Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет37/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44

бола  біліңдер!  Сонда  ғана  Қазақстан  жас  ұрпақтың  жанқияр  еңбегі  арқылы 

өркендейтін болады деп сенемін.

тарих  тоғыстырған,  тағдыр  табыстырған  бүгінгі  ұлы  күнге  біз  берік  сеніммен 

жетіп отырмыз: Бұл дәуір бізді таңдады. Біз берілген тарихи мүмкіндікті тамаша 

пайдалана білдік. Келер ұрпақ та солай етуі керек.



355

Қосымшалар

Қымбатты қазақстандықтар!

Іргесі берік, бірлігі бекем еліміздің алдында асқар асу, биік белестер бар. Мың 

құбылған алмағайып дүниенің не ұсынғалы тұрғанын болжау қиын.

Біздің еліміз — жас, жеріміз — ұлан-ғайыр, халқымыздың саны болса — көп 

емес.

Сондықтан Елбасы ретінде елімнің болашағын ойлап алаңдаймын.



Енді бірнеше ғасырдан кейінгі Қазақстанның келешегі — келісті, келбеті көрікті 

болуын армандаймын.

Менің  тұтас  тағдырым,  қажыр-қайратым  мен  білік-тәжірибем  тәуелсіздікті 

нығайтуға, Отанымды көркейтуге арналып келеді, бұдан былай да арнала береді.

Бұл ретте тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету — біздің ортақ 

мүддеміз.

Осы жолда біз тәуелсіздіктің жалғыз тірегі бірлік екенін ешуақытта ұмытпауымыз 

керек. Бізге қазақтың бірлігі, жалпы еліміздің бірлігі қажет.

Біздің Отанымыз — ортақ, тілегіміз — бір, мақсатымыз — жалғыз. Ол — жері 

жұмақ, елі бақытты Отанымыз, Қазақстанымыз!

Бұл орайда мені бүгінгі жас ұрпақтың қарышты қадамы қуантады, сергек сана-

сы тебірентеді.

Мәселен, «Егемен Қазақстан» газетінде 7 жастағы Жамбыл деген бала былай 

деп жазыпты:

Көк туым шалқып төрімде, елімнің бағы таймасын.

Жас болып ару Астанам, құлпырып күндей жайнасын.

тәуелсіздігім — тәтті сый тәңірден келген, ағайын.

Бар қазағым бақыттың 20-шы жылын тойласын!

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған қаршадай баланың бұлай жырлауы үмітімізді 

арттырады, осылай ойлауы бізді қуантады. Біз осындай жастарды тәрбиелеуіміз ке-

рек. Ендеше, біздің болашағымыз — жарқын, келешегіміз — кемел!

Құрметті ағайын!

тәуелсіздігімізді  тұғырлы  ету  жолындағы  абыройлы  белесте  баршаңызға 

толайым табыстар тілеймін!

тәуелсіздігіміз жасасын!

Мереке құтты болсын!



356

Қосымшалар

Жаңажылдық құттықтауы

Астана қаласы, 2011 жылдың 31 желтоқсаны

Қымбатты отандастар!

Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2012 жылға қадам басамыз.

Өтіп бара жатқан жыл еліміз үшін сыйы мен сынағы қатар келген ерекше жыл 

болды.


Биыл біз тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өттік.

Астана мен Алматыда Азиада алауы тұтанып, аспан түсті жалауымыз жоғарыдан 

желбіреді.

Елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммиті өтті.

Сырттағы  ағайынға  сауын  айтып,  Дүние  жүзі  қазақтарының  ІV  құрылтайын 

өткіздік.

Еліміздің  абыройы  асқақтап,  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымының  тізгінін 

ұстадық.


Әлеуетіміз артып, ел қамбасы мол ырысқа толды.

Бұл жылдың еншісінде өркенімізді өсірген өзге де жақсылықтар аз емес.

Биылғы Президент сайлауында халқым маған ел тізгінін қайта сеніп тапсырды.

Елбасы ретіндегі еңбегіме жоғары баға беріп, мерейімді тасытқан еліме шынайы 

алғысымды айтамын.

Ардақты ағайын!

Мен біздің басты байлығымыз — берекелі бірлігіміз екенін ұдайы айтып келемін.

Біз  —  ежелден  елдікті  ардақтаған,  байыпты  қалпы  мен  салиқалы  салтын 

сақтаған  жоралы  жұртпыз.  татулық  пен  тұрақтылық  арқылы  біз  биік  белестерді 

бағындырдық.  Ырысты  ынтымағымыз  жарасты  болса,  ұлағатты  ұлт  ретінде  алар 

асуларымыз әлі алда.

Алдымыздағы жыл — жаңа дәуірдің басы. Жаңа жылда біз тәуелсіздіктің үшінші 

онжылдығының парағын ашамыз. Біз алдағы кезеңге ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, 

жақсы ниетпен қадам басамыз.

Жаңа  жыл  —  ең  әуелі  отбасылық  мереке.  Дана  халқымыз  «Отан  отбасынан 

басталады»  деп  бекер  айтпаған.  Жаңа  жыл  еліміздегі  әрбір  шаңыраққа  шаттық 

сыйласын деп тілеймін!

Ұлы Отанымызға жақсылығы мен мол игілігін ала келсін!

Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!


357

Қосымшалар

1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тура-

лы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №377-ІV;

2. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  мемлекеттік 

бақылау және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №378-ІV;

3. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  құқық  қорғау 

қызметі  және  сыныптық  шендер,  әскери  және  арнаулы  атақтар  беру,  әскери 

қызметшілердің  және  өзге  де  мемлекеттік  органдар  қызметкерлерінің  нысанды 

киім киіп жүру құқығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №379-ІV;

4. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-ІV;

5. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенциясын рати-

фикациялау туралы» 2010 жылғы 10 қаңтардағы №381-ІV;

6. «1968 жылғы 8 қарашада Вена қаласында қол қою үшін ашылған Жол жүрісі 

туралы конвенцияны толықтыратын еуропалық келісімді ратификациялау туралы» 

2011 жылғы 10 қаңтардағы №382-ІV;

7. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  әртүрлі 

заңнамалық  актілердің  құқық  нормалары  арасындағы  қайшылықтарды, 

олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар 

жасауға  ықпал  ететін  нормаларды  жою  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 қаңтардағы №383-ІV;

8. «Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы 

және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған 

жаһандық техникалық қағидаларды енгізу туралы келісімді ратификациялау тура-

лы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы №384-ІV;

9. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес пен жеке 

меншікті заңсыз тартып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 11 қаңтардағы №385-ІV;

10. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Испания  Корольдігінің  Үкіметі 

арасындағы  табыс  пен  капиталға  салынатын  салықтарға  қатысты  қосарланған 

салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвен-

цияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» 2011 жылғы 14 қаңтардағы 

№386-ІV;

11. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Сауд  Арабиясы  Корольдігінің 

Үкіметі  арасындағы  Астана  қаласында  Сауд  Арабиясы  Корольдігі  елшілігінің 

объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімді ратификациялау тура-

лы» 2011 жылғы 14 қаңтардағы №387-ІV;

12. «Асбесті пайдалану кезінде еңбекті қорғау туралы конвенцияны ратифика-

циялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы №388-ІV;

13. «Жеке  тұлғалардың  кеден  одағының  кеден  шекарасы  арқылы  қолма  қол 

ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шартты ра-

тификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы №389-ІV;

2011 жылы қабылданған 

Қазақстан Республикасы заңдарының тізбесі



358

Қосымшалар

14. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Ресей  Федерациясының 

Үкіметі  арасындағы  Ғарыш  кеңістігін  бейбіт  мақсаттарда  зерттеу  және  пайда-

лану  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы» 

2011 жылғы 17 қаңтардағы №390-ІV;

15. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 

арасындағы Екібастұз МАЭС-2 үшінші блогын салу және кейіннен пайдалану тура-

лы келісімді ратификациялау туралы» 2011 жылғы 17 қаңтардағы №391-ІV;

16. «Дүниежүзілік  пошта  одағының  Жарғысына  Жетінші  қосымша  хаттаманы 

ратификациялау туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы №392-ІV;

17. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  қылмыстық 

заңнаманы  одан  әрі  ізгілендіру  және  қылмыстық  процестегі  заңдылықтың 

кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-

ралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы №393-ІV;

18. «назарбаев  Университеті»  «назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  және  «на-

зарбаев қоры» мәртебесі туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы №394-ІV;

19. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  білім  беру 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  2011  жылғы 

19 қаңтардағы №395-ІV;

20. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі 

арасындағы  Қарыз  туралы  келісімді  (Салықтық  әкімшілендіруді  реформалау 

жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы №396-ІV;

21.   «2009  жылғы  11  желтоқсандағы  Кеден  одағының  өсімдіктер  карантині 

туралы  келісіміне  өзгерістер  енгізу  туралы  хаттаманы  ратификациялау  туралы» 

2011 жылғы 24 қаңтардағы №397-ІV;

22. «2009  жылғы  11  желтоқсандағы  Кеден  одағының  санитарлық  шаралар 

жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 

2011 жылғы 24 қаңтардағы №398-ІV;

23. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық 

көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  2011  жылғы 

24 қаңтардағы №399-ІV;

24. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін 

еттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 

26 қаңтардағы №400-ІV;

25. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы №401-ІV;

26. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  медиация 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  2011  жылғы 

28 қаңтардағы №402-ІV;

27. «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы» 

2011 жылғы 2 ақпандағы №403-ІV;

28. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  конституциялық  заңдарына 

толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізу  туралы»  2011  жылғы  3  ақпандағы 

№404-ІV;

29. «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена 

конвенциясын (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулерімен 

1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік тура-



359

Қосымшалар

лы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні) ратификациялау туралы» 2011 жылғы 

10 ақпандағы №405-ІV;

30. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  ипотекалық 

кредит  беру  және  қаржылық  қызметтерді  тұтынушылар  мен  инвесторлардың 

құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-

лы» 2011 жылғы 10 ақпандағы №406-ІV;

31. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы №407-ІV;

32. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  ғылым 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  2011  жылғы 

18 ақпандағы №408-ІV;

33. «1968  жылғы  8  қарашада  Вена  қаласында  қол  қою  үшін  ашылған  Жол 

белгілері мен сигналдарды туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді 

ратификациялау туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы №409-ІV;

34. «1968  жылғы  8  қарашада  Вена  қаласында  қол  қою  үшін  ашылған  Жол 

белгілері  мен  сигналдарды  туралы  конвенцияны  толықтыратын  Еуропалық 

келісімге Жол таңбалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2011 жылғы 

28 ақпандағы №410-ІV;

35. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Қырғыз  Республикасының 

Үкіметі  арасындағы  Қазақстан  Республикасының  Қырғыз  Республикасындағы 

елшілігінің  және  Қырғыз  Республикасының  Қазақстан  Республикасындағы 

елшілігінің  қажеттіліктері  үшін  Астана  мен  Бішкек  қалаларында  ғимараттар  мен 

жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау ту-

ралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы №411-ІV;

36. «2011–2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан 

Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 

28 ақпандағы №412-ІV;

37. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV;

38. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  мемлекеттік 

мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 

1 наурыздағы №414-ІV;

39. «2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының ветеринарлық-санитарлық 

шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау 

туралы» 2011 жылғы 3 наурыздағы №415-ІV;

40. «Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді ра-

тификациялау туралы» 2011 жылғы 19 наурыздағы №416-ІV;

41. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

Босқындар  істері  жөніндегі  Жоғарғы  комиссарының  басқармасы  арасындағы 

ынтымақтастық  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

19 наурыздағы №417-ІV;

42. «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының статутын ратификация-

лау туралы» 2011 жылғы 24 наурыздағы №418-ІV;

43. «Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманы 

ратификациялау туралы» 2011 жылғы 24 наурыздағы №419-ІV;

44. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  шаруа  не-

месе  фермер  қожалықтарының  қызметі  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 наурыздағы №420-ІV;



360

Қосымшалар

45. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  азаматтық 

заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту-

ралы» 2011 жылғы 25 наурыздағы №421-ІV;

46. «тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қылмыстық 

кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы 

іс-қимылы туралы шартты ратификациялау туралы» 2011 жылғы 29 наурыздағы 

№422-ІV;

47. «Кеден  одағы  бірыңғай  кеден  аумағының  жұмыс  істеу  режимінен  жеке-

леген  уақытша  алулар  туралы  хаттаманы  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

29 наурыздағы №423-ІV;

48. «Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексіне  (Ерекше  бөлім) 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 30 наурыздағы №424-ІV;

49. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  нор-

ма  шығармашылық  қызметті  жетілдіру  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 сәуірдегі №425-ІV;

50. «1992  жылғы  23-25  қарашада  Копенгаген  қаласында  қабылданған  Озон 

қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына түзетуді және 1997 жылғы 

15–17 қыркүйекте Монреаль қаласында қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар 

жөніндегі  Монреаль  хаттамасына  түзетуді  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

6 сәуірдегі №426-ІV;

51. «Қазақстан  Республикасы  мен  Италия  Республикасы  арасындағы 

Стратегиялық  әріптестік  туралы  шартты  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

18 сәуірдегі №427-ІV;

52. «Шанхай  ынтымақтастық  ұйымына  мүше  мемлекеттердің  терроризмге 

қарсы құралымдары үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификациялау тура-

лы» 2011 жылғы 18 сәуірдегі №428-ІV;

53. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  Қарулы 

Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базала-

ры мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған ау-

дандар мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 сәуірдегі 

№429-ІV;

54. «Патент  құқығы  туралы  шартты  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

2 мамырдағы №430-ІV;

55. «Қылмыстық  әрекеттен  түскен  табыстарды  жылыстату,  анықтау,  алып 

қою  және  тәркілеу  туралы  конвенцияны  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

2 мамырдағы №431-ІV;

56. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының 

Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін, тұрақтылығын 

және оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылға Америка 

Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы 

арқылы өтетін жүк пен персоналдың әуе транзиті туралы келісімді ратификациялау 

туралы» 2011 жылғы 2 мамырдағы №432-ІV;

57. «Беларусь  Республикасының,  Қазақстан  Республикасы  мен  Ресей 

Федерациясының мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын ұйымдастыру, 

басқару, олардың жұмыс істеу және даму тәртібі туралы келісімді ратификациялау 

туралы» 2011 жылғы 2 мамырдағы №433-ІV;



361

Қосымшалар

58. «Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, газ тасымалы 

жүйелері арқылы газ тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің 

қызметтеріне  қол  жеткізу  қағидалары  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы» 

2011 жылғы 2 мамырдағы №434-ІV;

59. «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы 

келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаске-

лер] [Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық 

бағдарлама  –  3-жоба)  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы  17  мамырдағы 

№435-ІV;

60. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Жапония  Үкіметі  арасындағы 

ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (Жамбыл облысы) жүзеге асыру үшін 

қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау тура-

лы» 2011 жылғы 17 мамырдағы №436-ІV;

61. «Жапония  халықаралық  ынтымақтастық  агенттігі  мен  Қазақстан 

Республикасының Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы 

(Жамбыл облысы) бойынша қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» 2011 

жылғы 17 мамырдағы №437-ІV;

62. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корея Республикасының Үкіметі 

арасындағы Корея Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу 

үшін Астана қаласында жер учаскелерін беру туралы келісімді ратификациялау ту-

ралы» 2011 жылғы 23 мамырдағы №438-ІV;

63. «Валюталық саясаттың келісілген қағидаттары туралы келісімді ратифика-

циялау туралы» 2011 жылғы 24 мамырдағы №439-ІV;

64. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айна-

лымы  мен  теріс  пайдаланылуына  қарсы  іс-қимыл  шаралары  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 31 мамырдағы 

№440-ІV;

65. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық 

қорғау  органдары  мен  арнайы  қызметтерін  жарақтандыру  үшін  арнайы  техника 

мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімді ратифи-

кациялау туралы» 2011 жылғы 16 маусымдағы №441-ІV;

66. «Көшіп-қонушы  еңбекшілер  мен  олардың  отбасы  мүшелерінің  құқықтық 

мәртебесі туралы келісімді ратификациялау туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы 

№442-ІV;


67. «Беларусь Республикасындағы, Қазақстан Республикасындағы және Ресей 

Федерациясындағы  техникалық  реттеудің  бірыңғай  қағидаттары  мен  қағидалары 

туралы келісімді ратификациялау туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы №443-ІV;

68. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  жұмыспен 

қамту  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы №444-ІV;

69. «Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл 

жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» 2011 жылғы 

28 маусымдағы №445-ІV;

70. «тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне 

қол  жеткізуді  реттеу  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

28 маусымдағы №446-ІV;



362

Қосымшалар

71. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 

арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі 

мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру 

шартына  өзгеріс  енгізу  туралы  хаттаманы  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

29 маусымдағы №447-ІV;

72. «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы бірыңғай 

реттеу  қағидаттары  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  2011  жылғы 

30 маусымдағы №448-ІV;

73. «Кеден  одағы  шеңберіндегі  даулар  бойынша  шаруашылық  жүргізуші 

субъектілердің  Еуразиялық  экономикалық  қоғамдастықтың  сотына  жүгінуі  және 

олар бойынша сот ісін жүргізу ерекшеліктері туралы шартты ратификациялау тура-

лы» 2011 жылғы 30 маусымдағы №449-ІV;

74. «Қазақстан  Республикасы  мен  Халықаралық  қайта  құру  және  даму  банкі 

арасындағы  Қарыз  туралы  келісімді  (техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді 

жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы» 2011 жылғы 2 шілдедегі №450-ІV;

75. «табиғи  монополиялар  субъектілерінің  қызметін  реттеудің  бірыңғай 

қағидаттары  мен  қағидалары  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  2011 

жылғы 2 шілдедегі №451-ІV;

76. «Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  уәкілетті 

мемлекеттік  органдар  мен  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  тексерілетін 

субъектілерге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді 

қабылдау  құзыреттерін  қайта  қарау  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 5 шілдедегі №452-ІV;

77. «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Қылмыстық 

істер  бойынша  өзара  құқықтық  көмек  туралы  шартты  ратификациялау  туралы» 

2011 жылғы 8 шілдедегі №453-ІV;

78. «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Франция  Республикасының 

Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және 

оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау тура-

лы» 2011 жылғы 8 шілдедегі №454-ІV;

79. «Бірыңғай экономикалық кеңістікке қатысушы мемлекеттердегі қызметтер 

көрсету  саудасы  және  инвестициялар  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы» 

2011 жылғы 8 шілдедегі №455-ІV;

80. «Бәсекелестіктің  бірыңғай  қағидаттары  мен  қағидалары  туралы  келісімді 

ратификациялау туралы» 2011 жылғы 8 шілдедегі №456-ІV;

81. «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімді ратификациялау 

туралы» 2011 жылғы 8 шілдедегі №457-ІV;

82. «Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энер-

гетикасы  саласындағы  табиғи  монополиялардың  қызметтеріне  қол  жеткізуді 

қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялау туралы» 2011 жылғы 8 шілдедегі 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет