Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет17/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44

және  сайлау  өткізу  туралы  тиісті  жарлық  жобасын 

қарастырамын», — деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

Ұлттық  қорынан  2012-2014  жылдарға  арналған 

кепілдендірілген  трансферт  туралы»  №491-ІV, 

«Қазақстан  Республикасы  мен  Біріккен  Араб 

Әмірліктері  арасындағы  Қылмыстық  істер  бой-

ынша  өзара  құқықтық  көмек  көрсету  тура-

лы  келісімді  ратификациялау  туралы»  №492-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Қырғыз 

Республикасының  Үкіметі  арасындағы  өтеусіз 

әскери-техникалық  көмек  көрсету  туралы  келісімді 

ратификациялау  туралы»  №493-ІV  заңдарына  қол 

қойды.


16 қараша

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласындағы  Бейбіт-

шілік және келісім сарайында Ақмола, Ақтөбе облы-

стары  мен  Алматы  қаласының  Мәдениет  күндерінің 

ашылу рәсіміне қатысты. 

Президент  аталған  облыстардың  қол  жеткізген 

жетістіктеріне  арналған  көрмесімен  танысып, 

үш  облыстың  әртістері  мен  шығармашылық 

ұжымдарының  қатысуымен  өткен  Гала-концертті  та-

машалады. 

Мемлекет  басшысы  «төртінші  шақырылған 

Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Мәжілісін 

тарату  және  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 

Мәжілісі  депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауын 

тағайындау туралы» №175 Жарлығына қол қойды.

17 қараша

Мемлекет  басшысы  Францияда  ауыр  атлети-

кадан  өткен  әлем  чемпионатында  тамаша  жеңіске 

қол  жеткізген  қазақстандық  спортшы  И.А.  Ильинге 

құттықтау жеделхатын жолдады.

«Сіз өз жеңімпаздарын, туған елін мақтан тұтатын 

миллиондаған  отандастарымыздың  үмітін  тағы  бір 

мәрте  ақтадыңыз.  Қазақстанның  спорт  державасы 

ретіндегі  мәртебесі  тағы  бір  рет  дәлелденіп,  беделді 



184

Қараша


әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреді, әнұранымыз 

шырқалды.  Сіздің  жеңісіңіз  бүкіл  қазақстандықтарға 

тәуелсіздік  мерейтойы  қарсаңындағы  тамаша  тарту 

болды.  Жеңіске  деген  Сіздің  ерік-жігеріңіз,  қайсар 

рухыңыз  бен  қажыр-қайратыңыз,  шеберлігіңіз  бен 

табандылығыңыз барша қазақстандық спортшыларға 

үлгі-өнеге болады деп сенемін. Спортта жаңа биіктерге 

жете  беруіңізге  тілектеспін!»,  —  делінген  құттықтау 

жеделхатында.

Мемлекет  басшысы  Францияда  ауыр  атлетика-

дан  өткен  әлем  чемпионатында  тамаша  жеңіске  қол 

жеткізген  қазақстандық  спортшы  З.  Чиншанлоға 

құттықтау жеделхатын жолдады.

«Францияда  ауыр  атлетикадан  өткен  әлем  чем-

пионатында  қол  жеткізген  тамаша  жеңісіңізбен  шын 

жүректен  құттықтаймын!  Жеңістің  жолы  оңай  бол-

маса  да,  Сіз  қазақстандықтардың  үмітін  ақтадыңыз, 

біздің  құрамаға  алғашқы  алтын  медальді  алып  бере 

отырып,  әлем  рекордын  жаңарттыңыз.  Бұл  Сіздің 

кәсіби шеберлігіңіз бен жеңіске деген айрықша ерік-

жігеріңіздің  нәтижесі  екені  сөзсіз.  Сіздің  жетістігіңіз 

тәуелсіздігіміздің  20  жылындағы  Қазақстанның  то-

лайым  табыстарына  қосылған  қомақты  үлес  бол-

ды  әрі  елімізде  ауыр  атлетиканың  дамуына  жақсы 

серпін  берді.  Алтын  медальді  иеленіп  қана  қоймай, 

Сіз,  спорттық  кәсіби  өміріңізге  жаңа  да  жарқын 

жол  аштыңыз.  Алдағы  уақытта  да  осындай  жеңістер 

биігінен  көріне  беретініңізге  сенемін.  Сізге  бұдан 

да  зор  спорттық  табыстар  мен  ізгі  жақсылықтар 

тілеймін!», — делінген құттықтау жеделхатында.

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  2011  жылдың 

18 қарашасында өтетін Қазақстан, Ресей және Бела-

русь  елдерінің  Жоғарғы  Еуразиялық  экономикалық 

кеңесінің  бірінші  отырысына  қатысу  үшін  Ресей 

Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына келді. 

Мемлекет  басшысы  «Ғылым  мен  техни-

ка  саласындағы  Қазақстан  Республикасының 

2011  жылғы  мемлекеттік  сыйлығын  беру  туралы» 

№176 Жарлығына қол қойды.


185

Қараша


18 қараша

Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының 

астанасы  Мәскеу  қаласында  өткен  Қазақстан,  Ре-

сей  және  Беларусь  елдерінің  Жоғарғы  Еуразиялық 

экономикалық кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Отырыста  Бірыңғай  экономикалық  кеңістік  (БЭК) 

туралы  халықаралық  шартының  2012  жылдың 

1 қаңтарында күшіне енуіне байланысты Еуразиялық 

кеңістіктегі  интеграцияның  көкейкесті  мәселелерін 

талқылады. Кездесу барысында ықпалдасудың келесі 

сатысына  көшу  жөніндегі  біріккен  жұмыстарға  — 

Еуразиялық  экономикалық  одаққа,  сондай-ақ 

ықпалдасу  үдерістеріндегі  ұлтаралық  органдардың 

басқаруын  жетілдіру  мәселелеріне  ерекше  назар  ау-

дарылды.

Кездесудің  қорытындысы  бойынша  Еуразия 

экономикалық ықпалдастығы туралы декларация, Еу-

разия  экономикалық  комиссиясы  туралы  шарт  және 

оның жұмыс регламенті қабылданды.

Саммиттің  қорытындысы  бойынша  өткізілген 

баспасөз мәслихатында н.Ә. назарбаев 2012 жылғы 

1  қаңтарда  17  үшжақты  келісім  күшіне  енетінін 

айтты.  Олар  Бірыңғай  экономикалық  кеңістіктің 

нормативтік-құқықтық  базасын  қалыптастырады 

және  Еуразиялық  ықпалдасудың  сапалы  жаңа 

кезеңін анықтайды. БЭК аясында қызметтердің, ка-

питал мен жұмыс күшінің ортақ рыногын құру үшін 

жағдай жасалатын болады. Барлық отандық компа-

ниялар  БЭК-ке  мүше  мемлекеттердің  табиғи  моно-

полиялары мен көлік инфрақұрылымы қызметтеріне 

тең  қолжетімділікке  ие  болады.  Олар  мемлекеттік 

сатып  алу  бойынша  өтетін  тендерлерге  қатысу 

үшін  БЭК-ке  мүше  кез  келген  елдердің  жергілікті 

кәсіпкерлерімен  тең,  бірыңғай  бәсекелестік 

жағдайда болады.

Қазақстан  Президенті  мүдделі  елдердің  Кеден 

одағын дамыту және Бірыңғай экономикалық кеңістікті 

құру  жөніндегі  мақсатты  жұмыстарды  жалғастыруға 

ниетті екендігін атап өтті.

Мемлекет  басшылары  кездесуден  кейін  «Федера-

ция мұнарасы» қаржы орталығын аралап көрді.

Күн  соңында  Мемлекет  басшысы  Ресей 

Федерациясының Президенті Д.А. Медведевпен бірге 


186

Қараша


Мәскеу  қаласының  қайта  қалпына  келтірілген  Үлкен 

театрының ғимаратында өткен «Ұйқыдағы ару» балетін 

тамашалады. 

21 қараша

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында жұмыс 

сапарымен болды. 

Президент  жаңа  теннис  орталығының  ашылу 

рәсіміне  қатысып,  жаңа  корттың  сапасын  өзі  сы-

нап  көрді  және  Қарағандының  жас  теннисшілеріне 

үлкен  теннис  бойынша  шеберлік  сыныбын  көрсетті, 

жас  спортшылармен  әңгімелесіп,  оларға  сыйлықтар 

тапсырды.  Одан  соң  қазақстандық  және  ресейлік 

спортшылардың  қатысуымен  музыкалық  көрсетілім 

өткен Қалалық бокс орталығы мен жаңа Мұз айдыны 

сарайында болды. 

н.Ә.  назарбаев  сондай-ақ  қаланың  4  мың 

адамға  арналған  жаңа  мешітінде  болып,  жұртшылық 

өкілдерімен әңгімелесті. 

түстен  кейін  Мемлекет  басшысы  теміртау 

қаласында болып, «АрселорМиттал теміртау» АҚ МК 

№2 жаңа домна пешін іске қосу және МК №3 жаңа 

үздіксіз  құйма  шығаратын  машинасын  іске  қосу 

рәсімдеріне қатысты. 

Мемлекет  басшысы  «Көпжақты  сауда  жүйесі 

шеңберінде  Кеден  одағының  жұмыс  істеуі  туралы 

шартты  ратификациялау  туралы»  №494-ІV  Заңына 

қол қойды.

22 қараша

Мемлекет  басшысы  Қарағанды  облысына  жұмыс 

сапары  барысында  «ҚазАвиаСпектр»  ЖШС-ның 

«Сұңқар» авиациялық зауытында болды. 

Зауыттың  өндірістік  қуатын  қарап  шығып,  Пре-

зидент  өңірлік  инвестициялық  және  әлеуметтік  жо-

баларын  іске  асыру  барысымен  танысты  және 

бірқатар  жаңа  өндірісті  іске  қосты.  Олардың 

қатарында:  «Қарағанды  ЖЭО-3  №5  турбогене-

раторы»,  «Қарағанды  Энергоорталығы»  ЖШС, 

«Шұбаркөл  Көмір»  АҚ  «Электротехнологиялық  ке-



187

Қараша


шен  өндірісін  ұйымдастыру»,  «LAN  локальды  жүйесі 

үшін телекоммуникациялық кабель өндірісі» «Кэлсис» 

ЖШС, «К. Маркс атындағы құс фабрикасы» ЖШС «Құс 

фабрикасын  жаңғырту  және  дамыту»,  «Кеңдала-2» 

шағын  ауданындағы  балабақша  құрылысы  алаңы» 

бар. 


Одан  соң  н.Ә.  назарбаев  орталық  элементі 

тәуелсіздік  монументі  болып  табылатын  Қарағанды 

қаласындағы  қайта  жөндеуден  өткен  алаңды  қарап 

шықты. 


23 қараша

Мемлекет  басшысы  Ұлыбритания  және  Солтүстік 

Ирландия  Құрама  Корольдігінің  бұрынғы  Премьер-

министрі т. Блэрді қабылдады. 

Кездесу  барысында  Қазақстан  экономикасын 

жаңғыртудың  ауқымды  бағдарламасын  әзірлеу 

мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі кең 

көлемді  мәселелер,  атап  айтқанда  Еуропалық  Одақ 

пен таяу Шығыстағы жағдайлар талқыланды.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Парламенті  Сенатының  депутаттарын  тағайындау 

туралы»  №178,  «И.  Адырбеков  туралы»  №179, 

«А.Б.  тасболатов  туралы»  №180  жарлықтарына  қол 

қойды.


24 қараша

Мемлекет басшысы Украинаның Премьер-министрі 

н.Я. Азаровты қабылдады. 

Кездесу 


барысында 

екіжақты 

қарым-

қатынастардың  кең  көлемді  мәселелері,  атап 



айтқанда, инвестиция және сауда-қаржы саласындағы 

ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  уәкілетті  органдардың 

мемлекеттік  және  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі 

құзыретінің аражігін ажырату және бюджет процесін 

жетілдіру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №495-ІV,  «2012–2014 



188

Қараша


жылдарға  арналған  республикалық  бюджет  туралы» 

№496-ІV заңдарына қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Сарыарқа»  арнайы 

экономикалық  аймағын  құру  туралы»  №181 

Жарлығына қол қойды.

25 қараша

Мемлекет 

басшысы 


Астана 

қаласындағы 

тәуелсіздік 

сарайында 

өткен 

«нұр 


Отан» 

Халықтық-демократиялық  партиясының  XIV  съезіне 

төрағалық етті.

Партиялық  форум  600-ге  жуық  делегаттар  мен 

2 мыңнан астам қонақтардың басын қосты, олардың 

қатарында  —  мемлекеттік  басқару  органдарының, 

ұлттық  холдингтердің  жетекшілері,  жұртшылық 

өкілдері,  мәдениет  және  спорт  қайраткерлері, 

дипломатиялық корпустың, үкіметтік емес және жастар 

ұйымдарының,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

өкілдері болды. 

Съезде  «Қазақстан.  Мақсаттар  –  2017»  атты 

партияның  ұлттық  іс-қимылының  сайлауалды 

тұғырнамасының  жобасы  талқыланды,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 

депутаттарының сайлауына арналған партиялық тізім 

бекітілді.

Президент өз сөзінде бүгінгі съездің тәуелсіздіктің 

20 жылдық мерекесі қарсаңында өтіп отырғандығын 

атап  өтті.  Ең  алдымен,  тәуелсіздіктің  жасампаз 

20  жылдығы  елдігімізді  орнықтыру  жолындағы 

алғашқы кезеңнің мерейлі қорытындысы болды. Оның 

соңғы  бес  жылы  табысты  қазақстандық  жол  үшін 

шешуші кезеңге айналды. Дәл осы жылдар Қазақстан 

халқы  бірлігінің  мықтылығын,  оның  тұтастығының 

беріктігін көрсетті. Екіншіден, «Қазақстан. Мақсаттар – 

2017»  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  алдағы  болатын 

Мәжіліске  сайлауда  партияның  тұғырнамасы  ретінде 

бекітіледі», — деп атап өтті.

н.Ә.  назарбаев  «нұр  Отан»  партиясының  2007 

жылғы сайлаудағы халықтық тұғырнамасы мерзімінен 

бұрын  орындалғанын  атап  өтті.  Бес  жылға  тол-

майтын  уақыт  ішінде  Қазақстан  экономикасының 

көлемі  2  есеге  дейін  артты.  Қазақстан  әлем  елдері 

арасында  көш  бастаған  20-лықтың  қатарына  еніп, 

шетел  инвестициясының  едәуір  көп  бөлігін  тарт-



189

Қараша


ты.  Жұмыссыздық  деңгейі  7%-дан  5,4%-ға  дейін 

төмендеді.  Еліміз  халықтың  әл-ауқатының  жаһандық 

рейтингісі  бойынша  әлем  елдерінің  алғашқы  50-інің 

қатарына енді. Қазіргі кезде халықаралық сарапшы-

лар  Қазақстанды  әлемдегі  экономикасы  қарқынды 

дамушы  елдер  қатарына  қосып  отыр  (Қосымшаны 

қараңыз).

Мемлекет  басшысы  «Еуразиялық  экономикалық 

қоғамдастықта  агроөнеркәсіптік  кешендерде  пай-

даланылатын  ауыл  шаруашылығы  техникасының, 

машиналардың,  механизмдердің,  жабдықтар  мен 

көлік  құралдарының  халықаралық  лизингін  дамыту 

туралы келісімді ратификациялау туралы» №497-ІV, 

«Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Есірткі 

құралдарының,  психотроптық  заттар  мен  олардың 

прекурсорларының  заңсыз  айналымына  қарсы 

күрес  жөніндегі  Орталық  Азия  өңірлік  ақпараттық 

үйлестіру  орталығы  арасындағы  Алматы  қаласында 

Орталықтың  орналасу  шарттары  туралы  келісімді 

ратификациялау  туралы»  №498-ІV  заңдарына  қол 

қойды.

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республика-



сы  Президентінің  кейбір  жарлықтарына  өзгерістер 

мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  №182қбпү, 

«Қазақстан  Республикасы  соттарының  төрағаларын, 

сот  алқаларының  төрағалары  мен  судьяларын 

қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» 

№183,  «Көп  балалы  аналарды  «Алтын  алқа»  және 

«Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы» №184 

жарлықтарына қол қойды.

28 қараша

Мемлекет  басшысы  «2002  жылғы  7  қазандағы 

Ұжымдық  қауіпсіздік  туралы  шарт  ұйымының 

Жарғысына  өзгерістер  енгізу  туралы  хаттаманы  ра-

тификациялау  туралы»  №499-ІV,  «Азиядағы  өзара 

іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес 

Хатшылығының,  оның  персоналының  және  Кеңеске 

мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен 

иммунитеттері  туралы  конвенцияны  ратификация-

лау  туралы»  №500-ІV,  «1992  жылғы  15  мамырдағы 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа өзгерістер енгізу 


190

Қараша


туралы хаттаманы ратификациялау туралы» №501-ІV 

заңдарына қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасы-

ның  мемлекеттік  наградаларымен  марапаттау  тура-

лы» №185 Жарлығына қол қойды.

29 қараша

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «Ақорда» 

алаңына орнатылған еліміздің бас жаңа жылдық шыр-

шасын жағу рәсіміне қатысты.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары ал-

дында сөйлеген сөзінде, Президент Ақорда алдындағы 

Қазақстанның басты алаңында жаңа жылдық шырша-

ны  жағу  рәсімі  жылдағы  дәстүрге  айналғанын  атап 

өтті.  Осы  сәттен  бастап  барлық  елде  жаңа  жылдық 

шыршалар жағылуда.

н.Ә.  назарбаев  барша  қазақстандықтарға  жаңа 

табыстар, зор денсаулық, бақыт және игілік тіледі.

Мемлекет  басшысы  2011  жылғы  шахматтан  ба-

лалар  арасындағы  әлем  чемпионатында  алтын 

медальді  жеңіп  алған  жас  қазақстандық  шахматшы 

Ж. Әбдімәлікке құттықтау жеделхатын жолдады. 

«Сені  Бразилиядағы  әлемдік  шахмат  турниріндегі 

жарқын  жеңісіңмен  құттықтаймын!  Сен  жоғары 

деңгейде  ойын  өрнегін  көрсетіп,  алтын  медаль 

иелене отырып, төрт мәрте әлем чемпионы атандың. 

Бұл  сенің  талантыңның,  еңбегің  мен  жеңіске  деген 

ерік-жігеріңнің  нәтижесі.  Сенің  орасан  табысың 

Қазақстанның  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  ерекше 

сыйлық болды. Сенің жетістігің жас қазақстандықтар 

үшін  үлкен  үлгі-өнеге  болатынына  сенемін»,  — 

делінген құттықтау жеделхатында.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа, 

террористік  және  экстремистік  қызметке  қарсы 

іс-қимыл  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар  енгізу  туралы»  №502-ІV,  «Қазақстан 

Республикасы  мен  Азия  даму  банкі  арасындағы 

Қарыз  туралы  келісімді  (Жай  операциялар)  (ОАӨЭЫ 

1  көлік  дәлізі  [Жамбыл  облысындағы  жол  учаскесі] 


191

Қараша


[Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай  халықаралық  транзит 

дәлізі] Инвестициялық бағдарлама – 4-жоба) ратифи-

кациялау туралы» №503-ІV заңдарына қол қойды.

Президент  сондай-ақ  «Павлодар»  арнайы 

экономикалық  аймағын  құру  туралы»  №186, 

«Қорғас  —  Шығыс  қақпасы»  арнайы  экономикалық 

аймағын  құру  туралы»  №187  жарлықтарына  қол 

қойды.


30 қараша

Мемлекет  басшысы  Халықаралық  көрмелер 

бюросының  бас  хатшысы  В.Г.  Лоссерталесті 

қабылдады.

Кездесу  барысында  қазақстандық  тарап  пен 

Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы өзара іс-

қимылдың перспективасы, сондай-ақ Астанада «Экс-

по-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін 

өткізу мүмкіндіктері талқыланды. 

 

Дүниежүзілік  көрме  немесе  Экспо  (Expo)  — 



индустрияландырудың  нышаны  және  техникалық, 

технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң 

болып табылатын халықаралық көрме.

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасының 

Бас  прокуроры  А.Қ.  Дауылбаевты  қабылдады.  Ол 

елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, тер-

роризм мен экстремизм, сыбайлас жемқорлық және 

бюджет қаражаттарын ұрлау фактілері бойынша өзекті 

қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабардар 

етті.


Бас прокурор сондай-ақ объективті құқықтық ста-

тистиканы қамтамасыз ету, азаматтардың әлеуметтік 

құқықтарын және мемлекеттің сыртқы экономикалық 

саладағы  мүдделерін  қорғау  бойынша  жүргізіліп 

отырған  жұмыстар  туралы  баяндады  және  елдегі 

криминогендік  жағдай  тұрақты  қалыпта  екенін, 

ауыр  және  аса  ауыр  қылмыстар  қатары  төмендегені 

байқалып отырғанын атап өтті. 

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет бас-

шысы  заңдылық  пен  құқықтық  тәртіпті  қамтамасыз 

ету  жөніндегі  жұмыстарды  жалғастыруды,  сондай-ақ 

азаматтардың,  шағын  және  орта  бизнес  өкілдерінің 

құқықтарын,  мемлекет  пен  қоғамның  мүдделерін 

қорғауды күшейтуді тапсырды.



192

Қараша


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының 

Үкіметі  мен  Сербия  Республикасының  Үкіметі 

арасындағы  Еркін  сауда  туралы  келісімді  ратифика-

циялау туралы» №504-ІV Заңына қол қойды.



желтоқсан

Дс

5



12

19

26



Сс

6

13



20

27

Ср



7

14

21



28

Бс

1



8

15

22



29

Жм

2



9

16

23



30

Сн

3



10

17

24



31

Жк

4



11

18

25



195

Желтоқсан

1 желтоқсан

Мемлекет 

басшысы 

Алматы 


қаласында 

жұмыс  сапарымен  болып,  оның  барысында  ел 

тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап қайта жөндеуден 

өткізілген  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым 

академиясының «Ғылым ордасы» ғимаратында өткен 

Қазақстан ғалымдарының форумына қатысты.

Форум  жұмысы  басталғанға  дейін  Президент 

қазақстандық ғылыми мектептердің ғылыми еңбектері 

қойылған  «тәуелсіз  Қазақстанның  20  жылдығы  — 

ғылымның жаңа стратегиясы» атты кітап көрмесін ара-

лап  көрді.  Сондай-ақ  «Қазақстан  Республикасының 

ғылыми  жетістіктері»  атты  көрмеге  қойылған 

қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерімен 

және инновацияларымен танысты.

Форум  жұмысын  аша  отырып  сөйлеген  сөзінде 

н.Ә.  назарбаев  ғылым  туралы  жаңа  заңның 

қабылдануымен бірге ғылым саласында серпіліс жасау 

мен жаңа сапалы деңгейге — жоғары технологиялар 

мен  инновациялар  әлеміне  өтуге  институционалдық 

негіз құрылғанын атап өтті. Осыған байланысты, Пре-

зидент  атап  өткендей,  қазақстандық  іргелі  ғылымға 

жаһандық  зерттеу  трендтерінің  қатарына  қосылуға 

мүмкіндік беретін және Қазақстан экономикасы мен 

қоғамын  дамытудың  локомотивіне  айналдыратын 

негізгі  бағыттар  мен  тетіктерді  анықтау  маңызды 

(Қосымшаны қараңыз).

Форум  аяқталған  соң  н.Ә.  назарбаев  ғалымдар 

тобына  мемлекеттік  наградаларды  табыс  етті,  оның 

ішінде  М.А.  Айтхожина  атындағы  молекулярлық 

биология  және  биохимия  институтының  директоры 

н.Ә.  Айтхожина  мен  Ұлттық  ғылым  академиясының 

президенті  М.Ж.  Жұрыновқа  III  дәрежелі  «Барыс» 

орденін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі  Ғылым  комитетінің  «Математика  инсти-

туты»  РМК  компьютерлік  модельдеу  бас  ғылыми 

қызметкері И.т. Пакке «Құрмет» орденін тапсырды.

Өз кезегінде, Ұлттық ғылым академиясының аты-

нан  оның  президенті  М.Ж.  Жұрынов  Мемлекет  бас-

шысына «Ғасыр ғұламасы» жоғарғы атағын беру тура-

лы» куәлікті тапсырды. 

 

«Барыс»  ордені  1999  жылы  тағайындалған.  Үш 



дәрежелі. I, II, III дәрежелі «Барыс» орденімен аза-

маттар  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттігі 

мен  егемендігін  нығайту  ісіндегі,  бейбітшілікті,  қоғамның 

топтасуы  мен  Қазақстан  халқының  бірлігін  қамтамасыз 

етудегі, мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени 

1

2



196

Желтоқсан

және  қоғамдық  қызметтегі,  халықтар  арасындағы 

ынтымақтастықты  нығайтудағы,  ұлттық  мәдениеттерді 

жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер 

арасындағы  достық  қатынастарды  нығайтудағы  айрықша 

еңбегі үшін марапатталады. 

I  дәрежелі  «Барыс»  ордені  жұлдыз  (1-сурет)  және  иыққа 

асатын  лентадағы  белгіден  (2-сурет),  II  дәрежелі  «Барыс» 

ордені — төсбелгіден (3-сурет), III дәрежелі «Барыс» ордені — 

мойынға асатын лентадағы белгіден (4-сурет) тұрады. 

«Құрмет»  ордені  (5-сурет)  1993  жылы  тағайындалған. 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет