Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет16/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44

шығармашылық  ұжымдары  қатысқан  Гала-концертті 

тамашалады.



171

Қазан


Мемлекет басшысы егін жинау науқанының аяқта-

луына және рекордтық астық өнімінің жиналуына бай-

ланысты  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығы  еңбек-

керлеріне мерзімдік баспа беттерінен Үндеу жолдады.

27 қазан

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті 

отырысына төрағалық етті. 

Отырыста  Үкімет  тарапынан  әзірленген  Ұлттық 

қауіпсіздіктің  2012–2016  жылдарға  арналған 

стратегиясының жобасы талқыланды.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті осы стратегиялық 

құжаттың аясында бейбітшілік пен келісімді сақтауға, 

қазақстандық  қоғамды  тұрақты  және  орнықты 

дамытуға,  мемлекет  пен  экономиканы  одан  әрі 

нығайтуға,  сондай-ақ  Қазақстанның  қауіпсіздігіне 

төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға мүмкіндік 

беретін,  орта  мерзімді  кезеңге  есептелінген  кешенді 

шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Жобаны  талқылау  барысында  н.Ә.  назарбаев 

орын  алған  және  болжанған  қауіп-қатерлерге  қарсы 

іс-қимылдың  нақты  тетіктеріне  қатысты  бірқатар 

елеулі ескертулер мен ұсыныстар енгізді.

Отырысқа  қатысушылар  сондай-ақ  2010  жылы 

қабылданған  «Сыртқы  барлау  туралы»  Заңды  іс 

жүзіне асыру мәселесін қарады. Қазақстанның ұлттық 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  сыртқы  террористік 

және  экстремистік  қауіптерді  дер  кезінде  табу  және 

одан сақтап қалу үшін барлау органдары қызметінің 

маңыздылығы атап өтілді.

Президент еліміздің барлау органдарының жұмысы-

на  баға  беріп,  орын  алған  проблеманы  көрсетті  және 

олардың  қызметін  жетілдіру,  соның  ішінде  Қазақстан 

басшылығын  жедел  және  сапалы  ақпараттандыру 

мәселелері жөніндегі негізгі бағытын анықтап берді.

талқылаудың  қорытындысы  бойынша  Мемлекет 

басшысы Үкіметке және өзге мемлекеттік органдарға 

тиісті  тапсырма  берді.  Олардың  орындалуына 

бақылау  жасау  Қазақстанның  Қауіпсіздік  кеңесінің 

хатшылығына жүктелді.

28 қазан

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық банкінің төрағасы Г.А. Марченконы қабылдады. 


172

Қазан


Ол  елдің  қаржылық  саласындағы,  атап  айтқанда, 

валюталық  нарықтың  ағымдағы  жағдайы  туралы  ха-

бардар етті.

Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысының орынба-

сары — БҰҰ Женева қаласындағы бөлімінің бас ди-

ректоры Қ.К. тоқаевты қабылдады. Ол БҰҰ ағымдағы 

және перспективалық қызметі туралы баяндады.

31 қазан


Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республи-

касында  ресми  сапармен  болып,  осы  елдің  астана-

сы Ханой қаласында Президент Чыонг тан Шангпен 

кездесті.

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  Қазақстанның  индустриялық  кешені  мен 

мұнай-газ саласын жаңғыртуға Вьетнамның қатысуы, 

Въетнамға  ядролық  отынды  тасымалдау,  көлік  және 

коммуникация,  сауда,  шағын  және  орта  бизнес, 

ауыл шаруашылығы, кеме құрылысы, өңдеуші сектор 

салаларындағы  екіжақты  ынтымақтастықты  дамыту 

мәселелері талқыланды. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша қосарланған 

салық салуды болдырмау жөніндегі, азаматтық авиа-

ция, туризм мен білім салаларындағы ынтымақтастық 

туралы, азаматтық және коммерциялық істер бойынша 

өзара  құқықтық  көмек  туралы  келісімдерге,  сондай-

ақ ірі экономикалық және қаржы орталықтары — Ал-

маты мен Хошимин қалаларының арасындағы өзара 

түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Мәдени өзара әрекеттестік тұрғысында 2012 жылы 

Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндерін өткізу ту-

ралы  уағдаластыққа  қол  жеткізілді.  Ал  2013  жылы 

Вьетнамдағы  Қазақстанның  мәдениет  күндері  өтетін 

болады.

Сол күні Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік 



партиясы  ОК-нің  бас  хатшысы  нгуен  Фу  Чонгпен 

және  Вьетнам  Социалистік  Республикасы  Ұлттық 

жиналысының төрағасы нгуен Шинь Хунгпен кездесті.


қараша

Дс

7



14

21

28



Сс

1

8



15

22

29



Ср

2

9



16

23

30



Бс

3

10



17

24

Жм



4

11

18



25

Сн

5



12

19

26



Жк

6

13



20

27


175

Қараша


1 қараша

Мемлекет басшысы Вьетнам Социалистік Республи-

касына ресми сапары барысында Ханой қаласындағы 

Вьетнам  мемлекеттік  университетінде  болды.  Онда 

Президентке  университеттің  Құрметті  докторы 

дәрежесі тапсырылды. 

Мемлекет басшысы университеттің профессорлық-

оқытушылық құрамы мен студенттер алдында оқыған 

дәрісінде Қазақстанның тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде 

қол жеткізген табыстары мен дамуының ұзақ мерзімді 

басымдықтары  туралы  айтты.  Әңгіме  Семей  поли-

гонын  жабу  және  ядролық  қарудан  өз  еркімен  бас 

тарту,  Астана  құрылысы  мен  «2030-стратегиясы», 

халықаралық бастамалар мен этносаралық келісімнің 

бірегей тәжірибесі туралы болды.

Қазақстан Президенті қазақстандық білім жүйесін 

дамыту  мәселелері,  ғылыми  және  инновациялық 

қызмет,  назарбаев  университетінің  жұмысы  туралы 

жан-жақты  тоқталды.  2010  жылы  еліміз  Еуропалық 

мәдениет  конвенциясы  мен  Болон  процесіне 

қосылғаны атап өтілді. Қазақстан білім саласындағы, 

соның  ішінде  Вьетнаммен  студенттер,  оқытушылар 

алмасу  арқылы  халықаралық  ынтымақтастық 

мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту ниетін көздейді.

Студенттерге  арнаған  сөзінде  н.Ә.  назарбаев 

Қазақстан-Вьетнам  ынтымақтастығының  болашағы 

жас ұрпақтарға байланысты екенін атап өтті.

Сөзінің  соңында  Мемлекет  басшысы  Вьетнам 

мемлекеттік  университетінің  Құрметті  қонақтар 

кітабына қолтаңба қалдырды.

2 қараша

Мемлекет  басшысы  Біріккен  Араб  Әмірлігінде 

жұмыс  сапарымен  болып,  осы  елдің  астанасы  Абу-

Даби қаласында Премьер-министрдің орынбасары — 

БАӘ  Президентінің  істері  жөніндегі  министрі  шейх 

Мансұр бен әл-нахаянмен кездесті. 

Кездесу  барысында  тараптар  екі  ел  арасындағы 

саяси, 


сауда-экономикалық 

және 


инвести-

ция  саласындағы  ынтымақтастықты  одан  әрі  да-

мыту  мен  нығайту  мәселелерін  талқылады.  Атап 

айтқанда,  Абу-Даби  қаласында  қазақстан-әмірліктер 

үкіметаралық  комиссиясының  5-отырысын  өткізу 

мәселелері,  сондай-ақ  Қазақстанның  таяу  Шығыс 

және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен инвестициялық 


176

Қараша


ынтымақтастығын дамытуға арналған биылғы жылдың 

қазан  айында  Абу-Даби  қаласында  өткен  бизнес-

форумының қорытындылары талқыланды. 

н.Ә.  назарбаев  форум  аясындағы  қазақстандық 

және  араб  компаниялары  арасында  қол  жеткізілген 

уағдаластықтар  нақты  жоба  ретінде  іске  асырылаты-

нына сенім білдірді.

Мемлекет  басшысы  Қырғыз  Республикасының 

Президенті 

болып 


сайлануына 

байланысты 

А.Ш. Атамбаевқа құттықтау жеделхатын жолдады. 

Мемлекет 

басшысы 

өзінің 


құттықтауында 

елде  тұрақтылықтың  одан  әрі  нығайып,  саяси, 

экономикалық  және  әлеуметтік  жаңғырту  тереңдей 

түсетініне  сенім  білдірді,  сондай-ақ  А.Ш  Атамбаевқа 

Қырғызстан  Президенті  лауазымындағы  жауапты 

қызметінде  табыстар,  ал  бауырлас  қырғыз  халқына 

игілік, бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

3 қараша


Мемлекет  басшысы  Біріккен  Араб  Әмірлігіне 

жұмыс  сапары  барысында  Абу-Даби  әмірінің  тақ 

мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері 

Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен 

Заид әл-нахаянмен кездесті. 

Кездесу  барысында  тараптар  екіжақты  өзара 

әрекеттестіктің  жағдайы  мен  перспективаларын 

талқылады.  Атап  айтқанда,  іс  жүзінде  құрылыс 

жұмыстары  сатысына  көшкен  «Абу-Даби  Плаза» 

көп  салалы  кешені  жобасының  жүзеге  асырылуын 

талқылады, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі жалғыз 

ислам  банкі  «Әл  Хиляль»  банкінің  табысты  қызметін 

ерекше атап өтті. 

тараптар  сондай-ақ  Қазақстан  Үкіметі  мен  БАӘ 

Үкіметі  арасында  инвестицияны  ынталандыру  және 

өзара  қорғау  туралы  келісім  жобасына  қол  қоюға 

дайындыққа  қатысты  прогреске  қол  жеткізілгеніне 

қанағаттанушылық білдірді.

4 қараша

Мемлекет  басшысы  белгілі  құқықтанушы-ғалым, 

көрнекті қоғам қайраткері, академик С.З. Зимановтың 

өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен 

туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.


177

Қараша


«Салық Зиманов — отандық заң ғылымының да-

муына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз 

еліміздің  өркендеуіне  өлшеусіз  үлес  қосқан  зиялы 

тұлға еді. Ол кісі шын мәнінде кісілік пен даналықтың 

үлгісіндей, әділдіктің таразысындай абыз ақсақалымыз 

болатын. Адамгершілік қасиеттері мол, жаны жайсаң, 

жүрегі кіршіксіз, абзал азаматтың елге сіңірген еңбегі 

мен  жарқын  дидарын  халқымыз  әрдайым  жүрегінде 

сақтайды деп сенемін. Оның ғылымдағы мол мұрасы 

мен ғибратты ғұмыры кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс. 

Марқұмның  топырағы  торқа,  жаны  жаннатта  бол-

сын», — делінген жеделхатта.

5 қараша

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласындағы  «нұр 

Астана»  мешітінде  болып,  Қазақстанның  барша 

мұсылман  қауымын  Құрбан  айт  мейрамымен 

құттықтады.

«Қымбатты  отандастар!  Баршаңызды  ұлық  ме-

реке  —  Құрбан  айт  мейрамымен  шын  жүректен 

құттықтаймын!  Биыл  еліміздің  тәуелсіздігінің 

20  жылдығымен  орайлас  келген  мүбәрак  мерекенің 

орны бөлек. Бұл — елдің береке-бірлігін бекемдейтін, 

қанағат  пен  қайырымдылықты  арттыратын  мейрам. 

Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа 

адалдық пен сертке беріктікке шақырады.

...Ислам  діні  барлық  істе  салиқалылық 

пен  сабырлылыққа  үндейді.  Адамзаттың  ізгі 

құндылықтарын  уағыздайтын  ата  дініміз  шектен 

шығуға, өзгеге қиянат жасауға жол бермейді. Ұлысты 

ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз өз ұлттық 

дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып 

келеді.


Ендеше,  Алла  тағала  баршамыздың  айттан  айтқа 

аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, 

жүзімізді  жарқын  етсін.  Еліміз  аман,  жұртымыз  ты-

ныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

Құрбан  айт  мүбәрак  болсын!»,  —  деп  тіледі  Пре-

зидент. 


9 қараша

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласының  әкімі 

И.н.  тасмағанбетовті  қабылдады.  Ол  елдің 

2011  жылдағы  әлеуметтік-экономикалық  дамуының 

қорытындысы  туралы  есеп  берді,  қаладағы  жаңа 


178

Қараша


нысандарды  пайдалануға  енгізу,  елорданың  жылыту 

маусымына  дайындық  деңгейі  және  Қазақстан 

Республикасы  тәуелсіздігінің  20  жылдығын  тойлауға 

дайындық барысы туралы хабардар етті. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Премьер-министрінің  бірінші  орынбасары 

Ө.Е.  Шөкеевті  және  Ауыл  шаруашылығы  министрі 

А.С.  Мамытбековті  қабылдады.  Олар  Қазақстанның 

агроөнеркәсіп  кешенінің  2011  жылға  арналған 

қызметінің  нәтижелері,  жиын-терін  науқанының 

қорытындысы,  сондай-ақ  Агроөнеркәсіп  кешені 

қызметкерлерінің республикалық форумына даярлық 

барысы туралы баяндады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  Америка  Құрама  Штаттарының  Үкіметі 

арасындағы  Ауғанстан  Ислам  Республикасының 

тұрақтылығы  және  қайта  қалпына  келтіру  жөніндегі 

іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына 

байланысты  Қазақстан  Республикасының  аумағы 

арқылы  арнайы  жүктің  коммерциялық  теміржол 

транзитін  қамтамасыз  ету  туралы  келісімге  өзгеріс 

енгізу  туралы  хаттаманы  ратификациялау  тура-

лы»  №488-ІV,  «2007  жылғы  6  қазандағы  Кеден 

одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификация-

лау туралы» №489-ІV, «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін 

жетілдіру  және  қылмыстық  заңнаманы  одан  әрі 

ізгілендіру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» №490-ІV заңдарына қол 

қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы 



Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды 

деп тану және «Қазақстан Республикасының Ұлттық 

қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» 

туралы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

1999  жылғы  10  желтоқсандағы  №282  Жарлығына 

өзгерістер  енгізу  туралы»  №169,  «Қазақстан 

Республикасының  валютасын  қолданудың  кейбір 

мәселелері  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2001  жылғы  7  ақпандағы  №549 


179

Қараша


Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №170, «Қазақстан 

Республикасы  мен  Вьетнам  Социалистік  Республи-

касы  арасындағы  азаматтық  істер  бойынша  өзара 

құқықтық  көмек  туралы  келісімге  қол  қою  туралы» 

№171 жарлықтарына қол қойды.

10 қараша

Мемлекет 

«Қазақстан 

Республикасының 

тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау 

туралы» №172 Жарлығына қол қойды. 

11 қараша

Мемлекет 

басшысы 


Астана 

қаласындағы 

«Қазақстан»  орталық  концерт  залында  өткен 

Агроөнеркәсіп 

кешені 

қызметкерлерінің 



республикалық форумына қатысты.

Форум  жұмысы  басталмас  бұрын  Президент 

ауыл  шаруашылығының  әртүрлі  саласындағы 

серпінді  жобалар,  аграрлық  ғылым  мен  «ҚазАгро» 

ұлттық  басқарушы  холдингінің  даму  институтының 

жетістіктері  қойылған  агроөнеркәсіп  кешені  қол 

жеткізген жетістіктер көрмесімен танысты. 

н.Ә.  назарбаев  форумда  сөйлеген  сөзінде 

инновациялық  әдістерді  енгізуге,  еңбек  өнімділігін 

және  саланың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға 

бағытталған  бірқатар  бастамаларды  атап  өтті 

(Қосымшаны қараңыз).

Форум  аяқталған  соң  Президент  агроөнеркәсіп 

кешенінің  қызметкерлеріне  мемлекеттік  наградалар-

ды  табыс  етті.  Біздің  Отанымызды  экономикалық, 

әлеуметтік-гуманитарлық  дамытудағы  аса  үздік 

жетістіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы — 

Қостанай  облысындағы  «Заречное»  ЖШС  дирек-

торы  В.И.  Двуреченскийге,  Ақмола  облысындағы 

«Қазэкспортастық агрофирмасы» ЖШС бас директоры 

Ә.А. Кенжебаевқа, Солтүстік Қазақстан облысындағы 

«тайынша-Астық» ЖШС бас директоры Р.Ж. Молдабе-

ковке табыс етілді. 

 

«Қазақстанның  Еңбек  Ері»  атағы  —  Қазақстан 



Республикасының ең жоғарғы дәрежелік ерекшелік 

белгісі. 

2008 

жылы 


тағайындалған. 

Ол 


экономикалық,  әлеуметтік-гуманитарлық  дамытудағы  аса 

үздік жетістіктері үшін тағайындалады. Бұл атаққа лайықты 

деп  танылғандарға  Алтын  жұлдыз  (1-сурет)  және  «Отан» 

ордені (2-сурет) беріледі. 

2

1


180

Қараша


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

мемлекеттік  наградаларымен  марапаттау  туралы» 

№173 Жарлығына қол қойды.

14 қараша

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Мәдениет  министрі  М.  Құл-Мұхаммедті  қабылдады. 

Ол  «Мәдени  мұра»  бағдарламасын,  тілдерді  дамы-

ту  мен  қолданудың  2011–2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасын,  Қазақстан  Республика-

сы  тәуелсіздігінің  20  жылдығын  мерекелеуді  өткізу 

жөніндегі  мемлекеттік  комиссияның  жалпыұлттық 

жоспарын, облыстардың мәдениет күндерін және өзге 

де министрлік қызметінің басым бағыттарын іске асы-

ру барысынан хабардар етті.

Мемлекет  басшысы  министрлік  үлкен  жұмыстар 

жасап  жатқанына  тоқталды,  сонымен  бірге  Пре-

зидент  шығармашылық  одақтармен,  зиялы  қауым 

өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізу қажеттігін, олардың 

елімізде  атқарылып  жатқан  шаруалардан  сырт 

қалмауы тиістігін атап өтті. 

н.Ә.  назарбаев  министрлікке  тарихи  және 

мәдени  мұраларды  сақтау,  ел  тәуелсіздігінің  елеулі 

жетістіктерін ашып көрсету сияқты ауқымды мәселелер 

бойынша  зиялы  қауыммен  және  шығармашылық 

одақтарымен жұмысты жандандыруды тапсырды. 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Қаржы  министрлігінің  Қаржылық  мониторинг 

комитетінің төрағасы М.С. Өтебаевты қабылдады. Ол 

қаржылық мониторинг жүйесін қалыптастыру мен да-

мыту, заңсыз жолмен алынған кірістерді (заңсыз жол-

мен табылған ақшаны) заңдастыруға және терроризм 

мен  экстремизмді  қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл 

саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы 

хабардар етті.

Президент  Қазақстанның  қаржылық  мониторинг 

жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру 

жөнінде тапсырма берді.

Мемлекет  басшысы  діни  экстремизм  және  терро-

ризммен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 


181

Қараша


Кеңес  жұмысына  Қазақстан  Республикасының 

Премьер-министрі К.Қ. Мәсімов, Мемлекеттік хатшы-

сы Қ.Б. Саудабаев, Президенті Әкімшілігінің Басшысы 

А.Е. Мусин, Жоғарғы сотының төрағасы Б.А. Бекназа-

ров, Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің 

хатшысы М.М. тәжин, Бас прокуроры А.Қ. Дауылбаев, 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы н.Ә. Әбіқаев, 

«Сырбар»  сыртқы  барлау  қызметінің  директоры 

А.Қ. Жанқұлиев, Қорғаныс министрі Ә.Р. Жақсыбеков, 

Ішкі  істер  министрі  Қ.н.  Қасымов,  Әділет  министрі 

Р.т. түсіпбеков қатысты.

Кеңесті  аша  отырып,  Президент  өткен  сенбі  күні 

тараз  қаласында  бірқатар  ерекше  ауыр  қылмыстар 

жасалғанын  атап  өтті.  Қылмыскер  құқық  қорғау 

органдарының  қызметкерлеріне  қарулы  шабуыл  жа-

сады,  соның  салдарынан  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің екі қызметкері, үш по-

лиция қызметкері және екі азамат қайтыс болды.

н.Ә.  назарбаев  қаза  болғандардың  отбасыла-

ры  мен  туыс-туғандарының  қайғысына  ортақтасып, 

шын жүректен көңіл айтып, Ішкі істер министрлігіне, 

облыстағы  жергілікті  атқарушы  органдарға  қаза 

болғандардың отбасылары мен балалары үшін қажетті 

нәрсенің  бәрін  жасап,  оларға  жан-жақты  көмек 

көрсетуді тапсырды. 

Кеңесте  құқық  қорғау  органдары  басшыларының 

есептері тыңдалды.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшы-

сы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республика-

сы  ақпараттық  қауіпсіздігінің  2016  жылға  дейінгі 

тұжырымдамасы  туралы»  №174  Жарлығына  қол 

қойды.

15 қараша



Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Жоғарғы  сотының  төрағасы  Б.А.  Бекназаровты 

қабылдады.  Ол  ағымдағы  жылдың  10  айында  сот 

төрелігін  жүзеге  асырудың  нәтижелері,  сот  жүйесін 

нығайту  жөніндегі  шаралар,  экономикалық  соттар 

жұмысы, сондай-ақ Қазақстанда сот ісін жүргізуді да-

мыту  мәселесіндегі  халықаралық  ынтымақтастық  ту-

ралы баяндады.



182

Қараша


Сонымен  бірге  Б.А.  Бекназаров  барлық  облыс 

орталықтарында  жеткіншектердің  істері  бойынша 

соттардың құрылуы туралы хабардар етті. Бұл құқық 

тәртібін бұзған жеткіншектерді қайта тәрбиелеу және 

түзету үдерісіне оң ықпалын тигізіп, соттардың қызметі 

сот  шешімінің  анағұрлым  дәлелді  қабылдануына 

мүмкіндік туғызатын болады. 

Мемлекет басшысы Жоғарғы соттың және барлық 

сот  төрелігі  жүйесі  жұмысының  тиімділігін  артты-

ру  мәселелері  жөнінде  бірқатар  нақты  тапсырмалар 

берді.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 



Премьер-министрі  К.Қ.  Мәсімовпен,  Парламенті 

Сенатының  төрағасы  Қ.А.  Мәмимен,  Парламенті 

Мәжілісінің 

төрағасы 

О.Б. 

Мұхамеджановпен 



және  Президенті  Әкімшілігінің  Басшысы  А.Е.  Му-

синмен  Президенттің  атына  келіп  түскен  Мәжіліс 

депутаттарының 

Қазақстан 

Республикасы 

Парламентінің  Мәжілісін  тарату  және  кезектен  тыс 

сайлауын  өткізу  туралы  үндеуіне  байланысты  кеңес 

өткізді.


Мемлекет басшысы депутаттар өз үндеуін бірнеше 

факторларға  негіздегенін  атап  өтті.  Біріншіден, 

Конституцияға  енгізілген  өзгерістерге  сәйкес 

Мәжілісте  кемінде  екі  саяси  партия  болуы  тиіс. 

Бұл  үшін  саяси  жүйеде  реформа  жүргізілді.  Алғаш 

рет  Орталық  Азияда  депутаттарды  партиялық  тізім 

бойынша  сайлау  енгізілді.  Президент  Қазақстан 

саясатының  дамуында  демократиялық  вектор 

дәйектілікпен  іске  асырылуы  керектігіне  тоқталды. 

Екіншіден, Қазақстан 2008–2009 жылдары күрделі 

әлемдік  дағдарыстың  әсерін  бастан  кешірді.  Елдер 

мен күллі әлем одан енді ғана шығып келеді, ал бұл 

кезде  әлемдік  экономика  әлі  де  күшті  құбылмалы 

күйде қалып отыр.

н.Ә. назарбаев қоғам көппартиялық Парламентті 

қажет етіп отырғанын атап өтті. Парламенттің жаңаруы 

елде  жүргізіліп  жатқан  ауқымды  жаңғыртулар 

үшін  қажет.  Бұдан  басқа,  егер  келесі  дағдарыс  сай-

лау  науқанына  сәйкес  келетін  болса,  онда  ел 

басшылығының, Үкіметтің және бұл мәселе бойынша 

өңірлердің жұмысы қиындайды. 

«Аталған  мәселе  бойынша  сіздердің  ұстанымда-

рыңызды  ескере  отырып,  мен  Мәжілісті  тарату 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет