Хроматография бұл әртүрлі қоспаларды



Pdf көрінісі
Дата05.05.2023
өлшемі0.76 Mb.
#90333
Байланысты:
хром реферат



Хроматография — бұл әртүрлі қоспаларды 
бөлудің
зертханалық әдісі

Қоспа жылжымалы фаза деп аталатын сұйықтықта ерітіледі де, ол оны стационарлы 
фаза деп аталатын басқа материал бойымен өткізеді. Қоспаның әртүрлі құрамдас 
бөліктері станционарлы фаза бойында әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, бұл олардың 
бөлінуіне әкеледі. Бөліну компоненттердің жылжымалы және стационарлы фазалар 
арасында әртүрлі болып таралуына негізделген. Құрамдас заттардың 
таралу 
коэффициенттері
әртүрлі болғандықтан, олар станционарлы фазада әртүрлі уақыт 
тежеледі, бұл заттардың бөлінуіне алып келеді.
[1]
Хроматографияның негізгі екі түрі: препаративті және аналитикалық. Препаративті 
хроматографияның мақсаты - қоспаның компоненттерін кейінірек пайдалану үшін бөлу, 
сондықтан заттарды 
тазартудың
жолы болып табылады. Аналитикалық хроматография 
әдетте аз мөлшердегі материалмен орындалады және қоспадағы аналиттердің мөлшерін 
немесе бар болуын анықтауға арналған. Препаративті хроматография аналитикалық бола 
алмайды, және керісінше 
Хроматография зерттелетін заттың бір-бірімен араласпайтын екі түрлі фазада әртүрлі 
дәрежеде еруіне, таралуына негізделген талдау әдісі. Хроматография әдісі медициналық, 
биологиялық, фармацевтикалық зерттеулер мен клиникалық тәжірибелерде көп 
қоданылады. Бірнеше минуттың ішінде-ақ хроматография әдісімен бойынша улы, ұшқыш 
заттардың, есірткінің, ішімдіктің қандағы мөлшеріне талдау жасауға болады. 
Хроматография әдісінің көмегімен биологиялық сұйықтардағы микрокомпоненттерді 
анықтауға және оларды жеке компоненттерге бөліп алуға болады. Диагностика саласында 
хроматография әдсінің қажеттілігі күннен- күнге өсуде. Фармацевтика саласында дәрілік 
заттарға талдау жасауда қолданады. Хроматография әдісінің аналитикалық химияда бөлу 
және құрамы күрделі заттарға талдау жасауда маңызы зор. 
Кез келген хроматографиялық жүйеде бірі - қозғалмайтын, екіншісі - қозғалатын, 
ығыспайтын екі фаза арасында заттардың қайтымды алмасуы жүреді. Қозғалысты фаза 
козғалмайтын фазаның беткі қабатымен жанасқанда, қоспадағы құрамдас бөліктер осы екі 
фазалар арасында тұрақтысы немесе таралу коэффициенті бойынша олардың физикалық-
химиялық қасиеттеріне сәйкес таралады. Динамикалық жүйеде динамикалық тепе-теңдік 
орнайды. Яғни молекулалардың біраз уақыты қозғалмайтын фазада, біраз уақыты 
қозғалысты фазада өтеді де, бәрі бірге қозғалмайтын фазаның бойымен орын ауыстырады. 
Заттың әр түрлі сорбциялануы нәтижесінде, олар фазада әр мезгілде болады. Қозғалыссыз 
фазамен күштірек әрекеттесетін құрамдас бөліктер, оның өн бойымен баяу жылжиды, 
нәтижесінде құрамдас бөліктердің бөлінуі басталады 
Хромотографиялық әдістерінің жіктелуі 
Құрамдас бөліктердің тиімді бөлінуі үшін козғалмайтын фаза мына қасиеттерге ие болуы 
шарт: ол қозғалмайтын фазадағы затты өзіне физикалық және химиялықтұрғыдан 
сорбциялауы, бөлінетін затты ерітуі, керек құрылымды беткі қабатқа ие болуы, ұстап тұру 
дәрежесі жоғары бір құрамдас бөлікті болуы керек. 
Егер қозғалмайтын фаза сұйық күйде болып, ал талданатын зат да еруге бейім болса, онда 
ол қозғалатын және қозғалмайтын фазалар арасында таралады. Мұндай 


хромотографиялық жүйе таралымдық деп аталады. Егер қозғалыссыз фаза анықталатын 
құрылымды адсорбциялауға бейім қатты зат болса, онда оны адсорбциялықхроматография 
дейді. Фазаның агрегаттық күйіне, өзара әрекеттесу түріне және аппаратуралық 
жабдықталуына қарай хроматографиялық әдістерді жіктеуге болады. Түрлі құрамдас 
бөлікті жіктеп, оларды жеке бөліп алуға мүмкіндік беретін хроматографиялық әдістер. Ал 
бұл тарауда бөліп алынған құрамдас бөлікті анықтауға бағытталган хроматографиялық 
әдістерді жіктеу қарастырылады. 
Қозғалмайтын фазаның орналасу ретіне қарай бағаналы және жұқа қабатты 
хроматография деп бөлінеді. Біріншісінде белгілі бір биіктігі (ұзындықтағы) және ішкі 
диаметрі болып келген элюент шыны бағанаға (түтікке) қозғалмайтын фаза 
орналастырылады. Ал жұқа қабатты хромагографияда (ЖҚХ) козғалмайтын фаза астар 
сияқты тегіс, қатты дене бетіне біртекті орналастырылады. 
Қоспа ерітіндісі хроматографиялық бағанаға үздіксіз жеткізіліп тұрса, мұндай әдісті 
фронтальды дейді. Бұл жағдайда хроматографияның бастапқы кезінде ғана нашар 
сорбцияланатын құрылымдық бөлімді таза күйінде тек бастапқы уақыт аралығында 
мейлінше аз сорбцияланған құрамдас бөлікті бөліп алуға болады. Тамшылы-шаймалық 
әдісте үлгіні шаймалай алған ерітінді қозғалысты фаза ағымына енгізеді. Бағана бойымен 
жылжу кезінде қоспа құрылымы белгілі бір сақиналы аймақтарға бөлінеді, оларды не 
толық күйінде, не жеке күйінде бағананың шүмегін ашып-жабу арқылы бөледі. Ал 
ығыстырушылық әдісте үлгіні енгізіп, активтігі нашар шаймамен алдын ала бөліп 
алынғаннан кейін, шайма құрамына дұрыс сорбцияланатын құрылымды немесе 
қозғалмайтын фазамен салыстырғанда талданатын қоспа құрамындағы барлық 
құрылымдар үшін әсерлі затты қосады. Мұндай қасиет нәтижесінде жаңадан қосылған 
шайманың сыбағасын қозғалыссыз фазамен адсорбцияланатын қабілеттің өсуіне орай, 
талданатын қоспадан құрамдас бөлікті біртіндеп ығыстырады, әр құрамдас бөлік жеке 
аймақ түрінде болуы не аралас жүруі мүмкін. 
Сондай-ақ сұйықтық хроматографияда шайманы изо-еселеу және градинатты рет 
бойынша береді. Бірінші жағдайда, шайма құрамы өзгеріссіз қалады, ал екіншіде белгілі 
бағдарлама бойынша өзгеріп тұрады. Ал одан кейін құрамы әр түрлі қоспа ерітіндісін 
жіберілетін уақыты мен көлеміне байланысты алуға болады. 
Хромотография әдісінің негізі 
Хроматография әдісін 1903 жылы орыс ботанигі М.С. Цвет ашты, ол өсімдік 
жапырақтарының пигменттерін бөлуде хроматография әдісін қолданды. Ол «аралас 
ерітіндіні адсорбент бағанасы арқылы сүзгенде, пигменттер жеке әр түрлі боялған аймақ 
түріндегі жекелеген қабатқа бөлінетіндегі туралы» бірінші болып көрсетті. Зерттелетін зат 
сынамасын хроматографиялық жүйеге енгізу жағдайына қарай хроматографияны үш түрге 
топтайды: Фронтальды- қапталды Эльюентті- шайындылы Ығыстырмалы. Фронтальды 
тәсіл. Егер зерттелетін қоспаны хроматографиялық жүйе орналасқан бағанаға үздіксіз 
енгізіп отырса, онда бірінші болып таза күйінде ең әлсіз адсорбцияланатын зат бөлініп 
шығады. 


Міне осылай қоспадағы заттардың хроматографиялық жүйемен әсерлесу нәтижесінде 
әртүрлі мерзімде бөлініп шығуы фронтальды хроматография негізін құрайды. Эльюентті 
тәсіл. Колонка- бағанаға бірнеше компоненті бар талданатын ерітіндінің сыбағасын 
бөлігін енгізеді. Төменгі бөлікте нашар сорбцияланатын компонент болады. Ығыстырып 
шығару тәсілі. Бағанаға бірнеше компоненті бар талданатын ерітіндінің аликвотты бөлігін 
енгізеді, содан оң сорбциялануы жақсы компоненттің көмегімен нашар 
сорбцияланатынын ығыстырып шығарады. Бірінен кейін бірі шайылатын екі компонеттің 
шығуынан, осы екі компонент те болатын аймақ пайда болады. Хроматография әдісінің 
жіктелуі. Қоспаны ажыратып, анықтау барысында хроматографиялық жүйенің агрегаттық 
күйіне қарай газды, сұйқты және газ- сұйықты хроматография деп бөлінеді. Қоспалардың 
ажырау байыбына қарай- адсорбциялық, таралу, ион алмасу, тұндыру, тотығу- 
тотықсыздану, гель- хроматографиясы, адсорбциялық- комплекс түзілу хроматографиясы 
деп бөлінеді. Хроматографиялық іс- амалды жүзеге асыру түріне қарай- бағаналы, 
түтікшелі, жұқа қабатты, қағазды хроматография болып бөлінеді. 
Ион алмасу және тұндыру хромотографиясы 
Хроматографияның бұл түрі талданатын ерітіндідегі иондарды адсорбенттің құрамына 
кіретін иондарға қайтымды алмастыруға негізделген. Өз иондарын жылжымалы фаза 
иондарына алмастыра алатын мұндай сорбенттерді иониттер немесе ион алмастырғыштар 
деп атайды, олар өздерінің арналуына сәйкес катиониттерге және аниониттерге бөлінеді. 
Талданатын ерітінді иондарының алмастыру қабілеті әр түрлі болуына байланысты 
хроматограммалар түзілуі жүзеге асады. 
Ион алмастыру хроматографиясы ұстанымы әр түрлі ерітінділердің тең және көп 
компонентті талдауын жасауға мүмкіндік беретін иондық хроматографтардың үлкен 
ассортиментінде тәжірибе жүзінде іске асты. Кейбір аспаптар компьютерленген және 
талдауды автоматты режимде өткізуге мүмкіндік туғызады. Иондық хроматографтар ауыз 
суда, табиғи суда, өндірістің ағынды және қалдық суларында зиянды қоспаларды тез 
анықтай алады, бұл қоршаған ортаны қорғауда үлкен маңызға ие. Негізгі қызметті 
минералды тыңайтқыштарға талдау жасайтын иондық хроматогрофтардың атқаратын 
қызметі жан- жақты. Қазіргі уақытта иондық хроматографтар өндірісі, ғылым мен 
техниканың талабына сай жедел дамып келеді. Эльюентті тәсілде эльюент ретінде 
электролиттер ерітіндісін қолданады. Таза түрдегі компоненттерді алу үшін эльюирлеуді 
жиі қышқыл ерітіндісімен немесе концентриялары біртіндеп өсетін басқа затпен 
жүргізеді. 
Кейбір заңдылықтар бар болғанымен ионитке тартқыштық тәжірибеде барлық иондарда 
әртүрлі. Мысалы, валенттілігі үлкен катиондар кішілеріне қарағанда жақсырақ 
сорбцияланады. Бірдей валентті иондардың сорбциялануының жуықталған заңдылығын 
мына сорбциялық қатардың бірізділігімен көрсетуге болады. Cs+ > Rb+ > K+ > NH4 + > 
Na+ ; Ba2+ > Sr2+ > Ca2+ > Mg2+ ; Zn2+ > Cu2+ > Ni2+ > Co2+ Бұл қатарлар тұрақты емес 
және жағдайға байланысты өзгереді, яғни сорбенттің табиғатына, хроматографияланатын 
иондарға, эльюенттерге және т.с.с. тәуелді. 


Бұл хроматографияның түрін ең алғаш 1948 жылы Е.Н. Гапон және Т.Б.Гапон ұсынған. 
Тұндыру хроматографиясы иониттің құрамына кіретін тұндырғышпен немесе тұндырғыш 
және тасушының қоспасымен хроматографияланатын заттың әрекеттесуіне негізделген. 
Нашар еритін қосылыстарды бірінен соң бірін тұндыру арқылы бөлуге болады. 
Талдау жүргізгенде зерттелетін ерітіндіні, талданатын ерітінді иондарымен нашар еритін 
қосылыс түзетін иондарымен толтырылған хроматографиялық бағана арқылы өткізеді. 
Тұнбалар осы қосылыстардың ерігіштігінің өсу ретіне қарай түзіледі. Алынатын 
хроматограмма әр түрлі боялған заттардан құрала алады. Егер J- ионы бар ионитпен 
толтырылған бағана арқылы құрамында күміс, сынап және қорғасын иондары болатын 
талданатын ерітіндіні өткізсек, онда хроматограмма үш аймақтан тұрады: жоғарғысы- 
қызғылт- сары ( Hg2J2), ортадағысы – ашық сары( AgJ), төмендегісі – қою сары( PbJ2). 
Талданатын иондарға енжар беті жақсы жетілген нашар еритін зат тасушы бола алады. 
Жиі иондық тасушылар ретінде силикагель, крахмал, альюминий оксиді, кварц, асбест, 
ұнтақ шыны, барий сульфаты қолданады. Сондай- ақ жиі бейтарап тасушы ретінде сүзгі 
қағазды пайдаланады. Басқа да бейтарап тасушылар, сондай- ақ иониттер де 
пайдаланылады. 
Хоматограмманы таза еріткішпен жуғанда бағанадағы талданатын иондардың бөлінуі 
жақсарады, аймақтар оқшауланып, ал шекаралары айқындала көрінеді. Осы 
қосылыстардың ерігіштік көбейтіндісінің шамалары бір- бірінен қанша ерекшеленсе, 
тұнбалардың бөлінуі сонша жақсы болмақ. Тұнбалар бағананың барлық биіктігін бойлай, 
төменгі шегі айқын көрінетіндей бірқалыпты таралады. Әрбір элемент түзетін аймақтың 
биіктігі бойынша мөлшерлік талдау жасай аламыз. Тұндыру хроматографиясының 
қағаздық тәсілінде тығыздығы орташа сүзгі қағаздың дөңгелектері немесе тілкемдері 
қолданылады. Талдау жасау үшін тәжірибе арқылы шамасы анықталатын белгілі 
концентрациядағы тұндырғыш ерітіндісіне бірнеше минутқа қағазды салады, содан соң 
оны ауада кептіреді. Дайындалған қағазға ерітіндіні тамшылатып тамызады, алдыңғы 
тамшы әбден сіңгеннен кейін, келесі тамшыны тамызады. 
Қосылыстардың ерігіштігі әр түрлі болуына байланысты тұнбалар тамшы орталығынан 
жылжып, сақина тәріздес орналасады. Хроматограмманы 2-3 тамшы еріткішпен жуады, 
оны хроматограмманың орталығына тамызады. Бұл еріткіш орталықтан шетке қарай 
жылжиды да тұнба аймақтарының бөлінуін күшейтеді. Көптеген жағдайларда түссіз 
тұнбалар түзіледі, сондықтан оларды теңестіру үшін қажетті айқындауыш 
пайдаланылады. Қағаздық хроматография тәсілімен сапалық талдауда да жоғарыдағыдай 
тұнбадағы бояуы мен орнына байланысты ионды анықтап жүргізеді. 
Таралу және тотығу-тотықсыздану хромагографиясы 
Таралу хроматографиясы. Хроматографияның бұл түрі араласпайтын екі сұйықтар 
арасында заттардың таралуына негізделген, бұлар экстракция заңдылықтарына бағынады. 
Заттың бір- біріне араласпайтын екі сұйықтық арасында таралуының негізгі заңы мына 
формуламен өрнектеледі. Кр = Со/Сс мұндағы: Кр – таралу коэффициенті, Со және Сс – 
органикалық және сулы ерітіндідегі анықталатын компоненттің концентрациясы, моль/л. 
Тәжірибеде органикалық және сулы ерітінділерді жиі қолданады. 


Таралу хроматографиясы бағаналық, қағаздық және жұқа қабатты тәсілдермен 
орындалады. Барлық жағдайда заттың таралуы үздіксіз тасушы кеуектерінде жүреді. 
Таралу коэффициенттері үлкен ассоциаттар Кр мәні кіші ассоциаттарға қарағанда тасушы 
қабатында тезірек жылжиды. Мұнда заттың қайта таралуы жүйеллікпен көп рет 
қайталанады, соның нәтижесінде компоненттерді бөлудің жоғары коэффициенттерін 
аламыз. 
Қағазды хроматография таралу хроматографиясы тәсілдерінің бірі, онда қозғалмайтын 
фазаның ұстаушысы бірнеше сортты хроматографиялық қағаз болып табылады: № 1, 2, 3, 
4 бұларға жылжымалы сұйық фазаның жылдамдығы. Қозғалмайтын сұйық фаза ретін, 
кеуектерде адсорбцияланған су орындайды. Жылжымалы сұйық фазаның олармен жылжу 
жылдамдығына байланысты № 1 және №2 қағаздар «тез» деп, ал № 3,4 « баяу» деп 
аталады. Адсорбцияланған су осы қағаздың кеуектерінде берік ұсталып тұрады ( 20 % - 
тік ылғалдылыққа дейін). 
Талдаудың мәні мынада. Зерттелетін ерітіндіні хроматографиялық қағазға тамызады, 
органикалық еріткіші бар тиісті камераға салып хроматограмма түзілетіндей белгілі уақыт 
ұстайды да шығарып алып өңдейді. Хроматографиялық қағаздың жылжымалы еріткішпен 
жанасу процесінде қағазға тамызылған талданатын компоненттер жылжымалы фазаға 
өтеді және таралу коэфициенттіне байланысты әр түрлі жылдамдықпен қағаздың 
капиллярлары арқылы қозғалады. Сонымен, олар бөлінеді. 6) Тотығу- тотықсыздану 
хроматографиясы. Хроматографияның бұл түрін алғаш рет 60- шы жылдары К.М. 
Олшанова ұсынған. Мұндағы компоненттерді бөлу талданатын иондар мен бағанадағы 
заттар арасындағы тотығу- тотықсыздану процестерінің жылдамдықтарының әр 
түрлілігіне негізделген. Иондарды бөлу мүмкіндігін тотығу- тотықсыздану 
потенциялдарының шамасы бойынша тауып, оларға сәйкес талданатын иондардың 
бағанадағы затпен реакциясының бағытын анықтайды. 
Адсорбциялы- кешен түзуші хроматография. Түзілетін қосылыстардың тұрақсыздық 
константалары шамасының әр түрлілігін пайдалануға негізделген. Кешен түзушіні және 
оның хроматографияланатын металдар катионымен реакциясының өнімін ұстап тұруға 
бейім сорбенттер тасушы ретінде пайдаланады. Оларды түрөзгерістенген сорбенттер деп 
атайды. 
Хромотографияда қолданылатын экстракция әдісі 
Хроматография әдісінде экстракциядағы сияқты заттың екі фазаның арасында таралуын 
пайдаланады. Тек хроматографияда бір фаза қозғалмайды, екінші фаза қозғалады, 
сондықтан анықтайтын заттың таралуы мен бір фазаның екінші фазамен салыстырғандағы 
жылжуы қатар жүреді. 
Егер заттың екі фазаның арасында таралуы оның қатты фазамен адсорбциялану 
құбылысына негізделсе әдісті адсорбциялық хроматография деп атайды. Ал заттың қатты 
фаза мен жылжымалы сұйықтың арасында химиялық ионалмасу реакциясының 
нәтижесінде таралуын ионалмасу хроматографиясы дейді. Егер фазалар арасында 


таралуға адсорбция да, химиялық әрекеттесу де себеп болмаса заттың бөліп таратқыш 
хроматографиясы жүреді. 
Қозғалмайтын (стационарлы) фаза қатты зат, қатты затқа қондырылған сұйықтық не гель 
болуы мүмкін, қозғалатын фаза – газ не сұйықтық. Қозғалатын фазаның агрегаттық түріне 
байланысты хроматография сұйықты және газды хроматография болып бөлінеді. 
Кез келген хроматографиялық әдіс еріген заттың стационарлы және жылжымалы 
фазалардың арасында таралу дәрежесіне негізделген. Екі фазаның арасында орнаған тепе-
теңдікті таралу коэффициенті не таралу константасымен өрнектеуге болады: 
Cc– стационарлы фазадағы еріген заттың жалпы концентрациясы; 
Сж– жылжымалы фазадағы еріген заттың концентрациясы. 
Хроматографиялық әдістерді элюентті анализ, фронтальды анализ және ығыстырып 
шығару анализі деп бөлуге болады. Соның ішінде жиі пайдаланылатыны элюентті анализ. 
Әдетте элюентті анализді хроматографиялық колонкада жүргізеді. Жылжымалы фаза 
сұйық болғанда хроматографиялық колонка ретінде қатты заттың қиыршықтарымен 
толтырылған (диаметрі 0,5-1,5 см) шыны түтікшелері пайдаланылады. 
Еріген заттың компоненттері екі фазаның арасында таралуы үшін үлгінің ерітіндісін 
колонканың жоғарғы жағына орналастырады. Содан кейін колонкадан ептеп, қатты затпен 
жұтылған компоненттер әртүрлі дәрежеде еритін, қолайлы еріткіш (элюент) өткізеді. 
Еріткішті қосқан сайын еріген заттың молекулалары колонка бойымен төмен қарай 
жылжиды. Ерітіндінің жылжуымен қатар заттың стационарлы фазадан жылжымалы 
фазаға және кері ауысуы үздіксіз жүріп тұрады. Заттың колонка бойымен жылжу 
жылдамдығы осы заттың қозғалмалы не стационарлы фазаға ауысу қабілеттігімен 
анықталады. Егер А мен В затының адсорбциялық және эллюентте еру қасиеттерінде 
айырмашылық болса, олар колонка бойымен әртүрлі жылдамдықпен қозғалып 
колонканың әр деңгейінде орналасады. Элюенттің жеткілікті мөлшерін құйса А мен В 
заттарын бірінен соң бірін колонкадан ерітіндіге ауыстыруға болады. Бұл процесті 
элюирлеу процесі дейді. Егер колонканың үшына еріген заттың концентрациясының 
өзгеруіне сезімтал детектор (қабылдағыш) орнатса және оның сигналы мен уақыттың 
арасындағы байланысты график түрінде өрнектеседі. Мұндай графиктерді 
хроматограммалар дейді. Хроматограммаларды сапалық және сандық анализде 
қолданады. Шыңның орналасуы компоненттің сапалық сипаттамасын, ал оның ені сандық 
сипаттамасын береді. 
сигнал 
уақыт не 
көлем 
14.52-сурет. Екі компонентті жүйені элюентті 
хроматография жолымен бөлу схемасы. 
Егер А мен В заттарын хроматографиялық колонкадан элюирлеудің басқы сатысынан 
соңғы сатысына дейінгі концентрацияларын қырынан қарастырсақ олардың графиктегі 
орны таралу коэффициенттеріне байланысты. 


Келтірілген мысалда В затының таралу коэффициенті А затының таралу коэффициентінен 
көп, сондықтан А-ның ығысу жылдамдығы В-ға қарағанда кем. Колонканың төменгі 
жағына жылжыған сайын шыңдардың арасындағы қашықтық артады. Осыдан колонканың 
ұзындығы жеткілікті болса екі затты түгел бөліп алуға болады. 
А+B C B A B A A B 
колонканың биіктігі 
14.53-сурет. A мен В заттарының колонканың әр 
биіктігіндегі концентрациялары. 
Хроматографиялық әдістердің негізгі параметрлері: ұсталу сипаттамасы, бөлу дәрежесі 
және тиімділігі. Ұсталу көлемі мен үсталу уақыты – берілген затты колонкадан толық 
шығаруға сәйкес элюенттің көлемі (VR) мен уақыты (t). Бұл мәндер сорбенттердің 
қасиетіне, қозғалмалы фазаның жылжу жылдамдығына және оның көлеміне, сонымен 
қатар заттың таралу коэффициентіне де байланысты. 
Егер ұзындығы L-ға сәйкес колонкадағы заттың ұсталу уақыты t болса, онда ығысу 
жылдамдығы L мен t-ның қатынасына тең болады L/t. Осы сияқты стационарлы фазада 
ұсталмаған заттың колонкадан өту уақыты tж-ға сәйкес болса, бұл заттың қозғалу 
жылдамдығы L/tжқатынасымен белгіленеді. Екі жылдамдықтың қатынасы 
ұсталу индексінің мәнін (R) береді. 
Сонымен, үсталу индексі еріген заттың молекулаларының қозғалу жылдамдығы мен 
еріткіштің қозғалу жылдамдығының қатынасын көрсетеді. 
Этимологиясы 
Хроматография сөзі 
грек
тіліндегі χρῶμα, яғни "
түс
", және γράφειν («жазу») деген 
сөздерден шыққан 
Тарихы 
Хроматографияны алғаш рет Ресейде 1900 жылы итальян текті ғалым 
Михаил 
Цвет
қолданған. Ол ХХ ғасырдың басында, ең 
алдымен, 
хлорофилл

каротин
және 
ксантофилл
сияқты өсімдік 
пигменттерін
бөлу үшін 
хроматографиямен жұмыс істеді. Бұл компоненттер әртүрлі түстерге ие болғандықтан 
(сәйкесінше жасыл, қызғылт сары және сары), олар бұл әдіске өз атауын берді. 1930-1940 
жылдары дамыған хроматографияның жаңа түрлері көптеген 
бөлу процестері
үшін 
қолдыныла бастады.
[4]
Хроматография әдісі 
Арчер Жон Портер Мартин
мен 
Ричард Лоренс Миллингтон 
Сингтің
1940-1950 жылдардағы жұмысының нәтижесінде айтарлықтай дамыды, ол үшін 
олар 1952 
жылы химия бойынша Нобель сыйлығын алды
.Олар таралу 
хроматографиясының принциптері мен негізгі әдістерін анықтады және олардың жұмысы 
бірнеше хроматографиялық әдістердің тез дамуына ықпал етті, атап айтқанда, 
қағаз 
хроматографиясы

газ хроматографиясы
және 
өнімділігі жоғары сұйық хроматография

Содан бері технология тез дамып келеді. Зерттеушілер М. Цвет хроматографиясының 
негізгі принциптерін қолданып, нәтижесінде төменде сипатталған хроматографияның 


алуан түрлерін дамытуға болатынды
көрсеткіштерін үнемі жақ
молекулалардың өзін бөлінуіне м
хроматография 
каннабисті
Хроматографиядағы терминдер
 
Аналит - бұл хроматография кезінде 
қажетті зат. 
 
Аналитикалық хроматография
концентрациясын аны
 
Байланған фаза дегеніміз тіректі
қабырғасымен ковалентті байланыс
 
Хроматограмма - бұл хроматографты
жағдайда, хроматограммада
келеді. 
X осінде жүйедегі аналиттерді
келетін сигнал (мысалы спектрофотометр, масс спектрометр, т.б. детекторлардан 
алынған). Жүйе дұрыс ж
пропорционал. 
 
Хроматограф немесе
мүмкіндік беретін 
 
Хроматография - 
қозғалмайтын (стационарлы фаза), екіншісі белгілі бір ба
арасында таратады.
 
Элюат - бұл бағаннан шы
а болатындығын анықтады. Даму хроматографияны
қсартып отырады, қазіргі кезде бұл тіпті өте 
лінуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 
каннабистің
потенциалын тексеру әдісі ретінде де қ
ы терминдер 
л хроматография кезінде қоспадан бөлінетін зат. Бұ
хроматография 
үлгідегі
аналиттердің бар болуын немесе 
концентрациясын анықтау үшін қолданылатын хроматография т
дегеніміз тіректің бөлшектерімен немесе баған т
асымен ковалентті байланысқан стационарлы фаза. 
л хроматографтың шығаратын нәтижесі. Қ
дайда, хроматограммадағы әр шың бөлінген қоспаның әр компонентіне с
йедегі аналиттердің тежелу уақыты, ал Y осінде осы аналиттерге с
келетін сигнал (мысалы спектрофотометр, масс спектрометр, т.б. детекторлардан 
рыс жұмыс жасаса, сигнал аналиттің коспада
немесе аэрограф - қоспаларды әртүрлі күрделі жолдармен б
мкіндік беретін құрал, мысалы, газ хроматографы немесе с
бөлудің физикалық әдісі, ол компоненттерді б
алмайтын (стационарлы фаза), екіншісі белгілі бір бағытта 
арасында таратады. 
аннан шығатын жылжымалы фаза. Мұны эффлюент деп те атайды.
тады. Даму хроматографияның техникалық 
те ұқсас 
қолданылды. 
ұл әдетте қоспадағы 
бар болуын немесе 
н хроматография түрі. 
ан түтігінің ішкі 
Қоспа жақсы бөлінген 
р компонентіне сәйкес 
ыты, ал Y осінде осы аналиттерге сәйкес 
келетін сигнал (мысалы спектрофотометр, масс спектрометр, т.б. детекторлардан 
коспадағы концентрациясына 
рделі жолдармен бөлуге 
рал, мысалы, газ хроматографы немесе сұйық хроматографы. 
енттерді бөлу үшін бірі 
ытта қозғалатын екі фаза 
ны эффлюент деп те атайды. 


 
Элюент - бұл аналиттерді тасымалдайтын еріткіш. 
 
Элюит - бұл аналит, элюцияланатын еріген зат. 
 
Элуотропты қатар
дегеніміз - қуатына байланысты орналастырылған 
еріткіштердің тізімі 
 
Иммобилизацияланған фаза - тіректің бөлшектерінде немесе баған түтігінің ішкі 
қабырғасына қозғалмайтындай етіп орналастырылған стационарлы фаза. 
 
Жылжымалы фаза - бұл белгілі бір бағытта қозғалатын фаза. Ол сұйық (LC және 
капиллярлық электрохроматография (CEC)), газ (GC) немесе суперкритикалық 
сұйықтық (суперкритикалық сұйықтық хроматографиясы, SFC) фазасында болуы 
мүмкін. Жылжымалы фаза бөлінетін/талданатын үлгіден және оны баған бойымен 
жылжытатын еріткіштен тұрады. 
Өнімділігі жоғары сұйық 
хроматографиясын
мысалға алсақ, қалыпты фазалы хроматографияда поларлы 
емес еріткіш (мысалы, гексан), ал кері фазалық хроматографияда поляр еріткіш 
(мысалы, метанол) мен бөлінетін үлгі жылжымалы фазаны құрайды. Жылжымалы 
фаза хроматографиялық баған арқылы қозғалады (стационарлы фаза), онда үлгі 
стационарлы фазамен өзара әрекеттеседі және бөлінеді. 
 
Препаративті хроматография талдау үшін емес, бөлінген заттарды одан әрі 
пайдалану үшін жеткілікті мөлшерде тазартуда қолданылады. 
 
Тежелу уақыты - белгілі бір аналиттің бағанның басынан детекторға дейін 
қозғалуына жұмсаған уақыты. Сондай-ақ: 
Ковац тежелу индексі
 
Үлгі - хроматография арқылы талданған зат. Ол бір компоненттен тұруы да, 
компоненттердің қоспасы болуы да мүмкін. Талдау барысында тек бізді 
қызықтыратын аналит бар фазалар ғана үлгі болып табылады. Ал талдау алдында, 
немесе талдау барысында үлгіден бөлінген, бірақ бізді қызықтыратын аналиті жоқ 
бөліктер қалдық болып табылады. 
 
Еріген зат - хроматографиядағы қоспаның құрамдас бөліктері. 
 
Еріткіш - бұл басқа затты ерітетін кез-келген зат. Көбіне еріткіш деп сұйық 
хроматографиядағы жылжымалы фазаны айтады. 
 
Стационарлы фаза - бұл хроматография кезінде орнынан қозғалмайтын зат. 
Мысалы, жұқа қабатты хроматографиядағы 
кремний оксидінің
қабаты. 
 
Детектор - бөлуден кейін аналиттерді сапалы және сандық анықтау үшін 
қолданылатын құрал. 
Хроматографиядағы төсеніштің түрі бойынша әдістердің жіктелуі 
Бағанды хроматография 
Бағанды хроматография - стационарлы төсеніш түтік ішінде болатын бөлу әдісі. Қатты 
стационарлы фазаның бөлшектері немесе сұйық стационарлы фазамен қапталған тірек 
түтіктің бүкіл көлемін толтыруы мүмкін (толтырылған баған) немесе түтік 
қабырғасының бойында немесе түтіктің ортаңғы бөлігінде жылжымалы фаза үшін 
ашық жол қалдырып орналасуы мүмкін (ашық түтікті баған). Орта бойымен әртүрлі 
жылдамдықпен қозғалғандықтан, қоспаның компоненттерінің тежелу уақыты да 
әртүрлі.
1978 жылы У. Кларк Стил Бағанды хроматографияның жылдам бағанды 
хроматография деп аталатын өзгертілген нұсқасын ұсынды (флеш). Бұл әдіс дәстүрлі 


бағанды хроматографияға өте ұқсас, бірақ, еріткіш түтік арқылы қысым әсерінен 
қозғалады. Бұл көптеген бөлулерді 20 минуттан аз уақыт ішінде орындап қана қоймай, 
ескі әдіспен салыстырғанда жақсырақ бөлінуге алып келді. Қазіргі кезде флеш-
хроматография жүйелері алдын-ала толтырылған пластик картридж түрінде сатылады, 
ал еріткіш картридж арқылы сығылып, қысыммен қозғалады. Сондай-ақ мұндай 
жүйелер аутоматтандыруды қамтамасыз ететін детекторлармен немесе фракция 
жинағыштармен байланысуы мүмкін. Градиентті сорғылардың енгізілуі бөлінуді одан 
әрі тездетіп, қолданылатын еріткіш мөлшерін азайтты. 
Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбция кезінде қатты фазалы толтырылған 
төсеніш емес, сұйылтылған төсеніш қолданылады. Бұл үлгіні дайындау кезінде кейбір 
тазарту қадамдарын жасамауға мүмкіндік береді. Мысалы, биоматериалдарды 
центрефугалау, не сүзу. 
Фосфоцелюлозалы хроматография ДНҚ-мен байланысатын нәруыздардың 
фосфоцелюлозамен байланысу қабілетін қолданадаы. Нәруыздың ДНҚ-мен 
байланысы мықты болса, бұл нәруызды бағаннан элюциялап шығуға тұздың жоғары 
концентрациясы қажет.
Жазық хроматография 
Жазық хроматография - стационарлы фаза жазық күйде болатын бөлу әдісі. 
Станционарлы фаза қағаз беті, қағазға сіңірілген зат (
қағаз хроматографиясы
) немесе 
шыны тәрізді тірекке жағылған қатты бөлшектердің қабаты (
жұқа қабатты 
хроматография
) болуы мүмкін. Үлгідегі әртүрлі 
қосылыстар
стационарлы фазамен 
қаншалықты күшті әрекеттесетініне байланысты әртүрлі қашықтықтарды өтеді. 
Белгісіз затты анықтау үшін әр химиялық заттың нақты 
тежелу коэффициентінн
(R
f

қолдануға болады. 
Қағаз хроматографиясы 
Қағаз хроматографиясы 
Қағаз хроматографиясы - бұл хроматографиялық қағаздың жолағына үлгінің кішкене 
нүктесін не сызығын қою арқылы орындалатын әдіс. Қағаз 
еріткіштің
аз мөлшері 
орналасқан контейнерге салынып, кақпақпен жабылады. Еріткіш қағаз бойымен 


көтерілгенде, үлгіні өзімен ала кетіп, оны қағаз бетіне жаяды. 
Қағаз 
целлюлозадан

полярлық заттан
жасалған және қоспаның құрамындағы полярлы 
заттар целюлозамен әрекеттесіп, онымен байланысады, сондықтан тез тежеліп қалады. 
Ал полярлығы төмен заттар алдыға жылжи береді. 
Жұқа қабатты хроматография (TLC) 
Жұқа қабатты хроматография (TLC) - әртүрлі биохимиялық заттарды стационарлы 
және жылжымалы фазалар арасында тарату арқылы оларды бөлетін кеңінен 
қолданылатын зертханалық әдіс. Бұл 
қағаз хроматографиясына
ұқсас. Алайда, бұл 
әдісте тегіс, инертті 
субстратқа
жағылған 
кремнийлі 
гель

глинозем
немесе 
целлюлоза
сияқты 
адсорбенттің
жұқа қабаты стационарлы фаза 
рөлін атқарады. TLC өте көп қолданыс тапты; бірнеше үлгіні бір қабатта бір уақытта 
бөліп алуға болады, дәрі-дәрмектердің деңгейі мен судың тазалығын сынақтан өткізу 
үшін де өте пайдалы. Айқас ластану ықтималдығы төмен, өйткені әр бөлу жаңа 
қабатта орындалады. Қағазбен салыстырғанда бұл әдіс жылдамырақ, жақсырақ бөледі, 
сандық талдауға келеді, әртүрлі адсорбенттерді таңдауға болады. Еріткішті аз 
қолданып, жақсы 
ажыратымдылықпен
жылдам бөлу үшін 
өнімділігі жоғары 
TLC
(HPTLC) қолдануға болады. Оған қоса, ертеректе хромосомаларды саралау үшін 
де TLC қолданылған, ол үшін олардың гельде жылжыған қашықтығын анықтайтын 
(бөлу бөлек саты болды). 
Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну 
Кеңейтілген төсенішпен жүретін хроматографилық адсорбция (EBA) бағаны көбіне 
биохимиялық бөлу процесстерінде қолданылады. Ол кеңейтілген төсеніштің төменгі 
жағындағы кеуекті бұғаттаушы тор астыдағы өзін-өзі тазарту функциясы бар 
қысымды теңестіруші сұйық таратушыдан, кеңейтілген төсеніштің жоғарғы 
бөлігіндегі кері шаю арқылы тазаланатын шүмек механизмінен тұрады. 
Кеңейтілген төсенішпен жүретін адсорбцияылық хроматографиялық бөліну - 
тазартылмаған, лас үлгіден нәруыздарды тікелей бөліп алудың ыңғайлы және тиімді 
әдісі. EBA хроматографиясында алдымен нығыздалған төсеніш теңестіруші буфердің 
жоғары қарай ағынымен кеңейтіледі. Содан кейін еритін нәруыздардың, ластаушы 
заттардың, жасушалар мен жасуша қалдықтарының қоспасы кеңейтілген төсеніш 
арқылы жоғары қарай өтеді. Бізге қажет нәруыздар адсорбентке жабысады, ал 
ластаушылар ары қарай өтеді. Жоғары қарай ағынға элюция буферін жіберген кезде 
қажетті нәруыздар кеңейтілген төсеніштен десорбциялана бастайды, немесе, егер 
ағынды кері айдаса, бөлшектер тез төменге нығыздалады, кейін оларға 
адсорбцияланған нәруыздарды элюция буферінің көмегімен элюциялап алуға болады. 
Элюция үшін қолданылатын режим (кеңейтілген режим не нығыздалған режим) 
үлгінің сипаттамасына байланысты таңдалады. Элюциядан кейін адсорбент белгілі бір 
еріткішпен тазаланып, келесі қолдануға не сақтауға дайындалады. 
Жылжымалы фазаның күйіне байланысты әдістердің жіктелуі 
Газ хроматографиясы 
Газ хроматографиясы (GC), кейде газ-сұйық хроматографиясы деп те атайды (GLC) - 
жылжымалы фаза газ болып табылатын бөлу әдісі. Газды хроматографиялық бөлу 


әрқашан бағанда жүзеге асырылады, олар 
деп жіктеледі. Толтырыл
олар арзан әрі пайдалану о
бағандар әдетте әлдеқ
әсіресе күрделі қоспалар 
адсорбент емес әрі химиялы
пен әйнек толтырылған ба
капиллрлы бағандар жасау
Газ хроматографиясы 
кремний негізіндегі материал) мен жылжымалы газ (к
аналиттің 
таралу тепе
диаметрі 0,53 - 0,18 мм) 
(капиллярлық бағанны
ішіндегі қатты матрица
қолданылады; GC-да қ
жоғары молекулалық 
етеді (себебі, жоғары температура ола
өнімдерін
зерттеуде, 
экологиялы
келтіру

өнеркәсіптік химия
салаларында да кең қолданылады.
Сұйық хроматография
Препаративті HPLC аппараты
Сұйық хроматография (LC) 
хроматографиялық бө
кезде сұйық хроматография ба
пайдаланады және салыстырмалы т
жүйелерін 
өнімділігі жо
HPLC-да үлгі үлкен қысымда
(бөлшектер, кеуекті монолит, немесе кеуекті мембрана) толтырыл
күштеп жылжиды. HPLC жылжымалы ж
байланысты екі түрлі клас
гөрі полярлы болатын 
керісінше жылжымалы фаза к
хроматография (RPLC) деп аталады. Мысалы, NPLC кезінде жылжымалы фаза ретінде 
толуол, стационар фаза ретінде 
су мен метанол қоспасы жылжымалы фаза фаза ж
стационарлы фаза болатын 
Төменде осы әдістің кейбір арнайы 
зеге асырылады, олар әдетте «толтырылған» немесе «капиллярлы» 
деп жіктеледі. Толтырылған бағандар - бұл газды хроматографияны
рі пайдалану оңай және көбінесе жеткілікті өнімділік бере
қайда жоғары ажыратымдылық береді және 
оспалар үшін кеңінен қолданылады. Бағандарды
рі химиялық инертті материалдардан жасалған. Тот баспайтын болат 
ан бағандар жасауға, ал квартц пен балқытыл
андар жасауға қолданылады. 
Газ хроматографиясы қатты немесе тұтқыр сұйық стационарлы фаза (к
кремний негізіндегі материал) мен жылжымалы газ (көбінесе гелий) арас
тепе-теңдігіне
негізделген. Стационарлы фаза кіші диаметрлі (
0,18 мм) әйнектен немесе ерітілген кремнийден жасал
анның) немесе үлкен металл түтіктің (толтырыл
атты матрицаға жабыстырылады. Ол 
аналитикалық химияда
қолданылатын жоғары температура 
биохимияда
қ массалы биополимерлер мен нәруыздарды зерттеуге жарамсыз 
ары температура оларды денатурациялайды), ол
экологиялық мониторинг
және экологияны
сіптік химия
салаларында қолдануға қолайлы. Ол зерттеуші химия 
олданылады. 
хроматография 
Препаративті HPLC аппараты 
хроматография (LC) - жылжымалы фазасы сұйықтық болатын 
өлу әдісі. Оны бағанда да, жазықта да орындау
хроматография бағанды толтыруға өте кішкентай б
не салыстырмалы түрде жоғары қысыммен жұмыс істейді, м
німділігі жоғары сұйық хроматография
(HPLC) деп атайды.
ысымдағы жылжымалы фазаның әсерінен стационарлы фазамен 
лшектер, кеуекті монолит, немесе кеуекті мембрана) толтырыл
штеп жылжиды. HPLC жылжымалы және стационарлы фазаларды
рлі класқа бөлінген. Стационарлы фазаның жылжымалы фазад
рі полярлы болатын әдістері қалыпты фазалық сұйық хроматография (NPLC) ж
керісінше жылжымалы фаза көбірек полярлы болатын әдістері кері фазалы
хроматография (RPLC) деп аталады. Мысалы, NPLC кезінде жылжымалы фаза ретінде 
за ретінде - кремнезем қолданылуы мүмкін, ал RPLC 
оспасы жылжымалы фаза фаза және C18 (
октадецилсилил
стационарлы фаза болатын әдіс. 
кейбір арнайы әдістері көрсетілген. 
ан» немесе «капиллярлы» 
л газды хроматографияның қарапайым түрі, 
німділік береді. Капиллярлы 
не қымбатқа түседі, 
андардың екі түрі де 
ан. Тот баспайтын болат 
ытылған кремнезем 
стационарлы фаза (көбінесе сұйық, 
бінесе гелий) арасындағы 
негізделген. Стационарлы фаза кіші диаметрлі (әдетте 
йнектен немесе ерітілген кремнийден жасалған түтікке 
толтырылған бағанның) 
химияда
кеңінен 
биохимияда
жиі кездесетін 
руыздарды зерттеуге жарамсыз 
рды денатурациялайды), ол 
мұнай 
не экологияны 
қалпына 
олайлы. Ол зерттеуші химия 
болатын 
та да орындауға болады. Қазіргі 
те кішкентай бөлшектерді 
мыс істейді, мұндай LC 
(HPLC) деп атайды. 
серінен стационарлы фазамен 
лшектер, кеуекті монолит, немесе кеуекті мембрана) толтырылған баған бойымен 
не стационарлы фазалардың полярлығына 
жылжымалы фазадан 
хроматография (NPLC) және 
дістері кері фазалық сұйық 
хроматография (RPLC) деп аталады. Мысалы, NPLC кезінде жылжымалы фаза ретінде 
мкін, ал RPLC - ға мысал 
октадецилсилил



Суперкритикалық сұйықтық хроматографиясы 
Суперкритикалық сұйықтықтық хроматографиясы - жылжымалы фазасы температура 
мен қысымның критикалық мәнінен асқан, не оған таяу сұйықтық болатын бөлу әдісі 
Бөлу механизмі бойынша әдістердің жіктелуі 
Адсорбциялық хроматография 
Міндетті түрде қатты стационарлы фаза қолданылады, ал жылжымалы фаза сұйық та, 
газ да болуы мүмкін. Еріген заттар қатты бөлшектердің бетіне адсорбцияланады. 
Адсорбция қаншалықты күшті болса, еріген зат соншалықты баған арқылы баяу 
жүреді. 
Таралу хроматографиясы 
Көбінесе газ хроматографиясы үшін қолданылады. Онда балқытылған кремнеземге 
адсорбцияланған сұйық стационарлы фаза қолданылады. Еріген заттар жылжымалы 
фаза мен стационарлы фаза арасында әртүрлі таралу коэффициенттерімен тепе-
теңдікке келіп, соның арқасында олар әртүрлі жылдамдықпен қозғалады.
Ион алмасу хроматографиясы 
Ион алмасу хроматографиясы (әдетте иондық хроматография деп аталады) зардтарына 
байланысты аналиттерді бөлу үшін ион алмасу механизмін қолданады. Ол әдетте 
бағандарда орындалады, бірақ ол жазықта да қолданылуы мүмкін. Ион алмасу 
хроматографиясында зарядталған қосылыстарды, соның 
ішінде 
аниондар

катиондар

аминқышқылдар

пептидтер
мен 
нәруыздарды
бөлу үшін 
зарядталған стационарлы фаза қолданылады. Кәдімгі әдістерде стационарлы фаза -
ион алмасу шайыры
, ол зарядталған 
функционалды топтармен
жүктелген, бұл топтар 
қосылыстың кері зарядталған топтарымен әрекеттеседі де, оларды тежейді. Ион 
алмасу хроматографиясының екі түрі бар: Катион Алмасу және Анион Алмасу. 
Катион Алмасу хроматографияда стационарлы фаза теріс зарядталған, ал 
алмастырылатын ион - катион, ал Анион Алмасу хроматографияда стационар фаза оң 
зарядталған, ал алмастырылатын ион - анион. Ион алмасу хроматографиясы 
Жылдам 
нәруызды сұйық хроматография
(FPLC) көмегімен нәруыздарды тазарту үшін жиі 
қолданылады. 
Жақындық хроматографиясы 
Жақындық хроматография
аналит пен белгілі бір молекулалар арасындағы селективті 
коваленттік емес өзара әрекеттесуге негізделген. Бұл әдіс өте спецификалық, бірақ 
өзгерістерге тұрақты емес. Көбінесе биохимияда белгілермен 
байланысқан 
нәруыздарды
тазартуда қолданылады. Бұл 
гибридті 
нәруыздар
полигистидинді белгілер

биотин
немесе 
антигендер
сияқты 
қосылыстармен белгіленеді. Бұл белгілер стационарлы фазамен спецификті жолмын 
байланысады. Тазалағаннан кейін, әдетте, белгілердің көбісі алынып тасталады және 
таза нәруыз алынады. 
Жақындық хроматографиясы биомолекуланың металға жақындығын жиі қолданады 
(Zn, Cu, Fe және т.б.). Бағандар көбінесе қолмен дайындалады. Дәстүрлі жақындық 


бағандары қажетсіз биомолекулалардан үлгіні тазарту үшін дайындық қадамы ретінде 
қолданылады. 
Алайда, жақындық хроматографиясының қасиеттерін қолданатын HPLC әдістері бар. 
Иммобилизацияланған металлға жақындық хроматографиясы (IMAC) жоғарыда 
аталған молекулалардың металға салыстырмалы жақындығын қолданып бөлуге 
пайдалы. Қажет жақындықты жасау үшін көбінесе бұл бағандарды әртүрлі 
металдармен толтыруға болады. 
Өлшем бойынша бөлу хроматографиясы
]
Өлшем бойынша бөлу хроматографиясы (SEC), немесе басқаша гельден өту 
хроматографиясы (GPC) немесе гельмен сүзу хроматографиясы молекулаларды 
өлшеміне қарай бөледі (немесе гидродинамикалық диаметріне немесе 
гидродинамикалық көлеміне сәйкес). Кіші молекулалар ортаның кеуектеріне ене 
алады, сондықтан олар тежеліп, жылжымалы фазаның ағынынан шығарылады. Аналит 
молекулаларының өлшеміне байланысты олар кеуектерде әртүрлі уақыт тежеледі. 
Алайда, орташа кеуек өлшемінен үлкен молекулалар кеуектерге ене алмайды, 
сондықтан олар айтарлықтай тежелмейді; мұндай компоненттер бірінші болып 
бағаннан элюцияланады. Бұл әдетте ажыратымдылығы төмен хроматография әдісі, 
сондықтан көбінесе тазартудың соңғы сатысы болып табылады. Бұл әдіс әсіресе 
тазартылған нәруыздардың үшіншілік және төртіншілік 
құрылымын
анықтау үшін 
пайдалы, себебі оны бастапқы 
ерітінді
жағдайында жүргізуге болады. 
Арнайы әдістер 
Кері фазалық хроматография 
Кері фазалық сұйық хроматография (RPLC) - жылжымалы фаза стационарлы фазадан 
едәуір полярлы болатын кез-келген сұйық хроматография әдісі. Оның бұлай аталу 
себебі, қалыпты фазалы сұйық хроматографида жылжымалы фаза стационарлы фазаға 
қарағанда азырақ полярлы. RPLC-да жылжымалы фазадағы гидрофобты молекулалар 
гидрофобты стационарлы фазаға адсорбцияланады. Сндықтан да, жылжымалы 
фазадағы гидрофильді молекулалар алдыға жылжып, бірінші болып бағаннан 
элюцияланады. Бөлу бағандары әдетте кремний бөлшектерінің субстратымен 
байланысқан C8 немесе C18 көміртегі тізбегінен тұрады. 
Гидрофобты әрекеттесу хроматографиясы 
Нәруыздар мен хроматографиялық матрица арасындағы гидрофобты әрекеттесуді 
нәруыздарды тазарту үшін пайдалануға болады. Гидрофобты әрекеттесу 
хроматографиясында матрица материалы гидрофобты топтармен алмастырылған. Бұл 
топтарға метил, этил, пропил, октил немесе фенил топтары кіреді. Тұздың жоғары 
концентрациясы болғанда, нәруыздардың бетіндегі полярлы емес бүйір тізбектер 
гидрофобты топтармен әрекеттеседі; гидрофобты эффект ерітіндінің иондық күшінің 
жоғарылауымен артады. Осылайша, үлгі бағанға полярлығы өте жоғары буферде 
түседі. Элюант әдетте тұз концентрациясы төмендетілген, жуғыш заттар 
концентрациясы жоғарлаған (олар гидрофобты әрекеттесуді бұзады) немесе рН 
өзгертілген судағы буфер болып табылады. 


Жалпы, гидрофобты әрекеттесу хроматографиясы (HIC) үлгі рН өзгеруіне немесе өте 
күшті еріткіштерге сезімтал, ал жоғары тұз концентрациларына шыдамды болса тиімді 
болып табылады. Әдетте, талдау кезінде буфердегі тұздың мөлшерін өзгертіп 
отырады. 2012 жылы Мүллер мен Францреб ірі қара сарысуының альбуминін (BSA) 
қолдана отырып, төрт түрлі гидрофобты шайырдағы HIC-ға температураның әсерін 
сипаттады. Зерттеу температураны өзгертіп, BSA-ның матрицамен байланыс 
жақындығына әсерін зерттеді. Цикл температурасының 10-50 C болуы BSA-ны 
матрицадан шайып шығуға жеткіліксіз екенін, дегенмен баған аз ғана рет қолданылса 
өте тиімді екені анықталды.
[18]
Температураны өзгерту арқылы әсер ету мүмкіндігі 
зертханаларға тұзды сатып алу шығындарын азайтуға және ақшаны үнемдеуге 
мүмкіндік береді. 
Егер тұздың жоғары концентрациясы мен температураның өзгерісін болдырмау қажет 
болса, өте гидрофобты бәсекелес затты қолдануға болады. HIC-дің тұзға тәуелсіз әдісі 
деген атпен белгілі бұл әдіс Адамның G иммуноглобулинін (IgG) тікелей қан 
сарысуынан жеткілікті шығыммен бөлуге мүмкіндік берді. IgG-ды матрицадан 
ығыстыру үшін бәсекелес ретінде бета-циклодекстринді пайдаланды. Бұл тұзға 
сезімтал үлгілерді HIC арқылы бөлуге мүмкіндік ашады, өйткені тұздың жоғары 
концентрациялары нәруыздарды тұндырады. 
Гданьск Технология Университетінің
химия факультетінде
орналасқан Екі өлшемді 
GC\GC\TOFMS хроматографы. 
Гданьск

Польша
, 2016 
Екі өлшемді хроматография 
Кей жағдайларда бір бағанды пайдалану күрделі үлгілердегі аналиттерді анықтау үшін 
жеткілікті селективтілік бере алмайды. Екі өлшемді хроматография біріншісінен 
физика-химиялық қасиеттері ерекшеленетін екінші бағанды пайдалану арқылы керек 
шыңдардың ажыратымдылығын арттырады.
[19]
[20]
Екінші бағандағы қатты тіректе 
тежелу механизмі бірінші бағаннан өзгеше болғандықтан, бір өлшемді 
хроматографиямен ажыратылмайтын қоосылыстарды 
екі өлшемді 
хроматография
арқылы бөліп алуға болады. Сонымен қатар, екінші өлшемдегі бөлу 
бірінші өлшемге қарағанда тезірек жүреді. 


Екі өлшемді TLC бөлудің мысалы - төртбұрышты тақтайшаның бір бұрышынан үлгіні 
бір еріткішпен бөліп, кейін ауамен кептіріп, содан кейін тақтайшаны 90° айналдырып, 
екінші еріткіште қайта бөлу. 
Екі өлшемді хроматографияны GC немесе LC арқылы бөлуге де қолдануға болады. 
Бұл бөлу әдісін орта бөлігін кесіп алу тәсілі арқылы қолдануға болады,
[21]
ол үшін 
бірінші өлшемнің бойынан белгілі бір аймақтар екінші өлшем бойынша бөлу үшін 
таңдалады да, тек солар ған екінші рет бөлінеді. Екі өлшемді хроматографияда 
керісінше барлық аналиттерді екінші өлшемге жіберуге де болады. 
Симуляцияланған қозғалмалы төсеніш хроматографиясы 
Симуляцияланған қозғалмалы төсеніш (SMBC) әдісі - 
өнімділігі жоғары сұйық 
хроматографиясының
бір түрі; бұл әдіс басқа жолмен бөлінуі қиын немесе бөлінуі 
мүмкін емес бөлшектер мен химиялық қосылыстарды бөлуге қолданылады. Бұл 
жоғары өнімді бөліну клапан-бағандық қондырғы арқылы жүзеге асырылады. Бұл 
қондырғы арқылы стационарлы фазаны шектеусіз ұзартуға болады. Препаративті 
хроматографияда қолданылатын қозғалмалы төсеніш әдісінде енгізу және 
аналиттердің шығарылуы бір уақытта және үздіксіз болады, бірақ үздіксіз қозғалатын 
төсенішпен туған қиындықтарға байланысты, симулцияланған қозғалмалы төсеніш 
әдісі ұсынылды. Төсенішті жылжытудың орнына симуляцияланған қозғалмалы 
төсеніш әдісінде үлгіні енгізу және аналиттердің шығу позициялары үнемі өзгеріп 
отырады, бұл төсеніш жылжып жатқандай әсер береді. Шынайы қозғалмалы төсеніш 
хроматографиясы тек теориялық түсінік болып табылады. SMBC тек оның 
симуляциясы. Бұған бір-біріне жалғанған бірнеше бағандарды және үлгіні мен 
еріткішті беретін, сонымен қатар кез-келген бағанның тиісті орындарынан аналит пен 
қалдықтарды шығаруды қамтамасыз ететін, онымен қоса, бірдей уақыт аралықтарында 
үлгі мен еріткішті қарама-қарсы бағытта беріп, аналит пен қалдықтарды шығару 
позицияларын сол уақытта өзгерте алатын күрделі клапан қондырғыларын қолдану 
арқылы қол жеткізілді. 
Пиролизді газ хроматографиясы 
Пиролиз-газ хроматографиясы-масс спектрометрия
(Пиролиз/GC/MS) - үлгіні кіші 
молекулаларға қыздыру арқылы ыдыратып, газ хроматографиясымен өнімдерді бөліп, 
масс спектрометриясын қолдана отырып оларды анықтайтын химиялық талдау әдісі. 
Пиролиз - бұл инертті атмосферада немесе вакуумда материалдардың термиялық 
ыдырауы. Үлгіні платина сымымен тікелей байланыстырып немесе кварц түтікке 
үлгіні салып, 600-1000 °C дейін тез қыздырады. Мақсатына байланысты одан да 
жоғары температура қолданылуы мүмкін. Пиролизде қыздырудың үш түрлі әдісі 
қолданылады: изотермиялық пеш, индуктивті қыздыру (Кюри Пойнт филаменті) және 
платина филаменттерін қолданып резистивті қыздыру. Ірі молекулалар өздерінің ең 
әлсіз нүктелерінде үзіліп, кішірек, ұшқыш бөлшектер түзеді. Бұл фрагменттерді газ 
хроматографиясымен бөлуге болады. Пиролиз/GC/MS хроматограммалары әдетте 
күрделі, өйткені ыдырау өнімдерінің көптеген түрлері қалыптасады. Деректер 
материалды дайын ақпаратпен сәйкестендіру үшін немесе GC/MS деректері арқылы 
жеке бөліктерді зерделеп, құрылымдық ақпарат алу үшін қолданылуы мүмкін. 


Полярлы бөлшектердің ұшқыштығын жоғарылату үшін әртүрлі метилдеуші 
реагенттерді пиролиз алдында үлгіге қосуға болады. 
Арнайы пиролизерлерден басқа, қатты және сұйық үлгілердің пиролизін тікелей 
қыздыруды қамтамасыз ететін Бағадарламаланатын Температуралы Буландырғыш 
(PTV) инжекторларының ішінде жасауға болады, олар үлгіні тез (30°C/с-қа дейін) 600–
650°C дейін қыздыра алады. Бұл кейбір пиролиз процесстері үшін жеткілікті. PTV-дің 
негізгі артықшылығы - арнайы құралды сатып алудың қажеті жоқ және пиролизді 
күнделікті GC талдауындай жасауға болады. PTV үшін қарапайым GC-дың кварцты 
инлет лайнерлерін пайдалануға болады. Бұл әдіс арқылы сандық мәліметтерді алуға 
болады, сонымен қатар PTV инжекторының ішінде деривизация да жасауға 
болатындығы жариялануда. 
Жылдам нәруызды сұйық хроматография 
Жылдам нәруызды сұйық хроматография (FPLC) - бұл нәруыз қоспаларын талдау 
немесе тазарту үшін жиі қолданылатын сұйық хроматографияның бір түрі. 
Хроматографияның басқа түрлеріндегіндей, бөліну қоспаның әр түрлі 
компоненттерінің екі материалға, қозғалатын сұйықтыққа («жылжымалы фаза») және 
кеуекті қатты затқа (стационарлы фаза) жақындығы әртүрлі болуына негізделген. 
FPLC-да жылжымалы фаза судағы ерітінді немесе «буфер» болып табылады. Буфер 
ағымының жылдамдығы сорғымен басқарылады және қалыпты түрде сақталады, ал 
буфердің құрамы екі немесе одан да көп сыртқы резервуарлардан әртүрлі қатынаста 
сұйықтықтарды тартып, араластыру арқылы өзгеруі мүмкін. Стационарлы фаза - бұл 
цилиндрлік шыныға немесе пластикалық бағанға толтырылған көбінесе өзара 
байланысқан агароздан жасалған бөлшектерден тұратын шайыр. Қазіргі кезде FPLC 
шайырларының бөлшектерінің өлшемдеріне, беттік лигандтардың түріне байланысты 
көптеген түрі қолжетімді. 
Қері ағымды хроматография 
HPCCC жүйесінің мысалы 
Кері ағымды хроматографи (CCC) - сұйық-сұйық хроматографияның бір түрі, мұнда 
стационарлы да, жылжымалы фаза да сұйықтық болып табылады.CCC құралы бобинге 
оралған ашық түтіктен тұратын бағанды қажет етеді. Бобин екі осьті (кардиоид 
бойымен) айналмалы қозғалыста, бұл әр айналу кезінде бағанға әсер ететін ауыспалы 
ауырлық күш өрісін тудырады. Бұл қозғалыстың әсерінен бағанда бір айналым кезінде 
бір таралу қадамы жүреді, және пайдаланылатын екі сұйық фазаның арасындағы 
таралу коэффициентіне байланысты компоненттер бөлінеді. Бүгінгі таңда CCC-дың 
көптеген түрлері бар. Оларға HSCCC (Жылдамдығы жоғары кері ағымды 


хроматография) және HPCCC (
Өнімділігі жоғары кері ағымды хроматография

жатады. HPCCC - қазіргі уақытта қол жетімді аспаптардың ең соңғы және ең жақсы 
нұсқасы. 
Периодты кері ағымды хроматография 
Кері ағымдық хроматографиясынан айырмашылығы, периодты кері ағымды 
хроматография (PCCC) қатты стационарлы фазаны және сұйық жылжымалы фазаны 
қолданады. Осылайша, ол кәдімгі CCC-ге қарағанда кәдімгі 
жақындық 
хроматографиясына
ұқсас. PCCC бір-біріне қосылған бірнеше бағандарды 
пайдаланады. Бұл режим осы қатардағы бірінші бағанды шайыр толық қаныққанға 
дейін бағаннан өтіп кететін өнімді жоғалтпай артық жүктеуге мүмкіндік береді. Өтіп 
үлгерген өнім келесі бағандарда тежеледі. Келесі қадамда бағандар бір-бірінен 
ажыратылады. Бірінші баған шайылып, элюцияланады, ал келесі бағандар жүктеледі. 
Бірінші баған қайта тепе-теңдікке келген кезде, ол жүктеме ағынына соңғы баған 
ретінде қайта енгізіледі. Содан кейін процесс циклді түрде жалғасады. 
Хиралды хроматография 
Хиралды хроматография стереоизомерлердің бөлінуін қамтиды. Энантиомерлер 
жағдайында бір-бірінің үш өлшемді айна кескіндері болуынан басқа бұл 
молекулалардың химиялық немесе физикалық айырмашылықтары жоқ. Кәдімгі 
хроматография немесе бөлудің басқа процестері оларды бөлуге қабілетсіз. Хиралды 
бөліну үшін мобильді фаза не стационарлы фаза хиралды болуы қажет, бұл аналитттер 
мен жылжымалы не стационарлы фазалар арасында әртүрлі жақындық тудырады. 
Қазіргі кезде, NPLC-ға да, RPLC-ға да 
HPLC хиралды бағандары
(хиралды 
стационарлы фазамен) қол жетімді. 
Сулы қалыпты фазалық хроматография 
Сулы қалыпты фазалық хроматография (ANPC) кәдімгі қалыпты фазалық элюциямен 
сипатталады (яғни жылжымалы фаза стационарлы фазадан едәуір аз полярлы), бірақ 
ерекшелігі, мұнда су жылжымалы фазалық еріткіш жүйесінің құрамдас бөлігі болып 
табылады. Ол гидрофильді әрекеттесу сұйықтық хроматографиясынан (HILIC) 
ерекшеленеді, себебі тежелу механизмі таралуға емес, адсорбцияға негізделген 
Хроматографияны сипаттайтын шамалар 
Негізгі шамалар
Баған өлшемдері: ұзындығы, радиусы 
 
Ағынның көлемдік жылдамдығы - бір бірлік уақытта баған бойымен жылжитын 
еріткіш көлемі 
 
Ағынның сызықтық жылдамдығы - еріткіштің бір бірлік уақытта жылжитын 
қашықтығы 
 
Тежелу уақыты - қоспаны енгізу мен компоненттің детекторға жетуі аралығында 
өткен уақыт 
 
Тежелу көлемі - компонентті элюциялауға жұмсалған еріткіш көлемі 


 
Өлі уақыт - еріткіштің өзінің баған бойын өтуге жұмсаған уақыты 
 
Тежелу коэффициенті - компонентті элюциялауға өлі уақыттан қанша есе 
көп уақыт кеткенін көрсететін шама 
 Салыстырмалы тежелу (кейде, бөліну коэффициенті) - екі 
компоненттің қаншалықты бөлінгенін көрсететін шама. 
Салыстырмалы тежелу ағын жылдамдығына тәуелсіз, сондықтан 
ағын жылдамдығы өзгеретін эксперименттерде компоненттерді 
анықтау үшін қолданыла алады. 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Хроматографияның бұл түрін алғаш рет 60- шы жылдары К.М. Олшанова ұсынған. 
Мұндағы компоненттерді бөлу талданатын иондар мен бағанадағы заттар арасындағы 
тотығу- тотықсыздану процестерінің жылдамдықтарының әр түрлілігіне негізделген. 
Иондарды бөлу мүмкіндігін тотығу- тотықсыздану потенциялдарының шамасы бойынша 
тауып, оларға сәйкес талданатын иондардың бағанадағы затпен реакциясының бағытын 
анықтайды. 
Хроматографиялық, жүйеге зерттелетін сынаманы енгізу режиміне қарай фронтальды, 
шаймалы және ығыстырушы хроматография деп бөлінеді. Ал одан кейін құрамы әр түрліт 
ерітіндісін жіберу уақыты мен көлеміне қарай жүріп жатады. 
Хроматографиялау процесінің нәтижесінде заттың бір фазадан екінші фазаға және 
керісінше ауысуы (сорбция-десорбция). сонымен қатар заттын сорбент бойымен жүруі 
орындалады. Теория міндетіне осы қозғалыстың заңдылыктарын анықтау берілген 
сорбенттегі затты сорбциялау изотермасының сипатын (процесс статикасы) және 
фазааралық тепе-теңдік жағдайын орнату жылдамдығын (процесс кинетикасы) ескере 
отырып анықтау. Бөліну эффективтігін арттыру үшін зат зонасының жуылуын ескеріп, 
оны болдырмау жолдарын іздеу қажет. 


С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 
Тақырыбы:Хроматография 
Орындаған:Қыдырәлі Нұрай
Тобы:21-032 
Қабылдаған:Садыкова Гульсара


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет