Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет23/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44

және ағылшын тілдерін меңгерген жоғары білімді маман болуы шарт. 

Жаңа  буын  өзгерістерден  қаймықпай,  керісінше,  өршіл,  серпінді  жобаларды 

ұсынуы тиіс.

Партия  жас  қазақстандықтар  арасындағы  жұмысты  кеңінен  жүргізуі  керек. 

Елдің жастарын біріктіріп, «Жас Ұлан» біртұтас қозғалысын құру қажет.

Партияға  «Жас  қыран»  деген  атау  бере  отырып,  жастар  ұйымдарының  жаңа 

жүйесін құру жөніндегі мәселені пысықтауға тапсырамын.

Мен  Қазақстанның  тек  бай  қойнауымен  ғана  емес,  сонымен  бірге,  Отанның 

және  бүкіл  әлемнің  игілігіне  бағытталған  парасатты  рухымен,  мәдениетімен, 

өршілдігімен де атын шығарғанын қалаймын.

Жас қазақстандықтар осы жоғары мақсаттар үшін өмір сүріп, білім алып, еңбек 

етуі тиіс!

Сендер өз армандарың мен жоспарларыңды жүзеге асырып, өз болашақтарыңды 

құруларың үшін барлық жағдайларды жасадық. 

Алдағы сайлау біздің болашағымызды таңдау болып табылады. 

Мен  оған  сендер  —  жас  қазақстандықтар,  бірегей,  біртұтас  командамен, 

менімен бірлесіп жаңа шыңдарды бағындырады деген сеніммен барып отырмын. 

Мен сендерге сенемін!

Құрметті әріптестер!

Бүгін «нұр Отанның» ХІІІ съезінде біз Қазақстанның одан әрі даму векторын 

айқындаймыз.

Сіздер елдің алдында тұрған міндеттерді шенеуніктік емес, қарапайым, түсінікті 

тілмен  әрбір  қазақстандыққа  жеткізуге  тиіссіздер.  Олар  әркімнің  де  қарапайым 


243

Қосымшалар

арқаулық құндылықтарына қатысты. Ол — тұрғын үй, денсаулық, білім, отбасы, 

жұмыс.


Даму  мен  өркендеудің  басты  мақсаттары  да  осылар.  Біздің  жұмысымыздың 

негізгі бағыттары да дәл осылар болуға тиіс.

ХХІ  ғасырда  инновациялар  дамудың  синониміне  айналып  отыр.  Сондықтан 

өзгерістерге барынша бейімделе білген адам ғана табысқа жетпек.

Бүгін мен партияның алдына жаңа өршіл міндеттер қоямын. 2030 жылға дейінгі 

Даму стратегиясын лайықты орындау үшін елдің алдағы 20 жылдағы болашағын 

жобалау және мақсаттарды белгілеп алу қажет.

Қазақстанның әрбір өңірі, экономиканың әрбір саласы тыңғылықты жұмыстар 

жүргізіп,  ең  перспективалы  және  жүзеге  асатындай  инновациялық  жобаларды 

ұсынуы тиіс. 

Айталық, олардың энергетика, көлік, мәшине жасау, металлургия, құрылыс, аг-

роиндустрия, мұнай-химия, білім беру, медицина, ғылым салалары болуы мүмкін. 

Осыған дейін болмаған, бірақ 20 жылдан кейін болатындарды құруды белгілеу 

қажет.  Мұнымен,  бірінші  кезекте,  әрбір  министр  мен  шенеунік  айналысуға  тиіс. 

Яғни,  саланың  20  жылдан  кейін  қандай  болатынының  толық  бейнесін  жобалау 

қажет. Мұның өзі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын 

атап өтудің озық тәсілі болмақ.

Біз өзіміздің күш-жігерімізді нақты лы серпінді инновацияларға шоғырландыратын 

боламыз.  Оларды  жүзеге  асыру  «нұр  Отан»  партиясының  таяу  20  жылдағы 

стратегиялық бағдарламасының негізіне айналады. 

Осы арқылы біз болашақ ұрпақтың тәуелсіздіктің 40 жылдығын ондаған тамаша 

инновациялар табысты жүзеге асқан елде атап өтулері үшін стратегиялық іргетас 

қалайтын боламыз.

Біз жалпыұлттық «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» ұранын көтердік. Олай 

болса, тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында халықпен бірлесе отырып, осынау өршіл 

жобаны жүзеге асыруға кірісейік!

Өз болашағымызды бірлесіп құрайық!

Қазақстан, тек қана алға!

Қымбатты қанаттастарым!

«нұр Отан» партиясының ХІІІ съезі партия дамуындағы жаңа кезеңге бетбұрыс 

бастауы болады деп сенемін.

Біз  жаңа  бағдарлама  қабылдау  арқылы  ел  дамуының  алдағы  онжылдығында 

бас партия атқаратын басты міндеттерді айқындаймыз.

Бүгін біз қабылдаған жаңа идеологиялық тұғырнама рухын еліміздің барша аза-

маттары мен партия мүшелері толық сезінуге тиіс.

Біздің партияның күш-қуаты — бірлікте. Біз берік бірлігіміздің арқасында ұлан-

ғайыр жетістікке қол жеткіздік.

Алдағы  уақытта  ауызбірлігімізді  нығайта  түссек,  бұдан  да  биік  белестерді 

бағындыра береріміз анық.

Экономиканы  ауқымды  жаңғырту  мен  қоғамды  жаңартуға  қатысу  —  партия 

үшін үлкен саяси сынақ болғалы тұр. Партияның болашақ тағдыры мен еліміздің 

кемел келешегі «нұр Отанның» салиқалы бағытына байланысты болмақ.

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!


244

Қосымшалар

Қазақстан әйелдерінің съезінде

сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 5 наурызы

Құрметті съезге қатысушылар!

Қадірлі ханымдар!

Шуақты көктем ардақты ана, асыл жар, аяулы қарындастың мейрамымен баста-

лады. Сондықтан ең әуелі баршаңызды алдағы мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Бұл  —  Қазақстан  әйелдерінің  тәуелсіз  ел  тарихындағы  тұңғыш  съезі.  Жылу 

мен  жылылық  сыйлайтын  жарқын  мерекенің  қарсаңында  өздеріңізбен  жүздесіп 

отырғаныма қуаныштымын.

Әлемдегі әсемдік пен сұлулық — әйел көркі мен ана мейірімінен нәр алған деген 

даналық сөз бар. Расында, адамзат өмірінің іргетасы әйелдің қолымен қаланады. 

Әйел қашанда тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы болып келеді. Ұлттың асыл 

қасиеті уызына жарыған ұрпақтың бойына ана сүтімен дарып, болашаққа жалғасады.

Сондықтан ерді үйдің иесіне санаған дана халқымыз әйелді шаңырақтың киесіне 

балаған.


тағылымды тарихымыз қайраткерлік қасиет қонған аналардан кенде болған емес.

Ұланғайыр далада ұрпақ мақтанышына айналған талай ұлағатты аналар өткен. 

Олардың өшпес өнегесі мен өлмес дәстүрі жаңа Қазақстанда жарасты жалғасын та-

буда.


Ел мен ерге сын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай 

қатар көтере білді.

Сіздер отбасы берекесін сақтаумен бірге тәуелсіздікті нығайту ісіне де еселі үлес 

қосып келесіздер.

Бүгінгі съезд — соның жарқын айғағы.

Құрметті съезд делегаттары!

Қымбатты әйелдер!

Отанымыздың  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  Қазақстан  әйелдерінің  съезін 

тұңғыш өткізіп отыруымыздың да бейнелік мәні бар.

Осы залға жиналған 700-ден астам делегат — еліміз тұрғындарының көпшілік 

бөлігінің өкілдері. Сіздер Қазақстанның барлық өңірлерінен келдіңіздер әрі біздің 

көпұлтты бірыңғай халқымыздың анағұрлым жақсы бөлігін бейнелейсіздер.

Қазақстанның барлық ер азаматтарының менің бұл сөздерімді қолдайтынына 

сенімдімін.

Мен съездің барлық меймандарын — съезге қатысушы өз отандастарымыздың 

өкілдері мен шет елдер әйелдерін құттықтаймын.

8 наурыз қарсаңында мен сіздердің баршаңызды және сіздер арқылы барлық 

Қазақстан әйелдерін келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті делегаттар!

Қазақстан  әйелдері  ел  тәуелсіздігінің  қалыптасуы  мен  нығаюында  ерен  рөл 

атқарды.


245

Қосымшалар

Біріншіден, сіздердің өз балаларыңыз бен немерелеріңіздің амандығы жөніндегі 

қамқорлықтарыңыз,  өз  отбасыларыңыз  бен  біздің  барша  қоғамымыздағы 

бейбітшілік  пен  келісімді  сақтау  жолындағы  ұмтылыстарыңыз  —  біз  жүргізіп 

жатқан реформалар мен саясаттың жетістігінің және оны бүкіл халықтық қолдаудың 

шешуші шартына айналып отыр.

тәуелсіздік  жолындағы  күрделі  кезеңде  сіздер  үй-ішінің  берекесі  мен 

тыныштығын көздің қарашығындай қорғап, еркектерге тірек болдыңыздар, олардың 

бойларындағы ерік пен жігерді жаныдыңыздар.

Өздеріңіз кез келген жұмысты атқарып, көптеген еркектерге отбасылық және 

азаматтық борышты өтеудің үлгісін көрсеттіңіздер.

Екіншіден, Қазақстандағы демографиялық өсуді қамтамасыз етуде әйелдердің 

үлесі баға жеткісіз.

Әріне, бұл мәселеде еркектер де айтарлықтай рөл атқарды. Әйтсе де, бала туу, 

оларды тәрбиелеу — ең алдымен, әйелдеріміздің басты борышы.

Үшіншіден, Қазақстан экономикасындағы әйелдер кәсіпкерлігінің серпінді сек-

торы айқын ақиқатқа айналды.

Осында,  съезге  қатысып  отырғандардың  көпшілігі  —  отандық  бизнестің 

қалыптасуының  «ала  дорба»  арқалаудан  бастап,  сапалы  өнім  шығаратын 

кәсіпорынға дейінгі барлық жолынан өткендер.

Мамандардың есебі бойынша, Қазақстан әйелдері бүгінгі таңда ел ішкі жалпы 

өнімінің 40% қалыптастыруда. 

Әрі  бұл  үлес  әйелдер  кәсіпкерлігінің  экономикалық  әлеуетінің  мейлінше  арта 

түсуіне орай тұрақты түрде өсіп келеді.

төртіншіден, әйелдер өмірлік маңызды салаларда еңбек етуде.

Олар  бүгінде  барлық  педагогтардың  73%  құрайды.  Дәрігерлер  мен  медици-

на персоналының 87% — әйелдер. тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығында 

5 800 КСК болса, солардың 3 мыңына әйелдер жетекшілік етеді. Барлық бюджеттік 

сала  қызметкерлерінің  60%  да  әйелдерінің  үлесінде.  Мемлекеттік  басқарудың 

барлық жүйесі көп жағдайда олардың кәсібилігінің арқасында жұмыс істеп тұр.

тәуелсіздік жылдарында ондаған әйел министрлер және мемлекеттік органдар 

басшылары  болып  тағайындалды.  Жүздеген  әйел  Парламент  мен  маслихаттарға 

сайланды.

Мен барлық әйелдеріміздің еліміз бен барша халқымыздың игілігіне арналған 

жанқиярлық еңбегі үшін ризашылығымды білдіремін.

Бесіншіден, көптеген қазақстандық әйелдер өздерінің аса үздік таланттарымен 

және жетістіктерімен Отанымыздың даңқын арттыра түсуде.

Бибігүл төлегенова, Роза Рымбаева, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова, 

Майра  Мұхамедқызы  —  Қазақстаннан  тыс  жерлерде  де  кеңінен  танымал  біздің 

ұлттық құндылықтарымыз.

таяуда  біз  Ольга  новикова,  Оксана  Яцкая,  Ғалия  нұрғалиева  сияқты 

спортшыларымыздың VII қысқы Азия ойындарындағы жарқын жеңістерінің куәсі 

болдық.


Сіздерге  мемлекеттік  құпияны  ашқым  келіп  тұр.  Маған  Экономикалық  даму 

және  сауда  министрі  мәлімдегеніндей,  әйелдердің  өздеріне  жұмсаған  барлық 

қаржысы елдің қару-жараққа жұмсайтын шығымынан көп екен. Оған таңданатын 

да түк жоқ, өйткені, әйелдер күн сайын жеңіске жетуге тиіс!



246

Қосымшалар

Құрметті съезге қатысушылар!

Ел  тәуелсіздігінің  алғашқы  күндерінен  бастап  ана  болу  мен  балалық  шақты, 

әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті қолдау — менің саясатымның төрінен 

орын алып келеді.

Әйелдер мен балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмектің тұтас бір жүйесі 

қалыптасқан.

тәуелсіздіктің аса ауыр алғашқы жылдарының өзінде мемлекет оларға атаулы 

қолдау көрсетті. 

2003  жылы  біз  баланың  тууына  бірмезгілдік  жәрдемақы  енгіздік.  тек  соңғы 

5 жылда ғана оның мөлшері 2,7 есеге ұлғайды.

2006  жылдан  бері  барлық  қазақстандық  отбасыларына  1  жасқа  толмаған 

балаларға қарау үшін жәрдемақы төленеді.

Аз қамтамасыз етілген отбасылар кәмелетке толмаған балалары үшін жәрдемақы 

алады.


2003 жылдан бері балалары бар отбасыларына қолдау көрсетуге бағытталған 

бюджеттік қаржыландыру көлемі 20 еседен астамға артты!

2010  жылы  мемлекет  бала  туғаны  үшін  15  млрд.  теңгеден  астам,  ал  баланы 

қарауға 19 млрд.теңгеден астам мөлшерде жәрдемақы төлеу қаржысын бөлді.

Ана және бала өлімін төмендету бойынша кең ауқымды шаралар қабылданды. 

Ол туралы мен өз Жолдауымда айттым.

Астана мен бірқатар ірі қалаларда жаңа перинаталдық орталықтар салынды.

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы бала туу 1,5 есеге, халықтың табиғи өсімі 

3 есеге артты. Бұл елдегі демографиялық жағдайды түбірімен өзгертті.

Өткен жылы менің тапсырмам бойынша «Балапан» бағдарламасын іске асыру 

басталды.

Айналасы 1 жылдың ішінде 35 балалар бақшасы, 137 мектепке дейінгі жекемен-

шік мекемелер, 1,5 мыңнан астам балалардың шағын орталықтары салынды.

2020 жылға дейін біз барлық балаларды балалар бақшасымен қамтамасыз ету-

ге тиіспіз.

Бұл бірінші кезекте бала туғаннан кейін жұмысқа, бизнеске қайта оралатын жас 

аналар үшін айтарлықтай қолдау.

Қазақстанда әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі саясат жүзеге 

асырылуда.

Мен  1997  жылы  бұл  бағытты  мемлекеттік  жұмыстың  маңызды  векторы  деп 

айқындаған арнайы Жарлық қабылдадым.

Менің тапсырмам бойынша, 8 жылда бизнестегі әйелдер жалпы сомасы 2 млрд. 

теңгеге жуық кредит алды.

Жаһандық  дағдарыс  салдарларын  еңсеру  жөніндегі  шаралар  шеңберінде 

2009–2015  жылдарға  арналған  әйелдер  кәсіпкерлігіне  шағын  кредит  беру 

бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатыр.

Ол бойынша соңғы 2 жылда 1 млрд. 350 млн. теңгеден астам сомаға шағын 

кредит берілді. Менің тапсырмам бойынша, 2011–2012 жылдарда қаржыландыру 

көлемі жыл сайын 2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.

Біздің гендерлік теңдік, әйелдердің экономикалық және саясы өмірге қатысуын 

кеңейту саласындағы саясатымыз әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасына ие 

болды.


247

Қосымшалар

2010 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумда гендерлік теңдік рейтингінде 

дүние жүзінің 134 арасында Қазақстанның 41 орын алғаны атап көрсетілді. Бұл 

мәселе бойынша біз қазірдің өзінде Еуроодақтың 14 мемлекетін артта қалдырып, 

әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылдық!

2002 жылы қабылданған Гендерлік теңдік тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.

2009 жылы Қазақстан заңнамасының гендерлік бағыттылығын күшейте түскен 

2 заң қабылданды.

1995 жылы Президент жанынан Отбасы, әйелдер істері және демографиялық 

саясат  жөніндегі  кеңес  құралып,  кейіннен  ол  Әйелдер  істері  және  отбасылық  — 

демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия болып қайта құрылды.

Қазақстанды  БҰҰ-ның  Гендерлік  теңдік  пен  әйелдер  мүмкіндіктерін  кеңейту 

жөніндегі  Атқару  кеңесіне  сайлау  біздің  гендерлік  саясатымыздың  жетістіктерін 

халықаралық тану болып табылады.

Құрметті  әйелдер,  бүгін  мен  сіздерді  адал  еңбектеріңіз,  шыдамдылық  пен 

даналықтарыңыз, құлшыныстарыңыз бен бүкіл елімізді бақытқа бастайтын шексіз 

сүйіспеншіліктеріңіз үшін барлық ер азаматтар атынан шын жүректен құттықтаймын!

Қымбатты әйелдер!

Еліміз  дамуының  басымдықтары  менің  Қазақстан  халқына  Жолдауым  мен 

«нұр Отан» партиясының съезіндегі сөйлеген сөзімде айтылған.

Инновациялық  индустрияландыру  және  жаңа  әлеуметтік  саясат  міндеттерін 

шешу — біздің Қазақстанның болашақ өркендеуіне бастайтын жол.

Экономика мен әлеуметтік өмірдегі, саясат пен мәдениеттегі, қоғамның басқа да 

салаларындағы инновациялар бір ғана мақсатты — әрбір қазақстандық отбасының, 

әрбір қазақстандықтың лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету мақсатын көздейді.

таяудағы он жылдықта біз мынадай бағыттарға басты назар аударуымыз қажет.

Бірінші. 2020 жылға қарай біздің экономикамыз 30%-ға жуық өседі. Жүздеген 

жаңа кәсіпорындар салу жоспарланып отыр. Индустриялық жобалардың әлеуметтік 

маңызы айқын. Бұл — жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары. Бұл қазақстандықтар 

кәсіпшілігінің, шеберлігінің, бәсекеге қабілеттілігінің сапалық өсуі. Бұл — лайықты 

әрі  неғұрлым  жоғары  еңбектің  ақысы,  демек  бүкіл  халықтың  әл  —  ауқатының 

жақсаруы.

Жаңа кәсіпорындар қызметкерлері арасындағы әйелдер үлесінің жоғары болу-

ын қамтамасыз ету жөнінде Үкіметке міндет жүктеймін.

Әлеуметтік жаңғырту ісінің Жолдау мен 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясының 

басты бағыттары болып табылатынын халыққа түсіндіру қажет.

Ең алдымен біз халықтың өзін-өзін жұмыспен қамтуы мәселесімен айналысу 

жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Олардың арасында әйелдер де аз емес.

Адамдардың  мұндай  топтары  үшін  мемлекет  есебінен  оқыту,  мамандық  алу 

және еңбекке орналастыру сияқты көмектер ұсынылады.

Ауылда  бизнеспен  айналысқысы  келетіндер  үшін  мемлекет  микронесиелер 

бөлмекші.

Мұндай мүмкіндіктерді бүгінде әлемнің ешқандай мемлекеті ұсынбайды.

Қазіргі  уақытта  әйелдер  арасындағы  жұмыссыздық  5,5%  құрайтын  орташа 

көрсеткіш  жағдайында  6,3%  құрап  отыр.  Өзін-өзі  еңбекпен  қамтушы  халықтың 

жартысы әйелдер.


248

Қосымшалар

Әйелдер арасындағы жұмыссыздықпен күрес мәселесі бүгінде Үкімет әзірлеп 

жатқан  еңбекпен  қамтудың  жаңа  бағдарламасында  жеке  бағыт  ретінде  бөліп 

көрсетілуі тиіс.

Егер  де  қабылдаған  шаралар  болмаса,  бұрынғы  жылдар  мен  салыстырғанда 

жартысы  қысқарып  қалатын  тұрғын  үй  құрылысын  қайта  жандандыруымыз  да 

жұмыспен  қамтуды,  қазақстандық  отбасылардың  мүдделерін  қанағаттандыруды 

қамтамасыз ету болып табылады.

Екінші. Біз әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың перспективалы салаларын нақты 

анықтап алуымыз керек.

Қазір  көп  пәтерлі  үйлердің  ортақ  пайдаланатын  объектілері  —  кіреберістер, 

жертөлелер,  шатырлар  және  басқаларын  күтіп  ұстау  мен  жөндеу  тетіктері 

тұжырымдалуда.

Соңғы 10 жылда елдің тұрғын үй қоры 30 млн. шаршы метрге ұлғайды. 330 мың 

отбасы жаңа үй-жай алып, өмір сүру жағдайларын жақсартты.

Мен таяудағы онжылдықта 6 млн. шаршы метр тұрғын үй салу міндетін алға 

қойдым. тек 2011 жылы ғана осы салаға 75 млрд. теңге бағытталатын болады.

Осы орайда Үкімет пен әкімдер «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына 

әйелдердің қатысуын күшейте түсулері керек.

Үшінші.  Білім  беру  мен  денсаулық  сақтау  салаларындағы  кең  ауқымды 

өзгерістер  ең алдымен әйелдердің өмірі мен әл-ауқатына оң әсерін тигізетін бо-

лады.

2015  жылға  қарай  300  мың  кішкентай  қазақстандықтар  үшін  3400-ге  жуық 



мектепке дейінгі мекемелер ашылмақшы. таяудағы 5 жылда 400 мектеп: жергілікті 

органдар  —  200,  орталықтандырылған  —  200,  соның  ішінде  20  зияткерлік 

мектептерін салу көзделіп отыр.

Мектептердің бұл саны 12 жылдық білім беруге көшу үшін қажет.

Білім беру шығыстары ІЖӨ-нің 5% көлеміне көтеріледі.

таяу жылдарда Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

2015  жылға  қарай  350  жаңа  дәрігерлік  амбулаториялар,  емханалар  мен 

фельдшерлік-акушерлік пункттер іске қосылатын болады.

Ол ана мен бала өлімін 2 есе, жалпы өлімді 30% қысқартуға жағдай жасайды.

2020 жылға қарай орташа өмір ұзақтығы 72 және одан да көп жасқа артып, 

Қазақстан халқының саны 18 млн. адамға дейін өседі.

төртінші. Онжылдықтың басты әлеуметтік мақсаттарының бірі — халықтың та-

бысын көтеру.

Биылғы  жылдың  басында  зейнетақы  мен  жәрдемақының  мөлшері  30%-ға 

көбейтілді. 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30%-

ға артады. 1 млн. астам бюджет қаражатындағы әйелдердің айлығы өседі.

Дағдарыстың салдары ретінде Еуропаның дамыған елдерінің өзінде мемлекеттік 

қызметкерлердің зейнетақысы мен жалақысы қысқартылуда. Ал біз 30%-ға өсіріп 

отырмыз.

Халыққа  Жолауда  белгіленген  еңбекпен  қамту  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

көптеген  қазақстандық  отбасыларының  табыстарын  арттыруға  жағдай  жасайды. 

тұтастай  алғанда  ол  1,5  млн.  жуық  қазақстандықтарды  қамтымақ.  Осы  орайда 

«Самұрық-Қазына» қорына кіретін ұлттық компаниялар акцияларын халыққа сату 

бағдарламасын әйелдердің белсенділікпен пайдаланатынына сенімдемін.



249

Қосымшалар

тұңғыш рет қазақстандықтарды инвестициялаудың жаңа құралы пайда болмақ. 

Азаматтар елдің ең ірі кәсіпорындарының акцияларына ие болып, табыс таппақ. 

Мұны халыққа түсіндіру керек. Қазір жұмыс істей бастадық, бюджет бекітілді. Кез 

келген азамат «Қазпошта» бөлімшесінен акция сатып ала алады. тек, ол 50-ден 

аспауы керек. Өйткені, акциялар жүз мыңдаған адамдар үшін қолжетімді болуға 

тиіс.  Сол  компаниялар  акциялары  құнының  бағасын  қадағалап  отырып,  ақша 

табуға немесе акциялардың жыл сайынғы дивиденттерін алуға болады. Бар әлем 

осы  іспен  айналысады.  Ақша  елге  де,  адамға  да  жұмыс  істеуі  керек.  Біз  бар-

ша  жұртты  өз  салымдарын  инвестициялауды  үйретуге  тиіспіз.  Бұл  Үкіметтің  де, 

жергілікті органдардың да міндеті.

Біз,  2020  жылға  дейінгі  стратегиялық  жоспарда  қарастырылғандай,  халықты 

атаулы  әлеуметтік  қорғаудың  тиімді  жүйесін  жасайтын  боламыз.  Оның  негізгі 

бағыты балалы отбасыларды, бірінші кезекте көп балалы отбасыларды қолдау бо-

лып табылады.

2015 жылға қарай атаулы әлеуметтік көмектің шектеулі мөлшері 60%-ға дейін 

арттырылып, 2020 жылға қарай — ең төменгі өмір сүру деңгейінің 100%-на дейін 

көтерілетін болады.

Барлық  шаралардың  нәтижесінде  2015  жылға  қарай  біз  кедейшілік  деңгейін 

6%-ға төмендетеміз. Әрі бұл жұмысты еліміздегі кедейлікті толық жойғанға дейін 

одан әрі жалғастырамыз.

Бесінші.  2006–2016  жылдарға  арналған  гендерлік  теңдік  стратегиясын-

да  мемлекеттік  басқару  органдарының  арасындағы  әйелдер  өкілеттілігін  30%-ға 

жеткізу міндеті қойылған. 2010 жылы ол көрсеткіш тек 10% ғана құрады. Әйелдер 

орталық органдарда да, жергілікті жерлерде де басшылық лауазымдарға өте нашар 

ұсынылады. Бүгінде елде бірде-бір әйел облыс және қала әкімі жоқ, 3 аудан әкімі 

мен облыс әкімдерінің 5 орынбасарлары ғана әйелдер.

Қазіргі  заманғы  менеджментті  зерттеушілердің  бірі  том  Питерс  топ-

менеджменттегі  әйелдер  үлесінің  аздығы  «стратегиялық  сипаттағы  рәсуашылдық 

пен қателік» деп есептейді.

Біздің Үкіметте басқаша ойлайтын сияқты.

Кейде әйел интуициясы кез келген қисынды себептерден құндырақ деп бекер 

айтылмаса керек.

Қымбатты әйелдер!

Үкіметке Президент Әкімшілігімен, Ұлттық комиссиямен, «нұр Отан» партиясы 

басшылығымен бірлесіп, әйелдерді шешімдер қабылдау деңгейіне дейін жылжыту 

жөнінде 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты іс-қимылдар жоспарын жа-

сауды тапсырамын.

тәуелсіздіктің  бүкіл  20  жылы  ішінде,  КСРО  ыдырағаннан  кейінгі  экономика-

да  толық  дағдарыс  орнаған  аса  күрделі  кезеңде  және  одан  кейінгі  мемлекеттік 

құрылыстың табысты жылдарында сіздер — әйелдер әр кезде де бірге болып, менің 

бағытыма, барлық қадамдарыма қолдау көрсетіп отырыңыздар. Ол кезде көптеген 

адамдар сенбесе де, сіздер мен біз жеңіске жеттік.

Сол үшін сіздерге зор рахмет!

Еркектер айтатындай, әйелдермен өткізген уақытты бос кеткен уақыт деп есеп-

теуге болмайды, өйткені әйелдер жаңа жасампаздықтарға рухтандырады. Сіздердің 


250

Қосымшалар

съездеріңіздің  жұмысына  қатысып,  Қазақстанның  ең  лайықты  әйелдерімен 

тілдесуді  мен  дәл  осы  тұрғыдан  қарастырып  отырмын.  Әйелдер  анағұрлым  жиі 

күлетін болғандықтан, еркектерге қарағанда ұзақ өмір сүреді дейді.

Сіздерді әр кезде де күлкі әсемдендіре түссін!

Қадірлі ханымдар!

Биыл біз ұлы Отанымыз — тәуелсіз Қазақстанның 20 жылдығын айрықша атап 

өтеміз.

Алғашқы съездің осы мерейлі межеге орайлас өтуінің өзіндік мәні зор.


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет