«Химия» пəнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1



бет1/3
Дата28.10.2022
өлшемі52,46 Kb.
#45911
  1   2   3



«Химия» пəнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Натрий атомы үшін дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз.


1) Натрийдің сыртқы электрондық қабатында 1 электрон бар
2) Натрий сыртқы қабатындағы 1 электронды беріп жібере алады
3) Натрий сыртқы қабатына 2 электрон қосып алады
4) Na+ ионын түзе алады
5) Na1 ионын түзе алады



A) 3,5
B) 2,4
C) 1,2,4
D) 3,4,5
[1]
2. 1, 2, 3 және 4 - энергетикалық деңгейлердегі электрондардың
максимал санының өсу ретімен орналасқанын белгілеңіз.
A) 2е; 4е; 8е; 18е B) 2е;8е; 32е; 18е C) 2е; 8е; 18е; 32е D) 8е; 18е; 32е; 2е
[1]

3. Төменде берілген қосылыстардың формуласын «нольдік қосынды»


әдісі бойынша құрастырыңыз:



  1. Fe3+ және S2-

  2. Cl7+ және O2-

[2]
4. Фосфор оттекпен жарық шығара отырып, қарқынды жанып, фосфор(V) оксидін түзеді. Фосфор(V) оксиді суда ерігенде фосфор қышқылы түзіледі. Осы өзгерістерді сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіз.



1) Фосфордың жануы
2) Фосфор(V) оксидінің сумен әрекеттесуі
[2]
5. Кестеде берілген атомдар мен иондарды электрондық формуласымен cәйкестендіріңіз.



Атомдар мен иондар

Электрондық формуласы

А. Al3+

1. 1s22s22p63s23p64s2

В. Са

2. 1s22s22p63s23p6

С. Сl1-

3. 1s22s22p63s2

D. Mg

4. 1s22s22p6

A.____ B._____ C._____ D._____


[2]
6. Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4-, металдар арасында 1- орында. Табиғатта оның жүздеген минералдары кездеседі. 
https://kk.wikipedia.org/wiki

Алюминийдің периодтық жүйедегі орнын ескере отырып оның электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формуласын жазып кестені толтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет