Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



жүктеу 5.62 Mb.
Pdf просмотр
бет28/53
Дата24.03.2017
өлшемі5.62 Mb.
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53

Әдебиеттер 

154 
 
1.
 
Абдилъдин Ж.М., Орынбеков М.С. К научному познанию реалий // Мысль, -Алматы, 1992, №1.  
2.
 
Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар. -Алматы, 1988. 
3.
 
Әуезов М. Абайтану дәрістері. -Алматы, 1994.  
4.
 
Әуезов М. Абай Қҧнанбаев. Алғысӛз // Шығармаларының бір томдығы. -Москва, Саяси баспа, 1954. 
5.
 
Бӛкейханов Ә.Н. Абай (Ибраһим) Қҧнанбаев. (Қазанама) Батыс Сібір имп. Орыс геогр-қ қоғамы жазбалары. 
III шығарылым. 1907. 
 
 
ӘОЖ 341. 232 
 
МӘДЕНИ- РУХАНИ ҚҦНДЫЛЫҚТАРДЫ  АЙҚЫНДАУШЫ ФАКТОРЛАР 
 
Жиенбекова А.А. 
М. Әуезов атындағы ОҚМУ , Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Рассмотрены  определяющие  факторы,  влияющие  на  формирование  культурных  ценностей  современной 
молодежи.  Проанализированы  основные  духовные  ценности:  духовно-гуманитарные,  материально-
экономические  и  рациональные.  Признается,  что  наиболее  определяющим  фактором  являются  система 
образования и воспитания.  
Summary 
Examined  the  determinants  that  affect  the  formation  of  the  cultural  values  of  today's  youth.  Analyzes  the  basic 
spiritual values of spiritual and human, material, economic and rational. It is recognized that the most determining factor 
is the system of education. 
 
Қазіргі  қоғам бәсекелестікке негізделе отырып, ақпараттардың жылдам ауысып отыратын кӛз ілеспес 
жаңалықтардың  бҥгін жаңа ертең ескіге айналып отырғандығымен ерекшеленеді.  Қазіргі заман мәдениетін, 
ондағы қҧндылықтар жҥйесін жасаушы да әрі қолданушысы да – адам. Сондықтан, қазіргі адамның мәдени 
қҧндылықтарын басты назарға алынып отыр. Біз ғасырлар бойы әлемдік ӛркениеттердің тоғысқан жерінде, 
Еуразияның кіндігінде орналасқан ел ретінде Шығыс пен Батыс қҧндылықтарын қатар меңгеруге талпынған,  
шығыстық  дәстҥршілдік  пен  батыстық  рационалдық  ойлауды  қатар  меңгеруге    ҧмтылыстармызбен 
ерекшеленеміз.  Кӛшпелілік  ӛркениеттің    икемделгіш    қасиетінің    арқасында    отырықшылық  мәдениетінің 
негізін  қалай  отырып,    ҧлттық  сана,  салт-дәстҥр,  ҧлттық  рухани  қҧндылықтардың  негізін  қалаған. 
Кӛшпелілер  қашанда  икемделгіш  болған  және  бір  қарағанда  ешбір  ақылға  сыймайтын  бір  қаиеттері 
табиғаттың  белгілі  бір  қайталанбалы  кезеңіне  және  қоғамдық  ӛзара  қатынастың  прициптеріне  сай  келіп 
отырған.  Қазіргі  жағдайда  осы  машықтар  бізге  қалай  кӛмектесе  алар  еді?  Жоғары  технологиялар  адамды 
белгілі  бір  жерге  байлап  қоймайды.  Бҥкіл  дҥние  жҥзінде  білім  беру  саласында  «ӛмір  бойы  білім  алу»  
тҧжырымдасаы  енгізіліп  отыр.  Бҧл  жастардың  ғана  емес,  басқада  қоғам  мҥшелерінің  білімін  ӛмір  бойы 
ҥздіксіз  жетілдіріп  отыруға  деген  ҧмтылысын  талап  етеді.  Білім  алу  нәтижесінде  жастар  ӛз  халқының 
мәдениетін  меңгере  отырып,  әлемдік  мәдениет  қҧндылықтарын  игеруге  ҧмтылуы  қажеттілігі  шығады. 
Қазіргі  қоғамдағы  жастардың    жаһандандырудың  бірыңғайландыратын  және  кіріктіретін  ҥрдісінде  ӛзінің 
тілін, ділін, дінін, ҧлттық санасын, қҧндылықтарын сақтап қалу мәдени қҧндылықтарының басым бағыттары 
болып    табылады.  Осыған  орай,  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың:  «жастар  білім  алуды  баға  ҥшін 
емес,  білімді  болу  ҥшін!»  деген  принципті  ҧстанатын,    ерекше  корпаративті    рухы  бар    және  білімге  
табынушылық қалыптасқан орта – университеттің бӛлінбес бӛлшегі болуы керектігіне мән берген [1].  Қазақ 
даналығын:    «жеті  тілді    білуге  ҧмтыл    және  жеті  ғылымды  меңгер»  деген  ҧстанымды  ту  еткен  жастар 
ӛздерінің  мәдени  қҧндылықтарын  адамның  алдынан  кездесетін  қиындықтарын  жеңуге,  дҧрыс  жолды 
таңдауда  негіз  етіп  алуы  қажет.  Егер  жастар  гуманизмді,  білімді,  жауапкершілікті,  еңбекқорлықты,  
жауапкершілік  пен  қоғам  алдындағы  азаматтық  борышын  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттар 
реітнде таңдап алса, жеңіске қол жеткізетіні анық.  
Адам әлемінде болсын, адамзат мәдениетінде болсын жоқтан ештеңе пайда болмайды.  Қазіргі  заман  
мәдениетіне  алғышарт   болған, осы кезеңнің қҧндылықтарын дайындаған мәдени дәуірлер: Ренессанстық 
гуманизм,  реформациялық  зайырлылық,  ағартушылық  жаппай  сауаттандандыру,  білім  қҧндылықтары  мен 
қатар қазақ жеріндегі рухани мол мҧраларды айтуға болады. 
Жаңа  қоғамның  мәдени  қҧндылықтарын    қҧруда  жастардың  рухани  қҧндылықтарды  қабылдауға 
дайын болуы  тиіс. Қазақ философы Ш.Қҧдайбердиев егер де  адамгершілік тҧрғыдан  адамдардың санасы 
қалыптасып,  дайын  болмайынша  жаңа  қоғам  қҧру  мҥмкін  еместігіне  тоқталған.  Жалпыадамзаттық 
қҧндылықтар:  қайрымдылық  пен  зҧлымдық,  махаббат  пен  жеккӛру,  жауапкершілік  пен  немқҧрайдылық, 
адамилық  пен  хайуандық,  достық  пен  қастық,  бірігу  мен  кек  алу,  ақыл  мен  ақымақтық,  сезім  мен  ақыл 
сияқты  адамгершілік  категорияларына  кеңінен  тҥсінік  бере  отырып,  қазіргі  жастардың  мәдени 
қҧндылықтарына  әсер  етуін  терең  қарастырған.  «Адам  бойында  екі  қажеттілік  бар  –  тән  және  жан 
қажеттілігі. Ӛзі туралы ойлап, ӛзін ғана сҥюі, мансапқорлығы – бҧл тән қажеттілігі. Ар, ҧят, әділетті болу, 

155 
 
арлы  еңбек  –  бҧл  жан  қажеттілігі.  Кімде  –кімнің  бойында  бірінші  қажеттілік  жеңсе  баю,  атақ,  даңқ  ҥшін 
барын салады. Ал екінші қажеттілікті ҧстанған адам ӛмірін  адал  еңбекке  арнайды» [2]. 
Дҥниенің соңына тҥсіп, бар тапқанын ҥстіне жапсырып, ӛзгені ойламай  тек ӛзім  болсам деген  ниет 
жастық  кезеңде  қызығушылықтан  басталып,  кейіннен  жаман  қылыққа  айналады.  Ӛзін  қоршаған  ортадағы 
әлеуметтік, қоғамдық-саяси, рухани, экономикалық факторлар  жастардың мәдени қҧндылықтарына ықпал 
етеді.  Осы  тҧрғыдан  алғанда  бірқатар  сыртқы  әсерлерді  ӛз  еңбектеріне  арқау  еткен  ғалымдардың 
еңбектерінен байқауға болады. 
Қай ӛркениетті қоғам болмасын ӛзінің мәдени ҥлгілері мен идеалдарын   қҧрады.   Бҧл идеалдардың  
ҧрпақтан ҧрпаққа жалғасуы ҥшін оның қҧндылық статусына ие болуы қажет. Қазіргі ӛркениет тап осындай 
қҧндылық статусы бар идеалдарға аса зәрулігімен сипатталады. 
Бҧл  қоғамның  мәдени,  әлеуметтік  және рухани  салаларының ӛзара байланыстарының тӛмендігі, 
батыстық  ақпарат  ағынына    қарсы  тҧрарлық  ақпараттық  мәдениеттің  әлсіздігі.  Дегенмен,  Қазақстандағы 
саяси-идеологиялық    факторлардың    ішіндегі  маңыздысы  болып  қоғамдық  ӛмірді  демократияландыру, 
зайырлылық    принципін    ҧстана    отырып,  ҧлттық  сананы  имандылық  негізінде  қалыптастыру,  сыртқы 
саясатта Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің озық ҥлгілерін ала отырып, менталитетін сақтап қалу және т.б. 
Қҧндылық адам мен оны қоршаған ортада ӛмір сҥреді,  ол – тҧлға, зат, қҧбылыс адам санасымен ӛзара 
байланысты,  әсіресе, мҧндағы маңызды  тҧлғаның мәні. Әлеуметтік – экономикалық  ӛзгерістер  адамның 
іс-әрекетінің де ӛзгеруіне алып келеді. Мҧнда адамның іс-әрекетінің қҧрылымы ӛзгермейді,  әрекетке себеп 
болатын  мақсат пен мотив ӛзгерістерге ҧшырайды.   
Қҧндылық басым бағыттары  қоғамдық қатынастар мен даму болашағына баға беруге болады.  Мҧнда  
қҧндылық  мәдениеттің  негізгі  элементі,  қауымдастықтар  мен  топтардың,  адамдардың  қҧндылық  – 
нормативті қатынастарының негізі  етіп  қарастыру  ерекше  маңызға  ие  болады.  Қазіргі қҧндылық туралы 
теорияда  оны  ҥш  топқа  бӛліп  қарастыру  орын  алған.  Бҧл  жҥйе  мәңгілік  қҧндылықтар  –  Шындық, 
Қайрымдылық,  Сҧлулық  ҥштігінің  бірлігін  қҧрайды.  Мәңгілік  қҧндылықтар  ғылымға,  қоғамдық  мораль, 
дінге, ӛнерге  басшылық жасай отырып, рух, жан және тәнге енеді. Осылайша, барлық қҧндылықтар мәңгі 
«ҥштік қҧндылықтар»  негізіне сәйкес бӛлінеді: 
1.
 
рухани-гуманитарлық; 
2.
 
материалдық-экономикалық; 
3.
 
рационалдық 
Қазіргі  қоғамдағы  ҧрпақтарымыздың  мәдени  қҧнылықтарындағы  басым  бағыттарына  ықпал  ететін 
факторлардың бірі: 
-
 
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қайта қҧрулардың жылдамдығы; 
-
 
батыстық ӛмір сҥру стандарттарына отбасылардың еліктеуі, нигилизмнің қалыптасуы. 
Қоғамдағы  тҥбірлі  ӛзгерістер  бҧрыннан  қалыптасқан  кеңестік  сананың  орнына  жаңа  сананы,  яғни  
капиталистік қатынастар мәдениетін алып келді. Қажырлы еңбек, бәсекелестік, табанды кҥрес  – бҧл қазіргі 
замандағы  басты  мәдени  қҧндылықтар  қатарында  деп  есептеледі.  Жатып  ішерлік,  жалқаулық,  қоғамның 
қамқорын шексіз пайдалануға қҧмарлық заманы келмеске кетті.  
Тәуелсіз    Қазақстанның    алдына  қойған    басты  міндеттерінің  бірі  –  отбасы  мәселесін  шешудегі 
саясатында  талаптар  мен  жауапкершілік  жоғары.  Қазіргі  кҥндегі  еліміздегі    батыстық  ӛмір  сҥру 
стандарттарын  ҥлгі  тҧтуы  әсіресе  БАҚ-ның  әсері.  БАҚ  туындатқан  бҧқаралық  қоғам  мен  бҧқаралық 
мәдениетті  тҧтынушы  адам  «мен»  деген  сенімін  жоғалта  бастайды.  Мҧны  қазіргі  мәдениеттанушылар 
«тобыр  мәдениеті»  деп  қарастырады.  Мҧнда  саналы  таңдаудың  орнын  еліктеу,  соқыр  сенім,  психикалық 
қозу алмастырады.  
Осыған  орай,  қазіргі  таңдағы  батыстан  және  шығыстан  келіп  орнығып,  ӛз  уағыздарын  кедергісіз 
жҥргізіп  жатқан  кӛптеген  діни  –  станистік  ҧйымдардың  арасында  жастардың  басымдығын  атап  ӛтуіміз 
керек.  Діни  секталар  гипноз  немесе  тҥрлі  әдістерді  қолдана  отырып,  барынша  ӛз  ҧйымдарына  жастарды 
тартқысы келеді, ӛйткені олардың әлі де болса мәдени қҧнылықтарының тҧрақсыздығы мен иланғыштығы, 
еліктеуі басым болып келеді.  
Бҧқаралық санаға бой алдырған жастардың мәдени қҧндылықтарындағы басым бағыттар дағдарысқа 
ҧшырайды,  осыған  дейінгі  жоғары  есептеліп  келген  ӛнер  туындыларының  қҧны  тӛмендеп,  оның  орнын 
қарапайым заттар, бос қалбырлар, бос ыдыстар, тҧрмыстық қалдықтар алмастырады.  
Ӛнердің  таңғажайып  сырға  толы    қҧдіреті  арзанқол  дарынсыз  шығармалармен  ауыстырылады. 
Мәдениеттің  барлық  тҥрлерінде:  ӛнерде,  дінде,  ғылымда,  саясатта,  қҧқықта,  моральда    жауапкершілік 
тӛмендеп, оның барлығы қолжетімді нәрсеге айналады.   
Қазіргі  заман  мәдениетін  жасаушы  жастар  қоғам  назарынан  тыс  қалдыруға  болмайды.  Олардың 
мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттар  неге  бағытталуы  керек,  нені  ӛз  қоржынына  қажетті  рухани 
азық  етіп  салуы  қажет,  міне  осының  барлығы    бҥгінгі    мәдениеттанулық  зерттеулердің  басты  нысаны 
ретінде маңызды болмақ.  
Отбасы мәдени қҧндылықтарындағы  басым бағыттарына  ықпал ететін ішкі факторлар: 
-
 
адамның ӛзін қоршаған ортаға бейімделуі мен ӛзін сақтап қалуы; 
-
 
ҧрпақ қалдыру, қарым-қатынас, отбасылық ӛмірге дайындық, жыныстық ләззәтқа бӛленуі; 
-
 
қоғамда ӛз орын табуға ҧмтылысы, карьера; 

156 
 
-
 
ізгілік, достық, махаббат немесе жеккӛру т.б. сезімдері; 
-
 
адамдар арасында ӛзін еркін ҧстауы мен ойын толық жеткізуі; 
-
 
жоғары рухқа сенімі. 
Бҧл отбасындағы мәдени қҧндылықтарындағы бағытты анықтауда басты себептер болып табылады. 
Сонымен  қатар,  жастардың  мәдени  қҧндылықтарында  ҧжымдық    қҧндылық  сана  ерекше  орны  бар. 
Социалистік жҥйенің ҧжымдық еңбек санасы нарықтық заман талабында да сақталып, ӛзінің маңыздылығын 
жойған жоқ. Қоғам мҥлкіне жанашырлық таныту, оны сақтау мен қорғау мәдени қҧндылықтардың маңызды 
бӛлігі  болып  саналады.  Дегенмен,  қазіргі  жастардың  арасынан  ҧжымдық  еңбек  жемісін  жоққа  шығару, 
мәдени ескерткіштерді қирату сияқты вандалистік әрекеттері байқалып отырғандығы шындық.   
Нарықтық  экономика  мәдени  қҧндылықтардағы  басым  бағыттар  мазмҧнын  ӛз  жағына  бҧрып 
қарастыруға  әкеледі.  Нарықтық  экономиканың    тірегі  –  индвидуализм.  Ол  бәсекеге,  теңдік  пен  ӛзара 
пайдаға,  жеке  бастың  байлық  қорын  кӛбейтуге  ҧмтылысына  алып  келеді.  Нарықтық    пайда  табу  мен 
бәсекелестік принципінің жастардың мәдени қҧндылықтарына кері әсері  жолдастық, ҧжымдық еңбек, ӛзара 
кӛмектесу, достық сияқты ҧғымдарды екінші орынға ығыстырып шығарады.  
Алайда,  нарықтың  қатал  заңы  бойынша  адам  ӛзін  сақтап  қалуға  әрі  жаңа  енген  қҧндылықтар  мен 
қатар, ӛзінің рухани азғынданбауы ҥшін бҧрыннан келе жатқан салт-дәстҥр, мәдени қҧндылықтарды қатар 
меңгерген жағдайда қол жеткізуге болатынын тҥсінуі тиіс. 
Әлеуметтік-экономикалық  және саяси  ӛтпелі кезеңде  дәстҥрлі қҧндылықтар жҥйесі  әлсіреп, оның 
орнын нигилистік қатынас алмастырады.  
Қазіргі  таңдағы    реформалар  мен  ӛзгерістер  адамдардың  мәдени  қҧндылықтарының  мазмҧнына  да 
ӛзгерістер  енгізуде.  Ал  осы  ӛзгерістерге  тҥрткі  болған  бҧрыннан  сақталып  келе  жатқан    әдет-ғҧрып,  салт-
дәстҥр, мәдени қҧндылықтар жаңалықтарды қабылдап ӛмір сҥруін одан әрі жалғастыруда. 
Алайда,  нарықтық  қатынастарды  қабылдамайтын,  ӛткен  дәуірді  қайта  қалпына  келтіруді  аңсайтын 
адамдар  тобы  да  жоқ  емес.  Осы  арада,  ҥшінші  адамдар    тобы  –  жастар  осы  жоғарыда  аталған  екі  топтың 
қайсысына  қосылуын  таңдау  жасауда  ӛздерінің  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттарына  сенім 
артады.  Сондықтан,  жастарды  қоғамдағы  қайта  қҧруларға  белсене  қатысуын  қамтамасыз  ете  отырып,  жас 
ерекшеліктерін,  психологиясын,  әлеуметтік-демографиялық  жағдайын,  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым 
бағыттарына ықпал ететін факторларды назарға алу қажет.  
Бҧқаралық    коммерциялық  мәдениеттің  экспансиясы,  тҧтынушылық  кҥйдің  кҥшеюі,  адам  ӛмірінің 
мәнінің  тӛмендеуі  адамның  адамгершілігін  жоғалтуына  алып  келеді.  Тҧлға  дағдарысқа  ҧшырап,  алдына 
қандай  мәдени  қҧндылықтарды  таңдау  қажеттілігі  шығады.  Адам  болмысының  қарабайырлануына,  ӛзін 
кӛрсетуде  теріс  жолды  таңдауына  әкеледі  (қылмыс,  нашақорлық,  жезӛкшелік  т.б.).  Мистикалық 
уағыздардың  таралуы,  дәстҥрлі  емес  ағымдардың  әрекетінің  ӛршуі  жастардың  рухани  болмысына    қауіп 
тӛндіріп, мәдени жалғастық механизмін қиратады, ҧлттық мәдениеттің қҧлдырауына  ықпал етеді.  
Дегенмен,  біз  мәдени  қҧндылықтар  дағдарысына  тек  батыстық    коммерциялық  бҧқаралық 
мәдениеттің экспансиясын ғана кінә арту арқылы емес, сонымен қатар еліміздегі ішкі факторларды да атап 
ӛтуіміз керек. 
Қазіргі  қоғамдағы  «ескі»  қҧндылықтарды  «жаңа»  қҧндылықтарға  бірден  ауыстыру  немесе    жаңа 
сананы  қалыптастыру  мҥмкін емес. Ӛткен дәуір идеалдары  мен қҧндылықтары  адамдар санасына мықтап 
сіңген,  тарихи  тәжірибеден  сҧрыптаудан  ӛткен  қҧндылықтар  қайта  жаңғырып  бҥгінгі  кҥнгі  қҧндылықтар 
қатарын толықтыруда. Дәстҥрлі қҧндылықтар толығымен жойылып кетуі мҥмкін емес, ӛйткені  оған  қарсы 
тҧратын ҧлттың ӛзін сақтап қалу  инстинкті  жол бермейді.  
Жастардың мәдени қҧндылықтарындағы басым бағыттарына ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық, 
саяси және мәдени факторлар бар. Олар: 
-
 
микроэкономикалық; 
-
 
макроэкономикалық; 
-
 
микросаяси; 
-
 
макросаяси; 
-
 
этикалық; 
-
 
рационалдық. 
1. Микроэкономикалық фактордың ықпалы мәдени қҧндылықтарға  «тӛменнен» микроэкономикалық 
қатынастар негізінде әсер етеді. Бҧл  жағдайда  жастар  «жабайы» нарық жағдайында ақша табуды ҥйренеді. 
Оның  бойында агрессиялық, адамгершілік  нигилизм, заңды сыйламау,  қажырлы  еңбекке  деген жиіркеніш, 
ауырдың  ҥстімен,  жеңілдің  астымен  жҥруді  таңдап  алу  байқалады.  Мҧнда  сабырлылық,  шыдамдылық, 
кедейлікті арланбай онымен кҥрес жҥргізу, ата-бабадан қалған мҧра мал шаруашылығы, егіншілік, қолӛнер 
және  т.б.  кәсіптеріне  сҥйіспеншілік  таныта  отырып,  оны  игеруге  ҧмтылуы,  әділдік,  ақылға  жҥгіну, 
ашкӛздікке бармау, жанҧяны қҧрметтеу сияқты мәдени қҧндылықтар еленбейді. 
Қазіргі  әлем  алпауыты  саналатын    шарықтаған  американдық    экономиканың  «кереметі»    таза 
психологиялық және идеологиялық негізде қҧрастырылған. Мҧнда ерекше этикалық және діни атмосферада  
капиталистік пайда табу жеке тҧлғаның қабілеті мен еңбегінің заңды тҥрдегі сыйақысы деп қарастырылған.  
Ал,  жапондық  экономиканың      «кереметі»  материалдық-экономикалық    негізде  емес,  психологиялық, 
рухани-этикалық,  адами  табиғаты  негізінде  қаланған.  Олар  ӛзге  елдердің  рухани      жетістіктерін, 

157 
 
интеллектісін  тиімді  пайдалана  отырып,  асқан  еңбекқорлықпен,  тәртіппен    және  жапон  ҧлтының 
ҧйымшылдығымен жеңіске жетіп отырғандығы шындық.  
Міне,  осындай    ҥлгілерді  біздің  еліміздің  экономикасын  ӛркендетуге  пайдалана  алсақ,  ал  сол 
экономиканы  жасаушы  жастардың  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттарына  жоғарыда  аталған 
қҧндылықтарды тиімді қолданар болсақ, онда кӛп нәтижеге қол жеткізетін боламыз. Қоғамдағы орын алып 
отырған  тойымсыздық,  ашкӛздік,  біреуді  кӛре  алмаушылық,  аз  нәрсеге  мардымсу,  кӛлгірсу,  тәкәппарлық, 
ӛзгенің алдында ӛзін ҥстем сезіну сияқты негативті қҧбылыстар  әлі де болса орын алып отыр. 
2.  Макроэкономикалық    фактор  –  экономикалық  реформалар  білім  беру,  тәрбиелеу,  ғылым, 
мәдениетке ықпал ете отырып, оның адамгершілік мазмҧнын қҧрайды.  Аталған салалардың экономикалық 
реформалардың  кӛлеңкесінде  қалуы  қҧлдырауына,  тоқырауына  алып  келеді.  Мәдениет  –  қоғамдық 
байлықтың қайнар кӛзі ретінде қоғамдық дамудың прогрессивті кҥші бола алады.  Тарихи дамудың бағыты, 
мазмҧны  мен  сипаты  тек  материалдық  факторға  ғана  тәуелді  емес,  сонымен  қатар  қоғамдағы  рухани 
факторларға  да  байланысты  болады.  ХХ  ғасырда  К.Ясперс  мәдениеттің  біртҧтас  дамуына  мән  берді.  Ол 
мәдениет тарихына экономикалық факторлар емес, рухани факторлар ықпал ететіндігін атап ӛтті. К.Маркске 
қарсы  шыға  отырып,  «рухани  негіздің»  басымдылығына  мән  берді.  Тарих  бҧл  қайнар  кӛздер  мен  мақсат 
арасындағы  процесс.  Белдеулік  уақытта  рухани  негіз  қаланды:  Конфуций,  Лао  цзы  және  т.б.  К.Ясперс 
тарихи-мәдени процесті  сипаттай отырып, «екі тыныс» ретінде кӛреді.  Мәдени процесс бір уақытта рухани 
қозғалыстардың пайда болуымен тҥсіндіреді: Парсыда -Заратустра, Ҥнді мәдениетінде – Гаутама, Қытайда – 
Конфуций, Элладада – философтар және т.б. [3]. Сондықтан, экономикалық реформалар жасағанда ондағы 
маңызды  адам мәселесі бірінші орынға қойылуы шарт.  
3. Микросаяси  фактор – қоғамдағы «ҧмыт» қалған  жастар ӛз беттерінше идеал іздеуі. Кӛпшілігінің 
ойлайтыны  ӛмірдің  мақсаты,  мәні  ақша,  болашақ  мемлекеттің  идеалы  ретінде  адамдарда  ақшаның  кӛп 
болуы  мен    тҧтынатын  заттардың  молшылығы.  Әрине  мҧндай    ӛмірге  және  қоғамның  болашағы  туралы 
ойлар  шындықта  болған  емес  және  болашақта  да  болмайды.  Ӛйткені  тек  ақшаға,  материалдық  байлыққа 
ҧмтылу  рухани  тҧрғыдан  жҧтаңдануға  алып  келеді.    Идеалды  қоғам    тарихи-мәдени  дәуірді  басынан 
ӛткізген,  жекелеген  адамдардың  еркін  әрекеттерінің  негізі  ретінде  адами  қҧндылықтарды 
шығармашылығына  арқау  еткен  жағдайда  орнайды.  Дағдарыстан  шығуды  қарастырғанда  қоғамда  қандай 
мәдени  қҧндылықтар  басым  бағыттарға  ие  болады,  тарихи  даму  ҥрдісі  қай  бағытта  болады,  жеке 
тҧлғалардың да қҧндылықтары сол бағытта қабылданып, жҥзеге асады. 
4.    Макросаяси  фактор  –  жастардың  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттарына  әлемдік 
саясатқа  Қазақстанның  кіріктірілуі,  шешуші  мәселелерге  қатысуы,  жаһандану  ҥдерісі  ықпал  етеді. 
Еуразиялық  континентте    орналасқан  Қазақстан  ежелден  Шығыс  пен  Батыстың  арасындағы  мәдени  кӛпір 
қызметін  атқарып  келеді.  Қазақстанның  геосаяси  жағдайында    Шығыс  пен  Батыс  қҧндылықтарын  қатар 
игере  отырып,  ӛзіндік  орны  мен  ролін  сақтауға  ҧмтылуы  заңды.  Шығыс  пен  Батыс  мәдени  сҧқбатын 
орнатудағы мемлекет ішіндегі толеранттылық  қазақ мәдениетіндегі сана мен рухтың  ҥйлесімді  сипатынан  
деп  тануымзға  болады. 
Жаһандану  ҥрдісінің  кері  жағы    экономикалық  сананың  жалпылануы  бҧрыннан  келе  жатқан 
қҧндылықтар  жҥйесін  бҧрмалауы,  ӛзге  мәдени  элементтернінің  байырғы  қҧндылықтарды  ығыстырып 
шығаруы, жат идеалдар қазіргі қоғамдағы жастардың санасын улайды. 
Жаһандану  ҥдерісі  ӛзімен  бірге  кӛптеген  мәселелерді    де  алып  келді.  Қоғамның    бір  бағытты  даму 
ҥлгісінің  уағыздалуы,  ӛзіндік  мәдени  бірегейлікті,  біртуарлықты  тәрк  ететін  мәдени  біртектілік  (мәдени 
унификация) және т.с.с. 
Жаһандану  идеясы әлеуметтік фрустрацияға  (болашақты  қорқынышпен  кҥту) себеп болуда.  Ҧлттық 
«қасық  қаны  тамған  жерден»  -  атамекен    ортаның  қайталанбас  бірегей  ландшафты  –  жер  бет-бедерінен 
туындап,    ҧлт  рухымен  қанаттанып,  ҧлттық  ділден  нәрленген  мәдениет  пен  космополиттік  ҧран  ҧстанған, 
«аралас қанды» қазіргі ӛркениеттің арасындағы қашықтық біреулер ҥшін бір кҥндік жер болса, келесілеріне 
ҧзақ  ғҧмыр.  Мҧнда  ең  басты  мәселе  –  ҧлттық  мәдени  кӛптҥрлілік  тағдыры.  Мәдениетаралық  қарым-
қатынастар жҥйесінде мәдениет ӛнімдерін тарату  барған сайын маңызы жоғары  болуда.   Біз  қазір ақпарат 
таратудың жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа инновациялық тәсілдер, каналдар және технологиялардың 
жоғары сатыға кӛтерілген техногендік ӛркениет сатысында ӛмір сҥреміз. Осы жаңалықтар дәуіріндегі басты 
мәселе  жастардың  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттарына  ықпал  ететін  электронды  медиа 
ӛнімдері  тарихи-мәдени дәуірлер тәжірибесінде сҧрыпталған ҧлттық қҧндылықтардың мазмҧнын ӛзгертеді, 
ӛзінің ҧлтсыз, ділсіз ӛркениет ӛнімдерін  қабылдатуға кҥш салады. Маклюэннің «мәселенің барлығы ақпарат 
қҧралдарында!» деген сӛзінің қазіргі таңдағы әлеуметтік мәдени тәжірибелерді, адами қарым-қатынастарды 
ӛзгертуде ӛз шындығын кӛрсетіп бергендігін айтуымызға болады. 
Мҧндай ӛзгерістер тек батыс ӛркениетінде ғана емес, әлемді қамтып отырғандығын тҥсінуіміз керек. 
Әсіресе,  экономикалық  сананың  мәдени  қҧндылықтарсыз  қалыптасуы  әлемдік  экономикаға    енуге  кедергі 
келтіреді және этностың ассимиляцияға ҧшырауына алып келеді. 
5. Этикалық фактор – қоғамның  ең  жоғары  рухани қҧндылығы адам бостандығы болып табылады. 
Адам  бостандығы  негізінде  қоғамның    қҧндылықтар  жҥйесінің  негізі  қаланады.  Алайда,  бостандықты 
тҥсінуде  кейде  анархияға  алып  келетін  жағдайлар  бар.  Жастардың  бостандық  қҧндылығын  тҥсінудегі 
мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттары  кейде  не  істесемде  ӛз  еркім,  менде  ешкімнің  жҧмысы 

158 
 
болмасын,  менің  де  ешкіммен  жҧмысым  жоқ  деген  сияқты  сенімі  ақыр  аяғында  эгоистік  сезімді 
қалыптастырады.  Ӛзіне  сенбеу,  ҥрей,  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  қайта  қҧрулар  кезеңіндегі 
ӛзгерістердің  қарқынды  жҥруінен  оған  ілесе  алмау  қаупі,  экологиялық  апаттардың  орын  алуы  жастардың 
әлеуметтік  ортаға  бейімделуін  тӛмендетеді.  Жастардың  жҥйке  ауруларына  ҧшырау,  психологтардың 
кӛмегіне  жҥгіну  кҥн  ӛткен  сайын  саны  артып  келеді.  Мҧның  барлығы  жастардың  психологиялық  және 
физиологиялық  тҧрғыдан  денсаулығына  әсері.  Ал  осы  келеңсіздіктерді  болдырмауда  әрине  жастардың 
рухының мықтылығын қамтамасыз ететін олардың мәдени қҧндылықтарындағы басым бағыттар. 
6. Рационалдық фактор – жастардың рухани-адамгершілік санасымен тығыз байланысты:  
- жастардың әлеуметтік-мәдени даралығы және ӛмірдің мәні туралы дҥниетанымдық  негіздерінің тӛмендігі; 
-  мәдени мҧралар жалғастығын қамтамасыз ететін  ҧрпақ жалғастығы механизмінің дағдарысы; 
-   қоғамдық моральдың дәстҥрлі жҥйесінің қҧлдырауы; 
-  жастардың отандық мәдениетке қызығушылығының тӛмендеуі; 
- ҧлттық сананы жалғастыратын тарихқа, салт-дәстҥрге деген қызығушылықтың тӛмендеуі; 
-  білім алудың қҧндылығының тӛмендеуі; 
-  жастардың  ҧлттық,  аймақтық  және  жергілікті  жердегі  мәдени-ағарту,  саяси  мәселелерді  шешуге 
қатысуының тӛмендігі; 
 - ӛзін қоғамда орнықтыру, мамандық таңдаудағы қателіктер. 
Жастардың  аға  ҧрпақ  арасындағы  қҧндылықтарды  қабылдау  мен  сақтаудағы  қайшылықтар,  ӛздерін 
экономикалық  тәуелсіз  сезінумен  қатар  ата-ананың  қамқорлығына  тәуелді  болуы  орын  алып  отыр. 
Жаһандану ҥрдісінің  нәтижесіндегі  батыстық мәдени экспаниясының әсерінен  жастардың дҥниетанымдық 
санасының  тҧрақсыздануы,  еліктеуі  басым  тҥсуде.  Коммерциялық  мәдениеттің    кең  таралуына  сәйкес 
тҧтынушылық пен пайда психологиясы жастарды агрессиялыққа, ақша табу ҥшін жолындағы кедергілердің 
барлығын жоюға ҧмтылысы адамгершілік деградацияға (тоқырауға) алып келіп отыр. Жастардың арасында 
ӛмірдің мәні туралы тҥсінік тӛмендеп, қылмыс, маскҥнемдік, нашақорлық т.с.с. белең алады.  
Осы тҧста, біз қазіргі жастардың арасында ӛмірдегі ең маңызды қҧндылық деп нені санайсыз? деген  
сауалнама    жҥргізу  барысында  келесі    тҧжырымға  келдік,  олар  ҥшін  маңызды  қҧндылықтар:  ақша,  білім, 
мамандық, карьера және ӛмірден рахат алу.  
Сауалнамадан  байқағанымыз,  жастардың  санасында    прагматикалық  және  гедонистік 
қҧндылықтардың  басымдық  танытуы  болды.  Ӛмірдегі  маңызды  қҧндылық  жастар  ҥшін  ӛмірдегі  қол 
жеткізген жетістігі жоғары болып отырғандығына кӛз жеткіздік. 
Бҧл    мәселенің    жастардың  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттарына  айналып  отырғандығы 
шындық. Кейбір  жастардың салт-дәстҥрден ауытқып,  қыздардың  хиджап киюі, бҧрыннан келе жатқан ата-
баба дәстҥрінен бас тартуы  кҥнделікті  ӛмірде  кӛрініс  тауып  отыр. Бҧл мәселе тек Қазақстан жағдайында 
ғана  емес,  бҥкіл  посткеңестік  мемлекеттерде  белең  алып,  қоғамдық    қауіп    тӛндіруде.  Ата  –  ананың 
айтқанын тыңдамау, сектаға мҥше болу арқылы ӛз еркіндігінен айырлуы, қаңғыбастыққа салыну мәселесін 
мемлекеттік тҧрғыдан шешу кҥн тәртібіне қойылуы керек. ХХ ғасырдың соңы  Қазақстан  ҥшін  әлеуметтік   
ӛзгерістер    ғана  емес  қазақ  менталитетінің    ролінің  артуы  кезеңі  деп  айтуға  болады.  Ӛте  қысқа  уақыт 
аралығында «кеңестік» адам санасынан  шынайы  қазақ  рухына бӛленген бейнесі  қалыптасты.  Дегенмен, 
әлі  де  болса  кеңестік  идеология  әсеріндегі  космополиттік  рухтағы  азаматтар  қазақ  рухының  толық 
қалыптасуына  кедергі  келтіруде,  тіл  және  ділі,  діні  имандылыққа  ҧйыған  қазақ  баласын  тәрбиелеуге 
келгенде әлі де болса жалтақтық, жасықтық және еліктеушілік басым болып отыр.   
Қазақстан  Республикасының  «Мәдениет  туралы»  Заңында  мәдениет  саласындағы  мемлекеттік 
саясаттың  прициптерінде  жастарға  эстетикалық  тәрбиесіне,  ҧлттық  және  әлемдік  мәдениеттің  байлығын 
бойға сіңіруге ықпал ететін білім мен тәрбие жҥйесі дамытуы туралы айтылған болатын [4].  
Осы  тҧрғыдан  қарастырғанда  қазіргі  жастардың  мәдени  қҧндылықтарындағы  басым  бағыттарына  
ықпал ететін басты факторлардың бірі – бҧл білім беру мен тәрбиелеу жҥйесі болып қала береді.  
 
Каталог: sites -> default -> files -> Volume2013
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет