И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата21.01.2017
өлшемі2,21 Mb.
#2408
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

 

 
И.А. Зимняя 
 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ   ПСИХОЛОГИЯ 
 
 
 
Е к і н ш і ,   т о л ы қ т ы р ы л ғ а н ,   т ү з е т і л г е н  
ж ә н е   қ а й т а   ӛ ң д е л г е н   б а с ы л ы м  
 
 
Ресей Федерациясының  және Қазақстан Республикасының Білім 
және ғылым министрліктері жоғары оқу орындарында педагогикалық 
және психологиялық бағыттар мен мамандықтарда оқитын  
студенттер үшін оқулық ретінде ұсынады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Москва 

 «Логос» 

 2005 
Алматы 

 «TST-company» 

 2005 

 

УДК 159. 9: 37.0 
ББК 88.8 
        З-62 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика және 
 
психология» мамандығы бойынша оқу
-
әдістемелік бірлестігі ұсынған
 
 
П і к і р   ж а з ғ а н д а р : 
М.Ю. Кондратьев - психология ғылымдарының докторы 
(РБА психология институты); 
А.А. Реан - психология ғылымдарының докторы 
(Санкт-Петербург мемлекеттік университеті); 
А.А. Бейсенбаева - педагогика ғылымдарының докторы 
(Абай атындағы Қазақ ҧлттық педагогикалық университеті) 
 
Зимняя И.А. 
 
З-62   Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. 
Екінш.,  толықт.,  тҥзет.  және  қайта  ӛңд.  бас./  Орыс  тілінен  аударған  М.А. 
Қҧсаинова. - М.: Логос; Алматы: TST-company, 2005. – 368 б. 
 
          ISBN  
 
Педагогикалық  психологияның  тарихы,  пәні,  міндеттері,  қҧрылымы 
және  әдістеріне  тҥсінік  берілген.  Білім  берудің,  оның  субъекттері  ретіндегі 
педагог  пен  шәкірттердің,  оқу  және  педагогикалық  іс-әрекеттің,  оқу-
педагогикалық  еңбектестік  пен  қарым-қатынастың  негізін  ҧйғарушы 
проблемалары  қарастырылды.  Отандық  және  шет  елдік  жалпы 
психологиялық  білімдер  кӛзін  кеңінен  пайдалана  отырып,  педагогикалық 
психология  саласында  тарихи  тҧрғыдан  қалыптасқан  бҥгінгі  кҥнгі 
кӛзқарастар  мен  зерттеушілік  позициялар,  оқытуға  деген  тҧлғалық–іс-
әрекеттік тҧрғыдан келудің шығармашылық мҥмкіндіктері кӛрсетілген.  
Педагогикалық  және  психологиялық  бағыттағы  студенттер  мен 
мамандықтар,  педагогикалық  психология  саласындағы  ғалымдар  мен 
мамандар,  сонымен  қатар,  жалпы  білімдік  және  кәсіби  оқу  орындары 
мҧғалімдері мен оқытушылары ҥшін қызығушылық туғызады.   
                                                                                                                                                                         
ББК 88.8                                                  
ISBN 
©  И.А.Зимняя, 1997 
 
©  И.А Зимняя.  Толықтыру,   
    тҥзету және қайта ӛңдеу, 1999 
 
© «Логос», 2005 
 
©  «TST-company»,  2005  (қазақ 
тілінде) 

 

 
Автордың қазақ тілінде  
шыққан басылымға алғы сӛзі 
 
Менің  «Педагогикалық  психология»  атты  оқулығымның  қазақ  тілінде 
жарыққа  шығып,  Қазақстанның  университеттері  мен  институттарының 
педагогикалық  факультеттері  студенттерінің  кеңінен  пайдалана  алу 
мҥмкінідігіне жетулері мен ҥшін ӛте қуанышты жағдай.
 
Қазақстанда  адамның  этникалық-мәдени,  тарихи  контекстердегі, 
сонымен қатар, педагогикалық және жас ерекшеліктік психология саласында 
адамның сӛйлеу, ойлау және рефлексивтік іс-әрекетін кең тҧрғыдан зерттеген 
белгілі  зерттеуші  М.  Мҧқановтың  «Педагогикалық  психология»  атты 
оқулығы  қолданыста  жҥр.  Қазақ  тіліне  аударылған  менің  оқулығымның 
мәтінін  оған  қосымша  толықтыру  болады  деп  ойлаймын.  Бірнеше 
оқулықтарды  пайдалану  студенттерге  әрқашан  ӛздерінің  зерттейтін 
проблемаларын ӛзіндік кӛруін шығармашылық тҧрғыдан дамыту, салыстыру, 
жалпылау мҥмкіндігін береді.  
Қазақ  тіліне  аударылған  «Педагогикалық  психология»  оқулығында 
педагогикалық психологияның қазіргі уақыттағы жағдайы А.Н. Леонтьев пен 
С.Л.  Рубинштейннің  іс-әрекеттің  отандық  теориясы  тҧрғысынан,  сонымен 
қатар  А.  Маслоу,  К.  Роджерстің  гуманистік  психологиясының  негізгі 
ережелерімен және Я. Корчак, В.А. Сухомлинский, Ш.А. Амонашвили  және 
т.б. гуманистік позицияларына  сәйкес  Д.Б. Эльконин мен А.К. Маркованың  
оқу іс-әрекетінің позициясынан ҧсынылған.  
Оқулықты  қҧрастыруда  білім  беру  процесінде  оқушының  ӛз-ӛзін 
ӛзектендіруі,  оның  ӛзін-ӛзі  дамытуы  және  ӛзін-ӛзі  жетілдіруіне      ықпалын 
тигізетін  жағдайлар  туғызу  арқылы  жҥзеге  асырылатын  адамгершіліктік 
принципі  басшылыққа  алынды.  Оқулықтың  лейтмотиві  антикалық  дәуірдің 
айнымас  қағидасы  «Адам  –  барлық  заттардың  ӛлшемі»,  ол  дегеніміз  адам  - 
ӛркениеттің  негізгі  қҧндылығы,  ал  оның  толыққанды  рухани  ӛмірі  -  кез-
келген  мемлекеттің  қоғамдық  дамуының  және  оның  білім  беру  сияқты 
әлеуметтік қҧрылымының мағынасы дегенді білдіреді.  
Мен  Қазақстанның  Білім  беру  министрлігіне  менің  оқулығыма 
қызығушылық тудырып, оны қазақ тіліне аударуға шешім қабылдағаны ҥшін, 
сонымен  қатар  оқулықты аударушы,  педагогика  ғылымдарының  кандидаты, 
психология доценті М.А. Қҧсаиноваға ӛз ризашылдығымды білдіремін.    
Мен  «Педагогикалық  психология»  оқулығының  қазақ  тіліндегі 
аудармасын 
басып 
шығаруға 
шешім 
қабылдаған 
баспаға 
ӛз 
ризашылдығымды білдіремін.  
 
30. 06. 2005 ж.                                                   И.А. Зимняя
 

 

 
Біз  педагогтардан    әрекеттесу-
дің  небір  қағидаларын  сақтауды 
талап  етпейміз,  бірақ  біз  оларға  
ӛздерің  болашақта  басқаратын    пси-
хикалық  қҧбылыстардың  заңдарын 
оқып,  зерттеңдер  және  оларды 
ӛздерің  қалап  алған  жағдайларда 
басшылыққа  алып,  солар  бойынша 
әрекеттесіңдер демекпіз.  
К.Д.  Ушинский.  Человек  как 
предмет воспитания  
  
 
 
 
 
Студентке 

болашақ ұстазға айтарым
 
(алғысӛз орнына) 
 
 
Шығыстың  ҧлы  ойшылы,  дәрігері  Ибн  Синның  (Авиценна)  (980-
1037) «Зияныңды тигізбе» деген дәрігерлердің негізгі адамгершіліктік - 
этикалық,  кәсіби  ӛсиеті  бәрімізге  белгілі.  Ол  туралы  дәрігерлер 
дайындайтын жоғары оқу орны тҥлектерінің беретін Гиппократ антында 
айтылған.  Ендеше,  біздің  алдымызда  педагогикалық  ықпалдың 
тиімділігін және сипатын анықтайтын педагогикада кәсіби уағыз бар ма 
деген  сҧрақ  туады.  Болашақ  ҧстаздарға  сондай  уағыз  ретінде,  біздің 
терең нанымымыздан туған екі ақыл кеңес берер едік: «оқушыны тҥсін» 
және  «ҥйренуге  кӛмектес.  Осыған  байланысты  білім  ҥрдісінің 
кҥрделілігін  ескере  отырып,  педагогикалық  ықпалдың  заңдылықтарын 
және  механизмі  білімнің  негізгі  міндетін  орындауға,  яғни  оқушының 
тҧлға ретінде қалыптасуына және дамуына кӛмектесер еді.  
Білім  ҥрдісінің  кҥрделілігі,  адам  ӛмірінде  маңызды  орын 
алғанымен тез арада кӛрнекі, нақтылы нәтиже бермейді. Білім ҥрдісінің 
нәтижесі (әрине ықпал әсерін ескеру және басқа да фактілердің (мысалы 
тҧқым қуалаушылық, отбасы тәрбиесі, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу т.б.), адамның 
кейінгі  ӛмір  ӛнегесі,  іс  әрекеті,  мінез-қҧлқы  болып  табылады. 
Сондықтан, кез-келген білім беру ордасында  педагогикалық ықпалдың 
әсерін тікелей бақылау мҥмкін емес.  
Педагог  мамандығын  таңдаған  әрбір  адам,  оқушы  мен 
тәрбиеленушінің  алдында  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ӛзіне-ӛзі  жауап 
беруге және ӛзінің кәсіби даярлығы ҥшін Педагог, Оқытушы, Тәрбиеші 
қҧқына  ие  болуы  ҥшін  жауапкершілік  алады.  Кәсіби  педагогикалық 

 

парызды  лайықты  орындау  адамнан    бірқатар    міндеттер  қабылдауын 
талап етеді.  
Біріншіден, ӛзінің жеке мҥмкіндіктерін объективті тҥрде бағалауы, 
осы  кәсіпке  байланысты  маңызды  қасиеттердің  әлді,  әлсіз  жақтарын 
білуі  (ӛзін-ӛзі  реттеу  ерекшелігі,  ӛзін-ӛзі  бағалау,  эмоционалдық 
кӛріністер,  коммуникативтік,  дидактикалық  қасиеттер  т,б).  Мысалы, 
адамның  ӛз  мінез-қҧлқын  сәйкес  бағалай  алу  және  тҥзету  қабілеттілігі 
сияқты позитивтік кәсіптік қасиеті басқа адамдарға адекватты ықпал ете 
алудың  алғышарттарының  бірі  болып  табылады.  Бҧл  қасиеттердің 
қалыптасуы  болашақ  педагогтардан  рефлексивтік  ойлаудың  дамуын, 
ӛзін-ӛзі  реттеу  ерік  жігерлігін,  жоғары  деңгейлі  таным  белсенділігін 
қажет етеді.  
Екіншіден,  болашақ  педагог  интеллектуалдық  іс-әрекеттің  жалпы 
мәдениетін  (ойлау,  ес,  қабылдау,  елестету,  зейін),  мінез-қҧлық 
мәдениеті,  қарым-қатынас,  атап  айтқанда,  педагогикалық  қарым-
қатынасты  меңгеруі  тиіс.  Педагог    -  бҧл  оқушылар  ҥшін  еліктеу  ҥлгісі 
болып  табылады,  олар  мҧғалімнің  әрекетіне  саналы  тҥрде,  кӛп 
жағдайларда  ойланбай  еліктейді.  Осыған  орай,  болашақ  педагог  –
студенттің  рефлексияланған,  тҥзетілген  «Мен»  бейнесі  тҧлғалық, 
коммуникативтік, кәсіби тренингті ҥнемі талап етеді.  
Ҥшіншіден, педагог іс-әрекетінің  негізгі және қажетті шарты - ол 
сыйластық,  білім  және  ӛзінің  оқушысын  «Басқа  адам»  ретінде  тҥсінуі. 
Қҧндылық  жҥйесі,  бағалау,  мінез-қҧлық  моделі  сәйкес  келмеуіне 
қарамастан,  мҧғалім  оқушыны  қабылдауы,  тҥсінуі  қажет;  бҧл  мәселе 
қарым-қатынас, 
әрекеттің 
психологиялық 
механизмі 
мен 
заңдылықтарын білуін қажет етеді.  
Тӛртіншіден,  педагог  оқушылардың  іс-әрекетін,  олардың 
еңбектестігін ҧйымдастырушы,  сонымен бірге ол педагогикалық қарым 
-  қатынасты  жеңілдететін  серіктес  пен  адам  ретінде,  яғни  К.  Роджерс 
бойынша  «фасилитатор»  болып  табылады.  Бҧл  –  студенттен,  яғни 
болашақ  педагогтан  ҧйымдастырушылық,  коммуникативтік  қабілетін 
дамытуды 
міндеттейді. 
Осындай 
қабілеттілік 
оқу 
процесіне 
қатысушылардың  танымдық  белсенділігін  ынталандыратын  оқу  іс-
әрекетінің  белсенді  формаларын  қатыстыра  отырып,  оқушылардың 
білім меңгеру процесін басқара алуға  мҥмкіндік береді. Осындай кәсіби 
шеберлікті  дамыту  тек  терең  психологиялық-педагогикалық  білімді 
ҧйғармайды, сондай-ақ студенттен ҥнемі, жҥйелі кәсіби тренингті қажет 
етеді.  

 

Демек,  педагогтың  кәсіби  қасиеттері,  оның  психологиялық 
педагогикалық  әрекетінің  уағыздарымен,    келесі  постулаттармен  ара 
қатынаста болуы тиіс:  
-
 
Оқушыны  Адам,  Жеке  тҧлға  ретінде  қҧрметте  (кӛнеден  келе 
жатқан  алтын  қағида  -  ӛзіңе  қалай  қарасын  десең,  ӛзгеге  де  солай 
қараңыз).  
-
 
Ҥнемі  ӛзіңді-ӛзің  дамыту  және  ӛзіңді-ӛзің  жетілдіру 
мҥмкіндігін  ізде  (ӛзі  ҥйреніп  білмеген  адам  басқаға  оқытудың, 
ҥйренудің дәмін, «ақыл-ой тәбетін» дамыта алмайды деген сӛз белгілі).  
-
 
Білімді  оқушыға  ҥйренгісі  келетіндей,    ӛздігінен  білім  алуға 
және әртҥрлі жағдайда қолдана алатындай беру қажет.  
Бҧл  қағидалар  кӛпке  танымал  тезистерді  айқындаудың  мәні:  тек 
тҧлға  ғана  жеке  тҧлғаны  тәрбиелейді,  тек  мінез  ғана  мінезді 
қалыптастырады.  Педагог  Тҧлға  болуға  міндетті,  бҧл  оның  кәсіби 
сипаттамасы. 
Біз 
қарастырып 
отырған 
педагогикалық 
психология 
проблемалары,  қазіргі  кездегі  білім  берудің  дамуының  негізгі 
беталыстарының  жалпы  контекстінде,  тҧлғалық–іс-әрекеттік  тҧрғыда 
талданады.  Осы  тҧрғыда,  а)  білім  беру  процесінің  ортасында 
ҥйренушінің  ӛзі  тҧрады,  нақты  оқу  пәнінің  қҧралдарымен  оның 
тҧлғасын қалыптастыру, б) оқу процесі оқушының жан-жақты дамуына 
және оның  пән білімін меңгеруіне бағытталған оқу іс-әрекетін басқару 
мен ҧйымдастыруы деп жобалайды. Оқып ҥйренуге деген тҧлғалық – іс-
әрекеттік 
ықпалдарға 
сәйкес 
кітапта 
бірқатар 
проблемалар 
қарастырылған,  олар  бҥгінгі  кҥні  педагогикалық  психологияның 
іргетасын  қҧрайды.  Олардың  ішіндегі  негізгілері:  оқу-танымдық 
міндеттерді  орындауға  бағытталған,  оқытушы  мен  оқып-ҥйренушінің  
ӛзара  әрекеттесулері  тең  серіктердің  оқудағы  еңбектестігі  ретінде; 
педагог  пен  оқып-ҥйренушінің  оқу  іс-әрекеті  және  педагогикалық 
қарым-қатынас  субъектілері  ретіндегі  психологиялық  сипаттамалары; 
оқу  іс-әрекетінің  ӛзінің  психологиялық  ерекшеліктері;  меңгерудің 
психологиялық механизмдері мен заңдылықтары және т.б.  
Қорыта келе, кез-келген оқулық ӛз тарапынан ғылыми білімдердің, 
кӛзқарастардың, тҥрлі авторлық позициялардан мазмҧндалған, берілген 
жағдайда  тҧлғалық-іс-әрекеттік  тҧрғыдан  алынған,  тҧжырымдамалар 
мен теориялардың қҧрылымданған жиынтығы болып келетінін атап ӛту 
қажет.   Бҧл амал  
 
отандық психологияда  К.Д. Ушинский, М.Я. Басов, 
П.Ф. Каптерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев және 
т.б.  кӛптеген  ғалымдардың  кҥш  салуының  арқасында  қалыптасқан. 

 

Беріліп  отырған  келіс
 
К.  Роджерстің  гуманистік  психологиясының 
негізгі ережелерімен де ҥндеседі.   
Оқырмандардан  бірінші  басылымның  мәтінінде  жіберілген 
қателер, мағыналық бҧрмалаулар мен басқа да редакциялық басылудағы 
қателіктер  ҥшін  кешірім  ӛтіне  отырып,  автор  екінші  басылым 
мәтіндеріне  енгізілген    бірқатар  толықтырулар  мен  анықтауларға  және 
әдебиеттерге цитата келтіру мен сілтемелерге назар аударуды сҧрайды.  
Оқулық  мәтініне  цитата  келтіру  мен  сілтемелерде  автор 
оқулықтың екінші басылымын қолдануды сҧрайды.  
Автор  кітаптың  бастапқы  мәтінін  ары  қарай  тҥзетуде  ӛзінің 
қызығушылығын білдіргендерге ризашылдығын  білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
10 
І БӚЛІМ
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ: 
 
ҚАЛЫПТАСУЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ 
 
АХУАЛЫ 
 
 
 
Педагогикалық 
психологияны 
қолданбалы  психологияның  ерекше 
бір тармағы, ӛз алдына дербес ғылым 
ретінде қарастыру  керек.  
Л.С.  Выготский.  Педагогическая                                                                                          
психология. 
 
 
1 тарау. Педагогикалық психология –
 
ғылыми білімнің пәнаралық саласы
 
 
§ 1.  Педагогикалық психологияның 
жалпы ғылыми сипаттамасы 
 
Педагогикалық психология басқа 
 
адамтану ғылымдарының ішінде 
 
 
Қазіргі  заман  ғылымының    дамуында  оның    ғылыми  салалар,  
пәндер мен  проблемалық салалардың  (жҥйелендіру, иерархияландыру, 
куммулятивтік  сияқты  беталыстармен  қатар)  ықпалдасуы    мен  саралап 
жіктелінуі  сияқты  негізгі  екі  беталысының  ӛзара  әрекеттесуі  неғҧрлым 
айқын  кӛрініп  келеді.  Ғылымның  ықпалдастығын  талдай  келе,  Ж. 
Пиаже, Б.Г. Ананьев пен Б.М. Кедров ғылыми білімнің ортасында адам 
туралы  ғылым  -  психология  тҧр  деп  кӛрсеткен.  Ғылыми  білім 
ҥшбҧрышының  Б.М.  Кедров  ҧсынған    тҥсіндірмесі  (оның  шыңы  – 
жаратылыстану  ғылымдары,  оның  тағандарының  бҧрыштары  – 
философия  және  қоғамдық  ғылымдар,  ал  оның  ортасында  осы 
ғылымдармен  психология  тҥйісіп  тҧр)  Ж.  Пиаженің  келесі 
пайымдауымен 
сәйкестендіріледі 
«...психология 
барлық 
басқа 
ғылымдардың  ӛнімі  ретінде  ғана  маңызды  орын  алып  тұрған  жоқ,  ол 
сондай-ақ олардың қалыптасуы мен дамуына  түсініктеме бере алушы    
бастау ретінде де орталық орын алады» [172, 155 б.]. 
Адам  проблемасының  ғылым  дамуындағы  рӛлін  анығырақ  Б.Г. 
Ананьев  [7]  анықтайды,  оның  ойынша  адамды  тереңірек  зерттеу, 
саралап  жіктеу,    сонымен  бірге  осы  саладағы  барлық  зерттеулердің 

 
11 
ықпалдасуы    адам    проблемасының  жалпы  ғылымдық  сипатқа  ие 
болуына  ықпалын  тигізді.  Осы  адам  мәселесін  жаһандандыру 
беталыстарының  педагогикалық  психология  саласындағы  кӛрінісін  
кезінде К.Д. Ушинский да байқаған, яғни 1868-1869 жылдардағы «Адам 
тәрбие  пәні  ретінде.  Педагогикалық  антропология  тәжірибесі»  атты 
еңбектерінде,  адам  тәрбиесіне  ӛз  ҥлесін  қосқан  ғылымдардың 
бағыныстылығын  анықтау  негізінде  психологияның  жетекші  рӛлі  атап 
кӛрсетілген.  
Ӛз  кезегінде,  психология  да  кҥрделі  ықпалдасқан  білім  болып 
табылады,  оның  қҧрылымдық  кӛрінісінің  негізінде,  А.В.  Петровскийге 
сәйкес,  келесі  психологиялық  жақтары  алынған:  «1)  нақты  іс-
әрекеттің,  2)  даму,  3)  адамның  (дамуы  мен  іс-әрекеттің  субъекті 
ретінде) қоғамға қатынасы (ӛзінің  іс-әрекеті мен іске асатын дамуы)» 
[39,  80  б.].  Педагогикалық  психология  кӛбінесе  «нақты  іс-әрекет» 
негіздемесі бойынша ажыратылатын жалпы психологиялық білімдердің 
дербес саласы ретінде қарастырылады, оның  негізінде оның басқа тағы 
екі  жағы  ӛз  кӛріністерін  табады.  Бҧл  тҧжырым,  педагогикалық 
психологияның  негізін  білім  беру  іс-әрекетінің  ӛзі,  немесе, 
педагогикалық  психологияның  негізін  салушылардың  бірі  П.Ф. 
Каптеревтің  анықтауындай,  білім  беру  процесінің  механизмдері  мен 
заңдылықтары қалайтынын  білдіреді.   
Педагогикалық  психология  әр  тҥрлі  себептерге  байланысты  
кӛптеген басқа ғылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғылыми білім 
ҥшбҧрышының  ортасында  орналасқан  жалпы  психологиялық  білімнің 
нақты  саласы  болып  табылады.  Екіншіден,  оның  басқа  ғылымдармен 
байланыста  болуының  себебі,  білім  беру    процесі  ӛз  мақсаты  мен 
мазмҧнына  сәйкес  әлеуметтік  мәдени  тәжірибені  беруші  болып 
табылатынында  және  осындай  мәдениетте  бҥкіл  ӛркениеттік 
білімдердің 
таңбалық, 
тілдік 
формада 
шоғырландырылғанына 
байланысты.  Ҥшіншіден,  оның  зерттеу  пәні  ӛзі  танып  білуші  және 
танып білуге  ҥйретілуші,  басқа да кӛптеген адамтанушы ғылымдармен 
зерттелінетін    адам  болып  табылады.  Педагогикалық  психология, 
мысалға педагогика, физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану 
және  т.б.  ғылымдармен  ҥздіксіз  байланыста  екені  анық.  Соның  ӛзінде, 
педагогикалық  психология  –  жалпы  психологиялық  білімнің  саласы 
деген тҧжырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғни  психикалық 
даму,  оның  қозғаушы  кҥштері,  адамның  даралық  және  жыныстық-жас 
ерекшеліктері,  оның  тҧлға  ретінде  жетілуі  мен  дамуы  жайлы 
білімдердің 
негізінде 
қалыптасатынын 
білдіреді. 
Сондықтан 
педагогикалық  психология  психологиялық  білімдердің  (әлеуметтік, 

 
12 
дифференциалды  психологиямен  және  т.б.)  басқа  салаларымен,  ең 
алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.  
Педагогикалық  және  жас  ерекшелік  психология  бір-бірімен  осы 
ғылымдардың зерттеу объекттерінің  ортақтығымен байланысты. Яғни, 
олардың  зерттеу  объекті  дамып  келе  жатқан  адам  болып  табылады. 
Бірақ, жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік 
динамикасын, дамып келе жатқан адамның психикалық процестері мен 
психологиялық  қасиеттерінің    онтогенезін»  [43,  5  б.]  зерттесе,  ал 
педагогикалық  психология  білім  беру  ықпалымен  психикалық  жаңа 
қҧрылымдардың қалыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. 
Осыған 
байланысты 
педагогикалық 
психологияның 
барлық 
проблемалары  білім  беру  процесіндегі  адамның  жас  ерекшеліктерін 
есепке  алу  негізінен  қаралады.  Сонымен  бірге,  (бҧл  жағдайды  тағы  да 
ерекше атап кӛрсетейік) педагогикалық та, жас ерекшелік психология да 
«...жалпы 
психологиялық 
заңдылықтарды 
ашып 
кӛрсететін, 
қалыптасып  қойған  адам  тұлғасының  психикалық  процестерін, 
психикалық  күйлерін  және  даралық-психологиялық  ерекшеліктерін 
зерттейтін»  жалпы  психологияның  білімдеріне  жҥгінеді  [96,  7  б.].  
Педагогикалық психологияны бір жағынан пәнаралық ретінде, ал екінші 
жағынан  –  ғылыми  білімнің  дербес  саласы  ретіндегі  осындай 
тҥсіндірмесі,  Б.Г.  Ананьев  позициясымен  теңестіріледі.  Б.Г.  Ананьев  
бойынша,  педагогикалық  психология  –  шекаралық,  кешендік  білімдер 
саласы,  ол  «...педагогика  мен  психологияның  ортасынан  белгілі  орын 
алып,  ӛсіп  келе  жатқан  ұрпақты  дамыту,  оқыту,  тәрбиелеу 
арасындағы  ӛзара  байланысты    бірлесе  зерттеу  сферасына  айналды» 
[8, 14 б.]. 
Алайда, 
мҧндай 
тҥсіндірме 
басқа 
авторлар 
келтірген 
педагогикалық  психологияның  мәртебесінің  анықтауларына  сәйкес 
келмейді,  мҧның  ӛзі  осы  сҧрақты  шешудің  біржақтылы  еместігін 
кӛрсетеді. Мысалы, «Жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық  психология 
курсында»  «...егер жас ерекшелік  және педагогикалық психологияның 
дамуының бірінші кезеңінде олардың жекелену беталыстары байқалса, 
онда біздің кезеңде, керісінше – жақындасу, кейбір жағдайларда тіпті 
қосылуы  байқалады»  [101,  4  б.]  деп  кӛрсетілген.  Екінші  жағынан, 
«Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерінде» бір 
кешендік 
ғылыми 
пәнді 
қалыптастырған, 
педагогика 
мен 
психологияның  бірлігін,  кешенділігін  атап  кӛрсетеді  [157,  5-6  б.].  Іс 
жҥзінде  педагогикалық  психология  кешендік  болып  табылды  деп  
ҧйғаруға  болады.  В.И.  Гинецинский  [52]  бойынша  педагогика  оның 
теоретикалық 
және 
тәжірибелік 
жақтарында 
онымен 
тығыз 

 
13 
байланысқан  дербес  ғылым  болып  табылады.  Ал  жалпы  және  жас 
ерекшелік  психология  онымен  іштей  тығыз,  ҥздіксіз  байланыста 
болатын жалпы психологиялық білім саласы.  
 
 
Педагогикалық психологияның қалыптасуындағы
 
 
жалпы психологиялық контекст       
 
 
Педагогикалық  психология  адам  туралы  ғылыми  тҥсініктердің 
жалпы  контекстінде  дамиды.  Олар  әрбір  нақты  тарихи  кезеңдерде 
педагогикалық  ойларға  ҥлкен  әсерін  тигізген  негізгі  психологиялық 
ағымдарда  (теорияларда)  жазылып  кӛрсетілген.  Бҧл  -  оқу  процесінің 
психология  теориялары  ҥшін  қашанда  табиғи  зерттеу  «полигоны» 
ретінде  болуымен  байланысты.  Педагогикалық  процесті  ҧғынуға 
ықпалын  тигізе  алатын  психологиялық  ағымдар  мен  теорияларды 
нақтырақ қарастырайық. 
Ассоциативтік  психология  (XVIII  ғасырдың  ортасынан  бастап 
Д.Гартли және ХІХ ғасырдың аяғына дейін – В. Вундт), тҥп тамырында 
психикалық 
процестердің 
байланысы 
ретіндегі 
ассоциация 
механизмдері мен психика негіздері ретіндегі ассоциациялардың белгілі 
бір  тҥрлері  анықталған.  Ассоциацияларды  зерттеу  материалдарында 
еске сақтау мен ҥйренудің ерекшеліктері зерттеліп қарастырылған. Осы 
жерде, психиканың ассоциативті баяндауының негізін Аристотель (384-
322  ж.  біздің  эрамызға  дейін)  салғанын  айта  кету  қажет,  оған 
«ассоциация» тҥсінігін, оның тҥрлерін енгізу, ақыл-парасатын (нус) екі 
тҥрін теоретикалық және практикалық деп ажырату, қанағаттану сезімін 
ҥйрену факторы ретінде еңбектері тиесілі.  
Г.Эббингауздың  (1885)  ҧмыту  процесін  зерттеу  бойынша 
эксперименттерінің эмпирикалық мәліметтері және алынған ҧмыту 
«қисығының»  сипаттарын  одан  кейінгі  зерттеушілер  дағдыларды 
ӛндіруде, жаттығуларды ҧйымдастыруда есепке алады.  
У.  Джемс  (ХІХ  ғ.  аяғы  –  ХХ  ғасырдың  басы)  және  Дж.  Дьюидің  
(ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысы)  прагмативті  функционалды 
теориясы  –  бейімделуші  реакцияларға,  ортаға  бейімделуге,  ағзаның 
белсенділігіне, дағдыларды ӛндіруге акцент қояды. 
Э.  Торндайктың  (ХІХ  ғ.  аяғы  –  ХХ  ғ.  басы)  байқап  кӛру  және 
қателесу  теориясы  ҥйренудің  негізгі  заңдарын  қалыптастырған  – 
жаттығу,  әсер  және  дайындық  заңдары;  ҥйрету  қисығын  және  осы 
мәліметтерге негізделген жетістіктер тестерін  сипаттаған  (1904).  
Дж.  Уотсонның  бихевиоризмі  (1912-1920)  және  Э.  Толмен, 
К.Халл,  А.  Газри  және  Б.  Скиннердің  (ХХ  ғ.  бірінші  жартысы) 

 
14 
необихевиоризмі.  ХХ  ғасырдың  ортасында-ақ  Б.  Скиннер  оперантты 
мінез-қҧлық тҧжырымдамасы мен бағдарламаланған оқыту тәжірибесін 
жетілдірген.  Э.  Торндайктің  жҧмыстарының  бихевиоризмнің  алдын-
алуы,  Дж.  Уотсонның  ортодоксалды  бихевиоризмі  және  бҥкіл 
необихевиористік  бағыттардың  еңбегі  ҥйренудің  (learning)  тҧтас 
тҧжырымдамасын  жетілдіру  болып  табылды,  бҧл  тҧжырымдама  оның 
заңдылықтарын, фактілерін, механизмдерін қамтиды.  
Сенсомоторлық функцияларды ӛлшеу саласында Ф. Гальтонның 
(ХІХ  ғ.  аяғы)  зерттеулері  тестілеуге  (Ф.  Гальтон  бірінші  болып 
сауалнама,  бағалау  шәкілдерін  ҧсынған);  математикалық  статистиканы 
пайдалануға  бастау  берген;    А.  Анастази  кӛрсеткендей,  Дж.  Кэттелдің 
«ақыл-ой тестері» сол кездің типтік зерттеу әдісі деп санаған. Т. Симон 
мен  А.  Биненің  (1904-1911)  даралық  және  топтық  тестілеу 
вариациясымен,  интеллектуалды  тестері,  мҧнда    ең  алғаш  рет  ақыл-ой 
жасының  іс-жҥзіндегі  жасқа  қатынасы  ретінде  интеллектуалды  даму 
коэффиценті  қолданылған  (Л.  Термен  1916  жылы  Америкада). 
Маңыздысы,  Ф.  Гальтон  ӛзінің  алғашқы  (1884)  ӛлшеулерін  білім  беру 
жҥйесінде  бастаған,  Дж.  Кэттел  (1890)  Америкада  колледж 
студенттерінен  тест  алған,  Бине-Симонның  (1905)  алғашқы  шкаласы 
Францияда білім беру министрлігінің бастамашылығымен жасалған.Бҧл 
психологиялық  зерттеулер  мен  білім  берудің  бҧрыннан  бергі  тығыз 
байланысына куә болады. 
З.  Фрейд,  А.  Адлер,  К.  Юнг,  Э.  Фромм,  Э.  Эриксоннның 
психоанализі (ХІХ ғ. аяғынан ХХ ғ. бойы) санасыздық, психологиялық 
қорғаныс, кешендер, «Мен-нің» кезеңдеп дамуы, еркіндік, экстраверсия-
интроверсия категорияларын жетілдіріп, ӛндірген. (Соңғысы, Г. Айзенк 
тестерінің арқасында кӛптеген педагогикалық зерттеулерде қолдану мен 
таратылу табуда). 
Гештальт  психология  (М.  Вертгеймер,  В.  Келер,  К.  Коффка  – 
ХІХ  ғ.  басы),  К.  Левиннің  мінез-қҧлықтың  динамикалық  жҥйесі 
тҧжырымдамасы  немесе  алаң  теориясы,  Ж.  Пиаженің  генетикалық 
эпистемиологиясы 
немесе 
интеллектің 
кезеңдеп 
дамуы  
тҧжырымдамасы,  ол  инсайт,  мотивация,  интеллектуалды  даму 
сатылары,  интериоризация,  тҥсініктерінің  қалыптасуына  ҥлес  қосқан 
(оларды  сондай-ақ,  әлеуметтік  бағытта  жҧмыс  істейтін  француз 
психологтары А. Валлон, П. Жане қарастырған).  
Ж. Пиаженің операционалды тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 20-
шы  жылдарынан  бастап  ойлау  мен  интеллект  дамуының  негізгі 
дҥниежҥзілік  теорияларының  бірі  болуда.  Бҧл  тҧжырымдаманың 
контекстінде 
әлеуметтану, 
центрация-децентрация, 
бейімделу 

 
15 
ӛзгешелігі,  әрекеттердің  қайтымдылығы,  интеллектуалды  даму 
сатылары  сияқты  тҥсініктер  зерттелуде.  Ескере  кететін  жағдай,  Ж. 
Пиаже  ХХ  ғасыр  ғылымына  «психиканы  зерттеудегі  синтетикалық 
ықпалдың» ерекше ӛкілдерінің бірі ретінде кірген [104, 26 б.]. 
ХХ  ғасырдың  60-80  жылдарындағы  Г.У.  Найссер,  М.  Бродбент, 
Д.Норман, Дж. Брунердің және басқалардың когнитивті психологиясы    
білімге,  хабардар  болуға,  семантикалық  есті  ҧйымдастыруға, 
болжаушылыққа,  хабарды  қабылдау  және  қайта  ӛңдеуге,  оқу  және 
тҥсіну процесіне, когнитивтік стилдерге аса кӛңіл бӛлген.  
А.  Маслоу,  К.  Роджерстің  ХХ  ғасырдың  60-90  жылдарындағы  
гуманистік 
психологиясы 
«клиентке 
негізделгену» 
терапия 
тҧжырымдамасын,  ӛзін-ӛзі  ӛзектендіру,  адамзат  қажеттіліктерінің 
пирамидасы  (бағыныстылығы),  фасилитация  (жеңілдету  немесе 
белсенділеу)  категорияларына  алға  ҧсынып,  шәкіртке  негізделген, 
оқытуға деген гуманистік кӛзқарасты қалыптастырған.  
Педагогикалық  психологияның  дамуына  И.М.  Сеченов,  И.П. 
Павлов,  К.Д.  Ушинский.  А.Ф.  Лазурский,  П.Ф.  Лесгафт,  Л.С. 
Выготский,  П.П.  Блонский  сияқты  және  т.б.  отандық  ойшылдар, 
педагогтар,  жаратылыстанушылардың  жҧмыстары  ҥлкен  ықпалын 
тигізді. Барлық отандық педагогикалық тҧжырымдамаларға негіз болған 
– К.Д. Ушинскийдің  (1824-1870)  педагогикалық  антропологиясы. Онда 
оқытудың тәрбиелік сипаты,  адамның іс-әрекеттік табиғаты бекітілген. 
Оқытудың  әдістері  мен  мазмҧны  категориясын  зерттеу  К.Д. 
Ушинскийдің еншісі.  
Л.С.  Выготскийдің  (1896-1934)  мәдени-тарихи  теориясы  – 
психиканың,  тілдің,  тҥсініктік  ойлаудың  даму  теориясы,  оқыту  мен 
дамытудың  байланысы,  мҧнда  біріншісі  алға  озып,  екіншісін  артынан  
ілестіреді,    даму  деңгейлері  тҥсінігі,  «жақын  даму  аймағы»  және  де 
кӛптеген  басқа  да  фундаменталды  мәселелер  қандай  да  бір  дәрежеде 
соңғы  онжылдықтағы  педагогика-психологиялық  тҧжырымдамасының 
негізіне  енді.  Мысалы,  М.Я.  Басовтың  іс-әрекет  тҧжырымдамасы,  А.Н. 
Леонтьевтің іс-әрекет теориясы, С.Л. Рубинштейннің іс-әрекеттің ӛзінің 
категорясының  жалпы  әдістемелік  зерттеулері  (әсіресе  субъектілік 
тҧрғыда),  психикаға  жалпы  ықпалдасуына  ыңғай  таныту,  оның 
ересектік  кезеңдегі  даму  ӛзгешелігін  анықтау,  Б.Г.  Ананьевтің  және 
тағы  басқалардың  ерекше  жас  кезеңі  –  студенттік  кезді  бӛліп  қарауы 
білім 
беру 
процесін 
психологтық-педагогикалық 
ҧғынуға, 
педагогикалық психологияның дамуына сӛзсіз әсер етті.   
ХХ  ғасырдың  ортасында  отандық  психологияда  қалыптасқан 
оқудың, 
оқу 
іс-әрекетінің 
теориялар, 
тұжырымдамалары, 

 
16 
түсіндірмелері,  (Д.Н.  Богоявленский,  Г.С.  Костюк,  Н.А.  Менчинская, 
П.А.  Шеварев,  З.И.  Калмыкова,  П.Я.  Гальперин,  Н.Ф.  Талызина,  Д.Б. 
Эльконин,  В.В.  Давыдов,  А.К.  Маркова,  Л.И.  Айдарова,  Л.В.  Занков, 
Л.Н.  Ланда,  Г.Г.  Граник,  А.А.  Люблинская,  Н.В.  Кузьмина  және  т.б.) 
педагогикалық  тәжірибенің  мәнін ҧғынуға  ғана  емес,  сондай-ақ  ғылым 
ретінде біздің және басқа да елдерде дамытылып жатқан педагогикалық 
психологияға да баға жетпес ҥлес қосты (И. Лингарт, Й. Ломпшер және 
т.б.).  
Педагогикалық 
психологияның 
дамуына 
ҥлкен 
ықпалын 
тигізгендер  үйренушілердің  оқу  материалдарын  меңгеруінің  нақты 
механизмдерін  айқындау  (С.Л.  Рубинштейн,  Е.Н.  Кабанова-Меллер, 
Л.Б.  Ительсон);  есте  сақтауды  (П.И.  Зинченко,  А.А.  Смирнов,  В.Я. 
Ляудис), ойлауды (Ф.Н. Шемякин, А.М. Матюшкин, В.Н. Пушкин, Л.Л. 
Гурова),  қабылдауды  (В.П.  Зинченко,  Ю.Б.  Гиппенрейтер),  баланың 
дамуын, соның ішінде тілдік дамуын (М.И. Лисина, Л.А. Венгер, А.Г. 
Рузская, Ф.А. Сохин, Т.Н. Ушакова),  тұлға дамуын (Б.Г. Ананьев, Л.И. 
Божович,  М.С.  Неймарк,  В.С.  Мухина),  тілдік  қарым-қатынас  және 
тіл  оқытуды  (В.А.  Артемов,  Н.И.  Жинкин,  А.А.  Леонтьев,  В.А.  Кан-
Калик);  жас  ерекшелік  дамудың  (  дәуір,  заман,  фаза,  кезеңдерін) 
сатыларын  (П.П.  Блонский,  Л.С.  Выготский,  А.Н.  Леонтьев,  Д.Б. 
Эльконин,  Б.Г.  Ананьев,  А.В.  Петровский),  мектеп  оқушыларының 
ақыл-ой  іс-әрекетерінің  және  олардың  ақыл-ой  дарындылығы 
ерекшеліктерін  анықтау  (А.А.  Бодалев,  Н.С.  Лейтес,  Н.Д.  Левитов, 
В.А.  Крутецкий).  Педагогикалық  психология  ҥшін  ересектерді  оқыту 
психологиясы  бойынша  жҧмыстар  ҥлкен  мәнге  ие  (Ю.Н.  Кулюткин, 
Л.Н. Лесохина және т.б.).  
Педагогикалық  психология  жетістіктерінің  ғылыми  рефлексиясы 
процесінде М.Н. Шардаковтың, В.А. Крутецкийдің, А.В. Петровскийдің 
педагогикалық  және  жас  ерекшелік  психология,  оқу  психологиясы 
бойынша оқулықтары сӛзсіз жағымды рӛл ойнады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет