Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



жүктеу 5.62 Mb.
Pdf просмотр
бет21/53
Дата24.03.2017
өлшемі5.62 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53

Әдебиеттер  
1.
 
Қазақстан Республикасы Қаржы лизинг туралы Заңы  
2.
 
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бӛлімдер) – Алматы: ЮРИСТ, 
2002.–309б.  (2002  жылғы  21  мамырдағы  ҚР-ның  №  323  –  ІІ  Заңымен  енгізілген  ӛзгертулер  мен 
толықтырулар). 
3.
 
Абдраим  Р.  Развитие  финансового  лизинга  в  Казахстане:  реальность  и  перспективы  /  Р.  Абдраим  // 
Аль Пари. - 2000. - №5. –с. 41-44. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

116 
 
 
 
 
 
 
 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ БОЛАШАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ-ЖОҒАРЫ 
БІЛІМДІ ЖАҺАНДАНДЫРУ 
 
ГЛОБАЛИЗАЦИЯ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ КАК ФАКТОР РАЗВИТИЯ 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОГО ПОТЕНЦИАЛА 
 
GLOBALIZATION OF HIGHER EDUCATION AS A FACTOR OF INTELLECTUAL POTENTIAL 
DEVELOPING 
 
 
ӘОЖ 81

1   
 
ӘЛІППЕ АУЫСТЫРҒАН ЕЛДЕРДІҢ МҦҢЛЫ ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Абдишукурова Б., Сейітмахан Г. 
№80 мектеп-лицейі,Шымкент,Қазақстан 
 
Резюме 
Цель  исследовательской    работы  –  это  изучение  и  исследование    казахского  языка,  связанное  с 
переходом на  латинский  алфавит , который является актуальным на  сегодняшний  день.  Если говорить  
об  актуальности    этой  проблемы    то  это  очень  интересная  и  объѐмная  тема,  требующая  глубокого 
изучения. Ход и этапы  исследования  рассматриваются  во  взаимосвязи  с  несколькими отраслями.  Так, 
одна  отрасль  рассматривает  преимущества  и  ценности    истории    казахского  алфавита  на    разных  
этапах.  Другая    отрасль  рассматривает    актуальность    исследовательской    работы:    чтобы  выявить 
приемлемые и  неприемлемые стороны  перехода на латынь,   исследование проводится в сопоставлении 
алфавита  народов Азербайджана и Узбекистана, которые официально перешли  на латынь в 1993,  2000  
годах.  Результат      исследовательской    работы  -  это  модернизация  казахского    языка  путѐм    изучения 
английского языка,языка интернета. 
Summary 
An aim of  research work is this study and  research of  Kazakh, related to  passing  to the  Roman alphabet,  
which is actual  on  today. If   to  talk  about  actuality  of this problem that it very interesting and theme requiring a 
deep study. Motion  and  research  stages  are  examined  in  intercommunication  with a  few industries.  So,  one  
industry    examines    advantages    and    values    of    history  of    the    Kazakh    alphabet  on  the  different    stages.  Other  
industry  examines  actuality  of  research work : to reduce a reception and  unacceptable parties  of  passing to Latin, 
research is conducted in  alphabet of people of  Azerbaijan  and Uzbekistan, which officially passed to Latin in 1993, 
2000.Result   of  research it  is  modernisation  of Kazakh by the study of  English , language of the internet. 
 
«Біз  2025  жылдан  бастап  әліпбиімізді  латын  қарпіне,  латын  әліпбиіне  кӛшіруге  кірісуіміз 
керек.Бҧл-ҧлт  болып  шешуге  тиіс  принципті  мәселе.  Бір  кезде  тарих  бедерінде  мҧндай  қадамды 
жасағанбыз.  Балаларымыздың  болашағы  ҥшін  осындай  шешім  қабылдауға  тиіспіз  және  бҧл  әлеммен 
бірлесе тҥсуімізге ,балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет  тілін жетік игеруіне, ең бастысы- қазақ 
тілін жаңғыртуға  жағдай туғызады. Н.Назарбаев.2012 ж.14-желтоқсан. 
Біз ХХ1 –жаһандану ғасырындағы ҧлы ӛзгерістер мен жаңалықтар тоғысының куәгері болып отырған 
ҧрпақпыз.Қазіргі  кҥнде  тҥркі  тілдес  халықтар  арасында  жҥріп  жатқан  ҥдеріс«  латын  әліпбиіне  кӛшу»  
мәселесі қызу пікірталас ҥстінде. Әрбір халықтың,ҧлттың ӛз тілі, діні,жері мен салт-дәстҥрі, сонымен қатар 
ең басты шарттарының бірі-ӛз әліпбиі болу керек. 
Қазақ  әліпбиі де ӛзге  халықтар сияқты  әліпби тарихында бірнеше кезеңді басынан ӛткізген. Заман 
ағымымен,  саяси    ӛзгерістер  мен  жаңалықтар  болады  деп  кҥтілуде.  Соның  бірі    елбасымыз  Н.Назарбаев 
бастаған« латын әліпбиіне кӛшу» мәселесі.  Әліпби ауыстырған  елдер тәжірибесіне ҥңіле отырып ӛзімізше 
ой тҥйдік. 
Әліпби деген сӛз араб алфавитінің бастапқы алиф және би деген әріптерінен қҧралып, әріптердің рет 
тәртібі дегенді білдіреді. Ең алғашқы алфавитті бҧдан ҥш жарым мың жыл бҧрын финикиялықтар (Жерорта 
теңізінде)  ойлап  тапты.  Жалпы  тҥркі    халықтарының  қатарында  қазақ  халқы  да  бірнеше  кезеңде  бірнеше 
әліпбиді қолданып ӛтті.   
Қазақ тіл білімінің негізін салушы  А.Байтҧрсынҧлы  ХХ-ғасыр басындағы  әліппе  ауыстыру мәселесі 
кӛтерілген    тҧста  ҥлкен  баяндамасын  жасаған.  Онда:Әліппе  деген,-деп  атап  кӛрсетті  А.Байтҧрсынҧлы- 

117 
 
асылына адам ақылы жетпейтін нәрсе емес. Әліппе деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың 
жинағы. 
    Неғҧрлым  тіл  дыбыстарына  мол  жетсе,  арнаған  дыбысқа  дәл  келсе,  оқуға,  жазуға  жеңіл  болса,  
ҥйретуге  оңай  болса,  заманындағы  ӛнер  қҧралдарына(  компьютерге,  баспа  машиналарына)  орнатуға  
қолайлы  болса, соғҧрлым әліпби   жақсы  болмақшы. Қазақ әлдеқашан  тілінде қандай  дыбыстар бар екенін 
айырған,әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған 
Бҥгінгі  жастар  ҥшін  латын  әрпінің  негізінде  жасалған  ағылшын  тілі-ең  ірі  халықаралық  тіл 
болғандықтан  латын  әліпбиіне  кӛшу  қиындық  туғызбауы  да  мҥмкін.  Бірақ  біз  ҧлт  болашағы  ҥшін, 
ҧлттығымызды сақтап қалу ҥшін қай әліпбиді қолдансақ та танымдық талғамы қазақша қалыптасқан  ҧрпақ  
тәрбиелеуіміз керек. Себебі келешек жастардың қолында.  
Әліпбиді  зерттеп,  жасап,  оны  қолданысқа  енгізу  бҥгінгі  аға  буын  ӛкілдерінің,  яғни  тіл  білімінің 
ғалымдары мен мамандарының еншісінде. Біз тек олардың берген қалыбында оңай қҧйылып, мықты кірпіш 
болып  қалануымыз  қажет.  Алайда  бҧдан  ғасыр  бҧрын  айтқан  А.Байтҧрсынҧлының  араб  әліпбиін  жақтап, 
латын әліпбиінің кҥрделілігін атап кӛрсеткен тҧстарын терең зерттеп, зерделеуді ҧсынар едім.  
Кеңес  ӛкiметi  ыдыраған  соң  1991  жылы  тарих  сахнасына  тҥркi  тiлдес,  iрi,  дербес  5  жаңа  мемлекет 
шықты.Оларға  Тҥркия    мемлекетi  ӛз  тарапынан  қолдау  кӛрсетуге  тырысып  бақты.  1991  жылдың  кҥзiнде 
Тҧрғыт  Ӛзалдың  басшылығымен  Анкарада  тҥрiк,  қазақ,  ӛзбек,  әзiрбайжан,  қырғыз  мемлекеттерi 
басшылықтары  жиналған  саммит  ӛттi.  Осы  саммиттен  кейiнгi  орын  алған  тҥрлi  конференциялар  мен  iс-
жиындардың талқысында тҥркiтiлдес елдердiң ортақ латын жазуына кӛшуi бiрнеше рет талқыланды. Содан 
кӛп  ӛтпей-ақ  1993  жылдың  2  қыркҥйегiнде  Ӛзбекстан  ―Латын  жазуына  негiзделген  ӛзбек  әлiпбиiн‖  енгiзу 
жӛнiнде заң қабылдады. 
Небәрi екi жылдың iшiнде латынданған ӛзбек жазуы және жазу емлесi жасалды. 29 әрiптен тҧратын 
жаңа әлiпби жасалды. Қала, кӛше, жол белгiлерi, тҥрлi мәдени-сауда орталықтардың аттары жаңа жазумен 
жазылып  iлiндi.  1996  жылдың  1  қыркҥйегiнде  бiлiм  есiгiн  ашқан  бҥлдiршiндер  жаңа  латын  графикасында 
оқуды  бастап  та  кеттi.  Ӛзбекстан  республикасына  қарайтын,  адам  саны  400  мың  адамды  қҧрайтын 
Қарақалпақ автономиялы аймағының да жазуы ӛзгертiлдi.  
Әлiпби  ауыстыру  2005  жылдың  қыркҥйегiнде  толық  аяқталады  деп  жоспарланды.  Ал,  2002  жылы 
қайраңдап қалған латынға кӛшудi толық игеру 2005 жылдан 2010 жылға дейiн ҧзартылды. 2005 жылы латын 
жазуында  хат  таныған  оқушылардың  алғашқы  легi  мектепте  физика,  химия,  математика,  биология  сияқты 
гуманитарлық  бағыттан  ӛзге  пәндерден  бiлiмдi  кирилл  жазуында  алды.  Әлi  кҥнге  дейiн  Ӛзбекстанда  екi 
жазу  параллельдi  тҥрде  қолданыста  келе  жатыр.  Паралелльдi  дегеннiң  ӛзiнде  басымдық  бәрiбiр  кирилл 
жазуында қалып қойған. 
Латын  жазуы  бейнебiр  тек  кӛше  аттары  мен  жарнама  тақталарындағы  жазулар  ҥшiн  және  аса  бiр 
қҧндылығы жоқ коммуналдық тӛлемдер мен кейбiр анықтама қағаздары ҥшiн қабыл-данғандай әсер бередi. 
Iс-қағаздары,  мемлекеттiк,  қоғамдық,  тергеу-сот,  ғылыми  зерттеулер,  есептiк-финанстық  есептеулер  әлi 
кҥнге дейiн кирилл жазуында жҥредi. Ал нақты бiр компания, жеке кәсiпкерлер т.б. ӛз iсiн жарнамалайтын 
орындарда (теледидар, радио, кӛшедегi баннерлерде) екi жазуды қатар жазып келе жатыр. 
Әлi кҥнге кiтап, газет-журнал 80-85 пайыздық кӛрсеткiшпен кирилл жазуында шығып жатыр. Кӛркем, 
анықтамалық, балалар әдебиетi, яғни сатылатын, ӛтiмдi кiтап, тауарлардың денi бҧрынғы графикада қалып 
қойған.  Мҧны  айтасыз,  мҧсылман  дiнiн  насихаттайтын  кiтаптардың  ӛзi  кирилл  жазуында  басылуын 
жалғастыруда.  Латын  жазуын  негiз  етiп  шығып  жатқан  кiтаптар  ӛте  аз,  оның  ҥстiне  олар  тек  арнайы 
мемлекеттiк  тапсырыспен  ғана  басылуда.  Мҧндай  кiтаптардың  қатарына  ең  алдымен,  оқулықтар  мен 
балаларға арналған әдебиеттер және классикалық ӛзбек әдебиетiнiң ӛкiлдерiнiң еңбектерi жатады. 
Латын жазуы телеарналарда да толық басымдық алған жоқ. Тiптi, ӛзбек халқының валютасы – сум да 
екi тҥрлi жазуды қатар қолданады. Қағаз банкноттарда кирилл жазуымен жазылса, тиындар әрi кирилл, әрi 
латын жазуымен таңбаланған. 
1993  жылдан  берi  латынға  кӛшу  басталғанымен,  ӛзбек  елiнде  толық  латын  жазуына  кӛшу  әлi 
аяқталған  жоқ.  Бiлiм  беретiн  кiтап  қоры  жаңа  жазу  негiзiнде  жеткiлiксiз  болғандықтан,  әлем  әдебиетi, 
мәдениетi, тарихы тҧрмақ, жас ҧрпақ ӛзбек халқының ӛркениетiмен де толық таныса алмай отыр. 
Егер  латынмен  кете  берсе,  ғылым-бiлiм  беретiн  негiзгi  қор,  сондай-ақ,  қаншама  жылдар  бойғы 
жинақталған  монография,  диссертация,  ғылыми  жаңалықтар,  кӛркем  әдебиет,  тҥрлi  әлем  әдебиетiнен, 
мәдениетiнен енген аудармалар т.б. жабық кҥйде қалады. Қайтадан кирилл жазуына кӛшсе, 20 жылдан аса 
уақыт  ә  дегеннен  сауаттарын  латын  тiлiнде  ашқан  буынды  қайтпек  керек?  Осылайша  Ӛзбекстан  ―былай 
тартса арба сынады, былай тартса ӛгiз ӛледiнiң‖ кебiн киiп отыр. Шахмат тiлiмен айтсақ, ―цугцванг‖ деген 
жағдайда қалып отыр. 
Ендi  латын  жазуына  кӛшуден  туындаған  жағдайлар  турасындағы  ӛзбек  саясаттанушылары  мен 
ғалымдарының сӛздерiнен ҥзiндiлер келтiрiп қаралық: 
―Соңғы  кезде  тҥркi  халықтары  ортақ  жазуда  болса,  барлық  жақтан  қарым-қатынас  дамиды  деген 
мифтiң  де  ҥнi  ӛштi.  Уақыт  тҥркi  тектес  халықтардың  бiр-бiрiнiң  кiтаптарына,  газет-журналдарына 
қызықпайтынын,  қажет  болған  жағдайда  аударма  арқылы  танысатынын  кӛрсеттi.  Бҥтiн  тҥркi  дҥниесi  бiр-
бiрiнiң  әдеби-мәдени  қҧндылықтарын  аударма  тҥрiнде  оқиды‖  .―Менiң  ойымша,  Ӛзбекстан  90-шы 
жылдардың  басында  антиресейлiк  ниеттiң  жетегiмен  латын  жазуына  ӛттi  де  кеттi.  Жазу  ӛзгерту  тек  саяси 

118 
 
тҧрғыға  байланысты  орын  алды.  Ӛндiрiстiк  салаға  жҧмсалудың  орнына  миллиардтаған  сумдар  жазу 
жаңалауға  жҧмсалды.  10  жылдан  кейiн  бәрi  тек  латын  тiлiнде  оқиды  деген  сенiмде  заң  10  жылға 
жоспарланды.  Бҧл  тiрлiк  жҥзеге  аспады  –  адамдар  ашық  тҥрде  латын  тiлiн  меңгергiлерi  келмейтiнiн 
кӛрсеттi.  Тiптi  басшылық  мекемелердiң  ӛзi  латын  жазуындағы  бiрде-бiр  хатты  қабылдамады.  Бiреу  хатын 
латын  тiлiнде  қҧжатханаға  (канцелярия)  тапсырғанмен,  кӛмекшiлерi  бастықтарға  оны  кирилл  жазуында 
қайтадан  жазып  кiргiзедi.  Жетекшi  орындардың  ӛздерi  шығарған  заңның  ыңғайына  ӛздерiнiң  кӛнгiлерi    
жоқ. Латын жазуына кӛшу – бар болғаны тереңнен ойланбаған, ешқандай ӛзiн-ӛзi ақтамаған, тек саяси ойын 
ғана болып қалып отыр‖.  
―Тағы бiр кҥрделi мәселе  пайда болды. Бҥкiл әдебиет,  барлық кiтаптар, анықтамалықтардың кирилл 
жазуында басылғаны, оларды қайтара басу неше миллиард долларға бағаланатыны мҥлде есепке алынбады. 
Интернеттi  пайдалану  ҥшiн  латын  жазуының  ыңғайлығы  да  бар  шығар,  бiрақ  мәдени  байлығымыздың 
барлығы кирилл жазуында қалып қойды. Ендi бҧл тҧйықтан қалай шығуды ешкiм бiлмей отыр.  
―Бҧл  бiздiң  конституциямызға  қарсы  әрекет  ретiнде  жҥзеге  асты.  Конституция  бойынша,  халыққа 
қатысы  бар  қандай  да  бiр  аса  маңызды  ӛзгерiстер  тек  референдум  арқылы  ғана  жҥзеге  асуы  қажет.  Олий 
Мәжiлiс  (бiр  палаталы  заң  шығаратын  парламент)  қабылдады,  бiттi.  Мен  бҧл  реформаны  заңсыз  деп 
танимын. Ӛйткенi халықтың пiкiрiмен ешкiм санасқан жоқ...Жақында маған Гога Хидоятов қоңырау шалды. 
Ғылымға ҥлкен еңбек сiңiрген тарихшы ағаны ӛз басым аса қҧрметтеймiн. Оның дҥниежҥзi тарихы туралы 
оқулығы  шығыпты.  Кiтабын  маған  жiберген  ол:  ―Файзулла,  рецензия  жазып  бершi‖,  –  деп  ӛтiндi.  Мен: 
―Ӛзiңiз  сол  оқулықты  оқып  шықтыңыз  ба?‖  –  деп  сҧрадым.  Ол:  ―Жоқ.  Латын  ғой…‖,  –  дейдi.  Мен  оған: 
―Олай  болса,  мен  неге  ол  жазу  ҥшiн  кӛзiмнiң  майын  тауысуым  керек?!  Оқымаймын.  Маған  ӛзбек 
кириллицасындағы, болмаса, орыс тiлiндегi нҧсқасын берiңiз – мен оқып шығып, пiкiрiмдi жазып берейiн‖, 
–  деп  жауап  бердiм...  Ӛкiнiштiсi,  кiтабының  латын  әлiпбиiне  қандай  деңгейде  аударылып  басылғанын 
автордың  ӛзi  де  бiлмейдi.  Себебi  оқып  шыға  алмайды...‖  .―Менiң  ойымша,  жазу  ауыстыру  бiзге  ештеңе 
берген жоқ. Ол кезде латын жазуына кӛшкен тҥркiтiлдес халықтар арасында тек Тҥркия болды. Тек Тҥркия 
ҥшiн осы ақымақ қадамға бардық... Кеш болмай тҧрғанда қайтадан кейiн шегiнуiмiз қажет. Кейiн шегiнуден 
ҧтарымыз кӛп‖ . 
Ӛзбекстандағыдай  жазуын  латындандырған  тағы  бiр  ел  –  Әзiрбайжан.  1992  жылы  әзiрбайжан 
парламентi латын графикасына ӛту турасында заң қабылдаса, 2001 жылы латын әлiпбиiне ӛттi. 2002 жылы 
кирилл  жазуын  қолданатындарға  әкiмшiлiк  жауапкершiлiкке  тартатын  заң  жобасын  ендiрдi.  Әзiрбайжан 
елiнiң  зиялы  қауым  ӛкiлдерi  әлi  кҥнге  дейiн  бҧрын  кирилл  жазуында  бiр  аптада  оқып  бiтiретiн  кiтапты 
латын  жазуында  аяқтап  шығу  ҥшiн  бiр  ай  кӛлемiнде  уақыт  кететiнiн  айтып  қынжылыс  бiлдiредi.  Қазiр 
Бакуде санаулы ғана кiтап дҥкендерi қалған. Кӛпшiлiгiнiң орнына кафелер мен дҥкендер, жиһаз салондары 
ашылған.  
1992  жылдың  соңына  қарай  сол  кездегi  ел  президентi  Абулфаиз  Елчибейдiң  басшылығымен 
республика  парламентi  мелекеттiк  тiл  ретiнде  тҥрiк  тiлiн  қабылдады.  Бiрақ  мҧны  Әзiрбайжан  зиялылары 
қолдамады. Тҥрiк тiлi ӛзiнiң мемлекеттiк тiл ретiндегi қызметiн 3 жыл атқарып, Гейдар Әлиев билiк басына 
келген соң, әзiрбайжан тiлi мемлекеттiк тiл болып қайта бекiтiлдi.   
Әзiрбайжан  Жазушылар  Одағының  мҥшесi  Эльчин  Гасанов:  ―Бiрде  маған  әлiпби  реформасын 
жақтаушылар:  ―1939  жылы  СССР  қҧрамында  болған  кезде  Әзiрбайжан  кирилл  жазуына  ӛттi,  сол  кезде 
ҥлкендерге  де,  жастарға  да  қиын  болды.  Бiрақ  олардың  кирилл  жазуын  меңгеруге  кҥшi  жеттi.  Сондықтан 
шыдау  керек!‖  деген  ой  айтты.  Бiрақ  кеңестiк  кезеңде  жҥйе  болды.  Ӛзгерiстердi  iске  асыратын  механизм, 
қатал  тәртiп  болды.  Онымен  қоса,  рухани  байлықтардың  саны  мен  сапасы  да  дәл  мҧншалықты  деңгейде 
жинақтала  қоймаған едi. Бiреуге  ӛкпелеп, барыңнан айырылып қалудың  не  қажетi бар? Жасыратыны  жоқ, 
Әзiрбайжан Ресейден, тiптi жазуына дейiн iргесiн бӛлектеуге тырысып, Тҥркия және АҚШ-пен одақтасқысы 
келдi... Маған кирилл жазуынан латын жазуына ӛту халықтың аз оқып, сауатты болмауы ҥшiн, ӛркениеттiң, 
әдебиеттiң  дағдарысқа  ҧшырауы  ҥшiн,  ҧлттың  ортақ  сипатын  жою  ҥшiн  жасалған  нәрсе  сияқты  кӛрiнедi. 
Сауатсыз тобырды билеп-тӛстеу оңай, ӛте оңай!‖ – дейдi ашынып.    
Ӛзбекстан  Әзiрбайжан    Екi  елдiң  жазу  ауыстыруда  жҥрiп  ӛткен  жолы  осындай.  Ендi  елiмiзде  жазу 
ӛзгертсек орын алады дейтiн пiкiрлердi жеке-жеке талдап ӛтейiк. 
Бiрiншi, латын жазуына кӛшсек, бҧрынғы отарлық әлiпбиден iргемiздi аулақ салған соң, әр қазақтың 
жҥрегiнде  ҧлтқа,  тiлге,  жерге  деген  патриоттығы  оянады-мыс.  Бiрақ  Қазақстан  халқының  ой-санасы 
деңгейiнiң  ӛсуi,  туған  тiлiне,  елiне  деген  патриоттығы,  халықаралық  аренадағы  экономикасы  мен  беделiн 
кӛтеру  әлiпби  ауыстыру  арқылы  жҥзеге  аспайтыны  анық.  Тiптi,  бiздiң  қоғамдағыдай  орыстiлдi  және 
ӛзбектiлдi,  не  әзiрбайжантiлдi деп ӛз  iшiнде бӛлiну мәселесi жоқ екi  халық елдiң алдымен  латын жазуына 
ӛттi. Осы елдер 20 жыл уақыт iшiнде жазу ауыстыру арқылы дамыған алдыңғы қатарлы елдердiң қатарына 
қосылды  десек,  ақсақты  тыңдай,  ӛтiрiктi  шындай  соққан  болып  шықпаймыз  ба?  Кез  келген  елдiң  әлем 
алдындағы беделi жаңа технологиялық, ғылым-бiлiм жетiстiктерiмен, ҧлттық әдебиетiмен, экономикасымен, 
халықтың  әлеуметтiк  тҧрмысымен  алға  шығады.  Тiлiмiз,  рухани  байлығымыз,  осы  байлықты 
қалыптастырған жазуымыз ӛзгелердi айтпағанның ӛзiнде туысқан тҥркi тiлдес халықтардың ешбiрiне қажет 
емес, тек қазақ халқына ғана қажет. Қазақтар жазуларын латындандырыпты  деп дамыған елдер қатарынан 
орын босата қояды деген де кҥлкiлi естiлмей ме?! 

119 
 
Республиканы  қоныстанған  ӛзге  ҧлт  ӛкiлдерiн  қоя  тҧрып  қазақтардың  ӛзiн  ана  тiлiне  қайтару  ҥшiн 
мҥлде  басқа  талаптары  бар  заң  кҥшiне  ену  керек.  Бҧл  жерде  латын  жазуына  кӛшу  титтей  де  кӛмек  бере 
алмайды. Латынға кӛшсек, қазақ тiлi автоматты тҥрде беделге ие болып, қарым-қатынастың барлық тҥрiне 
ие  болып  шыға  келсе,  оны  мақҧл  дер  едiк.  Бiрақ  қазақ  тiлiнiң  жазуы  латынданған  кезде  онсыз  да  ҥлкен 
дәрежедегi  ресейлiк  ақпарат  тарататын  тетiктер  шексiз  басымдыққа  ие  болайын  деп  тҧр.  Олар  ӛздерiне 
туындаған мҧндай қолайлы сәттi ӛте ҧтымды пайдаланып қалатындығы кҥмәнсiз. 
Екiншi,  ―Латын  жазуы  бiздi  бiрiктiредi‖  –  бiрiксе,  ӛзбек,  тҥрiк,  әзiрбайжан  елдерi  25  жылдан  берi 
бiрiгер едi ғой. Мысалы, ӛзбек халқы латын жазуына ӛткенмен, Тҥркияда ӛзбек авторының кiтабын шығару 
барысында  аударма  латын  жазуына  негiзделген  жаңа  ӛзбек  әлiп-биiнен  жасалмайды.  Аударма  ҥшiн  тҥрiк 
ағайындар  мiндеттi  тҥрде  кириллица  жазуындағы  нҧсқаны  немесе  мҥлдем  орыс  тiлiндегi  нҧсқасын 
сҧратады. Ӛйткенi жаңа жазудағы ӛзбек тiлiнен тiкелей аударма жасайтын мамандар жоқ. 
Қай жазудың болмасын, тҥптӛркiнi бiр жазуға барып тiрелгенмен, нешеме ғасырлар бойына даму мен 
ӛзгерiске  ҧшырап  кеткен  жазу  тҥрлерi  қазiргi  заманда  бiр-бiрiнен  мҥлде  алшақтаған.  Жазу  ауыстыру 
мәселесi қай елде, қай кезде болмасын, ҥлкен мақсат-мҥддеге байланысты жҥзеге  асырылған. Бiздiң елiмiз 
жазу  ауыстырудан  бҧрын  жоғарыда  айтылған  елдерде  орын  алған  дағдарыстар  мен  қиындықтардан  сабақ 
алуы тиiс. Ӛйткенi бәрi дәл қазiргi бiраз адамдардың ойлағанындай, оны жазып-сызып халыққа таныстырып 
жатқандарындай  теп-тегiс,  жып-жылтыр  бола  қойған  жоқ.  Ҧлт  жазуын  реформалау  тарихта  әдетте  белгiлi 
бiр уақытқа созылған әрi мемлекеттiң ӛзiнше дара жолды ҧстанып, тӛңкерiстен кейiн, болмаса тәуелсiздiгiн 
ала салысымен халық санасын басқа рухта қалыптастыру ҥшiн жасалған. Яғни, қаншама жыл ӛзге халықтың 
езгiсiнде  болған  бҧратана  халықтардың  тәуелсiздiкке  қол  жеткiзе  салысымен,  бҧрынғы  қалыптасқан 
жҥйедегi  жазудан  басқа  жазу,  сол  жазу  арқылы  жаңа  ҧлттық  идеяларды  ҧлықтау  басты  мақсат  етiп 
қойылған. Сондықтан да Тҥрiк елi ӛзiнiң даму ҥрдiсiн жеделдету мақсатында латын жазуына кӛштi. Әрi оны 
ӛзiнiң географиялық, экономикалық және т.б. қажеттiлiктерiне сай ӛте ҧтымды пайдалана алды. Ел тарихы 
жаңа  жазу  ҥлгiсiн  қалыптастырып,  жаңаша  сипатта  дамыды.  Сол  сияқты  бҧрынғы  Кеңес  ӛкiметi  де  ӛз 
одақтасы болған республикалардың дамуының басында бiрден жазу реформасын жҥргiз-дi. Бiр елдер жазу 
реформасын  қажет  етсе,  қытай,  жапон,  корей  елдерiнде  жазу  ҥлгiсiне  реформа  жҥргiзу  туралы  ешқандай 
даулы мәселе кӛтерiлмеген. Рас, бҧл елдерде шетелдiктер мен елшiлiктер ҥшiн тӛл таңба жазуларынан бӛлек 
әлiпбилiк жазу бар. Бiрақ ҧлтты қҧрайтын негiзгi халықтың тӛл жазуын тҥгелдей ӛзгерту турасында мәселе 
ешқашан кӛтерiлмеген. Қытайды қазiр барлық жағынан жан-жақты дамыған ел деймiз. Десек те, ол ел де ХХ 
ғасырдың басында, орта шенiнде тҥрлi аштық пен қиыншылықты басынан ӛткiздi. Бiрақ олар оны шешудiң 
жолы жазу ӛзгертуде деп бiлген жоқ. 
Ӛз елiнiң ӛкiнiштi реформасы ӛзге елдерге сабақ болуы керектiгiн саясаттанушы Ташпулат Юлдашев: 
―Қазiр Қазақстан да латын жазуына кӛшпекшi кӛрiнедi. Егер Қазақстан бiздiкiндей қиын ӛткелдердi қайтсе 
де  басып  ӛткiсi  келсе,  жан-жақты  зерттеу  жҥргiзiп,  Ӛзбекстан  ҥшiн  жазу  ауыстырудың  қаншалықты 
қасiреттi болғанын бiлiп алуы қажет‖, – дейдi. 
Әлiпби  –  халықаралық  жағдайда тҥрлi мемлекеттердiң, ҧлттардың мәдени  қарым-қатынасын жҥзеге 
асыратын  қҧрал  ғана.  Одан  басқа  жазудың  ешқандай  ҧлттық  сипаты  да,  мәнi  де  жоқ.  Оның  ҥстiне 
мақаламыздың  бас  жағында  тоқталып  ӛткенiмiздей,  бар  жазудың  негiзi  бiр  жазуға  барып  тiрелгендiктен 
одан  далбасалап,  патриоттық,  болмаса  бодандықта  қалуды  iздеудiң  тiптi  қажетi  шамалы.  Ал  латын  жазуы 
қай  ғасырда  болмасын  ӛзiнiң  нейтральды  қызметiн  атқара  беретiнi  анық.  Сондықтан  да,  әрбiр  заманауи 
сауатты, бiлiмдiмiн деген адам латын жазуын тануы керек. Жалпы, латын графикасын ендiретiн мемлекеттiң 
ӛзге  де  заңдық  жобалары  жетiп  жатыр.  Мысалы,  соның  бiрiне  даулы  жақтары  да  бар  ―Ҥш  тҧғырлы  тiл‖ 
саяси  жобасын  жатқызуға  болады.  Бiз  латынға  кӛшсек,  алдымызда  ӛзбектер  мен  әзiрбайжандардан  да 
кҥрделi мәселелер шығары анық. Ӛйткенi қазақ халқы ӛзбек, не болмаса әзiрбайжан халқы сияқты 100 пайыз 
ана  тiлiн  бiлетiндерден  тҧрмайды.  50  пайыз  қазақ  ана  тiлiн  бiлмейдi.  Ендi  орыстiлдi  қазақтарды  былай 
қойғанда, ана тiлiн жетiк бiле-тiндердiң кӛп бӛлiгi туған тiлiн латын жазуында оқудан туатын қиындықтар 
мен кедергiлерге тап болған соң, орыс тiлiнде шығатын, ӛзiне таныс кирилл жазуында оқып, сауатын ашып, 
ақыры ана тiлiн бiлмейтiн топқа оп-оңай қосыла салады. Оның себебi: қазақ халқының кӛп, ӛте кӛп бӛлiгiнiң 
әлеуметтiк жағдайының тӛмендiгiнде. Қаншама бiлiмдi, тәжiрибелi азаматтар кҥнкӛрiс ҥшiн мардымсыз ақы 
тӛлейтiн  қара  жҧмыстарды  iстеуде.  Iстейтiн  жҧмысы  мен  бiлiм  парқы  да  деңгейлес,  тiптi  кейде  артық 
болғанмен,  шетелден  шақырылған  кадрлар  жергiлiктi  халықтан  3-4  есе  кӛп  жалақы  алады.  Осындай 
жайттардың салдарынан жҧмысшылар арасында тҥрлi даулы мәселелер орын алғаны жасырын емес. Кҥйкi 
тiрлiктiң  кҥйбеңiнде  жҥрген  кӛпшiлiктiң  қайта  сауат  ашуға  мҥмкiндiгi  келе  ме?  Әй,  қайдам...  Сондай-ақ, 
қоғамдағы орта жастан асқан буынның барлығы дерлiк қайтадан сауатсыздыққа ҧшырайды. Олардың әлiпби 
меңгерiп отыруға уақыты да, талабы да бола қоймас. Мерзiмдi баспасӛздер тиражы бiрден қҧлдырап, тӛмен 
тҥсерi сӛзсiз. Бҧл ӛз  тарапынан жаппай рухани дағдарысты  тудырады. Бiздiң  халқымыздың  басындағыдай 
туған тiлiн бiлмейтiн жағдай ӛзбек, әзiрбайжан сияқты халықтарда жоқ болса да, олар жазу ӛзгертуден алға 
баса алған жоқ. Жазуды ӛзгерту арқылы онсыз да шықпа жаным шықпа болып тҧрған тiлiмiз тiптi аянышты 
халге тҥсерi анық.  
Мҧндай  жағдайлар  орын  алған  кезде  орыстану  процесi  бҧрынғыдан  да  тез,  шапшаң  әрi  орыс  тiлiн 
насихаттаушылар  тарапынан  еш  шығынсыз  жҥзеге  асады.  Қазақ  тiлiн  ӛз  қолымызбен  саналы  тҥрде 

120 
 
қҧрдымға  жiберемiз.  Егер  кирилл  жазуына  дейiн  ортақ  тҥркiлiк  жазуымыз  болып,  одан  айырылып  қалсақ, 
онда мәселе басқаша болар едi. Бiрақ ондай жағдай болған жоқ қой.  
Тiлдiк  жазуларын  сыртқы  саясатқа  және  мемлекеттiк  билiк  басындағылардың  ыңғайына  қарай 
ӛзгертетiн,  ӛзгертуге  жол  беретiн  ҧлт  пен  ҧлыстарды  кӛп  елдерде  ―әлiпби  жезӛкшелерi‖  деп  атайды.  Бҧл, 
әрине, ауыр айтылған сӛз. Бiрақ жазу ӛзгертуден тҥсетiн салмақ осы ауыр сӛздi тудырған болу керек. Дәл 
қазiр халық игiлiгiне, әлеуметтiк ахуалдарды жақсартатын жайттарға жҧмсалуы тиiс қаражаттың кӛп бӛлiгi 
жазу  ауыстыру  ҥшiн  жҧмсалуы  тағы  да  орынсыз.  Жазу  саласы  қаншама  жылдар  бойы  теспей  соратын 
нысанға айналады. Зейнетақы жасын ҧзартып, бюджет жетiмсiздiктерi орын ала бастағанда, жазу ауыстыру 
20  шақты  жылға,  мҥмкiн  одан  да  кӛп  уақытқа  созылуы  мҥмкiн.Елiмiздегi  жоғары  билiктiң  орынды  әрi 
орнықты шешiм қабылдай алған елдердiң тәжiрибесiнен сабақ алғаны абзал. 
 
Каталог: sites -> default -> files -> Volume2013
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет