  балалар,  жігіттер 
мен  үлкен  әйелдер,  аналар    бір-бірімен  құшақтасып,  кейде    ешқандай  амалдарсыз 
амандаса беруі мүмкін. Мысалы, 
- Ассалаумағалейкүм! – деп алдына жығылған кенже ұлын құшағына тартты, 
еміреніп  бетінен сүйді. 
-  Иә,  ауыл-ел  аман  ба?  Шешеңнің  кӛңіл-күйі  қалай?  Кӛрші-қолаңда  не 
жаңалық? 
- Аманбыз. Шешем дұғай-дұғай сәлемін жолдады. 
«Қазақ  ер-азаматы»  концептісіне
қатысты  бейвербалды  амалдардың  ең  кӛп  
тарағаны  – 
«қабағын  түю»,  «қамшысын  жерге  тастау»,  «тістену»
  сияқты  тұрақты 
сӛз  тіркестеріне  сай  келетін  ым-ишараттар.  Олар  кӛркем  шығармадағы 
кейіпкерлердің  ашулану,  ызалану,    жақтырмау,  дат  сұрау  немесе  сӛзден  жеңілген 
кездегі сияқты эмоционалдық жай-күйлерін білдіру үшін қолданылады.
 
Мысалы, 
Аркаша  тістеніп қабағын түйіп отыр.  Ауық-ауық  ала  кӛзімен 
қыздарға қарап қояды. ( С.Ерубаев. Менің құрдастарым.) 
 
Сондай-ақ  қазақ  ер-азаматтарына  тән 
«мұртын  сипау»,  «басын  шайқау»
 
деген секілді ішкі сезімдерінен хабар беретін амалдар да кездеседі. Мысалы: 
– Ата, сен Тәттімбетті кӛрдің бе? 
Үй ішіндегілер ду күлді. Шерім басын шайқаған. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
52 
 
–  Әй,  балам-ай.  Ол  ерте  кезде  ӛмір  сүрген  ғой.  Сенің  атаң  тумай  тұрып.  Сабыт  
домбырасын    іргеге    сүйеді  де,  мұртын    сылап    тӛмен    қарады.  (Т.Әсемқұлов. 
Талтүс.) 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет