Хабаршысы №4(5), 2010


ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТАРИХ ПӘНІНДЕ



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8223
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ТАРИХ ПӘНІНДЕ 
ҚОЛДАНУ 
 
Аясханова К. Н.–оқытушы (Алматы қ., №4 кәсіптік лицей ) 
 
Білім  беру  деңгейі    және  оны  заманауи  талаптарына  сәйкес  жүргізу  қазіргі 
кезеңдегі  кӛкейкесті  мәселелердің  бірінен  саналады.  Әсіресе  қазіргі  бәскелестік 
кезеңінде сапалы білімнің негізінде ғана әлемдік ӛркениеттік үдерістен қалыс қалмау 
мүмкіндігі туындаған. Білім рухани байлық екендігіне уақыт ӛткен сайые кӛз жеткізіп 
келеміз.  Білім  беру  ісінің    күрделілігі  және  заман  талаптарына  сәйкес  жаңа 
технологияларды меңгеруді қажет ететіндігі айқындала түсуде. Десек те  білім алудың 
оңай  әрекет  еместігін  атам  қазақ  ерте  кездерде-ақ  танып,    «инемен  құдық  қазумен» 
бекер  теңестірмесе  керек.  Мұның  ӛзінен  бұл  істің  талмас  талпынысты,  мұқалмас 
қайратты,  ұшқыр  ұмтылысты  талап  ететіндігі  байқалады.  Оқытуда,    білім  беруде 
тынымсыз  ізденіс  болмаса  оқытушының  да  беделі  ортая  түсері  хақ.  Сондықтан  да 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
49 
оқытушы немесе мұғалім бар ынта-жігерін, әдіс-тәсілін сабағының   мәнді, әрі тәлімді 
болуына арнайды. 
Қазақстан дүниежүзілік интеграциялардан тыс қалмау үшін білім саласына назар 
аударып,    бірқатар  реформалар  жүргізді.  Сол  реформалардың  аясында  білім  берудің 
жаңа  әдіс-тәсілдері  туралы  жиі  айтылды.    Осыған  орай  оқытудың  қазіргі  жүйесі 
негізінде оқу орындарында сабақтарды ұйымдастырып, уақытты ұтымды  пайдаланып, 
оқушылар үшін тартымды ӛткізу ӛзекті  бола түсуде. Оқытудың соны  әдіс-тәсілдерін 
тарих пәнінің  сабақтарын жаңа талаптар ауқымында оқып-үйренуде пайдаланудың да 
кӛкейкестілігі  артып  келеді.  Осыған  байланысты  біз  де  тарих  пәнінен  ӛткізілетін 
сабақтарға  ерекше  мән  беріп,  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалануға  тиіспіз. 
Қазақстан    тарихынан  талдауға  үлгі  ретінде  бір  сабақтың  тақырыбын  алуды  жӛн 
кӛрдік.  Бұл  «Қазақстанда  ауыл    шаруашылығын    жаппай    ұжымдастыру    және  
отырықшыландыру» деп аталатын тақырып. 
Сабақты  ӛткізуде  ең  алдымен  оның  мақсатын  анықтаудың  маңызы  зор. 
Қарастырғалы  отырған  сабақтың  мақсаты  –  Қазақстандағы  ауыл  шаруашылығын 
жаппай  ұжымдастыру  және  кӛшпелі,  жартылай  кӛшпелі  қазақ  ауылдарын  
отырықшыландыру  кезінде    кеткен  асыра    сілтеушіліктер,  зорлық-зомбылықтардың  
орын  алуына  жол беріліуінің себептерін  түсіндіру;  
-сол  кездегі  большевиктік солақай  саясаттың  шын  мәнін  ашып, оқушыларға  
деректерді  тірек  ете отырып  жұмыс  жасауға  үйрету; 
-оқулықтағы  материалдарды  игеру  және    оны    осы  кезеңде    болып    жатқан  
ӛзгерістермен  байланыстыру; 
-тарихи    шындықты    негізге    ала    отырып,    қазақтың    қайсар    ұл-  қыздарының  
ұлтына  деген  сүіспеншілігін,  сіңірген    еңбектерін    үлгі    ете  отырып  оқушылардың  
еліне-жұртына  деген  махаббатын  ояту,  отансүйгіштік   сезімді  ұялату. 
Сабақта  мынадай  кӛрнекті  құралдар  қолданылады:  кестелер,  диаграммалар,  
қазақтың  кӛрнекті  қоғам  қараткерлерінің,  елбасыларының  портреттері.  Тақтаның 
жоғарғы жағына мынадай сӛздер жазылады: ӛз тӛл тарихын, ӛткен тарихын білмеген 
болашақты  да  болжай  алмайды.  Сонымен  бірге  кӛрнекілік  үшін  бір  қатар  құжаттар 
ілінеді.  Атап  айтсақ,  Алматыдан  35  шақырым  жердегі  Талғар  ауданына  қарасты  Әли 
елді  мекені  Диханбай  қыстауында  сол  жылдары  2,5  мың  адам  жерленген.  Сол  жерге 
орнатылған  ескерткіш  суреті,  Қазақстан    картасы,  сол  жылдардағы  оқиғаларға 
байланысты плакаттар, «Бесеудің хатының» түп нұсқасы және т.б. 
Сабақты ӛткізуде мына әдістерді қолданған дұрыс:  интерактивті  инновациялық 
ахуалдық,  презентациялық,    жеке  топтық,  т.б.  Бұл  тақырыпты  ӛту  барысында 
география,  қазақ  әдебиеті,  статистика  пәндерімен  тығыз  байланыс  жасалады. 
Ұйымдастыру    кезеңіеде    оқушылармен    сәлемдесу,  түгендеп,  журналға    белгі    қою 
әрекеттерә жүргізіледі.  Қағаз – қаламдарын дайындатып, оқушылардың  назарын жаңа  
сабақ  ӛтуге  бейімдеу қажет. 
Оқытудағы интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану мектепте  сапалы білім алуға 
септеседі.  Осыған  орай  «Қазақстан  тарихы»  пәнінен  ӛткізілетін  сабақтарда  
интерактивті    инновациялық  ахуалдық,  презентациялық,  пресс-конференция,    жеке 
топтық,  т.б.  әдістер  пайдаланылады.    Аталғандарды    ӛткен  сабақтарды    қайталауда 
пайдаланған тиімді. Осы мақсатта мынадай мазмұндағы  сауалдар  қойылады:  
1.  Ауыл  –шаруашылығын  ұжымдастыру    қарсаңында    қазақ  ауылының  жағдайы  
қандай  болды? 
Бұл сұраққа мынадай жауап  бріледі.а) ЖЭС негізінде  республикада  мал  саны 
1929 жылы  40,5млн. Болды.1913 жылмен  салыстырғанда  1926 жылы  29,9 есе ӛсті. 
б) орташалармен  кедейлердің  одағы нығая  түсті, бірақ  ол  кӛпке  бармады. 
Ф.И. Голощѐкин «Ауылды  кеңестендіру»  ұранымен тап  күресін шиеленістірді. «Кіші  
қазан» революциясын  жүргізу  үшін бар  күшін  салды. «Ұлтшыл» деген кінә тағып, 
қудалауға ұшыратты. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
50 
Айта  кетерлік  жайт,  оқушылраға  қойылатын  сұрақтар  тақырыптың  мазмұнын 
жан-жақты,  әрі  терең  ашуға  бағытталуы  тиіс.  Бұл  жерде  оқытушы  жауаптардың   
дәйектілігіне назар аударуғаны жӛн. Сұрақтарды ауызша айтудан гӛрі оны алдын ала  
дайындап, оқушыларға таратқан ұтымды. 
Сұрақ-жауап  интерактивті  әдіс  ауқымында  жылдам,  әрі  ӛзара  сабақтастықта 
жүргізілуі  тиіс.  Дұрыс  жауап  бергендерді  ынталандыру  қажет.  Ол  үшін  алдын  ала 
жапырақтар  дайындалып,    тақтаға    ағаштың    суреті  салынады.  Дұрыс  жауап 
бергендерге жапырақтар беріледі. Олар жапырақтарын бұтақтарға ілген  кезде ағаштың  
жайнап    кетуін    ескеру  керек.  Мұндай  тәсілдің  ӛзі  оқушылардың  белсенділігін 
арттырып,  оң  жауап  беруге  ынталандырады.  Осыдан  кейін  қысқаша  қорытынды 
жасалады да, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. 
ІІ.  Сабақтың  тақырыбы:    Ұжымдастыруды    қалпына    келтіру    бағытындағы    іс-
әрекеттер.жүргізіліп.  Тақтаға  «Бесеудің  хаты»,    шаруалар    кӛтерілістері  жайында, 
ұжымдастырудың  сталиндік    принципіне    қарсылық  туралы  кӛрнекті  құрал    ілініп 
қойылады.  Мәселенің  мәнін  терең  ашу  барысында  мына  тӛмендегідей  кесте  сызып,  
түсіндіруге  болады.  Бұл  тәсіл  бір  жағынан  тарихи  оқиғалар  мен  үдерістерді  жадта 
кӛрнекі түрде сақтауғамүмкіндік береді. 
 
«Бесеудің  хаты» 
Шаруалар  наразылығы 
Ауыл 
шаруашылығын 
нығайтудағы 
Кеңес  
ӛкіметінің кӛмегі 
Авторлар 1932 шілде. 
І.  1.  Ғ. Мүсірепов 
     2.  М.  Ғатаулин 
     3. М. Дәулеткалиев 
     4.  Е.  Алтынбеков 
     5. Қ. Қуанышев 
ІІ. Т. Рысқұловтың 
«Сталинге  хаты» 1933жыл 
наурыз. 
ІІІ. Хат  иелерінің  тағдыры. 
 
І. шаруалар  кӛтерілісі 
  А) Түрлері 
  Ә) Қойған талаптар 
  Б) Қозғалыс болған 
        Жерлер 
ІІ . Шет  елге  кӛптеп жер 
ауған Республика  
аймақтарының  халқы. 
 
І. 1932 жыл  17 қыркүйек  
қаулысы. 
ІІ. Кеңес  ӛкіметінің 
Республика  халқына  
кӛмегі. 
ІІІ. 2 бесжылдықтың  
      Қорытындысы. 
ІV. Депортацияға  ұшыраған  
халықтар. 
Т.Рысқұловтың «Сталинге хатының»  қысқаша  мазмұнын, оның мәтінін оқушылардың 
кӛмегімен талдаған абзал. 
 Шаруалар  кӛтерілісі мәселесін былай кӛрсетуге болады: 
1. Қарсылық  шараларының түрлері:   - қалалар  мен  құрылыстарға  кету;  - басқа  шет 
аймақтарға  кету;  - колхоз белсенділерін  ӛлтіру;  - ӛзін –ӛзі  қорғайтын отрядтар құру;  
- кӛтеріліске  шығу дайындықтары. 
2. Қойылған  талаптар: 
  -  заңсыз  ұсталған  шаруаларды  және    тәкіленген  мал-  мүлкін    толық  қайтару;    дін 
бостандығын  беру;    шаруаларға    табыс    салығын    салу;    ұжымдастыруда    еріктілік  
принципін  ұстану;    мәселелерді    шешкен    кезде  ауыл    жиынының   ӛкілдігін    кӛтеру; 
Қарақұмда халыққа дербес  ауыл ұйымдастыруға  рұқсат  беру. 
3. Қозғалыс  болған  жерлер: Қарулы  қимылдар әсіресе 1929 -1931 жылдары       кӛп 
болды. Мыс:алы,  Қарақұм, Созақ күштеу  әдісімен  жаппай  ұжымдастыру саясатына  
қарсы  Сарысу,  Ырғыз.    Балқаш,  Қастек,    Қордай,    Шұбартау    аудандарында  
кӛтерілістер    болды.    Олар    шын    мәнінде    түгел    қырылып    қалды.  Республика  
аймағында  372  жаппай    шаруалар    мен  бір    жары    жылдың    ішінде    80    мың  адам  
қатысқан  кӛтеріліс    болған.  Патша    ӛкіметінің    1916  жылғы    жазалау    тәжірибесін  
қайталады. 
ІІ. Жергілікті халықтың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
51 
Ашаршылықтан    құтылуға  тырысқан  халық  республикадан  тыс  жерге  қоныс  
аударды. Олардың  жалпы  саны бір  миллионнан  асты.  Оның  400 мыңдайы  қайтып  
оралғанмен,  қалғандары    қайтып  келмеді..    Босқындар    Ӛзбекстанға,  Түрікменстанға, 
Тәжікстанға,  Қырғызстанға    және    Ресей    жеріне    ӛтті.    Сондай  ақ    Қытайға,  
Монғолияға ,  Ауғанстанға, Иранға,  Түркияға да мыңдаған  қазақтар қоныс  аударып  
барды. 
ІІІ.  Ауыл шаруашылығының кеңес ӛкіметіне кӛмегі. 
1. КСРО-ның 1932 жылғы 17 кыркүйекте  «Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы,  мал  
шаруашылығы  туралы»  қаулы  қабылданды. Онда: - ең  алдымен  жасанды  құрылған 
колхоздар таратылды. 
2. Астықты  аудандарда  артельдер  ұйымдастырылды. 
3. Кеңес  ӛкіметі  отырықшылыққа  кӛшкендерді   орналастыру  үшін 2млн. пұт астық,  
30млн. сом  ақша  берді. 
4.  Екінші  бесжылдықтың  аяғына  қарай Республика колхоз  егістіктерінде 9 мыңдай  
трактор  жұмыс  істеді. 
5.  1935  жылы    ақпанда  екінші    колхоз    сиезі    болды.    Онда:  ауыл    шаруашылығы  
артелінің  жаңа  үлгідегі «Жарғы» -сы  қабылданды. 
6. Екінші  бесжылдықтың  аяғында  Қазақстанда  200 ге  жуық  совхоз құрылды, 7. 24 
мыңнан    астам    трактор,  8  мыңға    жуық    комбайн  берілді.  Мақта,  қызылша    дәнді  
дақылдар  егісі  кӛбейтілді. 
8. Кеңес  ӛкіметі 40 млн  сом  қаржы  бӛлді. 
Сабақты  бекіту  мақсатында  тест  сауалдарын  жүргізіп,  оқушыларды  сұрақтарға 
дәл  жауап  беру  қабілетін  меңгеруге  баулу  нысанаға  алынады.  Осыған  орай  8-10 
сұрақтан  тұратын  тест  арқылы  оқушылардың  білімін  бақылаудың  тиімділігі  айқын 
кӛрінеді.  
 Сабақ  соңында  қорытынды  жасалады.  Қазақстандағы  ауылшаруашылығын  
ұжымдастырунауқанының    қорытындысына    қандай  баға  беруге  болады?  деген  сауал 
түрінде түйіндеген ұтымды. Ол үшін мына кестені толтыру қажет.  Кесте екі бӛліктен 
тұрады.  Бір  бӛлігіне  «  тиімді  жақтары»  деп  жазылады,  екінші  бӛлігіне  «тиімсіз 
жақтары»  деп  жазлады.  Мұндай  әдіс  жай  ғана  ой  қорытқаннан  гӛрі  кӛрнекі,  әрі 
оқушыны логикалық ойлауға жетелейді. 
Жауап беруде мынадай қиындықтардың орын алатындығын ескертеміз. 
1. Бір  жағынан  прогресшіл  технологияны  енгізу,  техниканы  шоғырландыру- еңбек  
ӛнімділігінің    артуы  осының    бәрін    ұжымдық    шаруашылық  кәсіпорындары    атқара  
алатын  еді. 
2.  Екінші    жағынан  теңгермешілік,  қатаң    орталықтандыру,  жеке      адам  мүддесінің  
аяққа  тапталуы. 
3. Еріктілігі   мен бастамашылдығы  үнемі  басып-жаншылды. Осының  бәрі серпінді  
дамуды  шектеп  отырды 
4. Жалпы  алғанда ӛркениетті коопреторлар қоғамы  бай  феодалдарға  кіріптарлық пен  
күйзелістен    құтылудың    прогресшіл    құбылысы    еді.  Бірақ    ол    күштеу    әдісімен  
жүргізілді.  
   Қосымша    деректерді    пайдаланып  қазақтардың    атамекенінен    тыс    аймақтарға  
жаппай    қӛшуі    туралы  мән  жазба    жазып  келуді    тапсырылады.Мына  әдебиеттерді 
қолдану ұсынылады: 
Х. Оралтайдың  «Елім –айлап  ӛткен  ӛмір» деген  кітабы. 
М. Тәтімовтың  «Қазақ әлемі»  деп аталатын  зерттеуі.  
Қ. Қасенов, Ә.Тӛреханов.  «Қызыл қырғын» шығармасын оқу  тапсырылады. 
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру мен ой-ӛрісін жетілдіру бағытында 
сӛзжұмбақты  шешу  аса  тартымды.  Жалпы  қысқаша  сӛзжұмбақтарды  шешу  дәстүрін 
сабақтарда енгізу ұтымды деп есептейміз. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
52 
Осылайша,  сабақты  қорытындылау  нәтижесінде  және  оның  ӛз  мақсатына  қол 
жеткізе  алғандығын  қысқа  да  нұсқа  сауалнама-кесте  арқылы  білу  тиімді.  Кесте  үш 
бағанадан  тұрады.  Біріншісіне  «Сен  не  білуші  едің?»  деп  жазылады,  екіншісіне  «Сен 
сабақ барысында не білдің?Қандай әсер алдың?», ал үшіншісіне  «Қандай нәрсеге таң 
қалдың?»  деген  сұрақтар  енгізіледі.  Оқушылар  бұл  кестені  толтырғанда,  олардың 
тақырыпты  қаншалықты  игергендігін  кӛруге  болады.  Сонымен  қорытындылғанда 
тарих  пәнінің  әрбір  сабағын  осылайша  жаңа  технологиялық  әдістерді  пайдаланып 
жоғары  деңгейде,  заман  талабына  сай  қызықты  ӛткізуге  болады.  Бұл  әдістер 
оқушылардың білімін кӛтеруге , логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, тарих пәніне 
деген танымдық қызығушылықты ӛсіруге мүмкіндік береді. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. - А, 1997. 
2.  Омарбеков  Т.  Зобалаң  (күштеп  ұжымдастырудағы  қарсылық.  1929-31  жылдары 
болған халық наразылығы) - А, 1994. 
3.  Қозыбаев  М.Қ.,  Алдажұманов  Қ.С.,  Әбілқожин  Ж.Б.  Қазақстандағы  күшпен 
ұжымдастыру: қорлық пен зорлық. - А., 1992. 
4. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в  Казахстане 
(1917-1980гг). - А., 1991. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
         Мақалада оқытудың жаңа технологияларын  тарих пәнінің сабақтарында қолдану 
мәселелері қарастырылған. 
РЕЗЮМЕ 
         В  статье  рассмотривается  некоторые  вопросы  применение  новых  технологии  на 
уроках истории. 
 
 
 
ЖАПОНДЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ ҦЛТТЫҚ ҚҦНДЫЛЫҚТАРДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Есеева М.Т. - п.ғ.к., аға оқытушы; Кӛнеева Қ.Х.  – оқытушы 
 (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Әр  елдің,  әр  ұлттың  ӛздеріне  тән  тәрбиесі  бар.  Жапония  –  нағыз  ӛркениетті 
елдердің  бірі.  Жапондықтар  ең  алдымен  ӛздерінің  ұлттық  құндылықтарын  жоғары 
бағалайды.  Олар  –  қашанда  да  білімге  құштарлықпен  танылған  ұлт.  Ондағы  білім 
жүйесі  оқушылар  бойында  да  тиісті  адамгершілік  ережесін  қалыптастырып,  ұлттық 
сипаттағы қасиеттерді дамытады. 
Жапон  елінде  ұлттың  сенімді  болашағына  қол  жеткізуде  оқушыларды  мектеп 
қабырғасында  әдептілік,  имандылық  пен  ӛнегелілікке  үйрету  ӛте  маңызды  қадам 
болып саналады. 
Табиғатты  аялау,  әділдік  пен  шындықты  қастерлеу,  адам  ӛмірін  бағалау,  адам 
құқықтарын құрметтеу, келесі ұрпақ үшін жауапкершілікті  ала алатын және қоғамның 
дамуына  үлес  қосатын  балаларды  ӛсіріп  тәрбиелеу  мектептердің  маңызды  жұмысына 
айналған. 
Жапонияның  білім  беру  жүйесінің  компоненттері  (мектепке  дейінгі  дайындық, 
мектеп, жоғары білім) бір-бірімен  тығыз байланысты. Барлығының негізгі мақсаты  – 
жапон  елінің  ұлттық-мәдени  құндылықтарын  сақтау,  ұлттық  дәстүрдің  ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отыруын қамтамасыз ету. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
53 
Жер  бетіндегі  әр  ұлттың  мақсаты  –  ӛз  ұрпағының  бойында  адамдық  қасиет, 
ұлттық рух пен мәдениеттің күш-қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның ӛмір 
сүру тәсілі мен тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын кең түсіндіре білу. 
Жапон ұлтының білім берудегі басты ұстанымы – ұлттық құндылықтарын сақтау 
және  оны  дамыту.  Жапондықтар  үш  басты  қасиетті  қадір  тұтады:  ұлт  мүддесін  жеке 
бас мүддесінен жоғары қою, білімге құштарлық және еңбексүйгіштік. 
Демек,  жапондықтар  ұлттық  құндылықтарын  сақтау  арқылы  елінің  білім  беру 
саясатының  ұлттық-рухани  дамуына,  білім  жүйесінің  жетілуіне,  қоғамда  ӛзінің 
лайықты орын алатын білімді  болашақ тәрбиелеуге, озық  қоғам құруға қол жеткізуге 
болатындығын кӛрсетеді.  
Жапондықтар  тәрбие  беруде  бірін-бірі  ренжітпеуді,  сәл  нәрсеге  ашу 
шақырмауды,  айқай  шу  шығармауды  басты  мақсат  тұтады.  Ӛзінің  әлсіздігін  басқа 
біреуге  аудармау  бұл  халықта  асыл  қасиеттердің  бірінен  саналады.  Балалар  ерінбей 
еңбек  етуге  және  сол  еңбегінің  жемісіне  ӛзі  риза  болуға  дағдыланады.  Қай  салада  да 
жапондықтардың  жұмысты  жан-тәнімен  беріле  істейтіні  сондықтан.  Соның 
нәтижесінде  жоғары  сапалы  ӛнім  шығаруды  қамтамасыз  етеді.  Ешуақытта  ешкім  де 
еңбек  етуге  күштеп  жегілмейді.  Қайта  адамдар  жұмысты  соншалықты  құлшыныспен 
атқарады. Жапондықтар уәдеге ӛте берік халық, мұның ӛзі ол елде әлдеқашан қалыпты 
дағдыға айналған. 
Отбасы  –  бала  тәрбиелеудің  бірден-бір  ұйытқысы  болып  табылады.  Бала 
анасымен  бірге  иіліп  сәлем  ету  арқылы  әдептілік  пен  ізгілікке  дағдыланады.  Анасы 
баласымен әңгімелескенде, тек қана қарапайым сыпайылылық қатынастарға баулиды. 
Үй тұрмысындағы дағдылануды да (қалай отыруды, тамақ ішетін таяқшаларды қалай 
ұстауды,  үйге  қалай  кіруді)  бірнеше  рет  қайталап  үйретеді.  Ал,  оларда  иероглифтің 
күрделі  екені  белгілі. Жапон балалары 5-7 жасқа дейін еркін ӛседі. Ешқандай тыйым 
салуға,  ұрсуға,  ұруға  болмайды.  Олардың  ӛз  бетінше  істеген  әрекеттеріне  шек 
қойылмайды.  Демек,  балалық  шақтың  қызығына  батуына  толық  жағдай  жасалады. 
Ата-ана  баласын  ешқашан  қатаң  жазаламайды.  Ӛйткені,  қатал  аза  кӛрген  баланың 
жүйке  жүйесі  зақымдалып,  ызақор,  ашушаң,  қырсық-қыңыр  болып  ӛседі  деп 
есептеледі. Оның орнына кӛндіру, сендіру, мадақтау сияқты тәсілдерді қолданады. 
Бала кішкентай кезінен-ақ ӛз ісіне жауап беруге баулынады. Ұят-ардың мағынасы 
ерте  түсіндіріледі.  Егер,  бала  мектепте,  басқа  да  қоғамдық  орындарда  бӛтен  мінез 
кӛрсетсе,  онда  ол  отбасының  беделін,  абройын  түсіреді  деп  есептеледі.  Осы  дәстүр 
сонау  Токугаво  кезінен  басталады.  Бұл  жүйені  «Тэракоя»  деп  атайды.  «Тэракоя» 
мектебінде  оқушылар  мен  мұғалім  арасындағы  қарым-қатынас  ӛте  жұмсақ, 
мейрімділік  сипатта  болады.  Егер,  балалар  қатты  шуылдаса,  онда  мұғалім  тыныш 
деген жазуы бар таяқшаны кӛтере қояды. Бұл елде оқушылардың шәкірттік кезеңі ер 
балалар  үшін  –  25,  қыз  балалар  үшін  –  18  жасқа  дейін  созылады.  Отбасында  жапон 
балалары  қажетті  ӛнерлерге,  шаруашылық  жұмыстарына  үйренеді.  Мектеп 
қабырғасында  бұл  дәстүр  одан  әрі  жалғасып,  әр  баланың  ӛзіндік  қабілеті  мен 
қызығушылығының еркін дамуына қолайлы жағдай туғызады. 
Ұлттық дәстүр мұнда қасиетті де қастелі. Ұлт мүддесі, мемлекет мүддесі бәрінен 
де жоғары. Ұрпағын ұлттық рухта тәрбиелейді. 
Жапония  –  демократиялық  сипаттағы  ел.  Ең  жоғарғы  лауазым  иесіне  құрмет  – 
бұл  да  ел  дәстүрі  болып  саналады..  Билік  тізгінін  ұстап  отырған  адам  мемлекеттің 
мәртебесін  білдіретіндіктен  де  оның  туған  күні  де  жапондардың  ұлттық  мерекесі 
саналады. 
Жапонияда  отбасының  берекесі  әрбір  ұрпақ  алдынғы  ӛткен  ата-бабаларынан 
қалған  «үлкенді  құрмет  тұту  туралы  ӛсиетті»  қаншалықты  орындауына  байланысты 
деп есептейді. Олар: «Ең ауыр кінә немесе қылмыс – балаларының ата-анасына құрмет 
кӛрсетпеуі» – деп санайды. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
54 
Жапон отбасында барлық қамқорлық балаға кӛрсетіледі. Тәрбие  – мәжбүрлеу не 
тыйым  салу  арқылы  емес,  қамқорлық  кӛрсету  негізінде  жүргізіледі.  Жапондықтар 
балаға  тыйым  салудың  орнына  оның  іс-әрекетіне  басқалар  қалай  қарайтындығын 
ойлауға  үйретеді.  Жапон  отбасындағы  балаларды  тәрбиелеу  қоғам  талаптарына  (топ, 
ұжым  т.б.)  сай  келетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған.  Тәрбиенің  негізгі 
міндеті – баланы басқаның ұстанымын түсініп, бӛлектенбеуге  үйрету. Балаларды нақ 
император алдында тұрғандай әкесін пір тұтуға тәбиелейді. 
Жапондықтардың  тәрбие  жүйесінің  жұмсақ  әрі  мейірімділікке  толы  екендігі  
сондай, ол баланың жан дүниесіне қатты қысым жасамайды. Балаларды бӛтен адамдар 
алдында ұрып-соғу, ұрып-сӛгу деген мүлдем жоқ. Балалар ӛздерін емін-еркін сезінеді. 
Олар  үшін  ешбір  тыйым,  шектеу  жоқтың  қасы.  Жапондықтар  балаларға  қатысты 
ешқашан  жаман  деген  сӛзді  пайдаланбайды.  Олардың  сӛздік  қорында  мұндай  сӛз 
мүлдем жоқ. 
Әке-шешесі сәбиге шыдамдылық  пен тӛзімділік танытады. Олар бірде-бір реніш  
белгісін кӛрсетпейді, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қарайды.  
Ата-баба дәстүрін қандай заманда ӛмір  сүрсе  де, бұлжытпай сақтауға тырасады. 
Баланың  ержеткенге  дейінгі  рухани  толысуы  үшін  жасалатын  ғұрыптар  Күншығыс 
храмдарында күні бүгінге дейін бұлжытпай орындалады деуге болады. Ер бала беске, 
қыз  бала  жетіге  толғанда  ата-анасы  оған  арнайы  кимоно  кигізіп,  храмға  апрарып, 
баланың  амандық-саулығы  үшін  рәсімдер  жасалады.  Осы  шараға  арнайы  ұлттық 
тағамдар пісіріледі. Бала ержетіп, жиырма бірге келгенде арнайы кимоно киіп, храмға 
барады. Үлкен ӛмірге қадам басу кезеңі осы уақытта басталады. Бұл ең алдымен ата-
баба дінін бала жүрегіне ұялатып, бойына сіңіру қағидасы мен байланысты.  
Оларда  ер  баланың  да,  қыз  баланың  да  ойнайтын  ойыншығына  дейін  ұлттық 
нақышта  жасалған.  Ойын  арқылы  жапон  баласы  ер  бабасының  ерлігін  түйсініп,  дана 
әжесінің шеберлігін ұғынады. Мысалы, «Карута тори» деген ойынды кішкене баладан 
бастап,  ересек  адамдар  да  ойнайды.  Әр  ойын  жай  ғана  уақытты  ӛткізу  үшін  емес, 
елінің  кешегісін  санасына  сіңіруге  арналған.  «Карута  ториді»  ойнау  үшін  байырғы 
әдебиеттен  жүз  жыр  білу  керек.  Бұл  жүз  ақынның  ӛлеңін  жатқа  айту  деген  сӛз. 
Феноменді  ми  қабілеті  осылай  дамиды.  Жапондар  бала  тәрбиелеуде  «ұл»,  «қыз»  деп 
бӛлмейді. Күншығыс елі мен қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі бір ұқсастық  – ер 
баланы ел қорғаны, қыз баланы келешек отбасы ұйытқысы болуға баулу.  
Демек, жапон халқының ұлттық ерекшелігі олардың ӛз дәстүріне  деген беріктігі 
болып табылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Құсайыноа  А.Қ.  Білім  реформасы.  Дамыған  елдер  тәжірибесі  //  Егемен 
Қазақстан, 23 маусым, 2005. 
2.  Национальные  системы  образования:  общая  характеристика,  структура.  Под 
редакцией А.К.Кусаинова. Алматы: РОНД, 2004. 
3.  Асқар  Бәйтеліұлы.  Кім  қалай  тәрбиелейді?  //  Қазақстан  тарихы.  Әдістемелік 
журнал. №2. 2007. 
4.  Нысанова  К.  Жапонияның  білім  жүйесінің  кереметтігі  неде?  //  Ана  тілі,  25 
тамыз, 2005. 
5. Джуринский А. Чему и как учат в Япони? // Народное образование. 2001, №5.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жапон  халқының  бала  тәрбиелеудегі  ұлттық  құндылық  ретінде  салт-
дәстүр мен әдет-ғұрыпты  пайдалануындың ӛзіндік ерекшеліктері сипатталған.   
 
РЕЗЮМЕ 
  В  статье  излагается  особенности  использования  национальных  ценностей  в 
виде традиций и обычаев японского народа в воспитании детей. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
55 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет