Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет36/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44

Мұндай  пікірлерді  айтып  жүрген  саясаткерлер  аз  емес.  Бұл  —  біздің  жас 

мемлекетіміз үшін үлкен баға.

Қазір халықаралық сарапшылар бірауыздан Қазақстан — жемісті мемлекеттік 

жоба деп санайды. Мен мұнымен толық келісемін.

Менің қымбатты қазақстандықтарым!

Қымбатты достар!

Мен сіздерді Қазақстан халқының ұлық мерекесі — Қазақстан Республикасы 

тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаймын!!!

Бүгін біздің неден бастағанымызды еске түсіретін күн.

тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тұрғындардың 40% кедейшілік шегінде өмір 

сүрді. Өндіріс өнімдері 1990 жылмен салыстырғанда 2 есе, ал ауыл шаруашылығы 

өндірісі үштің біріндей дерлік төмендеді. 1995 жылы орташа айлық еңбекақы 1991 

жыл деңгейінің тек 35% құраса, ал зейнетақы тек 29 доллар болды.

Инфляция 2 000% деңгейіне дейін құлдырады.

Біз тиімді экономикалық жаңғыртулардан бастадық.

Біздің  Қазақстан  жолы  бағаны  ырықтандырудан,  ұлттық  валютаны  енгізіп, 

банк  жүйесін  құрудан,  мемлекеттік  меншікті  жекешелендіріп,  шағын  және  орта 

кәсіпкерлікті дамыту мен нарықтық қатынастарға өтуден бастау алды.

Мұның менің есімде мәңгілік сақталғанын еске түсірмей тұра алмаймын.

Осы жолдың жұлдыздарға бағыт ұстағанының нышандық мәні бар.

тоқтар Әубәкіров пен талғат Мұсабаев ғарышты бағындырған біздің жеріміздің 

алғашқы ұлдары болуы үшін жеке өзімнің қан шалықты табандылық танытып, күш-

жігер жұмсағаным есімде.

Біз бүкіл әлемнің сенімін иелендік.

Елімізге «Chevron Corporation», «British Petroleum», «Mittal», «General Electrics», 

«General Motors» сияқты аса ірі инвесторлар келді.



348

Қосымшалар

1999 жылдан 2007 жылға дейін ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсімі орташа есеппен 

жылына 10%-ды құрады.

Бұл 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы орындалуының алғашқы нәтижелері 

болатын.


Қазақстан  нарыққа  өтуді  тМД-ның  өзге  елдеріне  қарағанда  табысты  жүзеге 

асырды.


тәуелсіздік уақытында шағын және орта бизнес субъектілерінің нысаны 35 есе-

ден  астамға  көбейді.  1993  жылғы  19  мыңнан  2011  жылы  675  мыңнан  астамға 

дейін. Біздің 2 млн. астам азаматтарымыз осы саладан жұмыс тапты. Соңғы он 

жылда экономиканың осы секторының өндірген өнімі 20 есе өсіп, шамамен 7 трлн. 

теңгені құрайды.

Осы жылы бизнесті жүргізу жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингінде Қазақстан 

тМД-ның барлық елдерін соңында қалдырып, құрметті 47 орын алды.

Ұлттық Банктің жиынтық резерві Ұлттық қор активтерін қоса алғанда 80 млрд. 

долларға жақындап келеді.

Егер 1993 жылы жан басына шаққандағы ІЖӨ 700 доллар болса, бүгінде біз 

11 мың доллардан астам көрсеткішке жетіп отырмыз. Бұл — өсім 16 есе деген сөз!

1993  жылы  бізге  ұлттық  валютамызды  енгізу  қажет  болған  кезде  Ұлттық 

Банктің қамтамасыз ететін қаржысы болуы тиіс еді. Бізде ұлттық валютаны енгізуге 

мүмкіндік беретін 500 млн. доллар да болған жоқ. Біз ақшаны басып шығару үшін 

ағылшын компаниясына төлеуіміз қажет болды. Ал бүгін — резервіміз шамамен 

80 млрд. доллар.

Дүниежүзілік  банк  классификациясына  сәйкес,  біз  табыс  деңгейі  орташадан 

жоғары елдер тобына ендік.

Дамудың осындай қарқыны мен өмірді қамтамасыз ету көрсеткішінің жақсаруы 

бұған дейін әлемдік экономикада ешқашан және ешқайда байқалған емес.

Біз  қашанда  Оңтүстік-Шығыс  жолбарыстарынан  үлгі  алып  келдік.  Мысалы, 

Оңтүстік Кореяда егемен дамудың алғашқы 20 жылында жан басына шаққандағы 

ІЖӨ бар-жоғы 3 есе, Малайзияда — 2 есе, Сингапурда — 4 есе, Венгрияда — 

5 есе, Польшада 4 есе өсті. Ал, бізде — 16 есе.

Британ  мамандарының  бағамдауы  бойынша,  ХХІ  ғасырдың  алғашқы  он 

жылдығындағы ең ырғақты 25 экономика ішінде Қазақстан тек алдына Қытай мен 

Катарды ғана жіберіп, үшінші орында тұр.

2006  жылдан  біз  балалы  отбасыларын  қолдаудың  біртұтас  жүйесін  енгіздік. 

Мәселен, егер 2003 жылы елімізде 250 мың бала дүниеге келсе, 2010 жылы жаңа 

туғандар саны 360 мыңнан асты.

Бүгінде  Қазақстан  халықаралық  стандарттар  бойынша  дамыған  білім  беру 

жүйесі бар елдер тобына кіреді.

тек соңғы 10 жыл бедерінде ғана білім беруге шығындар 9 есе өсіп, 100 млрд. 

теңгеден 900 млрд. теңгеге дейін жетті.

Біз  тМД-да  бірінші  болып  мыңдаған  жас  қазақстандық  шет  елдерде  озық 

білім алып, бүгінде өз елінің игілігі үшін жұмыс істеп жүрген бірегей «Болашақ» 

бағдарламасын жүзеге асырдық. Жастарымыз оқуларын жалғастыруда.

Елімізде  инновациялық  Интеллектуалдық  мектептердің  желісі  құрылды.  Олар 

20 болса, көпшілігі қазірдің өзінде пайдалануға беріліп үлгерді.

Өзгерістердің флагманы назарбаев Университеті болды.



349

Қосымшалар

Денсаулық сақтау жүйесі түбегейлі өзгерді.

1991 жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 

107 есе өсіп, үстіміздегі жылы 640 млрд. теңгеден асты.

тәуелсіздік  жылдарында  өздерінің  тұрғын  үй  жағдайларын  1,5  млн.  астам 

қазақстандық жақсартты.

тек  2005–2007  жылдары  ғана  17  млн.  шаршы  метрден  астам  тұрғын  үй  са-

лынды. тегінде, біз үлестік қағидат бойынша тұрғын үй салғандардың қатесі үшін 

жауапкершілікті  мойнына  алған  бірден-бір  ел  болып  табыламыз.  Осы  жылы  біз 

алданған үлескерлердің пәтерлерін қайтаруды толықтай аяқтадық.

2003 жылы қабылданған дамудың 2003–2015 жылдарға арналған Индустриялық-

инновациялық  стратегиясы  біздің  экономикамызды  әртараптандыру  бағытының 

бастауы болды. 2010 жылдан үдемелі инновациялық индустрияландырудың кезеңі 

басталды.  Егер  90-шы  жылдардың  басында  өнеркәсіп  өнімінің  көлемі  бар-жоғы 

0,2 млрд. теңгені құраса, 2011 жылы ол 12 трлн. теңгеге жетті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі соңғы 10 жылда 4 есе өсті. Мен 

елімізге осы мерейтойлы жылы рекордтық өнім — 30 млн. тоннаға жуық астық 

сыйлаған ауыл еңбеккерлеріне ерекше ризашылығымызды білдіруге тиіспіз ғой деп 

ойлаймын! Ескі өлшем бойынша бұл 2 млрд. пұтқа жуық.

1990 жылы Қазақстан басқа елдерге ештеңе экспорттаған жоқ. Бүгінде Қазақстан 

экспорты 75 млрд. доллардан асады. Оның үстіне өңдеуші өнеркәсіп экспортының 

көлемі 21 млрд. долларды құраса, Қазақстан өнімдері әлемнің 126 еліне белгілі. 

Индустриялық саясаттың нәтижесі сол, өңдеуші кәсіпорынның дайын өнімі қазірдің 

өзінде әлемдік рынокта өзінің орнын тауып үлгерді.

Индустрияландыру  бағдарламасының  арқасында  тек  соңғы  2  жылда  350-

ден  астам  түрлі  өндірістер  пайдалануға  берілді.  Осымен  біз  адамдар  бұрынғыға 

қарағанда анағұрлым көп ақша табатын 200 мың білікті индустриялық жұмыс ор-

нын құрдық.

2015 жылға дейін шамамен осынша жаңа жобаларды жүзеге асырып, осынша 

жаңа жұмыс орындарын құру керек.

Біз тәуелсіздік жылдарында мұнай өндіруді 3 еседен астамға арттырдық.

Бүгінде көмір саласы ел электр энергиясының 78% қамтамасыз етеді.

Еуропа  мен  Азия  арасында  стратегиялық  орын  ала  отырып,  біз  тиімді  тран-

зит әлеуетіне иеміз. Қазір бірегей «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзитті дәлізін 

жүзеге  асыру  жүріп  жатыр.  Осы  жылы  біз  2700-дің  1000  шақырымынан  аста-

мын  салатын  боламыз.  трассалар  құрылыстарында  50  мың  адам  жұмыс  істеп 

жүр. Алдағы жылы біз бұл жолды Қытай шекарасынан Ресей шекарасына дейін 

аяқтаймыз.

тәуелсіздік жылдарында барлығы бір жарым мың шақырымнан астам темір жол 

тартылды.

40 мың шақырымнан астам автомобиль жолдары салынды және жөнделді.

Өзіміздің тарихымызда біз ешқашан осыншама инфрақұрылымдық нысандар-

ды салған емеспіз.

Бұл  жолдар,  темір  жол  стансалары  мыңдаған  адамға  жұмыс  беріп,  еліміздің 

транзиттік әлеуеті көптеген есе ұлғаяды.

Біз ашық ырықты экономика мен демократиялы саяси жүйе құрдық.

Біз құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформалар жүргізудеміз.



350

Қосымшалар

Әлемдік қоғамдастық біздің коррупциямен дәйекті күресімізді атап көрсетіп отыр.

Соңғы  3  жылда  Қазақстан  әлемдік  коррупцияға  қарсы  рейтингте  өзінің 

көрсеткішін 45 позицияға жақсартты. Бұл — тМД-дағы ең озық нәтиже.

Елімізде парламентаризм мен көппартиялы жүйе жұмыс істесе, 5 мыңнан астам 

ҮЕҰ құрылған, шамамен 2,7 мың БАҚ шығады.

Бар-жоғы 20 жылда біз Ұлы Мұра — қуатты мемлекет, жаңа экономика, біртұтас 

қоғам құрдық.

Біз жаңа елордамыз — Астананы, Еуразияның жаңа ғажайыбын салдық. Аста-

на біріктіруші идея, мемлекетіміздің экономикалық, мәдени және саяси өмірінің 

эпицентрі болды.

Біздің елордамызда ЕҚЫҰ-ның тарихи Саммитін өткізу әлемдік саясатты «Аста-

на рухының» жаңа түсінігімен байытты.

Егер тәуелсіздігіміздің бесігі Алматы болса, Астана — біздің болашағымыздың 

бесігі.


Біздің  бәріміз,  осы  залда,  теледидар  экрандарының  алдында  отырғандар, 

осы  мерекелі  күндері  жұмыс  істейтіндер  —  диқандар  мен  ұлан-ғайыр  даладағы 

қойшылардан зертханалардағы ғалымдарға дейінгі, шекарашылардан металлургтер-

ге, мұғалімдерге, дәрігерлер мен құрылысшыларға дейінгі барлық қазақстандықтар 

еліміздің игілігі үшін өздерінің жүректерін, жандарын, барлық күштерін салды.

Мен  барлық  Қазақстан  азаматтарына  қолдаулары,  сенімдері  мен  төзімдері, 

Отан жолындағы шаршаусыз еңбектері үшін ризамын!

Бүгін біз жетістіктер туралы айтамыз. Бірақ әлі де шешілмеген міндеттер бар. 

Біз оларды орындау үшін жұмыс істейтін боламыз. Бұған индустрияландыру мен 

жұмыспен  қамту,  денсаулық  сақтау  мен  білім  беруді  дамыту  бағдарламалары 

бағытталған.

Осылайша бәріміз бірлесіп, еліміздегі баршаға жақсы болуы үшін бірлесе жұмыс 

істеп, бізді болашақта күтіп тұрған жаңа биіктерді бағындыратынымызға сенімдімін!

Қымбатты отандастар!

ХХІ ғасыр бүкіләлемдік архитектураны қозғалысқа түсірді.

Біріншіден, таяудағы 10–15 жылда әлемді жаңа технологиялық төңкеріс күтуде. 

Бұл — жаңа жүзжылдықтағы ең басты сын-қатер.

Екіншіден,  түбегейлі  өзгерістер  жаңа  экономикалық  әлем  құрылысының 

негіздерін айқындайды.

Әлем  жаһандық  депрессияның  шегінде  тұр.  Әлемдік  экономиканың  тікелей 

жоғалтқандарының  өзі  ғана  триллиондаған  доллармен  есептеледі.  Ешкімнің  де 

жаһандық апаттың асау теңізінде моп-момақан кемежай болып қала алмайтыны 

анық. Бұл Еуропадан және басқа да елдерден байқалады. Бізді де оңай емес кезең 

күтіп тұр.

Үшіншіден, ХХІ ғасырда әлем аштық пен эпидемия, таза су мен құнарлы жер 

жетіспеушілігі қатерлерінен құтыла алмайды.

Бұл жағдайлар тұрғындары тез өсіп отырған өңірлер үшін шындық болса, мұның 

бізге де қатысы бар.

Мен мұны егжей-тегжейлі айтып отырған себебім, алдағы онжылдық бүкіл әлем 

үшін күрделі болады.

Біз кез келген қиындықтарға дайын болуға тиіспіз.


351

Қосымшалар

Құрметті қазақстандықтар!

тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында біз мықты экономика мен күшті мемле-

кет қалыптастырдық.

Екінші онжылдық өсім мен күш жинақтау кезеңі болды.

Үшінші және төртінші онжылдықтар біздің еліміз үшін алға тарихи секіріс дәуірі 

болуы тиіс.

Біз  барлық  мақсаттарымызға  қол  жеткізіп,  «Қазақстан-2030»  стратегиясын 

жүзеге асыруды лайықты аяқтаймыз.

Барынша ашық айтайын. Қазақстан ғасырлар бойы өркендей бере ме немесе 

уақыт мәңгілігінде бар болғаны жарық метеор болып қала ма деген тәуелсіздіктің 

түбірлі дилеммасы дәл осы кезеңдерде шешіледі.

Мен  осы  залда  отырғандардың  бәрінің,  барша  қазақстандықтардың 

Жаратушының біздің иығымызға салған орасан зор ауыртпалығын менімен бірге 

сезінгенін қалаймын. Бізге біздің тәуелсіздігімізді қазіргі уақытта және болашақта 

қандай бұлақтардың қоректендіретінін және нығайтатынын нақты білудің маңызы 

зор.


Бірінші. Біздің тәуелсіздігіміздің ең басты жетістігі және оны нығайтудың шар-

ты — халықтар бірлігі.

Бұл құндылық Қазақстан дамуының кез келген сатысында маңызға ие болмақ.

Екінші. Индустрияландыру.

Біздің алдымызда постиндустриялық әлемнің белсенді бөлігі болу жөнінде аса 

жоғары міндет тұр.

Біздің жаңа индустрияландыру — тәуелсіздіктің мәңгілік қозғалтқышы. Бүгінде 

Қазақстанда  электрониканың,  машина  жасаудың,  авиация  құрылысының,  локо-

мотивтер мен вагондар өндірісінің, құрылыс индустриясының жаңа салалары мен 

елімізде бұрын ешқашан болмаған басқа да салалар құрылуда.

Жаңа индустрияландыру — жаңа ғасырдың кең ауқымды өркениетті жобасы.

Бүкіл халық осы жобаның қатысушысы болуы тиіс.

Үшінші. Инновациялар.

Бұл экономиканы ғана емес, сонымен бірге қоғамның басқа да барлық салала-

рын қамтитын тарихи жүйе. Бұл ХХІ ғасырдағы әлемдік дамудан қалып қоймаудың 

бірден-бір  жолы.  Сондықтан  мен  Қазақстанның  инновациялық  дамуының  жол 

картасы — «Жүз инновация» бағдарламасын әзірлеуді ұсындым. Бізге Өндірісті, 

Ғылым мен Білім беруді мәңгілікке жымдастыру қажет.

Бізде ол үшін қажеттінің бәрі бар.

Біз  теңдесі  жоқ  ғылыми-технологиялық  база  құрдық.  Біз  кез  келген  ғалым 

өзінің  жасағандарын  ақырына  дейін  жеткізе  алатын,  бүкіл  Қазақстан  бойынша 

орталықтандырылған зертханалар құрдық.

Бізде ғалымдардың өндіріске енгізуді күтіп тұрған талдамала ры, инновациялық 

жобалары бар.

Инновациялық даму — қазақстандық Барыстың Болашаққа аршынды секірісі.

төртінші.  Біз  өңірлік  және  жаһандық  интеграциялық  үдерістерге  белсенді 

қатыспайынша ХХІ ғасырда Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі болмақ емес.

Интеграция — болашаққа апаратын күрежол. Ол — қазақстандық бизнес пен 

барша қазақстандықтар үшін орасан зор мүмкіндіктер. Экономикалық тұйықталған 

елдердің болашағы жоқ. Ол — біздің егемендігіміз бен тұтастығымыздың сенімді 



352

Қосымшалар

халықаралық кепілдіктері. Ол — өңірлік қауіпсіздіктің барлық өлшемдер бойынша 

алғандағы берік арқауы.

Жаһандық әлемде егер оның көршілері кедей, тұрақсыз және тәуекелдерге бейім 

болса, бірде-бір ел өз болашағына сенімді бола алмайды. Еуразиялық одақ туралы 

менің идеяма да дәл осы көзқарастар негіз қалады. Бүгінде ол өмірде жүзеге асы-

рылуда.


БЭК арқасында Қазақстан өзінің геоэкономикалық жағдайын жақсартып, Орталық 

Азия елдері ішінде бірінші болып құрлықтық шектеуліліктен қара үзіп шығады.

Біз ресейлік және беларусьтік көлік инфрақұрылымына жеңілдікті жағдайда қол 

жеткізетін боламыз, іс жүзінде батыста — Еуроодақ шекараларына, шығыста Жа-

пония мен Азия-тынық мұхит қоғамдастығының басқа да елдерінің рыноктарына 

шығамыз.


Біздің әріптестеріміз біз арқылы Қытайдың үлкен рыногына шығатын болады.

Бесінші. Бұрын да бірнеше рет айтқанымдай, әділ әлеуметтік қорғау, білім беру 

мен  денсаулық  сақтаудың  әділ  жүйесі,  әділ  жастар  және  тұрғын  үй  саясаты  — 

қазақстандық дамудың жаңа күн тәртібінің мәселелері, міне, осылар.

Сондықтан Қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың нақты стратегиясын әзірлеу қажет. 

Онда бір мезгілде Болашақ жобасы болуға тиіс басты басымдықтарды айқындау 

қажет.

Біріншіден,  ол  «Өмір  сапасы  –  2030»  Жалпыұлттық  бағдарламасы.  Онда  біз 



әр адамның 5, 10 және 20 жылдан кейін қол жеткізетін тұрғындар әл-ауқатының 

нақты  көрсеткіштерін  белгілеуіміз  қажет.  Ол  лайықты  жұмыс,  қолжетімді  тұрғын 

үй, сапалы денсаулық сақтау мен білім беру. Бұл бағдарламада қарқын алып келе 

жатқан урбанизация үдерісі сияқты сын-қатерге жауап беру қажет.

Бүгінде ауыл индустрияландыру жолына көшуде. Жастар сонда орнығуы тиіс. 

Бұл  жастарға  жұмыс  беріп,  қолдау  көрсету  қажет.  Ал  жедел  өсіп  келе  жатқан 

қалаларға оқуға және жұмыс істеуге баратын жастар үшін тұрғын үймен, жұмыспен 

қамтамасыз етудің, білім беру мен медициналық қызметке қолжетімділіктің нақты 

жобалары қажет.

Біз онымен айналысатын боламыз.

Екіншіден, ол — «Дені сау ұлт – 2030» жалпыұлттық бағдарламасы.

Денсаулық сақтаудың медициналық технологиялары мен инфрақұрылымын да-

мыта отырып, біз қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзартатын боламыз. Міне, 

бұл салаға салынған мол қаржының нәтижесі және Денсаулық сақтау министрлігі 

мен Үкімет жұмысына баға беру критерийі де осы болып табылады.

Бізге демографиялық өсімнің, жалпы, ана мен нәресте өлімі төмендеуінің, туу-

ды ынталандырудың дәл есептелген параметрлері қажет. Бағдарламада елде дене 

шынықтыру мен спортты және біздің азаматтарымыздың саламатты өмір салтын 

дамытудың ұзақ мерзімді шаралары қарастырылуы тиіс.

Үшіншіден, әлеуметтік жаңғырудың шешуші бағыттары — ақпараттық қоғамның 

дамуы.

Бізге «Ақпараттық Қазақстан-2030» жалпыұлттық бағдарламасы қажет. Онда 



біз  қоғамды  толықтай  компьютерлендіру,  ақпараттық  кеңістікті  цифрландыру 

міндеттерін қоюымыз керек.

Қазақстанда үздік білім беру, үздік денсаулық сақтау, үздік мемлекеттік басқару, 

үздік әділ сот болуы тиіс.



353

Қосымшалар

Жаңа  әлеуметтік  стратегия  —  әрбір  қазақстандықтың  игілігі  жөніндегі  менің 

қамқорлығым.  Бұл  біздің  еліміздегі  барлық  атқарушы  биліктің  де  қамқорлығы 

болуға  тиіс.  Мен  өзімнің  Қазақстан  халқына  жаңа  Жолдауымды  осы  мәселеге 

арнағалы отырмын.

Үкімет  пен  аппаратқа  осындай  стратегиялық  құжатты  дайындауды  бастауды 

тапсырамын.

Қымбатты қазақстандықтар!

Ендігі  сөзімді  әлемдік  қоғамдастыққа  арнасам  деймін.  2009  жылдың  ең  ба-

сында, дағдарыс қызып тұрған шақта, мен әлемдік қаржы реформасы туралы баста-

ма  көтердім.  «Дағдарыстан  шығу  кілті»  және  «Бесінші  жол»  атты  мақалаларда 

мен дағдарысқа қарсы косметикалық шаралардың әлемді дағдарыстың жаңадан 

үстемеленіп келе жатқан толқынынан құтқара алмайтынын айтқан болатынмын.

Оқиғалар  барысы  менің  ол  сөзімді  растады.  Әзірге  консенсустық  негізде 

қабылдауға болатындай әлемдік Дағдарысқа қарсы жоспарды ешкім де ұсына ал-

май отыр. Өкінішке қарай, G20 және G8 пішіндері тиімсіздігін көрсетіп отыр, олар-

да тіпті әлемдік Дағдарысқа қарсы жоспарды талқылаудың өзі де басталған жоқ.

Мен  әлем  үшін  дағдарысқа  қарсы  шешімдер  іздеуге  қатысушылардың  санын 

түбегейлі ұлғайтуды ұсынамын. Мен жаңа коммуникативті алаңқайды «G global жо-

басы» деп атауды ұсынамын. Ол Бреттон Вуд электронды желілігі тәрізді өмір сүре 

алады. Ол үшін Астана экономикалық форумы жұмыс алаңқайы бола алар еді.

Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы мемлекеттерімен бірге, 2012 жылы 

Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу жөнінде бастама көтереді. Оған 

әлемнің барлық елдері қатысып, БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы жоспары бола ала-

тындай Әлемдік реформалар жоспарының жобасын қалыптастыруына болар еді.

Біздің егемен еліміз осы жылдар ішінде әлемдік қоғамдастықтың сенімді әріптесі 

бола білгендіктен де мен тәуелсіздіктің 20 жылдығының дәл осы мінберінен баста-

ма көтеріп тұрмын.

Бүгінде біз ядролық қарусыз әлем үшін бүкіләлемдік қозғалысына басшылық 

жасаймыз, Біріккен Ұлттар Ұйымында лайықты орнымыз бар.

Біздің өкіліміз Қасым-Жомарт тоқаев бүгінде бізді БҰҰ-да Ұйым төрағасының 

орынбасары ретінде табысты өкілдік етуде. 

Біз ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық еттік, Астанада ЕҚЫҰ-ның ХХІ ғасырдағы бірінші 

және әзірше жалғыз саммитін өткіздік.

Биылғы жылы біз Ислам ынтымақтастығы ұйымын басқарудамыз.

Бізде әлемдік діндер съездері өтіп жүр.

Астанада халықаралық конференциялар өткізуді көптеген ұйымдар ұнатады.

Мен  мұны  санамалап  отырған  себебім,  «G  global»-ды  ұсына  отырып,  бүгінде 

Қазақстанға  әлемдік  қоғамдастықтың  сенімі  бар  екенін  айтқым  келеді.  Біздің 

әлемге  арнап  үн  қатуға  мандатымыз  бар  және  біздің  үндеуіміздің  құлақтарға 

жететініне менің сенімім мол.

Қымбатты қазақстандықтар!

таяудағы 20 жыл, менің айтқанымдай, біздің еліміз үшін қиын да шешуші жыл-

дар болады. Ол қазақстандықтардың қазіргі буыны үшін ғана емес, сонымен бірге 

біздің ұрпақтарымыз үшін де шешуші.



354

Қосымшалар

тұңғыш  Президент  және  Ұлт  көшбасшысы  ретіндегі  менің  тарихи  боры-

шым  халқымызды  тәуелсіздіктің  тар  жол,  тайғақ  кешулерінен  алып  өту.  Мен 

өз өмірімді, өзімнің бүкіл күш-жігерімді Отанымның жолына тіктім. Бұл менің 

тағдырым, менің жауапкершілігім, тәуелсіздік идеалдарына деген менің терең 

берілгендігім.

Қымбатты достар!

ХХІ  ғасырдың  екінші  онжылдығына  біз  ешқандай  елессіз,  бірақ  барша 

қазақстандықтардың  тұрақты  және  қауіпсіз  өміріне  деген  сеніммен  кіреміз. 

Көпғасырлық бірігу мен сабақтастық қана, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан 

ортақ  мақсаттар  ғана  ұлтты  осы  ғасырдың  міндеттерін  шешу  үшін  топтастыруға 

қабілетті.

Мен біздің бәріміз бір ұрпақтың өмірі біз армандайтын қуатты мемлекет құру 

үшін жетпейтінін түсінеміз ғой деп ойлаймын.

тәуелсіздіктің  Үшінші  онжылдығының  саяси  күнтізбесінің  алғашқы  маңызды 

оқиғасы тарихта тұңғыш рет 2 партиядан кем болмайтын мәслихаттар мен Мәжіліс 

сайлауы болуының да символдық мәні бар.

Қазақстандықтардың  тұрақтылық  пен  келісім  бағытын,  үдемелі  индустрия-

ландыру,  инновациялық  даму  мен  интеграция  бағытын  қолдайтынына  мен  еш 

күмәнданбаймын, өйткені, оған балама жоқ.

Бұл — біздің ортақ міндетіміз.

Қазақстан — біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

Мен  барша  қазақстандықтарды  ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісімді 

одан әрі нығайтуға шақырамын. Олар біздің мәңгілік құндылықтарымыз.

Біз қиын жолдардан өттік.

Ауыртпалықтар мен табыстар топтастырған, ортақ тағдыр біріктірген біз бүгінгі 

ұлы  күнге  уақыт  бізді  таңдады  және  біз  өзіміздің  тарихи  мүмкіндігімізді  жүзеге 

асырдық деген сеніммен келіп отырмыз.

Ардақты ағайын!

Осы Ұлыстың ұлы күнінде мен ендігі сөзімді елімізбен бірге кемелдік кезеңге 

қадам басқан жастарға арнаймын.

Біз сендердің білікті маман, болашағы жарқын отаншыл азамат болып өсулерің 

үшін барлығын жасап келеміз. Біз сендер үшін білім беру мен ғылымның ең озық 

жүйесін  жасаудамыз.  Сендердің  алдарыңнан  ата-бабаларың  армандап  көрмеген 

ғаламат мүмкіндіктер ашылуда. Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді 

сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер!

тәуелсіздіктің 20 жылында жасалған бар жақсылық сендерге арналды!

Елдік пен тәуелсіздіктің Киелі көк туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін — 

жастар, сендер боласыңдар! Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар! Қуатты 

Қазақстанның құтты іргесін қалаушы біздің буынның абыройлы аманатына лайық 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет