Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет5/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен 

Үндістан  Республикасы  арасындағы  Азаматтық  істер 

бойынша  құқықтық  көмек  көрсету  туралы  шарттың 

жобасын  дәйектеу  туралы»  №1162    Жарлығына  қол 

қойды.


28 ақпан 

Мемлекет  басшысы  ЕҚЫҰ-ның  іс  басындағы 

төрағасы  —  Литва  Республикасының  Сыртқы  істер 

министрі А. Ажубалиспен кездесті. 



42

Ақпан


Кездесу барысында Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасын-

дағы  ынтымақтастықты  одан  әрі  дамыту,  сондай-ақ 

Қазақстанның ДСҰ-ға кіру мәселелері талқыланды.  

Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-

циясында  Қазақстанның  жетекші  БАҚ  журналистері-

мен кездесті. 

Кездесуге  н.Б.  Жүсіп  («Айқын»  газеті),  Б.Қ.  Ғаб-

дуллин («Central Asia Monitor» газеті), А.С. Платонов 

(«КтК»  телеарнасы),  Ю.  Синчук  («Хабар»  агенттігі» 

АҚ), н.К. Ерімбетов («Астана» телеарнасы), Л.М. та-

нысбай («Қазақстан» РтРА» АҚ) қатысты. 

Кездесу  барысында  Президент  өзінің  Қытайға 

жасаған  мемлекеттік  сапарының  қорытындылары, 

Жолдауда  белгіленген  жаңа  әлеуметтік  саясаттың 

өзекті  аспектілері,  тұрғын  үй  құрылысының  2011–

2014  жылдарға  арналған  бағдарламасының  орында-

лу барысы, қазақстандық ауыл мен шағын және орта 

бизнестің, тіл саясатының перспективалары, алда бо-

латын  сайлау,  Қазақстанның  ИКҰ-ға  төрағалығының 

басымдықтары,  сондай-ақ  ірі  ұлттық  компания-

лар  акцияларын  халыққа  сату  бағдарламасы  туралы 

әңгімелеп берді. 

Мемлекет  басшысы  «1968  жылғы  8  қарашада 

Вена қаласында қол қою үшін ашылған Жол белгілері 

мен сигналдарды туралы конвенцияны толықтыратын 

Еуропалық келісімді ратификациялау туралы» №409-

ІV, «1968 жылғы 8 қарашада Вена қаласында қол қою 

үшін  ашылған  Жол  белгілері  мен  сигналдарды  тура-

лы  конвенцияны  толықтыратын  Еуропалық  келісімге 

Жол  таңбалары  туралы  хаттаманы  ратификация-

лау  туралы»  №410-ІV,  «Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі  мен  Қырғыз  Республикасының  Үкіметі 

арасындағы  Қазақстан  Республикасының  Қырғыз 

Республикасындағы  елшілігінің  және  Қырғыз 

Республикасының  Қазақстан  Республикасындағы 

елшілігінің  қажеттіліктері  үшін  Астана  мен  Бішкек 

қалаларында ғимараттар мен жер учаскелерін өзара 

өтеусіз  пайдалануға  беру  туралы  келісімді  ратифи-

кациялау  туралы»  №411-ІV,  «2011–2013  жылдарға 

арналған  республикалық  бюджет  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру-

лар енгізу туралы» №412-ІV заңдарына қол қойды.



наурыз

Дс

7



14

21

28



Сс

1

8



15

22

29



Ср

2

9



16

23

30



Бс

3

10



17

24

31



Жм

4

11



18

25

Сн



5

12

19



26

Жк

6



13

20

27



45

наурыз


1 наурыз 

Мемлекет  басшысы  «Мемлекеттік  мүлік  тура-

лы»  №413-ІV,  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 

заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

№414-ІV заңдарына қол қойды.

2 наурыз 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Республикалық  бюджетінің  атқарылуын  бақылау 

жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.н. Өксікбаевты 

қабылдады.  Ол  2010  жылы  комитеттің  жүргізген 

қадағалау  шараларының  қорытындылары,  сондай-

ақ  республикалық  бюджеттің  2010  жылғы  атқарылу 

сараптамасының қорытындылары туралы баяндады. 

Сол күні Мемлекет басшысы «Маңғыстаумұнайгаз» 

АҚ бас директоры  А.С. Айдарбаевты қабылдады. Ол 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның 2010 жылғы қызметінің 

қорытындылары туралы хабардар етті.  

3 наурыз 

Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясының  Пре-

зиденті Д.А. Медведевпен телефон арқылы сөйлесті. 

Әңгімелесу  барысында  тараптар  Қазақстан-Ресей 

қатынастарының  әртүрлі  аспектілерін,  сондай-ақ 

тМД-ның  құрылғанына  20  жыл  толуына  арналған 

мерейтойлық саммитті өткізу мәселелерін талқылады.   

Мемлекет  басшысы  «нұр  Отан»  Халықтық-

демократиялық  партиясы  Орталық  аппаратының 

ғимаратында орналасқан Республикалық сайлауалды 

қоғамдық штабының мүшелерімен кездесті. 

Кездесу  барысында  н.Ә.  назарбаев  штаб 

жұмысымен,  оның  баспасөз  орталығымен  танысып, 

волонтерлармен әңгімелесті. 

Мемлекет басшысы «2009 жылғы 11 желтоқсандағы 

Кеден  одағының  ветеринарлық-санитарлық  шаралар 

жөніндегі  келісіміне  өзгерістер  енгізу  туралы  хатта-

маны ратификациялау туралы» №415-ІV Заңына қол 

қойды.

Президент сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет 



мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери 

46

наурыз


қызметшілерді  запасқа  шығару  және  Қазақстан 

Республикасының  азаматтарын  2011  жылдың  сәуір-

маусымында  және  қазан-желтоқсанында  кезекті 

мерзімді  әскери  қызметке  шақыру  туралы»  №1163, 

«Көп  балалы  аналарды  «Алтын  алқа»  және  «Күміс 

алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы»  №1164, 

«Ж.Қ.  түймебаев  туралы»  №1165,  «Қазақстан  Рес-

публикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы мемле-

кеттік  мұрағатынан  шығатын  анықтамаларға  және 

мұрағаттық  құжаттардың  көшірмелеріне  апостиль 

қою»  мемлекеттік  қызмет  көрсетулер  стандартын 

бекіту туралы» №1166 жарлықтарына қол қойды. 

4 наурыз 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Пар-

ламенті Мәжілісінің  төрағасы О.Б. Мұхамеджановты 

қабылдады.  Ол  төменгі  палатаның  заңшығарушылық 

жұмысы  туралы,  сондай-ақ  «нұр  Отан»  Халықтық-

демократиялық партиясы парламенттік фракциясының 

қызметі туралы хабардар етті. 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2002  жылғы  29  тамыздағы  №941 

Жарлығына  өзгерістер  енгізу  туралы»  №1167, 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік 

қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Рес-

публикасы Президентінің 2010 жылғы 24 ақпандағы 

№928  Жарлығына  өзгерістер  мен  толықтыру  енгізу 

туралы» №1168 жарлықтарына қол қойды.

5 наурыз 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  орай  астаналық 

тәуелсіздік  сарайында  өткен  Қазақстан  әйелдерінің 

съезіне қатысты. 

«Осы жылдар бойы, барлық тәуелсіз 20 жыл ішінде 

КСРО құлағаннан кейін болған ең күрделі кезеңде, эко-

номикамыз толығымен тұралап қалғанда және кейінгі 

мемлекеттік құрылыстың табысты жылдары сіздер — 

ханымдар, үнемі менімен бірге болып, менің ұстанған 

бағытымды, барлық қадамымды қолдап келдіңіздер. 

Ол кездері көбі сенімсіздікпен қараған еді, алайда біз 

сіздермен бірге жеңіп шықтық!», — деді н.Ә. назар-

баев съезд делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде 

(Қосымшаны қараңыз).



47

наурыз


Сол күні Мемлекет басшысы астаналық Бейбітшілік 

және  келісім  сарайында  өткен  «Жизель»  балетіне 

барды. 

10 наурыз 



Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында 

жұмыс сапарымен болды. 

Президент  құсты  өнеркәсіптік  негізде  өсіретін, 

құрама  азық  шығаратын  және  етті  терең  өңдейтін 

жабық  өндірістік  циклі  бар  заманауи  кәсіпорын  бо-

лып  табылатын  «Ордабасы  құс»  ЖШС  жаңа  құс 

өсіру  кешеніне  барды.  Содан  соң  сол  жерде  үдемелі 

индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасымен 

және облыстың микрокредиттік ұйымдары жобасымен 

танысты. 

Содан кейін н.Ә. назарбаев Шымкент қаласындағы 

жаңа перинаталды орталықты қарап шықты. 

Мемлекет басшысы «Көп балалы аналарды «Алтын 

алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау ту-

ралы» №1169 Жарлығына қол қойды.

11 наурыз 

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына 

жұмыс сапары барысында түркістан қаласына барып, 

Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесіне  кірді,  жаңа  қалалық 

тарихи-мәдени  этнографиялық  орталықты  аралап 

көрді және қоғам өкілдерімен кездесті. 

Мемлекет  басшысы  Жапонияның  Премьер-

министрі  н.  Канға  жер  сілкінісі  кезінде  орын  алған 

сұ рапыл апаттың құрбандарына бай ланысты қайғыға 

ортақтас ты ғын  білдіріп,  көңіл  айту  жеделхатын  жол-

дады. 


12 наурыз 

Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун-

мен телефон арқылы сөйлесті. 

Әңгімелесу  барысында  тараптар  халықаралық 

күн  тәртібіндегі  мәселелерді,  Магрибтегі,  таяу 

Шығыстағы және Орталық Азиядағы жағдайлар тура-

лы мәселелерді талқылады. 


48

наурыз


14 наурыз 

Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық банкінің төрағасы Г.А. Марченконы қабылдап, 

оның Қазақстанның валюталық нарығындағы жағдай 

туралы баяндамасын тыңдады. 

15 наурыз 

Мемлекет  басшысы  Астана  қаласында  өткен 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің отыры-

сына төрағалық етті. 

Отырыста 

ұлттық 

қауіпсіздік 



стратегиясы 

мәселесі,  көлік  және  азық-түлік  қауіпсіздігі,  жаңа 

әскери  доктринаны  әзірлеу,  сыртқы  саясаттың  жаңа 

тұжырымдамасы, құқық қорғау жүйесін жетілдіру, діни 

экстремизммен  және  лаңкестікпен  күрес,  сондай-ақ 

сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері қаралды. 

Заманауи тәуекелдіктер мен қатерлерге қарсы жа-

уап қайтарудың жаңа әдістері мен тетіктерін іздеудің 

өткір  қажеттілігін  атап  көрсете  отырып,  Президент 

Үкімет пен мемлекеттік органдарға «Ұлттық қауіпсіздік 

туралы» Заңның жаңа редакциясын, ішкі істер орган-

дары  туралы  жаңа  заңды  әзірлеуді,  жер  қойнауын 

пайдаланушылардың  өздеріне  алған  қаржылық 

міндеттемелерін орындауына қадағалауды күшейтуді, 

атом  саласын  дамыту  бағдарламасын  пысықтауды, 

теңіз мұнай операцияларын және т.б. жүргізу кезіндегі 

техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 

шаралар қолдануды тапсырды. 

Сол күні Мемлекет басшысы астаналық Конгресс-

холлда өткен Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік 

қорғалуға  жататын  топтарына  Мемлекеттік  тұрғын-

үй  қорынан  пәтерлердің  кілттерін  тапсыру  рәсіміне 

қатысты. 

400 адам бақытты жаңа қоныстанушылар атанды. 

Олардың қатарында Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 

сондай-ақ  оларға  теңестірілгендер,  жетім  балалар, 

зейнеткерлер,  мүгедектер,  көпбалалы  және  толық 

емес  отбасылар,  мүгедек  балалары  бар  отбасылар, 

қаза  болған  әскери  қызметшілердің  отбасылары, 

сондай-ақ бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен 

мемлекеттік қызметшілер де бар. 

н.Ә.  назарбаев  сөйлеген  сөзінде  Қазақстанның 

жүргізіп  отырған  мемлекеттік  саясатының  басты 

мақсаттарының  бірі  әрбір  қазақстандық  отбасын  өз 



49

наурыз


пәтерімен немесе жеке меншік үйімен қамтамасыз ету 

болып табылатындығын атап өтті.  

Мемлекет  басшысы    «Қазақстан  Республика-

сы  Президентінің  2006  жылғы  17  наурыздағы  №67 

Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура-

лы» №1170 Жарлығына қол қойды.

16 наурыз 

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс 

сапарымен аттанды. 

17 наурыз

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс 

сапары  барысында  осы  елдің  астанасы  Мәскеу 

қаласында Президент Д.А. Медведевпен кездесті. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  мұнай-газ  ресурстарын  тасымалдау  мен 

Каспий теңізі түбінің көмірсуларын игеру, атом және 

электр энергиясы, транзитті-көліктік, ғарыштық және 

индустриялық-инновациялық  салалардың  негізгі 

бағыттары  бойынша  екіжақты  ынтымақтастықтың 

жағдайы мен перспективалары талқыланды. 

Кездесуде  Қазақстан  мен  Ресейдің  өңіраралық 

байланыстарының өнімді дамуы атап өтілді. Қазақстан 

мен  Ресей  президенттерінің  қолдауымен  жыл  сайын 

өткізілетін Шекара маңы ынтымақтастық форумдары 

шешімдерінің іске асу барысы талқыланды. 

Екі  ел  көшбасшыларының  кездесуінде  сондай-

ақ  Қазақстан  мен  Ресейдің  2011–2012  жылдарға 

арналған бірлесіп әрекет ету жоспарын іске асыру ту-

ралы, соның ішінде, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» 

автомобиль  дәлізінің  құрылысы,  «Байқоңыр»  ғарыш 

айлағын  бірлесіп  пайдалану,  «Бәйтерек»  Қазақстан-

Ресей  ғарыштық  зымыранды  кешен  құрылысы, 

«Қазсат-2» жерсерігін жасау мен ұшыру, «ГЛОнАСС» 

жаһандық  новигациялық  жерсеріктік  жүйесін  бірігіп 

пайдалану,  нанотехнология  және  көптеген  басқа  да 

технологиялар  саласында  жобаларды  дамыту  үшін 

құрылған  екіжақты  еншілес  қордың  қызметі  секілді 

стратегиялық  жағынан  маңызды  бірлескен  жобалар 

жайында әңгіме болды. 

н.Ә.  назарбаев  пен  Д.А.  Медведев  Қазақстан-

Ресей стратегиялық серіктестігі жүйелі негізде дамып 

келе жатқанын ерекше атап өтті. 



50

наурыз


2010  жылғы  қорытындылар  бойынша  екеуа-

ра  тауар  айналымы  27,8%  өсіп,  15,8  млрд.  доллар-

ды құрады. Бұл көрсеткіш екі ел экономикаларының 

дағдарысқа  дейінгі  даму  деңгейіне  шыққандығының 

және өзара пайдалы ынтымақтастық қарқыны өсуінің 

айғағы.   

                      

Президенттер  сондай-ақ  Қазақстан,  Ресей  және 

Беларусь Кеден одағының қалыптасуы мен перспекти-

валарын, үш елдің құрылуы 2012 жылға жоспарланып 

отырған  Біртұтас  экономикалық  кеңістігінің  шарттық 

базасын  құру  барысы  мәселелерін  талқылады, 

халықаралық саясаттың ағымдағы мәселелері, өңірде 

және  тМД  елдеріндегі  жағдайдың  дамуы,  ҰҚШҰ, 

ЕурАзЭҚ  және  АӨСШК  аясында  жан-жақты  өзара 

әрекетті нығайту жолдары туралы пікір алмасты.  

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  Ресей  Федерациясы 

Үкіметінің төрағасы В.В. Путинмен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің сауда-

экономикалық  ынтымақтастығының  өзара  табысты 

дамуы және көпжоспарлы стратегиялық серіктестікке 

өзара мүдделестігі атап өтілді. 

тараптар  Қазақстан,  Ресей  және  Беларусь  Ке-

ден  одағы  қызметінің  табысты  басталуын,  үш  елдің 

Біртұтас  экономикалық  кеңістігін  құру  бойынша 

жұмысының өнімді барысын атап өтті. 

н.Ә. назарбаев Ресейге қазақстандық экспорттың 

көлемі  30%  өскендігін  және  Ресейден  Қазақстанға 

импорттың үш есеге артқанын атап көрсетті. Бұл Ке-

ден  одағының  арқасында  қол  жеткізген  екіжақты 

қатынастардың жақсы көрсеткіші. 

Әңгімелесу  барысында  тараптар  Кеден  одағы  ая-

сында бірлесуді тереңдете түсу және алдағы болатын 

Біртұтас  экономикалық  кеңістікті  құру,  ең  алдымен, 

екі  ел  азаматтарының  мүдделері  үшін  қажет  екенін 

атап  өтті.  Бұл  қазақстандық  және  ресейлік  экономи-

каны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және ол 

біздің елдер мен халықтарды одан да жақындата түседі. 

Кездесуде  сондай-ақ  Қазақстан  мен  Ресейдің 

2011–2012  жылдарға  арналған  бірлесіп  әрекет  ету 

жоспарын  іске  асыру  барысы  туралы,  әсіресе  нақты 

бірлескен экономикалық жобаларды іске асыру тура-

сында сөз қозғалды. 

Қазақстан  Президенті  мен  Ресей  Федерация-

сы  Үкіметінің  төрағасы  одақтастық  қатынастарды 


51

наурыз


тереңдетудің  жолын  қуушылық,  жақсы  көршілестік 

пен өзара пайдалы сауда-экономикалық байланыстар-

ды нығайту екі елді біріктіретін факторлар екенін атап 

өтті.  


18 наурыз

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысында жұмыс са-

парымен болды.  

Ақтөбе  қаласына  келген  соң,  Президент 

«Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» 

ЖШС 


полиэтилен 

құбырларын  шығаратын  жаңа  зауытта  болды  және 

жаңа өндірісті іске қосты.  

Зауытқа сапары барысында н.Ә. назарбаев Үдемелі 

индустриялық-инновациялық  даму  бағдарламасы  ая-

сында пайдалануға берілген облыстың инвестициялық 

жобаларының көрмесімен танысты, шағын және орта 

бизнес өкілдерімен кездесті.  

Президент  сондай-ақ  Ақтөбе  қаласындағы 

ІІБ  полициясының  зауыт  бөлімінде  болып,  облыстың 

құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесті, 

азаматтардың  өтініштері  мен  хабарламаларын 

қабылдау  тәртібімен,  сондай-ақ  азаматтар  өтініштері 

деректері  бойынша  материалдарды  алға  жылжыту-

ды  және  «online»  режимінде  олар  бойынша  шешім 

қабылдауды  тексеруге  мүмкіндік  беретін  ақпараттық 

терминал жұмысымен танысты.  

Мемлекет  басшысы  полиция  қызметкерлеріне 

20  қызметтік  автомобильдер  мен  10  пәтер  кілттерін 

табыс етті.  

Содан  соң  н.Ә.  назарбаев  «Ауылдың  гүлденуі  — 

Қазақстанның  гүлденуі»  атты  жастар  марафон-

эстафетасының ашылуына қатысты. 

19 наурыз 

Мемлекет басшысы «Астана қаласының Бас жоспа-

ры  ҒЗЖИ»  мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнында 

болды. 

Президент Астана қаласының 2011–2014 жылдарға 



арналған  тұрғын  үй  құрылысын  дамыту  мемлекеттік 

бағдарламасын  іске  асыруда  қала  құрылысының 

аспектілерімен  және  астананың  тұрғын  үйлер  салы-

натын  перспективалы  аудандарын  дамыту  жөніндегі 

ұсыныстарымен танысты.  

Астана қаласының әкімі И.н. тасмағамбетов Мем-

лекет  басшысына  Қазақстан  тарихи  мұражайының 

жұмыс  бабындағы  жобалау  материалдарын,  Астана 



52

наурыз


қаласындағы «Қала сағаты» нысаны жобасының үздік 

эскиз-идеясы бойынша байқаудың материалдарымен 

танысты.   

н.Ә.  назарбаев  сондай-ақ  Қазақстан  дамуының 

тарихи  кезеңдерін  бейнелейтін  «Мыңжылдық» 

қоғамдық,  тұрғын  үй  және  мәдени-ойын-сауық 

кешенінің  ортасына  орналастырылатын  «Мәңгі  ел» 

Еуразиялық қоғамдық-мәдени орталығының жобасын 

қарап шықты. 

Одан  басқа,  Президент  Қазақстан  Республи-

касы  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған 

Монумент  кескіндемесімен,  Астана  қаласында 

инженерлік  ғимараттарды  қайта  қалпына  келтіру, 

мерейтойға арналған белгілі нысандарды орналастыру 

тұжырымдамасының жобасымен танысты. 

Мемлекет  басшысы  «Ядролық  материалды 

физикалық  қорғау  туралы  конвенцияға  түзетуді 

ратификациялау  туралы»  №416-ІV,  «Қазақстан 

Республикасының  Үкіметі  мен  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымының  Босқындар  істері  жөніндегі  Жоғарғы 

комиссарының 

басқармасы 

арасындағы 

ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау ту-

ралы» №417-ІV заңдарына қол қойды. 

22 наурыз  

Мемлекет  басшысы  наурыз  мейрамы  мерекесіне 

орай  Астана  қаласындағы  «Қазақ  елі»  монументі 

алаңында өткен мерекелік шараларға қатысты. 

23 наурыз  

Мемлекет басшысы «Ақорда» астаналық резиден-

циясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды бақылау жөніндегі 

миссиясының басшысы Д. Эвертсті қабылдады.  

Әңгімелесу барысында алдағы президенттік сайлау 

мәселелері  талқыланды,  сондай-ақ  миссияның  тиісті 

міндеттері нақтыланды. 

24 наурыз  

Мемлекет  басшысы  өзінің  алматылық  резиден-

циясында  Алматы  облысының  әкімі  С.А.  Үмбетовті 

қабылдады.  Ол  облыстың  әлеуметтік-экономикалық 

дамуы туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының әлеу-

меттік  жаңғырту  және  индустриялық-инновациялық 



53

наурыз


даму бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша 

Қазақстан  халқына  Жолдауында  берілген  тапсырма-

ларының орындалу барысы туралы хабардар етті. 

Мемлекет басшысы өзінің алматылық резиденция-

сында Алматы қаласының әкімі А.С. Есімовті қабылдап, 

оның  қаланың  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  ту-

ралы,  көліктік  және  спорттық  инфрақұрылымының 

жағдайы, индустриялық жобаларды іске асыру бары-

сы туралы есебін тыңдады. 

Мемлекет  басшысы  «Ресей  темір  жолдары»  ААҚ 

президенті В.И. Якунинді қабылдады. 

Кездесу  барысында  Кедендік  одақ  аясында  екі 

елдің  теміржол  көлік  күретамырларын  дамытуға 

қатысты кең ауқымды мәселелері талқыланды.   

Кездесу  аяқталған соң В.И. Якунин н.Ә. назарбаевқа 

«Өркениеттер  диалогы»  Халықаралық  қоғамдық 

форумының  халықтар  арасындағы  бейбітшілік  пен 

келісімді  нығайтуға,  жаһандық  өркениеттер  диало-

гын  қалыптастырудағы  әлем  қоғамының  күш-жігерін 

біріктіруге  қосқан  айрықша  үлесі  үшін  берілетін 

сыйлығын табыс етті.   

Сол күні Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы 

Достық үйіне барып, онда этномәдени бірлестіктермен 

ұйымдастырылған көрменің экспонаттарымен, сондай-

ақ Алтын адам сақ жауынгерінің жаңа көшірмесімен 

танысты. 

Мемлекет  басшысы  «Еуразиялық  экономикалық 

қоғамдастық  сотының  статутын  ратификациялау 

туралы»  №418-ІV,  Дүниежүзілік  пошта  одағының 

Жарғысына  Сегізінші  қосымша  хаттаманы  ра-

тификациялау 

туралы» 


№419-ІV, 

«Қазақстан 

Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне 

шаруа  немесе  фермер  қожалықтарының  қызметі 

мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар 

енгізу туралы» №420-ІV заңдарына қол қойды. 

Президент  сондай-ақ  «Қ.Қ.  Әбдірахманов  ту-

ралы»  №1172,  «Қ.Қ.  Әбдірахмановты  Қазақстан 

Республикасының 

Австрия 


Республикасындағы 

54

наурыз


төтенше 

және 


Өкілетті 

Елшісі, 


Қазақстан 

Республикасының  Вена  қаласындағы  халықаралық 

ұйымдар  жанындағы  тұрақты  өкілі  қызметіне 

тағайындау  туралы»  №1173,  «В.н.  Игнатенконы 

ІІ  дәрежелі  «Достық»  орденімен  наградтау  туралы» 

№1174,  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет