І деңгей Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз



бет1/58
Дата29.10.2022
өлшемі211,2 Kb.
#46168
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
І деңгей
1. Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі туралы жазыңыз.
Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласына жатады. Методология – гректің metodos – зерттеу, әдіс, ілім деген сөздерінен алынған термин. Жер бетіндегі ғылымдар өзінің негізгі қарастыратын обьектісіне қарай екіге жіктеледі: 1.Жаратылыстану ғылымдары; 2.Қоғамдық ғылымдар. (Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (фиизка, математика, химия, биология т.б.) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия, заң ғылымдары, педагогика және тіл ғылымдары) зерттейді). ҚТОӘ мына мәселелерді зерттейді: 1.Мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2.Мазмұны (нені оқыту керек?); 3.Ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4.Құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5. Оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.
Әдістеменің міндеттері мыналар: бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, еркшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір – бірімен ұштасу мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу; оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді (мұғалім мен оқушының күшін, уақытын үнемдеу) және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс – тәсіл варианттарын) зертеу және сипаттау және т.б Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты. Қазақ тілінің оқыту методикасының зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет