Химия пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


Практикалық сабақта және сбілім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар



бет47/271
Дата27.10.2022
өлшемі5.02 Mb.
#45726
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   271
Практикалық сабақта және сбілім алушының оқытушы басшылығымен орындайтын (БОӨЖ) есептер мен жаттығулар

1.Қай тұздар гидролизге ұшырайды? Олардың гидролиз теңдеулерін жазу керек: K2SO4, Na2Se, BaS, LiCl, NH4NO3, ZnCl2, K2SO3, Na3PO4, HCOOK, NH4ClO4, KBrO, CuSO4, Bi(NO3)3.


2.Мына тұздар ерітінділерін бір- бірінен индикатор арқылы ажыратуға бола ма: NaClO4 және NaClO; KClO3 және NaAsO3; BeCl2 және BaCl2; KJ және NH4J; Na2CO3 және Zn(NO3)2 ?
3.Орта тұздарға қарағанда гидро- не гидроксотұздар гидролизге көбірек ұшырауы мүмкін бе? Мысал келтіріп,түсіндіріңдер.
4.Қандай тұздар гидролизге сатылап түседі? Саты саны неге байланысты және гидролиз интенсивтігі бірінші сатыдан соңғы сатыға қарай қалай өзгереді?
5.Гидролиз дәрежесі деген не, оған қандай факторлар әсер етеді? Оның мәнін қалай көтеруге не азайтуға болады?
6,Концентрациялары бірдей және бірдей температурада жүрген мына тұздар гидролизін гидролиз дәрежесі өсу ретімен орналастыру қажет:
CH3COONa, HCOOK, NaCN, KNO2
6.Висмут және сурьма тұздарының ерітіндісін дайындағанда қышқыл қосады. Неге?
7.Гидролиз константасы (Кг) деген не? Оның мәні тұздар табиғатына, ерітінді концентрациясына, температураға тәуелді ме? Әр түрлі тұздар үшін Кг мәнінің көп не аз болуы неге байланысты?
8.Екі тұздың ерітіндісін араластырғанда неге өзара бір-бірінің гидролизін күшейтеді? Кез келген тұздар жұбы осындай эффект бере ме?
9.Молярлы концентрациялары 0,1 моль/л NaNO2 және HCOOK ерітінділерінің гидролиз дәрежелерін есептеу керек. Жауабы 1,610-5 және 2,410-5 .
10.0,1 моль/л NH4Cl тұзы ерітіндісінің гидролиз дәрежесі және гидролизденген тұз концентрациясын есептеу керек. Жауабы 7,4510-5 және 7,4510-6 моль/л.
11.Бір негізді қышқыл мен сілтілік металл тұзының 0,1моль/л ерітіндісінің гидролиз дәрежесі 0,04% тең. Осы тұздың гидролиз константасы мен тұз түзген қышқылдың диссоциация дәрежесін есептеу керек. Жауабы 1,9610-11; 510-4.
12.0,5 моль/л ZnCl2 тұзының I саты бойынша жүрген гидролиз процесі үшін гидролиз дәрежесін h (ZnCl2) есептеу керек, егер КD(ZnOH+) = 1,510-9. Жауабы 3,710-3.
13.0,1 моль/л NH4Br тұзының гидролиз дәрежесін және рН мәнін есептеу керек. Жауабы 7,4510-5 және 5,13.
14.0,1М натрий ацетаты ерітіндісінің дисоциация дәрежесі және осы ерітіндінің рН қанша? Жауабы 5,510-10 және 8,9.
15.0,02н Na2CO3 тұзының I саты бойынша жүрген гидролизі үшін ерітінді рН-ын есептеу керек. Жауабы 11,66.
16.0,01М КF ерітіндісі үшін гидролиз константасын, гидролиз дәрежесін және рН анықтау керек. Жауабы Кг = 1,510-11; h = 3,910-5; рН = 7,59.
17.0,1М және 0,001М KCN ерітінділерінің гидролиз дәрежесін және рН есептеу керек. Жауабы h = 1,1210-2; рН = 11,05; және h = 0,107; рН = 10,03.
18.0,1М бір негізді органикалық қышқылдың натрий тұзының гидролизінің рН = 10 болса, осы қышқылдың диссоциация константасы. Жауабы Кd = 10-7.
19.Мына тұздардың NaCN, NaNO2, Cr(NO3)3 гидролизінің ионды-молекулалық теңдеулерің жазып, ортасын көрсетіңдер.
20.0,1М натрий карбонаты ерітіндісінің гидролиз константасын мен дәрежесін және ерітіндісінің рН-ын еспетеу керек. Жауабы Кг = 2,110-4; h = 4,710-4; рН =11,7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   271




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет