І аралық бақылаулар мен емтихандардың сұрақтары: Тарихи деректану ұғымы



бет11/21
Дата04.05.2023
өлшемі52,11 Kb.
#89858
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
15. Айқап журналы (М.Сералин)
Қазақ халқының әлеуметтік-саяси және мәдени өмірінде ХХ ғасырдың бас кезінде болған елеулі уақиғалардың бірі –«Айқап» журналының баспадан шығуы. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырып, ілгері дамытқан журнал болды. Оның редакторы демократ-жазушы Мұхаметжан Сералин (1872-1929) болды. Журнал 1911 жылдың қаңтарынан 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Орынбор губерниясының Троицк қаласында ай сайын шығып тұрды. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезінде шығып тұрған осы мерзімді баспасөз басылымдары түрлі себептермен жабылып қалды.
16. Мерзімді басылымдарға талдау жасау
Жоғарыда айтқанымыздай баспасөз материалдары тарихшы үшін таптырмайтын тарихи дерек. Бірақ өз зерттеулеріңде олардыпайдалану барысында бірқатар деректанулық әдістерді пайдалану қажет. Бірінші, ескеретін жайт мерзімді басылымның сипаты, оның беделі мен тиражы.Мемлекет тарапынан, белгілібір қоғамдық ұйымдар қаржыландыратын газет-журналдар тек ресми материалдар жариялайды. Ондай мақалалар біршама объктивтілікке жақындау болатындығы белгілі. Екіншіден, мерзімді басылымның жанрына көңіл аударған жөн. Қысқа хабардан объктивті фактілерді алуға болады, ал керісінше аналитикалық жанрлардан зерттуші өзіне қажетті, белгілі бір талдаудан өткен материалдарды пайдалануға мүмкіншілік алады. Сондықтан баспасөз материалдарына, тарихи жазба дерек ретінде, көңіл аударушы тарихшылар баспасөз органдарының саяси және әлеуметтік бағытбағдарына сыни пікір тұрғысынан қарауы керек.
17. Яссауи Қ. «Диуани-хикмет»
Қожа Ахмет Ясауи бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. Өкінішке орай туындының түпнұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмесі ғана. Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылды. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармада ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейінгі өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
Оның жолын ұстанған шәкірттері мен сопылықты уағыздаушылар түркістандық ғұламаны күллі әлемге танытты. Қожа Ахмет Яссауи түркі халықтарның жаңа исламдық өркениеттегі халықтық ағымының арнасын анықтап берді. Ол жаңа діни идеологияны тәңірлік шамандықпен, зорастризммен біріктіре отырып, қоғамдық-әлеуметтік санаға сіңіруде көп еңбек етті. «Диуани Хикметтен» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет