Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет13/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44

ларын қарау, мемлекет пен үкіметтік емес сектордың 

өзара іс-қимылының құқықтық нормаларын күшейту 

маңызды.

Президент  жоғарыда  атап  өтілген  барлық 

заңдардың  қабылдануы  Қазақстан  Республикасы 

тәуелсіздігінің  мықты  құқықтық  кепілі  болып  табы-

латынын  атап  өтті.  Мемлекет  басшысы  Қазақстан 

Республикасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығы  деклара-

циясын қабылдау туралы Парламент басшылығы мен 

депутаттардың  бастамаларына  қолдау  білдіріп,  ол 

біздің қоғамды топтастыруда жаңа маңызды құжатқа 

айналатынына сенім білдірді.

н.Ә. назарбаев Парламенттің V сессиясы біздің та-

рихымызда Мәжілістің алғашқы партиялық құрамы үшін 

қорытынды сессия болып табылатындығын атап өтті.

«Парламенттің  төртінші  шақырылымының  сая-

си өзегі — «нұр Отан» партиясы фракциясының де-

путаттарына  алғысымды  айтқым  келеді.  Сіздер  өз 

қызметтеріңізде парламенттік қызметтің жоғары үлгісін 

көрсеттіңіздер.  Бұл  Қазақстанның  барлық  партиясы 

үшін  сайлаушылар  алдында  үлкен  жауапкершіліктің 

айқын  дәлелі.  Келесі  сайлаудан  кейін,  заңға  сәйкес, 

Мәжіліс  кемінде  екі  партиялы  болады.  Біздің  жас 

демократияның дамуында жаңа кезең басталады, — 

деді Мемлекет басшысы (Қосымшаны қараңыз).

Мемлекет  басшысы  №66  астаналық  мектеп-

лицейде  болып,  «Жас  қыран»  және  «Жас  ұлан»  ба-

лалар  мен  жасөспірімдер  ұйымдарының  алғашқы 

мүшелерін қабылдаудың салтанатты рәсіміне қатысты.

Салтанатты  жиында  сөйлеген  сөзінде  Президент 

барлық  оқушылар  мен  мұғалімдерді  Білім  күнімен 

құттықтады.

н.Ә. назарбаев балаларды оқытудың жай-күйімен 

танысты,  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігіне 

арналған 4-сыныптың сабағына қатысып, 3D техноло-

гиясы бөлмесінде болды. Оқытушылар мен оқушылар 

Президентке инновациялық әдісті оқу үдерісінде пай-

далану туралы айтып берді.



139

Қыркүйек


Сол  күні  Мемлекет  басшысы  «нұр  Орда» 

халықаралық  мектебінде  болып,  салтанатты  жиынға 

қатысты және оқытушылар мен оқушыларды жаңа оқу 

жылының басталуымен құттықтады.

Президент 6-сыныптағы тарих сабағына, Қазақстан 

Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған 

5-сыныптың сабағына қатысты.

 

«Нұр  Орда»  халықаралық  мектебі  2007  жылы 



құрылған.  Ол  халықаралық  стандарттарға  сай 

жұмыс істейді. Бұл мектеп мұғалімдерінің 90%-ы — 

жетекші  отандық  мамандар.  Қазіргі  уақытта  мұнда  1  020 

адам  білім  алуда.  88  оқушы  халықаралық,  республикалық 

және қалалық олимпиадалардың жүлдегерлері болды. Мек-

тепте 3 зертхана жұмыс істейді, спорттық алаңдар мен за-

манауи кітапхана ашылған.

Сол күні Мемлекет басшысы Қызылорда облысына 

жұмыс сапарымен аттанды. 

Президент келісімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 

халықаралық транзит дәлізінің жобасын жүзеге асыру 

барысымен танысты. 

Одан  соң  н.Ә.  назарбаев  Сырдария  ауданы-

на  қарасты  н.  Ілиясов  атындағы  ауылдық  округіне 

келіп,  ауылдың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы-

мен  танысты.  Президентке  «Жұмыспен  қамту  – 

2020»  бағдарламасын  іске  асыру  барысы  және 

ауылдағы  мемлекеттік-жекеменшік  серіктестіктің 

қорытындылары туралы баяндалды.

Ауылға сапары барысында Президент сауда үйінің 

жұмысымен танысты және облыс кәсіпорындарының 

ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді. 

н.Ә.  назарбаев  ауыл  тұрғындарымен,  «Диплом-

мен  —  ауылға»  бағдарламасы  бойынша  ауылда 

жұмыс  істеп  жүрген  жас  мамандармен,  «Ауылдың 

гүлденуі  —  Қазақстанның  гүлденуі»  марафон-

эстафетасына қатысушылармен және «Жасыл ел» ҚБ 

жұмысшыларымен кездесті.

Президент  сондай-ақ  Сырдария  ауданындағы 

Шіркейлі  ауылдық  округінде  болып,  «Мәди  қажы» 

шаруашылығының 

күріш 


егістігіндегі 

жиын-


терім  жұмыстарының  басталу  рәсіміне  қатысты. 

Шаруашылықтағы жұмыстың негізгі бағыты — күріш 

өнімін, сондай-ақ өзге ауылшаруашылық өнімдері мен 

асыл  тұқымды  мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру, 

өңдеу және сату.


140

Қыркүйек


2 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қызылорда  облысына  жұмыс 

сапары  барысында  Қызылорда  қаласындағы  жаңа 

жабық теннис орталығында болды. 

Қазақстан  теннис  федерациясының  президенті 

Б.Ж. Өтемұратов Қызылорда қаласында халықаралық 

стандартқа  сай  ірі  теннис  орталығын  құру  туралы, 

сондай-ақ елдегі теннис спортының жағдайы мен даму 

перспективалары жайлы хабардар етті. Қазіргі уақытта 

Президенттің  тапсырмасы  бойынша  теннис  спортын 

дамыту  стратегиясы  іске  асырылуда,  соның  аясын-

да  Астана,  Павлодар,  Ақтөбе,  Өскемен,  Қызылорда, 

Шымкент  қалаларында  ірі  теннис  орталықтары 

пайдалануға берілді.

теннис  орталығын  аралау  барысында  н.Ә.  на-

зарбаев жаңа корттың сапасын өзі сынақтан өткізіп, 

Қызылорда  қаласының  жас  теннисшілеріне  теннис 

бойынша шеберлік сабақтарын көрсетті.

Одан  соң  Президент  Ғ.  Мұратбаев  атындағы 

орталық  стадионда  болып,  Олимпиада  чемпионы 

И.А. Ильин мен қазақша күрестен «Қазақстан бары-

сы»  атағының  иегері  Ұ.  Рысқұл  бастаған  Қызылорда 

облысының спортшыларымен кездесті. 

Одан кейін Президент қаланың орталық алаңында 

«Жас  ұлан»  бірыңғай  балалар  мен  жасөспірімдер 

ұйымы»  республикалық  қоғамдық  бірлестігімен 

ұйымдастырылып,  облыс  мектептерінің  3  мыңнан 

астам оқушысын жинаған  «Ұланымыз ұлы елдің» атты 

таныс-тырылым акциясына жоспарланбаған жағдайда 

аялдады.  «Жас  ұлан»  бірлестігінің  жоғарғы  буыны-

на  10–16  жас  аралығындағы  білім  мекемелерінің 

оқушылары, ал «Жас қыран» кіші буынына 6–9 жас 

аралығындағы білім мекемелерінің оқушылары, яғни 

тәртіпті және оқу үлгерімі жақсы оқушылар мүше бо-

лып табылады.

Елбасы жас қызылордалықтарға арнап сөз сөйледі.

«Жастар бірігулері тиіс. Олар өздерінің патриоттық 

сезімдерін  жетілдіре  түсулері  керек.  Болашақта  тек 

жастар елді алға бастайтын болады. Бізге күллі әлемге 

Қазақстанның  атын  мақтаныш  сезіммен  және  асқақ 

алып жүретін білімді азаматтар қажет. Қазір бәсекеге 

қабілеттілік  —  білімде.  Сондықтан  сіздердің  басты 

міндеттеріңіз — сапалы да терең білім алып шығу», — 

деп атап өтті Президент.

Президент  сондай-ақ  темір  жолдың  үсті  арқылы 

өтетін  көлікке  арналған  жаңа  жол  айрығында  және 



141

Қыркүйек


Сырдария  өзені  бойындағы  мәдени  ойын-сауық 

кешенінде болды. 

Мәдени  ойын-сауық  кешенін  аралау  барысында 

н.Ә. назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық 

даму  бағдарламасы  аясында  іске  асырылып  жатқан 

облыстағы  инвестициялық  жобалардың  көрмесімен 

танысты.

3 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Достастықтың  құрылуының 

20 жылдығына орайластырылған тМД-ға мүше мем-

лекеттер  Басшылары  кеңесінің  отырысына  қатысу 

үшін  тәжікстан  Республикасының  астанасы  Душанбе 

қаласына келді.

Мемлекет 

басшысы 

Молдова 


Республика-

сы  Президентінің  міндетін  атқарушы  М.  Лупумен 

кездесті.

тараптар отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді, 

сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды 

мәселелерін талқылады.

Сол күні Мемлекет басшысы тМД-ға мүше мемле-

кеттер Басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Қазақстан  Президенті  өз  сөзінде  атап  өткендей, 

биылғы  жыл  —  тМД  үшін  ерекше  жыл.  Біздің 

мемлекеттеріміз Достастықтың құрылғанына 20 жыл 

толуын  атап  өтуде.  1991  жылы  Алматы  декларация-

сына — өзінің мақсатын ақтаған тарихи құжатқа қол 

қойылды.  Декларация  тәуелсіз  мемлекеттердің  жаңа 

қоғамдастығының ортақ күш біріктіруіне мүмкіндіктер 

туғызды.


«Достастық  өте  маңызды  міндетті  орында-

ды  —  халықаралық  құқық  пен  егемендіктің  тең 

қағидаттарына  негізделген  жаңа  қарым-қатынастар 

орнықты.  Сонымен  қатар  біз  біздің  елдеріміз 

арасындағы достықтың дәстүрлі қарым-қатынастарын 

сақтап  қалдық.  Достастыққа    мүше  мемлекеттер 

бәріміз  үшін  оңтайлы  ынтымақтастықтың  және  жаңа 

геосаяси  реалиядағы  жеткілікті  тиімділіктің  форма-

сын  таба  білді.  Кезінде  біздің  ұйымды  жалқау  ғана 

сынамаған уақыт болғаны құпия емес. Достастық өз 

мүмкіндігін  сарқыды  деген  көптеген  пікірлер  бол-

ды, оны тарату туралы мәселе айтылып қалды. Соған 



142

Қыркүйек


қарамастан,  бұдан  бес  жыл  бұрын  біз  сіздермен 

бірге  Достастықты  реформалау,  оның  органдарының 

қызметін  жетілдіру  бағытын  қолға  алдық»,  —  деді 

н.Ә. назарбаев.

Қазақстан 

Президенті 

тМД 

қызметінде 



жетіспеушіліктер,  қиын  мәселелер  барын,  алайда 

бірлескен жұмыста белгілі бір оң ілгерілеушіліктер бар 

екенін атап өтті. нақты құжаттар қабылданды, тМД-

ны  одан  әрі  дамытудың  тұжырымдамасы  бекітіліп, 

іске асырылуда. 2020 дейінгі кезеңге арналған тМД-

ның  экономикалық  дамуының  стратегиясын  орын-

дау  қамтамасыз  етілуде.  Дер  кезінде  қабылданған 

шаралардың  арқасында  әлемдік  экономикалық 

дағдарыстың салдарын төмендетіп, ұлттық экономика-

ны тұрақтандыруға қол жеткізілді. Еркін сауда аймағы 

туралы шарт жобасы аяқталу сатысында тұр.

Отырыстың  қорытындысы  бойынша  тМД  аясын-

да өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде шешім 

қабылданды және бірқатар бірлескен құжаттарға қол 

қойылды.

5 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Экономикалық  қылмысқа  және  сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  агенттігінің  (қаржы 

полициясының)  төрағасы  Қ.П.  Қожамжаровты 

қабылдады.  Ол  ел  Президентінің  бақылауында 

тұрған,  соның  ішінде  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  сотының  бұрынғы  судьяларына,  «Қорғас» 

пен  «Қалжат»  кеден  бекеттеріндегі  контрабандалық 

фактілері бойынша ҰҚт мүшелеріне қатысты бірқатар 

қылмыстық істердің тергелу барысы және басқалары 

туралы баяндап берді.

Мемлекет  басшысы  Алматы  облысының  әкімі 

А.т. Мұсахановты қабылдады. Ол облыстың әлеуметтік-

экономикалық  дамуы  мен  Президент  тапсырма-

ларының орындалу барысы туралы хабардар етті.

6 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Байланыс және ақпарат министрі А.Қ. Жұмағалиевті 

қабылдады. Ол ақпараттық-коммуникациялық техно-

логия саласының негізгі мақсатты индикаторларының 

жетістіктері бойынша министрліктің жұмыс нәтижелері, 


143

Қыркүйек


сандық телерадио хабарларын таратуға көшу жөніндегі 

іс-шараларды  іске  асыру  және  «телерадио  хабарла-

рын  тарату  туралы»  заң  жобасын  алға  жылжыту  ба-

рысы  туралы  хабардар  етті,  сондай-ақ  елімізде  кең 

жолақты Интернетке қолжетімділікті дамыту, халыққа 

қызмет көрсету орталықтарының қызметін жаңғырту 

және  мемлекеттік  қызмет  көрсетуді  оңтайландыру 

жөніндегі  тапсырмалардың  орындалуы  туралы  баян-

дады. 

7 қыркүйек



Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 

келген  Пәкстан  Ислам  Республикасының  Премьер-

министрі С. Гиланиді қабылдады.  

Келіссөздер  барысында  тараптар  халықаралық 

және өңірлік ұйымдардағы екіжақты өзара әрекеттестік 

пен 


ынтымақтастықтың 

өзекті 


мәселелерін 

талқылады.  Сондай-ақ  Ауғанстан,  Магриб  аймағы 

мен  таяу  Шығыстағы  жағдайлар  туралы  пікір  алма-

сылды.  Ядролық  қарусыздану  мәселесі,  аймақтық 

«күн  тәртібіндегі»  өзекті  мәселелер,  оның  ішінде 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мәселелер 

қаралды. терроризммен және экстремизммен күресте 

құзырлы  органдардың  өзара  іс-қимылы  қажеттігіне 

ерекше назар аударылды.

Кездесуде 

ауылшаруашылығы 

саласындағы 

перспективті  жобалар  және  ауылшаруашылық 

өнімдерін өндіру жөніндегі бірлескен өндіріс құру  ту-

ралы сөз қозғалды. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Қостанай  облысына 

жұмыс сапарымен аттанды. 

Президент келісімен Қостанай «АгромашХолдинг» 

АҚ  дизель  зауытында  болып,  машина  жабдықтау 

цехының, Ssang Yong және УАЗ маркалы автокөліктер, 

комбайндар  құрастыратын  зауыттың  өндірістік 

жұмысымен танысты. 

Одан  соң  н.Ә.  назарбаевқа    «SsangYong»  және 

«УАЗ» автокөліктерінің модельдік қатары ұсынылды. 

Мемлекет  басшысы  облыстық  жаңа  көп  салалы 

ауруханада  болып,  онда  облыстың  денсаулық  сақтау 

саласының даму баяндамасымен және облыстық ау-

рухана жұмысымен танысты. 



144

Қыркүйек


Одан соң Президент аурухананың және өңірдің ме-

дицина қызметкерлерімен кездесті. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  Күзет  қызметі  туралы  ережені  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

2008  жылғы  3  маусымдағы  №607  Жарлығына 

өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №148, 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» 

№149,  «Қазақстан  Республикасының  дипломаттық 

және  қызметтік  паспорттарын  беру,  есепке  алу, 

сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» №150 

жарлықтарына қол қойды.

8 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қостанай  облысына  жұмыс 

сапары  барысында  Қостанай  ауданы  Затобольск 

кентіндегі стадионда болып, облыстың спортшылары-

мен кездесті.

н.Ә.  назарбаев  сондай-ақ  Қостанай  ауданының 

Заречное  ауылындағы  жаңа  мектепте  болып,  онда 

жоғарғы  сынып  оқушыларымен  және  педагогикалық 

ұжыммен  кездесті.  Президент  мектеп  директорына 

«Газель» шағын автобусының кілтін сыйға тартты.

Одан  соң  Президент  жұмысының  негізгі  бағыты 

дәнді  дақылдардың  таңдаулы  тұқымын  өсіру  бо-

лып  табылатын  Қостанай  ауданындағы  «Зареч-

ное»  тәжірибелік  шаруашылығы»  ЖШС-нің  егістік 

алқабында болды.

Мемлекет 

басшысы 

Қостанай 

облысының 

ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен кездесті.

Кездесуге 

облыстың 

ауылшаруашылық 

құрылымдарының  басшылары,  қала,  аудан,  ауыл, 

кент, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Кездесу барысында Президент Қостанай қаласында 

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен бірге 

қазақстандық  астықтың  3/4  бөлігін  беретінін  және 

іс-жүзінде  Қазақстанның  атын  шығаратын  қатты 

бидайдың  барлығын  өндіретінін  атап  өтті.  Биылғы 

жылы  Қостанай  облысының  ауыл  шаруашылығында 

сомасы 63 млрд. теңгеден асатын өнім өндірілді. Егіс 

дақылдарының,  соның  ішінде  майлы  дақылдардың 

жалпы  көлемі  22,5%-ға  ұлғайды.  Мал  басы  мен  құс 

саны артты.


145

Қыркүйек


«Бұл 

сіздердің 

бар 

ынтамен 


атқарған 

еңбектеріңіздің, инновациялық технологияны белсенді 

енгізудің,  ауылды  қолдау  үшін  мемлекет  бөлген 

қаражатты  тиімді  пайдаланудың  нәтижесі»,  —  деп 

атап өтті Президент.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Солтүстік  Қазақстан 

облысына жұмыс сапарымен аттанды.

Президент  келе  салысымен  «Петерфельд  Агро» 

ЖШС-нің  егістік  алқаптарын,  «СБИ-Агро»  ЖШС-нің 

жайылым  жерлерін,  «Пассик  Қызылжар»  ЖШС-нің 

омарталарын аралады.

Одан соң н.Ә. назарбаев «тәуелсіздік» стелласын 

қарап шығып, облыстың жұртшылығымен және ұлттық 

мәдени орталық өкілдерімен кездесті.

Одан соң Президент Пестрое көлінің жағасындағы 

қайта  жөндеуден  өткізілген  «Солтүстік  жұлдызы» 

саябағын  аралап,  онда  «Орталық  —  өңірлер» 

бағдарламасына  қатысушылармен  және  жоғары  оқу 

орындарының  түлектері  —  «Дипломмен  ауылға» 

бағдарламасына қатысушылармен кездесті.

Мемлекет  басшысы  сондай-ақ  «Ұрпақтар  қоры», 

«тКШ  жаңарту»  атты  өңірлік  бағдарламаларын  іске 

асыру барысымен және облыстағы инвестициялық жо-

балармен танысты.

9 қыркүйек

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Бейбітші-

лік  және  келісім  сарайында  өткен  Атырау,  Жамбыл 

және  Шығыс  Қазақстан  облыстарының  мәдениет 

күндеріне арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Президент  өңірлердің  жетістіктер  көрмесімен  та-

нысты,  одан  соң  аталмыш  облыстардан  шыққан 

әртістердің, ұлт аспаптар оркестрінің, би ансамблдері-

нің қатысуымен өткен гала-концертте болды.

12 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  жаңадан  тағайындалған 

Қазақстан Республикасындағы төтенше және Өкілетті 

елшілер  —  Италия  Республикасының  елшісі  А.  Пие-

риден, Эстония Республикасының елшісі Я. Хейннен, 

Словакия  Республикасының  елшісі  Л.  Регактан,  Ма-

лайзия  Федерациясының  елшісі  А.  Хазизиден  сенім 

грамоталарын қабылдады. 


146

Қыркүйек


Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы 

Америка  Құрама  Штаттарының  істері  бойынша 

уақытша сенімді өкілі Дж. Ордвейді қабылдады.

Кездесу  барысында  Қазақстан  мен  АҚШ 

арасындағы  екіжақты  қарым-қатынастарды  одан  әрі 

дамыту мәселелері талқыланды.

13 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  «Сырбар»  Сыртқы  барлау  қызметінің  директоры 

А.Қ. Жанқұлиевті қабылдап, мекеменің қызметі тура-

лы баяндамасын тыңдады. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Қорғаныс  министрі  Ә.Р.  Жақсыбековті  қабылдады. 

Ол  алдағы  уақытта  Ресеймен  бірлесіп  өткізетін 

«Орталық-2011»  жаттығулары  туралы,  сондай-

ақ  Ресей  Федерациясымен  әскери-техникалық 

ынтымақтастықты  дамыту  перспективалары  және 

еліміздің  қорғаныс-өнеркәсіп  кешенінде  жүргізіліп 

жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Мәжілісінің  төрағасы  О.Б.  Мұхамеджа-

новты  қабылдады.  Ол  Парламенттің  бесінші 

сессиясының  ашылуында  Мемлекет  басшысы  берген 

тапсырмалардың орындалу барысынан хабардар етті. 

Атап айтқанда, үш жылдық бюджет, діни бірлестіктер, 

энергияны  үнемдеу  және  тиімділігін  арттыру, 

индустриялық-инновациялық  саясатты  мемлекеттік 

қолдау туралы бірқатар заң жобаларының Мәжілістегі 

таныстырылымы туралы сөз болды.

Сондай-ақ  О.Б.  Мұхамеджанов  Президентті 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын 

мерекелеудің  жоспарына  сәйкес  осы  жылы  Парла-

ментте өтетін халықаралық шаралар туралы хабардар 

етті.


Мемлекет басшысы «2000 жылғы 15 қарашадағы 

Біріккен Ұлттар Ұйымының трансұлттық ұйымдасқан 

қылмысқа  қарсы  конвенциясының  5-бабының 

3-тармағына,  16-бабы  5-тармағының  а)  тармақша-



147

Қыркүйек


сына,  18-бабының  13  және  14-тармақтарына, 

31-бабының  6-тармағына  Қазақстан  Республикасы-

ның мәлімдемесіне қол қою туралы» №151 Жарлығына 

қол қойды.

14 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Батыс  Қазақстан  облысында 

жұмыс сапарымен болды.

Президент келісімен су тасқынынан зардап шеккен 

Зеленов ауданына қарасты Переметное және Зеленое 

ауылдарындағы жаңа тұрғын үй кешендерінде болды. 

Ауылда  92  пәтерлік  49  үйдің  (Переметное  ауылы) 

және аумағы 972,6 шаршы метр 7 пәтерлік үйдің (Зе-

леное  ауылы)    құрылысы  аяқталды.  Оларды  энергия-

мен  жабдықтау,  газдандыру  жұмыстары  жүргізілген, 

жолдар салынып, аумағы абаттандырылған.

Одан соң н.Ә. назарбаев Орал қаласында бірінші 

энергоблогы  2010  жылы  іске  қосылған  54МВт 

газтурбиналық электр стансасын (ГтЭС) аралап көрді. 

ГтЭС-тің  іске  қосылуымен  өңірдің  электр  энергети-

касына деген сұранысы қамтамасыз етілді. Қаланың 

солтүстік-шығыс  бөлігіндегі  көпқабатты  үйлерді, 

сондай-ақ ГтЭС ауданындағы жылыжайды жылу энер-

гиясымен қамтудың мүмкіндігі пайда болды. 

ГтЭС-ті аралап көру барысында Президент өңірдегі 

энергияға  тәуелділікті  жою  бағдарламасын  және 

өңірде  Үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму 

бағдарламасын іске асыру нәтижелерімен танысты.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  асыл  тұқымды 

мал  көрмесінде  болды  және  облыстағы  етті  мал 

шаруашылығының  экспорттық  әлеуетін  дамыту 

бағдарламасымен  танысты.  Көрмеге  қазақтың  ақбас 

сиырын, сондай-ақ герефорд тұқымын өсірумен айна-

лысатын 13 асыл тұқымды шаруашылық қатысты.

Ауылшаруашылық  өнімін  өндірушілермен  кезде-

су барысында Президент Батыс Қазақстан облысын-

да  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  көлік  және  бай-

ланыс,  экономиканың  өзге  секторы  қарқынды  да-

мып келе жатқанын атап көрсетті. Елеулі мемлекеттік 

қолдаудың  арқасында  денсаулық  сақтау,  білім  беру 

және әлеуметтік көмек көрсету салалары нығайды.

15 қыркүйек

Мемлекет  басшысы  Батыс  Қазақстан  облысы-

на  жұмыс  сапары  барысында  Орал  қаласының  5-ші 


148

Қыркүйек


шағын ауданында болып, су тасқыны салдарын жою 

нәтижелерімен танысты.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  «трансшекаралық 

сипаттағы  төтенше  жағдайларда  бірлесе  әрекет 

ету»  атты  Қазақстан  мен  Ресейдің  өңіраралық 

ынтымақтастығының  VIII  форумына  қатысу  үшін  Ре-

сей  Федерациясының  Астрахань  қаласына  аттанып, 

онда  келісімен  Ресей  Федерациясының  Президенті 

Д.А. Медведевпен кездесті.

Кездесу  барысында  тараптар  форум  күн  тәртібі 

мәселелерін, сондай-ақ іс жүзінде өзара әрекеттестіктің 

барлық  саласы  бойынша  алдағы  ынтымақтастықтың 

перспективаларын 

талқылады. 

Интеграциялық 

бірлестіктер  аясындағы  ынтымақтастық,  ғарышты 

зерттеу,  көлік  инфрақұрылымы,  отын-энергетикалық 

кешен, трансшекаралық су нысандарын қорғау және 

қолдану басым бағыттар қатарында атап өтілді.

Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 

Президенті Д.А. Медведевпен бірге «трансшекаралық 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет