Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет34/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44

былады. Әділеттілікті қалпына келтіру дағдарыстан кейінгі әлемнің негізі болады. 

Әділетті халықаралық қатынастар қажет. Әділ әлемдік валютадағы әділ халықаралық 

қаржы жүйесі қажет.

Бай  және  кедей  елдер  арасындағы  айырмашылық  өсе  түсуде.  Бүгінгі  әлемде 

көптеген адамдар экономикаға толыққанды қатысу, әлемдік экономикалық өсудің 

барлық  игіліктерін  алу  мүмкіндіктерінен  айырылған.  Бұл  тепе-теңсіздіктерге, 

әлеуметтік шиеленістер мен дау-жанжалдарға апарып соқтыруда.

Мен  осыған  дейін  де  айтып  келгендей,  Қазақстан  ел  азаматтарының 

экономикалық өсуге кеңінен қатысуына жол ашатын меншіктің ең жаңа құрылымын 

қалыптастыруға кірісті.

Халықтық ІРО жүйесі арқылы қазақстандықтар елдің стратегиялық активтерінің 

меншік  иелері  бола  алады.  Оның  не  екенін  халыққа  түсіндіру  қажет.  Әлемдік 

деңгейде танылған ірі ұлттық компаниялар акцияларының бір бөлігін алу арқылы 



332

Қосымшалар

біздің  азаматтарымыз  еліміз  байлығына  иелік  етіп,  дивиденттер  мен  табыстар 

тауып тұра алады.

Келесі  жылдың  өзінде-ақ  халықтық  ІРО-ға  алғашқы  болып  «ҚазтрансОйл», 

«KEGOС» және «Эйр Астана» шығады. Олардан соң қалған ірі ұлттық компаниялар 

да қосылады. Ал 2014–2015 жылдары «ҚазМұнайГаз» шығатын болады.

Халықтық ІРО бағдарламасы — әншейін жаңа бұқаралық жекешелендіру емес. 

Ол лайықты өмір сүріп жатқан жаңа меншік иелерінің бұқаралық табын құру үдерісі. 

Халықтық ІРО үшін сенімді құқықтық негіз қалыптастыру және дамыту Мәжілістің 

келесі құрамының бірінші кезекті міндеті болып табылады.

Мұның  сыртында  барлық  құқық  қорғау  органдарындағы  реформаларды 

тереңдетіп, жұмысты жалғастыру қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түсу керек.

«нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі 300-ден астам 

қоғамдық  кеңестердің  жалпыұлттық  желісін  құрып,  оған  басшылық  жасап  отыр. 

Азаматтардың бір мыңнан астам өтініштері қаралып, олардың көпшілігі бойынша 

қылмыстық істер қозғалды, нақты шенеуніктер жазаланды.

Біз сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде ымырасыз болуға тиіспіз. Пар-

тия сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең көлемді қозғалыстың басында болуға тиіс 

және болады да.

Білім  беру  мен  денсаулық  сақтаудың  әділ  жүйесі,  әділ  әлеуметтік  қорғау, 

әділ  жастар  және  тұрғын  үй  саясаты  —  бұлар  біздің  дамуымыздың  жаңа  күн 

тәртібіндегі мәселелер. Олар «Ұлттық іс-қимылдар жоспары. Қазақстан. 2017-нің 

мақсаттарында» көрініс тапқан.

Біріншіден, білім беру саласында біз ата-аналар балаларының оқуына қаржы 

жинау үшін дер кезінде аша алатындай оқыту депозиттері жүйесін енгізуіміз керек.

Келесі 5 жылда 3 мыңнан астам балабақшалар мен мектеп жасына дейінгілер 

үшін дамыту орталықтары ашылып, кемінде 400 жаңа мектеп салынады, әлемдік 

деңгейдегі кәсіптік колледждер желісін құру жөніндегі жоба жүзеге асырылады.

Барлық  білім  беру  ұйымдарының  90%-дан  астамын  кең  жолақты  интернетке 

қосу, 60%-да электронды оқыту жүйесін енгізу міндетін алға қоямын.

Педагогтардың еңбекақылары олардың біліктілігіне байланысты 30%-дан 100%-

ға дейін өседі.

Екіншіден, денсаулық сақтау жүйесі 300 жаңа дәрігерлік амбулаториялармен, 

50 емханалармен және фельдшерлік-акушерлік пункттермен толығатын болады.

Әр  облыста  авиацияны  қолдану  арқылы  шұғыл  көлік  медицинасы  енгізіледі. 

«Денсаулық» медициналық пойыздарының саны артады.

Сапалы медициналық қызметтер қолжетімді болу үшін барлық қазақстандықтарға 

бірдей жағдайлар туғызылады.

2017 жылға қарай ана мен бала өлімі көрсеткіші бір жарым есе төмендетіледі.

Үшіншіден, әділ әлеуметтік жүйе — бұл ең алдымен лайықты зейнетақылар мен 

әлеуметтік әлжуаз халыққа төленетін өтемақылар.

2017 жылға қарай арқаулық зейнетақы төлемдері мен атаулы әлеуметтік көмек 

ең төменгі күнкөріс деңгейінің кем дегенде 60% құрайтын болады.

Сонымен  бірге,  мүгедектер  мен  мемлекеттік  әлеуметтік  жәрдемақыларды 

ықтимал  алушылардың  өзге  топтарының  өз  әлеуеттерін  жүзеге  асырулары  үшін 

мүмкіндіктерді кеңейту жөнінен нақтылы жұмыс жүргізу қажет.



333

Қосымшалар

таяудағы  5  жылда  несие  сомасы  3  млн.  теңгеге  дейін  жететін  селолық 

кәсіпкерлерді шағын несиелеу бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.

Сіздер  «Жұмыспен  қамту  –  2020»  бағдарламасының  жүзеге  асырылып 

жатқанын білесіздер. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Бұл біздің 

негізгі көмегіміз.

Мемлекет  бүгінде  көмек  көрсетіп  отыр.  Ауылдық  жерде  іспен  айналысқысы 

келетіндер үшін — ол 3 млн. теңгеге дейінгі шағын несиелер. Онда жұмыс істей ал-

майтындарды біз мемлекет есебінен қалаларда оқуға шақырамыз, оларды тұрғын 

үймен қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастырамыз. 

Мұны түсіндіру керек. Бұл біздің жағдайымызда өте маңызды бағдарлама. Бізде 

өте көп мигранттар жұмыс істеуде. Қазақстанда жұмыссыздар саны мейлінше аз 

болуы тиіс. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Бірақ, ең алдымен, адамның 

өзінің еңбек етіп, өзінің және өз отбасының тұрмысын жақсартуға деген ниеті бо-

луы қажет.

2018 жылы Қазақстан тұрғындарының табыс деңгейі жоғары елдер тобына енуі 

тиіс.


төртіншіден,  алдағы  5  жылда  24  млн.  шаршы  метрден  кем  емес  тұрғын  үй 

құрылысын қамтамасыз ету қажет.

Жергілікті  әкімдіктерге  азаматтардың,  әсіресе,  жас  отбасылардың  тұрғын 

үй  жинақ  салымдарына  қымбат  емес  тұрғын  үй  құрылысын  жүргізуіне  қолдау 

көрсетілетін болады.

Біз қалаймыз ба, әлде қаламаймыз ба, ауылдан қалаға көшу жүріп жатыр. Ол 

жалғаса беретін болады. негізінен олар орнықты жағдайы, ешқандай мамандықтары 

жоқ  жастар.  Біздің  міндетіміз  барлық  жерлерде,  барлық  қалаларда,  облыстар-

да, өңірлерде олардың белгілі бір жерлерде өмір сүріп, осы бағдарлама бойынша 

мамандықтарға оқып және іске араласуына жағдайлар жасау.

тұрғын үй тақырыбын жалғастыра отырып, аз қамтамасыз етілген азаматтардың 

жөндеу жұмыстарына атаулы көмек және құрылыс жүргізуге мақсатты жарналар 

алатындығын айтқым келеді.

2017  жылға  қарай  қалалардың  бәрі  орталық  сумен  жабдықтаумен  90% 

қамтамасыз етіледі, 30 мыңнан астам коммуналдық желілер қайта жаңғыртылады.

Біздің елімізде коммуналдық істер бойынша ешқашан мұндай көлемде жұмыс 

жүргізілген емес.

Бесіншіден,  әділ  жастар  саясаты  жас  қазақстандықтардың  индустрияландыру 

бағдарламаларына белсенді атсалысуына негізделетін болады.

Біз  жас  мамандарға,  жас  отбасыларға  қолдау  көрсету  бағдарламасын  жүзеге 

асырудамыз.

Қарулы  Күштерде,  полицияда  және  өзге  де  құқық  қорғау  органдарындағы 

қызметі  арқылы  Отанға  қызмет  ету  мамандығын  таңдаған  жастарға  тұрақты 

қамқорлық жасау — айрықша мәселе.

Біз  бұл  жерде  әскери  қызметшілер  отбасылары  үшін  орын  алған  тұрғын  үй 

проблемаларын толық жабуға тиіспіз.

Бұл аспектілердің бәрі біздің сайлауалды бағдарламамызға енгізілген. Оларды 

нақтыландыру менің келесі жылғы Жолдауымда одан әрі дамытылатын болады.

«нұр Отан» партиясының «Халық дауысы» акциясына атсалысқан 1 млн. астам 

қазақстандықтар Ұлттық іс-қимылдар жоспарының тең авторларына айналды.



334

Қосымшалар

Біздің  партиямыз  —  халықтық-демократиялық,  сондықтан  ол  барлық 

қазақстандықтардың мүдделерін бейнелейді.

Біздің  ендігі  борышымыз  —  барлық  кезде  де  әділдік  партиясы  болып  қалу. 

Өйткені,  ол  «нұр  Отан»  партиясының  ұзақ  мерзімді  саяси  көшбасшылығының, 

қазақстандық сайлаушылар сенімдерінің жоғары деңгейін бүтіндей ондаған жыл-

дар алға оза отырып ұстап тұрудың басты кезеңі және негізгі шарты.

Құрметті делегаттар!

Алда тұрған Мәжіліс сайлауы — саяси жүйені модернизациялаудағы маңызды 

қадам.

Орталық  мемлекеттік  билік  органдарын  жаңарту  үдерісі  Мәжіліс  пен 



мәслихаттардан басталады. Сондықтан парламентшілердің мерзімінен бұрын сай-

лау өткізу туралы бастамасы терең құрметке лайық.

Сайлаушылардың ерік білдіруі арқылы 2007 жылғы конституциялық реформаның 

маңызды  нормасы  мерзімінен  бұрын  жүзеге  асырылатын  болады.  Дауыс  беру 

қорытындысы бойынша алғаш рет кемінде 2 партиялық фракцияның қатысуымен, 

көп партиялы негізде жұмыс істейтін Парламент қалыптастырылады. Одан соң жаңа 

Үкімет жасақталып, министрліктер мен ведомстволар сапалық тұрғыда жаңарады.

Осылардың бәрі барлық саяси партиялардың жауапкершілік деңгейін арттыра 

түседі.

Бүгінде  жаңа  жағдайлардағы  саяси  бәсекелестік  мағынасының  неде  екенін 



айқын түсінудің маңызы зор.

Егер  әлемге  көз  салар  болсақ,  ХХІ  ғасырда  табысты  партияның  күші  оның 

әккілікпен сынай білуінде емес. Партияның күші — оның жұртшылықты сынақтар 

соқпағынан алып өту, тұрақтылық пен халық бірлігін нығайта білу қабілетінде.

«нұр Отан» — осындай партия. Біз оны өз тарихымызбен, өзіміздің Қазақстан 

үшін  және  қазақстандықтардың  игілігі  үшін  тынымсыз  атқарған  жұмысымызбен 

дәлелдедік.  Сонымен  бірге  Саяси  кеңес  Бюросынан  бастап,  бастауыш  ұйымға 

дейін — бәрінің де саяси жұмыстардың жаңа формаларын меңгерулері керек.

Бірінші. Біздің партияда кадр саясатының айқын жүйесі болуы тиіс.

Аудан  мен  облыс  департаменті  басшысынан  бастап  министрге  дейінгі 

мемлекеттік менеджерлердің жауапты қызметтеріне кадрлар іріктеудегі партияның 

рөлін күшейту қажет.

Екінші. «нұр Отан» партиясы стратегиялық мемлекеттік бастамалар жасаудың 

орталығы болуға тиіс.

Маңызды  заңдар  мен  бағдарламалар  жобаларының  партия  алаңдарында  — 

съездер мен конференцияларда, Саяси кеңестің кеңейтілген отырыстарында алдын-

ала талқылануының маңызы зор деп есептеймін.

Үшінші.  Партия  басшылығы  мен  оның  Парламенттегі  фракциясы  қызметінің 

біртұтас алгоритмі қажет.

Барлық  мәслихаттардағы  нұротандық  депутаттар  жұмыстарын  үйлестірудің 

айқын жүйесі болу керек.

төртінші.  Жаңа  тұғырнаманың  орын далуы  партия  басшылығының  қатаң 

бақылауында болуы тиіс.

Орталық  аппаратта  индустрияландырудың,  әлеуметтік  модернизациялаудың, 

тұрғын  үй  саясатының,  жастармен,  ардагерлермен,  ҮЕҰ-лар  және  басқалармен 


335

Қосымшалар

жұмыстардың  маңызды  бағыттары  мен  жобалары  бойынша  кураторлар  институ-

тын құру қажет.

Бесінші. Электораттық кезеңде «нұр Отан» партиясы өзге саяси партиялармен

кәсіподақтармен және ҮЕҰ-лармен ынтымақтастық туралы сайлауалды меморан-

дум сияқты құралдарды пайдалануы керек.

Мен  осы  сайлауға  қатысатын  барлық  саяси  партиялар  халық  алдындағы,  ел 

алдындағы, әлемдік тарихтың күрделі кезеңі алдындағы және дағдарыс алдындағы 

жоғары жауапкершілікті басшылыққа алып, біздің қоғамымыздағы тұрақтылықты, 

тыныштықты  сақтау  үшін  ынтымақтастық  танытып,  саяси  күресте  нақтылы  және 

әдепті болады деген сенім білдіргім келеді.

Президент ретінде мен жаңа Парламентте де және біздің елімізде де өкілдікке 

ие барлық саяси күштермен жұмыс істейтін боламын.

Барлық парламенттік партиялардың жемісті жұмыс істейтініне, тек қана біздің 

Отанымыздың ұлттық мүдделерін басшылыққа алатынына сенімдімін.

Біздің халқымызға, біздің ырғақты дамып келе жатқан елімізге керегі де дәл осы.

Қымбатты достар!

Ұлы күн — тәуелсіздіктің 20 жылдығына аз ғана күндер қалды.

Мен барлық делегаттарды, барлық нұротандықтарды алда келе жатқан мерей-

тоймен алдын-ала құттықтаймын!

ХХІ ғасырда тек күшті мемлекеттер ғана табысты дами алады.

Көшбасшы  саяси  партия  ретінде  «нұр  Отан»  елдің  болашағы,  қоғамдағы 

тұрақтылық пен алдағы ондаған жылдарға арналған саяси бағыттың сабақтастығы 

үшін жауапкершілікті өз мойнына алады.

Сіздердің  бәріңіз  осы  жылдар  бойы  менің  командам  болдыңыздар.  Сіздердің 

көпшілігіңізді мен ұзақ жылдардан бері білемін. Мен сіздерге сендім және сенемін 

және әрқайсыңызға үлкен міндеттер жүктеймін!

Уақыттың өзі бізден бірлікті талап етіп отырған бүгінгі күні командалық рух пен 

топтасқандық өте маңызды. тек солай ғана біз болашаққа, жаңа жеңістерге, жаңа 

табыстарға бара аламыз!

Алға, «нұр Отан»! Алға, Қазақстан!

Құрметті съезд делегаттары!

Қадірлі қанаттастарым!

Біздің  алдымызда  елімізді  асқар  асуларға  бастайтын  тарихи  маңызы  зор 

тағдырлы шешімдер қабылдау міндеті тұр.

Мен «нұр Отан» партиясының ХІV съезі жаңа кезеңге бетбұрыс бастауы бола-

ды деп үміт артамын.

Біздің қуатымыз — бірлікте. Біз берік бірлігіміз бен бекем тірлігіміз арқылы 

ұлан-ғайыр жетістікке қол жеткіздік.

Алдағы  уақытта  да  иық  тіресе  жүріп,  биік  белестерді  бірге  бағындыра 

беретінімізге сенемін.

Біздің бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын.

Ендеше, осы жолда баршаңызға толайым табыстар тілеймін.

тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

Алға, Қазақстан!



336

Қосымшалар

Қазақстан ғалымдарының форумында

сөйлеген сөзі

Алматы қаласы, 2011 жылдың 1 желтоқсаны

Құрметті форумға қатысушылар!

Қадірлі ғалымдар!

Біз бүгін ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жүздесіп отырмыз. Бұл — 

Қазақстан ғалымдарының алқалы басқосуының мән-маңызын арттыра түседі.

Осыдан  5  жыл  бұрын  Ұлттық  ғылым  академиясында  өздеріңізбен  кездескен 

едік. Осы мерзім ішінде біздің еліміз өркендеп, ғылымымыз ілгерілей түсті. Ғылым 

ордасы  түгелдей  күрделі  жөндеуден  өтті.  Қайта  түлеген  қасиетті  қара  шаңырақ 

тәуелсіз еліміздің ғылымын дамытуға мол үлес қоса беретін болады.

Баршаңыз білесіздер, біздің ғылыми әлеуетіміз тамырын тереңнен алады. Әр 

дәуірде қазақ топырағынан шыққан әйгілі ғалымдар аз емес.

Әл-Фараби, Абай, Шоқан сияқты тұғырлы тұлғалар ғылымға өлшеусіз үлес қосты.

Кеңестік кезеңде де Қазақстаннан дүние жүзін мойындатқан ғұламалар шықты.

Соның бірі — академик Қаныш Сәтбаев.

Менің  ұсынысым  бойынша,  ЮнЕСКО-ның  Бас  Ассамблеясының  шешімімен 

1999 жыл академик Қаныш Сәтбаев жылы деп жарияланғанын білесіздер.

Біз тәуелсіздік алғаннан бері ғылымды өркендетуге күш салып келеміз.

Елдігімізді  дамытуға  ғалымдар  үлкен  үлес  қосуда.  Олар  ғылымды  дамытып, 

жаңа  мектептер  қалыптастырды.  Сондықтан,  тәуелсіздік  жылдарындағы  біздің 

басты жетістіктеріміздің бірі — ғылыми әлеуетімізді сақтап қалуымыз болды.

Елімізден әлемге танымал ғалымдар көптеп шығуы үшін оларға барлық жағдайды 

жасау керек.

тәуелсіздіктің 20 жылдығы — бір белесті артқа тастап, дәуірді қорытындылайтын 

ерекше кезең. Осы биік белесті бағындырып тұрып, тәуелсіз Қазақстан ғылымының 

20 жылдығын екшеп, таразылай аламыз.

20 жылда біз ұланғайыр істер атқардық.

Соның ішінде ғылым мен білім саласында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

«Ғылым туралы» жаңа заң қабылдадық. Ол біздің отандық ғылымды дамытуға 

тың серпін беруі тиіс.

Елімізде инновациялық-индустриялық дамудың іргетасы қаланғанын білесіздер.

Оны дамыту үшін талантты ғалымдардың күш жұмылдырғаны жөн.

Әрбір ғылыми жаңалық еліміздің тұғырын бекіте түсуге арналуы керек.

Бүгін сіздерді осы мәселелер жөнінде ой бөлісуге шақырамын.

Қабылдаған шешіміңізге рақмет. Мен үшін бұл үлкен дәреже, үлкен атақ, үлкен 

марапат.

Құрметті форумға қатысушылар!

Ғылым туралы жаңа заң қабылдаумен біз ғылым саласында серпіліс жасау үшін 

институционалдық негіз құрдық.

Форумның Қазақстан тәуелсіздігі мүшелтойының қарсанында өтіп отырғанының 

өзі жайдан-жай емес.



337

Қосымшалар

тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдары  шегіне  жете  сығылған  аңызға  толы  жылдар 

болды.


Мәселен,  тәуелсіз  Қазақстанның  экономикасы  немесе  мемлекеттік  басқару 

жүйесі  қалай  болуға  тиістігі  туралы  тұтастай  ғылыми  жобалар  санаулы  күндерде 

ғана дүниеге келді. Және сол бойда-ақ заң мен нақты іс жүзіндегі шешімдерге ай-

налды. Бұл даңғыл жол емес еді.

Қазір біз тәуелсіздіктің 20 жылдық қорытындыларын шығарып отырмыз. Біз 

Қазақстанды  шешуші  келесі  20-жылдың  серпілісіне,  жаңа  сапалы  кезеңге  — 

жоғары технологиялар мен инновациялар әлеміне дайындаудамыз.

Бұл бос сөз емес. Бізге басқа жол жоқ. Әйтпесе бүкіл мемлекеттердің соңында 

қалып, солардың шаңын жұтамыз.

Бүгінгі таңда дәл осы ғалымдардың, зерттеушілер мен ғылыми қызметкерлердің 

Қазақстан  дамуына  ең  бір  шешуші  еңбек  сіңіретін  кезі  келді.  Ғылым  мен 

ғалымдардың мәні барған сайын өсе түсетін болады. Бұл міндеттің маңызы зор.

Бұл  Форумның  мәні  мен  мағынасы  мен  үшін  Қазақстан  ғылымының  даму 

жолдары  мен  оның  ел  тәуелсіздігін  нығайтудағы  басты  рөлін  айқындау  болып 

табылады.

Құрметті форумға қатысушылар!

тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекет қашанда ғылыми саланы дамытуға басты 

назар аударып отырды.

20 жылдың ішінде елде ғылыми ұйымдар желісі 11,6 есе ұлғайды. Қазір бұл 

400-дей  ғылыми  мекемелер,  ғылыми  орталықтар  мен  құрылымдар.  Біз  Ұлттық 

ядролық  орталық  құрдық,  Ғылым  академиясының  бүкіл  жүйесіне  қайта  құру 

жүргіздік, университеттік білім беру жүйесінің рөлін көтердік. Яғни біз бүкіл әлем 

бара жатқан жолға түстік.

Бізге  бұрынғы  кеңестік  республикалар  академияларының  қалай  жұмыс 

істейтінімен салыстырып керегі жоқ. Бұл бізге үлгі емес, өйткені, биылдың өзінде 

жалпы ішкі өнім Қазақстан халқының жан басына шаққанда шамамен 11 мың дол-

ларды құрады. Мұны бұрынғы кеңестік республиканың бірде біреуімен салыстыруға 

келмейді.  Егер  біз  әлемде  құрметке  ие  ұлт  болғымыз  келсе  және  басқалардан 

қалғымыз келмесе, неғұрлым жоғары мақсаттарға бағдарлануға тиіспіз.

Былтырғы  жылдан  бастап  Астанада  назарбаев  Университеті  жұмыс  істей 

бастады, ол әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен тығыз ынтымақтастықта. Мен 

дәл осы оқу орнына өз атымды беруге келістім. Бұдан басқа жерде мұндай келісім 

болған емес және болмайды да.

Бүкіл  ел  бойынша  дарынды  балаларға  арналған  20  интеллектуалдық  мектеп 

ашылатын болады. Олардың бірқатары қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатыр. 

Бұлар жаңа университеттердің базасы болып табылады.

Менің  Қазақстан  халқына  Жолдауыма  сәйкес,  Қазақстанда  9  технопарк, 

5  ұлттық  және  15  аймақтық  зертханалар  жасақталып,  9  венчурлық  қор  және 

3 конструкторлық бюро құрылды. Бұл зертханалар әрбір ғалым, өнертапқыш үшін 

қолжетімді.

Ғылыми қызметті басқарудың жаңа моделі енгізілді.

Білім  және  ғылым  министрлігінің  Ғылым  комитеті,  ұлттық  ғылыми  кеңестер, 

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылды.


338

Қосымшалар

Біз  ғылымды  қаржыландырудың  базалық,  гранттық  және  мақсатты-

бағдарламалық тәрізді жаңа нысандарын енгіздік.

Сіздер, ғалымдар, жаңа модельдің қалай жұмыс істейтінін жақсы білесіздер деп 

сенемін.


Жалпы,  2012  жылы  ғылыми  зерттеулер  саласындағы  мемлекеттің  шығысы 

42 млрд. теңгені құрайды. Бұл өткен 3 жылғы көрсеткіштен орташа алғанда 2 есе 

көп. таяу 3 жылда ғылымға бөлінген шығыс 118 млрд. теңгені құрайтын болады. 

Қазақстан ғылымға ешқашан мұнша қаражат жұмсаған емес.

1997 жылдан бастап ғалымдарымыздың жалақысы 10 есе көбейді.

Менің тапсырмам бойынша жаңа «Ғылым туралы» Заң әзірленіп, қабылданды, 

ол біздің ғылыми саламызды жаңғыртудың құқықтық негізін айқындайды.

Біз дәйекті түрде қазақстандық ғылымды әлемдік ғылыми қоғамдастыққа инте-

грациялап келеміз.

Қазақстандық оқымыстылардың халықаралық деңгейдегі жарияланымдарының 

белсенділігі 3 есе ұлғайды.

Біз  ғылыми  диссертацияларды  қорғау  мен  ғалымдардың  квалификациясын 

көтерудің халықаралық жүйесіне көштік. 

Жооларымызды  халықаралық  деңгейде  аккредиттеу  үдерісі  де  ырғақты  өсу 

үстінде.

тәуелсіздік  жылдары  ішінде  Қазақстан  ғылымын  дамыту  үшін  аз  жұмыс 

жасалған жоқ.

Қазіргі  кезде  ғылымды  экономикамыз  бен  қоғамымызды  дамытудың 

локомотивіне айналдырудың негізгі бағыттары мен тетіктерін анықтау маңызды.

Мен диссертацияларды қорғау тәжірибесі туралы мәселе бойынша сындардың 

болғанын білемін.

200  ғылыми  кеңес  ғылым  кандидаттары  мен  докторларын  қолдан  жасады. 

60 ғылым кандидатының 1-еуі ғана және 40 ғылым докторының 1-еуі ғана ғылымға 

барды. Есесіне барлық шенеуніктер мен депутаттар ғылым докторы атанып алды. 

Ғылымда мұндай профанацияға жол бермеу керек.

Құрметті әріптестер!

Ғылымды  кадрлармен  қамтамасыз  ету  жағынан  жетекші  ғылыми  державалар 

саналатын Швеция, Жапония, АҚШ пен Германиядан айтарлықтай артта келеміз.

Біздің елімізде бұл көрсеткіш 1 млн. тұрғынға шаққанда 1 мыңнан аз болса, 

Украинада — 1 800, Ресейде 3 300-ден астам, Жапонияда 5 300-дей екен.

2010 жылы елімізде ғылыми зерттеу саласында жүргендер саны бар болғаны 

17 мың адамды ғана құраған. Қазақстандағы ғалымдардың орта жасы да шама-

мен 55-терде.

Бұдан бұрынғы жылдары мыңдаған адам әлі де ескі жүйе бойынша ғылым кан-

дидаттары мен докторлары болды. түрлі деңгейдегі шенеуніктердің, депутаттар мен 

бизнесмендердің жаппай атақ алуы модаға айналды.

Биылдан бастап бұл кеңестер өз жұмысын тоқтатты. Бұл біздің ғылыми атақтар 

берудің ескі жүйесінен неліктен бас тартқан себептеріміздің бірі.

Енді Білім мен ғылым министрлігі біздің ғылымымыз жастармен толығу үшін 

ондағы  жалғастықты  сақтап  қалумен  салмақты  айналысуы  қажет.  Бұл  біздің 

қасиетті парызымыз. Жастарымыздың ғылымға ұмтылуы мені қуантады.


339

Қосымшалар

Қараңыздаршы,  бүкіл  әлемде  жарияланған  жарияланымдар  бойынша 

қазақстандық авторлар бар болғаны 0,02%-ды ғана құрайды. Бұл — 0%!

Бұл көрсеткіш АҚШ-та — 22%, Қытайда — 10%, Жапонияда — 6%, Ресейде — 

2%. Мен мұны өз жұмыстарыңызда бағдарға алу үшін айтып тұрмын.

тек бір қазақстандық басылым — «Еуразиялық химиялық-технологиялық жур-

нал» ғана ғаламдық ғылымның рейтингтік журналдар қатарына кіреді.

тәуелсіздіктің 20 жылында интеллектуалдық меншікті бекітуге берілген 26 мың 

өтінім қанағаттандырылыпты. Осының тәжірибе жүзіндегі қайтарымы қандай?

Үстіміздегі жылдың басында 2020 жылдың соңына дейін «100 қазақстандық 

инновация»  атты  жалпыұлттық  жобаны  жасау  мен  іске  асыру  идеясын  ұсынған 

болатынмын. Егер де біз осы 100 жобаның ішінен ең болмаса 10 абсолютті инно-

вацияны жасай алсақ, онда ол үлкен жеңіс болар еді.


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет