«Химия, биология және ауылшаруашылық» кафедрасы элективтік пәндер каталогы мамандық атауы



Pdf көрінісі
бет9/65
Дата17.01.2023
өлшемі282.72 Kb.
#61599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
Күтілетін нәтижелері:
- «ҚР еңбек құқығы» курсын оқып бітірген соң студент ҚР еңбек 
заңдылығының жүйесін, оның қағидаларын, мақсаттары және құрылымы туралы мағлұмат алады;
- Қызметкерлердің кейбір санаттарының жеке еңбек шартын бекітудің ерекшеліктерін білуі 
қажет, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын белгілеу тәртібін, жалақының нысандары мен 
жүйесін қамту керек;
- Лауазымды тұлғалар мен қызметкердің еңбек заңдылығын бұзғаны үшін заңды 
жауапкершіліктің әр түрлі түрлерін пайдалануды үйренуі керек, еңбек құқығының теориясын және
заңдылығының нормаларын қолдана білу керек.
Пререквизиттер: Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру
мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет. Құқық негіздері әлеуметтік-
гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық
негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.
Постреквизиттер: Студент ненi үйренедi: нормативтiк құқықтық мәселелердiң мәнiн түсiне
бiлудi, жалпы құқықтық сұрақтарды өз бетiнше шеше білуді, нормативтік актілерді дұрыс қолдана
алуды үйренедi. Студент түрлi құқық салалары мен саяси iлiмдердiң жеке индивидке әсер етуiн өз
бетiнше талдай алуы тиiс.
 Оқытушы: Жаналиева А.
7


3.3. Пән атауы: «Әкімшілік құқық» (2 кредит, 90 сағат) 
Оқытудың мақсаты: Әкімшілік құқық негізгі заң білімін беретін міндетті пәндердің бірі
болып табылады. Әкімшілік құқық атқарушы биліктің ресімделуін түсіну үшін,биліктің
субьектісін дараландырып, атқарушы билік органдарының ұйымдастырылуымен байланысты
қатынастарды, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттік емес ұйымдар мен мемлекеттік басқару
органдары арақатынасы кезінде пайда болатын қатынастарды реттейді.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары): Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
жарияланғаннан кейінгі уақытта Қазақстан Республикасының экономикалық, саяси және құқықтық
жүйелері елеулі түрде өзгереді. Осындай жағдайларда әкімшілік құқық құқық жүйенің негіздеуші
саласы ретінде жаңа түрін алады. Егеменді Қазақстанның жаңа мақсаттарына сәйкес
экономикалық, саяси құқықтық және әлеуметтік мәдени салаларының әкімшілік құқықтық
институттарын қайтадан қарастыру мүмкіндігі туындап отыр; құқықтық мемлекет идеялары
билікті бөлу, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде
әкімшілік құқығының проблемаларын ескеру қажет.
Мемлекет ролінің, мемлекеттік басқарудың мәні, нысаны және әдістерінің өзгеруі әкімшілік
құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінің құралымы мен мазмұнын сын көзбен қарауын қажет
етеді. Заңнаманың жаңаруы және оның тұрақты түрде өзгеріп отыруы әкімшілік құқықтық
нормалар мен институттардың мазмұнына әсер ететін маңызды деректердің бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет