Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата24.03.2017
өлшемі2.27 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

Түйін 
Татаринова Ғ.Ш. - доцент, б. ғ.к., Ходжиков А.В. - магистрант, bonellya@yandex.ru., Абай атындағы ҚазҰПУ 
Психосоматикалық ауытқулармен олардың пайда болу механизмдерін зерттеудегі биорезонанстық 
Бүл мақалада психосоматика мәселесі бойынша негізгі аспектілер және жетекші ғалымдар көзқарасы қарасты-
рылған. Ұзақ мерзімдегі күйзеліс салдарында адамның психо-эмоционалдық жағдайы мен ағзадағы потологиялық 
өзгерістер пайда болуы арасындағы байланыс анықталған. Сонымен қатар қазіргі заманғы медицинадағы мәселеле-
рін ықтимал шешімі, «кенеттен» пайда болған ауруларды профилактика, болжамдау және емдеу аясында бүл сүрақ-
ты кейінірек зерттеу қажеттілігі туралы қорытындылар келтірілген, био-резонанс диагностика пайдалана. 
Түйін сөздер: психосоматика, соматопсихалогия, психо-эмоционалдық күйзеліс, психосоматоздар, психикалық 
фактор, күйзеліс туралы оқу, қалыпты бейімделу күйзелісінің синдромы, медициналық дәрі-дәрмектің биоинформа¬ 
тика, вегетативті-резонанстық диагностика 
Summary 
Tatarinova G.Sh. - docent, candidate biological sciences, Hojikov A. - magistrant, bonellya@yandex.ru. 
Kazakh national pedagogical university of a name of Abay 
Study problems of psychosomatic diseases and consideration of bio-resonance diagnostics as a potential method study 
of their formation 
This article describes the main aspects and views of leading scientists on the issue of Psychosomatics. I presented and 
analyzed the various facts taken from scientific works of domestic and foreign scientists: psychologists, medics and biologists. 
As a result of the analysis, an association between psycho-emotional state of the person and the occurrence of pathological 
changes in the body, against the backdrop of prolonged stress. Also , conclusions are made about the need for further study of 
this issue for a possible solution to the problems of modern medicine , prevention, prognosis and treatment of "spontaneously" 
emerging diseases using bio-resonance diagnostics methods . 
Keywords: Psychosomatics, somatopsihologiya, psycho-emotional stress, psychosomatics diseases, mental factor, the 
doctrine of the stress syndrome, chronic stress adaptive, medicine of bioinformatics, vegetative-resonant diagnostics 
ӘОЖ 599.224 
ҚАРҚАРАЛЫ ҰЛТТЫҚ САЯБАҒЫНДАҒЫ СЕКІРГІШ ҚОСАЯҚТАР 
Д.Ұ. Сексенова - ага оқытушы, 
Р.Ж. Жүнісова - ага оқытушы, Абай атындагы ҚазҰПУ, Алматы қаласы 
Бүл мақалада Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық саябағында көп кездесетін сүтқоректілер класына жататын кеміру-
шілер отрядының өкілі секіргіш қосаяқтар туралы айтылған. Ұлттық саябақта сүтқоректілердің 45 түрі тіршілік етсе, 
оның 20-дан астам түрін үсақ сүтқоректілер тобы қүрайды. Сүтқоректілердің арасында ең көп кездескен кемірушілер 
отрядының өкілдері. Сүтқоректілердің 4050 түрі болса, оның 2800 түрі кемірушілер, яғни 40 пайызы. Ал қүрамы 
жағынан кемірушілердің көптеген түрлері мыңдаған особьтардан түрады. ТМД елдерінің территориясындағы фауна-
ларда кемірушілердің түрі сүтқоректілердің жартысынан көбін қүрайды. Ал, Қазақстанда кемірушілердің 17 түқым-
дастың 82 түрі кездеседі. Олардың көптеген түрлерінің ондатра, тиін, суыр, саршүнақтардың кәсіптік маңызы бар. 
ТМД елдерінде қосаяқтың 18 түрі, ал Қазақстанда 16 түрі тіршілік етеді. Көпшілігі жартылай шөлді, шөлді аймақтар-
да, аздап Қазақстанның дала аймағында кездеседі. Қосаяқтар биоценозда бірқатар қызмет атқарады, яғни көптеген 
шаруашылық маңызы бар. Олардың ін қазуы топырақты қопсыту процесін атқарады. Қосаяқтардың зиянды жақтары 
да көп. Кемірушілердің көптеген түрлері тәрізді қосаяқтар ТМД елдерінің кейбір аудандарында егістік және 
жайылым жерлердің зиянкестері болып табылады. Секіргіш қосаяқтар экологиясы жайлы көптеген жүмыстар белгі-
лі, бірақ олар басқа ареалдағы жүмысқа жатады. Орталық Қазақстан туралы мәліметтер аз. Бүл түрдің экологиясы 
жайлы толық айтылмаған. Орталық Қазақстандағы секіргіш қосаяқтар тасты, топырақты жусанды, таулы, қарағайлы 
орманды аймақтарда тіршілік етеді. Орталық Қазақстанда тіршілік ететін секіргіш қосаяқтардың популяциясын 
күзде жас особьтар популяцияның 60 пайызын, екінші жылғылар 30 пайызын, үшінші жылғылар 10 пайызын қүрай-
ды және секіргіш қосаяқтардың көбеюі көктем, жаз айларында өтеді. Аналықтары жылына бір рет үрпақ береді. 
Популяцияның тығыздығына байланысты, оларда жас үрпақтар саны реттеліп отырады.Секіргіш қосаяқтардың 
биоценоздағы рөлі ерекше. Зиянды насекомдардың жауы және өзі жыртқыштардың, қүстардың қорегі болып 
табылады. Сонымен қатар, қосаяқтар қауіпті аурулар тасымалдаушы. Жануарлар мен адамдарға қауіпті оба, туляре¬ 
мия, қүтыру ауруларын тасымалдаушы болып табылады. 
Түйін сөздер: Экожүйе, популяция, биоценоз, особь 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
57 
Қарқаралы мемлекеттік Ұлттық саябағы аумағында 190 омыртқалы жануарлар тіршілік етеді. 
Олардың 45 түрі сүтқоректілер, 122 түрі құстар, 6 түрі бауырымен жорғалаушылар, 2 түрі қосмекенділер 
және 15 түрі балықтар (сазан, алабұға, маринка, шортан, чебак және өзге де балықтардың түрлері бар). 
Қарқаралы мемлекеттік Ұлттық саябағы аумағында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 
енгізілген жануарларға мыналар жатады. Арқар, елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала 
сұржыланы. 
Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, борсық, ақкіс, сілеусін мен қабан жерсіндірілген. 1940 жылға дейін 
Қарқаралы мемлекеттік Ұлттық саябағы аумағында аюлар да кездескен. Ең ірі сүтқоректілерге қабан, 
марал, сібір елігі, арқар, бұғы жатады, сондай-ақ Ұлттық бақ аумағында ең кіші сүтқоректілерде кең 
таралған. 
Кемірушілер (Rodentia) отрядына майда және орта денелі жануарлар жатады. Отрядта 40 тұқымдасқа 
топтасатын 2800-ге жуық түр бар. Жершарына кең таралған. Біздің республикада 17 тұқымдастың 82 түрі 
кездеседі. Соның ішінде кең таралғаны қосаяқтар (Allactagidae) тұқымдасы. Үлкен, орта және кіші көлем-
ді болып келеді. Артқы аяғы өте ұзын және 4 немесе 5 саусағы бар жақсы дамыған. Түрі  С е ^ г и л қосаяқ -
Тушканчик-прыгун (Аllactaga sibirica Forster, 1778). 
Секіргіш қосаяқ өзінің орташа көлемімен сипатталады. Бес саусақты аяқтары қатты құм топырақта 
жүруге икемделген.Үлкен қосаяқ пен Северцев қосаяғының саусақтары жалаңаш, тықыр болса, секіргіш 
қосаяқтың саусақтары қоңыр түкті болады. Құйрығы ұзын, ұшында айқын көрінетін <<жалаушасы>> бар. 
Қара жалаушаның алдында ені 30-дай ақ сақина бар. Денесінің жоғары жағының терісі алақұм түстес. 
Бүйірі ашық сұр немесе сары сұр түсті. Денесінің төменгі жағы ақ. Белінің төменгі жағында құйрығының 
түбіне қарай кішірек ақ дақтармен ерекшеленеді. Артқы аяқтарының табандары тығыз және әр түске 
боялған түктермен жабылған. Құйрығы ұзын, ақ - сұр түсті түктермен көмкерілген. Жалаушаның негізгі 
бөлігі - қара. 
Секіргіш қосаяқтарды зерттеудің мақсаты біріншіден инфекциялық аурулардың алдын алуда олардың 
биологиялық ерекшеліктерін білу маңызды. Екіншіден шамадан тыс санының артуына жол бермеу болып 
табылады. Секіргіш қосаяқтардың мекен ететін жерлерінің солтүстік шекарасы Қазақстанда Орал 
өзенінің төменгі ағысы, Ақтөбе облысы, Ұлытау арқылы өтеді. Қарағанды облысы арқылы Павлодар 
облысына, одан әрі Семей арқылы Алтайдың Қалба атырабының батысы мен оңтүстік-батысы арқылы 
Зайсан ойпатына өтеді. 
Оның таралуының оңтүстік шекарасы Үстірт арқылы Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына 
кетеді. Секіргіш қосаяқтардың Сырдарияның сол жақ жағалауында өмір сүруі талас туғызады. Сонан 
кейін шекара Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысы арқылы өтеді. Секіргіш қосаяқ Мойынқұмда, 
Жаркентте, Текес және Кеген өзендерінің жоғарғы ағысында, Балқаш-Алакөл ойпатында таралған. 
Қазақстанның оңтүстік - шығысында секіргіш- қосаяқтар солтүстік- шығысына қарағанда кем емес. 
Үстіртте секіргіш-қосаяқтар сазды және құмды биотоптардың бәрін мекендейді, бірақ ең көп кездесе-
тін жерлері эфемерлер көп жерлер. Үстірттің кейбір аудандарында бұл қосаяқтардың саны 1961 жылы 1 
шақырым авто есепте 0,5 экземплярдан келген. Ол Қызылқұмның солтүстік - батысында да кездеседі [1, 
14-15б.]. 
Аралдың солтүстігінде қосаяқ сазды, жартылай сазды және жартылай құмды жерлерде көптеп 
кездесіп, бетеге өсінділерінде кездеспейді. Бұл жерлерде олар үлкен қосаяқтармен бәсекелес келеді. 
Олардың санының көп болуы жартылай шөлейт жусанды және жусанды-эфемералық топтарда орта 
есеппен 10 шақырым автоесепке 0,3-тен келеді. Бұталы топтарда 10 шақырымға 1,1 особьтан келген. Ең 
көп кездесетін жері 1 шақырымға 4 особьтан келген. 
Орталық Қазақстанда бұл кеміргіш тасты, далалы, аздаған жусанды- бұталы жерде кездеседі. Кейде 
теңіз деңгейінен 1000 метр жоғары тау басында кездеседі. Бірақ, бұл түрдің мекендеуі қашанда елеулі 
емес еді. Телекөл өзенінің ойпатында 1 гектар жерде 1-2 ғана кездеседі. Сарысу өзенінің жусанды 
шөлейтінде 2 гектар жерде 1 ғана кездеседі. 
Секіргіш қосаяқтар Бетпақдалада, әсіресе Сарыарқада күнделікті кездеседі. Бетпақдаланың солтүстік 
бөлігінде ол Мойынты, Жаңарқа, Бүркітті тауларында ауланған. Сондай-ақ «Қарқаралы Ұлттық саяба-
ғында» да олар тұрақты кездесіп отырады. Қазіргі кезде ұсақ сүтқоректілерді биоиндикатор ретінде қарау 
жиі қолданып жүр. Зерттеулердің нәтижелері бойынша олар басқа жерлермен салыстырғанда қорғалатын 
режимді жерлерде індерінің саны 5-7 пайыз жоғары болған. 
Қазақстанның солтүстік-шығысында секіргіш қосаяқтар үлкен қосаяқтармен бір биотопта кездеседі. 
Шыңғыстау жотасы бойында және Қарқаралыға қарай солтүстікте 108 шақырым бағытта 20 қосаяқ 
кездескен, оның 16-сы ауланған. 700 тұзақпен 31 аң ауланған. 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
58 
Қазақстанның оңтүстік-шығысында секіргіш қосаяқ әртүрлі экспозициялардағы, мысалы, Кетменнің 
таулы аудандары мен Кеген жазықтығында кездеседі. Бұл қосаяқтардың індерін Кеген асуының бөлікте-
рінде, Бұғыты тауларында, Сарыөзек станциясының маңында да кездескен. 152 шақырымдық бағытта 43 
қосаяқ кездесіп, оның 34-і ауланған, 650 тұзақпен 16 аң ауланған. 2008 жылы Іле өзенінің оң жақ 
жағалауында қоңырөлең жазығында 100 қақпаннан 29 қосаяқ ауланған. 
Секіргіш қосаяқ қосаяқтардың аралас қоректенетіндер тобына жатады, олардың қорегінің құрамында 
барлық қорек бірдей кездеседі.Аралдың солтүстігінде тіршілік ететін секіргіш-қосаяқтың қорегі негізінен 
насекомдар, өсімдіктердің тамырлары, көкшөп, дәндер. Қазақстанның оңтүстік-шығысында бұл аңдардың 
қорегінің басым көпшілігі жаз уақытында негізі дәнді дақылдар болады. 
Шығыс Қазақстанның Өскемен мен Орталық Қазақстанның Қарқаралы ауданында, Жаңарқа 
станциясы маңайында, Сарысу өзенінің жоғары аймағында А.Б. Бекенов пен М.И. Исмагулов тексерген 8 
қосаяқтың қарнында өсімдіктер дәні мен жапырақтардың, ұсақ қоңыздар мен құмырсқалардың қалдықта-
ры кездескен. Өсімдіктердің дәні мен жапырақтары бірдей мөлшерде кездескен, ал жауартектес 25 
пайыздай кездескен. Қосаяқтардың қоректенетін өсімдіктерінің тізімі өте көп. 
Секіргіш қосаяқтар, басқа да ірі факультативті ұйқыға кететіндер түріне жатады. Олардың ұйқыға кету 
және ояну мерзімдері бізді қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайына, оның ішінде жерге қардың 
түсуіне байланысты. Ұйқы ұзақтығы негізінен 4 айға созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында 
қосаяқтың ұйқыдан оянуы негізінен наурызға келеді, ақпанда оянуы өте сирек. Ұйқыға кету мерзімі 
қазанның аяғы, қарашаның басы [2, 38-42 б.]. 
Орталық Қазақстанда ұйқыға кету мерзімі қарашаның басы. Жекелеген жылдары қосаяқтар қазанда 
ұйқыға кетеді. Аңдар негізінен түнде шығады, індерінен күн батқан соң, 20-50 минуттан соң шығады, 
көктем мен күзде жазға қарағанда кешірек шығады. Қатты жел кезінде де кеш шығады. Қосаяқтың сыртта 
жүру уақыты шамамен 5-6 сағатқа тең, бірақ бұл уақыттар әр маусымда әртүрлі және метеорологиялық 
жағдайға байланысты. Қосаяқтың інінен ұзау радиусы 90 метр. Жүгіру жылдамдығы 80 м/сек. 
Секіргіш қосаяқтардың максималды өмір сүруі 3-4 жыл. Қосаяқтар індерінің екі түрі кездеседі жаздық 
және қыстық. Орталық Қазақстан жағдайында қосаяқтың жазғы ініне кірер аузы күндіз ашық болады. 
Індер тереңдігі жердің бетінен 30-40 сантиметр төмен болады. Кірер аузының тесігі 5-7 сантиметр. Әрбір 
тұрақты інге бірден уақытша індер болады. Олардың барлығы өзара 200-300 метр қашықтықта орналас-
қан, бірақ кейбір жерлерде 25 метр көлемге 5-6 іннен келеді. Іннің кірер аузының диаметрі 10 сантиметр 
болады және ол ұя камерасына ешбір бұрылыссыз тік апаратын жалғыз жол. Кірер ауыз жолдың ұзынды-
ғы 70-150 сантиметр болады. Камераға құрғақ шөп төселеді және 20-50 сантиметр тереңдікте орналасады. 
Кейбір індерде қосымша кіші індер және қосымша шығар тесіктер болады. Әрбір қосаяқта ең көбі 3 ін 
болады. 
Солтүстік Аралда қыстап шыққан аналық қосаяқтар жылына екі рет ұрпақ береді, бірінші ұрпақ екінші 
ұрпаққа қарағанда мөлшері үлкен болады. Бұл түрдің ең көп туу саны жетеу болады. Жас қосаяқтар 
ұрықтануға қатыспайды. Арал маңындағы Қарақұмда буаз қосаяқтарды сәуірден маусымға дейін, ал 
балаларын қоректендіретін қосаяқтар жаздың барлық уақытында қыркүйектің басына дейін кездеседі. 
Бұл түрдің шағылысуы кеш және ұзақ жүреді. Буаз болу ұзақтығы 20 күндей. Оңтүстік-Шығыс 
Қазақстанда буаз қосаяқтар сәуір мен шілде арасында, ал балаларын қоректендіретін қосаяқтар тамызда 
кездескен. Кейбір қосаяқтар екі рет ұрпақ береді [3, 27-31б.]. 
Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның биік тауларында және Солтүстік-Шығыс аудандарында, Шығыс 
Қазақстан облысында секіргіш қосаяқтардың көбеюі 15-20 күнге созылады. Бұл түрдің көбеюінің ұзаққа 
созылған бір мерзімі болады. Жыныстық құрылысының жетілуі қоршаған ортаға байланысты. 
Секіргіш қосаяқтың негізгі жаулары жыртқыш құстар мен аңдар. Соның ішінде қарсақ, түлкі, жабайы 
мысықтар секіргіш қосаяқтардың негізгі жаулары. Кейде иттердің жемтігі болады. 
Алматы облысында, Қырғызстанда кездескен қосаяқтарда Ophtalmapsylla туысына жататын бүргелер 
кездескен. Ішкі паразиттерге жұмыр құрттар туысына жататын Phys alopteva және Physalocephalus, 
аралық иесі Scavabeidae тұқымдасына жататын қоңыздар жатады. 
Қазақстанда бұл қосаяқтардың аз кездесуіне байланысты эпизоотологиялық маңызы байқалмаған. 
Забайкалда кездесетін секіргіш қосаяқтар оба ауруын жылдам қабылдайды. 
Секіргіш қосаяқтың эпизотологиялық маңызы және оның оба ауруын қабылдауы туралы ертеден 
белгілі, обаға шалдыққан қосаяқты 1988 жылы зоолог Л.А. Бурделов Арал маңында кездестірген. Олар 
сонымен қатар патогенді микробтарды тасымалдаушы болып есептеледі. Ол микробтар псевдотуберку¬ 
лез, ішек персиниозы, сальмонеллез және тағы басқа инфекциялық ауруды қоздырушы болып табылады 
[4, c. 105]. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
Секіргіш қосаяқтар ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіруі мүмкін. Оңтүстік-Шығыс 
Қазақстанда үсталған қосаяқтардың әрбір үшеуінен бидай дәні табылған. Моңғолия, Забайкалдың кейбір 
жерінде егілген қияр дәніне, жаңа егілген қарақат, картопқа зиян тигізеді. Секіргіш қосаяқтар қауіпті 
насекомдарды жеп пайда келтіреді. 
Орталық Қазақстандағы секіргіш қосаяқтардың ұйқыға кетуі 4-5 айға созылады. Наурыздың соңында, 
сәуірдің бас кезінде, кейде одан да ертерек оларды жер бетінен көруге болады. Бірақ кейбір жылдары ауа-
райының өзгеруіне байланысты, бірінші кезекте А.Б. Бекенов және М.И. Исмагиловтың зерттеуіне 
қарағанда, қар қабатына тәуелді болады. 
Орталық Қазақстандағы секіргіш қосаяқтардың активтілігі күн батқан соң басталады. Бірақ секіргіш 
қосаяқтардың іннен шығу уақыты маусымға байланысты өзгеріп отырады. Көктемде сәуір айында 
секіргіш қосаяқтар күн батқан соң 20 минуттан кейін кездестіруге болады. 
Тәуліктік активтілігі орташа 8 сағатқа (±30минут) созылады. Басқа особьтарға қарағанда, буаз және 
балаларын емізіп жүрген қосаяқтар кеш інінен шығады. Қосаяқтар таңертеңгі сағат 5 және 6-ның кезінде, 
яғни күннің шығуына 30-40 минут қалғанда індеріне кіреді. Жазда (маусым, шілде) қосаяқтар індерінен 
кештеу шығады. Күн батқаннан кейін 40 минуттай өткенде, яғни сағат 23
00
-де оларды жер бетінде көруге 
болады. Жаздағы тәуліктік активтігі орташа 6 сағатқа (±30 минут) созылады. Індеріне кіру уақыты 
таңертеңгі сағаты 4
30
-да және 5 шамасында. Күзде қазан айында қосаяқтар індерінен жазғы уақыттағыдай 
шығады, бірақ індеріне басқа маусымдарға қарағанда 60-80 минут ерте жатады. Орташа активтілігі 6 
сағат 30 минут (±30 минут). 
Атап өту керек, жас қосаяқтарды таңертеңгі күн шығып түрған кезде және күндізгі уақытта да 
кездестіруге болады. Жазда бүл жас особьтар өзіндік өмір сүруді бастайды. Ал күзге қарай жас особьта-
рымен бірге ересектерін де күндіз көруге болады, себебі олар қысқа үйқыға жату үшін денесіне керекті 
май жинай бастайды және температураның төмендеуі де әсер етеді [5, 159 p]. 
Қорыта келгенде, инфекциялық аурулардың алдын алуда, патогенді микробтарды тасымалдайтын , ол 
микробтар псевдотуберкулез, ішек персиниозы, сальмонеллез және тағы басқа инфекциялық аурулардың 
қоздырушы болып табылатындықтан қосаяқтылар туралы мәліметті білудің адамның денсаулығы үшін 
үлкен маңызы бар.Сонымен қатар қосаяқтылар жайлы кейінгі деректер мен ғылыми жүмыстарда олардың 
биологиясы, экологиясы туралы кейбір мәселелер әлі де болса зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екенін 
айта кеткеніміз жөн. 
1 Демеуов Ж.Д. Қазақстан фаунасы. (Омыртқалы жануарлардың анықтамасы.) - Алматы: «Абай атындагы 
АлМУ», 1995. - 236 б. 
2 БекеновА.Б., Есжанов Б., Махмутов С.М. Қазақстан сүтқоректілері.-Алматы: «Ғылым», 1995. - 280 б. 
3 Бекенов А.Б., Грачев Ю.А., Мазин В.Н., Шубин В.И. Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. 
Позвоночные животные.авторы раздела «Млекопитающие - Алма-Ата: Наука, 1989. - 215 с. 
4 Попов Ю.Г. Каркаралы. - Алма-Ата: Кайнар, 1981. - 226 с. 
5 Vitt L.J., Caldwell J.P. Herpetology. An Introductory Biology of Amphibians and Reptiles. - Academic Press, 2014. -
757p. 
Резюме 
Сексенова Д.У. - ст.преподаватель, 
Жунусова Р.Ж. - ст.преподаватель, 
Казахский национальный педагогический университет им.Абая. г.Алматы 
Тушканчик - прыгун в Каркаралинском Государственном заповеднике 
В данной статье рассматривается биология и экология тушканчиков, обитающих в Каркаралинском 
Государственном заповеднике. Тушканчики являются представителями многочисленной группы отряда грызунов 
класса млекопитающих. Из 45 представителей млекопитающих, обитающих в заповеднике 20 видов представлены 
мелкими особями этого класса. Представители отряда грызунов самые многочисленные среди млекопитающих. Из 
известных 4050 видов млекопитающих 2800 видов это -грызуны, что составляет 40 процентов. Каждый вид 
грызунов представлен десятками и сотнями тысяч особей. На территории стран СНГ грызуны составляют большую 
половину фауны млекопитающих.В Казахстане выявлено 82 вида грызунов из 17 семейств. Среди выявленных 
грызунов имеются виды, такие как ондатра, белки, сурки, суслики, имеющие промысловое значение.Из 18 видов 
тушканчиков, встречающихся на территории СНГ 16 видов обитают в Казахстане. Основным местообитанием 
тушканчиков является полупустыни, пустыни и степные регионы, где они выполняют определенную роль в 
биоценозе. Тушканчики перемешивая почву во время рытья нор способствуют повышению плодородия почвы. Они 
также являются вредителями посевных площадей и сенокосных пастбищ.В биологии и экологии тушканчиков 
посвящено множество научных работ, но они в большинстве своем выполнены в других регионах. Территория 
Центрального Казахстана изучена слабо, биология и экология обитающих здесь тушканчиков раскрыто не 
59 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
60 
полностью. Необходимо провести исследования каменистых почв, полынных предгорий и лесистой местности. В 
осенний период в популяции тушканчиков прыгунов 60 % составляют особи первого года рождения, 30 % второго и 
10 % третьего года рождения. Самки приносят потомства один раз в год, размножение тушканчиков проходит 
весной и летом. В зависимости от плотности населения осуществляется саморегуляция популяции. Тушканчики 
также являются переносчиками опасных болезней человека и животных, таких как оспа, туляремия и бешенство. 
Ключевые слова: Экосистема, популяция, биоценоз, особи 
Summary 
Seksenova D.Y. - senior teacher s.dana 1971@mail.ru, 
Zhunusova R.Z.- senior teacher rosh 81@mail.ru, 
of Kazakh national pedagogical university after Abay 
Jerboa-jumper Karkaralinsk State Reserve 
This article discusses the biology and ecology of jerboa, found in Karkaralinsk State Reserve. Jerboa are members of a 
large group of unit class mammals rodents. Of the 45 representatives of the mammals in the reserve 20 species represented by 
small individuals of this class. Representatives of the rodent most numerous among mammals. Of the 4050 known species of 
mammals, 2800 species of this -gryzuny, which is 40 per cent. Each species of rodents is represented by tens and hundreds of 
thousands of individuals. In the CIS countries account for more than half of the rodents mammal fauna.Kazakhstan has 
identified 82 species of rodents from 17 families. Among the identified species are rodents, such as muskrats, squirrels, 
marmots, ground squirrels, which have commercial value. Of the 18 species of jerboa, found in the CIS 16 species live in 
Kazakhstan. The main habitat for gerbils is a semi-desert, steppe and desert regions where they perform a role in biocenosis. 
Jerboa mixing the soil while digging holes contribute to the fertility of the soil. They are also a pest of cultivated areas and 
pasture hay.In biology and ecology gerbils subject of many scientific papers, but they are mostly carried out in other regions. 
The territory of Central Kazakhstan has been little studied, biology and ecology of living here gerbils are not fully disclosed. It 
is necessary to carry out studies of rocky soil, sagebrush foothills and woodland.In the autumn period in the population gerbils 
jumpers 60% are individuals first year of birth, 30% the second and 10% the third year of birth. Females give birth once a 
year, breeding gerbils held in the spring and summer. Depending on the density of the population is carried out self-regulation 
of the populationJerboa also are carriers of dangerous diseases of humans and animals, such as smallpox, tularemia and 
rabies. 
Keywords: Ecosystem, population, biocoenosis, individuals 
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет