Құқық бұзушылыққа қарсы жасалатын шаралар



Дата28.10.2022
өлшемі12,31 Kb.
#45980

Құқық бұзушылыққа қарсы жасалатын шаралар

Құрметті Ұстаздар, білім алушылар және мектеп балаларының тәрбиесі үшін жанашырлық танытып, өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісіп жүрген қолдаушыларымыз!


Бәрімізге белгілі Ырғыз аудандық білім бөлімі ММ –сінің ұйымдастыруымен білім алушылардың құқық бұзушылығына қарсы іс-шаралар өз деңгейінде, жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Барлық білім беру мекемелерінде осы тақырып аясында түрлі жұмыс түрлері жүргізіліп, балалардың тәрбиесінде олқылықтар кетпесі үшін жан-жақты мәселелер қаралып жатыр. Өте талапшылыдық пен талғамды қажет ететін бала тәрбиесінде өз құқығын білу, өзгенің құқығына қол сұғу, қоғамға зиян келтіру қаншалықты тағдырыңды өзгертіп жіберетінін сәт сайын түсіндіріп айтса да артық емес. Мектептің кешенді тәрбие жоспарының дені де осы тәртіптен басталады. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген Бауыржан бабамыздың өсиетіндей, кез келген бала өзінің болашақтағы орнын тауып, қабырғасын бекітсе - бұл ата-аналардың да, ұстаздар қауымы үшін де ең үлкен жеңіс болып есептеледі.
Ендеше, құрметті жасөспірім жеткіншектер! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Құқықтық тәрбие – заман талабы» тақырыбындағы инфосабағымызға белсенділікпен қатысуға шақырамыз! Сабақты құқық пәні мұғалімі және 10 сыныптың жетекшісі Махамбетова Сандуғаш Болатбекқызы жүргізетін болады. Ұымдастырылып отырған бұл шараға Ырғыз аудандық білім бөлімінің әдіскері Күтуар Эльмира Беркінқызы, Б.Алманов атындағы ЖББОМ директоры Қалмағанбетвоа Нұргүл Қонақбайқызы, Қызылжар ауылдық учаскелік инпекторы Нұрғалиев Бауыржан Нұрлыбекұлы, ата-аналар кеңесінің төрағасы Болыски Дәуренбек Дүзелбайұлы және мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сарманова Дәмелі Мұхамбетжанқызы қатысып отыр. Шара барысында қажеттілікке қарай қойылатын сұрақтар болса, осы қонақтармен бөлісетін боламыз.
Әуелі барлық білім алушылар үшін ұйымдастыру тренингіне береміз. Мектептің 9-сынып жетекшісі Зейнова Айымгүлге алғашқы сөз кезегі өзіңізде!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет