Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет14/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   271
Паули принципі: атомда төрт квант сандарының мәндері бірдей болатын екі электрон болмайды, немесе атомда екі кез келген электрондар ең болмаса бір квант санының мәнімен айырмашылықта болуы керек.Сонымен , кванттық ұяшық атомдық орбиталдың (АО) кестесі болғандықтан, квант ұяшығында екі ғана электрон болады, спиндері қарама-қарсы . Паули принципі бойынша деңгейшедегі максимал электрон саны 2(2l +1) болады. Деңгейдегі максимал электрон саны N = 2n2 .
Клечковский ережелері: Орбиталдардың электрондармен толтырылуы
(n+l) қосынды мәні аз орбиталдан осы қосындының көп мәніне қарай жүреді;
Егер бұл қосынды мәні бірдей болса, алдымен n мәні кіші орбитал толтырылады. Мысалы, 4s (n+l = 4+0 =4 ), 3d (n+l =3+2), 5p (n+l = 5+0 =5) сонда алдымен 4s сосын 3d, сосын 5р электрондармен толтырылады.
Хунда ережесі: Электрондар орбиталдарға спиндер сандарының қосындысы максимал болатындай орналасады, яғни (ms) максимал.
Электрондық аналогтар - егер элементтердің валенттілік электрондары барлық элементтерге қатысты жалпы формуламен сипатталатындай болып орбиталдарға орналасса: мысалы, хлор мен марганец электрондық аналог болмайды, сондықтан бір топшада болмайды, ал кальций мен магний электрондық аналогтар.
Иондану энергиясы: атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ (1эВ = 96,48кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет, себебі оң зарядтың мәні артады: І1  І2  І3  эВ-электрон-вольт.
Электрон қосылғыштық энергиясы: Бос атомға электрон қосылуы үшін қажет энергия, эВ. Оның мәні оң да, теріс те (теріс мән асыл газдар мен кей элементтерде) болады. Электрон қосылғыштық энергиясы ең көп галогендер мен оттегі.
Электртерістік(ЭТ) – элемент атомының химиялық қосылыста басқа элементтің электрондық тығыздығын өзіне ығыстыра алатын қабілеттілігін көрсететін мән. Оның мәні иондану энергиясы мен электрон қосылғыштық мәндерінің қосындысының жартысына тең. Практикада ЭТ –нің абсолютті мәнін емес, салыстырмалы мәнін қолданады. Сонда фтордың ЭТ = 4, ЭТ(О)=3,5; ЭТ( Li)= 0,98.
Атомның құрамы – ядро және электрондар; олардың заряды және массасы. Атом ядросы протондар мен нейтрондардан тұрады, олардың арасында ядролық күш болады. Ядродағы протондар саны (Z) ядро зарядына және периодтық жүйедегі элемент номеріне тең. Протондар мен нейтрондардың жалпы қосындысы массалық сан (А), элементтің салыстырмалы атомдық массасына (Аr) тең, айырымы А – Z ядродағы нейтрондар санын анықтайды.
Масса дефектісі (m) – ядро массасы мен ядро құрамына кіретін протондар мен нейтрондардың арифметикалық қосындысының айырымы. Масса дефектісі ядро түзілгенде бөлінетін энергиямен Эйнштейн қатынасы Е = mc2 арқылы анықталады.
Мысалы: салыстырмалы атомдық массалары 1Н2 (2,01410),
2Не3 (3,01603) және нейтрон массасы (1,00866), термоядролық реакция кезінде бөлінетін энергияны есептеу: 1Н2 + 1Н2 = 2Не3 + 0n1
m = 22.01410 – ( 3.01603 + 1.00866) = 0.00351 = 0.003511.661027 кг =
5,8261030 кг; Е = 5,8261030 кг (3108 м/с)2 6,021023 =
3,151011 кгм2 2 = 3,151011 Дж/моль.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет