Халықара­лық ­зер­ттеу­лер­ фор­ма­тын­дағы­ тап­сырма­лар­ үлгілері



Дата06.03.2023
өлшемі19,24 Kb.
#71944

Халықара­лық ­зер­ттеу­лер­ фор­ма­тын­дағы­ тап­сырма­лар­ үлгілері
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. 1 - нұсқа
Бірінші сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
1. Мәтін қандай үлгіде жазылған? А) Зерттеу В) Хат С) Өмірбаян D) Өсиет Е) Естелік
2. Автор қандай іс пен айналысқысы келеді? А) Мал бағумен В) Ел бағумен С) Ғылым бағумен D) Бала бағумен Е) Сөз бағумен
3. Автор малды неге баққысы келмей ді? А) Қалада тұрады В) Малы жоқ С) Балалар бақсын D) Малдың жайын білмейді Е) Қоралары жоқ
4. Мәтінде айтыл маған іс-әре кетті көрсет. А) Ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ В) Балалар өздеріне керегінше өздері бағар С) Ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын D) Қарасөздерімді жазып бітірейін Е) Қалайша бала бағудың мәнісін де білмеймін
5. Абайдың бала бақпауының себебін анықта: А) Баланың анасы емес В) Сәйкес білімі жоқ С) Бағудың мәнісін білмейді D) Балалары ержетіп кетті Е) Мал баққанды оңай көреді
6. Қарасөзде көтерілген мәселені «Мәңгілік Ел» идеясы мен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан аш.
Халықара­лық ­зер­ттеу­лер­ фор­ма­тын­дағы­ тап­сырма­лар­ үлгілері
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. 2 – нұсқа
«Қаныш Имантайұлы жердің терең қыртыстарын терең зерттеу нәтижесінде пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын анықтады. Қазба байлықтарының жату, таралу, пайда болу заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, бірінші рет Жезқазғанның металлогениялық картасын жасады. Кейіннен бұл методология еліміздің басқа аймақтарында, соның ішінде, Текеліде, Мұғалжарда, басқа да өңірлерге қолданылды. Соның нәтижесінде тұтас рудалық аймақтар пайда болды», – дейді Мұрат Шөкейұлы.
1. Мәтінде еліміздің қай облыстары сөз болады? А) Солтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Алматы облысы В) Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан С) Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан D) Батыс Қазақстан, Алматы облысы, Орталық Қазақстан Е) Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облысы
2. Металлогениялық карта деген не? А) жер бедерінің көрсетілуі В) жер бетінің кішірейтіліп бейнеленуі С) табиғат құбылыстарының бейнеленуі D) метеорология лық элементтердің белгіленуі Е) пайдалы қазбалардың көрсетілуі
3. Мәтінде айтылмаған ойды көрсет. А) рудалық аймақтардың таралуы В) жердің қыртысын зерттеу С) методологияның қолданылуы D) металлургиялық картасын жасау Е) қарағанды өңіріндегі кен
4. Мәтіндегі бірнеше рет қайталанған сын есімді тауып, онымен 5 сөйлем құрастыр.
5. «Жезқазған» сөзінің жасалу тәсілін талда. Қаланың атын басқаша қалай атауға болады?
6. Қазақстанның табиғат байлығы туралы жарнама жасау үшін мәтінді қалай пайдаланар едің?

Облыстық жалпы білім беру қоғам және
ақпараттық технологиялар Еуразиялық лицей мектебі
сынып оқушысы
____________________________
(аты-жөні)
Қазақ тілі және әдебиет пәнінен
оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар
орындау бетті

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет