Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6931
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 



 

Министерство образования и науки Республики Казахстан 

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 

 

 

 



 

 

 



 

 

Орта мектепте «Өлкетану» курсын оқытудың  

әдістемелік негіздері 

Әдістемелік құрал 

 

Методические основы изучения курса «Краеведение»  

в средней школе 

Методическое пособие  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана  


2013  

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2013 жылғы 20 қарашадағы № 5 хаттама). 

Рекомендовано  к  изданию  решением  Ученого  совета  Национальной 

академии образования им. И.Алтынсарина (протокол № 5 от 20 ноября 2013 г.). 

 

Орта  мектепте  «Өлкетану»  курсын  оқытудың  әдістемелік  негіздері. 



Әдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2013. – 44 б. 

Методические 

основы 


изучения 

курса 


«Краеведение»  

в  средней  школе.  Методическое  пособие.  –  Астана:  Национальная  академия 

образования им. И.Алтынсарина, 2013. – 39 с. 

 

Бұл  әдістемелік  құрал  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  



23 тамызындағы №1080 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті 

білім  стандарты  негізінде  әзірленді,  білім  беру  мазмұнының  негізін  қалаушы 

аспектілері, Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде қамтылады.  

Әдістемелік  құралда  жалпы  білім  беретін  мектептерде  «Өлкетану»  пәнін 

оқытуға  қажетті  тапсырмалардың  мысалдары  әзірленіп,  сабақтарда  оларды 

пайдаланудың  әдістері  көрсетілген.  Қазақстан  аумақтарының  экологиялық, 

тарихи, әдеби, мәдени ерекшеліктерін айқындайтын мысалдар келтірілген.  

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  құрал  әдіскерлер,  мектеп  пен  колледж 

мұғалімдері  және  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  тисті 

мамандықтары  студенттері,  оқулықтар  мен  ОӘК  авторлары  және  баспаларға 

арналған.  

 

Данное  методическое  пособие  составлено  на  основе  Государственного 



образовательного  стандарта  и  включает  основополагающие  аспекты 

содержания  обучения  и  воспитания,  позволяющие  осуществить  изучение 

краеведения  и  краеведческого  компонента  школьных  предметов  в  средней 

школе. 


В  работе  даются  практические  рекомендации  по  организации  изучения 

курса  «Краеведения»  в  общеобразовательной  школе,  раскрывается  роль 

предмета,  показаны  необходимые  методические  приемы.  Предложены 

многоаспектные,  системные  подходы  к  познанию  природных,  экологических, 

экономических,  исторических,  социально-культурных  особенностей  родного 

края учащихся. 

Издание  предназначено  для  методистов,  учителей  и  учащихся  школ, 

колледжей и студентов высших учебных заведений.  



 

                                                               © 

Ы.Алтынсарин    атындағы   Ұлттық 

                                                                                    

білім академиясы, 2013 

                                                                 

© Национальная академия образования 

 

имени И. Алтынсарина, 2013 



 


Кіріспе 

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Қазақстанның  әлеуметтік 

жаңғыртылуы:  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қадам» 

бағдарламалық мақаласында:  

– 

орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Акмеология, 



жеке  және  әлеуметтік  табыс  негіздері»,  «Қазақстан  құқығы»,  «Өлкетану» 

сияқты міндетті оқу курстарын енгізу жөнінде тапсырмалар берген болатын [1].  

Бұл  әдістемелік  құрал  жалпы  білім  беретін  мектептің  7-сыныбында 

факультативтік курс түрінде жүргізілетін «Өлкетану» пәнінің мазмұнына туған 

өлкенің  тарихи,  табиғи,  әлеуметтік,  экономикалық,  экологиялық,  мәдени 

ерекшеліктері жайлы деректерді енгізу арқылы, аймақтық компонентті жүзеге 

асыруға  мүмкіндік  тудыратын  кеңестер  береді.  Туған  өлке  жайлы  білім 

мазмұнының  практикалық  жақтарын  күшейту  жолдары  қарастырылады,  оның 

білім  берудегі  рөлі  және  оны  қалыптастырудың  әдістемелік  тәсілдері  ашып 

көрсетіледі.  

Аймақтық компонентті жетілдіруде оқу-тәрбие жұмысының сыныптан тыс, 

сабақтан тыс түрлері маңызды рөл атқарады. Олар пән сабақтарын толықтырып 

отырады  және  негізінен  сабаққа  байланысты  жүргізіледі.  Өлкетену  жұмысы 

сабақтағы оқу материалының мазмұнынан тысқары болады, бірақ ол сыныптан, 

сабақтан тыс алынатын білімді туған өлкенің табиғаты, тарихы, байлығы жайлы 

қосымша кең көлемді біліммен толықтырып отырады. Сондықтан «Өлкетану» 

курсы  арқылы  аймақтық  компонентті  жетілдіру  сабақ  және  сабақтан  тыс 

уақыттағы іс-әрекетті де қамтуы тиіс. Сонымен қатар «Өлкетану» курсы мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға,  олардың  танымдық 

қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді.  

Қазақстан  азаматтарының  өз  халқының,  мемлекетінің  тарихын,  өлке 

табиғатының  ерекшеліктері  мен  мүмкіншіліктерін,  экономикалық  даму 

келешегін білуге деген қызығушылығы артуда, сол себепті мектепте туған өлке 

жайлы терең білім беру және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің 

маңызы  арта  түсуде.  Сондықтан,  мектепте  өлкетану  жұмысын  жетілдіру 

маңызды педагогикалық үдеріс болып табылады.  

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  құралдың  мақсаты  орта  мектепте 

«Өлкетану»  курсының  негізгі  аймақтық  құрамының  аспектілерін  оқытуға 

арналған  әдістемелік  ұсыныстар  арқылы  мектеп  мұғалімдеріне  өлкетану 

жұмысын жетілдіруге көмектесу.  

Аталған мақсаттан келесі міндеттер туындайды:  

-

 



орта 

мектепте 

өлкетану 

жұмыстарын 

жоспарлаудың 

және 


ұйымдастырудың ерекшеліктерін айқындау; 

-

 



«Өлкетану»  курсы  бойынша  сабақта  және  сабақтан  тыс  жұмыстарды 

өткізудің үлгілерін жасау; 

-

 

пәнаралық, өлкетану тақырыптарын оқытудың үлгілерін ұсыну;  



-

 

«Өлкетану»  курсының  оқушыларға  патриоттық  тәрбие  беруді  жүзеге 



асыру мүмкіндігін ашып көрсету.  

 



 

1  «

Өлкетану»  курсы  және  оның  жасөспірімдерді  тәрбиелеудегі  

маңыздылығы 

 

Өлкетану – белгілі бір жердің, қаланың, елді мекеннің бір бөлігін оқып білу. 



Мұндай  жұмыспен  жергілікті  тұрғындар  айналысады,  себебі  бұл  аймақ 

оқушылар  мен  мамандар  үшін  (тарихшылар,  биологтар,  геологтар, 

архитекторлар, этнографтар, экологтар) туған өлке болып саналады.  

Мектептегі  өлкетану  пәні  білім  беру  мен  тәрбиелеуді  өмірмен 

байланыстыратын маңызды құрал болып табылады. Өз өлкесінің бұрынғы және 

қазіргі  өмірін  білу,  өлкенің  жаңаруына  тікелей  ат  салысуымыз  үшін  қажет, 

өйткені  туған  өлке  –  шегі  жоқ  әлемнің  бір  бөлігі.  Өлкетану  отансүйгіштік 

сезімді  –  Отанға  деген  терең  махаббатты  тудырады.  Мектептегі  өлкетану, 

жалпы  өлкетанудың  бір  бағыты  болғандықтан,  оқушының  адамгершілік, 

интеллектуалдық,  эстетикалық,  еңбексүйгіштік,  тұлғалық  дамуының  маңызды 

факторы  болып  табылады.  Туған  өлкенің  өткенімен,  қазіргі  кезімен  және 

жорамалды болашағымен, табиғи, экономикалық, тарихи, мәдени және басқа да 

ерекшеліктерімен  танысу  оқушының  дүниетанымын  қалыптастыруға  жағдай 

жасайды. Бұл оқушының өзінің бір нақты ұлт өкілінің қатарына жататындығын 

түсінуіне және ол үшін мақтаныш сезімінің туындануына көмектеседі [2].  

Нормативтік-құқықтық  құжаттарға,  вариативтілік  ұстанымына  сай,  жалпы 

білім  беретін  мектепте  білім  беру  мазмұнының  аймақтық  компонентін 

жетілдірудің  мақсаты  өз  өлкесін,  елді  мекенін,  қаласын  не  ауылын  жақсы 

білетін  және  сүйетін,  оның  әдет-ғұрыптарын  сыйлайтын,  табиғи,  тарихи, 

мәдени ескерткіштерін қорғайтын, көпұлтты Қазақстанның отаншыл азаматын 

тәрбиелеу [3].  

Мектептегі  өлкетану  жұмысының  өзіндік  міндеттері  бар.  Бұл  міндеттер 

оқушылардың  өмірге,  қоршаған  ортаға  деген  көзқарасын  қалыптастыруды 

жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 



Білімдік міндеттері:  

– 

өз  елді  мекенінің,  өлкесінің  тарихымен  және  қазіргі  кездегі  өмірімен, 



экономикасымен таныстыру; 

– 

туған  өлкенің  табиғи  ортасының  алуан  түрлілігі  жайлы  көзқарас 



қалыптастыру; 

– 

тірі  табиғат  нысандары  мен  құбылыстардың  бір-біріне  тәуелділігін, 



байланысын, табиғат заңдарын оқып-білу;  

– 

биология,  география,  химия,  физика  сабақтарында  алынған  білімді 



өмірлік тәжірибеде қолдана білу; 

– 

өз  елді  мекенінің,  ауданы  мен  облысының  қазіргі  кездегі  өмірі  және 



экономикасымен таныстыру; 

– 

туған өлкесінің дамуы проблемаларын оқып-білуге жетелеу: 



– 

табиғатқа дұрыс қарау нормаларын меңгерту; 

– 

алынған  білімді  қазіргі  кездегі  экологиялық  проблемаларды  шешу 



барысында қолдана білу; 

 



– 

туған өлке табиғатының ерекшеліктерін оқу; 

– 

қажетті ақпаратты іріктеу дағдысын меңгеру. 



 

Тәрбиелік міндеттері: 

– 

өзінің  туған  өлкесіне,  туған  елі  Қазақстанға  деген  патриоттық  сезімін, 



сүйіспеншілігін тәрбиелеу;  

– 

төзімділікті,  өлкенің  көпұлттылық  және  көпмәдениеттілік  жағдайында 



төзімді мінез-құлық қалыптастыру; 

– 

отбасылық қарым-қатынасты нығайту, пәннің мазмұнымен тек оқушыны 



ғана емес, оның ата-анасын да қызықтыру, отбасылық мұрағаттар, аталар мен 

әжелердің  басқа  да  туыстардың  әңгімелері  арқылы  өлкенің  тарихы  жайлы 

білімді тереңдету; 

– 

отбасы  мүшелерімен  бірге  өлке  туралы  әдебиеттер  оқу,  фильмдер, 



бейнефильмдер тамашалау; 

– 

өлкенің  табиғатын,  тарихи  және  мәдени  ескерткіштерін  сақтау  мен 



қалпына келтіру жұмыстарына оқушылармен қатар ата-аналарды да қатыстыру; 

– 

жергілікті  халықтың  алдында  тұрған  проблемаларды  шешуге  ата-



аналармен бірге оқушыларды да қатыстыру; 

– 

экологиялық мәдениет қалыптастыру; 



– 

патриоттық  және  эстетикалық,  сонымен  қатар  табиғат  алдында 

жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; 

– 

ұжымда бірігіп жұмыс істеу, бір-біріне көмектесу, қолпаштау сезімдерін 



тәрбиелеу; 

– 

балалардың бойында жақсы көру, барлық тіршілік атаулыға аяушылықпен 



қарау сезімдерін тәрбиелеу. 

Дамытушылық міндеттері: 

– 

туған  өлке  туралы  неғұрлым  көп  білуге  деген  ұмтылысты,  танымдық 



қызығушылықты, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетті дамыту; 

– 

тақырыптық  акцияларға  және  жобаларға,  кітапханалардың,  ұлттық-



мәдени  орталықтардың  іс-шараларына,  сайыстарға,  олимпиадаларға  қатысу 

арқылы туған өлке жайлы білімді тереңдетуге деген ұмтылысқа ынталандыру; 

– 

болашақта  білімді  жалғастыру,  мамандық  және  жұмыс  орнын  таңдау 



сұрақтарын шешуге бағыттау; 

– 

күнделікті  өмірде  өлкетанушылық  білім  мен  біліктілікті  қолдана  алу, 



жергілікті  жердегі  туындайтын  проблемаларды  шешуде  өзінің  орнын  білу 

дағдысын қалыптастыру; 

– 

туған өлкесінің өмірін жетілдіруге үлес қосуға деген ұмтылысты дамыту 



[4]. 

Өлкетану  жұмысында  тағы  бір  міндетті  қосуға  болады,  ол  –  зерттеушілік 

сипаттағы міндеттер: 

– 

қоршаған  ортаның  ластану  деңгейін  анықтау  және  туған  аймақтың 



экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

 



– 

логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту  арқылы,  проблема  қою  және  оны 

шешудің жолдарын іздеу; 

– 

оқығанды,  танығанды,  түсініксіз  жағдайларды,  мәліметтерді  өз 



шығармашылығында көрсете білу; 

– 

ізденіс  арқылы  таныс  емес,  белгісіз,  түсініксіз  құбылыстарды  тануға, 



білуге, түсінуге ұмтылу.  

Мектеп пәндерінің мазмұнындағы өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктер:  

– 

тарихи  және  ұлттық-мәдени  өлкетану  (ата-бабалар  тарихы,  шығу  тегі, 



тарихи  ескерткіштер,  ежелгі  қоныс-мекендер,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрып,  өнеге, 

өмір сүру салтының ерекшеліктері және құндылықтары);  

– 

табиғи-географиялық  өлкетану  (жергілікті  жердің  климаты,  жер  бедері, 



топырағы,  өзен-көлдері,  пайдалы  қазбалары,  экологиясы,  экологиялық 

проблемалары); 

– 

биологиялық өлкетану (өсімдік түрлері, жануарлар әлемі);  



– 

әдеби өлкетану (жергілікті ұлттардың әдеби мұралары және ауыз әдебиеті, 

жергілікті ақын-жазушылардың шығармалары); 

– 

химиялық  өлкетану  (ауыз  суының  сапасы,  ауаның  ластануы,  жергілікті 



жердегі тау-кен өнеркәсіптері т.б.); 

– 

әлеуметтік-географиялық  өлкетану  (халықтың  тығыздығы,  елді 



мекендердің орналасу сипаты, ұлттық қолөнер түрлері, басқа елді мекендерден, 

аймақтардан алшақтығы, байланыс құралдары); 

– 

әлеуметтік-демографиялық  (ұлттық  құрамы,  жастық-жыныстық  құрамы, 



көші-қон үдерісі, халықтың ұдайы өсуінің сипаты); 

– 

әлеуметтік-экономикалық  (халықтың  өмір  сүру  деңгейі,  еңбек  ресурсы, 



кәсіби-мамандық құрамы, экономикалық даму келешегі); 

– 

аймақтың экономикалық салаларының (ауылшаруашылық, құрылыс, тау-



кен, химиялық т.б.), шығаратын өнімдері; 

– 

әкімшілік-саяси  (өлкенің  шекарасы  мен  аумағы,  инфрақұрылымының 



түрлері, басқару органдарының қызметі және жұмысты ұйымдастыруы);  

– 

мәдени  өлкетану  (жергілікті  ұлттардың  ұлттық  әндері  мен  билері, 



бейнелеу  және  сәулет  өнері,  қолөнері,  жергілікті  сазгерлердің  музыкалық 

шығармалары,  суретшілердің,  мүсіншілердің,  архитекторлардың  туындылары 

т.б.); 

– 

саяси  (саяси  факторлардың  өлкенің  өміріндегі  рөлі,  аймақтармен, 



елдермен қарым-қатынасы). Өлкетанудың түрлерін математикалық, физикалық, 

технологиялық деп жалғастыра беруге  болады  [5]. Аталған бөлімдерге сәйкес 

материалдарды  іріктеп  пән  тақырыптарына  кіріктіріп  оқытудың  мақсаты, 

мектептегі  өлкетану  жұмысын,  оқушылардың  өлкені  білуге  деген 

қызығушылығын арттыру болып табылады.  

Өлкетану жұмысын мазмұнына қарай келесі топтарға бөлуге болады:  

– 

табиғатты  және  өзара  байланыстың  нәтижесінде  ландшаф  пен 



биогеоценоздарды құрайтын оның барлық элементтерін (геология, жер бедері, 

жер қойнауының байлықтары, климат, су қоймалары, топырақтар, өсімдік және 

 


жануарлар  дүниесі)  оқу,  адамның  іс-әрекетіне  байланысты  болатын  табиғат 

өміріндегі жаратылыстану процестерімен танысу; 

– 

өлкенің  тарихи  өткенін  және  халқын  оқу,  зерттеу  (этнография,  қалалар, 



ауылдар, топонимика); 

– 

экономикалық  өмірі  мен  шаруашылық  құрылымын,  сонымен  қатар 



табиғат  пен  шаруашылықтың,  шаруашықтың  жеке  салаларының  өзара 

байланысын зерттеу; 

– 

халықтың мәдени және рухани өмірі мен шығармашылық әрекетін зерттеу 



(ұлттық мәдениет, фольклор, сәулет өнері, қолөнері) [6].  

Жоғарыда аталған өлкетануды сипаттайтын ерекшеліктерге сүйене отырып, 

мұғалімнің  алдында  тұрған  маңызды  мақсаттың  бірі  –  баланы  дамыту,  оған 

халықаралық  аренада  өзінің  туған  мәдениетін  таныта  білу  біліктілігімен 

негізделген патриоттық тәрбие беру болып табылады. Оқушыларды туған және 

басқа  да  мәдениет  әлеміне  кіргізу,  олардың  тіл  құралы  арқылы  ойлау 

қабілеттерінің  дамуына  ықпал  етеді,  оқушылар  туған  халқының  менталитетін 

түсінуге үйренеді. Жеке тұлғаның дүниетанымының қалыптасуы және мәдени 

дамуы  оқушының  туған  өлкесінің  мәдениеті,  әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрлері, 

тарихы, тұрмысы туралы білімінің кеңеюі барысында жүзеге асады. Сондықтан 

да өлкетану материалдарын қолдану өзекті мәселе болып табылады.  

Өлкетану жұмыстарын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ерекшеліктері:  

– 

тарихи мәліметтермен тығыз байланыста болғандықтан, тарих ғылымдары 



және  тарих  оқу  пәнінің  негізгі  ұстанымдары,  әдістері,  құралдарымен 

сипатталады;  

– 

оқушылардың  экологиялық  мәдениетін  қалыптастыруда  өлкетану 



жұмыстары жетекші фактор болып табылады;  

– 

өлкетану  жұмыстары  экологиялық  мәдениетті  қалыптастыруда 



жаратылыстану  пәндерімен,  әсіресе  географиямен,  биологиямен  және 

экологиямен тығыз байланыстылығымен сипатталады; 

– 

өлкетану жұмыстарының ерекшелігі топонимика (гректің «топос» – орын, 



жер, «онома» – атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз), 

ономастика (гректің onomastike – ат беру өнері, тіл білімінің жалқы есімдерді 

зерттейтін  саласы)  сияқты  ғылымдардың,  білімдердің  өзгешеліктерімен 

анықталады.  Демек,  топонимдер  тарихи,  географиялық  және  лингвистикалық 

мәннен хабар беріп тұрады деген сөз. Мұның өзі белгілі бір өңірдің топониміне 

қарап сол өңірде мекен еткен ұрпақтың тарихы туралы, тіршілік көзі жайында, 

ой-өрісі  хақында,  тіптен  сезім  сұлулығына  дейін  тамаша  хабардар  болып, 

белгілі бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді; 

– 

сыныптан  тыс  уақытта  танымжорық,  оқу-танымдық  соқпақ,  саяхат, 



экспедициялар сияқты жұмыс түрлерін ұйымдастырылуымен байланысады;  

– 

мектеп оқушылары өзінің тұрғылықты жерінің тарихы, әдебиеті, қолөнер 



түрлері, табиғи жағдайы, табиғат ресурстары, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-

тіршілігі,  олардың  табиғатпен  бұрынғы  және  қазіргі  қарым-қатынастары 

 


бойынша әр түрлі дерек көздерін, мұрағат қорларын, мұражай материалдарын 

қолданумен ерекшеленеді;  

– 

өлкетану  жұмыстары  оқушылардың  алған  теориялық  білімдерін 



практикада  қолдануға  нақты  мүмкіндік  беріп,  туған  жеріне,  отанына  деген 

сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық құндылықтарға баулуға бағытталған өзіндік 

ерекшелігі бар оқу-тәрбие процесіне айналады. 

Өлкетану материалдары арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу педагогикалық 

үдерістің:  түсінік  қалыптастыру  –  білім  беру  –  біліктілік  –  практикалық  іс-

әрекетке  баулу  атты  тізбегін  құрастыруды  көздейді.  Мұғалім  алдымен 

оқушылардың бойында: 

 



Отан  адамның  дүниеге  келген  жері  ретінде,  туған  жердің  табиғаты,  ана 

тілі,  салт-дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптар,  тарих,  туған  өлке  тұрғындарының 

өміріндегі  ұлттық  ерекшеліктер,  отансүйгіштік  сезім  туған  өлкеге  деген 

көзқарас түсініктерін қалыптастыру; 

 

ұжымда  және  өздігінен  жеке  жұмыс  істеу  барысында  оқушы  «Отан», 



«туған жер» ұғымдарын меңгеруі тиіс, оқушыны туған өлкенің тарихын, өзінің 

ата-тегін,  олардың  тарихын  өз  бетімен  оқып-білуге,  Отанға,  еңбек  етуге, 

қоршаған  адамдарға  қарасты  өзінің  көзқарасын  анықтауға,  саралауға  қажетті 

білімді қалыптастыру; 

 



оқушы саралау, түсініп оқу, ерінбей тірнектеп материал жинау, мұрағатта 

жұмыс  істеу,  экскурсияны  жүргізуші  дағдыларын  үйрену  арқылы  біліктілігін 

арттырады; 

 



өлкетану  жұмысының  түрлері:  саяхат,  экскурсия,  бақылау  жүргізу, 

кеппешөп  жинау,  тәжірибелер  жасау,  мамандық  иелерімен  кездесулер  тағы 

басқа  практикалық  іс-әрекеттерді  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере 

отырып, 


құндылық 

көзқарастарын 

қалыптастыруға, 

білуге 


деген 

қызығушылықтарын арттыруға бағыттау.  

  

 



 

2   

Орта  мектепте  өлкетану  жұмысын  жоспарлау,  мазмұнын  іріктеу 

және ұйымдастырдың әдістемелік негіздері 

 

Өлкетану жұмысы мектеп тәжірибесінде мемлекеттің саясатын және білім 



беру  мазмұнына  қойылатын  жалпы  талаптарды  жүзеге  асыруға  мүмкіндік 

береді. Мектепте өлкетану жұмысы негізгі үш түрде:  

– 

пән сабақтарының мазмұнын аймақтық компонентпен жетілдіру арқылы; 



– 

«Өлкетану» жеке факультативтік сабақ ретінде; 

– 

сабақтан  тыс  уақытта,  мектептің  тәрбие  жұмыстарының  құрамында 



жүргізіледі.  

Өлкетану материалымен жұмыс істеу сабақтарының түрлері: 

 

кітаптармен және құжаттармен өздігінен жұмыс істеу; 



 

экскурсиялар;  



 

мәдениет тарихы ескерткіштерін тамашалау; 



 

экспедиция құрамында туған өлке аумағын зерттеу жұмыстарына қатысу; 



 

оқушылардың  зерттеулері,  жоба  жұмыстары,  ғылыми-тәжірибелік 



конференциялар (жергілікті ақын-жазушылардың, суретшілердің, сазгерлердің, 

қол  өнер  шеберлерінің,  жалпы  өлкеге  әйгілі  адамдардың  өмірін, 

шығармашылығын зерттеу); 

 



пән үйірмелерінің жұмысы; 

 



өлкеге танымал адамдармен кездесулер және әңгімелесулер; 

 



сабақтарда  өлкетану  туралы  қызықты,  белгісіз  болған  деректерден 

хабарламалар, баяндамалар жасау; 

 

бейне фильмдер түсіру; 



 

өлке тарихын, мәдениетін, әдебиетін бейнелейтін мерекелер; 



 

бұқаралық  ақпарат  құралдары  беттерінде  басылымдар  және  тағы  басқа 



жұмыстар.  

Мұғалім өлкетану жұмысын жандандыру мақсатында білім берудің тиімді 

заманауи  әдістерін:  проблемалық  оқыту,  жобалау  әдістерін,  рөлдік  ойындар, 

ақпараттық,  ізденушілік,  зерттеушілік  технологияларды  қолдана  алады, 

сонымен  қатар  оқушының  бойында  өзін-өзі  бағалай  алу  қабілетін 

қалыптастыруға  жағдай жасауы  және мұғалім әрқашан ізденісте болуы керек. 

Туған  өлкенің  тарихы,  мәдениеті,  тұрмысы,  адамдары  туралы  ақпаратты 

ғаламтордан,  энциклопедиялардан,  анықтамалықтардан  алуға  болады.  Туған 

өлке туралы ақпараттың тағы бір көзі, ол – жергілікті тұрғындардың отбасылық 

альбомдарындағы  фотосуреттер,  бұлардың  бәрі  мұғалімге  туған  өлке  туралы 

ақпарат алуға мүмкіндік тудырады.  

«Туған өлке» ұғымына қандай аумақты кіргізу керектігін алдын-ала шешіп 

алған  жөн.  Кейбір  жағдайларда  өлке  деп  үздіксіз  және  нақты  бақылау 

жүргізетін  мектептің  маңайын  айтады.  Ал  кейбір  жағдайларда  бұл  ұғымды 

ауданның  немесе  облыстың  әкімшілік  аумағына  дейін  кеңейтеді.  Көпшілік 

жағдайда  мектеп  орналасқан  маңайда  зерттеу  немесе  бақылау  жүргізу  үшін 

облыс  көлеміндегі  мағлұматтарды  білу  қажет  болып  шығады.  Сол  себепті 

мектептегі  өлкетану  курсы  бұл  екі  көзқарасты  да  қамтуы  тиіс.  Мектепті 

 


қоршаған  ең  жақын  орта  бақылаулар  жүргізу  және  білім  беру  процесінде 

қолдану үшін қолайлы, сондықтан өлкетану жұмысын мектеп орналасқан жерді 

терең  оқудан  бастаған  дұрыс.  Ал  мектептен  қашықтағы  аудан  немесе  облыс 

аумағымен танысу, туған өлкемен танысудың бірізді жалғасы болуы керек.  

Өлкетану жұмысында өлкені зерттеудің барлық негізгі әдістері қолданылуы 

мүмкін,  олар:  әдеби,  далада  бақылаулар  жүргізу,  картографиялық, 

статистикалық,  көзбен  шолу  (визуалды),  әңгімелесу  және  сауалнама  жүргізу, 

фотосуретке және бейнефильмге түсіру.  

Әдеби  тәсіл  дегеніміз  оқылатын  аумақ  туралы  әр  түрлі  баспа 

материалдарын қолданумен байланысты. Әдебиетпен танысудың маңызы өлке 

туралы білімді алдын-ала алуға мүмкіндік туғызатындығында және ол өлкенің 

даму тарихы туралы сұрақтарды шешуге көмектеседі. Сонымен қатар әдебиетті 

оқу өлкені зерттеуден алынған нәтижелердің қорытындысын негіздеу үшін де 

қажет.  


Далада бақылау жүргізу әдісі негізінен табиғат жағдайларын зерттеу үшін 

қолданылады.  Ол  мектепте  бар  техникалық  құралдарды  қолдану  арқылы дала 

жағдайында әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.  

Зерттеудің  картографиялық  әдісі  өлке  аумағындағы  шаруашылық  пен 

табиғаттың  арасындағы  кеңістіктік  үйлесімділікті  ашу  мақсатында 

қолданылады.  Өлкетанулық  зерттеу  жұмыстары  картадан  басталуы  және 

нәтижелер картаға түсірілуі тиіс. Зерттеудің маңызды бөлігі – жергілікті жердің 

планын қағазқа түсіру және әр түрлі карталар құрастыру. 

Статистикалық  әдіс  әсіресе  халықты,  шаруашылықты,  экономикалық 

байланыстарды оқу барысында жинақталған сандық көрсеткіштерді іріктеп алу 

және  олардан  қорытынды  шығарумен  анықталады.  Бұл  әдіс  әр  түрлі  сандық 

мәліметтерді  санау,  орташа  көрсеткіштерді  шығару,  кестелер  құрастыру  және 

олардың графикалық бейнесін сызудан тұрады.  

Көзбен  шолу  (визуалды)  әдісі  –  бұл  оқылатын  құбылыстар  мен  заттарды 

бақылауға  бағытталған  әдіс.  Ол  мектептегі  өлкетанулық  зерттеулерде, 

саяхаттарда,  экскурсияларда  өте  жиі  қолданылады.  Бірақ  ол  басқа  әдістермен 

үйлестірілмеген жағдайда, қажетті сапалық нәтиже бере алмайды.  

Жергілікті  тұрғындармен,  өлкетанушылармен  әңгімелесу  және  сауалнама 

жүргізу әдісі тарихи және тұрмыстық деректерді қалпына келтіруге, бұрыннан 

белгілі ақпаратты анықтауға мүмкіндік береді.  

Фотосуретке  және  кинофильмге  түсіру  –  өлкетану  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізудегі  маңызды  құралдардың  бірі.  Өлкенің  нысандарын,  халқының  өмір 

сүру  салтын,  күнделікті  өмірін  фотосуретке  немесе  кинофильмге  түсірудің 

нәтижесі қызықты монографиялық альбомдар жасауға, өлкетану мұражайының 

экспонатына  арналған  материалдар  жинақтауға  және  жекелеген  сұрақтар 

бойынша кино көрсетуге бағытталған.  

Сонымен, өлкенің өмірін, ондағы болып жатқан өзгерістерді, табиғаты мен 

шаруашылығындағы  жағдайларды  толығырақ  сипаттау  үшін,  өлкенің  қазіргі 

кездегі  және  бұрынғы  өмірінен  деректер  мен  материалдарды  үздіксіз  жинап, 

оқып, зерттеу қажет. Олар келесі сипатта болуы мүмкін: 

10 

 


– 

ғылыми  еңбектерден  және  ақпараттан,  көркем  шығармалардан  әдеби 

материалдар жинақтау; 

– 

журнал және газеттердің мақалалары; 



– 

географиялық карталар; 

– 

әр  түрлі  хаттар,  жылнамалар  және  басқа  да  жазбалар,  газет-журналдар 



беттерінде жарық көрген фотосуреттер.  

Мұрағаттарда,  әкімшіліктерде,  отбасылық  мұрағаттарда  сақталған 

құжаттар,  өлкеде  ұзақ  уақыт  өмір  сүріп  жатқан  қарт  адамдардың  естеліктері, 

сипаттамалар,  жиынтықтарды  оқу  және  қорытынды  жасау.  Әрине,  бұл  ауыр 

жұмыс болғандықтан мұғалім өзі жүргізгені дұрыс болады, бірақ оқушыларды 

қатыстыруы міндетті шарт [7] . 

Өлкетану туралы материалды іріктеу өте маңызды болып саналады, өйткені 

оқушының өз өлкесі туралы әңгімелеу  қабілеті, әңгімелеудің мазмұны оқушы 

үшін қызығушылық тудырған жағдайда және әңгімелеуге негіз болатын жағдай 

жасалғанда  ғана  жетілдіріледі.  Келесі  факторлардың  нәтижесінде  өлкетану 

тақырыбы сабақта коммуникативтік белсенділік тудырады:  

– 

оқушылар не туралы айтып тұрғандарын толық түсінген жағдайда;  



– 

оқушылар  өздері  үшін  маңызды  әрі  қымбат  нәрсе  туралы  әңгімелеген 

жағдайда. 

Сондықтан  өлкетану  материалын  іріктеу  барысында  келесі  себептерді 

ескерген жөн: 

* оқушылар үшін материалдың шынайылығын, яғни оқушылар әңгіменің не 

туралы екендігін нақты елестете алулары керек; 

* ұсынылған материалдың оқушылар үшін қызықты болуы (осы ақпаратты 

білгім келіп еді деген талаптың болуы); 

*  ұсынылған  материал  туралы  ақпараттың  толық  болмауын  (оқушыларды 

ізденушілікке ынталандыру мақсатында); 

* берілген материалдың бағдарламалық тақырыпқа сәйкестігін; 

* берілген материалдың әлеуметтік құндылығын; 

* тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ата-аналарымен тығыз 

байланыстың орнауын. 

 

Мұғалім  өлкетану  материалының  бағдарламаға  сәйкестігіне  көп  көңіл 



бөліп,  өлкенің  ерекшелігін,  оның  қайталанбас  сипатын  бейнелейтін 

материалдарды  іріктеп  алуы  қажет.  Сонымен  бірге  өз  өлкесін  білуге  деген 

құштарлықты  ояту,  оқушының  жалпы  мәдени  деңгейін  көтеруге  жағымды 

ықпал  жасайды.  Оқушыларды  география,  тарих,  әдебиет,  биология,  музыка 

басқа  да  пәндерден  алған  білімдерін  кез-келген  сабақта,  өмірлік  тәжірибеде 

тиімді пайдалана білуге үйрету керек. 

 

Өлкетану материалдарын сабақта қолдану, білім беру үрдісіне қойылатын 



жалпы дидактикалық қағидалармен негізделеді. Ол қағидалардың түрлері: 



пәнаралық  байланыс  қағидасы,  бұл  –  мектеп  бағдарламасындағы 

пәндердің  мазмұнында  өлкетану  материалдарын  қолдану  арқылы  басқа 

пәндермен байланысты жүзеге асыруды болжайды;  

11 

 




жүйелілік-құрылымдылық  қағидасы,  өлкетану  материалдарын  білім 

берудің  әртүрлі  кезеңдерінде  нақты  мақсат  қоя  отырып,  жоспарлы  түрде 

қолдануды  және  аумақты  географиялық  негізді  құрайтын  нақты  сипаты  бар 

нысан ретінде зерттеуді көздейді; 



тақырыптық  қағидасы,  оқулықтың  әр  тақырыбына  сәйкес  келетін 

материалды әзірлеуді қарастырады; 



толеранттылық  қағидасы,  оқушылардың  бойында  өзге  ұлт  мәдениетін 

түсіну және қабылдау қабілетін дамытуды қарастырады; 



когнитивтік  қағидасы,  оқушылардың  білім  алу  үрдісі  барысында 

өлкетану  материалдарының  көмегімен  жаңа  ақпаратты,  жаңа  білімді  түсінуін 

қарастырады; 



кешенділік  қағидасы,  өлкенің  қоршаған  ортасында  болатын  барлық 

жағдайларды, өзгерістерді кіріктіріп оқытуды көздейді; 



ізгілендіру  қағидасы,  өлкені  тұлғаның  дамуындағы  өмірлік-мәнді 

құндылықтар жүйесінде оқудың мағынасын түсінуді қамтамасыз етеді; 



табиғи  және  мәдени  түсінік  қағидасы,  табиғатты  қорғау  және 

экологиялық білім мазмұнын кіргізуді қарастырады; 



іс-әрекеттік  қағидасы,  білім  беруді  практикалық,  коммуникативтік, 

жобалық-шығармашылық тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырады; 



тарихилық қағидасы, әлеуметтік-табиғи ортадағы өзгерістерді, аумақтың 

даму болашағын қарастыру арқылы орындалады; 



проблемалық  қағидасы,  нақты  проблемалық  тапсырмаларды  шешу 

көздейді. 

 

Аталған  қағидаларды  жүзеге  асыру  арқылы,  оқушылардың  өздіктерінен 



білім алу, сыни тұрғыдан ойлау, шешім қабылдау, практикалық іс-әрекеттерді 

орындау қабілеттерін дамыту мүмкіндігі туындайды. Анықталған қағидаларды 

ой елегінен өткізіп түсіну және өмір сүру ортасындағы мінез-құлық ережелерін 

сақтау,  өз  іс-әрекетінің  мәні  мен  жауапкершілігін  түсіну,  өзінің  кіші  отанына 

деген  сүйіспеншілік  әр  адамның  мәдениетінің  ажырамас  бөлігі  болуы  тиіс.  

  

Қазіргі  кезде  білім  берудің  өлкетанулық  мазмұны,  туған  өлкедегі  алуан 



түрлі  үдерістер  мен  құбылыстарға  біртұтас  кешенді-жүйелі  көзқарасты 

қалыптастыруы  тиіс.  Мұндай  көзқарас  оқылатын  аймақтың  жағдайын 

қалыптастырушы  және  өзгертуші  факторларды,  олардың  өзара  тең 

байланысында  табиғи,  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  факторлар 

тұрғысынан  қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Бұл  ғылыми  дүниетанымдық 

көзқарасты,  өмір  сүру  ортасының  біртұтас  бейнесін,  ғылыми  негізделген 

экологиялық  және  әлеуметтік-мәдени  көзқарас  жүйесін,  оқушылардың  туған 

өлкеге  тек  қана  эмоциялық  тұрғыдан  емес,  тиімді  пайдалану  тұрғысынан  да 

қарау сияқты құндылықтарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді жолы болып 

табылады.  Көрсетілген  көзқарастарды  жүзеге  асыру  келесі  әдістерге  сүйенуді 

қарастырады:  

Жалпы бағыттылыққа: 

– 

өлкетанудың тәрбиелік міндеттерінің елдің, өлкенің (аймақтың), ауылдың 



патриотын қалыптастыруға бағытталуының басымдылығын мойындау; 

12 


 

– 

өлкетануды  оқу  барысында  мақсаттар  мен  қағидалардың  тұтастығын, 

оқушыларды  дайындау  сатыларында  сабақтастықты  сақтай  отырып,  бұл 

сатыларда  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  білім  беру  және 

тәрбиелеудің  нақты  міндеттерін  анықтау  арқылы  өлкетану  дайындығының 

кезеңдерін атап көрсету.  



Мазмұнында: 

– 

мазмұнын аумақтық-хронологиялық тұрғыдан баяндау; 



– 

өлкетануды  оқушылардың  өз  өлкесін  (аймағын)  күрделі,  алуан  түрлі, 

қарама-қайшылықта, бірақ біртұтас әлем ретінде көре білуге жағдай жасайтын 

курс ретінде түсіну. Алайда, мектеп пәндерінің мазмұнына, олардың аймақтық 

компонентіне  сүйене  отырып,  бұл  пәндердегі  мағлұматтардың  қайталамасы 

болып шықпай, жаңа деректермен толықтырылуы керек;  

– 

өлке  туралы  мағлұматтар  мектеп  пәндерінде  қарастырылмайтын 



сұрақтармен толықтырылуы тиіс;  

– 

өз елді мекенінің, ауданының тарихындағы мәліметтермен, қазіргі кездегі 



өмірінің  қызықты,  болашақта  өлкенің  тарих  беттеріне  енгізуге  болатын 

деректермен толықтыруға көңіл бөлу.  



Ұйымдастыруда: 

– 

оқушыларға  таулар,  көлдер,  ормандар,  шаруашылық  және  мәдени 



орындар, тарихи ескерткіштер және тағы басқаларды оқудың нақты нысандары 

ретінде таныстыру; 

– 

мектеп  пәндерін  оқу  барысында  аудио,  бейне  материалдарды, 



мультимедиялық технологияларды қолдану арқылы көрнекілікке ерекше көңіл 

бөлу; 


– 

ғылыми  жобалар  жазу,  экспедиция  (археологиялық,  экологиялық, 

этнографиялық,  фольклорлық)  жұмыстарына  қатысу,  экскурсиялар  мен 

туристік саяхаттарға шығу арқылы туған өлкені оқып-білу әрекетіне тарту.  

Сонымен,  туған  өлке  жайлы  білім  беру  оқытудың  жобалық, 

коммуникативтік,  тәжірибелік  әдістерін  оңтайлы  және  тиімді  пайдалану 

арқылы, сыныпта  және сыныптан  тыс әрекеттердің  әр  түрлі  тәсілдері  арқылы 

жүзеге асырылуы тиіс [8].  

   



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет