Хабаршы вестник bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»



жүктеу 2.27 Mb.
Pdf просмотр
бет2/21
Дата24.03.2017
өлшемі2.27 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Резюме 
К.Д. Каймулдинова - д.г.н., профессор, А.А. Жамали - магистрант 2 курса, КазНПУ имени Абая 
Методические аспекты расширения определяемоеҷ моногорода Казахстана 
В статье рассматривается география городов, в том числе анализирована важность исследования моногородов, 
дано разносторонное определение к понятиям «моно», «малый», «моноіфофильный», «моноориентированный», 
анализирована основные особенности городов, которые относятся кмоногородам и напралении развития, основные 
задачи в развитии моногородов Казахстана, рассмотрена актуальная проблема классификациипо функциям моного­
родов в стране.Распространенность потенциальных промышленных городов, наличие благоприятных условий для 
развития малого и среднего бизнеса имеют места для размещения новых производственных мощностей области 
является развитие экономики страны. 
Ключевые слова: моногород, география городов, социальная инфраструктура 
Summary 
K.D. Kaimuldinova - d.geog.s., professor, A.A. Zhamali - magistr is 2 courses, KazNPU named after Abai 
Methodical aspects of enlargement determinableness monocities of Kazakhstan 
The article discusses about the geography of cities, including the analysis of the importance of the research monocities. 
Given the versatility definition for the concepts "mono", "small", "monoprofile", "mono-oriented". Analyze the basic 
characteristics of cities which has a status monocities and direction of development as a monocities, the main objectives in the 
development of monocities of Kazakhstan. Classification of productive activities of monocities in the country is considered as 
an urgent problem.The prevalence of potential industrial cities , the presence of favorable conditions for development of small 
and medium-sized businesses have the space to accommodate new production facilities area is the development of the 
national economy. 
Keywords: one-industry town, urban geography, social infrastructure 
ӘОЖ: 392:521.11 
ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫН МЕКЕНДЕГЕН ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ 
АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КҮНТІЗБЕЛІК ІЛІМДЕРІ МЕН НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ 
Нұршат Жұмабай - редактор, ҚХР, «Шынжаң қыргыз әдебиеті журналы» 
Адамзат өркениетінің қалыптасып дамуынакөшпелі халықтар мәдениетінің үлесі зор. Соның ішінде көшпенді-
лердің аспан әлемі туралы таш>ш-түсінігі, ілімі ерекше. Олай болуына көшпелі тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық шаруа-
шьглығьшьщ әсері мол болды. Мысалы, көнгі-қонды бағдарлауда әр айдың ерекшелігіне, онда туатын жүлдыздарға 
байланысты ауа райы қү_былстарын бағамдап, соған сай әрекет етуге мән берді. Олар аспан шырақтарын пайдаланып 
қана қалмастан, ел өмірі мен өндірісіне байланысты ат қоя білген. Ұлан - байтақ кең далада шаруашылығын шалқы-
тып, күндерін кең табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген 
көшпелі жұрт табиғат қү_былыстарын бақылаудан туған көп жылдық атадан-балаға мирас болып келген тәжірибеле-
рін қорытындылап, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен ілімдер жинаған қал^ттаст^ірд^і. Бұл 
ілімдер ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, дамытылып, байыгылып отырды. 
Түйін сөздер: көшпенділер мәдениеті, ұлттық шаруашылық, көші-қон, табиғат қү_былыстары, есепші, аспан 
шырақтары, тәңір, ырым, мүшел, мезгіл 
Табиғат құбылыстарының, күн мен түннің, жыл мен маусымдардың, ай жаңалануының айналып келіп 
отыруын жылдар бойы бақылап, есептеп түсіну және оның заңдылығын ашып, тұрмысына пайдалана 
білу көшпелі халықтың шаруашылық өмірі үшін орасан зор маңызы болғаны анық. Олар осы есеп немесе 
күнтізбе, әлде амалдар арқылы төрт маусымдағы көші-қон бағытын, уақытын, малды төлдету, қойды 
қырқу, соғым сою, егін салу, шөп шабу, тіпті отау құрып, отбасы атанудың уақытын да бәрі-бәрін осы 
негізде белгілеп отырған. 
Көшпелі мал шаруашылығын негіз етіп, қосымша егіншілік және аңшылықпен шұғылданған көшпелі 
халықтың барлығына ортақ осындай астрономиялық ілімдердің қалыптасуының тарихы ертеден 


Абай атындагы Қаз¥ПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 

басталып, шаруашылықта, өмірде қолданыс тауып күні бүгінге дейін жетіп отыр. Бұл да көшпенді халық-
тың ілім мен білім теңізіне құйған бұлақтай таза дүние танымы еді. Осындай дүние танымы жақсы 
дамыған және әлі күнге тұрмыста ұмыт болмаған халықтың бірі - қырғыз халқы. Қырғыздар ерте заман-
нан-ақ астрономиялық білімдерді меңгеріп, өз өмір тәжірибелерімен байытып, толықтап, ұрпақтан-ұрпақ-
қа мирас етіп қалдырып келген. Олар есте жоқ ескі заманның өзінде ауа райы өзгерісін бақылап, жылдың 
төрт мезгіліндегі табиғат құбылыстарын бағалап отырған. Сол арқылы төрт түлік малдың әр мезгілдегі 
өріс-қонысының жайлы болуын, табиғи апаттарынан аман-сау өтуін, мал басының көбейуін қамтамасыз 
еткен. Олар бұл білімдерін егіншілік, аңшылық және соғыс жағыдайында да пайдаланып отырған. 
Табиғат қубылстарын бақылап, оның өзгерісін қадағалап отыратын адамдарды «Есепші» деп атаған. 
Есепшілер ғарыш кеңістігіндегі планеталарды бақылау арқылы олардың өзгерісін, жер бетіне жасайтын 
әсерін алдын ала сезіп, біліп, ел-жұртты хабардар етіп отыратын болған. 
Қырғыздар көмкеріліп тұрған көк аспанның сұлулығына тамсанып, табиғат аясында еркін өмір сүрген 
халық болғандықтан табиғат сырына үңіліп, зерделеуді дәстүрге айналдырған. Әсіресе, түнгі жұлдызды 
аспанды зерделеуге айрықша көңіл бөлген. Сол арқылы жұлдыздарға ат қойып, орнын бағамдай білген. 
Мәселен: 
Үркер, 
Толтойдың огы, 
Үш арқар, 
Жетіген, 
Кіші жетіген, 
Алтын қазық 
Қосақталған қос бұзау, 
Сары жұлдыз, 
Шолпан (Венера), 
Балбылдақ, 
Шышңылу (Меркурй), 
Сабан жол, 
Ай, 
Күн, 
Көрген саба сияқты. 
Ел аралық астрономияда «Үлкен аю» деп аталған 7 жұлдызды қырғыздар «Жетіген» деп, «Кіші аю» 
деп аталған жұлдызды «Темір қазық» деп, оның жанындағы қос жұлдызды және Темір қазыққа ұласқан 
қатар үш жұлдызды «Арқандаған ат» деп, Тараза жұлдыз бен Үш арқасындағы жұлдызды «Мерген 
мылтығы мен ит» деп атаған [1]. 
Қырғыздар Үркер жұлдызы мен Айдың жақын келу өзгерісіне өте көңіл бөлген. Бұны Тоғол (Тоғал) 
деп атаған. Әр бір айдың Үркермен тоғасатын белгілі бір күні бар. Бұл күндер жайсыз болып, жауын-
шашынды, қарлы боранды болып отырған. Өмір зая (Сары жұлдыз) жоғары туса көктем ұзарады, жұт 
болады. Егер төмен туса жақсылық деп есептеген. 
Көктемде күннің алғашқы күркіреуін бақылап, оны жылдың жақсы-жаман келуімен байланыстырып 
отырған. Немесе түрлі ырымдар істеп тілеу тілеген. Мысалы, алғашқы күн күркірегенде жасы үлкен 
әйелдер бір шелекті қолына алып шөмішпен даңғырлата қағып «жер жарылып көк шық, желін айрылып 
сүт шық, дамбыр таш, дамбыр таш» - деп үш қайтара дауыстап, үйді үш рет айналатын болған. Сөйтіп 
Тәңірден егін, шөп, сүттің мол болуын тілеген. Бұл жаратылысқа табынудан келіп шыққан салт болып, ел 
арасында дамбыр таш(тас) жыры қазірге дейін сақталып қалған. Көктемде алғашқы күн тау жақтан күркі-
ресе таудың етек жағы құрғақшылық болады. Егер етек жақтан күркіресе жауынды болып, шөп, егін 
жақсы шығады деп, сол сияқты күннің күркіреуі жылдағы дағдылы мезгілінен бұрынырақ болса, көктем 
ұзарады, ал, ол мезгілінен кейінірек болса, күз ұзарады деп қараған. Міне осындай планеталар мен ауара-
йы құбылстарының өзгерісіне қарай отырып, тәжірибе жасап одан белгілі дәрежеде пайдаланып келген. 
«Күннен құлақ шықса (қораланса) күрегіңді қамда қар жауады, айдан құлақ шықса аяғыңды қамда, 
жаңбыр жауады» - деген тұжырымдар шығарған [2]. 
Сонымен бірге қырғыздар хайуанаттар мен жануарлардың тіршілік құбылысын да бақылап ауа 
райымен ұштастыра, тәжірибе жинап отырған. Жазғытұрым келген қарқара (тырна) аласа ұшса, қымбат-
шылық болады деп, күзде қоңырала қаз бен тырналар ертерек қайтса қыс ерте түседі деп санаған. Түз 
бұғысы күзде әдеттегі мезгілден бұрынырақ үйірге түссе, келер жылдың көктемі ерте шығады. Ал, мезгіл-
ден кешігіп үйірге түссе, көктем созылып малға қиыншылық келтіреді деп санаған. Сол сияқты күзде 
Үркер жұлдызы туған кезде тау ешкі үйірге түседі. Егер Үркер төменірек туғанда үйірге түссе жақсы 
болғаны, онда келесі жыл жаз ерте шығып жайлы болады. Ал бұның керісінше Үркер көтеріліп кеткенде 
үйірге қосылса, бұл жайсыз болады деп жорыған. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 

Қытай тарихындағы Таң патышалық дәуіріндегі жазбаларда және басқа тарихи материалдарда, 
қырғыздар Орта Азияда, түрк ұлттарының ішіндегі күн, ай, мезгіл, жылды, күнтізбені ең ерте қолдана 
білген ұлттың бірі деп жазылған. Қырғыздар бір жылды 12 айға, 3 айды бір мезгілге бөліп, жаз, жай 
(көктем), күз, қыш деп ажыратқан. Байырғы (ежелгі) қырғыздар бір жылды 12 айға мындай бөлген: 
бірінші ай - бас ай, екінші ай - көрүк айы, үшінші ай - көкек, төртінші ай - шілде, бесінші ай - сарыша, 
алтыншы ай - қыркүйек, жетінші ай -мизам, сегізінші ай - қараша, тоғызыншы ай-қазан, оныншы ай-
қаңтар, он бірінші ай -ақпан, он екінші ай -шал айы. Сондай-ақ он екі айдың атын аспандағы 12 шоқ 
жұлдыздың бір жыл ішінде тұңғыш жолы көрінген уақытымен салыстыра отырып атайтын тағы бір түрлі 
атау тәсілі болған. Бұл бойынша бірінші ай -қозы, екінші ай өгіз (уз), үшінші ай -арандыз, төртінші ай -
күшік, бесінші ай -арыстан, алтыншы ай -сұнбұлек, жетінші ай -тараза, сегізінші ай -сазан, тоғызыншы ай 
-жетіген, оныншы ай -ұлақ, он бірінші ай -көбелек, он екінші ай -балық деп жұлдыздардың атымен атаған. 
Бұл күнтізбе көпке дейін қолданылған, кейін тұрмыс шарт-жағдайдың өзгеруіне байланысты басқа аттар 
қойылған. Мәселен, Наурыз айын жаңа жылдың бас айы деп есептеген. Бұлайша есептеуді Қазақстанның 
қазіргі қолданыстағы ай аттарымен байланыстыра қарастыратын болсақ, былайша өрнектеуге болады [3]: 
Жалған құран (Үлкен құран немесе Наурыз), (Наурыз); 
Шын құран (Сәуір); 
Бұғы (Мамыр); 
Қулжа (Маусым); 
Теке (Шілде); 
Бас ауна (Тамыз); 
Аяқ ауна (Қыркүйек); 
Тоғыздың айы (Қазан); 
Жетінің айы (Қараша); 
Бестің айы (Желтоқсан); 
Үштің айы (Қаңтар); 
Бірдің айы (Ақпан). Бұл ай аттары киіктердің ескіше аттары және олардың тіршілік жасауына 
байланысты көріністер мен атаған [4]. 
Қырғыздар мүшел жас есебіндегі күнтізні қазірге дейін қолданып келеді. Бұл жағынан қазақтардың 
мүшел есебімен ұқсас. Мысалы: 
Чычқан (Тышқан), 
Уй (Сиыр), 
Барыс немесе жолборс (барыс), 
Қойон (Қоян), 
Улуу немесе балық (Ұлу), 
Жылан (Жылан), 
Жылқы (Жылқы), 
Қой (Қой), 
Маймыл немесе мечин (Мешін ), 
Тооқ (Тауық), 
Ит (Ит) 
Доңуз (доңыз). 
Қырғыз ұғымында бір адамның мүшеліне толған кезін жасының 13, 25, 37, 49, 63 жастары деп қарайды 
[5]. (Әр мүшелге 12 жылды қосып есептейді). Мүшелге байланысты қызықты ырым сақталған. Жасқа 
келген адам үйіндегі бір ыдысын аяғымен теуіп шағып мүшелін шығаратын болған. 
Жеті күнді бір апта (жұма) деп атап, күндердің атын араб-парсы атауларымен атаған. Ретімен атар 
болсақ [6]: 
Дүйшөнбү (дүйсенбі) 
Шейшенби (сейсенбі) 
Шаршенби (сәрсенбі) 
Бейшенби (бейсенбі) 
Жума (жұма) 
Шенби (сенбі) 
Жекшенби (жексенбі). 
Қырғыздар бір күн-түн ішіндегі мезгілді төмендегідей уақыттарға бөлген: 
Таң қарақшы — таң дұмпейді— таң құланиек атты— таң қылайды— таң аппақ атты— күн шыққан— 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
10 
күн тау-таудың басына тийе бастағаны— күн көтерілген— күн тексі тиген— шәшке— ұлы шәшке— 
жалған түс— шақ түс— түс қыйа— түс ауған— сарт бешім— қырғыз бешім— ала көлеңке— 
намаздыгер— күн батар— күн батқанда (Намаз шам) — бұрыл (кісі көрінер-көрінбес) — ел аяғы 
басылар— намаз құптан— тамақ ішер— тамақты тегіс ішкен— ел жатар— ел тегіс жатқанда— ұйықыға 
кірерде— тегіс ұйықтағанда— ауыр ұйқы— түн ортасына жақын— түн ортасы— түн ортасы ауғанда— 
таңға жақын. Бұлардан бөлек уақытты «насыбай атым», «бие сауым», «ет пісірім», «шай қайнатым», 
«жарым күн», «түс жарым», «бір күн», «күні-түн» сияқты мөлшерлік мәндермен де белгілеген [7]. 
1 Мәмбетқазы Емінәлі. Торқалы той топырақты өлім - Үрімжі: «Шинжяң халық» баспасы, 1997. 
2 Белек Солтоноев. Қызыл қыргыз тарйхы - Үрімжі: «Шинжяң халық» баспасы, 2000. 
3 Гүлбара Орозова. Қыргыздардыц ұлттық мәдениеті - Бішкек: «Биіктік» баспасы, 2010. 
4 Іле қыргыздары - Үрімжі: «Шйнжйаң халық» баспасы, 2004. 
5 Іле қыргыздарынъщ дәстүрлі мәденйеті - Үрімжі: «Шинжяң гылым-техмика» баспасы, 2004. 
6 «Іле тарихи материалдары» топтама жинақ (11-15) - Іле, 2011. 
7 Қайрат Тоқонбай, Мәмбеттұрды Мәмбетақұн. Қыргыздардың гылым-техника мәдениеті - Үрімжі: 
«Шинжяң гылым-техника денсаулық сақтау» баспасы, 2001. 
Резюме 
Нуршат Жумабай - Редактор журнал "Синьцзян-кыргызская литература" 
Астрономиих и календарных учение и веры кыргызского народа проживающих 
в Китайской Народной Республики 
Для формирования и развития человеческой цивилизации большую роль играет кочевая культура народов. 
Кочевники имели глубокое понятие о небесном мире, как о науке. На это оказала огромное влияние кочевая жизнь и 
национальная экономика. Они не только воспользовались небесным светом, а также дали наименования, связанное с 
производством и жизни страны. Кочевые люди сформировали астрономические концепции и доктрины, склоняясь 
на многолетние исследования природных явлений. Эти убеждения передались из поколения в поколение, развива¬ 
лись и обогатились. 
Ключевые слова: кочевой культуры, национальная экономика, миграция, природные явления, звездочет, 
небесные тела, бог, поверье, возраст цикла, сезоны 
Summary 
Nurshat Jumabay - Redactor magazine of "Xinjiang Kyrgyz literature" 
The astronomical and calendar's knowledge and faith of the ^rgyz people living in the People's Republic of China 
The formation and development of human civilization a greater role played by the nomadic culture of the people. Nomads 
had a deep concept of the heavenly world, as a science. On it had a huge impact nomadic life and the national economy. They 
not only took advantage of the light of heaven, and gave the names associated with the production and life of the country. 
Nomadic people formed the astronomical concepts and doctrines, leaning on a long-term study of natural phenomena. These 
beliefs passed down from generation to generation, have developed and enriched. 
Keywords: nomadic culture, the national economy, migration natural events, astrologer, celestial bodies, god, belief, age 
cycle, seasons 
ӘОЖ: 911.3:33 (574) 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ САРАЛАУ 
К.Сарқытқан - Абай атындагы ҚазҰПУ, Елтану және туризм кафедрасы доценті, г.г.к., 
Ш.Б. Сыдық - Абай атындагы ҚазҰПУ, Елтану және туризм кафедрасы, бірінші курс магистранты 
Бұл мақалада халықтың өмір сүру деңгейінің сипаттамасы мен көрсеткіштеріне түсінік берілді. Өмір сүру 
сапасының кейбір көрсеткіштері басты назарға алына отырып Қазақстан Республикасы халқының өмір сүру деңгейі 
әлеуметтік тұрғыда сараланып, республика өңірлері бойынша туылған кезде күтілетін халықтың өмір сүру ұзақтығы-
на талдау жасалды. Кедей түрмыстылардың үлесі бойынша өңіріміз аймақтарға топтастырылып талдау жасалды. 
Халықтың жекелеген топтарының аз қамтамассыз етілуінің басты себептері қараст^ір^ілд^і. 
Түйін сөз: өмір сүру сапасы, өмір сүру ұзақтығы, кедейшілік деңгейі, жұмыссыздық, күнкөріс минимумы 
Халықтың өмір сүру деңгейі - материалдық және рухани игіліктерді пайдалану өлшемдерін білдіретін 
қоғамдық үдерістердегі қалыптасқан белгілі бір талаптар мен нормалар аясынан туындаған әлеуметтік-
экономикалық категория. Ол тіршіліктегі нақты әлеуметтік-экономикалыққажеттіліктерінің жиынтығы-
мен анықталады. Осыған орай, халықтың өмір сүру деңгейінің басты мәселелері мен оны зерттеу қоғам-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
ның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарамастан, әлем елдері үшін басты категория болып 
келеді. 
Экономикалық әдебиеттерде өмір сүру деңгейі туралы нақты қалыптасқан ғылыми теория жоқ. Кейбір 
авторлар өмір сүру деңгейін адамдардың өмір тіршілігін анықтайтын әр-түрлі жағдайлардың жиынтығы 
ретінде қарастырып келеді. Алайда, «Өмір сүру деңгейін» экономикалық зерттеу обьектісі ретінде оның 
басты міндеттері деп келесілерді атап өтуге болады. 
- Адамның өмір сүру сапсын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау (салауатты өмір сүру салтын жүргі-
зу қабілеті, білім алу мүмкіншілігі, лайықты өмірге жеткілікті табыс көзі және жоғарғы кәсіби білім); 
- Атаулы және нақты табыстарды анықтау; 
- Халықтың баспанамен, ұзақ қолданылатын тұтыну игіліктерімен қамтамасыз етілуі; 
- Әлемнің әр түрлі елдеріндегі өмір сапасы мен оның деңгейін бағалау арқылы мемлекетаралық 
салыстыру жүргізу; 
- Аталмыш сала саясатын қалыптасыру үшін өмір сүру деңгейін зерттеу. 
Халықтың өмір сүру деңгейін анықтауда халық санын зерттеудің маңызы зор. Бұл Қазақстан секілді 
жер аумағы кең, халқы аз елдер үшін тіптен маңызды. Статистика агенттігінің деректері бойынша 2014 
жылдың бірінші наурызындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 17 млн. 207 мың адам болып, 
халық тығыздығы 6 адамды құраған. Географиялық орналасу бойынша қалалықтар - 9 млн. 479 мың 
(55%), ал ауыл тұрғындары - 7 млн. 728 мың (45%) адам. екі ай ішінде елімізде халық саны 42 мың 400 
адамға артқан. Ал, он екі айдың ішінде еліміздің халық саны 253 мың адамға, яғни, 1,5 пайызға өскен. 
Халық санының өсімі бар да, сонымен бірге өмір сүру деңгейінің дамуы бар. Өскен халық санының 
көрсеткіші өмір сүру деңгейінің жақсы екендігін көрсетпейді. Жоғары да атап өткеніміздей өмір сүру 
деңгейін халықтың нақты әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерінің жиынтығы көрсетеді. Ал ол үшін 
әллеуметтік-экономикалық саралау зерттеу жұмыстарын жасау керек болады. 
Әллеуметтік-экономикалық саралауда бастысы халықтың табысы бір фактор ретінде зерттеледі. 
Себебі, табыстардың саралануы халықтың тауарлар мен қызыметтерді тұтыну өресі мен өзара айырма-
шылықтарын көрсетеді. Дамушы елдерде табыстың төмен немесе жеткіліксіз болуы олардың материал-
дық игіліктерді қалыптасқан әлемдік өлшемдерге сай тұтынуына мүмкіндік бермейді. Мысалы,  Б ¥ ¥ - н ы ң 
Даму бағдарламасы бойынша 2013-жылғы 199 елдің азаматтарының орташа жас ұзақтығы рейтингісі 
мәліметінде Қазақстан 138-орын алған. ҚР Статистика агенттігі мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанда 
2013 жылы туған ұл баланың жас ұзақтығы - 64,84, қыз баланың жас ұзақтығы 74,33 жас болады деп 
күтілген. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректері бойынша, дәл осы жылы табысы жоғары 
елде туған ұл баланың орташа өмір сүру жасы - 76 болса, қыз баланың жас ұзақтығы - 82 жас. Яғни 
қазақстандық ұл балалар ауқатты мемлекеттердегі замандастарына қарағанда - 11 жыл, қыздар 8 жылға 
кем ғұмыр кешпек. 
1-сурет. Қазақстан Республикасының Туылған кезде күтілетін халықтың өмір сүру ұзақтығы 
(2000-2014 жж.) 
71 
70 
69 
6S 
67 
65 
63 
69 
/И, 
6 1 .. * 
68 
1,-,
 68 
6 8  9S
 4 
„ A 
> < 
66  8 6 
66 
67 
3-1
 І 
Ү 
65 
45 
7 6
  6 5 
9 5
 65 
66 
74 
06 * 
15
 № 
2000 2001  » 0 2 2003 2004 200S 2006 2007 200S 2003 2010 2011 2012 2013 
• Туылған кезле ДГЛ&іқтың күтілеіічev.io суру ұзақтмғы 
Дерек көзі: ҚР Статистика агенттінің мәліметтері бойынша автор өзі құрастырған 
Мемлекеттің әл-ауқаты мен демографиялық ахуалының арасында байланыс бар екенін барлық 
11 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
Өңірлер 
Күтілген жас 
Өңірлер 
Күтілген жас 
Астана қаласы 
74,29 
Батыс Қазақстан облысы 
70,21 
Алматы қаласы 
73,65 
Павлодар облысы 
70,19 
Маңғыстау олбысы 
71,68 
Жамбыл облысы 
69,73 
Ақтөбе облысы 
71,10 
Қостанай облысы 
65,59 
Алматы облысы 
70,71 
Шығыс Қазақстан облысы 
69,49 
Оңтүстік Қазақстан облысы 
70,69 
Қарағанды олбысы 
68,98 
Атырау облысы 
70,68 
Ақмола облысы 
68,29 
Қызылорда олбысы 
70,62 
Солтүстік Қазақстан облысы 
68,08 
Дерек көзі: ҚР Статистика агенттінің мәліметтері бойынша автор өзі құрастырған 
1-кестеден көріп тұрғанымыздай, туылған кездегі халықтың өмір сүру ұзақтығы ең жоғарғы 
көрсеткіштері Астанада (74,29 жас), Алматыда (73,65 жас), Маңғыстау облысында(71,68 жас). Ал ең 
төмен көрсеткіштері Қарағанды (68,98 жас), Ақмола (68,29 жас), Солтүстік Қазақстан (68,08 жас) 
облыстарында тіркелген. 
Қазақстан Республкасы егемендігін алғалы, халықтың әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына 
бағытталған түрлі бағдарламалар мен ғылыми-зерттеу және саяси жаңғыру жұмыстарын жасап келеді. 
Бұған Елбасының «Қазақстан-2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Қазақстан халқына жолдауын мысал ретінде келтіруге болады. Онда: «Біздің басты мақсатымыз -
әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттылығы. Бұл-қоғамдағы тұрақтылықтың жақсы кепілі. 
Біздің қоғамды уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлде қайда тиімді әллеуметтік 
саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және 
әбебеп үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның 
жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу-бұл әрбір 
қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан, бұл тұста әр қадам мұқият 
ойластырылған болуы тиіс»-делінген [3, 17-бет]. Елімізде халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған 
бағдарламаның бірі - «Күнкөріс минимумы туралы» заңында «кедейшілік шегі» ұғымына анықтама 
берілген, ол халықтың ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті табыстың шегі ретінде 
түсіндіріледі[4, 23-бет]. Осы «кедейшілік шегі» табысы аздығы мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегін 
көрсетудің белгісі болып табылады және ол мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай 
нақтыланады. Елімізде 1999 жылдан бастап экономикадағы оң өзгерістер елдегі кедейшілік деңгейінің 
төмендеуіне әсерін тигізді. Экономикалық өсім мемлекеттігі кедейшілік деңгейіне әсер ететін басты 
фоктор. Бірақ, экономиканың оң үрдістеріне қарамастан күнкөріс минимумының мөлшері ЖІӨ-мен 
салыстырғанда баяу дамуда (2-диаграмма) [5, 26-27 бет]. 
Кедейлік деңгейі бойынша ең дұрыс жағдай 2014 жылы Астана қаласы, Алматы қаласы, Павлодар 
облысында болды, осы аймақтарда кедейліктің өңірлер бойынша ең төмен деңгейлері, яғни Астана 
қаласы - 0,5%, Алматы қаласы - 2,2%, Павлодар облысы - 2,7% құрады. 
Кедейліктің ең жоғарғы көрсеткіші - 30,3% Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Республик 
тұрғындарының кей аймақтарында табыспен аз қамтылуы олардың географиялық орналасуындағы 
табиғи-климаттық шарт-жағдайлармен байланысты. Әсіресе, ауыл шаруашылығымен айналысатын елді-
мекендерде қазір ең төменгі еңбек өнімділігі және оған сәйкес халықтың төмен табыстары көрініс табуып 
отыр. 
12 
сарапшылар мойындайды. Әлі күнге дейін бай және кедей елдер арасында айырмашылық бар - табысы 
жоғары елдерде тұратын адамдардың кірісі төмен елдерге қарағанда ұзақ өмір сүруге мүмкіндігі көбірек 
екені белгілі. Табысы жоғары елдердегі адам жасының ұзақтығы жұқпалы емес аурулармен күрестің сәтті 
жүруіне байланысты. Әйтсе де, Денсаулық сақтау министрлігі мәліметтеріне қарағанда, соңғы жылдары 
Қазақстанда адамның өмір сүру ұзақтығы екі жарым есеге өскен. Статистикалық мәліметтер бойынша, 
2013 жылы Қазақстан халқының болжанған өмір сүру ұзақтығы 70,45 жасқа көтерілген (1-диаграмма, 1-
кесте) [1, 25-бет]. 
1-кесте. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша туылған кездегі халықтың өмір сүру ұзақтығы 
(2013 ж.) 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №2(48), 2016 г. 
2-сурет. Қазақстан Республикасы бойынша ЖІӨ (пайызбен) 
2-кесте. Аймақ халқының санына қатыста кедей тұрмыстылардың үлесі бойынша аймақтарды топтастыру 
Кедейліктің деңгейі (аймақ халқының санындағы 
кедей тұрмысты адамдардығ үлесі) 
Аймақтар 
Төмен (0,5-8,0%) 
Астана қаласы, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, 
Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, 
Солтүстік Қазақстан, Жамбыл,Атырау, Алматы қаласы 
Орташа (11,2%) 
Алматы облысы 
Жоғары (30%) 
Оңтүстік Қазақстан облысы 
Ескерту-ҚР статистика агенттігі мәліметтері негізінде 
дайындалды 
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде есептелінді 
Қазақстанның батыс облыстарында (Атырау мен Маңғыстау облыстарында) өнеркәсіп өндірісі жалпы 
аймақтық өнімнің тең жартысынан асады. Алайда жергілікті халықтар мұнай-газ секторындағы жоғарғы 
табыстар өндірісіне мардымсыз қарастырылған, соның нәтижесінде бұл облыстар да сондай-ақ кедейлік-
тің ең жоғарғы деңгейі орын алған аймақтар қатарына жатады. 
2012-2014 жж. Табыстары күнкөрістің ең төменгі шамасынан төмен халықтың үлесі 2,9% қысқарған. 
Табыстары азық-түлік қоржынының деңгеінен төмен халықтың үлесі 0,2% төмендеген (3-кесте). 
3-кесте. Республика бойынша 2012-2014 жылдары аралығындағы кедейшілік көрсеткіштері, % 
2012 жыл 
2013 жыл 
2014 жыл 
күнкөрістің ең 
төменгі деңгейінің 
шамасынан төмен 
азық-түлік 
қоржыны 
құнынан төмен 
4,1 
0,3 
3,2 
0,2 
2,9 
0,2 
Кедейліктің 
тереңдігі 
0,7 
Кедейліктің 
өткірлігі 
0,5 
0,4 
0,2 
Халықтың 20%-дық 
топтары бойынша Джини 
коэффициенті 
0,1 
0,1 
0,272 
0,267 
0,266 
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері 
Егер халықтың аз қамтылған тобының орташа тұтыну көлемі күнкөріс минимумынан төмен болса, 
онда кедейлік деңгейі терең деп есептелетінің айта кеткен жөн. Бұл айырмашылық күнкөріс минимумы-
ның үштен екі бөлігін құрайды, Шығыс Еуропа мемлекеттерінде - 10-15%, Ресейде - 42,6%, Украинада -
32,5%, Әзірбайжанда - 51,8%, Қырғызстанда - 66% құрайды. Қазақстанның аймақтары бойынша кедей-
ліктің таралуы әркелкі: Ел бойынша кедейлер санының 63% оңтүстік және батыс аймақтарда. Соның 
ішінде ең жоғарғы деңгей Оңтүстік Қазақстан облысында (Республика бойынша кедейлердің жалпы 
санының 30,3%) сақталып отыр. Одан соң Алматы облысында (11,2%), Жамбыл облысында (8,0%). 
Экономикадағы оң үрдістерге байланысты елдегі кедейшіліктің деңгейі біртіндеп төмендеуі байқала-
ды. Жалпы ішкі өнім динамикасы және Қазақстандағы экономикалық дамуды нәтижелері мен елдегі 
кедейшілік жағдайын көрсететін кедей халықтын үлесінен байқауға болады (кедей тұрмысты халықтың 
үлесін күнкөріс минимумынан төмен өмір сүру кешетін халықтың үлесімен анықтауға болады). 
13 

Абай атындагы ҚазҰПУ-ніңХабаршысы, «Жаратылыстану-география гылымдары» сериясы, №2(48), 2016 ж. 
Халықтың жекелеген топтарының аз қамтамассыз етілуінің басты себебтері: 
- Жұмыкерлердің кейбір категорияларының төмен еңбек ақысы; 
- Еңбекке қабілетті адамдар жұмыспен қамтылуы (кәсіпорындардағы өзгерістер , шататтардың 
қысқаруы және төменгі санаттағы мамандықтардың талап етілмеуі); 
- Әлеуметтік төлемдер деңгейінің төмен болуы. 
Қазіргі ел Үкіметі осы олқылықтарды дұрыстау мақсатында бағдарламалар қабылдап, істеп жатыр. 
Мысалы: Импорталмастыру өндірістің дамуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдау; жаңа жұмыс 
орындарын ашу; ауыл шаруашылығын қолдау; зейнетақы бойынша қарыздарды жабу; медициналық 
көмекпен білім беруге қол жетерлікті көтері; ең төменгі зейнетақы мөлшерін және мемлекеттік қызымет 
жұмыскерлерінің жалақысын көтеру т.б. 
Бұлардың барлығы айналып келгенде жұмыссыздықты азайту. Себебі ол - кедейшілікке бастайтын 
жолдың бірі. 2012-2014 жж. мәліметтерге сүйенсек жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 5,3 пайызды құраса, 
2014 жылы 5,1 пайызға төмендеген.Сонымен қатар жұмыссыздардың ресми саны республика бойынша 
2012 жылы 473,1 мың адам, 2014 жылы 461,0 мың адамды құрады (сурет-1). Елдегі жұмыссыздық 
маштабын бағалау кезде ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері-
не азаматтардың өтініш білдіру фактісі бойынша есептелінетін айта кеткен жөн [6, 19-бет]. 
3-сурет. 2012-2014 жылдардың 2 тоқсанындағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары 
«Қазақстан Республикасының азаматтарына - ҚР Ата Заңының 28 бабында айтылған - жалықымен, 
зейнетақының ең төменгі мөлшері, жасы бойынша, ауырған кезде, мүгедектік, асыраушысынан айырылу 
және басқада заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздану кепілденеді» [1, 22-бет]. Әлеуметтік 
саладығы реформалар әлеуметтік саясат бағыттарынның дамуына ықпал жасайды. Сонымен бірге белсен-
ді ә леуметтік саясат экономикалық өсудің шектеушісі емес католизаторы болуға міндетті. 
1 ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекетің жаңа саяси багыты» атты 
Қазақстан халқына Жолдауы. inform. kz/kaz/article/2518877 
2 Рысқұлова М. Халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуметтік-экономикалық аспектілері, Экономика гылымдары-
ның кандидаттық дәрежесін қоргауга жазылған диссертациялық жұмыс. 2009. - 120 б. 
3 Бримбетов Н.Ж. Сациольное реформирование и конкурентоспобность регионов и условиях глобальной финан¬ 
совой нестабильности. - Мировой экономический кризис: теории, методология, практика. Под.ред. Абишева А.А., 
Мухамбетова Т.И. - Алматы: Экономика, 2009. - 920 б. 
4 Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелрі. - Алматы: Экономаика, 2009. - 54 б. 
5 Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995 жылы 30 тамыз (2007.25.05. берілген өзгерістер мен 
толықтырулармен). 
6 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі:. http://www. stat. gov. kz 
Каталог: docs -> vestnik -> serya estestv geogr nauki
vestnik -> Хабаршы. «Жас ғалымдар» сериясы
vestnik -> Хабаршы жаратылыстану-география
vestnik -> С. Г. Тажбаева Редакция алқасы
vestnik -> Хабаршы вестник
vestnik -> Хабаршы «Педагогика ғылымдары» сериясы
vestnik -> Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1(7), 2016 ж
vestnik -> С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)
vestnik -> Казахский национальный педагогический
serya estestv geogr nauki -> Bulletin «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы Серия «Естественно-географические науки»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет