Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет27/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   271
Мысал 1: 2СО2  2СО + О2 реакциясы үшін 2000С температурада тепе-теңдіктегі қоспадағы заттардың көлемдік үлестері, % : 85,2 СО2 ; 9,9 СО және
4,9 О2 болса, жүйенің жалпы қысымы 1,013105 Па болса, а. реакцияласатын заттардың парциалды қысымдары арқылы көрсетілген (Кр ) ; б. молярлы концентрациялары арқылы көрсетілген ( Кс) тепе-теңдік константалары нешеге тең? Шешуі: газдың парциалды қысымы жалпы қысымды қоспадағы газдың көлемдік үлесіне көбейткенге тең:
а) р( СО2) = 1,013105 0,852 = 0,863105 Па;
б) р( СО) = 1,013105 0,099 = 0,1105 Па;
в) р(О2) =1,013105 0,049 = 0,050105 Па; Кр = р (СО)2 р (О2)/р(СО2)2 = 67,1Па; Кс = Кр /RT = 67,1/ 8,312273 = 3,6103 моль/л. Кр мен Кс арасындағы байланыс идеал газдар үшін Менделеев – Клапейрон теңдеуі арқылы көрсетіледі: Кр = Кс (RT)n, мұндағы n – реакция нәтижесінде түзілген газ тәріздес заттардың моль саны мен реакцияға түскен газ тәріздес заттардың моль сандарының айырымы,осы реакция үшін ол n=3–2=1 болады.
Мысал 2: Газ тәріздес мына заттар А + 2 В = C әрекеттескенде , тепе-теңдік ол заттардың концентрациялары сәйкесінше мына сандарға тең болғанда 0,06 моль/л, 0,12 моль/л, 0,216 моль/л орнаған болса, реакцияның тепе-теңдік константасын және А мен В заттарының алғашқы концентрацияларын табу керек. Шешуі: К =  С/А В2;
К = 0,216/0,06(0,12)2 = 2,5. 1 моль А және 2 моль В заттарынан 1 моль С заты түзіледі. Есеп шарты бойынша жүйенің әр литрінде 0,216 моль С заты түзіледі, сонда 0,216 моль А және 0,2162 = 0,432 моль В заты түзіледі. Олай болса, алғашқы концентрациялар А0 = 0,06 + 0,216 = 0,276 моль/л; В0 = 0,12 + 0,432 = 0,552 моль/л.
Мысал 3: Егер НІ қышқылының белгілі бір температурада диссоциация константасы 6,25102 болса, осы температурада қышқылдың қанша пайызы диссоциацияға түседі? Шешуі: 2НІ  Н2 + І2 қышқылдың диссоциациялану реакциясы. Егер қышқылдың алғашқы концентрациясын С,моль/л деп белгілеп тепе-теңдік орнаған кезде қышқылдың әр С мольдерінен х моль диссоциациаланса, онда теңдеуден көрініп тұрғандай 0,5 х моль Н2 және 0,5х моль І2 түзіледі. Олай болса, тепе-теңдік концентрациялар: НІ = (С- х) моль/л; Н2 =  I2 = 0,5 x моль/л. Тепе-теңдік константасы К =  Н2   I2 / НІ2 ; 6,25 = 0,5х 0,5х /(С - х)2, одан х = 0,333 С . Олай болса, тепе-теңдік орнағанда иодты сутектің алғашқы мөлшерінің 33,3% ыдыраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет