Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы


қызмет атқарады деуге негіз бар. Аталмыш қызмет когнитивтік механизм



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата30.12.2016
өлшемі1,73 Mb.
#788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

қызмет атқарады деуге негіз бар. Аталмыш қызмет когнитивтік механизм 
арқылы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Лингвистикалық  универсалия  ретінде 
когнитивтік  механизмнің  әрбір  ұлттық  тілде  өзіндік  ерекшеліктері  болады. 
Олардың  арасында  тілдің  барлық  деңгейлеріне  тән  пардигмалық  және 
синтагмалық  ерекшеліктері  бар.  Парадигмалық  деп  омонимдер  мен 
полисемиялы  сөздердің  бір-бірінен  ерекшеленіп  келетін,  сонымен  бірге 
олардың ортақ белгілері арқылы ұқсастығы мен жасалу үлгісі қарастырылса, 
синтагмалық  сипатында  синтаксистік  біртұтас  қатынастағы  білдіретін 
мағынасы 
мен 
сөйлеу 
барысындағы 
және 
мәтіндегі 
мағынасы 
қарастырылады.  Мұнда  омноимдер  мен  полисемиялы  сөздер  дискурсқа 
түскендегі прагматикасы ерекше назарда болуы қажет. Ал тілдегі дискурсты 
айтылымдар  тізбегін  мәтін  өлшемі  мен  когнитивтік  актінің  өту  барысы 
арқылы  анықтала  түседі.  Мұнда  формальдық  элементтер  арасындағы 
синтагматикалық  және  парадигматикалық  қатынастарға  және  сөйлеуші 
субъектінің прагматикалық идеалдық мақсаттарына мән берілуі қажет. 
Қазақ тілінің лексикалық синтагматикасының аясында тілдегі полисемия 
мен 
омонимияның 
синтагматикасы 
қарастырған 
Ғ.Хасановтың 
түсіндіруінше:  «Бір  полисемиялы  сөз,  тіпті  омонимия  немесе  моносемия 
болса  да,  мәнмәтін  ішінде  түрленіп,  өзгеріп,  дамиды.  Екі  жағдайда,  бірінші 
сөйлеуде,  екінші  мәтін  құрамында  сөз,  оның  тұтасымы  тіршілік  етеді. 
Сөздердің  омоним,  полисемия  болып  құбыла  бастауы  тік  бағытта  ауыса 
алатын парадигмалық қатар түзеді. Прадигмалық байланыс сөз мағынасының 
ішкі логикалық аспектісіне сүйенеді. Бұл құрылым көпмағыналы сөздің ішкі 
мәндік  парадигмасы  деп  аталады.  Көпмағыналылықты  айырудағы  ең  басты 
ерекшелік  оның  семантикалық  құрылымындағы  ірі  семаның  басты 
парадигмаға  айналып,  басқа  мағынаға  байланыс  арқылы  көшуі.  Үлкен 
парадигма ірі және кіші семалық құрамға өте отырып, лексика-семантикалық 
вариант  немесе  полисемиялық  бөлшек  тудырады.  Бұл  семалар  осы 
парадигмада  немесе  синтагмада  кейде  бір-біріне  қарсы  да  келеді.  Лексема 
(сөз пішіні) және оның  мағынасы  (семема)  контекст арқылы  дамып отыруы 
тілде  жүріп  жатқан  тоқтаусыз  процестердің  бірі,  сондықтан  сөздің  басты 
мағынасы  контекст  арқылы  айқындалмайтын  мағына,  тек  бұл  мағына 
лексикалық синтагматикалық байланыс арқылы сөз мағынасы дамыта алады» 
–  дегенді  айта  келе  [4,  329  б.],  полисемия  мен  омонимияның  лексикалық 
синтагматикалық байланысына қатысты мынадай тұжырымдамалар жасайды: 
а) Парадигматикасы басым категорияларға антономия, синономия жатса, 
омономия  мен  полисемияда  парадигмалық  байланыс  пен  синтагмалық 
байланыс тең дәрежеде көрінеді. 

35 
 
б)  Полисемияның  семантикалық  байланысы  омонимияға  қарағанда 
күрделі, өйткені терең иерархиялы жүйеде алмасқан түрде дамиды. 
в)  Полисемияны  омонимиядан  ажыратудың  басты  шарты  бір 
микроқұрылымның  барлық  сөздердің  мағынасына  ортақ  болуы;  мысалы: 
адамның  басы,  таудың  басы  «жоғарғы  жағы»  семасының  ортақтығы 
полисемантизм белгісі. 
г)  Полисемия  синтагматикасында  мынадай  факторлардың  әсерінің 
молдығы: 
1) ұлттық діл (менталитет); 
2) ұлттық мәдениет, салт-дәстүр әрекеттері; 
3) басқа тілдік қоғамның қалыптасуы
4)  сөйлеу  актісінің  даму  ерекшелігі.  Міне,  осы  себептерге  орай,  лексика 
элементтері  арасындағы  синтагмалық  қатынас  мағыналардың  даму 
жүйелілігін  тәртіпке  салатын  түрі.  Синтагмалық  байланыстың  мәнмәтінге 
тәуелді  болуы  сөз  мағыналарының  ішкі  мәндік  қатынасына  байланысты 
болады дегенді айтады [4, 335 б.].  
С.Б.Қоянбекова  лексикалық  жүйенің  экспрессивтік  стилистикалық 
жағынан қарастыра келе: «Лексиканың көпмағыналылығы   –  сөз мағынасы 
жаңаруының  маңызды  бастауы.  Егер  мағыналы  сөз  қазақ  тілді  сөздік 
қорының көптеген бөлігін құрайтынын басты назарға алатын болсақ, сөздің 
көпмағыналылыққа  ауысу  қабілеті  сөйлеудің  барлық  бейнелі  энергиясын 
тудыратыны  деп  айтуға  болады.  Бірақ  полисемиялық  лексиканың  бейнелі 
мағынасын стилистикалық  жақтан  қолдану  туралы  топтарды  талдаған  кезде 
айтылады.  
Егер сөз бірнеше мағынаға ие болса, оның көркемдік мүмкіндігі күшейе 
түседі.  Жазушылар  көп  мағыналы  сөздің  бойынан  метафораға  жүгінбей-ақ 
ұтқыр  эмоционалдылық  бастауыш  табады.  Мысалы,  мәтінде  әр  түрлі 
мағынада тұрған көпмағыналы сөз қайталанып келуі мүмкін. 
Мәтінде көп мағыналы сөздің әр түрлі мағыналарының соқтығысуынан 
негізделген сөз ойыны сөйлеуге парадокс (грек тілінен шыққан paraclokos  –  
өзгеше),  яғни  жалпы  қабылдаған  мазмұнына  дені  сау  ойға  (тек  сырт  пішіні 
бойынша) қарама-қарсы айтылым формасына енеді. 
Көпмағыналы  сөзбен  қатар  сөз  ойынша  омонимде  тартылады.  Омоним 
қатысуы  кезінде  сөздер  арасында  тек  дыбыстық  ұқсастық  болады,  ал 
мағыналық  ассоциация  болмайды,  сондықтан  да  омонимдердің  кездесуі 
әрқашан  күтпеген  жерден  болады.  Бұл  оның  ойнақылығы  үшін  зор 
стилистикалық  мүмкіндік  туғызады.  Сонымен  бірге,  бірдей  дыбысталатын 
сөздің  мағынасын  меңзей  отырып  омонимді  бір  фразаның  ішінде  қолдану 
сөйлеуге экспрессиялық сипат береді» – дегенді айтады [5, 135-136 бб.]. 
 Тілдегі сөздердің семантикалық жағын қарастырып, олардың лексикалық 
мағынасы  айқындау  барысында  бірден-бір  күрделі  мәселе  –  омонимия  мен 
полисемиялы  сөздердің  парадигмалық  қатынасын  көрсетуде.  Омонимиялы 
сөздерден  полисемиялы  сөздердің  парадигмалық  қатынасының  аражігін 
ажыратудағы қиындық бұл екі категорияның сыртқы формасы жағынан бір-
біріне  ұқсастығында.  Полисемиялы  сөздер  кейде  кейбір  омоним  сөздердің 

36 
 
жасалуына  негіз  болады  да,  осының  нәтижесінде  сөздердің  шығуы  мен 
дамуы,  жасалуы  омонимдердің  полисемиялы  сөздермен  ұласып  кете 
баратындығында. Полисемия мен омонимиялы сөздердің арасында абсолютті 
шек  жоқ,  уақыт  өте  келе  полисемиялы  сөз  омонимдерге  айналып  кетуі 
дағдылы құбылыс екендігі лексикология ғылымында бұрыннан айтылып келе 
жатқан мәселе.   
    Жалпы  сөздердің  полисемиялы  сипаты,  олардың  әралуан  мағынада 
жұмсауға  икемділігі  –  сол  тілдің  байлығы,  мағыналылық  қатпарының 
тереңдігі мен поэтикалық образды қолданысының қуатын көрсетеді. Тілдегі 
сөз байлығы – сөз санымен емес, сөз мағынасымен өлшенеді.  
  Тілдегі  ауыспалы  мағына  үнемі  қосымша  болып  табылады  және  олар 
көпмағыналылықтан  туындайды.  Бірақ  тілдегі  барлық  қосымша  мағынаны 
біржақты  ауыспалы  мағына  ретінде  саралауға  болмайды,  өйткені,  оның 
бойындағы  поэтикалық  қуатын  көрсететін  ұқсастық  ассоциациясына 
негізделмей қалатындығы белгілі. 
Сөз мағыналарының алуан түрлері семантикалық бірлікті құрайды және 
олар  сөздің  семантикалық  құрылымы  болып  табылады.  Тілдегі  сөздердің 
ауыспалы мағыналарының дамуы мен қалыптасуы айнала қоршаған ортадағы 
бір  құбылысты  екінші  бір  құбылыспен  ұқсастырдан  туындайды.  Осындан 
барып полисемиялық мағыналар прагматикалық қатынасқа түседі.  
Тілдегі  күнделікті  қолданыстан  сөздердің  ауыспалы  мағыналары 
поэтикалық келбетінен айырылса да, экспрессивтік әсері мен стилистикалық 
бояуын    сақтап  қалуы  дағдылы  құбылыс.  Лексиканың  омонимиялы  және 
полисемиялы  сипатын  зерттеу  стилистика  үшін  өте  маңызды  қандай  да  бір 
сөздің әралуан мағыналарының болуы оны сөйлеуде стилистикалық бояуына 
парадигмалық сипатына ықпал етеді.  
Полисемия құбылысын тануда лингвистер арасында текетіресті пікірлер 
бар. Мұндағы біраз  ғалымдар  тілдегі «нағыз»  сөздер тек бір ғана мағынаға 
ие  болуы  мен  әрбір  мағынаның  ерекше  атауы  болуы  керек  десе,  екінші  бір 
ғалымдар  тобы  қазақ  тіліндегі  сөздердің  басым  бөлігі  (80  пайызы)  бір  ғана 
емес,  бірнеше  мағынаға  ие  және  олар  лексикалық  мағыналармен  үнемі 
толықтылырып  отырады  дегенді  айтады.  Аталған  екі  тараптың  пікірінің 
өзіндік  объективті  жақтары  сөздің  моносемиялы  сипаты  тілдің  әлеуетін 
әлсіретіп,  ұлттық  ерекшелігіне  кері  әсер  етеді.  Бұл  мәселеге  қатысты  біраз  
ғалымдар  полисемия  құбылысы  тілдің  осалдығы  емес,  керісінше  тілдің 
құнары деген тұжырымдарын қуаттауға болады.   
Полисемия 
құбылысы 
тіл 
әлеуетінің 
стилистикалық, 
этнолингвистикалық,  лингвокогнитивтік,  лингвофилософиялық  қала  берді  
парадигматикалық-синтагматикалық  шексездігін  көрсетеді.  Полисемия 
құбылысына  омонимияның  қатыстылығы  көпмағыналы  сөздердің  әр  алуан 
қолданыстағы  мағынасы  бір-бірінен  бөлінбеген  біртұтас,  бір-бірімен 
байланысты  болса,  ал  омонимия  болса  тілдегі  сөздердің  жүйелі 
байланысынан  алшақтау  болады.  Полисемиялы  сөздерден  омонимиялы 
бірліктер  жасалатын  үрдіс  бар,  яғни  екі  құбылыстың  арасындағы  ерешелік 
сол сөз қолданысы арқылы жасалған сөздің бастапқы полисемиялы сөзбен еш 

37 
 
ұқсасатығы  болмай  және  жеке  лексикалық  бірлік  ретінде  қолданылатын 
шекке  дейін  жетеді.  Тілдегі  омонимия  мен  полисемиялы  прадигмаларды 
ажыратуда  түсіндірмелі  сөздіктердің  көмегіне  жүгінеміз.  Полисемиялы 
сөздің  әр  алуан  мағыналары  бір  сөздік  мақалада  берілсе,  омоним  әр  түрлі 
сөздік  мақаламен  беріледі.  Омонимия  құбылысын  тану  үшін  арнайы 
сөздіктерді  пайдалану  қажет.  Полисемиялы  сөз  бен  омонимиялы  сөздердің 
парадигмасы  арқылы  поэтикалық  ұйқастар  мен  каламбурлар  жасалады. 
Каламбур дегеніміз (француз тілінен шыққан – calambaer) көп  мағыналы сөз 
немесе  омонимді  қолдана  отырып,  ойды  жеткізудегі  әзіл-сықаққа  құруға 
негізделген стилистикалық фигура.  
Тілдегі  омомнимдердің  құрамдас  компоненттері  омомформа,  омофон 
бірнеше  сөздің  өзара  үйлесімі  арқылы  жасалады.  Тілдік  тұлға  каламбурды 
полисемиялы  сөздің  әр  түрлі  мағыналары  коммуникациялық  ситуация 
барысында  қолданады.  Ал  жазушылар  болса  белгілі  сөзді  жаңаша  кейіпке 
енгізіп,  жеке  авторлық  омоним  жасайды.  Бұл  турасында  В.В.Виноградов: 
«айтылуы  бойынша  сөздің  жаңадан  этимологиялануынан  немесе  айтылуы 
бірдей түбірден жасалған жаңа жеке авторлық омомнимнен каламбур құрыла 
алады» – дегенді айтады [6, 58 б.]. Тілдегі ұлттық танымның сөз тудырудағы 
рөлін  арнайы  сөз  еткен  Ғ.Б.Шойбекова  омонимдік-полисемиялық 
бірліктердің ерекшелігі туралы мынадай пікір білдіреді. «Тілдің сөздік қоры, 
сөздік  құрамы,  сөз  мағыналарының  тарылуы  мен  кеңеюі,  антонимдік, 
синонимдік,  омонимдік  мағыналар  биологиялық  заңдылық  пен  тілдің  ішкі 
даму  заңдылығына сәйкес  келеді.  Конверсиялық  жолмен дамыған  сөздердің 
мағыналық  қырлары  жіктеліп,  сөздік  қорға  бірнеше  мағыналы  сөз  ретінде 
енеді.  М.Белбаеваның  «Қазақ  тілінің  синонимдер  сөздігінде»  «ая»  (айа) 
сөзінің омонимдік қатарда тұрған үш мағынасы берілген: 
Ая І. зат. Аумақ, көлем, мөлшер; 
Ая ІІ. ет. Біреуге жаны ашу, есіркеу; 
Ая ІІІ. зат. Қойнау, баурай.    
ҚТТС-та  айа  сөзінің  дәл  осындай  мағыналары  берілген.  Сөз 
мағыналарының  дамуын  конверсия  деп  көрсету  үшін  олардың  арасында 
мағыналық  байланыс  болу  керек.  Үш  атауға  да  ортақ  сема  бар,  бірақ  олар 
әлсіз  байланыста  тұр.  Тарихи-семантикалық  аспектіден  қарастырмайынша, 
бұл сөздің мағыналық сипаты ашылмайды, ортақ семаны табу қиынға түседі» 
–  деп,  омонимдер  мен  полисемиялы  сөздердің  табиғатын  тану  үшін  оларға 
тарихи-салыстырмалы  тұрғыдан  келу  арқылы  ұлттық  дүниетанымдағы  сөз 
тудырудың ерекшелігін тануға болатындығын айтады [7, 222 б.]. 
Полисемиялы  сөз  бен  омонимиялы  сөздердің  парадигмалы  байланысы 
мен өзіндік ерекшеліктері тікелей контекс арқылы ажыратылады. Контексте 
полисемиялы сөздер мағыналас бірліктермен жақын, іргелес тұрмауы қажет, 
өйткені,  олардың  өзара  мағыналық  сәйкессіздігінен  орынсыз  комизм  туады. 
Ауыспалы  мағынада  қолданылған  полисемиялы  сөз  контекст  әсерінен  тура 
мағынада  көрінуінен  каламбур  пайда  болады.  Орынсыз  каламбурлар 
сөйлеудегі  субъектінің  адами  мәдениетінің  төмендігінен,  көп  мағыналы 
сөздерді орынсыз пайдалану салдарынан жеңіл әзіл мен жел сөзді тудырады.  

38 
 
Полисемиялы  сөздермен  ұласып  жатқан  омонимдерді  бір-бірінен 
ажырату  үшін  «омоним  сөздер  айтылуы  мен  тұлғасы  бірдей  болғанымен, 
жеке-жеке  заттар  мен  құбылыстардың  атауы  болып  табылатындығын» 
бірден-бір  белгісі  деп  танып,  осы  белгімен  сәйкес  келетін  сөздерді 
полисемиялы  сөздердің  санатына  емес,  омонимдер  тізбегіне  жатқызуға 
болады.  Жалпы  сөздік  қордағы  сөздерді  омонимдер  деп  тану  үшін, 
біріншіден,  олардың  айтылуы  мен  тұлғасы  бірдей  болуы  қажет,  екіншіден, 
олардың контекстегі мағынасы бөлек-бөлек болып, бір-бірімен семантикалық 
жағынан ұштаспай, мағыналық жігі бөлек болуы қажет. Дегенмен де кейбір 
омонимдер мағыналық жағынан полисемия құбылысымен өзара байланысқа 
түсіп,  мағыналық  және  қолданысы  жағынан  өзара  байланысып  кетуі  тіл 
табиғатына  тән  құбылыс.  Тілдің  даму  барысында  сөздің  мағынасында 
көптеген мағыналық өзгерістердің болуы табиғи құбылыс. Сөз семантикалық 
жағынан дамығанда,  өзара байланысы бар  әр алуан  мағыналы полисемиялы 
бірлікке айналады. Немесе бұл процесс керісінше жүріп, сөз мағыналары бір-
бірінен мүлдем алшақтап, басқа мағыналы омоним сөздерге айналып кетеді.   
Жалпы  тіл  біліміндегі  омонимия  мен  полисемиялы  парадигмалардың 
туындауына  ішкі  және  сыртқы  факторлардың  әсері  ықпал  етпей  қоймайды. 
Омонимия  мен  полисемиялы  парадигмалардың  берілу  мәнін,  субъектінің 
шығармашылық  қуатымен  байланысты  екендігін  де  ескерген  жөн.  Сол 
себептен  де  материалдық  өмірде  жоқ,  бірақ  адамның  қиял  әлемінің 
нәтижесінде  пайда  болған  бірліктерді  –  объективті  дүниедегі  құбылыстар 
қатарына жатқызуға болады.  
Омонимия  мен  полисемиялы  парадигмалардың  арасындағы  жалпылық 
пен  байланыс  бір  өлшемге  негізделмейді.  Омонимия  мен  полисемиялы 
парадигмалардың  контексте  мағыналары  айқындалады.  Омонимия  мен 
полисемиялы 
парадигмалар 
семантикалық 
құбылыс. 
Омонимдер 
семантикалық жағынан әр келкі мағыналық мазмұнға ие болса, полисемиялар 
мағына  жақындығына  негізделеді.  Сонымен  аталған  парадигмалардың 
теориялық негізіне сүйене отырып мынадай тұжырымдар жасауға болады: 
1)  омонимдер  мен  полисемиялы  парадигмалар  әр  түрлі  сөздер  болып 
табылады  және  лексикалық  омонимдер  мен  полисемиялы  сөздер  контексте 
анықталып,  айтылар  ойдың  нақтылығына  семантикалық  өрістің  кеңдігіне 
негізделеді; 
2)    омонимдер  мен  полисемиялы  парадигмалар  сөз  таптарына  қатысты 
болуына сәйкес бір-бірінен ажыратылады
3)  омонимдер  мен  полисемиялы  парадигмалар  бір  лексика-
семантикалық топқа жатады; 
4) 
коммуникация 
барысында 
омонимдер 
мен 
полисемиялы 
парадигмалар  өзара  қатынасқа  түседі  және  бір-бірінен  семантикалық 
қолданысы жағынан алшақтайды; 
5)  омонимдер  мен  полисемиялы  парадигмалар  деп  аталатын 
микроқұрылымдарды түзеді. 
Пайдаланған әдебиеттер: 

39 
 
1.  Ахманова  О.С.  Словарь  лингвистических  терминов.  -Москва:  Советская 
энциклопедия, 1966. -608 с. 
2.  Салқынбай  А.,  Абақан  Е.  Лингвистикалық  түсіндірме  сөздік.  -Алматы: 
Сөздік-словарь, 2002. -304 б.  
3.  Қалиев  Ғ.  Тіл  білімі  терминдерінің  түсіндірме  сөздігі.  -Алматы:  Сөздік-
Словарь, 2005. - 440 б. 
4.  Хасанов  Ғ.Қ.  Қазақ  тілінің  лексикалық  синтагматикасы:  Ғылыми 
монография. –Алматы: Үшқиян, 2009. -488 б. 
5. Қоянбекова С.Б. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері. Фил. 
ғыл. док... дис.: 10.02.02. -Алматы: Абай ат-ғы ҚазҰПУ, 2008. -346 б.  
6.  Виноградов  В.В.  Стилистика.  Теория  поэтической  речи.  Поэтика.  –  М.: 
Просвещение, 1963. -255 с. 
7.  Шойбекова  Ғ.Б.  Ұлттық  танымның  сөз  тудырудағы  рөлі  //  Академик 
Ә.Т.Қайдар және тіл білімінің мәселелері. -Алматы, 2004. 
Резюме 
В  статье  с  теоретической  точки  зрения  рассматривается  омономично-
полисемичные 
парадигмы 
в 
языке. 
Представляется 
возможность 
разностороннего  познания  названных  лексических  категории  через 
рассмотренние  в  парадигматическом  формате  омонимично-полисемичных 
единиц.   
 Resume  
In  article  from  the  theoretical  point  of  view  it  is  considered  omonomichno-
polisemichnye  paradigms  in  language.  Possibility  of  versatile  knowledge  named 
lexical  Is  represented  to  a  category  through  рассмотренние  in  a  paradigmatic 
format is homonymous-polisemichnyh units. 
 
 
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Нұрсұлтанқызы Ж. - 
Қызылорда қаласы, Болашақ университетінің доценті, филология 
ғылымдарының кандидаты 
 
 
Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен екі парадигмада зерттеліп 
келеді деуге болады. Біріншісі – құрылымдық, екіншісі – антропоцентристік 
парадигма.  Антропоцентристік  парадигма  өз  шеңберінде  гендерлік 
лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, когнитивті лингвистика, 
прагмалингвистика,  лингвопсихология,  паралингвистика  сияқты  жаңа 
салалардың ғылыми негізін зерделеп-тануға ықпал етті.  
  Гендерлік  лингвистика  тіл  білімінде  жыныстарға  қатысты  сөйлеу 
үлгілерін  зерттейтін  ғылым.  Ал  «гендер»  ұғымы  жынысты  биологиялық 
тұрғыдан  емес,  оны  әлеуметтік-мәдени  құрастырылым  ретінде  айқындайды. 
Гендерлік зерттеулер аясына «жыныс», «гендер», «гендерлік рөлдер» сияқты 
ұғымдар  енеді.  Қарым-қатынас  процесінде  ер  адамдар  мен  әйел  адамдар 
арасында  гендерлік  ерекшеліктер  байқалады.  Адамның  жынысқа  бөлуіне 

40 
 
қарай  ерлер  мен  әйелдердің  мінез-құлқы,  іс-әрекеті  ажыратылып  отырады, 
олар  түрлі  қызмет  атқарады.  Тіл  арнаулы  «еркектік»  және  «әйелдік»  болып 
бөлінбесе  де,  олардың  сөйлеу  әрекетіндегі  мінез-құлқына  қарай 
айырмашылықтар  байқалады.  Антропоцентрлік  парадигмадағы  гендерлік 
лингвистика  қоғамдағы  гендерлік  рөлдермен  астасып,  ұлттық-мәдени 
ерекшеліктермен,  халықтың  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі,  наным-сенімдерімен 
тығыз байланыста қарастырылуды қажет етеді. Әлеуметтану сөздігінде: «Пол 
человека как sex определяется с точки зрения биологических различий, а как 
gender – представляет собой культурную и социальную конструкцию. Таким 
образом,  существует  два  биологических  пола  (самка  и  самец)  и  два  социо-
культурных  (мужчина  и  женщина)»-  деген  анықтама  беріле  келіп,  халық 
дүниетанымында қалыптасқан стереотиптерге байланысты ерлер мен әйелдер 
арасындағы 
қарым-қатынастың 
әлеуметтік 
құрастырылымы 
болып 
табылатыны көрсетіледі [1, 222]. ТМД елдерінде гендерлік топшылаулар, ой-
тұжырымдар  1990  жылдарда  пайда  бола  бастады.  Ресейде  М.Арутюнян, 
Т.Рурко, А.Клецин, О.Воронина, Т.Клименкова, В.Бодрова т.б. зерттеушілер 
гендерлік  бағытты  дамытты.  XX  ғасырдың  60-шы  жылдарынан  бастап 
гендерді лингвистикамен байланыста қарастырған ғылыми зерттеулер жарық 
көре  бастады.  Зерттеуші  А.В.Кирилина  өз  еңбектерінде  «гендер»  және 
«жыныс»  ұғымдарын  ажыратып  берді:  «Гендер  (социальный  или 
социокультурный пол) не является языковой категорией, но его содержание 
может  быть  раскрыто  путем  анализа  структур  языка,  что  объясняет 
востребованность  лингвистической  компетенции  для  изучения  культурной 
репрезентации  пола»  [2,  133].  XX  ғасырдың  80-шы  жылдарынан  бастап 
гендерлік  зерттеулерге  арналған  еңбектер  көбейе  түсті.  Тіл  білімінде 
жыныстарға  қатысты  сөйлеу  үлгілерін  зерттейтін  ғылым  –  гендерлік 
лингвистика  пайда  болды.  Гендерлік  лингвистика  теориясын,  әдістемесін 
талдап-түсіндіруде  батыс  лингвистері  Дж.Лакофф,  Д.Спендер,  О.Есперсон, 
орыс  лингвистері  А.В.Кирилина,  М.А.Китайгородская,  Н.Н.Розанова  елеулі 
үлестерін қосты. Қазақ тіліндегі гендерлік факторды зерттеу тарихи сипатқа 
ие.  Гендер  факторы  қазақ  ағартушы,  зиялыларының  еңбектерінде  де  жиі 
ескеріліп  отырған.  Қазақ  гендерлік  лингвистикасының  негізін  қалаушы 
көрнекті  ғалым,  тұңғыш  профессор  Қ.Жұбанов  әртүрлі  халықта  әйелдер 
тіліне  тән  ерекшеліктер  болатынын  көрсеткен.  Қ.Жұбановтың  еңбектерінде 
әйел  тілінің  спецификалық  ерекшеліктеріне  баса  назар  аударылған. 
Қ.Жұбанов 
«Күншығыстағы 
әйелдер 
тұрмысы 
ерекше 
жағдайда 
болғандықтан, әйелдерге арнаулы түрлі әдет-ғұрып өзгешеліктері мұнда жиі 
ұшырайды. Сол әдет-ғұрып өзгешеліктерінің бірі – осы күнге шейін Кавказда 
армян, грузин, түріктер арасында сақталған әйелдердің ым тілі. Жаңа түскен 
келіншек  қай  жерде  бір  айға,  қай  жерде  бір  жылға  шейін  ата-енесімен 
дыбыстап  сөйлеспейді,  ымдап  сөйлеседі.  Бұл  тілді  армяндар  «нашнауар» 
дейді.  Нашнауар  сондай  бай,  сондай  дыбыс  тілінен  еш  кемдігі  жоқ  сияқты. 
Мұндай, әйелдерге ғана арнаулы, жүйелі болмаса да, әйел тілінің өзгешелігі 
қазақта  да  жоқ  емес.  Сол  өзгешеліктердің  бірі  –  әйелдерде  ғана  болатын 
«ернін  шығару»  (кеміткенде),  «бетін  шымшу»  (ұятсынғанда),  «аузын  шылп 

41 
 
еткізу»  (таңданғанда),  «аузын  быртылдату»  (кекеткенде).  Бұлар  әйелдердің 
специфик тілі болып табылады»,- дейді [3, 41].  
Кейінгі уақытта отандық тіл білімінде гендерлік тұрақты тіркестердегі 
әйел  лексемасын  қарастырған  А.Смайловтың  зерттеу  еңбегінде  [4],  қазақ 
әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын сипаттайтын 
тілдік  деректерді  лингвомәдени  бағытта  айқындап,  әйел  концептісінің 
лексика-семантикалық,  концептуалдық  мазмұнын  аялық  білім  деңгейі 
тұрғысынан түсіндірген А.Байғұтованың кандидаттық диссертациясында [5], 
әйел  қолөнеріне  байланысты  атаулардың  этнолингвистикалық  сипаты  мен 
ономасиологиялық  негіздерін  жан-жақты  зерттеп,  әйел  қолөнеріне  қатысты 
атаулардың  табиғатын  тілдік  және  тілдік  емес  факторлар  арқылы  анықтап, 
оның  ұлттық  сипатта  қалыптасуы  мен  рухани-мәдени  өмірдегі  орнын, 
этномәдени  мазмұнын  қарастырған  А.Әлімжанова  [6]  еңбектерінде 
қарастырылған.  
 «Әйел»  концептісі  барша  халыққа  ортақ  концепт  болғанымен,  әр 
халықтың  менталитетіне,  дүниетанымына  орай  оның  концептосферасы 
айқындалып  отырады.  Әйел  затына  байланысты  қазақ  тілінде  көптеген 
мақал-мәтелдер  кездеседі.  Әйел  атаулыны  сипаттауда  оның  жас  ерекшелігі, 
отбасындағы  орны,  әлеуметтік  орны,  туыстық  байланысына  қарай  атаулары 
да  әртүрлі  лексемалармен  беріледі.  Мысалы,  «әйел»  концептісінің  туыстық 
қатынастар  аясына  қыз,  келін,  ана,  жеңге,  абысын,  ене  лексемалары  енсе, 
қоғамдағы  әлеуметтік  орнына  орай  бәйбіше,  тоқал,  жесір  лексемалары 
қолданылады.  Ал  жас  ерекшелігіне  орай  қыз  (бойжеткен,  қалындық,  келін, 
келіншек), әйел (жұбай, жары, қосағы), бәйбіше (тоқал, жесір), кемпір (әже, 
кейуана) ұғымдарын жатқызамыз.  
Мейірімділік,  қайырымдылық,  жанашырлық,  қамқорлық  сияқты 
қасиеттер  ғалымның  тілдік  бейнесіндегі  ана  образын  сипаттайды.  «Әйел  – 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет