Химиялық Үдерістер туралы ілім



бет1/9
Дата03.04.2022
өлшемі113,68 Kb.
#29713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ХИМИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ

Химиялық үдерістердің жүру табиғатын, динамикасын зерттеу белгілі бір қасиетті заттарды синтездеудің ықтималды жолын көрсетеді. Бұл жәйт химия ғылымының теориялық толығуымен қатар оны практикалық жағынан да байытады.

Сондықтан бұл тарауда химиялық реакцияның термохимиясын, термодинамикасын, кинетикасын, тепе-теңдікті қарастырамыз.

Химиялық үдерістердің заңдылықтарын қарастырмастан бұрын «жүйе» деген түсінікке анықтама берейік:



Жүйе деп реттелген ішкі тұтастығы бар, салыстырмалы тұрақты қоршаған ортадан бөлініп алынған бір-бірімен байланысқан құрамдас бөліктер жиынтығы. Жүйедегі заттардың қоршаған ортамен заттары және энергия алмасуына байланысты-ашық, жабық және изоляцияланған(оқшауланған) жүйе деп бөлінеді.

Ашық жүйе болса, ол қоршаған ортамен бөліну бетінің қасиеттеріне байланысты заттардың және энергиясының алмасуы болады, ал заттары алмаспай, энергия алмасуы мүмкін жүйе-жабық деп аталады. Изоляцияланған жүйеде ешқандай алмасу болмауы тиіс, бірақ мұндай жүйенің болу ықтималдылығы нольге тең.

Жүйенің күйінің мынадай параметрлері:көлем, қысым, температура, зат мөлшері, энергия шамасы т.т уақыт пен кеңістікте тұрақты болса, жүйенің осы күйін тепе-теңдік күйі деп есептейді.

Жүйедегі заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты: гомогенді (біртекті), гетерогенді (әртекті деп бөлінеді) жүйе деп бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет