И. А. Зимняя педагогикалық психология


Студентке - болашақ ұстазға айтарым



Pdf көрінісі
бет2/210
Дата06.08.2022
өлшемі2.21 Mb.
#38066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210
 
Студентке - болашақ ұстазға айтарым 
(алғысӛз орнына)
Шығыстың ҧлы ойшылы, дәрігері Ибн Синның (Авиценна) (980-
1037) «Зияныңды тигізбе» деген дәрігерлердің негізгі адамгершіліктік - 
этикалық, кәсіби ӛсиеті бәрімізге белгілі. Ол туралы дәрігерлер 
дайындайтын жоғары оқу орны тҥлектерінің беретін Гиппократ антында 
айтылған. Ендеше, біздің алдымызда педагогикалық ықпалдың 
тиімділігін және сипатын анықтайтын педагогикада кәсіби уағыз бар ма 
деген сҧрақ туады. Болашақ ҧстаздарға сондай уағыз ретінде, біздің 
терең нанымымыздан туған екі ақыл кеңес берер едік: «оқушыны тҥсін» 
және «ҥйренуге кӛмектес. Осыған байланысты білім ҥрдісінің 
кҥрделілігін ескере отырып, педагогикалық ықпалдың заңдылықтарын 
және механизмі білімнің негізгі міндетін орындауға, яғни оқушының 
тҧлға ретінде қалыптасуына және дамуына кӛмектесер еді.
Білім ҥрдісінің кҥрделілігі, адам ӛмірінде маңызды орын 
алғанымен тез арада кӛрнекі, нақтылы нәтиже бермейді. Білім ҥрдісінің 
нәтижесі (әрине ықпал әсерін ескеру және басқа да фактілердің (мысалы 
тҧқым қуалаушылық, отбасы тәрбиесі, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу т.б.), адамның 
кейінгі ӛмір ӛнегесі, іс әрекеті, мінез-қҧлқы болып табылады. 
Сондықтан, кез-келген білім беру ордасында педагогикалық ықпалдың 
әсерін тікелей бақылау мҥмкін емес.
Педагог мамандығын таңдаған әрбір адам, оқушы мен 
тәрбиеленушінің алдында ғана емес, сонымен қатар, ӛзіне-ӛзі жауап 
беруге және ӛзінің кәсіби даярлығы ҥшін Педагог, Оқытушы, Тәрбиеші 
қҧқына ие болуы ҥшін жауапкершілік алады. Кәсіби педагогикалық 



парызды лайықты орындау адамнан бірқатар міндеттер қабылдауын 
талап етеді.
Біріншіден, ӛзінің жеке мҥмкіндіктерін объективті тҥрде бағалауы, 
осы кәсіпке байланысты маңызды қасиеттердің әлді, әлсіз жақтарын 
білуі (ӛзін-ӛзі реттеу ерекшелігі, ӛзін-ӛзі бағалау, эмоционалдық 
кӛріністер, коммуникативтік, дидактикалық қасиеттер т,б). Мысалы, 
адамның ӛз мінез-қҧлқын сәйкес бағалай алу және тҥзету қабілеттілігі 
сияқты позитивтік кәсіптік қасиеті басқа адамдарға адекватты ықпал ете 
алудың алғышарттарының бірі болып табылады. Бҧл қасиеттердің 
қалыптасуы болашақ педагогтардан рефлексивтік ойлаудың дамуын, 
ӛзін-ӛзі реттеу ерік жігерлігін, жоғары деңгейлі таным белсенділігін 
қажет етеді.
Екіншіден, болашақ педагог интеллектуалдық іс-әрекеттің жалпы 
мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, елестету, зейін), мінез-қҧлық 
мәдениеті, қарым-қатынас, атап айтқанда, педагогикалық қарым-
қатынасты меңгеруі тиіс. Педагог - бҧл оқушылар ҥшін еліктеу ҥлгісі 
болып табылады, олар мҧғалімнің әрекетіне саналы тҥрде, кӛп 
жағдайларда ойланбай еліктейді. Осыған орай, болашақ педагог –
студенттің рефлексияланған, тҥзетілген «Мен» бейнесі тҧлғалық, 
коммуникативтік, кәсіби тренингті ҥнемі талап етеді.
Ҥшіншіден, педагог іс-әрекетінің негізгі және қажетті шарты - ол 
сыйластық, білім және ӛзінің оқушысын «Басқа адам» ретінде тҥсінуі. 
Қҧндылық жҥйесі, бағалау, мінез-қҧлық моделі сәйкес келмеуіне 
қарамастан, мҧғалім оқушыны қабылдауы, тҥсінуі қажет; бҧл мәселе 
қарым-қатынас, 
әрекеттің 
психологиялық 
механизмі 
мен 
заңдылықтарын білуін қажет етеді.
Тӛртіншіден, педагог оқушылардың іс-әрекетін, олардың 
еңбектестігін ҧйымдастырушы, сонымен бірге ол педагогикалық қарым 
- қатынасты жеңілдететін серіктес пен адам ретінде, яғни К. Роджерс 
бойынша «фасилитатор» болып табылады. Бҧл – студенттен, яғни 
болашақ педагогтан ҧйымдастырушылық, коммуникативтік қабілетін 
дамытуды 
міндеттейді. 
Осындай 
қабілеттілік 
оқу 
процесіне 
қатысушылардың танымдық белсенділігін ынталандыратын оқу іс-
әрекетінің белсенді формаларын қатыстыра отырып, оқушылардың 
білім меңгеру процесін басқара алуға мҥмкіндік береді. Осындай кәсіби 
шеберлікті дамыту тек терең психологиялық-педагогикалық білімді 
ҧйғармайды, сондай-ақ студенттен ҥнемі, жҥйелі кәсіби тренингті қажет 
етеді.



Демек, педагогтың кәсіби қасиеттері, оның психологиялық 
педагогикалық әрекетінің уағыздарымен, келесі постулаттармен ара 
қатынаста болуы тиіс:

Оқушыны Адам, Жеке тҧлға ретінде қҧрметте (кӛнеден келе 
жатқан алтын қағида - ӛзіңе қалай қарасын десең, ӛзгеге де солай 
қараңыз).

Ҥнемі ӛзіңді-ӛзің дамыту және ӛзіңді-ӛзің жетілдіру 
мҥмкіндігін ізде (ӛзі ҥйреніп білмеген адам басқаға оқытудың, 
ҥйренудің дәмін, «ақыл-ой тәбетін» дамыта алмайды деген сӛз белгілі).

Білімді оқушыға ҥйренгісі келетіндей, ӛздігінен білім алуға 
және әртҥрлі жағдайда қолдана алатындай беру қажет.
Бҧл қағидалар кӛпке танымал тезистерді айқындаудың мәні: тек 
тҧлға ғана жеке тҧлғаны тәрбиелейді, тек мінез ғана мінезді 
қалыптастырады. Педагог Тҧлға болуға міндетті, бҧл оның кәсіби 
сипаттамасы. 
Біз 
қарастырып 
отырған 
педагогикалық 
психология 
проблемалары, қазіргі кездегі білім берудің дамуының негізгі 
беталыстарының жалпы контекстінде, тҧлғалық–іс-әрекеттік тҧрғыда 
талданады. Осы тҧрғыда, а) білім беру процесінің ортасында 
ҥйренушінің ӛзі тҧрады, нақты оқу пәнінің қҧралдарымен оның 
тҧлғасын қалыптастыру, б) оқу процесі оқушының жан-жақты дамуына 
және оның пән білімін меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетін басқару 
мен ҧйымдастыруы деп жобалайды. Оқып ҥйренуге деген тҧлғалық – іс-
әрекеттік 
ықпалдарға 
сәйкес 
кітапта 
бірқатар 
проблемалар 
қарастырылған, олар бҥгінгі кҥні педагогикалық психологияның 
іргетасын қҧрайды. Олардың ішіндегі негізгілері: оқу-танымдық 
міндеттерді орындауға бағытталған, оқытушы мен оқып-ҥйренушінің
ӛзара әрекеттесулері тең серіктердің оқудағы еңбектестігі ретінде; 
педагог пен оқып-ҥйренушінің оқу іс-әрекеті және педагогикалық 
қарым-қатынас субъектілері ретіндегі психологиялық сипаттамалары
оқу іс-әрекетінің ӛзінің психологиялық ерекшеліктері; меңгерудің 
психологиялық механизмдері мен заңдылықтары және т.б.
Қорыта келе, кез-келген оқулық ӛз тарапынан ғылыми білімдердің, 
кӛзқарастардың, тҥрлі авторлық позициялардан мазмҧндалған, берілген 
жағдайда тҧлғалық-іс-әрекеттік тҧрғыдан алынған, тҧжырымдамалар 
мен теориялардың қҧрылымданған жиынтығы болып келетінін атап ӛту 
қажет. Бҧл амал
отандық психологияда К.Д. Ушинский, М.Я. Басов, 
П.Ф. Каптерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев және 
т.б. кӛптеген ғалымдардың кҥш салуының арқасында қалыптасқан. 



Беріліп отырған келіс
К. Роджерстің гуманистік психологиясының 
негізгі ережелерімен де ҥндеседі.
Оқырмандардан бірінші басылымның мәтінінде жіберілген 
қателер, мағыналық бҧрмалаулар мен басқа да редакциялық басылудағы 
қателіктер ҥшін кешірім ӛтіне отырып, автор екінші басылым 
мәтіндеріне енгізілген бірқатар толықтырулар мен анықтауларға және 
әдебиеттерге цитата келтіру мен сілтемелерге назар аударуды сҧрайды.
Оқулық мәтініне цитата келтіру мен сілтемелерде автор 
оқулықтың екінші басылымын қолдануды сҧрайды.
Автор кітаптың бастапқы мәтінін ары қарай тҥзетуде ӛзінің 
қызығушылығын білдіргендерге ризашылдығын білдіреді. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет