И Қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


соқпақ  (Абай). Біздің алдымызда түрған ең жауапты міндет - қысқы жемшөптщ  мол  қорын  жасау



жүктеу 10.59 Mb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата15.03.2017
өлшемі10.59 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

соқпақ 
(Абай).
Біздің алдымызда түрған ең жауапты міндет - қысқы жемшөптщ 
мол  қорын 
жасау 
(«Социалистік  Қазақстан»  газеті).  Бақыт  -  
өз  еңбегінің  жемісін  өз  көзімен 
көру  (В. 
Катаев).  Мысалдағы:
130

бір  жұбаныш  -   Кәлен,  яғни  ол  -   Кәлен,  1-2-жақтарда  мен 
Кәленмін,  сен  Кәленсің,  сіз  Кәленсіз  болып  жіктеле  алады, 
бұл  сөз  жіктік  жалғаудың  үш  жағында  да  қолданыла  алады, 
өйткені  Кәлен деген сөз адамға байланысты сөз,  адамның аты, 
ал  Қоңырат,  Үшсай,  Үйреніш  -   Кәленнің  жерлері  яғни  ол  не 
олар -  Кәленнің  жерлері,  бірақ  мен  жерімін  я  жерлерімін,  сен 
жерісің, я жерлерісің, т. б. болып 1-2-жақтарда жіктелмейді және 
қолданылмайды, өйткені жер -  жансыз зат. Теріс -  кім? яғни ол -  
кім? сондай-ақ мен  кіммін?  Сен кімсің?  Сіз кімсіз? т.  б.  болып 
жүмсала алады. Патша сөзі адамға байланысты болғанмен, бұл 
жерде (сөздің патшасы) тақта отыратын  ел билеуші  адам  емес, 
ең жоғарғы көрсеткіш, ұтымды сөз мағынасында қолданылған, 
сондықтан да мен сөздің патшасымын, сен сөздің патшасысың 
және мен сөз сарасымын, сөз сарасысыз болып  жұмсалмайды. 
Ғашықтың тілі  яғни ол -  тілсіз тіл,  ар жазасы  яғни ол -  ауыр
жаза,  көп  оқу  яғни  ол  -  оілім  алудың  непзп  шарты,  оаланың 
жақсысы яғни ол -  қызық, жаманы -  яғни ол -  күйік, сүйгенім 
яғни  ол -  ән,  адасқанның алды  яғни ол -  жөн,  арты  яғни ол -  
соқпақ,  бірақ  мен тілмін де  емес,  сен тілсің де  емес,  мен жаза- 
мын да емес, сіз жазасыз да емес (әрине,  жазу етістігі де емес), 
мен  шарты да емес, сен  шарты да емес, мен әнмін де емес, сен 
әнсің  де  емес,  т.  б.  Сондықтан  да  болса  керек,  грамматика- 
лар  мен  жеке  зерттеулерде  баяндауыш  қызметіндегі  зат  есім 
жіктік  жалғаудың  3-жағында  (нольдік  формада)  тұр делінбей, 
ол  атау  септік  тұлғасында  тұрған  сөз  деп  уағыздалады.  Айта 
кету керек,  жеке сөздің,  зат атауының 3-жақты білдіруі  бар да, 
оның  3-жақ  жіктік  жалғауда  тұруы  бар,  ол  екеуі  -   екі  бөлек 
нәрсе.  Мысалы,  кез келген  зат  есім  грамматикалық мағынасы 
жағынан 3-жақты білдіреді: тау, адам, үй, т. б., сондықтан да бұл 
сөздердің орнына ол деген 3-жақ жіктеу есімдігін қолдануға бо- 
лады, ал баяндауыш қызметінде -  мынау -  тау, ол -  адам, алы- 
стан  көрінген -  үй, т.  б.  қолданыста -  бұлар жіктік жалғаудың 
3-жақ  түлғасында  жүмсалған,  өйткені  мен  асқар  таумын,  сен
131

адамсың,  т.  б.  болып  мағыналық  жағынан  3-жақты  білдіретін 
сөздері  1-2-жақ жіктік  жалғауында қолданыла береді.  Зат  есім, 
әсіресе сын есім мен сан есім тіпті қимыл есімі (тұйық етістік) 
баяндауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  еш  уақытта  атау  септік 
тұлғасында  (грамматикалық  формада)  тұрмайды.  Жоғарыда 
септік  категориясына  байланысты  талданғандай,  атау  септік 
тұлғалы  сөз  грамматикалық  мағынасы  жағынан  субстанттық, 
иелік,  грамматикалық  қызметі  жағынан  сөйлемнің  бастауы- 
шы (грамматикалық субъект) мәнінде қолданылатыны белгілі. 
Сондықтан да  басқа сөз таптары  атау  септік тұлғасында  яғни 
сөйлемде  бастауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  көрініп  тұрған 
ешбір  сыртқы  фррмасы  болмаса  да  (бұл  жерде  нольдік  фор- 
ма)  заттанып  қолданылады:  бітер  істің  басына 
жақсы 
келер 
қасына  (Мақал), 
көрмес 
-  түйені  де  көрмес  (Мақал),  т.  б.  де- 
гендерде  жақсы,  көрмес  деген  сөздер  (сын  есім  мен  есімше) 
атау септік тұлғасында тұру арқылы әрі бастауыш қызметінде, 
әрі  заттанып  (субстантивтеніп)  жақсы  адам,  көрмес  адам  де- 
ген мәндерде қолданылған. Атау септіктің бұндай қызметі мен 
мәні оны басқа септік түрлерімен категориялық форма ретінде 
бір  қатарға  қоюға  негіз  болады.  Ал  атау  септік  түлғасының 
басқа тұлғалармен әсіресе  зат есімнің түбір тұлғасымен  (бұл -  
зат  есімнің  басқа  түрлену  формаларына  негіз  болатын  тұлға) 
сырттай ұқсас келуі оларды бір екен деп  қарауға неғіз бола ал- 
майды.  Бұлар  -   грамматикалық  омонимдер:  зат  есімнің  түбір 
тұлғасы  грамматикалық  форма  емес,  оның мағынасы  түбірдің 
мәнімен,  жалпы грамматикалық (лексикалық мағынаның жал- 
пылануы  арқылы  пайда  болатын)  мағынамен  байланысты 
болса,  атау  септігі  -   грамматикалық  форма  (нольдік  форма), 
оның  мағынасы  -  категориялық  грамматикалық  мағына.  Осы 
екеуіне  сыргтай  ұқсас  үшінші  бір  форма  -   зат  есімнің  3-жақ 
жіктік  жалғауында  тұрған  формасы.  Бұл  -   зат  есімнің  түбір 
тұлғасы  да  емес,  атау  септік  түлғасы  да  емес,  категориялық 
мағынаны  білдіретін  (3-жақ  субъектінің  кім  екенін,  қандай
132

қасиеті бар екенін білдіретін) өзіне тән грамматикалық қызметі 
бар  (сөйлемнің баяндауышы)  3-жақ жіктік жалғаудың нольдік 
формасы,  өйткені  бұл  -   бір  тектес  грамматикалық  (жіктелу  я 
жіктік)  мағынаны  білдіретін  жүйенің  жақтық  жағынан  бір- 
біріне қайшы келетін (мысалы, бірінші мен екінші, бірінші мен 
үшінші, екінші мен үшінші жақтары) бір түрі.
Баяндауыш  қызметінде  түйық  етістік  қолданылғанда,  ол 
жіктелу жүйесінен тіпті алшақтап кетеді, өйткені үшінші жақта 
тұрған тұйық етістік (мысалы, міндетіміз -  жақсы оқу яғни ол -  
жақсы оқу сияқты) предикат ретінде белгілі бір шарттылықпен 
түсінілсе де, оның (түйық етістік түрінің) предикат қызметінде 
бірінші 
және 
екінші 
жақтарда  жүмсалуы 
мағыналық 
(семантикалық),  түлғалық  (формалық)  жағынан  да  қазақ  тілі 
нормасына сай емес:  мен үйрену-мін, келу-мін, сен үйрену-сің, 
келу-сің, т.  б. болып айтылмайды. Тұйық етістік сондықтан да 
етістік түрлерінің (түлғаларының) ішінде 
жіктелмейтін 
(бірақ 
есімдерше  түрленетін,  көптелетін,  септелетін,  тәуелденетін 
және  мағынасы  жағынан  қимыл,  іс-әрекеттің  атын,  атауын 
білдіретін)  ерекше  түрі  деп  аталады.  Демек,  семантикалық, 
грамматикалық  сипаты  жағынан  түйық  етістік  жіктелмейтін 
түлға болса да, баяндауыш қызметінде 3-жақ жіктік жалғаудың 
нольдік  формасында  тұрады.  Дәл  осындай  шарттылық  сипат 
жатыс  септік  тұлғасындағы  зат  есімдер  (көмекші  есімдер)  ба- 
яндауыш  қызметінде  жұмсалғанда  да  байқалады:  жау  жоқ 
деме,  (ол)  жар 
астында, 
бөрі  жоқ  деме,  (ол)  бөрік 
астында 
(Мақал);  бас  жарылса,  (ол)  бөрік 
ішінде, 
қол 
сынса, 
(ол)  жең 
ішінде 
(Мақал); қызым 
үйде, 

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне
transactions -> Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі
transactions -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
transactions -> Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды
transactions -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
transactions -> К14 Л. К. Казангапова
transactions -> Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары
transactions -> Казақ тілі терминдерінің салалық гылыми түсіндірме создіктерінің топтамасы Қазақстан
transactions -> Г. Ж. Жапекова архапкалык, мэаенпет
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет