Хара балдырлар chrophyta бөлімі жалпы сипаттамасы



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі24,42 Kb.
#13325
түріСабақ
  1   2   3



ХАРА БАЛДЫРЛАР - CHROPHYTA БӨЛІМІ

Жалпы сипаттамасы. Харалар - күрделі харафитті құрылымды, жоғары сатьща дамыған жасыл түсті, тік өсетін, биіктігі 20—30, кейде 50—100 сантиметрге жететін балдыр. Басқа балдырлардан басты айыр-машылығы — архегониялы өсімдіктер сияқты көп клеткалы аналық жыныс органы оогонидің болуыңда. Сонымен бірге денесі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сияқты сабаққа шоғырланып орналасқан белгілі бір мөлшерге дейін ғана өсе алатьш "жапырақ" жөне "тамыр" сияқты түссіз көп клеткалы ризоидтардан түрады. Тік түратын "сабағы" қырықбуын сияқты буын жөне буын аралықтарына бөлінген. Бірақ бүл тек олардың сыртқы көрінісі, жалпы харалар көп клеткалы талломды, аса күрделі құрылымды өсімдік. Сабақ жоғарғы ұшынан үздіксіз үзарып есе алады, ал буындағы "жапырақтары" белгілі мөлшерге дейін ғана өседі. Буьш аралықтары ірі, үзыңдығы бірнеше сантиметрге дейін жететін цилиндр пішінді (5 см), көп ядролы, бөлінуге қабілеті жоқ клеткадан түрады. Кейбір хараларда ондай клеткалар қабықтармен қапталған. Қабықтар базальды клеткалардан қүралады. Буыңцары қысқа дөңгелектеніп шоғырланған бірнеше уақ бір ядролы клетка- лардан түрады. Ол клеткалардың бөлінуі арқылы жаңа бүйірлік бұтақ-шалармен шоғырланған "жапырақтар" түзеді.

Клетка қүрылысы. Клетка қабықшасы тығыз, ішкі қабаты целлю-лоздан, оның сырт жағын каллоза деп аталатын суда ерімейтін полисахарид қаптап жатады. Ол глюкоза молекулаларның қадцығынан қүралған. Целлюлозадан айырмашылығы — түзу тізбек қүрамай спиральды тізбек қүрайды, оның сыртына кальций карбонаты жиналады да, өсімдікке қаттылық қасиет береді. Буындағы уақ клеткалары бір адролы болса, буын аралықтарыңдағы ірі клеткалар көп ядролы. Клетканың қабырғалық қабатына қарай жатқан цитоплазмада жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлорофилл дөндері сияқты көптеген дөңгелек хлоропласталары орналасқан. Хлоропласт құрылысы жағынан жасыл балдырлармен бірдей. Хлоропластыларында хлорофилдің а, в пигменттері мен каротиноидтар болады. Қор заты ретінде крахмал жиналады. Пиреноидтары болмайды.



Көбеюі. Хара балдырлары ризоидтарында пайда болатын түйнектер жəне төменгі "сабақ" буындарының бөлініп кетуі арқьшы веге-тативтік жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі болмайды. Жьтнысты көбеюі оогамиялы. Жыныс органы күрделі қүрылымды. Көп клеткалы оогоний жене антеридий копшілік уақытта бір-біріне тақау бір өсімдік жапырағының қойныңда бір үйлі, сирек өр талломдарда пайда болып, қос үйлік байқатады. Жетілген оогоний эллипс немесе жұмыртқа пішінді 1 мм-дей. Оогонидің пайда болып, қалыптасуы антеридиге қарағаңца қарапайым. Алғашқы уақытта оогоний жапыр-ақ буынындағы бір клетканың бөлінуінен басталады. Кейіннен ол клеткадан оогонидің сағағы қалыптасатын клетка болініп, бірнеше клетка түзіледі. Оның ортаңғы цилиндр пішінді бөлшектенген клет-касы бір не екі рет белініп, үлкендіктері əр түрлі клеткалар түзіледі.

Оның клеткасынан жүмыртқа клетка дамиды, ал 1—3 уақ клеткалары жұмыртқа клетканың бүйір жағында не жоғарғы жағында түзіледі де, біртіндеп жүмыртқа клетканың негізіне қарай ауысады. Ол клетка-ларды өзгерген гаметангия қабырғасының қадцығы деп есептейді. Бір мезгілде 5 бүйірлік клетка ұлғайып, лента пішінді жіпшеге айналып, жүмыртқа клетканы қоршай орналасады. Сөйтіп оогониден сопақша келген бір жүмыртқа клетка пісіп жетіледі. Оны оогонидің 5 жігапесі жан-жағынан спиральша айнала қоршап жатады да, жоғарғы үшы жазылып, кейде 5 клеткадан (харада), кейде 10 клеткадан (нителлада) теж сияқты есіндіге айналады. Оны корона деп атайды. Жүмыртқа клетка піскен уақытта корона клеткаларьшың ортасында сперматазоид ететіңдей саңылау пайда болады. Антеридий — жай көзбен корінетін қызыл-сары түсті бүршігіне үқсаған шар. Оның қабырғасы қалқан деп аталатын 8 жалпақ клеткадан тұрады. Клетканың ортаңғы бөлімінен түғьф деп аталатын ерекше сүйеніш өседі, одан шумақталып оралған сперматоген (антериді) жіпшелері дамиды. Əрбір жіпше 100—300-ге дейін жалпақ клеткадан түрады, өрбір клеткадан бірден сперматазоид дамиды. Оның өрқайсысының алдыңғы жағында спираль төрізді иілген екі талшығы болады. Антеридидің қалқандары ажырағанда сперматазоидтар босайды. Үрықтанғаннан кейін үрық клетка қалың қоңыр-сары, , қоңыр, күңгірт, қара түсті қабығы бар шар не жіңішке эллипсоид пішінді, мелшері 0,3 мм-ден ірі, 1 мм-дей ооспораға айналады. Ооспораның сыртқы қабығына известь түзы сіңеді, жылтыр келеді, қор заты крахмал мен май. Ооспораның сыртында арнаулы жолақтары болады. Ооспора тыныштық уақыттан кейін өне бастайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет