Хvіі ғ. екінші жартысы мен ХVІІІ ғ. Ресей



Дата04.04.2023
өлшемі28,49 Kb.
#79113
Байланысты:
лекция №6


ХVІІ ғ. екінші жартысы мен ХVІІІ ғ. Ресей
1. Ресейдің ХVІІ ғ. әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
2. І Петрдің билігі. Ресейдің империяға айналуы.
3. Сарай төңкерістері. Елизаветаның патшалық құруы.
4. ІІ Екатеринаның ішкі және сыртқы саясаты.
5. Александр І және оның ішкі саясаты. 1812 ж. Отан соғысы.

1. Дүрбелең кезеңнен кейін Ресей қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтар жойылмады, керісінше, күшейе түсті. Үстем тап өкілдерінің артықшылықтары өсе түсті; холоптық пен шаруалар басыбайлылығы қарқынды дамыды. Бұрынғысынша халықтың наразылығына себептер көп болды. Қанауға ұшырағандар мен алданғандардың баскөтерулері толастамады. Жағдай әсіресе, Михаил патшаның ұлы – Алексейдің тұсында ушықты. Оның билігінің басталуымен қаланың қолөнер және сауда тұрғындарының толқулары басталды. Халық жаңа тұз салығының енгізілуіне қарсы болды; тұздың бағасы бірден төрт есеге қымбаттаған болатын. 1648 жылы жазда Мәскеуде «тұз бүлігі» басталды. Тұз салығы жойылып, тура салықтарды жинау күшейді.


Бұл уақытта Ресей Польша және Швециямен соғысып жатқан болатын. Соғыс үлкен шығындарды талап етті. Соған орай үкімет қосымша шараларды қабылдады: кірістерден бірнеше рет салық жинады, ескі салықтарды ұлғайтты, мыс теңгелерді соға бастады. Олар күміс ақшалардың құнымен бірдей болды. Кейін мыс теңгелер шектен тыс көбейіп, халық оған сенуден қалды, күміс ақшалармен алмастырудан бас тартты. Осындай жағдайда баға қайтадан шарықтап, 1662 жылы Мәскеуде тағы бүлік басталды. Ол тарихқа «мыс бүлігі» деген атпен енді, бүлік аяусыз басылды. Мыс теңгені соғу тоқтатылды.
«Мыс бүлігінен» кейін бірнеше жылдан соң дондық казак Степан Разин бастаған ірі әлеуметтік көтеріліс басталды. Көтерілістің себебі шаруаларды түпкілікті басыбайлылыққа түсірген және феодалдық қанаушылықты күшейткен 1649 ж. Соборлық уложениенің қабылдануы болды. 1667 ж. көктемде мың адамдық әскер жинаған С.Разин Еділ ө.-де көпестік және патшалық кереуен кемелеріне шабуылдар жасайды. Иранның Каспийдегі иеліктеріне жеткен С.Разин 1669 ж. маусымда парсы шахының флотына жойқын соққы береді.
1670 ж. басында казактардың көтерілісі шаруалар соғысына айналды. 1670 ж. сәуірде Разин Царицынді, маусым айының аяғында Астраханді басып алады. Көтерілістің етек жаюынан қорыққан үкімет жазалаушы әскер ұйымдастырып, 1670 ж. қазанда разиндіктер Симбирск түбінде талқандалады. Сөйтіп, ағайынды Разиндер Степан және Фрол тұтқындалып, өлім жазасына кесіледі.
ХУІІ ғ. Ресей үшін түрлі әлеуметтік-экономикалық үрдістер тән. Олар бір жағынан шаруашылықтың басыбайлылық жүйесі мен барщиналық жүйесінің дамып, нығаюымен, үстемдік етуші сословиенің бірігуіне әкелген феодалдық жер иеленудің ішкі құрылымының өзгерісімен, сондай-ақ басыбайлылық құқықтың заңдық нормаларының түпкілікті орнауымен байланысты болса, екінші жағынан – тауарлы-ақша қатынастарының дамуымен, қолөнердің тауарлық өндіріске айналуымен, елдің көптеген аудандарының ортақ сауда байланыстарына тартылуымен, көпестердің көбеюімен, мануфактуралық өндірістің пайда болуымен байланысты болды.
ХУІІ ғ. жұмыс істеп тұрған өкіметтің орталық және жергілікті органдар және басқару жүйесі негізінен ХУІ ғ. құрылған болатын. Мемлекеттік аппараттың жетекші позицияларын бұрынғысынша феодалдық аристократия мен қызмет етуші дворяндықтың өкілдері ұстап тұрды. Сонымен бір мезгілде, ХУІІ ғ. самодержавиелік биліктің күшею үрдісі байқалды. Бұл ішкі басқару, сыртқы саясат салаларындағы міндеттерді шешу, қорғаныстық қабілетті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады. ХУІІ ғ. бірінші жартысы – сословиелік-өкілдік монархияның гүлдену уақыты болды, ол бірінші кезекте Земскілік собордың қызметімен байланысты еді. Олар Дүрбелеңнің салдарларын еңсеруде, самодержавиені қалпына келтіру және нығайтуда маңызды рөл атқарды. Елде салыстырмалы түрде тыныштық орнаған тұста монархия Земскілік соборды қажет етпеді. Украинамен бірігу мәселесін талқылаған 1653 жылғы Собор соңғы жиын болды. Монархияның абсолюттік қырлары 1649 ж. Соборлық заңдар жинағында да көрініс тапты. Онда билік пен патша тұлғасы мемлекетпен теңестірілді.
2. І Петр Ресейдің әскери қуаты мен халықаралық беделін арттыруға тырысты. Тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотын құрып, әскери мектептің негізін қалады, әскери өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлді. 1695-1696 жылдары Ресей түріктермен соғыс нәтижесінде Азов бекінісін алып, Азов теңізіне шықты. 1700 жылы Түркиямен бейбіт келісімге келіп, Еуропадағы ең қуатты держава –Швециямен соғысқа кірісті. 1700-1721 жылдары Солтүстік соғыс нәтижесінде Ресей жеңіп, Еуропадағы қуатты державалар қатарына қосылды. 21 жылға созылған Солтүстік соғыста жеңіске жеткен ол император атанып, Ресей империяға айналды. 1721 жылы Ништадт бейбіт келісім бойынша Ресей Карелияға, Рига мен Нарва қалаларына иелік етіп, Балтық теңізіне шықты. 1722-1723 жылдары Парсы жорығы нәтижесінде Ресей Дербент және Баку қалаларымен бірге Каспий теңізінің Батыс жағалауына иелік етті.
І Петр басыбайлылық құқықты, помещиктердің қоғамдағы жоғары орнын сақтай отырып, Ресейдің дамыған Батыс Еуропа елдерінен артта қалуын жоюға бағытталған реформалар жүргізді. Бұл реформалар боярлар мен дінбасылардың қарсылығына ұшырады. І Петрге қарсы топтардың наразылығы 1697 жылы И.Циклер қастандығы, 1698 жылы атқыштар көтерілісі мен 1718 жылы өз ұлы Алексейдің қастық әрекеттерінде көрініс тапты. Оның билігіне қарсы 1705-1706 жылдары Астрахань көтерілісі, 1707-1709 жылдары К.Булавин көтерілісі, ХУІІ-ХУІІІ ғғ. башқұрттар көтерілісі болып, олар қаталдықпен басып жанышталды.
І Петр реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтыды. Басыбайлы шаруалардың жеке басына салық енгізілді, шаруаларды қала, бекініс, көпір құрылыстарына тарту заңдастырылды. 1722 жылы әскери және азаматтық қызмет тәртібі бекітіліп, мемлекеттік қызметке тегіне қарамай алу енгізілді. Ауыл шаруашылық, металлургия, тау-кен өндірісі, сауда дамыды. Саудагерлер 2 гильдияға бөлініп, қолөнершілер мамандығына сәйкес цехтарға біріктірілді. Оның мемлекеттік аппаратқа енгізген реформалары орыс самодержавиесінің ХУІІІ ғ. дворяндық монархияға айналуында маңызды қадам болды. Боярлар думасы сенатпен (1711), приказдар коллегиялармен (1718) ауыстырылды. Мемлекет басқаруды бақылайтын генерал-прокурор басқаратын прокурорлар қызметі енгізілді. Шіркеуге мемлекеттік бақылау орнату мақсатында жоғары діни орган – синод құрылды. 1708-1709 жылдары воеводалықтар және наместниктер орнына 8 (кейін 10) губерния мен уездер құрылды. 1703 жылы Петербургтің негізгі қаланып, 1712 жылы астана Мәскеуден осында көшірілді.
І Петр мәдениет, халық ағарту саласында да ірі реформалар жасады. Зайырлы мектептер пайда болып, шіркеудің білім берудегі үстемдігі жойылды. Орыстың алғашқы көпшілік театры құрылды. 1703 жылы “Ведомости” газеті жарық көрді. 1699 жылы пушкарлар мектебі, 1701 жылы математика-навигация ғылымдары мектебі, медицина-хирургия мектебі, 1715 жылы Теңіз академиясы, 1719 жылы инжинерия және артиллерияшылар мектебі, алғашқы музей-кунсткамера, 1725 жылы Петербург ҒА ашылды. Сәулет өнері дамып, Батыс Еуропа мәдениетімен байланыс күшейді. Ресейдің шетелде тұрақты елші ұстауы тұңғыш рет І Петр тұсында басталды.
4. II Екатерина – орыстың ұлы императоры (1762-1796). Оның билік құрған уақытын Ресейдің алтын ғасыры деп санайды. Неміс ақсүйегінің отбасында дүниеге келген. 1745 жылы Ресей патшасының мұрагері ІІІ Петрге тұрмысқа шығады. Жас кезінен өте алғыр, еңбекқор болғандықтан, орыс тілін тез үйренеді. ІІІ Петр таққа отырғаннан кейін князь Г.Г.Орловтың көмегімен сарай гвардиясына төңкеріс ұйымдастыртып, күйеуін тақтан тайдырады. Баласы Павел жас болғандықтан, таққа өзі отырады. ІІ Екатерина билік еткен кезең орыс дворяндары үшін «алтын заман» болды. ХУІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей империясында болған өзгерістердің барлығы осы патшайымның есімімен тығыз байланысты. ІІ Екатеринаның тұсында сарай төңірегіне А.Р.Воронцов, П.А.Румянцев, Г.А.Потемкин, А.В.Суворов, Ф.Ф.Ушаков, т.б. ірі-ірі мемлекет және әскери қайраткерлер топтасты. 1765 жылы помещиктік жер иелену мұрагерлікке қалдырылып, шаруаларды қанау күшейді. Дворяндарға Оңтүстік Ресейден қосымша 800 мың га жер шаруаларымен бірге үлестірілді. 1773-1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі асқан қаталдыкпен басып жаншылды. Жаңа көтерілістерді болдырмау үшін үкімет 1775 жылы басқару реформасын жүргізіп, губерниялық әкімшілік басқару жүйесін жетілдірді. Патша саясатына наразыларды бақылап отыру үшін арнайы мемлекеттік тыңшылар кеңсесі құрылды. Бұл орган алғашқы орыс демократтары А.Радищевті, А.Новиковты, т.б. қатты қудалады. Сыртқы саясатта Қара теңіз үшін Осман сұлтандығымен бірнеше соғыс қимылдарын жүргізді. Революцияшыл Францияға қарсы Еуропа монархтарымен одақ құрылып, Ресей әскерлері Батыс Еуропадағы соғыс қимылдарына белсене араласты. 1772, 1793 және 1795 жылдары Пруссия, Австрия мемлекеттерімен бірлесе отырып, Польшаны бөліске салып, поляк халқын тәуелсіздігінен айырды. ІІ Екатерина кезінде Ресей империясының Еуропа елдері арасында ықпалы күшейіп, беделі артты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет