Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері



жүктеу 5.62 Mb.
Pdf просмотр
бет37/53
Дата24.03.2017
өлшемі5.62 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53

Литература 
1.
 
Ефремов И.С. Теория и расчет тягового привода электромобиля. 
2.
 
Электрические двигатели автоматических устройств. Ф. М. Юферов. 1993г 
3.
 
Электропривод с "нуля". 1989г. 

203 
 
4.
 
Электромобили. Отроша И.С. 1999г. 
5.
 
Электромобиль: техника и экономика.  В. А. Щетина 1987г. 
6.
 
Основы электрического транспорта. Слепцов М.А., Долаберидзе Г.П., Прокопович А.В. 
7.
 
Электромобиль. В.А. Щетинина, Ю.Я. Морговский, Б.И. Центер, В.А. Богомазов. 1987 г 
 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН МҤМКІНДІКТЕРІ 
 
Ханазарова Қ.О., Бейсенбаев С.Қ. 
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Summary 
This article examines the problem of the value and capabilities of modern computer technology in the educational process. 
 
Қоғамның бҥгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру процесін  ақпараттандыру. Қазіргі таңда бҧл 
процесс  адамзат  ӛркениеті  дамуының  қайталанбайтын  кезеңі  ретінде  қарастырылып  отыр.  Білімді 
ақпараттандыру, әсіресе, оны ӛнер саласы мамандарының іс-әрекетіне ендіру – қоғамды ақпараттандырудың 
негізгі  шарты.  Ӛйткені,  ӛнер  саласында  жаңа  ақпараттандырылған  қоғам  жағдайында  ӛмір  сҥріп,  жҧмыс 
жасай  алатын  болашақ  ҧрпақтың  даярлығы  жҥзеге  асады.  Осы  процестің  дамуын  болжауға  бағытталған 
белгілі беталыс педагогика ғылымында ӛз орнын алуда.  
«Ақпарат»  термині  латынның  Informatio  -  «тҥсіндіру»  «мазмҧндама»  деген  сӛзінен  шыққан,  бір 
нәрсені  жетілдіріп,  тҥсіндіру  деген  мағынаны  білдіреді.  Ақпараттар  алмастырылады,  сақталады,  ӛңделеді 
және белгілі бір тапсырманы шешу ҥшін қолданылады. Ақпаратты қандай да бір мәліметтердің жиынтығы 
деп  тҥсінуге  болмайды.  Ақпарат  белгілі  бір  мәселелерді  шешуге  қажетті,  ҧғынықты  және  белгілі  бір 
дәрежедегі  бағалылығы  танылған  білім  болып  табылады.  Қазақ  Ҧлттық  энциклопедиясында:  «ақпарат» 
(информация, лат. Informatio – тҥсіндіру, баяндау, хабардар ету); істің жағдайы, қандай да болмасын оқиға 
немесе  біреудің  қызметі туралы  хабарлау, мәлімет  беру және  т.б. тҥсінік беріледі. Ақпарат  –  мәтін, сурет, 
кесте, графика, сан, әуен, дыбыс, иіс, аралас тҥрде беріледі. Мысалы: кітапта ақпарат мәтін, сан; халықтың 
ӛсімі,  сирек  кездесетін  жануарлардың  азаюы  кесте;  шаруашылықтың  дамуы  график,  диаграмма;  жаңа  ән 
дыбыс,  әуен  тҥрінде  берілетінін  тҥсіндіре  отырып,  тҥрлі  деректемелер  келтіруге  болады,  мысалы, 
электрондық оқулықтардағы бейне материалдар. 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше,  сауатты,  әрі  жан-
жақты  маман  болу  мҥмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  оқытушының  интеллектуалдық,  кәсіптік, 
адамгершілік, рухани азаматтық және  басқа  да кӛптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, 
ӛзін-ӛзі  дамытып  оқу-тәрбие  процесін  тиімді  ҧйымдастыруына  кӛмектеседі.  «Технологиялық  білім»  
термині жиырмасыншы ғасырдың 40-50 жылдары пайда болды. Бҧл термин тҧрмыстық қҧрал – жабдықтарға 
(ҥнтаспа,  телевизор  және  т.б.),  сол  сияқты  оқу  процесінде  техникалық  қҧрал  –  жабдықтарға  байланысты 
қолданылып  келген.  50-60  жылдары  «Технологиялық  білім»  термині  бағдарлама  оқыту  идеясын  тарату 
мақсатында педагогикалық процесте әдіс -  тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған. 
Кейінгі    жылдары  «педагогикалық  технология»  тҥсінігінің  жаңа  даму  кезеңі  жҥріп  жатыр. 
«Педагогикалық технология» мҧғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жҥйесі арқылы іске асатын, 
ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлексия негізінде білім алуға бағытталған, бір ҥлгідегі педагогикалық 
жҥйе деген тҥсінікті береді. Педагогикалық жҥйе қҧрылымы: оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жҥйелі 
дидактикалық,  педагогикалық  зерттеу  жҥргізу;  студент  меңгеруге  тиісті  ақпарат  мазмҧнын  толықтыра 
отырып,  жҥйелеу;  қажетті  дидактикалық,  техникалық  оқу  қҧралдарын  кешенді  қолдану  және  оны  дҧрыс 
қолдануын  қадағалап  отыру;  тәрбиелеу  және  диагностикалық  оқыту  жҥйесін  дамыту;  оқушыға  жоғары 
деңгейде сапалы білім беруге кепілдеме беру мәселелерін қарастырады.  
Болашақ ӛнер мамандарының әдіснамалық мәдениет негізін қҧрайтын жҥйе қҧраушы компоненттерді 
меңгеруі,  оған  осының  негізінде  педагогикалық  технологияның  жобалау  принциптеріне  сәйкес  жасаған 
технологиясын жобалауға мҥмкіндік береді. Технология сатылары, соның ішінде білім беру технологиясы, 
педагогикалық  технология,  оқыту  технологиясы  болашақ  ӛнер  мамандарын  оқытудың  технологиясын 
жобалауда  негізге  алынатын  принциптерді  (оқу  ақпаратының  іргелі  және  практикалық-бағдарлық  сипаты 
мен  вербалды  емес  қҧралдардың  оңтайлы  байланысын  қамтамасыздандыратын  шарттарды  анықтау; 
студенттердің  компьютерлік  технологиядан  даярлық  деңгейін  бағалау  барысында,  проблемалылық  әдісті 
біртіндеп  жоғарылату  арқылы  студенттердің  оқу  әрекетінде  репродуктивтік  және  шығармашылық 
әдістерінің  ҥйлесімділігін  қамтамасыздандыру;  материалдық  базаның  оқытушылар  біліктілігінің 
мҥмкіндіктерін  бағалаудың,  оқу  процесін  дидактикалық  тҧрғыда  қамтамасыздандыру  арқылы  ақпараттық 
технологияны  бірізділікте  ендіру;  оқыту  формасы  мен  оқу  процесін  ҧйымдастырудың  мазмҧнына  және 
жетекші  әдіске  тепе-теңдігі  бақылау,  рейтингі  жҥйесін  пайдалану  –  студенттердің  дербес  жҧмысын 
белсендендіру) саралап кӛрсетуде септігін тигізді. 
«Жаңа  ақпараттық технология» ҧғымы  компьютердің  пайда болуымен және  кең  кӛлемде білім беру 
жҥйесіне ендірілуімен байланысты. Компьютерді кәсіби тапсырмаларды шешу ҥшін пайдалана  білу маман 

204 
 
даярлығының міндетті компонентінің біріне айнала бастады. Сондықтан білім берудің алдына студенттерді 
компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану міндеті қойылып отыр. 
«Компьютерлік  технология»  болса,  жиырмасыншы  ғасырдың  соңында,  ғылым  мен  техниканың 
ерекше  дамып,  ғылыми-техникалық  революцияның  негізі  қаланған  кезеңде  кең  ӛріс  ала  бастады. 
В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы 
пәндерден  тҧрады,  шығармашылықты,  жобалауды,  ойлап  табуды,  баға  берудің,  жасап  шығаруды, 
компьютерленген  жҥйені  функционалдау  (іске  қосу),    олардың  әлеуметтік  тәжірибедегі  әсері  мен  қолдану 
аясының негізі болып табылады. ЮНЕСКО-ның қҧжаттарында «компьютерлік технология» терминіне ҥлкен 
мағына  берілген:  ақпарат  жинау,  талдау  мен  ӛңдеу,  оған  қоса  ақпаратты  ӛңдеу  қҧралдары, 
микропроцессорларды басқа да электрондық жҥйелермен ҥйлестіре білу.  
Компьютерлік  технологияны  былайша  топтастыруға  болады:  кӛркем  компьютерлік  технология; 
инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология, іс-қҧжаттық компьютерлік 
технология, когнитивті-компьютерлік технология және т.б. 
Солардың ішінде «Компьютерлік технологияны кӛркем ӛнерде қолдану» дегенді – бағдарламалық әрі 
дербес компьютердің аппарат қҧралдарын кең кӛлемде кӛркем сурет ӛнерінің дәстҥрлі тҥрлерінде пайдалану 
деп тҥсіну қажет. Компьютерлік технология тҥрлерінің атқаратын міндеттері әртҥрлі. 
Кӛркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы ӛнер, кӛркем және 
кітап  графикасы,  мҥсін  және  т.б.  графикалық  пәндерге  бағытталады.  Әйтсе  де,  ол  компьютерлік  пәндерді 
толығымен  ауыстыра  алмайды.  Ӛзіне  тән  «Adobe  Photo  Shop»,  «Adobe  illustrator»,  «Corel  Draw».  «Fractal 
Design  Painter»,  «3D  Studio  Max»  және  т.б.  мҥмкіндіктеріне  қарай  бағытталап  жасалған  арнайы 
бағдарламалармен шектеледі. 
Иллюстративті-компьютерлік  технология  белгілі  бір  ақпаратты  (текст,  аудио  жазбалар  және  т.б.) 
кӛруге бағытталады немесе оқуға кӛмекші қҧрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бҧл 
тҥрі арқылы білім алушы бағдарламаны ҥйренеді және мультимедиа технологиясының кӛмегімен кез-келген 
пәндегі  ақпараттарды  алып  қарауға  мҥмкіндік  алады.  Иллюстративті  компьютерлік  технология,  сондай-ақ 
ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмҧнда жиі қолданылады. 
Іс-қҧжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар 
қҧрастыру, кесте таблицаларды кӛркемдеу және т.б. қҧжаттарды ӛңдеуге графикалық кӛркемдеу, факстарды, 
фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады. 
Когнитивті-компьютерлік  технология  болса,  бағдарламалық  қамсыздандыру  мен  бағдарламаның 
интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады. 
Сонымен,  жоғарыда  айтылғанның  бәрі  жаңа  компьютерлік  технологияны  кҥнделікті  ӛмірде 
(киноиндустрия,  компьютерлік  моделдеу  және  дизайн,  білім  беру  саласы,  полиграфия,  ҥш  кӛлемдегі 
графика және анимация, сәулет, видео ӛндіріс, мультимедиа және т.б.) кең кӛлемде пайдалануға болатынын 
дәлелдейді. 
Ғалымдардың  пайымдауынша,  соңғы  жылдары  «мәтіндік  ӛркениеттен»  «бейнелеу  ӛркениетіне» 
ауысу  байқалады.  Мәселен,  егер  ғалым  В.Паранджанов,  И.Г.Песталоццийдің  іліміне  сҥйене  отырып,  білім 
беру  саласында  бейнелеу  жолымен  білім  беру  кеңінен  қанат  жая  бастады  деп  ескертсе,  суретші  П.Вайбел 
ӛнер  мен  жаңа  компьютерлік  технологиялардың  арасындағы  байланыс  сонау  Леонардо-да-Винчи 
заманында-ақ  тамырын  тереңге  жайғанын,  ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарында  суретшілер  мен  компьютер 
мамандарының бірлесуі арқасында кҥш жиғанын айтады. Компьютер виртуалды шынайылықты кӛрсетумен 
шектелмей,  оны  трансформациялайтынын  атап  кӛрсетті.  П.Вайбелдің  сӛзімен  айтқанда:  «Жаңа 
компьютерлік технологиялар суретшілер қабылдауына  әсер еткені сонша, ӛнер саласы  толығымен ӛзгерді. 
Адам  баласының  қабылдауы  –  технологиялық  процестердің,  компьютерді  қолдану  кӛп  нәрсеге  шындық 
тҧрғыда  қарау,  ойлау  және  қиялдау  –  барлығы  бірнеше  мыңдаған  жылдардағы  эволюцияның  ӛнімі».  Бҧл 
келтірілген  деректемелерді  компьютерлік  технологиялардың  ӛнер  саласына  қатысты  бір  қыры  ғана  деп 
қабылдауға  болады.  Ал  жалпы  адамның  компьютерлік  технологиямен  жҧмыс  жасау  техникасы  жылдар 
бойы,  қызықты  ӛркендеу  дәуірлері  арқылы  дамыды.  Ақпаратты  тіркеу  және  сақтау  әдісі  де  сонау  тасқа 
белгі,  ою,  ӛсімдіктер  мен  папирустардың  қабығына  сурет  салу  кезеңінен  бастама  алады.  Қазіргі  заманда 
ақпарат  тасушылардың  міндетін  қағаз,  фотопленка,  магниттік  таспалар,  магниттік  дискілер,  оптикалық 
дискілер,  желілер атқарады, оларға  ақпарат  лазерлік сәулелердің  кӛмегі  арқылы жазылады  және қолданыс 
табады.  Компьютерлік  технологияны  пайдалану,  оқытудың  мақсаты  мен  мазмҧнын  ӛзгертіп,  оқытуды 
ҧйымдастыруда жаңа әдістер мен формалардың тӛмендегідей мҥмкіндіктерін байқатады: 
-
 
студенттердің-болашақ ӛнер мамандарының жеке қабілеттерін ашуға және олардың жеке тҧлғалық 
қасиеттерінің жетік дамуына; 
-
 
студенттердің  танымдық  қабілеттерінің  қалыптасуына  және  шығармашылығының,  ӛздігімен  
жетілуіне ҧмтылуға; 
-
 
оқыту  мен  тәрбиелеу  процесі  мазмҧнын,  формалары  мен  тәсілдерін  ҥнемі  жаңартып  отыруға 
септігін тигізеді. 
Студент  компьютерлік  технологияны  толық  меңгермей,  оның  кҥрделі  де  қызықты  әдістері  мен 
жолдарын зерделемей, алдында тҧрған компьютерлік технологияға қатысты тапсырмаларды шешуі мҥмкін 
емес.  

205 
 
Жоғары  оқу  орындарында  мамандардың  кәсіби  даярлығын  ҧйымдастыруда  компьютерлік 
технологияны пайдалану реттілікті болжайды: оқытудың қҧралдары, пәнді зерттеу, кәсіби тапсырмалардың 
шешімін  іздестіру.  Сонымен  бірге  білім  алушыларға  мынадай  білім  дағдыларын  меңгертуді  кӛздейді: 
педагогикалық  аспаптық  қҧралдардың  тҧжырымдамалық  тҧрғыда  жасалуын;  оқу-ақпараттық  ортаның  жас 
маман даярлығының ӛзінің кәсіби ортасына бейімделе білуін; ақпараттық технология арқылы студенттердің 
кәсіби-бағдарлық  тапсырмаларды  шешудегі  даярлық    деңгейін.  Болашақ  мамандардың  компьютерлік 
технологияны  пайдаланудан  практикалық  білім  негіздерінен  тәжірибе  жинақтауын  қажет  етеді.  
Компьютерлік  технологияны  меңгеру:  олардың  атқаратын  міндеттерін;  жҧмыстың  негізгі  қағидаларын, 
қолдану  саласын  білуді;  технологиялардың  ҧсынған  негізгі  функционалдық  мҥмкіндіктерін  білуді; 
бағдарламалық  қҧралдармен  жҧмыс  жасау  тәсілдерін  жетік  білуді,  оларды  шығармашылықпен  практикада 
пайдалануды қарастырады. 
 
Әдебиеттер 
1.
 
Компьютерные технологиив  в высшем образовании. / Ред. Кол. А.Н Тихонов, В.А. Садовничий и др. М.: 
изд-во Моск. Ун-та.,1994. 
2.
 
Кравцова А.Ю. Изучаем искусство, графику, дизайн с компьютером // Инфориатика и образование, 1998. 
3.
 
Новые  педагогические  и  информационные  технологии  /    Под  ред.  Е.С.Полат.  Учебное  пособие.  –  М.: 
Академия. 1999.  
 
 
 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 378.2 
 
БІЛІМ  БАҒЫТЫНДАҒЫ  БОЛАШАҚ  МАМАНДАРДЫҢ  КӘСІПТІК   
ПРАКТИКАСЫН  ҦЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. 
 
Утенов Н.М., Міндетбаева А.А. 
М.Әуезов  атындағы ОҚМУ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются виды и организация профессиональной практики будущих педагогов-
специалистов. 
Summary 
This article discusses the types and organization of the professional practice of teachers of the future specialists. 
 
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тҧжырымдамасында  "Білім 
берудің  қазіргі  негізгі  мақсаты-білім  алып,  білік  пен  дағдыға  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде 
дербес  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікке  –  ақпаратты  ӛзі  іздеп  табу,  талдау  және  ҧтымды  пайдалану, 
жылдам ӛзгеріп жатқан бҥгінгі дҥниеге лайықты ӛмір сҥру және жҧмыс істеу болып табылады,"- делінген. 
Мемлекеттік  білім  бағдарламасында  жоғары  білім  мен  ғылымды  ҧштастыра  жҥргізу  жан-жақты 
айқындалған.  Осы  міндеттерді  жҥзеге  асыруда,  біріншіден,  педагогтың  кәсіби  біліктілігін  арттыру, 
екіншіден, жоғары оқу орындары студенттеріне қойылатын талаптарды кҥшейту басты назарда болуы тиіс. 
Аталмыш  міндеттер  білім  берудің  маңызды  қҧрылымдық-мазмҧндық  компоненттерін  шығармашылықпен 
жоспарлау  мен  реформалауды  талап  етеді.  Оларды  жҥзеге  асыру  –  бҥгінгі  студенттердің,  ертеңгі 
мамандардың еншісінде. Осы тҧрғыдан алғанда жоғары оқу орындарында кәсіптік практиканың алатын орны 
ерекше [3].  
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының «Білім алушылардың кәсіптік практикасы» деп 
аталатын  38-бабында  "Білім  алушылардың  кәсіптік  практикасы  мамандар  даярлайтын  кәсіптік  оқу 
бағдарламаларының  қҧрамдас  бӛлігі  болып  табылады,  ол  практика  базасы  болып  табылатын  тиісті 
ҧйымдарда жҥргізіледі және  оқыту ҥдерісінде алған білімдерді  бекітуге, практикалық  дағдыларды  игеруге 
және  озық  тәжірибені  меңгеруге  бағытталған.  Кәсіптік  практиканың  тҥрлері,  мерзімдері  мен  мазмҧны  оқу 
бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады" деп атап кӛрсетілген [1].  
Кәсіптік  практиканы  ҧйымдастыру  ҚР  МЖМБС  5.03.005-2009  негізінде  жҥзеге  асырылады.  Бҧл 
стандарттың  ережелері  оқушылардың  кәсіби  практикасын  ҧйымдастыру  ҥшін  олардың  меншік 
нысандарына,  ҧйымдастырушылық–қҧқықтық  тҥрлеріне,  ведомстволық  бағыныштылығына  қарамастан  ҚР 
жоғары білім беру ҧйымдарымен қолданылады [2]. 

206 
 
ЖОО-да  жҥргізілетін  практиканың  тҥрлері  кӛп.  Олар  тілдік,  оқу-таныстыру,  педагогикалық, 
ӛндірістік  немесе  кәсіптік,  диплом  алды  практика  тҥрлеріне  жіктеледі.  Оқыту  процесінде  кәсіптік 
практиканың  әр  тҥрі  мамандықтың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес 
ҧйымдастырылады.  
Білім  бағытындағы  5B011100-Информатика  мамандығының  МЖМББ  стандартында  белгіленген 
практика тҥрлері: оқу, ӛндірістік және диплом алды. Енді осы практика тҥрлеріне қысқаша сипаттама бере 
кетсек. 
Оқу практикасының мақсаты кәсіби педагогикалық қызметті ҧйымдастырудың ғылыми негіздерімен 
таныстыру,  қызығушылығын  арттыру  мен  қатар  тҧтас  педагогикалық  процесс  пен  оның  субъектілері 
жӛнінде кӛзқарасты қалыптастыру. 
Практика  сол  жоғары  оқу  орнының  кафедралары  мен  зертханаларында,  сондай-ақ  қажетті  маман-
кадрлармен  және  ғылыми-техникалық  әлеуеттермен  қамтамасыз  етілген  ӛзге  де  білім  беру  ҧйымдарында 
ҧйымдастырылуы мҥмкін. 
Ӛндірістік  практиканың  мақсаты  -  әртҥрлі  типтегі  білім  ҧйымдарында  ӛздігінен  педагог  қызметін 
атқару  барысында  тҥйінді  қҧзіреттерін  бекіту,  кәсіби  дағдылар  жҥйесін  жетілдіру  және  педагогикалық 
қызметіндегі ӛзіндік стилін қалыптастыру. 
Ӛндірістік  практикалар  5В011100-Информатика  мамандығы  бойынша  бітірушілердің  кәсіби  қызмет 
тҥрлері  мен  объектілерін  айқындайтын  қосымша  ҧйымдарда:  білім  беру,  ӛндірістік,  ғылыми-зерттеушілік, 
жобалық ӛткізілуі мҥмкін. 
Диплом  алды  практиканы  ҚР  МЖМБС  5.03.005-2009  негізгі  ережелерге  сәйкес  оқу  орны  ӛзі 
жоспарлайды. 
Аталған  практикаларды  ӛткізу  ҥшін  алдын  ала  қажетті  іс-қҧжаттарды  дайындау  кафедраның 
меншігінде.    Практика  алдындағы  ҧйымдастыру  конферециясында    студенттер  тҥгелдей  іс-қҧжаттармен 
қамтамасыз  етілуі  керек:  практика  бағдарламалары,  практиканы  ӛткізу  жӛніндегі  әдістемелік  нҧсқаулық, 
студенттің  кҥнделігі  және  т.б.  Практика  қорытындысы  бойынша  конференцияда  студенттер  белгіленген 
талапқа  сай  рәсімделген,  практика  жетекшісінің  пікірі  бар  жазба  есебін  ӛткізіп,  жҧмысын  қорғайды.  Енді 
осы практика тҥрлеріне қысқша тоқталайық.  
Оқу  практикасы  кезінде  студент  жалпы  ғылыми,  арнаулы  пәндер  бойынша  оқу  процесінде  алған 
білімін  жеткілікті  дәрежеде,  жетекшінің  қойған  есебіне,  ӛздігінше  пайдалана  алатындығын  кӛрсете  білуі, 
сонымен бірге  осы мақсат ҥшін электронды есептеу машинасын да пайдалана білуі керек. 
Студенттер  оқу  практикасынан  ӛтуде  тәжірибе  ӛтетін  мекемелер  мен  кәсіпорындар  жҧмыс 
тәжірибесінің  негізіне  сҥйене  отырып,  алынған  білімді  бекітулері,  алынған  теориялық  білімді  ӛндірістік 
процестердегі практикалық есептерді шешуге пайдалана білуге ҥйренулері керек. 
Оқу практикасы кезінде студенттер алдына тӛмендегі мақсаттар мен міндеттер кіреді: 
 
университет кӛлеміндегі математикалық модельдеу және ЭЕМ бағдарламамен қамтамасыздандыру, 
информатика және есептеу техникасы саласында алынған  теориялық білімді бекіту
 
оқу әдістемесі және шығарылатын есеп бойынша ақпараттарды талдау, оның қойылу мағынасында, 
математикалық қамтамасыздандыруында іс тәжірибе жинақтау; 
 
жалпы  бағдарлама  қҧрамына  кіретін  бағдарламалар  мен  ішкі  бағдарламаларды  беру  және 
техникалық шарттар қоя білуге ҥйрену;  
 
берілгендерді басқару жҥйелерін қҧру ҥшін арнаулы тілдерді таңдау; 
 
ЭЕМ ресурстарын тиімді пайдалануға ҥйрену. 
Аталған практика тҥрлерінен ӛндірістік практиканың ролі ерекше. Себебі білім бағытының ӛндірістік 
практикасы  кӛбіне  білім  беру  мекемелерінде  ӛткізілетін  болғандықтан,  практика  педагогикалық  сипатта 
болады. Ал педагогикалық практиканы ҧйымдастыру екі кезеңнен тҧрады: 
 
Мектептегі  информатика  мҧғалімдерінің  сабақтарына  қатысып,  оқу-тәрбие  жҧмыстарымен  танысу, 
мҧғалімдердің  іс  тәжірибесін  бақылау,  олардың  жҧмысындағы  ӛзіне  ҧнаған  және  пікір  туғызған  тҧстарын 
белгілеу.  Сабаққа  қатысу  барысында  білім  берудің  жаңа  формалары  (проблемалық  сабақтар,  пікірталас, 
топсаяхат,  табиғат  бҧрышындағы,  ҥлескідегі  сабақтар,  жаңа  білімді  хабарлау,  жарыс  сабақтары  т.б.)  мен 
әдістерін (бақылау, тәжірибе, зерттеу, модельдеу т.б.) қолдану деңгейлерімен және сабақтың қҧрылысын, оның 
білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  деңгейін  аңғарып,  оқушылардың  сабаққа  белсенділігін  тудырған 
жағдайларды ажырата білуге тырысады. 
 
Информатика  пәнінен  сабақ  беру,  тәрбие  жҧмысын  жҥргізу  іске  асады  да,  осы  тҧста  болашақ 
мамандардың  кәсіби  шеберлігінің  шындалуына  жағдай  туады.  Кӛрсетілген  мақсаттарды  ӛз  дәрежесінде 
жҥзеге  асыру  ҥшін  мектептің  материалдық-техникалық  базасын,  кітапхана,  есептеуіш  техника  кабинеттері, 
оқу  және  оқу-әдістемелік  қҧралдары,  бейнелі  және  техникалық  қҧралдардың  қҧрамы  мен  олардың  сақталу 
жағдайын біліп алу жағы кӛзделеді. 
Педагогикалық  практика  жоғары  оқу  орнының  оқу-тәрбие  ҥдерісінде  маңызды  роль  атқара  отырып, 
білім беру, тәрбиелеу, дамыту және диагностикалық қызметтерді атқарады: 
1. Білім беру қызметі: 
 
теориялық  білімдерді  (жалпы  ғылыми,  психологиялық-педагогикалық,  әдістемелік  және  арнайы 
пәндер бойынша) жаңғырту, бекіту, тереңдету және оларды нақты педагогикалық жағдайларда қолдану; 

207 
 
 
игерілген білімдер негізінде педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. 
2. Дамытушылық қызметі: 
 
танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру
 
педагогикалық ойлауды дамыту; 
 
кәсіби маңызды қасиеттер мен практикалық қабілеттерді дамыту. 
3. Тәрбиелік қызметі: 
 
мҧғалім  мамандығына,  педагогикалық  іс-әрекетке  деген  тҧрақты  қызығушылықты,  ҧнамды 
кӛзқарасты қалыптастыру
 
қоғамдағы,  педагогика  ғылымындағы  демократиялық  және  гуманистік  идеяларға  сәйкес 
кӛзқарастарды, сенімдер мен қҧндылықтарды қалыптастыру; 
 
әлеуметтік белсенді мҧғалімнің тҧлғасын қалыптастыру. 
4. Диагностикалық қызметі: 
 
болашақ мҧғалімдердің кәсіби бағыттылығының деңгейін тексеру; 
 
болашақ мҧғалімдердің кәсіби дайындық дәрежесін анықтау; 
 
студенттердің кәсіби қалыптасуын болжау. 
Педагогикалық практиканы ҧйымдастыру тӛмендегі шарттарды қамтиды: 
1)
 
Мҧғалімнің  кәсіби  іс-әрекетінің  объектісі  –  тҧтас  педагогикалық  ҥдерісті  тҥсіндіруге  бағытталған, 
теориялық және практикалық дайындықтың ӛзара байланысы; 
2)
 
Студенттің  оқу  іс-әрекетінің  біртіндеп  кҥрделенуіне  байланысты  бірінші  курстан  бітіруші  курсқа 
дейін педагогикалық практиканы ҧйымдастырудың жҥйелілігі, кезеңдері; 
3)
 
Педагогикалық  практиканың  болашақ  информатика  мҧғалімінің  нақты  мамандығына  қарай 
бағыттылығы [4]. 
Қорыта  келе,  жоғары  оқу  орындарындағы  педагогикалық  практиканың  болашақ  мамандардың 
теориялық  білімдерін  ӛздігімен  тәжірибеде  қолдана  білудегі  орны  туралы,  педагогикалық  практика 
барысында  ҧйымдастырушылық,  коммуникативтік,  диагностикалық  және  т.б.  педагогикалық  біліктілік  пен 
дағдыны  қалыптастыру  жолдары  мен  қҧралдары  туралы    кӛптеген  ғалымдар  ӛздерінің  зерттеулерінде 
жҥйелеп  кӛрсеткен.  Сонымен  қатар  ғалым  педагогтар,  психолог,  әдіскерлер  педагогикалық  практиканың 
мақсатын, мәнін айта келе, зерттеу барысында практиканың студенттерді мҧғалімдік қызметке даярлаудың бірден-
бір ҥрдісі екенін дәлелдеп кӛрсеткен.  
Каталог: sites -> default -> files -> Volume2013
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері
Volume2013 -> Халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет