Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет24/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44


Бұл ретте алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі — біздің 

басты байлығымыз. Сондықтан, ана мен бала тағдыры мемлекет қамқорлығынан 

бір сәт те тыс қалған емес.

Бұл  жәйтті  біз  ұдайы  басты  назарда  ұстап  келеміз.  Өйткені,  ол  —  біздің 

болашағымыз!

Біз болашаққа бірге барамыз, кемел келешектің берік іргесін бірге қалаймыз!

Ендеше, осы жолда баршаңызға зор жетістіктер мен отбасында игіліктер тілеймін!

Съезд жұмысының жемісті өтуіне тілектеспін!

назарларыңызға рахмет!


251

Қосымшалар

Қазақстан Республикасының Президентін 

ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 8 сәуірі

Қымбатты отандастар!

Мәртебелі меймандар!

Ханымдар мен мырзалар!

Бүгін елдің ақжолтай сенімін, абыройлы аманатын арқалаған мен үшін ерекше 

тебіреніске толы айрықша айшықты күн.

Қазақстан халқы Президент сайлауы арқылы бүгінін байыптайтын, болашағын 

бекемдейтін тарихи таңдау жасады. Сондықтан, маған тағдырын табыстап, ақ киізге 

қайтадан көтерген, ел тізгінін сеніп ұстатқан ардақты халқыма ақжарма алғысымды 

айтамын.


Біздің жарқын жеңісіміз көшіміздің түзу, көкжиегіміздің шуақты, бағытымыздың 

дұрыс екенін тағы бір айғақтай түсті. Елдің тілегімен өткен, тағылымы тарихымызға 

енген сайлаудың нәтижесі — төккен тер, еткен еңбектің бағасы деп білемін.

тәуелсіздік жылдарында мен халқымның бақытты өмірі, баянды болашағы үшін 

бар қажыр-қайратыммен еңбек етіп келемін.

тағдыры тұтас, тілегі ұқсас Қазақстан халқы осы кезеңде ғасырлық мәні бар 

ғаламат табыстарға қол жеткізіп отыр.

Біз Алтай мен Атырау, Арқа мен Алатау арасындағы ұлан-ғайыр далада бірлігі 

бекем, ұлысы ұйысқан, қуатты мемлекет құрдық. Құбылған заманда құбыласынан 

жаңылмаған Қазақстан дамудың өзіндік даңғыл жолына түсті. Аз уақытта айбы-

ны асқан алаш жұрты әлеуеті асқан, дәулеті тасқан, іргесі берік, беделі зор айдын-

ды  елге  айналды.  Батыс  пен  Шығысты  жалғаған  еліміз  өркениеттер  үндестігінің 

жерұйық бесігі саналды.

Есілдің бойындағы еңселі елордамыз Еуразиядағы байсалды тұрақтылықтың ал-

тын арқауына баланды. Ізгілік нұрын шашқан Астана рухы күллі әлемге бейбітшілік 

пен келісімнің киелі кілтін ұсынды.

Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан осылайша жасам-

паз жаңа дәуірге қадам басты.

Осының  бәрі  біздің  ұрпақтың  маңдайына  жазылған,  пешенесіне  бұйырған 

айрықша бақ екенін сезінуіміз керек. Дегенмен, алдымызда алмағайып заман бар, 

ұлан асу, белес бар. Ендеше, біз болдық деп босаңсымаймыз, толдық деп тасымай-

мыз. тұрақтылық пен татулыққа негізделген сарабдал жолымызды табанды түрде 

жалғастыра береміз.

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті менің отандастарым!

Сіздер мені Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлап, тағы да аса 

жоғары сенім көрсеттіңіздер.

Мен үшін тәуелсіздіктің 20 жылдығында Мемлекет басшылығына бүкіл халықтың 

атынан  сайланып,  ғажайып  көпұлтты  Отанымның  көшбасшысы  миссиясын 

жалғастыру үлкен абырой. Мен барлық қазақстандықтарға өткен сайлауда шынайы 



252

Қосымшалар

қолдау  көрсеткендері  үшін  ақ  жүректен  шыққан  ризашылығымды  білдіремін. 

Бұл — бүгінде туған Қазақстанымыз қол жеткізген осындай табысты мемлекет құру 

жолындағы біздің ортақ еңбегімізге берілген ең үздік баға.

Мен  еліміздің  бүкіл  әлемдегі  біздің  барлық  ақ  ниетті  достарымызға  шын 

жүректен ризамын. Өздеріңіз білетіндей, мен қазірдің өзінде Ресей, Қытай, тМД 

мен Еуроодақ, басқа да көптеген елдер басшыларынан көптеген құттықтаулар ал-

дым  және  бұл  құттықтаулар  түсуін  жалғастыруда.  Мен  оларды  ризашылықпен 

қабылдаудамын,  өйткені,  оларда  қазақстандықтардың  таңдауына  ғана  емес, 

сондай-ақ біздің стратегиялық бағытымызға да шынайы қолдаулар бар.

Еліміздің барлық түкпірлеріндегі қазақстандықтардан да мыңдаған құттықтаулар 

түсіп  жатыр.  Мен  барлық  отандастарыма  осы  құттықтауларда  айтылған  жылы 

сөздері мен ізгі тілектері үшін ризамын. Мен де барлығыңа соны, маған тілеген 

ізгілік пен бақытты тілеймін.

Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге халық бірлігі мен мемлекеттік биліктің қуатын 

көрсетіп отыр. Өткен сайлау, сарапшылардың есептеуінше, ұйымдастырылуы мен 

демократиялылығы жағынан қазіргі Қазақстан тарихындағы ғана емес, сондай-ақ

бүкіл Орталық Азиядағы ең озығы болды. тұрақтылық пен өркендеу бағытына да-

уыс бере отырып, әр қазақстандық өзінің болашағы үшін, өз отбасының болашағы 

үшін, елі үшін, Отаны үшін дауыс берді!

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгінде мен 1991 жылдың желтоқсанында алғашқы бүкілхалықтық сайлаудан 

кейін халыққа адалдығым туралы ант беріп, жоғары президенттік биліктің регалия-

сын қабылдағанымды есіме аламын.

Сол  кезде  біздің  алдымызда  мүлдем  басқа  міндеттер  тұрды.  Біз  ыдыраған 

супердержаваның  қирандыларында  қалған  едік.  Бізді,  бірінші  кезекте,  халықты 

қайтсек тамақтандырамыз деген мәселелер толғандырды. Өндірістің құлдырауын, 

инфляцияны  қалай  тоқтату  керек?  Адамдарға  еңбекақы  мен  зейнетақыны 

уақтылы төлеу үшін ақшаны қайдан табу керек? Өз жерімізді қауіп-қатерлер мен 

сынақтарға толы күрделі әлемде қалай сақтаймыз? Бізде не өзіміздің валютамыз, 

не  стратегиялық  қорларымыз,  не  өзіміздің  жалаңаш  қалған  шекараларымызды 

қорғайтын әскеріміз болған жоқ.

Бүгінде осының барлығы бұдан бар-жоғы 20 жыл бұрын ғана болғанын елестету 

қиын. Сол жылдары мен үшін күн тәртібінде экономика және тек қана экономика 

тұрды. Адамдардың қанағат тұтар қарапайым өмір деңгейін қамтамасыз ету үшін 

қаржы табу басты мәселе болды. Ашығын айтқанда, сол тұста әңгіме кәдімгі жан 

сақтау туралы болды. Кеңес Одағының қирауы үдемелі тығырық пен түңілушілікке 

алып келді.

Оған тек әл-ауқатты жоғарылатуды, демек — экономикалық өсім мен осы мақсат 

төңірегінде тұтасуды ғана қарсы қоюға болатын еді. нақ халық сенімі, Отанымыздың 

болашағына деген халықтың терең сенімі бізге барлық қиындықтарға қарсы жүруге 

күш берді.

Сөйтіп,  біз  экономикалық  коллапсты  еңсеріп,  жаһандық  қазіргі  әлемге 

интеграцияланған тиімді экономика құрдық.

Біз  қуатты  әлеуметтік  бағдарланған  дағдарысқа  қарсы  шараларымыздың 

арқасында енді ғана болып өткен аса ауыр жаһандық дағдарыстан кейінгі әлемдік 


253

Қосымшалар

қаржы  және  экономикалық  дағдарыс  қатерлеріне  қарсы  тұра  білдік.  Және  бұл 

көптеген  мемлекеттер  өздерінің  әлеуметтік  міндеттемелерін  тоқтатқан  немесе 

қысқартқан кезеңде болды.

Біз үдемелі индустриялық және инновациялық дамуға басымдық бердік. Бүкіл 

Қазақстан бойынша жаңа өндірістер және жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бүгінде  біз  әлемдегі  барынша  дамыған  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 

кіру жөніндегі белгіленген мақсатқа сенімді түрде қадам басып келеміз. Бірқатар 

көрсеткіштер бойынша біз қазірдің өзінде әлем елдерінің алғашқы елулігіне ендік. 

Мәселен,  халықаралық  резервтер  деңгейі  бойынша.  Ұлттық  қормен  бірге,  олар 

69 млрд. долларға жетті.

Біз  кәсіпкерлік  табына  қолдау  көрсетіп,  оны  экономиканы  дамытудың  нақты 

және  тиімді  қатысушысына  айналдырдық.  Біз  2020  жылға  қарай  шағын  және 

орта бизнес үлесі ел ІЖӨ-сінің кем дегенде 40% құрайтын болады деп есептейміз. 

Бүгінде бізде бәсекеге қабілеттіліктің, кәсіпкерліктің және еңбек өнімділігінің өсімі 

үшін барлық алғышарттар бар.

Біз «халықтық капитализм» негізін құру жолында ілгері басып келеміз. Бұл 

үдерістің бірінші кезеңі «халықтық ІРО» болады. Олар активтерді жоғары сапа-

лы  жекешелендіру  үдерісінің  бастауына  жол  салады.  Бұл  орта  таптың  перспек-

тиваларын  жақсартып,  оның  елді  одан  әрі  дамытуға  деген  қызығушылығын 

жоғарылатады.

Біз жаңа тікелей және портфельді шетелдік инвестицияларды тарту үшін ашық 

экономика  саясатын  дамытудамыз.  Біз  шетелдік  және  жергілікті  инвесторларға 

индустрияландыруға қатысу үшін теңдей жағдай жасау ниетіндеміз.

Бүгінде  біз  дағдарыстан  кейінгі  экономикалық  өсімнің  7%  қамтамасыз  етіп, 

әлеуметтік  даму  мен  қазақстандықтардың  өмір  сапасын  жоғарылатуға  шешімді 

бетбұрыс жасадық.

Біз  білім  беруді  қазақстандықтардың  бәсекеге  қабілеттілігінің  басты  фак-

торы  ретінде  дамытудамыз.  Бізде  қағидатты  жаңа  үлгідегі  мектептер  желісі  — 

Интеллектуалдық  мектептер  құрылуда.  Біз  Астанада  Халықаралық  универси-

тет — әлемдегі жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының профессорлары жұмыс 

істейтін тамаша ғылым орталығын аштық.

Біз  денсаулық  сақтау  жүйесін  ХХІ  ғасырдағы  халықаралық  стандарттарға 

бейімдей отырып жетілдірудеміз.

Өткен жылдың қорытындылары бойынша жан басына шаққандағы ІЖӨ деңгейі 

9 мың АҚШ долларына жетті.

Біз қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударып келеміз.

Елдің  кіндігінде  Еуразияның  інжу-маржанына  айналған  жаңа  елорда  салын-

ды.  Астана  ұлттық  рухымыздың  тереңіне  бойлап,  кеңдігіне  құлаш  ұрды.  Барлық 

қазақстандықтар үшін ол жаңарудың, халықтың өз күшіне сенімінің, алған асула-

рымыз үшін мақтанышымыздың символына айналды.

Мен елімізді қашанда қазіргі заманғы және қуатты мемлекет, алдыңғы қатарлы 

державалардың  теңдей  әріптесі  көрдім.  Сондықтан  біз  ашық  экономикалы  және 

демократиялы  саяси  жүйедегі  Қазақстанды  құрудамыз.  Біздің  реформалардың 

ырғақтылығы  демократия  жүздеген  жылдар  бойы  жетілген  кез  келген  дамыған 

мемлекеттерге қарағанда анағұрлым жоғары.

Біз қоғамды одан әрі демократияландыру жұмыстарын жалғастыратын боламыз. 



254

Қосымшалар

Біз  Парламенттің  өкілеттігі  мен  Үкіметтің  жауапкершілігін  ұлғайту,  сайлау 

үдерісін жетілдіру жөнінен неғұрлым оңтайлы шешімдер табуға тиіспіз.

Билікті орталықсыздандыру және өкілеттіктерді өңірлерге беру жөнінен безбен-

делген шешімдер табу қажет.

Біз саяси мәдениетті дамытуымыз керек.

Өткен  президент  сайлауында  алғаш  рет  «қара  пиар»  болған  жоқ.  Ол  қатаң 

шиеленістерсіз, тыныш жағдайда өтті. Ол барлық алдағы сайлау науқандары үшін 

үлгі болуға тиіс. тек сондай жағдайда ғана бізде шынайы демократия мен ықпалды 

көппартиялылық дамитын болады.

Біз жауапкершілікті және еркін БАҚ-тар жүйесін дамытатын боламыз.

Менің міндетім — баршаның заң алдындағы тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Мен сот жүйесінің тиімділігін одан әрі қамтамасыз ету жөнінен жаңа қадамдарға 

бармақ ойдамын.

Біздің  ортақ  міндетіміз  —  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ымырасыз  күресті 

жалғастыру. Біз сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі шараларды тек қылмыстық 

қудалау  арқылы  ғана  емес,  сонымен  бірге  заңдардағы  құқықтық  саңылауларды 

жою арқылы да күшейтетін боламыз.

Біз жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен меншігін тиісінше қорғауды 

қамтамасыз етеміз.

Осы және өзге де реформалар таяу онжылдықта Қазақстанның экономикадағы 

да, халықтың әл-ауқатын арттырудағы да сенімді табыстарды қамтамасыз етеді.

Бүгінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың жауапты қатысушысына айналды.

Біз Семей сынақ полигонын жаптық, ядролық қарудан батыл түрде бас тарттық. 

Біз бүгінде жаһандық антиядролық қозғалыстың алғашқы қатарында келеміз.

Біз  өзіміздің  көршілерімізбен,  одақтастарымызбен  және  әріптестерімізбен 

АӨСШК,  ШЫҰ,  ҰҚШҰ  сияқты  өңірлік  қауіпсіздік  пен  қызметтестіктің  жаңа 

тетіктерін құрдық. Өткен жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мен ЕҚЫҰ-ның 

Астанадағы саммиті табысты өтті.

Әлемде осындай қысқа мерзімде осынша табыстарға қол жеткізген басқа ел жоқ!

Мен біздің тәуелсіздігіміздің елең-алаңында осыдан 20 жыл бұрын алға қойған 

мақсаттар  мен  міндеттер  орындалды  және  асыра  орындалды  деп  мақтанышпен 

айта аламын.

Мен  жаңа  Ұлттың  және  әлем  халықтарының  отбасына  лайықты  енген  біздің 

Қазақстан сияқты ұлы елдің көшбасшысы болудың аса зор құрметінің маған тигені 

үшін тағдырыма ризамын!

Қымбатты достар!

20 жылда біз елді өзгерттік, қазақстандықтардың өмірін жақсарттық. Бірақ әлем 

бір орында тұрып қалған жоқ. Елдер мен халықтардың алдында жаңа, бұрынғыдан 

да гөрі күрделі сынақтар бой көтеріп отыр.

төрт  тағдыршешті  ұғым  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстан  табысының  кілті  болып  та-

былады. Олар ЖАҢҒЫРУ, ХАЛЫҚтЫҢ ӘЛ-АУҚАтЫ, ИннОВАЦИЯЛАР, ИнтЕГРА-

ЦИЯ. Менің сайлауалды бағдарламам ның мағынасы мен елді 2020 жылға дейін 

дамытудың Стратегиялық жоспарының мәні де дәл осында.

Жаңғыру — менің мемлекеттік саясатымның басты өзегі.

Халықтың әл-ауқаты — ел дамуының негізгі шарты.


255

Қосымшалар

Инновациялар мен ғылыми жаңалықтар ХХІ ғасырда Болашаққа деген секірісті 

айқындайтын болады.

Қазақстан батыл инновациялар өмірге жолдама алып, ғылыми зертханалар мен 

қазіргі заманғы өндірістерде тән мен қанға ие болатын елге айналуы тиіс.

Ол үшін біздің бүгіннен-ақ «жүз абсолютті инновацияларды» іздеуге кірісуіміз 

қажет.  Біз  олардан  неғұрлым  перспективалы  он  жобаны  іріктеп  алып,  олар-

ды  таяудағы  20  жылда  жүзеге  асыруға  назар  аударатын  боламыз.  Осының  бәрі 

Қазақстанның  қуатты  алға  жылжуы  үшін  тірек  болуға  тиіс.  Бұл  елдің  дамуын 

айқындайтын ұлттық инновациялық тапты қалыптастырудың кілті.

Үшінші онжылдықтың басына таман біз Қазақстанның әлемдегі индустриялық 

дамыған елдердің қатарына қосылуы үшін барлық жағдайларды жасайтын бола-

мыз.  Осы  арқылы  біз  тарихи  «Қа зақстан-2030»  Стратегиясын  салтанатты  түрде 

аяқтаймыз. Біз одан арғы онжылдықтарға, біздің балаларымыз бен немерелеріміз 

орындайтындай және біздің олар үшін осындай қуатты базаны құрғанымызды еске 

түсіретіндей, бұрынғыдан да гөрі асқақ жоспарларды әзірлеуге кірісеміз.

Интеграция мен бүкіл әлемге ашықтық — біздің саналы таңдауымыз.

Ресеймен және Беларусьпен бірлесіп, біз Кеден одағын дамытамыз, таяу жыл-

дарда Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру үшін жұмыс істейміз.

Біз Қытай Халық Республикасымен өзара тиімді қызметтестікті кеңейтуге ниеттіміз.

Қазақстан  Америка  Құрама  Штаттарымен  және  Еуропа  Одағы  елдерімен 

стратегиялық әріптестікті нығайтуды көздейді.

Біз өзіміздің орталықазиялық көршілерімізбен және түркі елдерімен неғұрлым 

тығыз өзара ынтымақтастықта боламыз.

Қазақстанның биылғы Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы аясында біз 

мұсылман әлемімен ықпалдастықты кеңейте түспек ниеттеміз.

Орталық  Азиядағы  қауіпсіздік  жүйесінің  тиімділігін  арттыру  Қазақстанның 

ЕҚЫҰ,  АӨСШК,  ШЫҰ  және  ҰҚШҰ  қызметіне  белсенді  қатысуымен,  сондай-ақ 

нАтО-мен әріптестікті кеңейтумен байланысты.

Қымбатты достар!

Мен  Қазақстан  ұлтының  тұрақтылық  пен  өркендеу  жолын  табысты 

жалғастыратынына сенемін.

Біздің  болашақ  жеңістеріміздің  ұлттың  ары  мен  ожданын  құрап,  еліміздің 

қуатын арттыратынына сенімім мол. 

Бүгінде Қазақстан өз алдына жоғары мақсаттар қойып, оларға қол жеткізуге 

қабілетті, өршілдігі күшті мақсаткер ел.

Біз оны дәлелдедік.

Біз оны тағы да дәлелдейміз.

Мен Қазақстан халқына сенемін, еліме сенемін!

Құрметті халайық, қадірменді қонақтар!

Ықылас білдірген ардақты әлеумет!

Халқымызда «Көп тілегі — киелі, жұрттың сөзі — уәлі» деген дана сөз бар.

Мен  жаңа  ғана  Қазақстан  Президенті  ретінде  ата-бабаларымыздан  қалған 

ақ киіздің үстінде тұрып, салтанатты түрде ант бердім. Менің айнымас антым — 

аманатқа  адалдықтың,  сенімге  серттің  белгісі!  Ақжүрек  жұртымның  қалтқысыз 



256

Қосымшалар

сенімі қашанда маған орасан зор жауапкершілік жүгін міндеттейді. Мен үшін ел 

үмітін ақтағаннан, жұрт сенімін сақтағаннан асқан бақыт жоқ.

Менің  сайлаудағы  бүгінгі  жеңісім  —  халқымның  ынтымақ-бірлігінің  мәуелі 

жемісі.


Халқымның қолдауы маған сарқылмас күш-жігер береді.

Біздің  бағдарымыз  —  айқын,  ендеше,  болашағымыз  —  жарқын!  Біз  кемел 

келешегіміздің берік іргесін бірге қалаймыз!

Баршаңыз  білесіздер,  біз  тәуелсіздік  жылдарында  бар  игілікті  істі  жарқын 

болашақ  үшін  жасаудамыз.  Сондықтан,  сайлауда  болашағымыз  —  жастардың 

белсенді түрде маған дауыс бергені мені ерекше тебірентеді.

таяуда  мен  нарғыз  Иманғазы  деген  астаналық  бүлдіршін  ақын  қыздың  жыр 

жолдарын тыңдадым. Онда былай деп жазылған:

тәуелсіздік, атың қандай киелі!

Сені қорғау — әр қазақтың парызы,

Әр қазақтың сен деп соғар жүрегі!

тәуелсіздік — қандай ғажап бұл ұғым!

Осындай тәуелсіздіктің қадірін жете сезінетін отаншыл, мемлекетшіл жастардың 

өсіп келе жатқаны мені қуанышқа бөлейді.

Біздің тамырын тереңге тартқан мәңгілік ұлы мұратымыз бар. Ол — тәуелсіздікті 

көздің қарашығындай сақтап, елдігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету!

Елімді төрткүл дүниеде терезесі тең еңселі жұртқа, абыройы асқан айбынды елге 

айналдыру — менің өмірлік өршіл мұратым.

Сондықтан, мен күш-қуатым барда, тәжірибем барда тілегі бір елдің тірегі болып 

қызмет ете беруге қашанда дайынмын.

Әрбір  қазақстандықтарға,  әр  отбасыға,  әрқайсыларыңызға  шын  жүрегіммен 

құрмет,  ақ  ниетіммен  зор  денсаулық  тілеймін.  Ел-жұртымыз  аман  болсын,  әр 

жанұяда бақыт пен береке орнықсын.

Баршаңызға зор рахметімді айтамын!



257

Қосымшалар

Қазақстан халқы Ассамблеясының

ХVІІ сессиясында сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 18 сәуірі

Құрметті Ассамблея мүшелері!

Қымбатты сессия меймандары!

Сіздерді  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  17-ші  сессиясының  ашылуымен  шын 

жүректен құттықтаймын!

тарихи кезеңнің бастауында ашылған бұл сессияның маңызы айрықша.

таяуда елімізде кезектен тыс Президент сайлауының өткені баршаңызға мәлім. 

Ұлысты ұйыстыра түскен бұл сайлауда халық маған, осы отырған бәріңізге тағы да 

тағдырын сеніп тапсырды. Бізге тапсырды. Ел бірлігін көрсетіп, әлем алдында бе-

дел алдық.

Сайлау  кезінде  Ассамблея  мүшелері  мен  этно-мәдени  топтардың  өкілдері 

қалтқысыз  қолдау  білдірді.  Сондықтан,  Ассамблеяның  мүшелеріне  және  барша 

Қазақстан халқына шынайы ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіздер!

Қадірлі қауым!

Бүгінгі  алқалы  басқосу  ел  тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  өтуде. 

тәуелсіздік  алған  тұста  біз  таңдауы  қиын  жолайырықта  тұрдық.  Біз  сол  күрделі 

кезеңде  өміршең  жолға  түсіп,  берекелі  болашағымызды  бекем  бірлікпен 

байланыстырдық.

тату  елге  тыныштық  орнайды,  бейбіт  елде  ғана  береке  болады  деген.  Біздің 

дұрыс жол таңдап, ізгілік пен сенімге негізделген парасатты саясат жүргізгенімізді 

сара уақыттың өзі дәлелдеп берді.

Біз  жүз  жылға  татитын  20  жылда  ортақ  жауапкершілік  жолын  жүріп  өттік, 

биік белестерді бірге бағындыра білдік. Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, 

мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік. тұрақтылықтың бірегей үлгісін танытып, 

дамудың қазақстандық жолын айқындадық.

Мұның бәрі бізге өздігінен оңай келген жоқ. Осы жылдары татулықтың тұтқасы, 

бірліктің  бесігі  болған  Ассамблея  еліміздің  дамуына  зор  үлесін  қосты,  қосып  та 

келеді.


Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті әлеумет!

Қазақстанды,  қазақты  достықтың  киелі  шаңырағына  теңесек,  түрлі  этностар 

оның алтын арайлы уықтары іспетті.

Бұл ретте байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар 

бар.


Ол — біздің талайлы тағдырымызды тұтастыратын шежірелі тарихымыз.

Ол — біздің байтақ мәдени мұрамыз бен қазығы берік мемлекеттік тіліміз.

Біздің жасампаз тарихымызды елдің әрбір азаматы мақтан етуге тиіс.

Сондықтан, біз тамырын тереңге тартып, тәуелсіздікпен бірге мәуесін жайған та-

рихи танымды ұрпақ санасына сіңіруіміз қажет.


258

Қосымшалар

Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сон-

да тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болады.

Бұл  ретте  тәуелсіздігіміздің  20  жылдығы  біз  үшін  мерейлі  меже  ғана  емес, 

болашаққа бағдар болатын байыпты белес.

Еңсе тіктеген еліміздің алдында ұлан асу, биік белестер тұр. Сондықтан, бүгінгі 

сессияда өзекті мәселелер талқыланып, келелі ойлар айтылады деп сенемін.

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттігіміз мәңгі болсын, ағайын!

Баршаңызға бірлік пен береке тілеймін!

Құрметті сессияға қатысушылар!

Қымбатты қазақстандықтар!

Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XVII  сессиясы  тұңғыш  рет  1  Мамыр  — 

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында өтіп отыр.

Биыл біз Бірінші Мамырды алғаш рет жаңа пішінде атап өтетін боламыз. Өткен 

жылы, тәуелсіздік күнін тойлаған кезде менің осындай тапсырма бергенімді сіздер 

білесіздер.

Бүкіл Қазақстан бойынша бұқаралық шерулер, патриоттық акциялар өтеді.

Көктемгі 1 Мамыр мерекесі біздің еліміздің барлық этностарын бұрынғыдан да 

гөрі жақындастыра түсуге тиіс.

Бұл — 20 жыл ішінде құрылған біздің ОРтАҚ ҮЙІМІЗ — туған Қазақстанымыздың 

ең  басты  мерекелерінің  бірі.  Біз  оның  берік  қабырғасын  тұрғыздық.  Біздің 

шаңырағымыз  берік  нығайтылды.  Біздің  терезелеріміз  мөлдір.  Біздің  үйіміздің 

есіктері бүкіл әлемдегі барлық достар үшін кеңінен ашық. Біз өзіміздің өте айрықша, 

тату-тәтті қазақстандық отбасын құрдық.

Мен сіздерді алдағы мерекемен, біздің мерекемізбен құттықтаймын, қымбатты 

отандастар.

Қымбатты қазақстандықтар!

таяуда ғана кезектен тыс президенттік сайлау табысты өтті. Ол біздің ұлттық 

бірлігіміздің салтанатына айналды.

Онда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарды.

Дәл  осы  ҚХА-ның  өткен  сессиясында  Президент  өкілеттігін  ұзарту  туралы 

бастаманың алғаш рет көтерілгенін еске түсірейік. Рас, осы мінберден оны 2030 

жылға дейін ұзарту да ұсынылды. Бірақ, біз үшін бәрі әлі алда.

Менің  сайлау  штабымда  ҚХА-ның  және  өңірлік  ассамблеялардың,  іс  жүзінде 

барлық этно-мәдени бірлестіктердің мыңдаған өкілдері жұмыс істеді. Мен біздің ортақ 

тағдыршешті жеңісімізге баға жетпес үлес қосқан баршаға алғысымды білдіремін!

Сайлау  қорытындысы  —  Қазақстан  тәуелсіздігінің  20  жылдығының  заңды 

қорытындысы.

Президенттік сайлаудан кейін маған түрлі ұлттардан тұратын біздің азаматта-

рымыздан ондаған мың құттықтаулар келіп түсті және әлі де келіп түсуде. Мен күн 

сайын бір де бірін жібермей, ыждағаттылықпен оқыған әр жолдың астарында біздің 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет