Хроникасы



жүктеу 10.07 Mb.
Pdf просмотр
бет7/44
Дата27.03.2017
өлшемі10.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44

Қостанай облысының әкімі қызметіне тағайындау ту-

ралы» №32, «Қазақстан Республикасы Президентінің 



67

Сәуір


2000 жылғы 12 мамырдағы №392 Жарлығына өзгеріс 

енгізу  туралы»  №33,  «Б.Б.  Қуандықовты  Қызылорда 

облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» №34, 

«Б.М. Сапарбаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі 

қызметіне тағайындау туралы» №35, «Б.Ә. Сағынтаевты 

Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындау тура-

лы» №36 жарлықтарына қол қойды.

13 сәуір


Мемлекет  басшысы    «Е.н.  Сағындықовты  Ақтөбе 

облысының  әкімі  қызметіне  тағайындау  туралы» 

№37,  «А.И.  Мырзахметовті  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» №38, 

«С.Ә. Үмбетовті Қазақстан Республикасы Президентінің 

Іс басқарушысы қызметіне тағайындау туралы» №39, 

«А.Е.  Мусинді  Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы» 

№40, «А.Қ. Жанқұлиевты Қазақстан Республикасының 

«Сырбар»  Сыртқы  барлау  қызметінің  директоры 

қызметіне тағайындау туралы» №41, «Қ.А. Бозымба-

евты Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындау 

туралы»  №42,  «Қ.Е.  Көшербаевты  Маңғыстау 

облысының  әкімі  қызметіне  тағайындау  туралы» 

№43,  «Б.С.  Рысқалиевты  Атырау  облысының  әкімі 

қызметіне тағайындау туралы» №44 , «А.С. Есімовті 

Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындау тура-

лы» №45, «Фредерико Саламао Дуке Эстрада Мейерді 

Қазақстан  Республикасының  Құрмет  грамотасымен 

наградтау  туралы»  №46,  «Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  кейбір  жарлықтарының  күші  жойыл-

ды деп тану туралы» №47, «т.Х. Ильвесті І дәрежелі 

«Достық»  орденімен  наградтау  туралы»  №48, 

«Б.С.  Ізмұхамбетовті  Батыс  Қазақстан  облысының 

әкімі қызметіне тағайындау туралы» №49, «М.А. Аю-

баевты Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет 

қызметінің  бастығы  қызметіне  тағайындау  туралы» 

№50,  «А.Б.  тасболатовты  Қазақстан  Республикасы 

Республикалық  ұланының  қолбасшысы  қызметіне 

тағайындау туралы» №51, «А.т. Мұсахановты Алматы 

облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» №52 

жарлықтарына қол қойды. 

14 сәуір

Мемлекет  басшысы  «Сhevron  Corporation»  корпо-

рациясы  директорлар  кеңесінің  төрағасы  және  бас 

атқарушы директоры Д. Уотсонды қабылдады. 



Сәуір

68

Әңгімелесу  барысында  теңіз  мұнай-газ  кен  ор-



нын  игеру  бойынша    «теңізшевройл»  қызметінің 

мәселелері талқыланды.  

Мемлекет  басшысы    «Р.т.  түсіпбековті  Қазақстан 

Республикасының  Әділет  министрі  қызметіне 

тағайындау туралы» №53 Жарлығына қол қойды. 

15 сәуір


Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республикасы 

Парламенті Сенатының отырысына қатысып, жоғарғы 

палата төрағасының лауазымына Қ.Ә. Мәмидің және 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының 

лауазымына  Б.Ә.  Бекназаровтың    кандидатурала-

рын ұсынды, сондай-ақ А.Қ. Дауылбаевты Қазақстан 

Республикасы  Бас  прокурорының  лауазымы-

на  және  н.Ә.  Әбіқаевты  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына 

тағайындауға келісім беру туралы ұсыныс енгізді.    

Депутаттар  дауыс  беру  қорытындылары  бойын-

ша  аталған  лауазымды  тұлғаларды  тағайындауларға 

келісімдерін берді. 

Мемлекет  басшысы    «Қ.К.  тоқаев  туралы»  №54, 

«Қ.Ә.  Мәми  туралы»  №55,  «Қ.Ә.  Мәмиді  Қазақстан 

Республикасының  Парламенті  Сенатының  депутаты 

қызметіне  тағайындау  туралы»  №56,  «н.  Әбіқаевты 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 


қауіпсіздік 

комитетінің  төрағасы  қызметіне  тағайындау  туралы» 

№57, «А.Қ. Дауылбаевты Қазақстан Республикасының 

Бас  прокуроры  қызметіне  тағайындау  туралы»  №58 

жарлықтарына қол қойды.

16 сәуір


Мемлекет  басшысы  Қазақстанға  ресми  сапармен 

келген Үндістан Республикасының Премьер-министрі 

М. Сингхпен кездесті. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында 

тараптар 

екіжақты 

қатынастар 

мен  халықаралық  және  өңірлік  ұйымдардағы 

ынтымақтастықтың  ең  өзекті  мәселелері  бойынша 

пікір алмасты. 

Келіссөздер  қорытындылары  бойынша  Қазақстан 

Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы 


69

Сәуір


азаматтық  істер  бойынша  құқықтық  көмек  көрсету 

туралы  шартқа,  Қазақстан  Республикасы  Үкіметі 

мен  Үндістан  Республикасы  Үкіметі  арасындағы 

«Жол  картасы»  стратегиялық  серіктестікті  дамы-

ту жөніндегі бірігіп әрекет ету жоспарына, «Сәтпаев» 

жобасындағы 25% үлесін «ONGC Videsh Limited» Үнді 

компаниясының пайдасына беру туралы мәміле бой-

ынша құжаттар пакетіне қол қойылды.

Мемлекет басшысы «Ж.С. Айтжанованы Қазақстан 

Республикасының  Экономикалық  интеграция  істері 

министрі  қызметіне  тағайындау  туралы»  №59, 

«Қазақстан  Республикасы  мен  Үндістан  Республика-

сы  арасындағы  Азаматтық  істер  бойынша  құқықтық 

көмек көрсету туралы шартқа қол қою туралы» №60 

жарлықтарына қол қойды.

17 сәуір


Мемлекет  басшысы  Қазақстан  Республика-

сы  Үкіметінің  мүшелерімен,  әкімдермен,  орталық 

мемлекеттік  органдардың,  «нұр  Отан»  Халықтық-

демократиялық  партиясының  және  «Самұрық-

Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қорының  жетекшілерімен 

кеңейтілген мәжіліс өткізді.

Өз  сөзінде  Президент  Үкіметтің  және  барлық 

мемлекеттік  органдардың  басты  міндеті  — 

халқымыздың  әл-ауқатын  жақсартуды  қамтамасыз 

ету  болуы  қажеттігін  атап  өтті.  таяу  5  жылда 

Қазақстан  табысы  жоғары  деңгейлі  елдер  тобына 

енуі  қажет.  2016  жылға  қарай  ЖІӨ  деңгейі  жан  ба-

сына шаққанда кемінде 15 мың долларға жетуі тиіс. 

Бұл үшін экономиканың  жыл сайынғы өсу қарқыны 

кемінде 7% болуы керек. 

н.Ә.  назарбаев  Үкіметтің  және  әкімдердің 

түбегейлі жаңа міндеті — шағын және орта бизнесті, 

шикізаттық  емес  секторды  жіті  дамыту  есебінен 

экономиканың жыл сайынғы өсімін тағы да қосымша 

3 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету болып табыла-

тынын  атап  көрсетті.  Аталған  міндеттерді  шешудің 

үш  көзі  бар:  инвестиция  тарту;  инновацияны 

енгізу;  мемлекеттік  және  қоғамдық  институттардың 

тиімділігін арттыру. 

Президент сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық 

институттардың,  кадрлық  саясаттың  тиімділігін  арт-

тыру  қажеттігін,  сыбайлас  жемқорлықпен  күресті 


Сәуір

70

күшейтуді,  Қазақстанның  құқықтық  жүйесін  дамы-



ту,  мемлекеттік  қызмет  сапасын  арттыру,  өңірлік 

және фискальдық саясатты жүргізу, жергілікті өзін-өзі 

басқаруды белсенді дамыту қажеттігін атап өтті.

Мемлекет  басшысы  астаналық  жаңа  опера  және 

балет театрының құрылысы барысымен танысты.

Астана қаласының әкімі И.н. тасмағамбетов Пре-

зидентке  жүргізіліп  жатқан  жұмыстар  туралы  баян-

дады.


 

Театр  жобасы  классикалық  үлгіде  орындалған. 

Көрермендер залы 1250 адамға есептелген. Сахна 

алаңы  —  768  шаршы  метр.  Биіктігі  —  35  метр. 

Жаңа театр Орталық Азиядағы ең үлкені болмақ.    

18 сәуір


Мемлекет  басшысы  Астана  қаласындағы  Бейбіт-

шілік және келісім сарайында өткен Қазақстан халқы 

Ассамблеясының «тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, 

келісімнің  және  жасампаздықтың  20  жылы»  атты 

XVII сессиясына төрағалық етті.

Сессия 


жұмысына 

республикалық 

және 

өңірлік  этномәдени  бірлестіктердің  жетекшілері, 



Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  депутатта-

ры  және  Үкіметінің  мүшелері,  діни  конфессиялар, 

дипломатиялық миссиялар басшылары, ғылыми және 

шығармашылық  зиялы  қауым,  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының өкілдері қатысты.  

Сессия  жұмысын  аша  отырып  сөйлеген  сөзінде, 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 

XVII  сессиясы  алғаш  рет  1  мамыр  —  Қазақстан 

халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өтіп отырғанын 

атап өтті.  

Президент жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі 

жұмыстарды  жалғастыру  қажеттігіне  назар  аударды. 

Бүгінде бүкіл Қазақстан халқы жаңғырту, болашақтағы 

инновациялық индустрияландыру және технологиялық 

серпіліс 

идеясының 

айналасына 

топтасқан. 

Қазақстанның  этномәдени  орталықтары  осы  идеяға 

белсенді  түрде  атсалысулары  қажет.  Ассамблеяның 

жұмысын  үнемі  жетілдіріп  отыру  қажет.  Ассам-

блея  елді  дамытудың  негізгі  мәселелері  жөніндегі 

шешімдерді  әзірлеу  үшін  азаматтық  қоғамның  күшін 

жетекші  топтастырушы  мәртебесін  нығайтуы  қажет. 

Этникааралық және конфессияаралық қатынастардың 


71

Сәуір


барлық  аспектілерін  зерттеудің  мықты  орталығын 

құру  керек.  Барлық  этнос  өкілдерінің  қазақ  тілін 

меңгеруіне көмектесу басым бағыттың бірі болып қала 

береді. Мәдени-ақпараттық сала арқылы төзімділікке 

тәрбиелеу жөніндегі жұмысты күшейту керек.

Мемлекет 

басшысы 

Қазақстан 

халқы 

Ассамблеясының  қолдауы  әрдайым  тағдыршешті 



шешімдердің  табысты  негізі  болғандығын  атап  өтті. 

Атап  айтқанда,  Конституция,  «Қазақстан-2030» 

стратегиясы,  әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  елінің 

қатарына  кіру  стратегиясы,  2020  —  стратегиялық 

жоспары қабылданғанда да солай болған (Қосымшаны 

қараңыз). 

н.Ә. назарбаевқа бірлікті нығайту, мәдениетаралық 

үнқатысуды  және  қазақстандық  патриотизмді  дамы-

ту ісіне қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан халқы 

Ассамблеясының  қоғамдық  наградасы  «Қазақстан 

халқы  Ассамблеясының  қоғамдық  «Бірлік»  алтын 

медалі» табыс етілді.

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасы 

мен Италия Республикасы арасындағы Стратегиялық 

әріптестік  туралы  шартты  ратификациялау  туралы» 

№427-ІV,  «Шанхай  ынтымақтастық  ұйымына  мүше 

мемлекеттердің  терроризмге  қарсы  құрылымдары 

үшін кадрлар даярлау туралы келісімді ратификация-

лау туралы» №428-ІV, «Қазақстан Республикасының 

кейбір  заңнамалық  актілеріне  Қарулы  Күштердің, 

басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсе-

налдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым 

салынған  аймақтар  мен  тыйым  салынған  аудандар 

мәселелері  бойынша  толықтырулар  енгізу  туралы» 

№429-ІV заңдарына қол қойды.   

Президент  сондай-ақ  «Қазақстан  Республика-

сы Ұлттық банкінің кейбір мәселелері туралы» №61, 

«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде 

Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтері 

өкілдіктерінің  қызметі  мәселелері  бойынша  кеден 

істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы 

келісімге қол қою туралы» №62, «Қазақстан Республи-

касы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жой-

ылды  деп  тану  туралы»  №63,  «Кешірім  жасау  тура-

лы» №64, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және 

«Күміс  алқа»  алқаларымен  наградтау  туралы»  №65 

жарлықтарына қол қойды. 


Сәуір

72

19 сәуір



Мемлекет  басшысы  Украинаның  астанасы  Киев 

қаласында  өткен  Чернобыль  атом  электр  стансасын-

дағы апаттың 25 жылдығына арналған Ядролық энер-

гияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдала-

ну мәселелері жөніндегі саммитке қатысты. 

н.Ә.  назарбаев  сөйлеген  сөзінде  жапондық  «Фу-

кусима» АЭС-ында болған төтенше жағдайлар аясын-

да атом энергетикасын дамыту саласында жаһандық 

тәуекелдерді  басқарудың  жалпығаламдық  тетіктерін 

қарастырудың қажеттігі туралы мәселені қойды және 

оны  2011  жылғы  қазанда  өтетін  ядролық  қарусыз 

әлем Халықаралық форумында талқылауға шақырды 

(Қосымшаны қараңыз).   

Мемлекет  басшысы  саммит  аясында  бірқатар 

екіжақты кездесулер өткізді. 

Еуропалық  комиссия  президенті  Ж.М.  Баррозу-

мен әңгімелесу барысында саммиттің күн тәртібіндегі 

мәселелер,  сондай-ақ  екіжақты  ынтымақтастық 

мәселелері талқыланды. 

БҰҰ  бас  хатшысы  Пан  Ги  Мунмен  кездесуде 

екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, 

оны  одан  әрі  белсендіру  перспективалары,  сондай-

ақ  халықаралық  күн  тәртібіндегі  мәселелер,  атап 

айтқанда, Орталық Азиядағы жағдай талқыланды. 

Украина  Президенті  В.Ф.  Януковичпен  кез-

десу  барысында  екіжақты  серіктестіктің  кең 

ауқымды  мәселелері,  атап  айтқанда,  экономикалық 

ынтымақтастық саласындағы мәселелер қаралды. 

Сол  күні  Мемлекет  басшысы  т.Г.  Шевченко  атын-

дағы Украина ұлттық академиялық опера және балет 

театрында өткен концерт-реквиемді тамашалады. 

20 сәуір


Мемлекет  басшысы  Эстония  Республикасында 

мемлекеттік сапармен болып, осы елдің астанасы тал-

лин қаласында Президент т.Х. Ильвеспен кездесті. 

Шағын  және  кеңейтілген  құрамдағы  келіссөздер 

барысында  тараптар  Қазақстан,  Ресей  және  Бела-

русь  Кеден  одағының  құрылуымен  ашылып  отырған 

жаңа мүмкіндіктерді есепке ала отырып, екі мемлекет 

арасындағы  тауар  айналымын  кеңейту  перспектива-



73

Сәуір


ларын, сондай-ақ таллин мен Силламяэнің теңіз порт-

тарын қазақстандық жүктерді еуропалық нарыққа та-

сымалдау үшін пайдалану мәселелерін талқылады. 

Кездесу  соңында  т.Х.  Ильвес  Қазақстан 

Президентіне  Мария  жерінің  шынжырлы  крест 

орденін табыс етті. н.Ә. назарбаев көрсеткен құрметі 

үшін алғыс білдіріп, өз кезегінде Эстон көшбасшысын 

I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

Келіссөздер  қорытындысы  бойынша  мемлекет 

басшыларының  Бірлескен  мәлімдемесі  қабылданды, 

сондай-ақ  Инвестицияларды  өзара  қорғау  және  ын-

таландыру  туралы  үкіметаралық  келісімге  және 

Қазақстан  Республикасы  Байланыс  және  ақпарат 

министрлігі  мен  Эстония  Республикасының  Ұлттық 

мұрағаты  арасындағы  мұрағат  ісі  саласындағы 

ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  

 

Мария  жерінің  кресі  ордені  —  Эстония 



Республикасының  мемлекеттік  наградасы,  1995 

жылы оның тәуелсіздігіне орай тағайындалған. 

Орденмен Эстония Республикасына ерекше еңбегін сіңірген 

шетел мемлекеттерінің өкілдері наградталады.   

Мария  жерінің  кресі  ордені  жұлдыздан  (1-сурет),  белгіден 

(2-сурет)  және  6  дәрежеден  —  шынжырлы  арнайы 

дәрежеден және 5 дәрежеден (1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші) 

тұрады.


«Достық»  ордені  1995  жылы  тағайындалған.  Екі  дәрежеге 

ие.  Онымен  қоғамда  өзара  татулықты  сақтау  жөнiндегi 

жемiстi  жұмысы,  халықтар  арасында  бейбiтшiлiктi,  достық 

пен  ынтымақтастықты  нығайтуға  сiңiрген  еңбегi  үшiн 

қазақстандық және шетел азаматтары наградталады. 

I дәрежелі «Достық» ордені жұлдыздан (3-сурет) және иыққа 

асатын лентадағы белгіден (4-сурет), ІІ дәрежелі «Достық» 

ордені төсбелгіден тұрады (5-сурет).

Мемлекет  басшысы  Эстония  Республикасының 

Премьер-министрі А. Ансиппен кездесті. 

Кездесу  барысында  IT-технологиялар,  энергети-

ка,  ауыл  шаруашылығы  салаларындағы  екіжақты 

ынтымақтастықтың  жағдайы  мен  перспективала-

ры,  Қазақстан  жүктерін  Эстон  порттары  арқылы 

еуропалық нарыққа тасымалдау мәселесі туралы пікір 

алмасу өтті.

Мемлекет  басшысы  Эстония  Республикасы 

Парламентінің төрағасы Э. Эргмамен кездесті. 

5

3

4



1

2


Сәуір

74

Кездесу  барысында  екіжақты  парламентаралық 



байланыстарды  нығайту,  Қазақстан  мен  Эсто-

ния  арасындағы  әуе  қатынасын  дамыту,  тартус 

университеті мен назарбаев университеті арасындағы 

ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. 

түстен кейін Мемлекет басшысы таллин қаласында 

Бостандық  алаңындағы  Жеңіс  монументіне  гүл 

шоқтарын қойды, содан соң Эстония Республикасының 

Президенті атынан оның құрметіне ұйымдастырылған 

мемлекеттік қабылдауға қатысты. 

21 сәуір


Мемлекет  басшысы  Эстония  Республикасына 

жасаған мемлекеттік сапары барысында Эстонияның 

бұрынғы Президенті А. Рюйтельмен кездесті. 

Кездесу  барысында  көліктік-тасымалдау  сала-

сы,  аграрлық  сектор,  білім  саласы  мен  бірқатар 

халықаралық  саясаттың  өзекті  мәселелері  жөніндегі 

екіжақты қатынастарды тереңдету мәселелері бойын-

ша пікір алмасты. 

Мемлекет  басшысы  таллин  ратушасына  барып, 

таллин қаласының мэрі Э. Сависаармен кездесті. 

Ратушаны аралап көрген соң Қазақстан Президенті 

Құрметті  меймандар  кітабына  жазба  қалдырды 

және  Эстония  астанасының  мэрімен  Астана  мен 

таллин  қалалары  арасындағы  білім  және  мәдени-

гуманитарлық  байланыстар  саласындағы  ынтымақ-

тастықты дамыту перспективаларын талқылады. 

Мемлекет  басшысы  Эстония  Республикасының 

Премьер-министрі  А.  Ансиппен  бірге  осы  елдің 

іскерлік орта өкілдерімен кездесті. 

Кездесуге  «Port  of  Tallinn»  АҚ  басқармасының 

төрағасы  А.  Кальюранд,  «Эстония  теміржолы»  АҚ 

басқармасының  төрағасы  К.  Симмерманн,  «Eesti 

Energia  AS»  АҚ  басқармасының  төрағасы  С.  Лийве, 

«Estonian Air» А. Альянс, «Tallinn Airport» АҚ  басқарма-

сының төрағасы Р. Лойк және тағы басқалар қатысты. 

Кездесу  қорытындылары  бойынша  Қазақстанның 

«Атамекен»  Одағы»  Ұлттық  экономикалық  палатасы 

және Эстония сауда-өнеркәсіптік палатасы арасындағы 

ынтымақтастық  туралы  меморандумға  және  Шығыс 


75

Сәуір


Қазақстан облысы әкімдігі мен «Eesti Energia AS» АҚ 

арасындағы  ынтымақтастық  туралы  меморандумға 

қол қойылды.  

23 сәуір


Мемлекет  басшысы  баспасөз  бетінен  қазақстан-

дықтарды Пасха мерекесімен құттықтады. 

«Қазақстан  —  көп  этникалық  және  көп  конфес-

сиялы ел. Біздің басты байлығымыз — бұл халықтар 

мен діндер арасындағы бейбітшілік пен келісім. Бізде 

наурыз, Құрбан айт, Рождество, Ораза айт, Пасханы 

бірге қарсы алу бұрыннан жақсы дәстүрге айналған. 

Қазақстан  жерінде  барлық  этностардың  мәдениеті 

гүлденуде және бір-бірін байытуда.

Бүгінгі  мереке  күні  біздің  қоғамдағы  моральдық 

қағидалар 

мен 


отбасылық 

құндылықтарды 

нығайтудағы діннің зор жасампаздық рөлін атап өткім 

келеді.  Біздің  бірлігіміз  төзімділікке,  адамды  сүюге, 

қайырымдылыққа  шақыратын  жоғары  адамгершілік 

мұраттарға негізделген.

Біздің  ортақ  парызымыз,  Қазақстанды  сүйген 

әрбіріміздің  парызымыз  —  рухани  және  мәдени 

құндылықтарды сақтау, елімізде халықтың бірлігі мен 

тұрақтылықты аялай білу және нығайту.

Осы  жарқын  мереке  күні  баршаңызға  мықты 

денсаулық, игілік және құт-береке тілеймін!», — деді 

ол өз сөзінде. 

27 сәуір


Мемлекет  басшысы  Иордания  Королі  Абдалла  II 

бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. 

Әңгімелесу  барысында  тараптар  Қазақстан-

Иордания  қатынастарының  жағдайы  мен  перспек-

тиваларын,  сондай-ақ  өңірдегі  ағымдық  жағдайды 

талқылады. 

29 сәуір

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Патшайымы Ели-

завета ІІ-ге оның туған күніне байланысты және Уэльс 

Ханзадасы  Уильям  мен  К.  Миддлтонның  некелесу 

рәсіміне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады.

30 сәуір


Мемлекет  басшысы  америкалық  тараптың  баста-

масы  бойынша  Америка  Құрама  Штаттарының 

Президенті Б. Обамамен телефон арқылы сөйлесті.  


Сәуір

76

Б.  Обама  Қазақстанның  жетістіктерін  жоғары 



бағалап,  біздің  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық 

және саяси дамуы бойынша белгіленген жоспарларын 

іске асыруда сәттілік тіледі. 

Әңгімелесу  барысында  екі  мемлекеттің  көш-

басшылары  Қазақстан-американдық  қатынастардың 

жағдайы  мен  перспективаларын,  екі  ел  арасындағы 

стратегиялық серіктестікті нығайту бойынша жасайтын 

бұдан кейінгі қадамдарды талқылады. 

Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, Орталық Азия-

дағы жағдай мәселелері бойынша пікір алмасты. АҚШ 

Президенті  Қазақстанның  Ауғанстандағы  жағдайды 

тұрақтандыруға  сындарлы  үлес  қосқаны  үшін  алғыс 

білдірді. 

Жаппай  жою  қаруын  таратпау,  бұл  саладағы 

н.Ә. назарбаевтың бастамаларын, оның ішінде, 2010 

жылғы  сәуір  айында  Вашингтон  қаласында  өткен 

Ядролық  қауіпсіздік  бойынша  жаһандық  саммитте 

айтылған ойларын іске асыру мәселелеріне айрықша 

назар аударылды. 

Қазақстан  Президенті  АҚШ-тың  оңтүстік  аудан-

дарында  қиратушы  торнадоның  өтуі  салдарынан 

көптеген  адам  қаза  болуларына  байланысты  АҚШ 

Президентіне тағы да көңіл айтты.


мамыр

Дс

2



9

16

23



30

Сс

3



10

17

24



31

Ср

4



11

18

25



Бс

5

12



19

26

Жм



6

13

20



27

Сн

7



14

21

28



Жк

1

8



15

22

29



79

Мамыр


1 мамыр

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі күні-

не  орай  Астана  қаласында  «Қазақ  елі»  монументінің 

маңындағы алаңда өткен мерекелік шараларға қатысты.  

Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласындағы 

«Қазақстан»  орталық  концерт  залында  өткен  дири-

жер  В.А.  Гергиевтің  жетекшілігіндегі  Мариин  театры 

симфониялық оркестрінің концертін тамашалады. 

Концертте 

оркестр 


әлемдік 

музыкалық 


Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет