Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет30/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44

сәулеткерлік, философия мен поэзия салаларында ұлы жаңалықтар мен ашылулар-

ды сыйлады.

Бағдад,  Кордова,  толедо,  Александрия  секілді  қалалар  бүкіл  әлемнің 

интеллектуалдық орталықтары болып табылды. Олар ғалымдар, әдебиетшілер мен 

кітап шығарушылардың ірі қауымдастығын өздерінде шоғырландыра білді.


300

Қосымшалар

Мұсылмандар  көрші  елдердің  қызығушылығы  мен  таңданысын  туындатқан 

қуатты интеллектуалдық өркениетті құра алды.

Қайта өрлеу заманының қарсаңында христиандық Еуропа шығыс киімдерін киді 

және мұсылмандардың философиялық шығармаларын оқуды дәстүрге айналдырды.

Араб  цифрлары  мен  есептеу  жүйесінің  пайда  болуы  математикада,  алгебра-

да, геометрияда танымдық төңкеріске әкелді. Осының негізінде Еуропаның мұнан 

кейінгі гүлденуіне қызмет еткен оқытушылық жүйесі қалыптасып, сәулеткерлік пен 

сауда дамыды.

Міне, осындай қуатты тарихи іргетасқа сүйене және бірлесе отырып біз ислам 

өркениетінің интеллектуалдық рөлін қайта жаңғыртуға міндеттіміз.

Мұсылман  әлемінің  интеллектуалдық  ұлылығы  мен  жасампаздық  күш-қуаты 

неліктен жоғалғандығын зерттеп, түсінуіміз қажет.

Ислам  елдері  бай  табиғи,  адами,  қаржылық  ресурстарға  ие  бола  отырып, 

неліктен әлемдік даму деңгейінде жоғарғы орындарға ие бола алмады?

неліктен ислам университеттері әлемдік жоғары білім жүйесінде өздерін көрсете 

алмай отыр?

Соңғы  20  жылда  мұсылман  елдерінде  жаратылыстану  және  техникалық 

ғылымдар саласында әлемдік деңгейдегі жаңалық ашулардың болмау сыры неде?

Бұл шындықты байқамаудың өзі мүмкін емес.

Әлемдік  деңгейдегі  алдыңғы  қатарлы  идеялардың  пісіп-жетілуі  мен 

жаңалықтардың  ашылуына  ақша  мен  табиғи  ресурстар  емес,  бірінші  кезекте 

интеллектуалдық  орта  мен  қоғамдық-саяси  ахуалдың  қажет  болатындығы  әбден 

айқын.

Бірқатар мұсылман мемлекеттер бүгіннің өзінде осы бағытта алға басып келеді. 



Оларда әлемдік деңгейдегі университеттер ашылуда.

Астанада  ашылған  Халықаралық  университет  солардың  бірі  болып  табылады. 

Мұнда инженерлік, жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық мамандықтар 

бойынша әлемдік деңгейде білім берілуде.

Пайғамбар,  оны  Жаратқанның  өзі  жарылқасын,  білімге  бара  жатқан  адам 

Алланың жолына түседі деген жоқ па еді.

Құрметті достар!

ИКҰ  жаһандық  деңгейдегі  жаңа  ұсыныстарды  әзірлеп,  шешімдер  қабылдау 

үдерісіне белсене қатысуы тиіс деп есептеймін.

G20 саммиттерінің жұмысына ИКҰ өкілдерінің қатысу мүмкіндігін қарастыруды 

ұсынамын. Бұл «жиырмалықтың» өкілеттілігін арттырып, ИКҰ елдеріне халықаралық 

«күн тәртібіндегі» маңызды мәселелер жөнінде өздерінің топтастырылған ұстанымын 

қорғауға мүмкіндік берген болар еді.

Халықаралық ынтымақтастықтың күшеюін жалпы мұсылмандық экономикалық 

интеграция  мен  өзара  әрекеттестікті  дамытудың  сапалы  кезеңі  деп  есептейміз. 

Орталық  Азия  мен  ынтымақтастық  жөніндегі  ИКҰ  әрекеттестік  жоспарының 

әзірленуі осыған жақсы мысал бола алады.

Ауғанстандағы тұрақсыздық біздің бәріміздің ортақ мазасыздануымызды туын-

датады.

Ұйымның өзі есірткі бизнесі мен күрес жөніндегі өзіндік мүмкіндіктерін толық 



пайдаланып  отырмағандығын  мойындауымыз  керек.  Соңғы  он  жылда  ауған 

301

Қосымшалар

героинының өндірісі мен есірткі трафигі он есе өсті. Біз есірткі бизнесімен күресте 

және  көптен  бері  зардап  шегіп  келе  жатқан  ауған  халқына  көмек  көрсетуде  өз 

мүмкіндіктерімізді толық пайдаланып отырғанымыз жоқ.

Ауғанстан жөніндегі ИКҰ арнаулы өкілінің қызметін белсенді етумен қатар ИКҰ 

аясында осы елге көмек көрсету мәселесімен шұғылданатын арнаулы жұмыс тобын 

құруды ұсынамын.

Жаһандық шақырулар алдында Умманың барлық мемлекеттерінің күш-жігерін 

біріктірудегі біздің ұйымның белсенділігі мен институттық рөлін күшейту қажет.

Дакарда 2008 жылы қабылданған ИКҰ жаңа Жарғысы бізді осыған бағыттайды. 

Ол ұйымды ИКҰ-ны реформалау мен жалпы жаңғырту контексінде жаңа сипатта-

ма  беруге,  оның  органдарының  тиімділігін  арттыруға  шақырады.  Атап  айтқанда, 

ИКҰ-ға тиімді орган — терең болжау-талдау жұмыстарын жүргізе алатын, мемле-

кет басшыларына ұйымның өз ішінде және бүкіл әлем бойынша оқиғалардың өрбу 

жағдайына байланысты мүмкін сценарийлер мен нұсқаларды ұсына алатын инсти-

тут немесе орталық қажет.

Қазақстан  бастамашылдығы  бойынша  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және 

сенім  шаралары  жөніндегі  кеңестің  құрылуы  азиялық  континентте  қауіпсіздік 

пен  ынтымақтастықтың  көпжақты  тамаша  құралына  айналды.  Оған  қатысушы 

24 мемлекеттің 15-і ИКҰ мүшелері болып табылады.

Біздің жалпы күш жұмсауымыздың арқасында ИКҰ-ның АӨСШК, ЕҚЫҰ, ШЫҰ-

мен  үнқатысуының  негізі  орнықты.  Біз  оны  одан  әрі  дамытуға  барлық  жағынан 

ықпал етуге ниеттіміз.

Қазақстанның  бүкіл  әлем  бойынша  қуаттылығы  жөнінен  төртінші  ракеталық-

ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, Семей ядролық полигонын жапқандығы, 

ядролық қарудан тыс орталық-азиялық аймақты құрудың белсенді қатысушысына 

айналғандығы өздеріңізге белгілі.

Мен өз халқымның атынан Қазақстан Президенті ретінде Сіздерді таяу Шығыста 

ядролық қарулардан тыс аймақты құруға, ал болашақта ядролық қарусыз жаһанды 

қалыптастыру ісіне белсене қатысуға шақырамын.

Халықаралық лаңкестік, ең алдымен, мұсылман әлеміне үлкен қатер төндіруде. 

Бізге  ислам  мемлекеттерінің  осы  қатерге  қарсы  тұратын  сайма-сай  тәсілдерін 

ынтымақтаса отырып әзірлеу қажет.

Палестиналықтардың  өз  мемлекетін  құру  жөніндегі  заңды  құқықтарының 

жүзеге  аспауы,  Шығыс  Иерусалим  мәртебесі  туралы  мәселенің  шешімсіздігі, 

босқындардың ауыр жағдайы тек таяу Шығыста ғана емес, сонымен қатар, одан 

шеткері аймақтарда да күрделі жағдайдың қалыптасу көзі болып отыр.

Біз  өңірде  БҰҰ  қарарымен  сәйкес  бейбіт  реттеу  жөніндегі  бастамашылдықты 

қолдаймыз.

Қазақстан ИКҰ-ға күрделі кезеңде төрағалық етіп отыр. XXI жүзжылдықтың ба-

сында  ислам  әлемі  елеулі  әлеуметтік-экономикалық  проблемаларға  және  саяси 

сілкіністерге  тап  келіп  отыр.  таяу  Шығыста  және  Солтүстік  Африкада  орын  алған 

оқиғаларға сұрыптау жасау барысында бұл сілкіністердің басты себебі бұл елдердегі 

шешілмеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар болып отырғандығын көрсетеді.

Қазақстан  тәуелсіздік  алған  кезеңнен  бастап  халықтың  әл-ауқатын  көтерудің 

басты тұғыры экономикалық даму екендігіне басымдық берді және біз дұрыс қадам 

жасадық.


302

Қосымшалар

тәуелсіздіктің 20 жылдығы ішінде жан басына шаққандағы ІЖӨ 12 еседен астам 

өсіп, 10 мың долларды құрап отыр. Біз жақын арадағы 5 жыл мерзім ішінде бұл 

көрсеткішті бір адамға шаққанда 15 мың долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл 

алынатын меже.

тәуелсіздік  жылдары  ішінде  қазақстандықтардың  табысы  17  есе  өсті.  Міне, 

осындай жетістіктердің арқасында жыл сайын біздің бірнеше миллиондаған аза-

маттарымыз  шетелдерде  демалуға  мүмкіндік  алады,  30  мыңнан  астам  жас 

қазақстандықтар  шетелдердің  алдыңғы  қатарлы  беделді  оқу  орындарында  дәріс 

алуға мүмкіндік алды.

Жаһандық дағдарыстың ауыр кезеңінде Қазақстанда жұмыссыздық өскен жоқ, 

керісінше, төмендеді.

тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын 10 жыл ішінде, бүгін өздеріңіз қонақ 

болып отырған жаңа астана — Астана қаласы салынды.

Экономикаға  басымдық  беру  бізді  тиімді  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге, 

қоғамдағы рухани келісім және саяси тұрақтылыққа қол жеткізуге әкелді.

Ислам үдерістерін қайта пайымдау және сақтау, қоғамды модернизациялау — 

міне, біздің даму жолымыздың траекториясы осындай.

Қазақстан  мұсылман  тұрғындары  басым  болып  саналатын  зайырлы  мемле-

кет.  Біз  барлық  мұсылмандардың  бір-біріне  және  өзге  діннің  барлығына  деген 

төзімділігі,  байыптылығы  және  танымдылығы  негізінде  бірігуін  жақтаймыз.  Біз 

мәдени-діни дәстүрлерді және әртүрлі этностардың ерекшеліктерін сақтай отырып, 

әлеуметтік-экономикалық  жаңғыруға  және  халықтың  әлеуетін  одан  әрі  көтеруге 

бірінші кезекте басымдық береміз.

Мұсылман  мемлекеттері  неғұрлым  табысты  болса,  солғұрлым  әлемде  Ислам 

бейнесі тартымды болмақ.

Әлемдік саясаттың өте күрделі проблемаларының бірі мұсылман әлемінің басқа 

әлеммен, бірінші кезекте Батыспен күрделі қарым-қатынасы болып отыр.

Мұсылман әлемінің бүгінде батыстық пайым бойынша бірінші кезекте радикал-

ды бөлігі басымдылық алып, әлем жұртшылығы көзқарасы бойынша негізсіз үрей 

туғызады. Бұл ретте исламның бірінші кезекте жалпы адамзаттық құндылықтарды 

адамгершілік,  төзімділік  және  әділеттілік  қасиеттерді  насихаттайтындығын  атап 

көрсету керек. Ислам дінінің негізгі тұғыры экстремистікті, оның ішінде діни та-

нымдарды жамылатын лаңкестік құрылымдармен ешқандай байланысы жоқ.

Лаңкестіктің салдарынан ең бірінші ислам мемлекеттерінің азаматтары зардап 

шегетіндігі белгілі.

Мұхаммед  пайғамбардың  хадистерінде  былай  делінеді:  «Дін  —  зорлық-

зомбылықтан бас тарту. Ешқандай мұсылман баласы зорлық-зомбылықты қолдауға 

тиісті емес».

Біздің алдымызда 2 өте маңызды міндет тұр.

Бірінші — саяси идеология ретінде діни фундаментализмге қарсы тұруды үйрену. 

Біз  Исламның  саяси  зорлық-зомбылықпен,  экстремизммен  және  лаңкестікпен 

ешқандай байланысы жоқ екендігін үзілді-кесілді мәлімдеуге тиістіміз.

VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форумында мен біртұтас медиалық ис-

лам жобасын жасау жөнінде ұсыныс жасадым.

Қазір  осы  жобаға  қарсы  Интернетте  «жаңа  медиалық»  қуатты  қарсылықтар 

қарқын алуда. Осыған байланысты мен мұсылмандық рухани құндылықтарды та-



303

Қосымшалар

рататын, жастардың Ислам діні мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыра-

тын,  біздің  ұйымымыздың  қызметін  насихаттайтын  е-ISLAM  Интернет-ресурсын 

құруды ұсынамын.

Екінші  міндет  —  Мұсылман  әлемі  және  Батыс  әлемі  арасындағы  ашық  және 

әділетті үнқатысуды барынша жандандыру керек.

Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалығы міне, осы игілікті мақсаттарды жүзеге асыруға 

бағытталған.

2008 жылы Астанада бірінші рет Мұсылман әлемі мен Батыстың сыртқы істер 

министрлерінің  конференциясы  өткізілді.  Бізге  Батыс  және  Умма  мемлекеттері 

арасындағы өзара түсіністікті тереңдету жөніндегі үнқатысу үшін 60-тан астам мем-

лекет пен халықаралық ұйымның өкілдерін жинауға мүмкіндік туды. 

Менің  ойымша,  ресми  тұлғалардың  осындай  үнқатысуын  өткізуді  жалғастыру 

қажет.

Қасиетті  Құранда  мұсылман  емес  адамдармен  пікірталас  және  үнқатысу 



негізін  жүргізу  туралы  былай  делінеді:  «Жаратқанның  қасиетті  жолына 

ғұламалықпен және ізгі ісіңмен баста және олармен болатын пікірталасты ізгілікпен 

жалғастыр».

Бұл  әртүрлі  пиғылдағы  экстремистердің  әлемде  өзара  жаулық  дәнін  сеуіп, 

«өркениеттер  қақтығысы»  деген  текетіреске  тартып  жатқан  кезеңде  ерекше 

маңызды  болып  табылады.  Бұл  негізінен  дұрыс  емес  және  құрдымға  апаратын 

себеп.

Христиан  және  мұсылман  өркениетінің  қақтығысына  бізді  итермелейтін  бұл 



пиғыл біздің планетамыздағы тіршілікті жойып жіберуге әкеліп соғатындығы әбден 

мүмкін.  неліктен  бұл  барлығымызды  тоқтата  алмайды?  Осы  сұрақ  төңірегіндегі 

салиқалы  ой  бізді  бейбітшілікті  және  өзара  түсіністікті  қалыптастыруға  итерме-

леуге тиіс.

тарихи тұрғыдан ислам, христиан және иудаизм өзара бір-бірімен жақын, біздің 

діндеріміз өзара тәуелді және бірін-бірі толықтырып отырады. Біз бір ғана Құдайды 

мойындаймыз,  біздің  діндерімізде  бір  ғана  ыбырайымдылық  —  абрамдық  негіз 

бар.


Біз «өркениеттер қақтығысының» орнына «өркениеттер бірлестігін» ұсынамыз. 

Біз өзара қақтығыстың орнына барлық әлем еститіндей мұсылман және христиан 

әлемі арасындағы ашық та әділетті үнқатысуға шақырамыз. Мұндай қадам Умма 

тарапынан Исламға деген құрмет пен сенімділікті арттырады.

Қазақстанда  мұсылман  мешіттерінің  мұнаралары,  христиан  храмдары  мен 

иудейлік  синагогалардың  күмбездері  бейбіт  қатар  өмір  сүреді,  сіздердің  оларға 

баруға және көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Бізде 130-дан астам этностың өкілдері 

бейбіт  қатар  өмір  сүреді.  Бұл  іс  жүзінде  біздің  еліміздің  бейбітшілік  және 

толеранттылықты насихаттауға қосқан үлесі болып табылады.

Қазақстан  өткен  жылы  ең  ірі  еуроатлантикалық  ұйым  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығын 

аяқтады. Осы Астанада, нақ өзіміз отырған осы залда 11 жыл үзілістен кейін алғаш 

рет осы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының Саммиті өтті.

Біз  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығымыздың  мүмкіндіктерін  ИКҰ  шеңберіндегі 

байланыстарды кеңейтуге, мұсылман әлемі мен Батыстың түсіністігін тереңдетуге, 

Орталық Азия проблемалары мен сұраныстарына Еуропа мен АҚШ-тың назарын 

аударуға пайдаландық.



304

Қосымшалар

ЕҚЫҰ-ға  төрағалығының  бай  тәжірибесін  пайдалана  отырып,  Қазақстан  ИКҰ 

министрлік конференциясын басқарғанда біздің ұйымымыздың кез келген пробле-

маларын шешу жолындағы жан-жақты үнқатысу алаңын дайындауға дайын.

Бізде Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің қалыптасқан әлеуетін пайдалану 

жөніндегі жақсы мүмкіндіктер бар.

Кезекті төртінші съезд Астанада 2012 жылы өтеді. Біздің әңгімемізді жалғастыру 

үшін құрметті дін өкілдерін оған қатысуға шақырамын.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Астаналық  үнқатысу  алаңы  Батыста,  сол  сияқты  Шығыста  да  болып  жатқан 

көп реттегі конфессияаралық қақтығыстардың алдын алуға және оларды шешуге 

ыңғайлы мүмкіндік береді.

Құрметті достар!

Сөз  соңында  бүгінгі  Форум  мұсылман  әлеміндегі  қауіпсіздік  пен  есендікті 

нығайтуға лайықты үлесін қосады деп сенім білдіремін.

Бүгін  қазақ  жерінде  Ұйымды  жаңаша  Ислам  ынтымақтастық  ұйымы  деп 

атай  бастау  —  біздің  жаңаруымыздың,  бірлігіміздің  және  үмбеттің  бәсекеге 

қабілеттілігінің символы болады деп сенемін.

Біздің Ұйым халықаралық «күн тәртібін» қалыптастыруға белсендірек қатысады 

деп үміт артамын.

Қазақстанның  Ұйымға  төрағалығы  «Бейбітшілік,  ынтымақтастық  және  даму» 

ұраны аясында өтуі бекер емес. Осы 3 өлшем бойынша біршама жетістіктерге қол 

жеткізген біздің еліміз Ислам ынтымақтастық ұйымы беделінің арта түсуіне күш 

салады.

Сессиядағы жұмыстарыңызға сәттілік және табыс тілеймін!



назарларыңызға зор рахмет!

305

Қосымшалар

Қазақстан Республикасы Парламенті 

төртінші шақырылымы V сессиясының 

ашылуында сөйлеген сөзі

Астана қаласы, 2011 жылдың 1 қыркүйегі

Қымбатты депутаттар!

таяуда  кезекті  сайлау  өтіп,  Сенат  құрамының  жаңарғанын  білесіздер.  Сай-

лауда  ел  сеніміне  ие  болған  жоғарғы  палатаның  жаңа  өкілдерін  шын  жүректен 

құттықтаймын.

Қазақстанның  және  өздеріңіз  сайланған  өңірлердің  игілігі  үшін  атқаратын 

еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Алдағы V сессия баршамыздан жоғары жауапкершілік пен асқан ұйымшылдықты 

талап етеді. Себебі бұл сессия қастерлі тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейлі тойына 

орайлас келді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Мемлекеттік тәуелсіздік туралы конституциялық 

заң қабылданған еді. Осы заң арқылы еліміздің арайлы азаттығы салтанатты түрде 

жарияланды.

Біз азаттықтың 20 ешбір тарихымызда болмаған биікке көтерілдік.

Құрметті Парламент депутаттары мен

Үкімет мүшелері!

Бүгінгі сессияның маңызы айрықша. Бұл — төртінші сайланған Парламенттің 

жұмысын қорытындылайтын жауапты сессия.

Мәжілістің  қазіргі  құрамы  алғаш  рет  партиялық  тізім  бойынша  сайланғанын 

білесіздер.  Оның  құрамында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясынан  тұңғыш  рет 

сайланған депутаттар жұмыс істеп жатыр.

Үкіметіміз  «нұр  Отан»  партиясының  Парламенттегі  басым  көпшілігінің 

қолдауымен жасақталып, жұмыс жүргізуде.

Заң  шығарушы  билік  пен  атқарушы  билік  арасында  конструктивті  қарым-

қатынас орныққан.

Депутаттар күрделі жаһандық дағдарыс жағдайында жоғары кәсіби белсенділікпен 

жұмыс  жүргізді.  Үкіметпен  бірлесе  отырып,  дағдарысқа  қарсы  заңдық  құжаттар 

әзірленіп, қабылданды және ол табыспен іске асуда.

Қазақстан  жаһандық  экономикалық  күйзелісті  жеңіп  шыға  алған  әлемдегі  аз 

ғана елдің бірі болды.

Осы  жетістіктеріміздің  арқасында  тәуелсіздіктің  20  жылдық  торқалы  тойын 

қарсы алғалы отырмыз.

Біздің экономикамыз қайтадан ерекше қарқын алуда. Алғашқы жарты жылдықта 

ішкі жалпы өнім көлемі 7,1% құрады. Оның үстіне өңдеу өнеркәсібі саласындағы 

өндіріс көлемі 8% де артты. Индустриялық-инновациялық даму бағытының арқасында 

қазірдің өзінде биылғы жылы ішкі жалпы өнім өсуінің 1/3 қамтамасыз етілді.

Өткен  жылы  елімізде  Индустрияландыру  картасына  енгізілген  152  кәсіпорын 

ашылды. Биылғы жылы инновациялық үлгідегі 204 кәсіпорын ашу жоспарланып 

отыр.


306

Қосымшалар

Аграрлық сектор жоғары қарқынмен дамуда. тек биылғы жылдың өзінде ғана 

ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау ретінде 177 млрд. теңге қаржы бөлінді. 

Соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласын бюджеттен қаржыландыру көлемі 

670 млрд. теңгені құрады. Бұл — орасан ауқымды теңдессіз көрсеткіш. Барлық 

өңірлерде тұрақты азық-түлік қорлары құрылды.

Дүние  жүзіндегі  дүрбелеңге  қарамастан  Қазақстанда  жалақы  мен  зейнетақы 

көлемі арта түсуде.

Білім және денсаулық сақтау салалары да жоғары қарқынмен дамуда. Мемлекеттік 

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 101 мектеп және 50 денсаулық 

сақтау мекемесі салынды. таяу жылдарда бүкіл елімізде 400-ден астам жаңа мектеп, 

350-дей аурухана, емхана және фельдшерлік пункттер ашылады.

Әлемдік білім беру орталықтарының үлгісімен құрылған еліміздің маңдай алды 

жоғары оқу орны — назарбаев университеті жұмысын жүргізе бастады.

Осы орасан жетістіктерге Парламент депутаттары зор үлес қосты.

Өткен сессияда түрлі мәселелер туралы 141 заң қабылданып, 76 халықаралық 

келісім ратификацияланды.

Осының бәрін сіздердің тәуелсіздік тойына жасаған лайықты тартуларыңыз деп 

білемін.


Сол үшін сіздерге зор ризашылығымды білдіріп, шын жүректен рахмет айтамын.

Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері!

Парламенттің бесінші сессиясы өзінің жұмысына Қазақстан тәуелсіздігінің 20 

жылдығы қарсаңында кірісіп отыр. 

Біздің  барлық  табыстарымыз  заң  шығарушылардың  тер  төге  жұмыс  істеген 

еңбегінсіз, биліктің барлық тармақтарының үйлесімді іс-қимылынсыз мүмкін бол-

мас еді. Мен барлық депутаттарға осы үлестері үшін ризашылығымды білдіремін.

Бүгінде  Қазақстан  алмағайып  дүниенің  бөлшегіне  айналды.  Біз  белсенді, 

теңдестірілген сыртқы саясат жүргізіп, көршілерімізбен интеграцияны кеңейтудеміз, 

әлемнің жетекші елдерімен ынтымақтастығымызды нығайтудамыз. 

Кеден одағына қатысуымыз қазірдің өзінде өзара сауда-саттықта айтарлықтай 

өсім беруде. Ресейге экспорт 60%-ға, Беларусьқа 2,3 есеге ұлғайды.

Астанада  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының  алдағы  ондаған  жылдарды 

қамтитын даму жолын айқындаған тарихи саммиті өткізілді. 

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымының төрағалығына кірісті. 

Біз таяудағы жылдар өзіміз үшін және бүкіл әлем үшін қамсыз отырудың уақыты 

емес екенін түсінуге тиіспіз. 

Әлемнің дамуы күрделі екені талассыз.

Біріншіден, жаһандық экономиканың үрдістері көңіл жұбатарлықтай емес. Қаржы 

рыноктары тұрақсыз, әлемдік бағалар секіріс үстінде. Көптеген онжылдықтардан 

бері  алғаш  рет  АҚШ-тың  рейтингтік  позициясы  төмендеді.  Еуропалық  Одақ 

экономикалық проблемаларына малтығып жатыр. Еуропадағы әлеуметтік толқулар 

қазірдің өзінде ірі қалаларда жаппай ойрандау мен тонауларға ұласа бастады. 

Әлем бұрынғы дағдарысты жылдардан тиісті қорытынды шығарған жоқ. Және де 

қазір ешкім тіпті таяудағы айларға да дәл болжам айта алмайды. Жаңа жаһандық 

экономикалық модельге көшу идеясы күні бүгінге дейін тек пікірталас тақырыбы 

ғана болып қалып отыр.


307

Қосымшалар

Екіншіден,  әлем  қауіпсіздіктің  айтарлықтай  қатерлерімен  бетпе-бет  келуде. 

Африкадағы  жаһандық  аштық  ошағы  қазірдің  өзінде  ондаған  миллион  адамды 

қамтыды. БҰҰ болжамы бойынша, аштық біздің Орталық Азиядағы бірқатар көршілес 

мемлекеттерге де қатер төндіруі мүмкін. Сәйкесінше, заңсыз миграциялармен, эпи-

демиялармен, жанжалдармен байланысты қауіп-қатерлер де біршама жоғарылауда. 

Әлемдік  ақпараттық  кеңістік  те  «ұрыс  даласына»  айналуда.  Жаһандық 

желіде  «интернет-пираттардың»  қылмыстық  тобы  лаң  салуда.  Олар  шабуылдар 

ұйымдастырып, компанияларға, банктерге, тұтастай мемлекеттерге зиян шектіруде.

Үшіншіден, әлем айтарлықтай геосаяси өзгерістер табалдырығында тұр. 

таяу Шығыс тасқындап жатыр. Біздің шекарамыз маңында да тыныштық жоқ. 

Мемлекеттердің  барлығы  бірдей  тұрақсыздық  толқынына  қарсы  тұра  алмайды. 

Этносаралық және дінаралық жанжалдар тәуекелі өсе түсуде. Жақында бүкіл әлем 

бейбіт норвегиядағы жантүршігерлік лаңкестіктен есеңгіреп қалды. Халықаралық 

терроризмнің жаңа тықсыру қатері жоғары күйінде қалып отыр.

Жаңа  қауіп-қатерлер  алдында  экономикамызды,  мемлекетімізді  және 

қоғамымызды бекемдеу біздің ортақ парызымыз. Барлық билік тармақтарының, 

оның ішінде Парламенттің де алдағы жұмысының басты мән-маңызы осында.

Құрметті депутаттар!

Қазақстанның ағымдағы және дамудың стратегиялық жоспарларын есепке қоса 

алғанда, V сессия барысында Парламентке заң шығарушылық міндеттердің төрт 

блогын шешу қажет.

Бірінші.  Біздің  экономикамызға,  әсіресе,  басым  салалардағы  инновациялық 

үдерістерді ынталандыратын нақты заңнамалық нормалар ауадай қажет. 

Үкімет  «Индустриялық-инновациялық  қызметтерді  мемлекеттік  қолдау  тура-

лы» заң жобасын дайындады. Жақын арада ол Мәжіліске түседі. Оны жедел түрде 

қарап, 2012 жылдың басында іске қосу керек.

Кезекті маңызды міндет — энергетика саласының инвестициялық мүмкіндіктерін 

арттыратын заңдар қабылдау. 

Энергетиканы  дамыту  —  біздің  тәуелсіздігімізді  нығайту  мәселесі.  Парла-

мент  қазірдің  өзінде  қолданыстағы  заңнамалық  актілерге  бірқатар  түзетулер 

мен  толықтыруларды  қарастыруда.  Олар  энергия  ресурстарын  тұтыну  сапасын 

жоғарылататын  бірқатар  шараларды  қамтиды.  Жақын  уақытта  осы  заңдарды 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет