Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



бет33/271
Дата27.10.2022
өлшемі5,02 Mb.
#45726
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   271
Мысал 3. 60С температурада калий селитрасының қанық ерітіндісінде 52,4% (масса бойынша) тұз болса, осы температурадағы тұздың ерігіштік коэффициентін табу керек. Шешуі: Мына пропорция бойынша
47,6 г суға ------- 52,4 г KNO3 келеді
100 г суда ------- х, сонда х = 110г .Сонымен тұздың 60С температурада 100г судағы ерігіштігі 110г болады.
Мысал 4. 15% -ті 300 г ерітіндіні суытқанда еріген заттың бір бөлігі тұнбаға түскен соң, ерітінді концентрациясы 8% болған. Заттың тұнбаға түскен массасын анықтау керек. Шешуі: 300 г 15% -ті ерітіндіде 45г еріген зат және 255г еріткіш бар. Ерітіндіні суытқанда еріткіш мөлшері өзгермейді. 255 г еріткіштегі еріген затты пропорция құрып анықтайды:
92 г еріткіште -------- 8 г еріген зат бар
255 г еріткіште -------- х г х = 22,2 г.
Сонымен, ерітіндіні суытқанда 45 – 22,2 = 22,8 г еріген зат тұнбаға түскен.


Қайталауға және өздік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қаныққан, қанықпаған ерітінділер деген не?
2. «Сольватация», «Гидратация» деген ұғымдарға анықтама беру керек;
3. Ерітінділер концентрацияларының түрлері;
4. Ерігіштік кэффициенттінің мәні;
5. Ерігіштік қисығы арқылы қандай жағдайлар анықталады?


Практикалық сабақта және білім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар
1.5 л 8 % -ті (масса бойынша) ( = 1,075 г/мл) ерітінді дайындау үшін қанша натрий сульфитін алады? Жауабы 430г.
2.1 мл 25 %-ті ерітіндіде 0,458 г зат еріген болса, оның тығыздығы нешеге тең болады? Жауабы 1,83 г/мл.
3.50% -ті 400г күкірт қышқылының ерітіндісінен 100 г суды ұшырған соң, қалған ерітіндідегі күкірт қышқылының массалық үлесі нешеге тең болады? Жауабы 66,7%.
4.9 % -ті тұз қышқылының ертіндісін алу үшін оның қ.ж. 67,2л көлемін судың қандай массасында еріту керек? Жауабы 1107г.
5.25% -ті КОН ерітіндісін алу үшін оның 1кг 50% -ті ерітіндісіне 20 % - ті ерітіндісінен қанша қосу керек? Жауабы 5кг.
6.100 мл 20% -ті күкірт қышқылы ерітіндісіне ( = 1,075 г/мл ) оның 5% -ті ерітіндісін алу үшін судың қандай көлемін қосады? Жауабы 342мл.
7.26% -ті КОН ерітіндісінің тығыздығы 1,24г/мл, оның 5л ерітіндісінде неше моль КОН болады? Жауабы 28,7моль.
8.5% -ті MgSO4 ерітіндісін дайындау үшін 400г MgSO4 7Н2О алынған. Пайда болған ерітіндінің массасын анықтау керек. Жауабы 3,90кг.
9.50 г мыс(ІІ) купоросынын 450 г суда еріткенде алынған ерітіндідігі сусыз мыс сульфатының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 6,4%.
10.8% -ті (масса бойынша) CuSO4 ерітіндісін алу үшін 25 г CuSO4 5H2O қанша суда еріту керек? Жауабы 175г.
11.14,35г AgCl тұнбасын алу үшін қанша 2% - ті AgNO3 ерітіндісі натрий хлоридінің артық мөлшерімен әрекеттеседі? Жауабы 850г.
12. 15% -ті Н2SO4 ерітіндісін алу үшін 400г суда қанша грамм күкірт (VІ) оксидін еріту керек? Жауабы 57,1г.
13.28 % -ті ортофосфор қышқылын алу үшін 426г фосфор (V) оксидін судың қандай көлемінде ерітеді? Жауабы 1664мл.
14.Аммиакті катализатор қатысында оттегінің артық мөлшерінде тотықтырғанда азот қышқылы мен су түзіледі. Суда еріген азот қышқылының массалық үлесін анықтау керек. Жауабы 77,78%.
15.Егер  (Н2SO4) = 72% болса, одан а) 1кг ; б) 1л алса, сонда ерітіндіде қанша масса күкірт қышқылы болады? Жауабы а) 720г ; б) 1180,8 г.
16.300мл молярлы концентрациясы 0,2 моль/л болатын ортофосфор қышқылын алу үшін қанша фосфор (V) оксидін суда еріту керек ?
Жауабы 4,26г.
17.Егер 250мл ерітіндіде 7,5г алюминий сульфаты бар болса, оның молярлы концентрациясы және эквивалентінің молярлы концентрациясы қанша болады?
Жауабы 0,088 және 0,528 моль/л.
18.Егер 1,2 л ерітіндінің а) молярлы концентрациясы 0,2 моль/л б) эквивалентінің молярлы концентрациясв 0,2моль/л болса, қанша грамм кристалдық соды Na2 CO3 10H2 O алу керек? Жауабы а) 68,64г б) 34,32г.
19.8 % -ті 100 мл ( = 1,06 г/мл) барий хлориді ерітіндісіне барий сульфаты тұнбасын алу үшін 139 мл күкірт қышқылын қосқан , сонда анықтау керек а) қышқылдың молярлы концентрациясын және б) эквивалентінің молярлы концентрациясын .
Жауабы а) 0,294 б) 0,588 моль/л.
20.0,9600 г (NH4 )2SO4  FeSO4 6H2O кристаллогидраты сынамасындағы темірді анықтау үшін концентрациясы С (1/5 КМnО4) болатын ерітіндіден қанша алу керек? Жауабы 245мл.
21.36,2 % -ті ( = 1,18 г/мл) НСІ ерітіндісінің молярлығы қанша? Жауабы 11,7М.
22.20С температурада кадмий хлоридінің 100г суда ерігіштігі 114,4 г. Оның массалық үлесі мен қанық ерітіндідегі моляльдығын есептеу керек .
Жауабы 53,3% және 6,22моль/кг.
23.3 л 0,4н. күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау үшін 96 % -ті
( = 1,84 г/мл) ерітіндісінен қанша алу керек? Жауабы 33,31мл.
24.Кальций карбонаты сынамасын еріту үшін 35мл 1,025 н. тұз қышқылы жұмсалған, сонда қанша тұз алынған? Есепті теңдеу құрмай шығару керек. Жауабы 1,79 г.
25.18М күкірт қышқылының тығыздығы 1,84 г/мл болса, оның молярлық үлесі және концентрациясы (%) қанша болған? Жауабы 0,80; 96 %.
26.9 % -ті ( = 1,035 г/мл) сахароза (С12 Н22 О11) ерітіндісі үшін а) морярлылығын
б) моляльдылығын анықтау керек. Жауабы 0,27моль/л 0,29моль/кг.
27.24,3г магнийді және 27,0 г алюминийді еріту үшін 15% -ті ( = 1,10 г/мл) күкірт қышқылынан қанша алу керек? Жауабы 594мл, 891M.
28.Калий хлоратының 100 г суда 70С –та ерігіштігі 30,2 г ,ал 30С –тағы ерігіштігі 10,1г болса, 70 г 70С –тағы қанық ерітіндісін 30С – қа дейін салқындатқанда қанша грамм калий хлораты бөлінеді? Жауабы 10,8г.
29.Мыс сульфатының 100г судағы 30С температурада ерігіштік коэффициенті 25 г тең болса, осы температурада 18% -ті ерітіндісі қанық ерітінді бола ма? Жауабы: болмайды.
30.20С температурада аммиактың 1мл суда ерігіштігі 702мл болса, қанық ерітіндідегі массалық үлесін табу керек. Аммиактық парциалды қысымын қалыпты атмосфералық қысымға тең деп алу керек. Жауабы 33,2%.
31.0С температурада көмір қышқыл газының абсорбция коэффициенті 1,71. Қандай қысымда оның ерігіштігі сол газдың сол температурада суда ерігіштігіне (16г/л) тең болады? Жауабы 483 кПа.
32.25С температурада 8,75г калий хлоридін 25 г суда еріткенде қанық ерітінді пайда болады. Осы температурадағы оның ерігіштік коэффициентін анықтау керек.
Жауабы 35 г тұз 100 г суда.
33.Калий нитратын қайта кристалдау үшін 80С температурада қанық ерітінді түзілгенше 200г суда еріп 0С температураға дейін суытқан. Таза тұздың шығымы мен міндетті түрде жоғалатын бөлігінің массалық үлесін анықтау керек. 80С температурада К(KNO3) = 170г, ал 0С температурада – 17г. Жауабы 90 % және 10%.
34.Белгілі бір температурада күкіртті сутектің спиртегі ( = 0,8 г/мл) ерігіштігі 10:1 көлемдік қатынасында болса, осындай ерітіндідегі оның массалық үлесін табу керек. Жауабы 1,86%
35.Оттегі мен азоттың суда ерігіштігі сәйкесінше мынандай қатынаста 1:0,048 және 1:0,024. Суда еріген ауадағы оттегі мен азоттың көлемдк үлесін есептеу керек.
Жауабы 66,7 және 33,3%.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   271




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет