Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет20/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44

дейін артты.

Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан 

өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5,5 есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге 

көбейді.

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл 

жолына батыл бет бұрдық.


217

Қосымшалар

Алдымызға  ұланғайыр  мақсаттар  қойдық  және  оларға  қысқа  мерзімде  қол 

жеткіздік.

тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары са-

лынды.  Медицина  мекемелерінің  материалдық-техникалық  базасы  айтарлықтай 

жақсарды.

Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында 

келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылда-

ры 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекеме-

лер,  1  117  балабақша  мен  4  185  орталық  ашылды.  Астанада  ғылым  мен  білім 

индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.

Біз  осылайша  аз  жылда  абыройы  артқан  айдынды  елге,  қуатты  ұлтқа 

айналдық.

Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жа-

салуда.


1.  Жеделдетілген  экономикалық  жаңғырту  —  Үдемелі  инновациялық 

индустрияландыру бағдарламасының жалғасы

Біз тәуелсіздіктің 20-шы жылына аяқ бастық.

1991  жылдың  желтоқсанында,  өзіміздің  стратегиялық  мақсатымыз  ретінде 

орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына 

жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.

Біз кеуделі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік.

Ел ілгерілеуінің шоғырланған көрсеткішін ғана келтірейін.

1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 700 доллардан сәл ғана 

асатын.


2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың 

АҚШ долларынан асып түсті.

Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.

Әлемдік  тәжірибе  тәуелсіздіктің  алғашқы  20  жылында  мұндай  нәтижеге 

ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы 20 жылында жан басына шаққандағы ішкі 

жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда — 2 есе, Сингапурда — 4 есе, 

Венгрияда — 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010  жылдың  қаңтарында  ел  халқына  Жолдауымда  мен  Индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары 

бар.


Біз  152  кәсіпорынды  іске  қостық,  24  мыңға  жуық  қазақстандықты  тұрақты 

жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша барлығы 800 жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту 

үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 трлн. теңгені құрайтын 294 инвестициялық 

жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есептелген 

жұмыс орны құрылады.


218

Қосымшалар

Алғашқы  индустриялық  бесжылдықтың  алғашқы  жылының  басты 

қорытындысы  —  экономиканың  нақтылы  секторының  есебінен  экономикалық 

өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.

таяу онжылдықтағы Стратегиялық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып 

өтейін.

2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.



Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30% болады.

Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған 

жетеді.

Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30% құрайды.



Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік 

инвестиция кемінде 30%-ға артады.

Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40% құрайды.

Халықтың саны 18 млн. адамға жақындайды.

Білікті мамандардың үлесі 40% құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5%-ға дейін төмендейді.

Ауыл шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 

жылға қарай 4 есе өседі.

Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды бо-

лып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 млн. 

тонна бидай экспортына тең.

Мемлекет бұл мақсатқа 130 млрд. теңгелік несие ресурстарын бөледі.

Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік 

береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі 

малдың  барлық  түрінің  асыл  түліктері  мен  тұқымдарының  бас  санын  көбейтуге 

мүмкіндік береді.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда — ауылшаруашылық мәшине жасауда, 

химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті 

ұлғайтуға қозғау салады.

Үкімет,  барлық  өңірлердің  әкімдері  селодағы  индустрияландырудың  осынау 

маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.

Біздің  экономикамыздың  бәсекеге  қабілеттілігі  қуат  шығындарын  азайтуды 

қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек.

Шикізаттық емес секторларды дамыту мақсатында Үкіметке қуат тиімділігінің 

кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.

Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

Үкімет  әкімдермен  бірлесе  отырып  Өңірлерді  дамыту  бағдарламасын  жасап, 

бекітуі керек.

Мұның барлығы — біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.

Біз әлі жол басында тұрмыз.

Егер  жақсырақ,  дәулеттірек  өмір  сүргіміз  келсе,  біз  осы  жұмысты  атқаруға 

тиіспіз.

Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын.

Біз алғаш рет «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заң қабылдадық.

Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі 



219

Қосымшалар

белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жа-

салды.


Құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қабылданды.

Меншікті  қорғаудың  құқықтық  тетіктері  енгізілді,  үлкен  қоғамдық  қауіп 

төндірмейтін қылмыстар бойынша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, 

бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қамауға алуға бала-

ма жазаларды қолданудың аясы кеңейтілді. Осының арқасында биылғы жылдың 

өзінде  ауырлығы  азын-аулақ  және  орташа  қылмыстары  үшін  сотталған  2  мыңға 

жуық адам бостандықтан айыру орындарынан шығарылады.

Құқық қорғау органдары аппараттарының саны 15%-ға қысқартылды. Олардың 

құрылымдары оңтайландырылды.

Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.

Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.

Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.

Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сы-

байлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.

тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық 

деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды 

тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олар дың орынбасарлары бар.

Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жөніндегі 

агенттік  төрайымының,  төтенше  жағдайлар  және  қорғаныс  вице-министрлерінің, 

«Қазақстан  темір  жолы»  компаниясы  басқарма  төрағасының,  «ҚазМұнайГаз», 

«Қазатомөнеркәсіп»  компаниялары  президенттерінің  үстінен  қылмыстық  іс 

қозғалып, жауапкершілікке тартылды.

3 жылдың ішінде біздің еліміз әлемдік антикоррупциялық рейтингтегі көрсеткішін 

бірден 45 сатыға жақсартты.

Осы индекс бойынша біз бүкіл тМД-да үздік позицияда тұрмыз.

Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.

Дүниежүзілік  банктің  2010  жылғы  баяндамасында  Қазақстан  бизнес  мүддесі 

үшін реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған.

Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі әлемдік рейтингте Қазақстан 

183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.

тұтастай  алғанда  мемлекеттік  органдардың  шаруашылық  жүргізуші 

субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.

Өткен  жылы  Қазақстан,  Ресей  мен  Беларусьтің  Кедендік  одағы  жұмысын 

бастады.


2010  жылдың  10  айының  нәтижесінің  өзінде  Ресеймен  және  Беларусьпен 

сауданың көлемі 38%-ға өсті.

Қазақстандық  өнімдердің  Кедендік  одақ  елдеріне  экспорты  52,4%-ға  артты. 

Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25% болды.

Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін 

шешетін өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.

Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік 

қазақстандық өндірушілер үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.

Бұл бәсекеге шыдас беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің 

бизнесімізді ынталандырады.



220

Қосымшалар

2. Әлеуметтік жаңғырту — жаңа әлеуметтік саясат

Біз өзіміздің индустрияландыру және экономиканы технологиялық тұрғыдан да-

мыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық.

Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты — халықтың әл-ауқатын нығайту.

Сондықтан да мен биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше 

назар аударып тұрмын.

Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды — білім беру, денсаулық 

сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім.

Үкіметке  әкімдермен  бірлесе  отырып  биылғы  1  мамырға  дейін  мынандай 

қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни:

жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;

халықты  сапалы  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  бағдарламаларын  жасап, 

қабылдауды тапсырамын.

Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдарының күнбе-күнгі 

мәселелерін шешуге бағытталған.

Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.

Жаңа әлеуметтік саясаттың басты аспектілеріне нақтырақ тоқталып өтпекпін.

2.1. Білім беру.

Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз.

Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды.

Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

Біз  кәсіптік  және  техникалық  білім  берудің  мазмұнын  толық  жаңартпақ 

ниеттеміз.

Бүгінде  дамыған  елдерде  1  млн.  тұрғынға  1-ден  6  жоғары  оқу  орнына  дейін 

келеді.

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.



200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп 

жасап шығарып жатыр.

60 кандидаттың 1-і және 37 доктордың 1-і ғана ғылымға барады.

Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады.

Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.

Біз  университеттік  білім  беру  мен  ғылымды  дамытудың  жаңа  деңгейін  қам-

тамасыз етуге міндеттіміз.

Бүгінде  жаңа  «назарбаев  университеті»  арқауында  нарық  сұранысына 

бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда.

Ол барлық қазақстандық жоо-лар үшін үлгі болуы керек.

Менің тапсырмам бойынша бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектеп-

тер дарынды балаларды үздік жоо-лар үшін дайындаудың негізгі арқауына айна-

латын болады.

Үкіметке мыналарды тапсырамын:

- жоо-лардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру;

- білім берудің сапасын арттыру және қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге 

қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;


221

Қосымшалар

-  техникалық  және  жоғары  білім  берудің  деңгейлері  үшін  бүгінде  тұрғын  үйі 

құрылыс  жинақ  банкі  ипотекалық  құрылыста  жүзеге  асырып  отырғанға  ұқсас 

жинақтау жүйесін әзірлеу.

Қазақстандықтарда  мемлекеттен  пайыздық  бонустар  ала  отырып  балаларын 

оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуға тиіс.

-  бизнес-қауымдастықтар  мен  жұмыс  берушілер  өкілдерін  қатыстыра  отырып 

Кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құру.

Білім  беру  жүйесіндегі  барлық  жұмыс  мынандай  нәтижелерге  қол  жеткізуге 

бағытталуы тиіс.

Мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтылған балалардың үлесі 

2015 жылға қарай 74%, 2020 жылға қарай 100% құрайтын болады.

Менің  тапсырмам  бойынша  қабылданған  «Балапан»  бағдарламасын  жүзеге 

асыру  нәтижесінде  тек  2010  жылы  ғана  35  балабақша,  1534  мини-орталық, 

137 жекеменшік балабақшалар салынды.

Бұрын  жекешелендіріліп  кеткен  мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерді  қайтару 

есебінен 172 балабақша ашылды.

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 30-дан 55%-ға дейін өсті.

2020 жылға қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. 

Ол үшін біз 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде 

200 мектеп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз.

2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50% электронды оқытуды пайдала-

нып, 2020 жылға қарай оның саны 90%-ға дейін артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккреди-

тациялаудан өткен жоо-лар үлесі 30% құрайтын болады.

Инновациялық  қызметті  жүзеге  асыратын  және  ғылыми  зерттеулердің 

нәтижелерін өндіріске енгізетін жобалардың үлесі 5%-ға дейін артады.

Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын 

болады.


Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық 

дамуының негізіне айналуы тиіс.

2.2. Денсаулық сақтау.

Осы жылдар бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет 

нәрсенің бәрін жасадық.

Денсаулық  сақтауды  қаржыландыру  2002  жылғы  ІЖӨ-нің  1,9%  2010  жылы 

3,2%-на дейін ұлғайды.

Бүгінде бүкіл ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі бағыттары 

бойынша операциялар жасалуда.

Жетекші  шетелдік  клиникалармен  байланысы  бар  150  телемедицина 

орталықтары құрылды.

Осыдан 20 жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын.

Жүргізілген жұмыс нәтижесі ретінде бала туудың 25%-ға көбейгенін, адам өлімінің 

11%-ға төмендеп, халықтың табиғи өсімінің 1,7 есе артқанын атап өтуге болады.

2013 жылы Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық 

жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек.


222

Қосымшалар

Халықаралық  бағалаулар  бойынша,  негізгі  науқастар  түрлерімен  ауыратын 

тұрғындардың 5% денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70% ғана пайда-

ланады.

Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-



ақ аурулардың алдын алуға болады.

Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын 

бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу қажет.

Бірінші кезекте, олар балалар, жасөспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер.

Ауыл  тұрғындары  үшін  медициналық  көмектің  қолжетімділігін  кеңейтуге 

айрықша назар аудару қажет.

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба — мамандандырылған емдеу-диагностикалық 

екі «Денсаулық» пойызы жұмысын бастады.

Олар еліміздің ең шалғай түкпірлерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын 

тексеріп, ем жасады.

Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын 

боламыз. Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.

Жұмылғыш  медициналық  кешендер-автоклиникалар  санын  50  бірлікке  дейін 

жеткізу қажет.

Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс.

Үкіметке  2015  жылға  дейін  санитарлық  авиация  мұқтажы  үшін  кемінде 

16 тікұшақ ұйымдастыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Сол  сияқты  жол  бойындағы  медициналық-құтқару  пункттерін  құру  мәселесін 

жеделдете  қарастыруды  да  тапсырамын.  Оларды  республикалық  маңыздағы 

жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.

төтенше  медициналық  жәрдем  қызметі  көп  салалы  жұмылғыш  және 

аэрожұмылғыш госпитальдармен жарақтандырылуы тиіс.

Бұл  шаралардың  біздің  мыңдаған  азаматтарымыздың  өмірін  құтқарып 

қалатынына сенімім мол.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан бола-

тын өлім деңгейін төмендетуге мұқият назар аудару қажет.

Осы міндеттерді орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың 

өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа 

дейін ұлғаятын болады.

Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын 

пайдалану керек.

2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пун-

кттер және емханалар салынатын болады.

2.3. тілдерді дамыту.

Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім — бұл сіздер 

мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар.

Қазақстандықтардың  өзіміз  өмір  сүріп,  елімізді  жақсылықтарға  бастап  бара 

жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты 

оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

Бүгінде  мемлекеттік  тілді  еркін  меңгерген  ересек  тұрғындардың  үлесі  басым 

көпшілікті құрайды.


223

Қосымшалар

Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз — 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар 

санын 80%-ға дейін жеткізу.

Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95% құрауы тиіс.

Енді  он  жылдан  кейін  мектеп  бітірушілердің  100%  мемлекеттік  тілді  біліп 

шығатын болады.

Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз.

Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын 

боламыз.

Мен  қазіргі  заманғы  қазақстандық  үшін  үш  тілді  білу  —  әркімнің  дербес 

табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін.

Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 

20% құрауы тиіс деп есептеймін.

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы.

2  жыл  ішінде  дағдарысқа  қарсы  «Жол  картасы»  шеңберінде  біз  халықты 

еңбекпен  қамтамасыз  етіп,  жұмыссыздықты  азайттық  және  қалаларымыз  бен 

селоларымыздағы инфрақұрылымдарды жақсарттық.

Бұл  бағдарламалар  қазақстандықтардың  кең  қолдауы  мен  разылығына  ие 

болды.

Бүгінде  жаңа  экономика  білікті  кадрлардың  жаңа  генерациясын  талап  ететін 



болғандықтан, еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.

Өзін өзі еңбекпен қамтып отырған тұрғындар — біздің экономикамыздың зор 

кадрлар резерві.

Жаңа  кәсіпорындарды  біз  оларда  қазақстандықтардың  жұмыс  істеуі  үшін  са-

лып жатырмыз.

Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.

Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 

2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде 

жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырамын.

Үкімет  бизнес-қауымдастықпен  бірлесіп  индустриялық  нысандарда  жұмыс 

істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.

Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін 

қамтамасыз ету қажет.

Кезінде  мен  дағдарысқа  қарсы  «Жол  картасы»  бағдарламасы  әрбір 

қазақстандықтың отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.

Ол табысты жүзеге асырылды.

Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияланды-

ру шынымен де бүкілхалықтық сипат алып, әрбір қазақстандықтың ісі болатындай 

етіп құру қажет.

Өз өмірлерін ауылмен байланыстарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органда-

рымен бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеуге 

тиіс.


Өткен жылы селолық аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.

Енді бұл жұмыстар Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының 

болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.


224

Қосымшалар

Даму  әлеуеті  жоғары  елді  мекендерде  селолық  инфрақұрылымдар  дамыты-

лып,  суаратын  суларға,  микронесиелеу  бағдарламалары  мен  табиғи  гранттарға 

қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.

Қазірдің өзінде микронесиелік ұйымдар қызметінің құқықтық негізі бар.

Бүгінде  рыноктағы  олардың  саны  1,2  мыңдай  және  олар  халыққа  сомасы 

16 млрд. теңге болатын 110 мың несиелер берді.

Дегенмен,  олар  негізінен  айтарлықтай  жоғары  мөлшерлемемен  тұтынушылық 

мақсаттарға жұмсалуда.

Ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, еңбекпен қамту жағына басымдық беру керек.

Сондықтан Үкіметке қаржы реттеушілермен бірігіп, шұғыл түрде тиісті заң жоба-

сы мен кешенді шаралар жасауды тапсырамын.

Үстіміздегі жылы қосымша 3 млрд. теңге қарастырылсын.

2012–2015  жылдары  бұл  қаржыландыру  жыл  сайын  10–15  млрд.  теңгеге 

көбейтілсін.

Мемлекеттік желі бойынша берілген микронесиелердің барлық 100% тек өз ісін 

ұйымдастыруға ғана жұмсалуы тиіс.

Жоғарыда айтылған мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын жүзеге асы-

ру ондаған мың ауыл тұрғындарына жұмыс тауып береді.

Сондықтан атқарушы биліктің барлық деңгейлері мен «нұр Отан» партиясынан 

үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.

Үкіметке алдағы жылдан мотивациялы ақшалай төлемдерге көшуді тапсырамын.

Басты мәселе — масылдықты еңсеру.

Жұмыссызға жұмыссыз болғаны үшін емес, мамандық алу үшін грант берілетін 

болады.


Кедейшілік  проблемаларын  мемлекеттік  жәрдемақы  есебінен  жұмсарту  емес, 

шешу керек.

Мемлекет  тек  объективті  тұрғыдан  еңбекке  қабілетсіздер  мен  аз  қамтамасыз 

етілгендерге ғана көмектесетін болады.

2.5. тКШ-ны жаңғырту.

Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші — тұрғын үй жайлылығының 

деңгейі.

Соңғы 10 жылда тұрғын үй қоры 30 млн. шаршы метрге ұлғайды.

Бұл бүгінде 1 млн. астам азамат жаңа пәтерлерде тұрады дегенді білдіреді.

Бұл — біздің тұрғын үй саясатымыздың маңызды нәтижесі.

Көптеген  жылдар  бойы  коммуналды  сектор  қалған-құтқанды  бөлу  қағидаты 

бойынша  қаржыландырылып  келді.  Соның  салдарынан  2008  жылға  қарай 

коммуникациялардың 72% жөндеуді немесе ауыстыруды қажетсінді.

«Жол картасы» аясында біз 2009 және 2010 жылдары тКШ нысандарын жөндеу 

бойынша үлкен жұмыс жүргіздік.

Бұл жұмысты жалғастыру қажет.

Сумен, жылумен, электр және газбен қамтамасыз ету жүйелеріне кең ауқымды 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет