Халқымыздың балаға тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі- ертегі



Дата17.02.2023
өлшемі17,8 Kb.
#68797
түріСабақ

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі — білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ой-өрісі дамыған жанаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ісін балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана ой-өрісі дамуына мүмкіндік туады. Сондықтанда тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған педагогикалық үрдісті жүйелі ұйымдастыру, сабақта баланың ой-өрісін дұрыс дамыта алатын ойындарды, ертегілнрді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріліп ертегілер ұйымдастыру қажет. Балаға арналған білім баланың ақылына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.
Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту тәрбиешінің негізгі міндеті. Ертегі баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Оқыту, білім беру мақсатында ертегілерді пайдаланудың мақсатқа сәйкестілігін мойындауды біз ежелгі дүниеден де табамыз.
Ертегінің , білім беру және тәрбие беру құралы ретіндегі алғашқы жазбаларды біз академик Мұхтар Әуезовтың еңбектерінен кездестіреміз. Ол ертегінің маңызды ролін барынша терең түсінді және ертегі балалардың оқуын, білімді меңгеруін оңайлатады деп санады.
Халқымыздың балаға тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі– ертегі.
Ертегіде – халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары, еңбек сүйгіштігі, дәстүрлері, отанға деген сүйіспеншілігі бейнеленген.
Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жікке бөлген: қиал-ғажайып ертегілер, тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер.
Қандай ертегінің түрі болсын оның ең басты кейіпкерлері жағымды бейнеде келеді. Олардың мақсаты – адамға жақсылық істеу, қол ұшын беру, жақсыны үйретіп, жаманнан жирендіру.
Қиял – ғажайып ертегілерде, өмірде болмайтын нәрселер туралы әнгімеленеді. Мысалы: «Ұшқыш кілем», «Ер төстік», «Алтын сақа».
Қиял – ғажайып ертегілерінің оқиғасы фантазияға құрылады.
Мұндай ертегілердің көбі ғылым болжамдарына сәйкестендіріліп шығарылған. Оларды ғылыми – фантастикалық ертегі дейді.
Ертегілер ішіндегі балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Хайуанаттар жайында айтылатын ертегі кейіпкерлерінің өзі қызық. Сол күлкілі қызық кейіпкерлердің өмір сүруі, өмірге икемді болу жағындағы қақтығыстары, олардың айла – тәсілдері жасөспірімдерге өмір жолын танытады. Бұл ертегілер балалардың ой – санасын оятып, оларды өздерінің күш жігеріне сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат – мұратына жетуге үйретеді.
Хайуанаттар жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық екі түрлі сипат бар: бірінші, олардың мінез ерекшеліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды.
 Екінші, хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы соны мысал ете отырып адамдар арасында болатын тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне мектеп жасына дейінгі балаларға лайықты « Жеті лақ», «Сәулетті үйшік», «Үш торай».
Тұрмыс-салт ертегілері өзінің өткір тілі, айқын мазмұнымен еңбекші халықтың өмірін, қарапайым адамдардың тұрмыс-тіршілігін сипаттауға және олардың күресін көрсетуге бағытталған.
Тұрмыс-салт ертегілерінің қаһармандары-қиялдан туған бейнелер емес, күнделікті өмірдегі еңбек адамдары мұндағы жауыздың иелері – хан, бай т.б.
Ертегі-ауыз әдебиетінің мұрасы. Қазақ халқымыз ертеден өз балаларына тәрбиені әңгіме, жыр, ертегілер арқылы берген.
Ертегілер-сол кездегі өмір шындығын баяндайтын көркем шығарма. Мұнда ерте кездегі халықтың өмір тәжірибесі, әдеп-ғұрпы баяндалған.
Балаларды ауыз әдебиеті үлгісімен таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің әр жақты сырын қызықты әрі тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
II- сәбилер тобында оқығанда тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат-ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Әртүрлі ертегілер баланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және дұрыс қолдану «мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» өз деңгейінде шешуді қамтамсыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет