Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы



жүктеу 1.73 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата30.12.2016
өлшемі1.73 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Пайдаланған әдебиеттер: 
1.
 
Сыздық Р. Ғылыми таным үзіктері. Алматы: Кие. 2009. 
2.
 
Қарабаева  К.  Авторлық  терминдер:  пәрменді,  пәрменсіз  қолданылу 
динамикасы 
(А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, 
С.Аманжолов, 
Н.Сауранбаев еңбектері негізінде). Ф.ғ.к. ғылыми дисс. Алматы, 2010. 
3.
 
Қазақ әдебиеті. 1998, 8 мамыр.   
4.
 
Манкеева  Ж.  «А.Байтұрсынұлы  және  қазақ  филологиясының 
мәселелері»  атты  халықаралық  ғылыми-теориялық  конференция 
материалдары. Алматы: Арыс, 2004. – 15-18 б. 
5.
 
Ұлттық рухтың ұлы тіні. Ғылыми мақалалар жинағы. Алматы: Ғылым. 
1999. – 568 б. 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  особенности  терминов  в  трудах 
А.Байтурсынова. 
Summary 
In given article is considered particularities term in works A.Baytursynova. 
 

49 
 
 
ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРДЫҢ ҚАТЫСЫМДЫҚ 
МАҒЫНАҒА ЫҚПАЛЫ 
 
Ибраимова Ж.Т. - 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филология 
ғылымдарының кандидаты 
  
 Тіл  –  қоғаммен  өте  тығыз  байланысты  құбылыс,  әр  ұлттың  мәдени-
тарихи  дамуынан  ақпарат  беретін  құрал.  Сондықтан  да  әр  кезеңнің  ізі, 
таңбасы  тілде  көрініс  тауып  отырады.  Сол  сияқты  әр  кезеңге  тән  тілдік 
тұлғаның танымы да қатысымдық мағынаның туындауында өз ізін қалдырып 
отырады.  Әр  дәуірге  тән  өзіндік белгілер,  ерекшеліктер  тілдік көрсеткіштер 
арқылы  ғасырдан  ғасырға,  ұрпақтан  ұрпаққа  жетіп  отырады.  Қатысымдық 
мағынаның қалыптасуында қоғамдық-әлеуметтік факторлардың маңызы зор. 
Осындай  факторлардың  қатарына  тілдің  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы 
кезеңдік  ерекшеліктерін  жатқызуға  болады.  Аталған  ерекшеліктер  арқылы 
сөз мағынасының тарихи даму процестеріне көз жеткізуге болады. К.Аханов 
бұл құбылысты  былайша  түсіндіреді: «Тілдің  тарихи даму  барысында оның 
құрылымы жетіліп отырады. Тілдегі құбылыстардың шығу тегін, өзгеруі мен 
тарихи  дамуын  білу  оның  қазіргі  қалпын,  қыр-сырын  жете  танып  білуге 
көмектеседі.  Демек,  тілді  синхрониялық  тұрғыдан  қарастыру  қаншалықты 
қажетті  және  маңызды  болса,  оны  диахрониялық  тұрғыдан  қарастырып 
зерттеу  де  соншалықты  қажетті  және  маңызды»  [1].  Сондықтан  да  сөз 
мағынасының ерекшелігін жете түсіну үшін оның әр кезеңдегі қолданыстық 
сипатының да рөлі зор. 
 Бұл тұрғыда  Б.Ақбердиева: «Сөз дегеніміздің өзі тек қана дыбыстардың 
тіркесуі  емес,  белгілі  бір  мағынаның  көрсеткіші,  ал  мағына  болса,  қатып 
қалған  нәрсе  емес,  ол  да  кеңістік  пен  уақыт  аралығында  өзгеріп,  дамып 
отырады»  [2].  Демек,  сөз  және  оның  мағынасының  дамуы  әрбір  қоғамдық 
даму  кезеңдеріндегі  дүниетанымдық  көзқарастарға  тікелей  байланысты. 
Зерттеуші  пікіріне  сүйенсек,  сөз  және  оның  мағынасының  дамуында, 
қолданыс  ерекшелігінде  кезеңнің  өзіндік  әсері  мол.  Яғни  әр  кезеңнің  өзіне 
тән мағыналық, қолданыстық ерекшеліктері және оның өзіндік себептері бар. 
Тілдегі  сленгтер  (ауызекі  сөйлеу  лексикасына  тән  қолданыстар)  мен 
жаргондық  құбылыстардың  өзін  осындай  тілдік  деректердің  қатарына 
жатқызуға болатындығы сөзсіз. Сонымен, тілдік бірліктер тілдегі заттардың, 
құбылыстардың  атауы  ғана  емес,  олар  сонымен  қатар  осы  заттар  мен 
құбылыстар,  олардың  әр  алуан  ерекшеліктерінің,  сапа  белгілерін  адам 
санасындағы  танымдық  дамуын  да  білдіреді.  Демек,  тілдік  бірліктер,  сөз 
мағынасының  өз  кезеңіне  сай  дамуының,  жүзеге  асуының,  қолданылуының 
бірден-бір кепілі. 
Сөз  семантикасының  өзгеруі  әр  кезең  өкіліне,  оның  сөйлеуде  сөзді 
қолдану  сипатына  тәуелді.  Кезең  сөздің  қатысымдық  семантикасына  әсер 
ететін фактор ретінде қарастырылуы негізсіз емес.   

50 
 
Жалпы, тілдік тұлға – тілді қолданушы ретінде тіл білімін зерттеушілер 
тарапынан әр қырынан талданып келеді. Ал тілдік тұлға – өз кезеңінің жемісі. 
Сондықтан  да  тұлғаның  сөйлеуі  кезең  еншісінен  алған  дүниетанымы  мен 
біліміне,  қоғамға  қатысты  көзқарасына,  қоршаған  ортасына  тәуелді.  Бір 
кезеңнің өкілі тудырған сөздің қатысымдық мағынадағы қолданысын екінші 
бір кезеңнің тілді қолданушысы түсінбеуі мүмкін немесе оны басқаша реңкте 
жұмсауы ықтимал.  
Мәселен,  ХІХ  ғасырдағы  киім  атауларының  қолданысына  назар  салып 
көрсек: 
Қазақ жеріне сеңдей ағып қара шекпен келе бастағалы халық дағдарып, 
қайтеміз,  бұрынғыдай  отыра  береміз  бе,  жоқ,  15-тен  кестіріп  алып  ата 
мекенімізге түпкілікті ие боламыз ба деген ойға қалып еді.    
....Бұл  ілкімді  мырзалар  жұрттың  алақандай  жерін  сатып  қызмет 
көрсеткенше, оларға маңайындағы қара шекпендерден өрнек алып, жерлерін 
өздері пайдалануға үйрену керек еді]. 
Келтірілген мысалдардағы «қара шекпен» тіркесі арқылы  XIX ғасырдың 
II  жартысындағы  тарихи  оқиғалардың  куәсі  боламыз.  Аталған  уақытта 
Қазақстан территориясына Ресей империясынан орыс шаруаларының көптеп 
қоныс  аударған  кезі  еді.  Оларды  қазақтар  «қара  шекпен»  атағаны 
жоғарыдағы  мысалдардан  аңғаруға  болады.    Осы  мәтіндегі  ойды  жеткізу 
барысында киім атауы мүлде басқаша мағынада жұмсалып тұр. Бұл сөзімізге 
академик    Р.  Сыздықованың  мына  бір  пікірі  де  дәлел  бола  алады:  «Орыс 
шаруаларының  орысша  атаулары  крестьян  және  мужик  сөздерін  қазақша 
атаудың  сол  кезде  бірнеше  варианты  болды.  Ең  көбірек  қолданылғаны 
(әсіресе солтүстік-батыс өлкелерде) қара шекпен тіркесі болды» [3]. 
...  бүйтіп  тамақ,  ұйқы,  жалқаулық    үшеуін  қатар  мінген  жұрттың 
ақсақалының  олжасы  –  «азусыз  ат,  жағасыз  шапан»  деп  бишаралардан 
айыпқа  алған  арық  тай,  алты  көз  ләңке,  жастарының  олжасы  –  түн 
жамылып  жетелеген  біреудің  тоқтысы,  асы  иә  сиыры,  болыс,  би, 
ауылнайларының  олжасы  –  момыннан  ауыстырып  алған  он-он  бес  тиын, 
бәрінің  айтқаны  -  өтірік.  .....бүгінгі  болыс,  би,  ауылнай  һәм  елу  басы  ескі 
тондағы бит қой. Шаруа қылсаң жаз шығады, халық пайдасын қуған аға-іні 
болсаң, ескі тонды сілкіп-сілкіп суға ал!  . 
Бұл жерде келтірілген мысалда киім атауы орынды теңеу тауып, шебер 
қолданылып тұр. Тон ескі заман және ескі замандағы мықтылар мағынасында 
қолданып,  нақты  тікелей  киімнің  өзі  деген  мағынаны  білдіріп  тұрған  жоқ. 
Сөз  семантикасына  негіз  болып  тұрған  уәж  –  тонға  биттің  түсуге  бейім 
болатындығы.  Сол  негізде  ескі  тондағы  биттің  –  ескі  мықтылардың  жаңа 
заманда да биліктен  кетпей  отырғандығы осы  сөйлемнен  көрініс  тауып,  сөз 
мағынасы  өзінің  тура  мағынасынан  алшақтап, қатысым негізінде  туындаған 
семантикаға 
ие 
болып, 
астарлап 
жеткізу 
мақсатында 
тілдің 
коммуникациялық мақсатына бағынып тұр.  
Түркістаннан  баратын  жұмыскерлерге  алу  керек  нәрселер  мынау  деп 
отыр:  ең  аз  болғанда  үш  пар  көйлек-штан,  екі  сүлгі,  я  сүлгі  орнына 
жарарлық орамал, төсектік киіз, көрпе һәм қыс киетін сырт киім мен етік. 

51 
 
Қыс  киімге  кіреді  қабыған  шалбар,  қаптал  шапан,  күпі  я  тон,  елтірі 
бешпент я пұшпақ ішік, киіз байпақ етігімен]. 
Бұл  мысалда  адамдардың  күнделікті  тұрмысына  ең  қажет  зат  ретінде 
көйлек,  орамал,  сырт  киім  мен  етік  танылып  отыр.  Олардың  қажеттіліктері 
қоғамдағы сұраныстары арқылы айқындалып, олардың сол кездегі орны мен 
маңызы  білдіріліп  тұр.  Сөйтіп  бұл  атаулардың  тілдік  қарым-қатынас 
барысындағы көрініс табар мазмұны арқылы олардың негізгі мағыналарына 
ең қажет зат, зәрулік сияқты қосымша мағыналық реңктер үстеліп отыр. 
Келтірілген үзіндіден сол кездегі қоғам өкілдерінің психологиясы айқын 
аңғарылады. Яғни жаңа нәрсе, жаңа зат тек дәулетті, бай адамдардың немесе 
жоғары  топ  өкілдеріне  ғана  тән.  Ал  ортаңқол,  шаруа  адамына  жат  нәрсе 
ретінде  түсіндіріледі.  Мысалға  сондай-ақ  ауызекі  сөйлеу  стилі  тән.  Сөйтіп 
киім  атауы  арқылы  коммуникант  санасына  сол  кезеңдегі  адамдар  тұрмыс-
тіршілігімен қатар олардың дүниетанымы да жеткізіліп тұр.  
Ал  енді  осы  тіркес  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында 
былайша көрініс табады:  
Дарья  мен  Фекла  және  тағы  бірнеше  батыл  крестьянкалар  бұл  кезде 
ауыл  ортасына  жетіп,  қазақ  қатындарының  ішіне  араласып  кетіп, 
бақандарды  алып,  ұмтылысып  жүр.  Тұстарына  келген  жақсы  киімді 
жауларды жонынан ұрып қалысады . 
Алғашқы  мысалда  «жақсы  киім»  –  құрметтіліктің,  барлықтың, 
байлықтың,  ретінде  көрініс  тауып  тұр.  Бұл  атау  –  оқиға  кейіпкерінің 
арманының орындалуының басты шарты, ал оның жолдасының негізгі талап-
тілегінің  бірі.  Бұл  үзінді  арқылы,  жақсы  киім  киіну  арқылы  сол  кезеңдегі 
дәулетті,  бай  адамдар  бейнесі  айқын  көрсетілген.  Келесі  мысалда,  «Абай 
жолы» роман-эпопеясында дәл осы тіркес арқылы «жақсы киім» – қоғамдағы 
«жағымсыз топ» өкілдерінің белгісі ретінде суреттеледі. Сөйтіп, оларға деген 
қоғамның төменгі тап өкілдерінің наразылықтары мен реніштері беріліп, екі 
топ өкілдерінің психологиялық ерекшеліктері айшықтала түскен. 
...  Болыс атаулының мойындарына жез шынжырға орнатылған үлкен 
жез  знактар  бар.  Бұрын  аталары  сыйға  алған  шенді  шапан,  оқалы  тон 
жамылғандар  да  тұр.  Аталары  алған  сый  шапандарын  бүгін  өз  беделі 
таусылған ұрпақ нәсілдің кейбіреуі әдейі киіп алыпты. 
Бұл  мысалда  келтірілген  «шенді  шапан»,  «оқалы  тон»  сияқты  киім 
атаулары  оқырмандарын  тарихи  оқиғаның  куәгері  етеді.  Тарихқа  көз 
жүгіртсек 1868 жылға дейінгі патша өкіметі, олардың отарлау саясаты және 
осы саясатты жүзеге асыру мақсатында олардың жергілікті билік өкілдеріне, 
болыс-билерге,  аға  сұлтандарға  сыйлық  таратқан  «дәстүрін»  еске  түсіреміз. 
Сондай-ақ бұл мысалда қазір сол қадір-қасиетінен айырылған, шарасыз ұрпақ 
өкілдері орынды сыналған.   
Қазіргі  уақыттағы  тұрмыстық  лексикаға  қатысты  сөздер  қандай 
қолданыстық сипатқа ие?  Жоғарыда талданған кезеңдерден айырмашылығы 
бар ма, осы мәселелерге нақтылы мысалдармен талдап өтсек. Бір ғана шапан 
сөзінің қолданысы: 

52 
 
Той  иесін  жүздеген  адам  көбірек  тілекпен  көміп  салады,  отыз-қырық 
шапан жамылады . 
Кейінгі кездері кімнен қашан енгені белгісіз, жаназа үстінде ата жолы 
деп  үш  жүздің  өкілдеріне  шапан  тарату  рәсімі  пайда  болды.    Әр  рудың 
өкілдеріне жақынынан айырылып отырған үй шапан береді . 
Ертеректе  шапан  тарату  дүниеден  озған  адамға  байланысты 
таратылатын.  Ол  кезде  шапан  құрғыры  табыла  бермейтін.  Оқалы  алтын 
жіппен  әдіптелген  шапандар  кез-келген  сөреде  иін  тіресіп  тұр.  Шапан  – 
кәделі киім . 
Абылай киген қайран зерлі шапан, айыр қалпақ ...көрінгенге қор болды-ау  
Бұл  мысалдарда  қазақтың  ұлттық  сырт  киімдерінің  бір  атауы  ретінде 
танылатын  шапан  қоғам  дамуымен  бірге  қолданыс  аясының  басқаша  сипат 
алуымен ерекшеленеді. Яғни аталған киім атауы бұрын күнделікті өмірде жиі 
әрі  қоғамның  барша  өкіліне  тән  киім  атауы  болса,  қазіргі  кезеңде  бұл 
лексемадан  мынадай  мағыналық  қолданыстық  ерекшеліктерге  көз  жеткізуге 
болады: киелілік, жоралғылық яғни жаңа салттың пайда болуына негіз болып 
тұр.  Осыдан  келіп  оның  орынсыз  қолданушылық,  салт  дәстүрді  бұзу  деген 
жағымсыз семалары беріліп тұр.  
Ине-жіптен  жап-жаңа  шыққан  көк  шапан  жағамыз  жалбырап, 
жеңіміз  желбіреп,  етегіміз  салбырап  дүкенге  топ  ете  түстік..мені 
толғандырар  жайлар  жоқ  емес.  Ол  –  шет  жұрттан  келген  қонақтарға 
жабылатын  шапандардың  тағдыры.  Олардың  елдерінде  де  біздегідей 
жарыса шапан жабу салты болса уайымдамас едім . 
Келтірілген  мысалда  қазіргі  қоғамдағы  келеңсіз  жайт  ұлттық  салт-
дәстүрді  орынды-орынсыз  бұрмалаушылық  мәселесі  көтерілген.  Яғни 
аталған киім атауы осы бір жағымсыз құбылысты жеткізудегі орынды құрал 
болып  табылады.  Сөйтіп,  тұрмыстық  лексика  элементі  сатира  қаруына 
айнала білген. 
...Оған  сөз  бар  ма?  мәселен,  осындайлардан  құтылғысы  келген  Абай 
бабамыз  болыс  болғысы  келген.  Өзіңіз  жоғары  лауазымды  шенеуніктің 
шекпенін кигіңіз келе ме? 
 «Шенеунік  шекпені»  киім  атауының  ауыспалы  мағынадағы  қолданысы 
өте шебер қолданылып, тамаша метафора жасап тұр. 
Нұрғали  Ертілесұлының  етегінен  ұстап,  ізіне  ерген  бір  қауым 
шәкірттері:  «Біздің  бәріміз  Жұрғалидың  «шекпенінен»  шыққанбыз  дегенді 
мақтана айтып жүрміз» . 
Досым  Омаров  деген  жігітті  докторлық  диссертациясында  Абайдан 
кришинаиттық  ұғым  іздегені  үшін  кінәладық.  Мен  соны  көріп  отырып 
ойладым,  Абай  неге  қазақ  шаңырағынан  шықпауы  керек,  ол  неге  біздің 
шапанымыздың шалғайында ғана болуы керек  . 
Осы  мысалдардағы  «Жұрғалидың  шекпенінен»  шығу,  «шапанның 
шалғайында  болу»,  «жыртық  шапанның  шалғайынан  шығу»  деген 
қолданыстар  бүгінгі  күндегі  сөздің  ауыспалы  мағынасын  берудегі  сәтті 
қолданыстар деп тануға болады.  Бұл жердегі беріліп тұрған  «шыққан тек», 
«белгілі  бір  шеңберде  ғана  болу»,  «осы  белгіленген  кеңістіктің  аясынан 

53 
 
шығу»  деген  мазмұндар  аталған  тіркестер  арқылы  беріліп  баяншы  пікірін 
қабылдаушы санасына көркемдік тәсіл арқылы шебер жеткізіп тұр. 
Шоқан десек, оқалы кителді қатар көреміз. Қазақтың құндыз бөркі мен 
оқалы шапанын киген Шоқанды көзге елестету тіпті, қиын . 
Аталған  мысалда  келтірілген  киім  атауы  бүкіл  бір  ұлттың  белгісі, 
символы  ретінде  танылған.  Сондай-ақ  хабарды  жеткізуші  трансмиссор 
арқылы  сол  қоғамдағы  өмір  шындығы  көрініс  тапқан.  Яғни  қазақ 
оқығандарының орыстың әскери киімін киюді мақсат тұтқаны осы мысалдан-
ақ айқын аңғарылып тұр. 
Жалпықазақстандық ұлт қазақтың шапанына сай келе ме?  
Американың қалпағы қазаққа жараспайды. 
Бұл  мысалдарда  қолданылған  «қазақтың  шапаны»,  «американың 
қалпағы»  деген  тіркестер  арқылы  «белгілі  бір  ұлт»  мағынасы  беріліп  тұр. 
Яғни  осындай  астарлы  мағынада  жеткізілген  ой  арқылы  қазіргі  кезеңдегі 
қоғамдағы саяси мәселе орынды жеткізіліп тұр. 
 Кешқұрым  қызды  бөлмесіне  шақырып  ап  ақыл  айтатын.  –  Бұл 
еркектердің  көркіне  қызықпай,  бөркіне  қызық.  Көрік  әйелдерге  керек,  ал 
бөрік, еркектердің абыройы мен дәулетін көрсетеді . 
Бұл мысалда  қазақтың киелі бас киімінің бірі – бөрік лексемасы ерекше 
символдық мәнде қолданады. Осы ой арқылы қазақ халқының дүниетанымы 
көрініс  табады.  Жалпы  қазақ  түсінігінде  бөріктің  ер  адамдарға  қатысты 
тұстары  өте  көп.  «Бөріктінің  намысы  бір»,  «бөрікті»  деген  сөз  орамдары  – 
сөзіміздің  айқын  дәлелі.  Сондай-ақ  бұл  атау  басқа  да  қоғамдағы 
құбылыстарды, оқиғаларды жеткізде де белсенді қолданылады. «Тоқсан ауыз 
сөздің  тобықтай  беретін»  мақал-мәтелдерде  бұл  атау  көптеп  кездеседі: 
«Заманың  қалай  болса,  бөркің  солай»,  «бөркің  тар  болса,  басыңды  қысар, 
мінезің  тар  болса,  басыңдағы  бағың  ұшар».  Алғашқы  мақал-мәтелде  бүкіл 
«заман ағымы» деген мағынада қолданылып тұрса, кейінгі мысалдың тәлім-
тәрбиелік маңызы өте зор. Әсіресе, жас ұрпаққа берер тәлімі мол. 
Демек,  киім  атаулары  әр  кезеңде  өзіне  сай  дамуды  басынан  кешіріп 
отырған. Алғашқы кезеңдерде ең қажет құрал, мұқтаждық, қол жетпес арман 
мағынасында  қолданылса,  «Абай  жолы»  роман-эпопеясында  киім 
атауларының  ұлтқа,  руға  тән  ерекшеліктері,  салт-жоралғылық  мәні 
айқындалып,  қолданыс  аясы  кеңи  түскен.  Ал  қазіргі  жоғарыда  талданған 
мағыналарына  қосымша  ата-бабамыздан  мирас  болып  келе  жатқан  киелі  де 
көне  мұра,  қоғамның  дамуы  барысындағы  өзгерген  салт-дәстүрге  қайшы 
жағдайды  суреттеудегі,  сондай-ақ  халықтың  саяси  өміріндегі  жағымсыз 
құбылыстарды жеткізудегі, ашудағы маңызды құрал болып отыр. 
Бұл  арада  тілдің  өзгерісіне  байланысты  стильде  байқалатын 
өзгешеліктер  зерттеу  нысаны  қаралып  отыр.  Сөйлеудегі  стильдің  өзгерісін 
белгілі бір кезеңмен шектеп, кезеңдерге топтастырып көрсетудің өзі қиындау 
мәселе. Дегенмен, үлкен уақыт аралығында мұндай өзгерістердің айқынырақ 
бола  түсетіндігі  анық.  Шартты  түрде  қазақ  ауызекі  сөйлеу  стиліндегі 
өзгерістерді  немесе  сөйлеу  актісіне  тән  өзіндік  сөз  қолдану,  сөйлем  құру 
ерекшеліктерін,  нақтырақ  айтқанда,  айырмашылықтарын  ХІХ  ғасыр 

54 
 
соңындағы  немесе  ХХ  ғасыр  басындағы  сөйлеу  стилі  және  ХХ  ғасырдағы 
сөйлеу стилі және қазіргі сөйлеу стилі деп жіктеуге де болды. Бұл бағыттағы 
сөйлеудегі  ерекшеліктер  дегеніміз  –  сөйлеуде  байқалатын  әр  кезеңнің 
сөйлеуіндегі  айырмашылықтар.  Осы  айырмашылықтар  негізіндегі  қазақ 
тілінің  сөйлеу  стилінің  кезеңдерін  айқындап,  ажыратып  беру  қазақ 
стилистикасындағы күрделі мәселелердің қатарына жатады.   
Сонымен,  кезеңнің  тілге  ықпал  етпей  қоймайтыны  секілді,  сөз 
мағынасынан  қатысымдық  семантиканың  туындауына  әр  кезеңнің  келбеті, 
қоғамдық  құбылыстары  әсер  етпей  қоймайды.  Сондықтан  қоғамның  белгілі 
бір  даму  кезеңі  тілдің  қатысымдық  мағынасынан  көрініс  табады.  Бұл 
қатысымдық семантиканың қоғамдық-тарихи кезең ерекшелігіне байланысты 
екенін  көрсетсе,  сонымен  қатар  қатысымдық  мағынаның  тарихи  тілдік 
деректерді анықтауға ықпал ететінін де аңғартады: 
1) бұл қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың тілге әсері;  
2)  тұрмыстық  лексиканың  тілде  қолданылу  ерекшелігі  әлеуметтік 
жағдайға  да  байланысты  болады.  Сондықтан  кезең  еншісіндегі  тілдік 
тұлғаның  танымы,  оның  сөйлеуіне,  сөздерді  қатысымдық  мағынада 
жұмсауына  әсер  етпей  қоймайды.  Қатысымдық  мағынаның  туындауына  да 
сөйлеудегі даму кезеңдері әсер етеді деген тұжырым осындай қорытындыдан 
шығып  отыр.    Әлеуметтік  жағдайдың  қандай  күйде  болуы,  ұлт  танымының 
даму деңгейі, қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтар, мәдени даму тілге әсер 
етеді десек, осы өзгерістердің әсері қатысымдық мағынаның пайда болуына 
да ықпал етеді.         
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2002. – 664 б. 
2.  Ақбердиева  Б.  Лексика-фразеологиялық  жүйедегі  мифтік-танымдық 
құрылымдар:  Филол. ғыл. канд. дис... автореф. – Алматы, 2001. – 30 б. 
3. Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 
2004. – 616 б. 
Резюме 
      В данной статье рассматривается важная роль этапов формирования 
коммуникативной семантики. 
Summary 
In  this  article  is  considered  the  important  role  of  stages  of  formation  of 
communicative semantics. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

55 
 
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ  
(Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ жазуы туралы ойлар) 
 
Әміржанова Н. - 
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушы, 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
Кез  келген  ұлттық  қоғамдастықтың  ұлттық  бірегейлігі  тарихи,  саяси, 
мәдени,  тілдік,  территориялық,  діни,  өркениеттік    және  т.б.  әртүрлі 
факторлармен анықталады. Ұлттық бірегейлікті сақтауда аталған факторлардың 
әрқайсысының  атқарар  рөлі  ерекше.  Соның  ішінде    біз  жеке-дара  бөліп  алып 
қарастырып отырған тілдік фактордың  өзіндік маңызды қызметі бар.  
Ал тілді тұрақтандыратын, асқақтататын – оның әліпбиі, яғни жазуы. Жер  
бетін  мекен  еткен  барша  халық  өзіндік  ұлттық  мұраларын    осы  жазу  арқылы  
ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп келеді. Әліпби – ұлттың рухани байлығы. Жазу – 
ұлттың  рухани  қазынасын,  мұрасын,  ғылымын,  көркемөнерін,  әдебиетін, 
мәдениетін сақтаушы қойма.  
Жазу  мәдениеті  өте  ерте  заманда  қалыптасқанымен,  әлем  халықтары 
арасында  жазудың негізгі үш түрі  (латын, араб, кирил) кең қолданысқа ие.    
Орта ғасырларда  бүкіл Еуропа  халықтарына кең таралған латын әліпбиі 
грек  жазуы  негізінде  пайда  болған.  Дегенмен,    әрбір  халық  (тілі)  әліпбиін  өз  
тілінің    дыбыстық    жүйесіне    лайықтандырып,    әріптердің  мағынасын  сақтап,  
формасын  ғана  өзгеріске  түсірген.  Еуропаның  сексен  пайыз,  Азияның    елу 
шақты,    Африканың  жүз  отызға  тарта,  Американың    алпысқа  таяу  халқы  осы 
графика  үлгісін  қолданып  келеді.  Латын  әліпбиінің    тіл  ерекшелігіне 
бейімделгіштігі    және  жазудағы  икемдігіне    көз  жеткізген    басқа  да  әлем 
халықтары  оны өз  әліпбиі ретінде  қолданысқа енгізуге  бет бұра бастады.    
Еуразияның кіндігінде орныққан  түркі тілдес халықтар өткен ғасырдың 
20-жылдары осы әліпби негізінде  жазуын дамытқаны тарихтан мәлім. 
Жазу мәдениетіне  саясаттың  кереғар ықпалының нәтижесінде  әліпбиін 
өзгертуге мәжбүр болған осы түркі тілдес халықтардың  ішінде тек қана Түрік 
мемлекеті латын графикасына негізделген жазумен сауаттанып келеді.  
Тәуелсіздіктің  алғашқы  лебі  соғылып,  Кеңес  Одағының  ыдырауымен 
түркі тілдес тәуелсіз республикаларда түркілік идея бас көтере бастады. Ұлттық 
бірегейлікті бекіту мақсатында қазақ зиялылары түркілік түбірге назар аударды. 
Қазақ  жазуын  латын  графикасына  көшіру  туралы  мәселе  қазақ  зиялы  топ 
өкілдерінің бастамасымен, 1989 жылы «Тіл туралы» заңның   қабылданысымен-
ақ көтерілген болатын. Осындай әрекеттер өзге де түркі тілдес республикаларда 
орын алып, бұл үдерісті ашық қолдаған, өзінің сыртқы саясатында басқа түркі 
тілдес  елдермен  байланысын  нығайтуды  мақсат  еткен,  ортақ  түркі  әліпбиі 
идеясын  шабыттандырушы,  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердің  түрлі  салалық 
институттары  мен  жоғарғы  мектептері,  университеттерімен  қарым-қатынас 
жасаудың инициаторы Түркия елі болатын.  

56 
 
Түрік  мемлекетінің  ұстанымы  бойынша,  түркі  тілдес  елдер  өркениетін 
нығайтудың  негізгі  мәні  мәдени  құндылықтарда  жатыр.  Түркі  мәдени 
бірегейлігін  қалыптастыруда  басты  рөлді  түркі  тілдерін  латын  графикасына 
көшіру атқаратыны белгілі.  
1991  жылы  Түрік  үкіметі  Анкара  қаласында  ұйымдастырылған  жиынға 
Қазақстан,  Қырғызстан,  Әзербайжан,  Өзбекстан  және  Түрікменстан 
мемлекеттерінің тіл білімі ғылымының жетекші мамандарын шақырады. Мұнда 
аталған  мемлекеттердің  негізгі  халқының  латын  графикасына  өту  мәселесі 
талқыланады. 
Жыл  сайын  Түркия  және  тәуелсіз  түркі  мемлекеттерінің  саясаткерлері 
мен ғалымдарының қатысуымен конференциялар өткізіледі
*

1992  жылы  тағы  да  Түркия  мемлекетінде  түркі  халықтарының 
бүкіләлемдік  конгресі  өтеді.  Қазақстаннан  бұл  жиынға  50  делегат  қатысады. 
Конгресс  күнтәртібіндегі  мәселелер  арасында  түркі  халықтарының  жазуын 
латын  әліпбиіне  көшіру  мәселесі  де  бар  болатын.  Осы  жиынға  қатысқан 
академик-тілші  ғалым  Ә.  Қайдар  бастаманың  конгреске  қатысушылар 
тарапынан кең қолдау тапқандығын, латын графикасы түркі халықтары тілінің 
ортақ  әліпбиі  ғана  емес,  олардың  мәдени,  рухани,  әдеби    тағы  басқа  да 
байланыстарының іргетасы болуы қажеттігін айтады [1]. 
Конгрестен  қайтқан  академик-тілші  ғалым  Ә.  Қайдар  қазақ  жазуының 
латын  графикасына  өтуі  кезек  күттірмейтін  аса  қажеттілік  екенін  негіздеп, 
үлкен мақала жариялайды. Соңын ала осы  мәселе бойынша ел президентіне де 
ашықхат жолдайды. 
Осы хат негізінде ел президенті әліпби ауыстыру мәселесіне байланысты  
қоғамдық пікірді зерттеу үшін өкілетті органдарға тапсырма жүктейді [2, 2]. 
                                                 
*
  1991  жылдың  қараша  айының  18-20  күндері  аралығында  Стамбулдағы  Мармар 
университетінде  өткен  конференцияда  КСРО  құрамында  болған  түркі  мемлекеттеріне  қазіргі  таңда 
Түркияда ортақ латын әліпбиі негізінде  қолданылып отырған 29 әріптен тұратын әліпбиді тағы бес 
әріппен толықтырып қолдануды ұсынды. Аталмыш әліпби барлық түркі тілдес  халықтар үшін ортақ 
әліпби  болады  және  олардың  әрқайсысы  оған  өзінің  тілдік  ерекшеліктеріне  байланысты  өзгертулер 
енгізе алады деп болжам жасалады. 
Осы  мәжілістен  соң  1992  жылы  19-21  маусым  аралығында  Стамбулда  Түрік 
Республикасының президенті Тұрғыт Озалдың бастамасымен Түркия және бес түркі мемлекеттерінің 
үкіметтік  делегацияларының  жоғарғы  деңгейдегі  кездесуі  болып  өтеді.  Осы  бірінші  кездесу 
барысында  және  1993  жылдың  8-10  наурыз  аралығындағы  Анкарада  өткен  кездесуде  Әзербайжан, 
Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның мәдениет министрлері ортақ әліпби мәселелерін 
күн тәртібіне түсіріп талқылайды. Сонымен қатар, 1992 жылдың 4-8 маусымы аралығында Анкарада, 
1992  жылы  22  маусымда  Мюнхенде,  1992  жылы  қараша  айының  26-27-і  күндері  Анкарада,  1993 
жылдың  21-23  наурыз  күндері  Анталияда  Түркия  және  посткеңестік  түркі  мемлекеттерінің 
ғалымдары  кездесу  өткізіп,  ортақ  әліпби  мен  орфография  мәселесін  ұзақ  талқылайды.    1993  жылы 
қыркүйектің  22-26-ы  күндері  аралығында  Түркияның  мәдениет  министрлігі  ұйымдастырған, 
Анкарада  өткен,  Түркия,  Қазақстан,  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Әзербайжан  және  Түрікменстан 
мемлекеттерінің  тіл  мамандары  қатысқан  конференцияда  ортақ  жазудың  оң  және  теріс  жақтары 
талқыланады.  Күн  тәртібінде  бір  ғана  мәселе  –  түркі  халықтарын  тек  Түркияда  ғана  қолданылып 
отырған латын әліпбиіне негізделген ортақ жазуға көшіру болды. Мамандардың талқылауы мен пікір  
алысуынан  соң,  түркі  халықтары  үшін  бұл  әліпби  ортақ  және  өздерінің  тілдік  ерекшеліктеріне 
байланысты  өзгертулер  енгізуге  болатындай  келісіммен,  ғылыми  негізде  жасалған  34  әріптен 
тұратын  әліпби  жүйесі  қабылданады.  Осыдан  кейін  Өзбекстан,  Әзербайжан,  Түрікменстан 
мемлекеттері  біртіндеп  жаңа әліпбиге көшті.
 

57 
 
Тіл  комитеті  тарапынан  ұйымдастырылып,  ғалымдардан,  әдебиет  және 
өнер,  қоғам  қайраткелерінен,  мемлекеттік  мекемелер  өкілдерінен  құрылған 
комиссия  қазақ  жазуын  латын  графикасына  көшіру  бойынша  келіп  түскен 
жобаларды сараптау жұмысын бастап кетеді. 
1995  жылы  март  айында  Қазақстан  халықтары  ассамблеясының  бірінші 
сессиясында Н. Назарбаев латын графикасына өту мәселесі қоғам мен мемлекет 
назарынан  тыс  қалмау  қажеттігін  қозғағанымен,  не  үкіметке  не  басқа 
мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берген жоқ. 
Ал  2007  жылы  27  ақпанда  Қазақстан  Республикасы  Президенті 
Каталог: docs -> vestnik
vestnik -> С. А. Жиренов Бас редактордың орынбасары
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
vestnik -> «Арнайы педагогика» сериясы Серия «Специальная педагогика»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет