Хронология, аныктама, карталар


§20. Солтүстік-Шығыс Азиядағы социалистік



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата15.03.2017
өлшемі20 Mb.
#9620
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
§20. Солтүстік-Шығыс Азиядағы социалистік
жолмен дамыған елдер
Қытай.  Азамат соғысы.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың соңында 
Қытай  аумағы  екі  ірі  саяси  топтың  бақылауында  болды.  Солтүстік- 
Шығыс  Қытай  жерінде  коммунистік  партияның  ықпалы  орнатылса, 
калган Қытай аймактарында Гоминьданның үстемдігі сакталды.
Солтүстік-Шыгыс  Қытай  КСРО  әскерлерінің  көмегімен  Жапон 
империалистерінің  қожалығы  жойылып,  азат  етілген  аудандарының 
көлемі  кеңейді.  КСРО  үкіметі  Квантун  және  Маньчжоу-Го  армияла- 
рының  барлык  қару-жарак  қорын,  коммунистердің  ыкпалындагы 
Қытайдың  Қызыл  Армиясына  берді.  Солтүстік-Шығыс  Қытай 
аудандары Қытай революциясының негізгі тірегіне айналды.
Гоминьдан  бастаған  буржуазиялық  үкімет  өз  билігін  АҚШ  және 
баска  кап и тали ст  мемлекеттердің  көмегімен  орнатпакшы  болды.  Екі 
жақтың  Қытайды  бейбітшілік  негізде  біріктіру  келіссөздері  нәтиже 
бермеді.  Елдегі  кайшылыктар  1946-1949  жылдары  Азамат  соғысы 
өртін жалындатты.
Қытай  коммунистік  үкіметі  өз  ыкпалындағы  аудандарда аграрлык 
реформаны  іске асырып,  шаруалар отбасына жер берді.  Халық бұкара- 
сының  көптеген  саяси  ұйымдары  Чан  Кайши  үкіметінің  ыкпалынан 
шығып,  коммунистерге  бет  бүрды.  Қытай  ұлт-азаттык армиясы  карсы 
шабуылга  шығып,  1949  жылы  Пекинді  азат  етті.  Осы  жылы  сәуірде
143

ұлт-азаттык  армия  Янцзы  өзенінен  өтіп,  Гоминьдан  күштерін 
талқандады. Азамат согысы аякталды.
Қытай  Х алы к  Республикасынын  кұрылуы.  1949  жылы  1  қа-
занда  Пекинде  болған  үлкен  жиында  Қытай  Халық  Республикасы 
(КХР) жарияланды.
Чан Кайши бастаған Гоминьдан армиясының калдыктары Тайвань 
аралында  бекінді.  Қытай  к о м м у н и ст  партиясының  басшылығымен 
Қытай халкы зор жаңалықтарга жол ашты.  Бұл жаңалықтар  қатарында 
халыктық-демократиялык  құрылысты  нығайту,  аграрлық  реформаны 
іске  асыру,  индустрияландыру саясатын  орнықтыру  міндеттері  тұрды. 
1950-1952  жылдары  аграрлық  реформа  ойдағыдай  іске  асырылды. 
Помещиктік  жер  иелену  жойылды.  Ірі  буржуазия  мен  шетел  кэсіп- 
орындары  мемлекеттендірілді.  Жеке  меншік  капиталдыц  үстеМдігін 
әлсіретіп, социалистік құрылыс тэсілдерінің негізін тұрактандырды.
1954  жылы  Қытай  ¥лы   Халық  жиналысы  жаңа 
К о н с т и т у ц и я
қабылдап,  біртұтас  республикалық  негіздегі  мемлекеттік  қүрылысты
жариялады.  Саяси  билік  Мао  Цзэдун  баскарған  Қытай  ком м унист
партиясының  ықпалына  бағынды.  Қытайдағы  баска  үсак  үлттарға 
жартылай автономиялық еріктік жариялады.
Ж аца «басты бағыт». «Зор секірістің»  күйреуі.  1958 жылы ҚКП 
басшылары бірінші бесжылдық жоспардың табыстарына сүйеніп, жаңа 
«басты бағыт»  әрекетін жариялады.  Жаңа саяси бағыт «үш жалау»  деп 
аталды. Оның құрамдас боліктері «зор секіріс», «халык коммуналары», 
«басты  бағыт»  деп  белгіленді.  Елдің  экономикалык  мүмкіншілік- 
термен санаспай, тез арада коммунизмге өту жоспарланды.
Мао  Цзэдун  бастаған  топ  коммунизмге  тез  өтудің  басты  құралы
ауылдағы  «халық коммунасы» деп жариялады.  Орташа кооперациялык
шаруашылыктардың  орнына  «халық  коммунапары»  енгізілді.  Әрбір
коммуна 20-30 мыңнан астам шаруалар отбасын біріктірді. Сөйтіп, 740
мың  өндірістік  кооперация  шаруашылыкгары  26  мың  «халык
коммуналары» тәртібіне  көшірілді.  Коммунада жер, үй-жай, 
ыдыс-аяк,
мал,  кұрал-сайман қоғамдық меншікке айналдырылып, өндірілген өнім
шаруалар арасында тепе-тең бөлінді.  Коммунадағы  шаруалардың өмірі
қатаң  тэртіпке  көшірілді.  Коммуналар  ауылда  орныкканнан  кейін
бүкіл  кала  халқьін  қамтуға  кірісті.  Осының  аяғы  әлеуметтік- 
экономикалық жэне саяси дағдарысқа тіреді.
«Мәденн  революция»  Жауапкершіліктен  сескенген  маошылдык 
топ  «Мәдени  революция»  (1966-1969  жж.) деген  саяси төңкеріске  жол 
ашты.  «Мэдени революция»  1966 жылы  16 мамырда Мао Цзэдун ҚКП- 
ның  Орталык  комитетіне  жолдаган  хатынан  басталды.  Бұл  хатта 
Қытай  коммунистік  партиясының  мүшелері  буржуазиялык  кеңістікке
144

*
жолықгы 
деп  кінә  такты.  Осыған  сәйкес  партия  кадрлары,  жұмысшы- 
лардын,  шаруалардың,  зиялы  кауым  топтарының  тандаулы  өкілдері 
сынга  алынып,  жазалауга  тартылды.  Барлык  Қытай  шеңберінде 
«революциялык  комитеттер»  кұрылды.  «Мэдени  революцияны»  іске 
асыруда  хунвэйбиндер  (кызыл  сакшылар)  окушы  жастардың  әскери- 
лендірілген  ұйымдары  және  цзаофандар  (бүлікшілер)  ұйымдары  тірек 
болды.  «Мэдени  революция»  Мао  Цзэдун  карсыластарын  саяси 
сахнадан  тайдырды.  Бұл  Мао  Цзэдун  жеке басының үстемдігін орнату 
алдын  ала  ойластырылған  саяси  шара  еді.  «Мэдени  революция»  он 
жыл бойы  17 млн. Қытай азаматтарының тагдырына эсер етті.
Ж оспарлы  нары кты к  экономика.  1976  жылы  9  карашада  Мао 
Цзэдун  кайтыс  болып,  саяси  билік  үшін  күрес  шиеленісті.  Күрестің 
барысында Дэн  Сяопин  (1904-1997  жж.) бастаған топ  женді.  Дэн  1966 
жэне  1976  жылдарда  қуғын-сүргінге  ұшыраган  болатын.  Дэн  Сяопин 
тобы  «прагматиктер»  жақтастары  ретінде  бейнеленді.  1978  жылы 
желтоксан  айында  ҚКП  Орталык  комитетінің  үшінші  пленумы 
Қытайдагы  реформалык  багытка  аударды.  Реформалык  эрекеттер 
бағыты  ҚКП-ның  XII  съезінде  1982  жылы  бекітілді.  Съезде  Қытай 
коғамының  дамуы  таптык  қайшылыктарда  емес,  халықтың  дамылсыз 
өсіп  келе  жаткан  материалдық-мәдени  мұктажы  мен  артта  қалған 
коғамдык өндірістің арасындағы  қайшылыктарда деп мазмұндалды.
Жаңа  реформалык  өзгерістердің  мазмұндары  аралас  экономика 
жүйесін  тұрактандыру,  ауылшаруашылык  жекеменшікті  жандандыру, 
шетел  капиталын  жұмылдыруға тірелді.  Реформаның нактылы  әрекет- 
тері  коммуналарды  тарату,  кооперативтік  шаруашылыкты  жоюға, 
мемлекеттік  жоспардың  кысымын  жұмсартуға,  отбасы  көтермесін 
барынша колдауга бағытталды.
Өндіріс  саласында  мемлекеттің  үстемдігін  мүлдем  жоймай,  ұсак 
жэне  орта  кәсіпорындардын  дамуына  кең  жол  ашылып,  теңіз
жагалауындағы  Қытай провинцияларына шетел капиталын еркін енгізу 
үшін «ашык аймақтарды» ашуға бет бұрды.  Шаруалар артык өнімдерін 
жергілікті  базарларда  еркін  сатуға  мүмкіндік  алды.  26  мың  ком- 
муналар  таратылып,  3  млн-нан  астам  өндірістік  шаруашылыктар
үйы м дастырылды.
Демократия  үшін  козғалыс.  80-жылдардың  ортасында  ел  ішін- 
дегі  әлеуметгік  кайшылыктар  жиіледі.  Реформа  барысында зиялы  кауым 
топтары  мен  студенттердің  жагдайы  жаксарган  жоқ.  Бұл  топтардың 
арасындағы  наразылык  пікірлер  осе  бастады.  Партия  мен  мемлекеттік 
кызметкерлер  арасындагы  пара  алушылык,  жемкорлык  эрекеттері  де 
бүкара  халыкка  жакпады.  Жүмысшылардың  алдыңғы  катарындағы 
топтары, 
зиялы 
кауым 
мен 
студенттер  үйымдары 
ҚКП-нын
145

монополиялык  үстемдіпн  жұмсартып,  демократиялык  жаңалықтарды 
тереңдету  талаптарына  көше  бастады.  1988-1989  жылдары  Пекинде 
жэне баска да қалаларда едәуір халық козғалыстары байқалды.  Әсіресе 
мемлекеттің астанасы  Пекиндегі  Тяньаньмын  апаңында студентгердің
жиындары,  митингиіері,  шерулері  басталды.  Үкіметгің  бүйрығы  бойын­
ша 3  маусымда эскери бөлімшелер  шабуылга  шығып,  шерушілерге оқ
атып,  козгалысты  басты.  Партия  мен  үкіметтің  бакылауы  жүмсарған 
жоқ.
Бірақ  бүған  қарамастан  реформа  әрекеттері  жалғаса  берді.  Қытай 
экономикасында ұсақ жэне орта жеке меншік капитал  иелері орныгып, 
Қытайдың  экономикалык  дамуы  кыза  түсті.  80-жылдардың  соңында 
көмір  өндіру,  телевизорлар  шыгару,  макта-мата,  цемент  өндіру 
жөнінен әлемдегі  көрсеткіштер бойынша бірінші орынга шыкты.
Монголия.  1960  жылы  Конституция  Монғолияны  со ц и ал и ст 
мемлекет  деп  жариялады.  1990  жылға  дейін  елде  өкімет  басында 
Монгол  халық  революциялық  партиясы  болды.  Осы  жылы  мамыр 
айында  коп  партиялыктың  бастауын  қалаган  заң  қабылданды.
1991  жылы  Монгол  Хапық  Революциялык  партиясының  (МХРП)
XX  төтенше  съезіндегі  кабылданған  күжаттарда  марксизм-ленинизм 
создері  алынып  тастапды  да,  демократиялык  қайта  кұрулардагы 
МХРП-ні қолдау туралы жаңа бағдарлама қабылданды.
80-жылдардың  соңынан  бастап  елде  демократиялык  реформалар 
басталды.  Қазір  мунда  20-дан  астам  саяси  партиялар  жұмыс  істейді.
1992  жылы  жаңа  Конституция  күшіне  еніп,  ел  Монголия  деп  атала 
басталды.
Содан  кейінгі  кезде  МХРП  балмаса  демократиялык  партиялар 
құрастырган  үкіметтер  билеген.  2006  жылы  каңтар  айында  МХРП 
кошбасшысы М.  Энхбал елдің премьер-министрі болып бекітілді.
Әлеуметтік-экономикалық бағытта  Монголия  нарыкгык экономи­
ка жолында тур.  Барлык  мал  араттардың жеке  кожалығына беріліп,  ал 
зауыт-фабрикалардың көп бөлігі жекешелендірілді.
Солтүстік  Корея.  Корей  Халык  Демократиялык  Республика- 
сынын даму жолдары.
Кенес  эскерлері  азат  еткен  Солтүстік  Корея  жерінде  уақытша  ха­
лык  комитеті  үйымдасып,  басшылығына  Ким  Ир  Сен  (1948-1994  жж.) 
тағайындалды.
Жаңадан  кұрылган  Уакытша  халык  комитеті  халық  билігін 
тұрактандырып,  бүқара  халықты  өз  жағына  тарту  үшін  аграрлык 
реформа әрекеттеріне  кірісті.  Заң жүзінде  Жапония үкіметі мен Жапон 
азаматгарының  иелігіндегі  жерлер,  шетелдерге  кашкан  кореялык
146

түрғындардың  жер  иеліктері  тәркіленіп,  ешбір  ақысыз  шаруаларға
берілетін болды.
Солтүстік  Кореядағы  Жапония  кәсіпорындары,  көлік  жүйелері, 
банктер  мемлекет  меншігіне  алынды.  1034-тен  астам  кәсіпорындар
мемлекеттік меншікке көшті.
Бұл  кезде  Оңтүстік  Корея  буржуазиясы  АҚШ-тың  қолдауына 
сүйеніп,  1948  жылы  мамыр  айында ұлттық жиналысқа  сайлау  өткізіп, 
Конституция  қабылданып,  Корея  республикасын  жариялады.  Ли  Сын 
Ман президент кызметіне сайланды. Астанасы Сеул қаласы болды.
Бұған  жауап  ретінде  1948  жылы  9  қыркүйегінде  Корей  Халык 
Демократиялык Республикасы  жарияланды.  Жаңа  конституция қабыл- 
данып  үкімет  басына  Ким  Ир  Сен  сайланды.  Жаңа  мемлекетгің 
астанасы  Пхеньян  қаласында  орналасты.  КХДР  үкіметінің  өтінішін 
ескеріп,  Кеңес  өкіметі  Солтүстік  Кореядағы  әскерлерін  1948  жьшдың 
сонына дейін шығарып экетгі.
Түбектегі  екі  мемлекеттің  шекарасына  айналған  38  параллель 
бойында  кактығыстар  жиілей  берді.  Екі  жакта  Кореяны  біріктіруге 
ынталы болды.  1950 жылы жазда Корея соғысы басталды.
АҚШ  Оңтүстік  Кореяны  жактап,  Солтүстік  Кореяны  баскыншы 
деп кінэлап,  көптеген адамдарды Корея түбегінде қырғынга ұшыратты. 
КХДР  жағында  КСЮ   мен  ҚХР  тұрды.  Үш  жылга  созылған 
кескілескен шайқас нэтижесіз аяқгалды.
1953-1985 жылдардағы  КХДР-дың даму жолдары.  С оц и али ст 
елдердің  зор  көмегі  аркасында  үш  жылдық  жоспар  ойдагыдай 
орындалды.  Шаруашылыкты  калпына келтіру үшін КСРО  1  млрд.  сом 
көмек  берген,  ал  барлык  со ц и ал и ст  елдердіц  қайтарусыз  түрде 
берілген  көмегінің  мөлшері  3  млрд.  сомнан  асты.  240  кәсіпорын 
калпына  келтіру барысында ауылдағы  шаруашылыкты  кооперативтен- 
діру ойдағыдай іске асырылды.
1956  жылы  сәуірде  Корея  еңбек  партиясының  III  съезінде  бірінші 
бесжылдык жоспар міндеттерін бекітгі.
Бірінші бесжылдык жоспар. Социализм күрылысынын негізін 
салу  1957-1961  жж. Осы жылдардан бастап КХДР жоспарлы саясаттан 
бас  тартпай,  мемлекеттің  экономика  саласындағы  камкорлыгын 
барынша күшейтті.
Қала мен селоны электрлендіруге, темір мен тас жолдарын салуга, 
автомобиль,  трактор,  түсті  металл  өнімдерін  көбейтуге  ерекше  көңіл 
бөлінді.  60-жылдардын  барысында  экономиканың  даму  каркыны 
бойынша  ҚХДР  Онтүстік  Кореядан  элдекайда  алда  еді.  Бұл  табыстар 
КСРО  мен  социалистік  елдердін  достык  көмегіне  тікелей  байланысты 
болды.
147

С о ц и ал и ст  өндірістің  табыстары,  ауылдағы  шаруалар  коопера-
тивтерінің  қоғамдық  жетістіктері  Ким  Ир  Сеннің  жеке-дара  әрекет-
терін  күшейтті.  КСРО-да Сталиндік жеке баска табынушылык әшкере-
ленгеннен  кейін  Ким  Ир  Сен  Кеңес  үкіметімеи  катынасын  әлсіретіп,
Қытай  жағына  ауысуды  жөн  көрді.  60-жылдардың  орта  шенінде  Ким
Ир  Сен  Чучхе  (оз  денеме  өзім  кожамын)  идеясын  жакгап,  жүзеге 
асыруга тырысты. 
ч
Чучхе марксизм-ленинизм  ілімінің жалғасы ретінде  насихаттапды. 
Бұл  ілім  Корея  халқын  шетел  ықпалынан,  көмегі  мен  колдауынан 
үзілді-кесілді  бас  тартуға  шақырды.  Іс  жүзінде  бұл  әрекет  КХДР-ды 
барлық әлемнен  қол  үзіп,  баска елдерден оқшаулануға әкелді.  Мұндай 
саясаггы  қолдаудың  барысында  ақша  коры  мен  еңбек  коры  боска 
шашылып,  халык  шаруашылығындағы  үйлесімсіздіктерге  соктырды, 
экономика қарқыны бәсеңдей түсті.
Елді  қоргау  жұмысында ұлггық  корғаныс  және ұлттық өндірістік
кешендерін  бірдей  салу, 
насихат  жұмысының  кымбатшылығы 
экономиканы элсіретті.
1972  жылы  КХДР-дің  жаңа  Конституциясы  қабылданып,  прези-
денттік республика тәртібі  енгізілді.  Бірінші  президент болып Ким  Ир 
Сен тағайы ндалды.
1980-2008  жж.  КХДР-дін  жағдайы.  КСЮ -ның  жэне  Шығыс 
Еуропадағы  с о ц и а л и с т  жүйенің  іріп-шіруі  және  олардың  Батыс 
Еуропаға  шүгыл  бетбүрыс  жасауы  Корея  Халык  Демократиялык  Рес- 
публикасының  дамуына  көптеген  қиыншылыктар  әкелді.  80-жылдар- 
дың екінші жартысынан бастап КХДР-да экономикалык даму каркыны 
әлсіреп,  коптеген  шаруашылык  салаларында  дағдарыс  көріністері 
байкала  бастады.  80-90  жылдардың  соңында  әрбір  со ц и ал и ст 
мемлекет  тек  өзінін  ішкі  істерімен  арпалысып  жатқанда,  олардың 
халыкаралык уәделерді бүлжытпай орындауға мүршалары болмады.
АҚШ  үкіметі  КХДР-ды  лаңкестік  мемлекет  деп  айыптап,  кара 
тізімге  тіркеп,  онымен  жакындасуға.  сауда-саттык  катынастар  орна­
ту га тыйым салған болатын.
Коп  елдерде  социализм  элемі  ыдырау  жолына түсіп,  КХДР-ға  кө- 
мек  беруді  токтатса,  капиталистік  әлем  АҚШ-тың  ыкпалымен  КХДР- 
ды  оқшаулады.  1990  жылы  екі  Корея  мемлекетгерінің  бірден  біріккен 
Ұлттар Ұйымына  кабылдануы  да КХДР-дің жагдайын озгерте алмады.
Ким  Ир Сен бастаған со ц и ал и ст жүйе әміршіл-тоталитарлык тәртібін 
жұмсарта алмады. Саяси билікте Ким эулеті үстемдік жүргізді.
КХДР-ді  46 жыл  үздіксіз баскарған  Ким  Ир Сен  1994 жылы  шілде 
айында  кайтыс  болды.  Әкесінің  орнына  оның  үлкен  үлы  Ким  Чен  Ир 
отырды.  2001  жылы  Онтүстік  Корея  Республикасының  президентімен
148

кездесіп, арақатынастарын жаңарту мәселелерін талқылады. 2002 жыл- 
дың күзінде екі  жакгың  келісіміне  сэйкес елді  бөліп түрған тас  кабыр- 
ды  бұзып,  темір  жол  байланысы  ашылатын  болды.  2004-2007  жж.
ядролык  кару  жасау  жэне  оны  иелену  мақсаты  әлемді  шошындырған. 
Неше келіссөздер жүргізіліп, 2007 жылы аягында 6 ел өкілдері (Корея, 
Жапония,  Қытай,  Ресей, АҚШ) келісімге  жеткен.  Оған орай  Солтүстік 
Корея  атом  қаруынан  бас  тарту,  ал  ол  елге  экономикалык  комек  кор­
сету  карастырылған.  Бірак,  іс  жүзінде  жағдай  әлі  де  болса
шиеленісуде.
§21. Үндікытай елдері
Вьетнам, Лаос, Камбоджа елдері Үндіқытай түбегінде орналасқан 
елдер. Олар XX ғ. екінші жартысында неше қиянат кезеңдерді басынан 
кешірді.  Адам  көрмеген және естімеген зорлық-зомбылыкган  отіп, тек 
ғасырдың  соңында  гана  жөнді  жолға  бастама  алғандай  болды.  Үш 
елдің  дамуында  социалистік  бағыт  өз  әсерін  тигізген.  Қазірде  оның
негізі сакталуда.
Вьетнам.  Азиядағы  ұлт-азаттык  күрестің  нәтижесінде  1945  жыл- 
дың  2  кыркүйегінде  Вьетнам  Демократиялық  Республикасын  жария- 
ланды.  Бірак  ВДР  тәуелсіздігін  мойындағысы  келмеген  француз 
отаршыларды  онымен  сегіз  жылға  созылган  соғыс  (1946-1954  жж.) 
жүргізді.  Олар  елдің  оңгүстігінде  Вьетнам  мемлекетін  кұрып,  оны 

Kill,  Англия,  т.б.  елдері  қолдады.  Патриот  азаматтардың  күпггері 
Дьенбьенфу  түбінде  француздардың  қарулы  күштерін  тізе  бүктірді. 
Соның  аркасында  1954  жылы  Женева  келіссөздері  Үндікытай 
түбегіндегі  шайкасты  токтатып,  Вьетнам,  Лаос,  Камбоджа  елдерінін 
аумактык тұтастыгын,  егемендігін  және  тэуелсіздігін  бекітті.  17-ендік 
(параллель)  негізінде  Вьетнам  жері  уакытша  екі  аймакка  бөлінді. 
Солтүстігінде  Вьетнам  Демократиялык Республикасы  (ВДР),  Оңтүстік
Вьетнамда АҚШ-ка тэуелді куыршак үкімет кұрылды.
50-60  жылдар  барысында  Вьетнам  Еңбекшілер  партиясының бас- 
шылығымен ВДР-да сталиндік үлгідегі социализм кұрылысы орістеді.
Вьетнам  соғысы.  Американ  империалистері  1965  жылы  Сайгон 
тәртібіне  сүйеніп  Вьетнамға,  ал  кейіннен Лаос  пен  Камбоджа елдеріне 
карсы  басшылык  согыс  әрекеттерін  бастады.  Онтүстік  Вьетнам  халкы 
өзінің  азатгыгы  үшін  үзілді-кесілді  күреске  котерілді.  Оңгүстік 
Вьетнамды  азат  етудін  Үлттык  майдан  үйымы  барлык  патриоттык 
топтардын  күшін  біріктірді.  1969  жылдын  8  маусымында  Оңтүстік 
Вьетнам  конгресі Оңтүстік Вьетнам республикасын жариялады.
149

Вьетнам халқы азаттық соғыстың барысында КСРО жэне баска да
со ц и ал и ст  елдерінің  жан-жакты  агайындык  көмегіне  сүйеніп,  кыскы
мерзімде  елде  эскери  тәртіп  орнатып,  өзінің  экономикалык  және 
корғаныс күшін нығайтты.
1972  жылы  Оңгүстік  Вьетнам  патриоттары  шабуылга  шығып, 
елдің  көптеген  аймактарын  басқыншылардан  тазартты.  Мұндай 
жағдайда  Р.  Никсон  әкімшілігі  1973  жылдың  каңтарында  Париждегі
соғысты токтатуга мәжбүр болды.
Вьетнамның  бірііуі.  1975
ЖЫДі
ің  30  сәуірінде  патриоттық 
жылдың қараша айында Вьетнам 
,емократиялық  Республикасы  және  Оңтүстік  Вьетнам  Республикасы
өкілдерінің  саяси  консультативтік  конференциясында  Вьетнамның екі 
бөлегін біріктірудің мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.  1976 жыді
26 сәуірінде жалпы сайлау екі Вьетнамды біріктір
2  шілде  күні  Вьетнам  С о ц и а л и с т  Республикасы  (ВСР)  жарияланды. 
Республиканың асганасы Ханой каласы болды.
80-жылдардың  соңында  ВСР-дың  КСРО-га  жақындауы,  оның
Үндіқытай  аймағындағы  жетекші  елге  айналуы  Мао  Цзэдун  бастаган
Қытай басшыларына жақпады.  Сол  кезде Камбоджада Қытай қолдаған
қызыл  кхмерлер  тобы  билікке  келіп,  елді  қан  каксатты,  сансыз 
ядям
кінэсіз  өлтіршді.  ВСР  эскерлері  1978  жылы  Камбоджаға еніп,  Полпот 
бастаған кызыл кхмерлерді толық жеңді.
1979  жылдың  17  акпанында  Қытай  эскерлеоі  шекаоаны  бучып 
Социалистік Вьетнамға карсы соғыс әрекетін басп
Баскыншылар оз  міндетін  орындай  алмай,  өте  күшті  соккыға жы- 
ғылды. Отыз күнге созылған  шайқаста Вьетнам халқы басқыншылыққа 
күйрете соққы беріп, үлкен жеңіске жетті.
Оңтүстік-Шығыс  Азиядагы  экономикалык  реформалар.  80- 
жылдардың ортасында Вьетнам жэне баска с о ц и а л и с т  багдар жолын-
тұрган  елдер  жаңа  бағыт  әрекеттеріне  бет  бұрды
ағы
төмендегі
беру;
т  
Л
 
»  ——  —  — 
w  
щ
Экономикалык  кұрылыстардың  барлығына  әрекет 
Жерді ұзак мерзімге шаруаларға жалга беру;
еркіндіп
аинальгмын
байпанысты ашык есік саясатын жүргізу
Вьетнам  к о м м у н и ст  партиясының  (ВКП)  IX  съезінде  (2000  ж.) 
кабылданған  Елдің  2020  жылга  дейінгі  стратегиялык  дамуы  атты 
күжатында  айкындалған.  2000  жылғы  жылдық  ұлттық  кіріс  деңгейі  6 
пайызга,  ал  2006  жылы  8,7  пайызға  жетті.  Вьетнам  қазынасына  шетел 
инвестициялары  көп келуде.  Инвестициялаолын  баеым  iranm;»;™
150

елдерінен.  Кезекті  X  съезінде  партия  қазіргі  замандағы  сұраныстарға 
сай  әлеуметтік-экономикалык  мақсаттарды  шешуге  күш  салуды 
ұйгарды.  Жаңа  өндіріс  салаларын  дамытып,  экспортқа  жарамды 
тауарларды өңдеу, халық тұрмысын көтеру мэселелерін алға тартты.
Социалистік  Вьетнам  Республикасы  «менің  үйім»  деген  көп 
мерзімдік  жаңарту  жоспарын  іске  асырмақшы.  Бұл  жагдайда 
мемлекеттің колдауымен социалистік бағдарлау жолындағы  жоспарлы 
шаруашылыктан  нарықтык экономикаға ауысу бағыты  іске асырылды. 
Шетел  инвестициялары  68  өндірістік,  ашық  экспорттық  өңірлерде 
шоғырлануда.
2001  жылдың көктемінде Вьетнам Ресей Федерациясының Президенті
В.В.  Путиннің  ресми  сапары  өткізілді.  Екі  ел  көп  мэселелерді 
талқылап,  7  кұжатқа  кол  қойып,  келісімшарт  жасасты.  АҚШ-пен 
аракатынастарды  реттей  алды.  Президент  Б.  Клинтон  елге  сапар 
жасаған.  Дж.Буш  Вьетнам  басшыларымен  бірнеше  рет  кездескен.  Екі 
ел  сауда-каржы  байланыстарын  дамытуда.  Егемен  Қазақстан  да 
Вьетнаммен  дипломатиялык  қатынас  орнатып  алды.  2008  жылы  оның
елшілігі Астанада орналасты.
Лаос  тәуелсіздігі  1945  жылы  12  қазанда  жарияланып  конститу- 
циялық монархия  тәртібі  бекітілген  ел  атқару  билігін  Халық  комитеті 
ұстаған.  Оның  кұрамында  ұлт-азаттық  козғалыска  қатысқан  солшыл 
күштер  басымды  болған.  Бірақ,  1946  жылы  Франция  оны  ығыстырып, 
король  мәртебесін  көтерген.  Ал  шын  мәнінде  баяғы  отаршылдық 
жағдайды  орнатуға  кіріскен  еді.  1947  жылы  парламент  сайлауы өткен. 
Отан  сүйгіш  күштер  ел  тәуелсіздігі  үшін  жан  аямай  күреске  қатысып 
келді.  Отаршылдар  ұлт-азаттық  козғалысты  әлсіретуге  бірнеше  шара- 
лар қолданып,  1949 жылы Лаосты  француздық Үндіқытай одағындағы 
тәуелсіздік  мемлекет туралы  шарт жасасқан.  Осы  шартты  мойындаған 
ұлтшылдар  қарсыласудан  бас  тарткан.  Ханзада  Суфанувонг  бастаған 
солшылдар  оған  көнбеген.  Коммунистер  ұйымдарын  жинастырған 
К.Фомвихан тобымен олар партизандык күресті жалғастырды.
1950 
жылы  азат  аудандарды  Суфанувонг  жетекшілігімен  Еркін 
Лаос  Майданы  (ЕЛМ)  құрылған  (Нео  лао  Итсала).  Ол  келесі  жылы 
Үндіқытай  Халыктарының  бірлескен  майданына  (ҮХБМ)  қосылған. 
Вьетнамдағы  Камбоджадағы,  Лаостағы  ұлт-азаттық  күштер  ынтымак- 
тастығы  нығайған.  Осы  кезде  Үндіқытай  күрескерлеріне  Қытайдан, 
КСРО-дан  әр  түрлі  көмек  ұлғая  түскен.  1954  жылға  таман  әр  елдің 
жартысына  жуык  аймагы  партизандар  үкіметіне  караған.  1954  жылы 
Женева  конференциясы  үш  елдің  тәуелсіздігін  мойындаған.  Лаостағы 
Вьетнам  еріктілері  бұл  елден  шығарылған.  ЕЛМ қарулы  жасақтары екі 
провинцияда  шоғырланган.  Король  үкіметі  оларға  тиіспеу  туралы
151

кепілдік  берген.  Соғыс  кимылдары  токтатылған.  Осы  шарттың  іске 
асуын  Халыкаралык  Бақылау  комиссиясына  (ХБК)  тапсырган.  Лаос 
жэне  Камбоджа  конституциялык  монархиялық  ел  боп  дами  жетілген. 
Лаоста  үлттық  жиналыс  ең  жогарғы  заң  кабылдаушы  орган  боп 
есептелген. 
Ч
Елде  бірнеше  саяси  партиялар  кызмет  атқаруға  кіріскен: 
Коммунистер күрған Лаостың патриоттык майданы (Нео Лао Хак Сат). 
Демократиялык  партия,  үлттық  одак,  тәуелсіздер  партиясы.  Билеуші 
орыиды  прогрессивтік  партия  иеленген.  Сонымен  бірге  1955  жылы 
компартия Лаос Халык  партиясы  боп  аталған.  Оған  К.Фомвихан  жэне 
Суфанувонг жетекшілік еткен.  Үкіметті бейтараптық саясатка берілген 
ханзада  Суванна  Фума  бастатан.  Ал  тағы  бір  ханзада  Фу ми  Носаван 
оңшылдар  жағында  жүрген.  Сойтіп,  Лаос  үш  ханзада  үш  саяси  багыт 
ұстанған  жағдайда  дамыды.  Эрине  ол  тұраксыздыққа  тап  болып,  іс
бірлігі  болмады.
1960  жылы  эскери  төңкеріс  елді  кырқысуға  әкелді.  Осы  тоқгату 
үшін  Халыкаралык  конференция  шақьфды  (1961  ж.).  Әрең  дегенде 
Суванна Фума бейтараптық үкімет кұрастыруға құкыкты болды. Сонда 
да үш партиялык тартысты токтатуга мүмкін еместі.  Он жылдам астам 
бойы Лаос АҚШ-тың Үндіқытайдағы соғысының зардабын шекті.  1972 
жылы  Халық  партиясы  билікті  оз  қолына  алуды  ойластырып,  астыр-
тын  қимылдар  үйымдастырды.  Ол  Лаостың  Халыктык-революциялык
партиясы (ЛХРП) деп атын өзгерткен.  1975  жылы желтоқсанда ұлттық 
өкілдер  құрылтайы  монархия  орнына  Республика  кұрылысын  енгізіп, 
елде социалистік реформалар жарияланды.  Үкімет басында  1992  жыл- 
ға дейін  К.Фомвихан,  ол  дүниеден  өткенде  К.Сипхандон түрды.  Жаңа 
конституция  1991  жылы  бекітілген.  Зорлық-зомбылыкка  негізделген 
шаралар  ауылды  да,  каланы  да  социалистік  омірге  кошірген.  ЛХРП- 
дан баска саяси партияларға жол берілмеді.
Бұл  өзгерістер  салдарына  шыдамагандар  елден  кетуге  барды. 
Шаруашылык  айтарлыктай  күйзеліске тай  болды.  1980 жылы  басында 
және  ортасында  өкімет  кейбір  шаралардан  бас  тартқан  еді,  тек  1980 
жылдыц  аяғында  Либералды  нарыктык  қатынастарга  жол  беріліп, 
жагдай  біраз  түзелген.  Сол  багыт  Лаостын  касындағы  елдермен 
катынастарын  түзетті.  Соған  қарай  оны  АСЕАН  тобына  кабылдаган.
XXI  ғ.  басында  экономика  салалары  нашар  дамыган.  Халык  түрмысы 
томен, әр адамға жакканда ішкі өнім 390 доллардан аспайды (2001  ж.).
Камбоджа.  Жапония  жеңілетін  жылы  король  Нородом  Сианук 
француздардың  протекторат  тәртібін  жою  туралы  үкім  ип>іғарган  еді 
(1945  жылы  наурыз),  бірақ  Франция  1945  жылы  карашада  оны 
кайтадан  күшіне енгізген.  Келесі  жылы  каңтарда Камбоджаға Француз
152

одағындағы  ел  ретінде  ішкі  автономия  берілген.  Демократиялык жэне 
либералдық  партиялар  құрылып,  либералдар  Францияны  колдаған. 
Конституция  кабылданып  (1947  ж.  мамыр)  Ұлттық  жиналыста  демо- 
краттар көбірек орын ұстаған.  1949 жылы Камбоджа тәуелсіздік ел боп 
жарияланғанымен  француздык  одак  күрамында  қалған.  Шын  мәнінде 
саяси-экономикалык өмір шет ел ыкпалында еді.
Елдің толық тәуелсіздігін аңсаған күштер Вьетнам компартиясына 
сүйеніп  күресті  жалғастыруға  кіріскен.  Ерікті  КХМЕР  ұйымы  ұлт- 
шылдарды  біріктірген.  Оның  кұрамында  оңшылдар  да,  солшылдар  да 
кездескен.  Солшыл  күштерді  колдануға  1951  жылы  Камбоджаға 
Вьетнам  карулы  жасактары  енген.  Сол  жылы  Үндіқытай  компартия- 
сынан  Камбоджа  халыктық-революциялық  партия  (КХРП)  дербес 
саяси ұйымы туындаған. Оның басында Вьетнам және Қытай тектілері 
болған.  1953  жылы  француз  әкімшілігі  жойылған.  Ел  тәуелсіздігі 
ресми түрде  1954 жылы Женева конференциясында бекітілген.
1954-1970  жж.  Камбоджа.  Елде  бірден  баяғы  партиялар  кайта 
жанданган.  Астыртын  КХРП-да  кызметін  жалғастырып  келген.
1955  жылы  Н.  Сианук  такты  әкесіне  тапсырып,  үкіметті  баскаруга 
кіріскен.  Ол  бейтараптық  саясатты  алга  тарткан.  Бірак  Қытай  Халык 
Республикасына  карай  елді  бұрған.  Халықтык-социалистік  когамдас- 
тыкта Сангкумды  (ХСҚ)  кұрып,  оған бүкіл  тұргындарды  қатыстыруға 
тырысқан.  Сианук  солпшлдарды  да,  оңшылдарды  да  қуғындап,  елді 
бейтараптык  саясат  үстауга  жұмылдырған.  Әлем  сахнасында  оның 
беделі жоғары багаланған.
Сол  жылдары  шет елдерде окыған  солшылдар  күш  жинай түскен. 
Пол  Пот  тобындагылар  Мао  ілімінен  сусынданып,  компартия 
күрастырган  жэне  көтерілістер  бастаған.  Ханзада  Сирик  Матак  жэне 
эскери  басшылардыц  бірі  Лон  Нол  бастаган  оңшыл  күштері 
калыптасып,  демократтарды  кысымга  алуды  көздеген.  Камбоджаның 
ішкі  жағдайына  касындағы  Вьетнамдағы  окигалар  әсері  ыкпал  тигізіп 
келгені  белгілі.  Ел  аумагына  Оңтүстік  Вьетнам  күрескерлері  жан 
сауғалап жүретін АҚШ күштері ол аудандарды бомбалап түрган.
1970  жылы  18  наурызда  Лон  Нол  жагы  мемлекеттік  төңкеріс 
жасап,  билікті  колдарына  алды.  Сианук  ол  кезде  Қытайда  болган. 
Пекиннен  колдау  тапкан  Сианук  Үлттык  біріккен  майдан  (ҮБМ) 
қүрастырған,  онын  катарына  Камбоджа  коммунистері  -   кызыл 
кхмерлер  де  енген.  Вьетнамда  да  көмектескен  ҮБМ  әскерлері 
партизандык  күрес  бастап,  бірнеше  аудандарды  азаттаған.  Лон  Нол 
үкіметі  АҚШ-пен  жакындасып,  елді  дамытуды  ойластырган.  Бірак, 
онын  әрекеттері  сәтсіздікке  үшыраган,  ойткені  ел  ішінде  де, 
халыкаралык  сахнада  да  Сианук  беделі  жоғары  еді.  1973-1975  жж.

басында  елдің  негізгі  аумагы  қызыл  кхмерлер  мен  Вьетнам
партизандарына өткен.  1975  жылы  сәуірде  оңшылдар билігі  жойылып, 
елдің жаңа дәуірі басталды. 

Қызыл  кхмерлер диктатурасы   (1975-1979 жж.).  Билікке  келген 
Пол  Пот  жагы  бірден  біркелкі  коммунистік  коғам  орнату  жоспарын 
жариялап,  дінге,  тауар-ақша  қатынастарына  жол  бермеуді,  білімді 
адамдардан  елді  тазартуды,  қала  тұрғындарын  ауылдарға  айдауды 
коздеді.  Жаңа  қоғамды  күру  үшін ескінің негізінен елді  тазарту  қажет 
деген  саясат  басталды.  Соған  қарай  2,5  млн.  жуык  адамдардың  көзін 
жойды.  Әлемде  кездеспеген  геноцид  әрекеттері  жайлады.  Қытайдағы 
мэдени  революция  кезінде  ресми  мәліметгер  10-40  млн  ядям  қырыл- 
ғанын  айтса  (1-4  пайыз),  Камбоджада  халықтың  30-40  пайызы  кыры- 
лып  қалды.  Осы  зұлымдықтар,  оган  қоса  КСРО-ның  Ауғанстанға 
эскерлерін  енгізіп,  бейбіт  тұргындарды  жаппай  кыруға  катысқаны 
бүкіл адамзаттың коммунизмге деген оң пікірін жоққа шығарды.
1978-1979 жж.  елде көтеріліс жиіледі, кейбір қызыл кхмерлер Пол 
Потты тастап,  Сианук жагына өтті.  1978  жылы  оппозицияны  қолдаған 
Вьетнам әскері көмек көрсетіп, жексұрын тәртіпті қүлатты.
1979 жьілы қаңтарда астанада Камбоджа халыктық-революциялык
кеңестің  үкіметі  билік  басына  келген.  Елдің  түкпір-түкпіріне  тыгыл- 
ған Қызыл кхмерлер ұсталып, жауапқа тартылды. Пол Пот-Иенг Сари, 
т.б.  сырттан соттапды.  Кейін олардың көбі  ну тоғайларда өлім  тапқан. 
(2007  ж.  бір  топ  басшылардың  ісі  кайта  каралып,  халыкаралык 
кылмыскерлер  ретінде  айыпталған).  КХРП  кайта  жанданды.  Жаңа 
Мемлекет кеңес басшысына Хенг Самрин сайланды.
Бірақ  кызыл  кхмерлерді  үкіметтің  мойындаган  ҚХР,  АҚШ, 
касындағы  елдер Камбоджа мэселесін  көтеріп,  Вьетнамды  зскер жіберіп^ 
өкіметп  күлатқаны  үшін  айыптауға  кірісті.  Вьетнамды  колдап  келген 
КСРО-да  сынауға  алынды.  Бүл  мэселе  халыкаралык  дағдарыс  туғызды. 
Вьетнамды  Қытай  жазалауға  барып,  соғыс  жариялаған.  Сианук  Қытайда 
болып,  өз  саясатын  жалғастырған  (1979  ж  ақпан-наурыз).  1989  жылы 
Вьетнам эскерлері Камбоджадан шығарылды. Констиіуцияга жаңа баптап 
енгізілді.  Монархиялық  кұрылыс  калыптасты.  Король  тағына  Сианук 
отырды.  Ел  аты  Камбоджа  корольдігі  болып  өзгерді.  Елде  БҮҮ  эскери 
күштері жіберіліп, өтпелі 4 жыл бойы сонда орналасты.
1993  жылы  Үлттык  жиналысқа  Ранарритті  жактайтын  топтар
жеңді.  Елден  жагдайды  ушықтырмау  үшін  үкімет  басына  екі  адам
ханзада  Ранарит  жэне  Камбоджа  Халык  партиясының  жетекшісі  Хун
Сен  тағайындалды.  Бірак,  1997  жылы  карулы  кактығыстар  туындап,
үкімет  Хун  Сен  колына  өтті.  Нарықтык  экономикаға  жол  берілген. 
Камбоджа АСЕАН тобына кабылданды.
154



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет