Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді



Дата08.03.2023
өлшемі8,71 Kb.
#72462

1. “Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді...” кімнің нақыл сөзі? Майқы би
2. Майқы бидің пікірінше, ел істері не бойынша басқарылуы тиіс? Халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы
3. Ел арасында Майқы бидің мол сақталған мұралары: “Майқы би айтыпты” деген мәйекті сөз, мақал-мәтел, нақылдары
4. Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылатын, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол- жоралғысын заңға айналдыруда орны ерекше болғаны көрінетін би: Майқы би
5. Майқы туралы көнекөз ел аузында сақталған аңыздарды өзінің «Қазақ-қырғыз және алтай ертегілері мен аңыз әңімелері» деген еңбегінде атап көрсеткен танымал орыс зерттеушісі: Г.Н.Потанин
6. Қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде Орманбет би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетілген би: Майқы би
7. Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздерді не деп айтады? Пернелі сөз
8. Шешендік терме түр жағынан еске түсіретін өлең түрі: ақ өлең
9. Мөңке бидің күйлері:

  • Өттің, жалған-ай”

  • Шалқыма”

  • Қиқу дәурен”

  • Жиын, алқа, кеңес”

10. Мөңке би шығармашылығының басты белгісі: көшпелі тірліктің тіні бұзылмаған қоғамда заман аңысын аңдап, оның келешек кескін-кейпін дәл
болжай білу
11. Мөңке би толғауларының негізі өзегі - отаршылдыққа қарсылық сарын.
12. Мөңке бидің Сырым батырға қойған астыртын сұрақтары мен оған Сырымның қайтарған жауаптары, сондай-ақ оның шеркеш Түрке би, тана Нүрке билермен кеңесе отырып айтты дейтін толғауы: «Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек»
13. Майқы бидің айтуынша, “тілазардан” кім туады? Қылжақбас
14. Мөңке бидің бейнесі кімдердің еңбектерінде көрініс тапқан?
Ж.Аймауытов “Ақбілек”
Ж.Аймауытов “Ел қорғаны” пьесасы
Ә.Кекілбаев “Үркер” романы
15. Ахмет Байтұрсынұлы Мөңке би туралы қандай пікір айтқан? “Шекті Мөңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны дауды бітірген”
16. Мөңке бидің алғашқы билігіндегі төрт тентек?
бірінші - ойнап жүрген бала тентек
екінші - оны қуған бала тентек
үшінші - үріккен байтал тентек
төртінші - бастан ұшқан бөрік тентек
17. Қазақтың билік жүйесі, шаруа-кәсібі, тұрмыс-салты, арнамысы сетінеп, шайқала
бастауының себебі: отаршыл жүйенің келуі
18. Отаршылдық жүйені ақырзаман елесіндей таңбалау арқылы халықты бодандықтан сақтандырып, одан түңілдіріп, жиіркендіре білген, бітіспес қарсылық тудыртып, елдің санасын оятқан би: Мөңке би
19. Мөңке бидің заманның азуы, ақырзаманның жақындауы жайлы айтқандары кімдердің ойларымен үндесіп жатады? Асанқайғы, Бұқар
20. Мөңке би мен Асанқайғы, Бұқарлардың үндес ойларын салыстырған ғалым: Мишель де Нострадамуспен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет