Ы. Алтынсарин және Торғай ақындық мектебі



бет1/7
Дата26.05.2022
өлшемі51,38 Kb.
#35670
  1   2   3   4   5   6   7

Ы. Алтынсарин және Торғай ақындық мектебі

Жоспары
I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім
2.1. Торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы.
2.2. Торғай ақындық мектебінің бастау арналары.
2.3. Ы. Алтынсарин және торғай ақындық мектебінің үндестігі.
2.4. Торғай ақындық мектебі.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақ әдебиетінде тарихында 18 ғасырдан бастап көнеден қалыптасқан жыраулық дәстүрмен бірге ақындар поэзиясы кеңінен таныла бастады. Ос кезеңде өмір сүрген Тәтіғара, Көтеш,Шал шығармаларында жыраулық поэзияға қарағанда ақындық сипаттардың басмы болуы осының көрінісі. Халықтың мұң-мұқтажын, қуанышы мен қайғысын, арманы мен мақсатын айта білген ақындар шығармашылығы қазақ сахарасында кеңінен өріс ала бастады. Бірақ бұл ақындар шығармашылығы тек осы кезеңде ғана пайда болды деген сөз емес. Бұл жөнінде көптеген әдебиет зерттеушілеріміз пікір білдірген. Әдебиет зерттеушілерінің тұжырымжарына қарағанда, қазақтың ақын дегені- жыраудың кейіншгі кезеңде шыққан атауы, тарихи деректерге қарағанда, жырауларды ақындардың ең көне типі деп есетуге болады. 18 ғасырда жаңа қарқынға ие болған ақындар поэзиясы ұлан-ғайыр қазақ даласының түкпір-түкпірінде өзіндік дәстүр ерекшеліктері бар ақындық мектептер қалыптастыра бастады.


Өзекті мәселелері:19 ғасырдың екінші жартысында Торғай өңірінде қалыптасқан Торғай ақындық мектебі болғанын кейбір әдебиет зерттеушілері жазып келеді. Бірақ өз дәуірінде ашық үн қосып, замана шындығын айта білген бұл ақындық мектептің өкілдері ұзақ уақыт бойына ескерусіз қалып келді. Себебі өзіндік дәстүр ерекшеліктерін қалыптастырған бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармаларыкеңестік кезеңде тек жасырын түрде ғана айтылатын. Аталмыш ақындық мектептің ірі өкілдері Сейдахмет Бейсенұлы, Қарпық Шолақұлы, Жұмабай Шалабайұлы, Есенжол Жанұзақұлы сияқыт ақындар Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдебиет жолындағы ең алғашқы ұстаздары болса, Файзолла Сатыбалдыұлы, Әлмағамбет Оспанұлы, Иманқұлдың Әбдірахманы т.б. ақындар Алашорда қайраткерлерімен мүдделес, мақсаттас жандар болуынан Кеңестік дәуірде бұл ақындар жайлы сөз қозғау мүмкін емес еді. Тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл ақындық мектептің өкілдері әлі де толық зерттелмей келеді. Осы өңірден шыққан С.Кенжехаметов, С.Оспанов,Н.Бектемісов, Б.Әлмағанбет, А.Қалиев сияқты жергілікті зерттеушілердің бірен-саран еңбектері болмаса, бұл тақырыпта қалам тартқандар аз. Аталған ақындық мектептің өкілдері толық зерттелмегендіктен олардың шығармашылығындағы тақырып пен идея мәселесі туралы сөз қозғаудың өзі қиын. Мұның өзі Торғай ақындарының шығармашылығын арнайы зерттеуді қажет етеді және ондағы тақырып пен идея турасында қарастырып, оны жеке зерттеу нысаны ету- тақырыптың өзектілігін танытады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Торғай ақындарының шығармашылығындағы идея және тақырып мәселесін зерттеу жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Сонымен қатар Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын оқыту арқылы келешек ұрпаққа саналы тәрбие көзін беру болып табылады.
Зерттеу объектісінің теориялық, парктикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізіне белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектері мен мақалалары басшылыққа алынады. Сөйте тұрып, өзіндік ой қорыту, салыстыру жұмыстарын жүргізу де диплом жұмысының негізгі нысаны болып табылады. Диплом жұмысының қорытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде,әдеби шығармашылық үйірмелерде қолдануға болады.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Диплом жұмысының мақсат-міндеттерін шешу үшін жиналған шығармалар, түрлі мәліметтер, әдебиеттер бойынша зерделеу, талдау, салыстыру, жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, дәйектеу, топшылау, тұжырымдау әдістері қолданылды. Көбірек қолданылғандары: талдау, салыстыру, дәйектеу, тұжырымдау.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, төрт тараушалар мен қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет