И. А. Зимняя педагогикалық психология


І БӚЛІМ  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет3/210
Дата06.08.2022
өлшемі2.21 Mb.
#38066
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210
І БӚЛІМ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ:
ҚАЛЫПТАСУЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АХУАЛЫ
 
 
Педагогикалық 
психологияны 
қолданбалы психологияның ерекше 
бір тармағы, ӛз алдына дербес ғылым 
ретінде қарастыру керек.
Л.С. Выготский. Педагогическая
психология. 
 
 
1 тарау. Педагогикалық психология – 
ғылыми білімнің пәнаралық саласы 
§ 1. Педагогикалық психологияның 
жалпы ғылыми сипаттамасы 
 
Педагогикалық психология басқа
адамтану ғылымдарының ішінде
 
Қазіргі заман ғылымының дамуында оның ғылыми салалар,
пәндер мен проблемалық салалардың (жҥйелендіру, иерархияландыру, 
куммулятивтік сияқты беталыстармен қатар) ықпалдасуы мен саралап 
жіктелінуі сияқты негізгі екі беталысының ӛзара әрекеттесуі неғҧрлым 
айқын кӛрініп келеді. Ғылымның ықпалдастығын талдай келе, Ж. 
Пиаже, Б.Г. Ананьев пен Б.М. Кедров ғылыми білімнің ортасында адам 
туралы ғылым - психология тҧр деп кӛрсеткен. Ғылыми білім 
ҥшбҧрышының Б.М. Кедров ҧсынған тҥсіндірмесі (оның шыңы – 
жаратылыстану ғылымдары, оның тағандарының бҧрыштары – 
философия және қоғамдық ғылымдар, ал оның ортасында осы 
ғылымдармен психология тҥйісіп тҧр) Ж. Пиаженің келесі 
пайымдауымен 
сәйкестендіріледі 
«...психология 
барлық 
басқа 
ғылымдардың ӛнімі ретінде ғана маңызды орын алып тұрған жоқ, ол 
сондай-ақ олардың қалыптасуы мен дамуына түсініктеме бере алушы
бастау ретінде де орталық орын алады» [172, 155 б.]. 
Адам проблемасының ғылым дамуындағы рӛлін анығырақ Б.Г. 
Ананьев [7] анықтайды, оның ойынша адамды тереңірек зерттеу, 
саралап жіктеу, сонымен бірге осы саладағы барлық зерттеулердің 


11 
ықпалдасуы адам проблемасының жалпы ғылымдық сипатқа ие 
болуына ықпалын тигізді. Осы адам мәселесін жаһандандыру 
беталыстарының педагогикалық психология саласындағы кӛрінісін
кезінде К.Д. Ушинский да байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам 
тәрбие пәні ретінде. Педагогикалық антропология тәжірибесі» атты 
еңбектерінде, адам тәрбиесіне ӛз ҥлесін қосқан ғылымдардың 
бағыныстылығын анықтау негізінде психологияның жетекші рӛлі атап 
кӛрсетілген.
Ӛз кезегінде, психология да кҥрделі ықпалдасқан білім болып 
табылады, оның қҧрылымдық кӛрінісінің негізінде, А.В. Петровскийге 
сәйкес, келесі психологиялық жақтары алынған: «1) нақты іс-
әрекеттің, 2) даму, 3) адамның (дамуы мен іс-әрекеттің субъекті 
ретінде) қоғамға қатынасы (ӛзінің іс-әрекеті мен іске асатын дамуы)» 
[39, 80 б.]. Педагогикалық психология кӛбінесе «нақты іс-әрекет» 
негіздемесі бойынша ажыратылатын жалпы психологиялық білімдердің 
дербес саласы ретінде қарастырылады, оның негізінде оның басқа тағы 
екі жағы ӛз кӛріністерін табады. Бҧл тҧжырым, педагогикалық 
психологияның негізін білім беру іс-әрекетінің ӛзі, немесе, 
педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі П.Ф. 
Каптеревтің анықтауындай, білім беру процесінің механизмдері мен 
заңдылықтары қалайтынын білдіреді.
Педагогикалық психология әр тҥрлі себептерге байланысты
кӛптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім 
ҥшбҧрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің 
нақты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқа ғылымдармен 
байланыста болуының себебі, білім беру процесі ӛз мақсаты мен 
мазмҧнына сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені беруші болып 
табылатынында және осындай мәдениетте бҥкіл ӛркениеттік 
білімдердің 
таңбалық, 
тілдік 
формада 
шоғырландырылғанына 
байланысты. Ҥшіншіден, оның зерттеу пәні ӛзі танып білуші және 
танып білуге ҥйретілуші, басқа да кӛптеген адамтанушы ғылымдармен 
зерттелінетін адам болып табылады. Педагогикалық психология, 
мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану 
және т.б. ғылымдармен ҥздіксіз байланыста екені анық. Соның ӛзінде, 
педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің саласы 
деген тҧжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық 
даму, оның қозғаушы кҥштері, адамның даралық және жыныстық-жас 
ерекшеліктері, оның тҧлға ретінде жетілуі мен дамуы жайлы 
білімдердің 
негізінде 
қалыптасатынын 
білдіреді. 
Сондықтан 
педагогикалық психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік, 


12 
дифференциалды психологиямен және т.б.) басқа салаларымен, ең 
алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.
Педагогикалық және жас ерекшелік психология бір-бірімен осы 
ғылымдардың зерттеу объекттерінің ортақтығымен байланысты. Яғни, 
олардың зерттеу объекті дамып келе жатқан адам болып табылады. 
Бірақ, жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік 
динамикасын, дамып келе жатқан адамның психикалық процестері мен 
психологиялық қасиеттерінің онтогенезін» [43, 5 б.] зерттесе, ал 
педагогикалық психология білім беру ықпалымен психикалық жаңа 
қҧрылымдардың қалыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. 
Осыған 
байланысты 
педагогикалық 
психологияның 
барлық 
проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін 
есепке алу негізінен қаралады. Сонымен бірге, (бҧл жағдайды тағы да 
ерекше атап кӛрсетейік) педагогикалық та, жас ерекшелік психология да 
«...жалпы 
психологиялық 
заңдылықтарды 
ашып 
кӛрсететін, 
қалыптасып қойған адам тұлғасының психикалық процестерін, 
психикалық күйлерін және даралық-психологиялық ерекшеліктерін 
зерттейтін» жалпы психологияның білімдеріне жҥгінеді [96, 7 б.].
Педагогикалық психологияны бір жағынан пәнаралық ретінде, ал екінші 
жағынан – ғылыми білімнің дербес саласы ретіндегі осындай 
тҥсіндірмесі, Б.Г. Ананьев позициясымен теңестіріледі. Б.Г. Ананьев
бойынша, педагогикалық психология – шекаралық, кешендік білімдер 
саласы, ол «...педагогика мен психологияның ортасынан белгілі орын 
алып, ӛсіп келе жатқан ұрпақты дамыту, оқыту, тәрбиелеу 
арасындағы ӛзара байланысты бірлесе зерттеу сферасына айналды» 
[8, 14 б.]. 
Алайда, 
мҧндай 
тҥсіндірме 
басқа 
авторлар 
келтірген 
педагогикалық психологияның мәртебесінің анықтауларына сәйкес 
келмейді, мҧның ӛзі осы сҧрақты шешудің біржақтылы еместігін 
кӛрсетеді. Мысалы, «Жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық психология 
курсында» «...егер жас ерекшелік және педагогикалық психологияның 
дамуының бірінші кезеңінде олардың жекелену беталыстары байқалса, 
онда біздің кезеңде, керісінше – жақындасу, кейбір жағдайларда тіпті 
қосылуы байқалады» [101, 4 б.] деп кӛрсетілген. Екінші жағынан, 
«Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерінде» бір 
кешендік 
ғылыми 
пәнді 
қалыптастырған, 
педагогика 
мен 
психологияның бірлігін, кешенділігін атап кӛрсетеді [157, 5-6 б.]. Іс 
жҥзінде педагогикалық психология кешендік болып табылды деп
ҧйғаруға болады. В.И. Гинецинский [52] бойынша педагогика оның 
теоретикалық 
және 
тәжірибелік 
жақтарында 
онымен 
тығыз 


13 
байланысқан дербес ғылым болып табылады. Ал жалпы және жас 
ерекшелік психология онымен іштей тығыз, ҥздіксіз байланыста 
болатын жалпы психологиялық білім саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет