Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Модуль 3. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары



бет17/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   271
Модуль 3. Химиялық процестердің жүру заңдылықтары
3.1 Химиялық процестер энергетикасы
3.2 Химиялық кинетика
3.3 Химиялық тепе-теңдік
Дәрістер № 6-8 Химиялық процестердің жүру заңдылықтары
3.1 Химиялық реакциялардың энергетикалық эффекттері. Термохимиялық заңдар. Энтальпия. Энтропия. Гиббс энергиясы. Реакцияның бағыты
3.2 Химиялық кинетика
3.3 Химиялық тепе-теңдік

Химиялық процестер жүрген кезде - бір зат екінші затқа айналғанда - энергетикалық өзгерістер болады, яғни энергия (жылу) не сіңіріледі , не бөлінеді, себебі реакцияға түскен заттардағы байланыстар үзіліп , реакция нәтижесінде түзілген заттарда жаңа байланыстар түзіледі. Химиялық процестердің жылу эффектілерін термохимия оқиды. Термохимиялық теңдеулерде жылу эффектісі көрсетіледі. Реакция кезінде жылу бөлінсе , экзотермиялық (+) , жылу ( энергия) сіңірілсе – эндотермиялық () реакциялар деп аталады. Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін калориметрде өлшейді. Термохимияның заңын 1840 жылы Г.И.Гесс ашқан: Химиялық процесс тікелей жүрсе де, бірнеше сатымен өтсе де оған керекті жылу (тұрақты қысымда не тұрақты көлемде жүрген реакциялар үшін) әрқашан бір мөлшерде болады. Бұл заң энергия сақталу заңының салдары: жүйенің жұтқан энергиясы (Q) оның ішкі энергиясының өзгеруіне (U) және жұмыс жасауға жұмсалады: Q = U + A. Ішкі энергияның (U) абсолют мәні белгісіз, себебі жүйені энергиясы жоқ күйге әкелуге болмайды. Ішкі энергия да басқа энергиялар сияқты күй функциясы, яғни оның өзгерісі жүйенің алғашқы ( U1) және соғы (U2) күйлерінің өзгеруімен анықталады, процестің жүру жолына байланысты емес: U = U2 - U1 . Жылу мен жұмыс жүйе күйінің функциясы болмайды, олар тек процеспен байланысты, яғни энергия беру түрі болып табылады. Химиялық процесс кезінде А – сыртқы қысымға қарсы жұмыс, А = pV, V2 – V1 = V – жүйе көлемінің өзгерісі. Көбінесе химиялық процестер тұрақты қысымда өтетіндіктен , изобара- изотермиялық процесте (p = const, T = const) Qp = U + pV ; егер мына қосынды U + pV = H деп белгіленсе, Qp = H2 - H1 = H. Н – энтальпия деп аталып, изобара- изотермиялық процестегі жылу, процестің жүру жолына байланысты емес, яғни жүйенің алғашқы және соңғы күйімен анықталады, күй функциясы болады: Qp = H.


Изохора- изотермиялық процесте (V = const, T = const) V = 0 болғандықтан, реакция жылуы U болады, яғни жүйенің ішкі энергиясының өзгеруіне тең: Qv = U. Qp және Qv жылу эффектілер. Термодинамика – энергияның бір түрінің екінші түріне ауысуын зерттейді , сонымен бірге осы ауысулардың заңдылықтарын және сол жағдайлардағы әр түрлі процестердің өздігінен жүретін бағытын көрсетеді. Термодинамикада химиялық реакция кезінде жылу бөліну () , жылу сіңірілу (+)деп белгіленеді. Түзілу жылуы – берілген жағдайларда жай заттардан 1 моль химиялық қосылыс түзілгендегі бөлінген не сіңірілген жылу; айрылу жылуы – 1 моль химиялық қосылыс жай заттарға айрылғанда бөлінген не сіңірілген жылу; жану жылуы – 1 моль зат жанғанда бөлінетін жылу. Стандартты жағдайда (25С не 298Кжәне 1,013105 Па) осы көрсетілген мәндерді былай белгілейді: U, H 1 моль заттар үшін оларды « Анықтамалардан » алады. Термохимиялық есептеулерде көбінесе Гесс заңынан шығатын қорытынды қолданылады: химиялық реакцияның жылу эффектісі реакция нәтижесінде шыққан заттардың жылу эффектілерінің қосындысынан реакцияға түскен заттардың жылу эффектілерінің қосындысын алып тастағанға тең және сол заттар формулалары алдындағы коэффициенттер ескерілуі қажет:
Нх.р =  Н түз.   Н түс., түз. және түс. – түзілген, түскен заттар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет