Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Глоссарий Авогадро тұрақтысы N



бет2/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271
Глоссарий




  1. Авогадро тұрақтысы NA - кез келген жүйенің (N) бөлшектер санының жүйе заттарының мөлшеріне қатынасы n: N/n = NA моль-1 = 6,021023 моль-1.

  2. Адиабатты процесс – сыртқы ортамен алмасу процесі жүрмейтін процесс.

  3. Атомдық (электрондык) орбиталь (АО) - квант сандарының белгілі мәндеріне сәйкес келетін электрон күйі.

  4. Гетерогенді жүйелер – бөліктің айырым бетімен бөлінетін заттар жиынтығы.Мысалы, СаСО3(қ) және СО2(г).

  5. Гомогенді жүйе – бөліктің айырым беті болмайтын зат немесе заттар жиынтығы (ерітінділер, газдар қоспасы, ыдыстағы газ, мұз не металл кесегі,т.б.).

  6. Жүйе – зерттеу үшін, кеңістіктен және қоршаған ортадан жекелей алынған бөлщек.

  7. Заттың эквиваленті - 1 моль сутегі атомдарымен (0,5 моль оттегі атомдарымен) қосыла алатын не сондай сутегі (оттегі) атомдарының мөлшерін химиялық реакцияларда ығыстырып шығара алатын мөлшері.

  8. Иондану энергиясы: атомнан электронды жұлып алу үшін жұмсалатын энергия, эВ. (1 эВ = 96,48 кДж/моль). Келесі электронды жұлып алуға көбірек энергия қажет,себебі оң зарядтың мәні артады: І1  І2  І3

  9. Изотонды коэффициент – іс жүзіндегі қысым, қайнау, қату температураларының өзгеруі, олардың теориялық мәндерінен қанша есе артық екенін көрсетеді.

  10. Ішкі энергия – жүйенің толық энергиясы, яғни жүйені құрған бөлшектердің зат мөлшерінің толық энергиясы.

  11. Моль – заттың мөлшерінің бірлігі, көміртегі-12 атомының 0,012кг массасындағы атомдар санына тең, яғни 6,021023 .

  12. Парциалды қысым - газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесі.

  13. Фаза – бірдей физикалық, химиялық қасиеттері бар және жүйенің басқа бөлімдерінен бөліп алынған біркелкі беттік қабаттан тұратын бөлік.



  14. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет